"Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 480-бабы 1-тармағына және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 182-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағымдарды қарау бойынша апелляциялық комиссия туралы ереже бекітілсін.
2. "Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағымдарды қарау бойынша апелляциялық комиссия туралы ережені айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 19 мамырдағы № 322 бұйрығының (Нормативті құқықтық актілердің мемлекеттік тізбесінде № 15220 болып тіркелген Қазақстан Республикасының нормативті құқықтық актілердің Эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 27 маусымда жарияланған) күші жойылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Апелляция департаменті (Қ.И. Миятов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде, қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Қаржы министрі | Б. Сұлтанов |
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 қаңтардағы № 23 бұйрығымен бекітілген |
Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы
хабарламаға шағымдарды қарау бойынша апелляциялық
комиссия туралы ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағымдарды қарау бойынша апелляциялық комиссия туралы (бұдан әрі - Ереже) осы ереже "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кедендік реттеу туралы кодекс) 480-бабы 1-тармағына және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 182-бабы 1-тармағына сәйкес әзірленген және Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағымдарды қарау бойынша апелляциялық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) қызметін жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
2. Комиссия өз қызметінде 1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясын, 2009 жылғы 27 қарашадағы Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы келісімшартпен, 2017 жылғы 26 желтоқсандағы Кеден ісі туралы кодексті, 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Салық кодексін, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерін және өзге де құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Осы Ереженің мақсаттары үшін мынадай ұғымдар қолданылады:
1) жұмыс органы – Комиссия жұмысын ұйымдастыруды қамтамасыз ететін уәкілетті органның құрылымдық бөлімшесі;
2) өтініш беруші – шағым берген салық төлеуші (салық агенті) және (немесе) декларант не кеден ісі саласында қызметін жүзеге асыратын адам;
3) уәкілетті орган – салықтардың, кеден және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы;
4) уәкілетті органның ведомствосы – салықтардың, кеден және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық және уақтылы түсуінқамтамасыз ететін уәкілетті органың ведомствосы;
5) шағым – уәкілетті органға өтініш берушімен берген тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағым, сондай-ақ оған қосымша (қосымшалар).
4. Комиссия құрамына Комиссия Төрағасы, сондай-ақ алты адамнан тұратын Комиссия мүшелері кіреді.
2-тарау. Комиссия жұмысын ұйымдастыру
5. Уәкілетті органға келіп түскен шағым жұмыс органына жіберіледі.
6. Жұмыс органы шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Комиссия мүшелеріне:
шағымның;
салықтық тексеру актісінің және (немесе) көшпелі кедендік тексеру актісінің және (немесе) камералдық кедендік тексеру актісінің;
тексеру нәтижелері туралы хабарламаның және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның көшірмелерін жібереді.
Құжаттардың көрсетілген көшірмелері Комиссия мүшелерінің:
мемлекеттік органдар қызметкерлері болып табылатындарға – мемлекеттік органдардың Интранет-порталындағы бірыңғай электронды пошта жүйесінде;
мемлекеттік органдар қызметкерлері болып табылмайтындарға – олармен жұмыс органдарына ұсынылған электронды пошта мекен-жайларына жіберіледі.
Өтініш беруші шағымға қосымша материалдарды қоса берген жағдайда Комиссия мүшелері қажет болған кезде мұндай құжаттармен жұмыс органында таныса алады.
7. Комиссия мүшелері оларға жіберілген материалдарды қарайды және жұмыс органына шағымдалып отырған мәселелер бойынша негіздемелерді қоса өз ұсынымдарын, оның ішінде тақырыптық тексеру жүргізу бойынша ұсыныстарын:
мониторингке жататын ірі салық төлеушілер болып табылатын өтініш берушілер шағымдары бойынша, – жұмыс органы материалдарды жіберген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен кешіктірмей;
салық төлеушілердің басқа санаттарына жататын өтініш берушілер шағымдары бойынша,– жұмыс органы материалдарды жіберген күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады;
шағымға толықтыру (толықтырулар) бойынша, – жұмыс органы материалдарды жіберген күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады.
Комиссия мүшелерінің сұранымдары бойынша жұмыс органы осындай Комиссия мүшелеріне шағым қарау, шағым ұсынған тұлғаға қатысты, оның ішінде заңмен қорғалатын құпияға жататын, мәліметтер және (немесе) ақпарат ұсынылады.
8. Жұмыс органы шағымдалатын мәселелерді зерделейді, сондай-ақ Комиссия мүшелері ұсынған ұстанымдарды талдайды.
Қажет болғанда жұмыс органы уәкілетті органның ведомствосына туындаған мәселелер бойынша жазбаша нысанда түсініктеме және (немесе) ұстаным беру туралы сұрау салу жібереді.
Осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген сұрау салуға жауапты уәкілетті органның ведомствосы жұмыс органына осындай сұрау салуды алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде береді.
9. Жұмыс органы шағымдалып отырған мәселелерді, Комиссия мүшелерінің ұстанымдарын және уәкілетті орган ведомствосының жауаптарын зерделеу негізінде Комиссия отырысына шығару үшін материалдар дайындайды.
10. Осы ереженің 9-тармағында көрсетілген материалдар Комиссия отырысы өткізілгенге дейін Комиссия Төрағасына 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей танысу үшін ұсынылады.
11. Комиссия Төрағасының келісімі бойынша жұмыс органы кезекті Комиссия отырысының күн тәртібін қалыптастырады.
12. Комиссия отырыстары апта сайын әр бейсенбіде өткізіледі.
Егер отырысты өткізу күні мереке күніне келетін болса, онда отырыс одан кейінгі жұмыс күніне ауыстырылады.
Комиссия Төрағасы объективті қажеттілік болған жағдайда отырысты өткізу күнін ауыстырады.
Бұл ретте жұмыс органы Комиссия мүшелерін отырыс күнінің ауыстырылғаны туралы хабарландырады.
13. Қосымша түсіндірмелер қажет ететін сұрақтар туындаған кезде, отырысқа уәкілетті орган ведомствосының, сондай-ақ нәтижелері шағымдалып жатқан тексеруді жүзеге асырған мемлекеттік кірістер органының бейінді құрылымдық бөлімшелердің өкілдері шақырылады.
14. Отырысқа жұмыс органының өкілдері қатысады.
15.Егер отырысқа Комиссия қатысушыларының барлығы келмеген жағдайда, мұндай отырыс кворум болған кезде және уәкілетті орган ведомствосы өкілінің міндетті қатысуы шартында заңды деп есептеледі.
Комиссия отырысын өткізу мақсатында кворум Комиссия Төрағасын қоса алғанда, дауыс беру құқығы бар Комиссия мүшелері санының жартысынан кем емес құрайды.
16. Комиссия салықтық, сол сияқты кедендік тексерулер бойынша шағымдарды қараған кезде мүшенің – тиісті бағытқа жетекшілік ететін уәкілетті орган ведомствосы өкілінің қатысуы міндетті шарт болып табылады.
Аталған Комиссия мүшесінің болмауы тиісті шағымдарды келесі Комиссия отырысына қарау үшін шығаруға негіз болып табылады.
17. Шағым мәселелері бойынша Комиссияның шешімі отырысқа қатысушылардың қарапайым көпшілік дауысымен ашық дауыс берумен қабылданады.
Уәкілетті органның өкілі оның құзыретіне енетін (тәлімгерлік ететін бағыт бойынша) мәселелер бойынша дауыс береді.
Дауыс беру Комиссия отырысында осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысанда Апелляциялық комиссия мүшелерінің дауыс беру парағын толтыру арқылы жүргізіледі.
Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия Төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.
18. Шағымдалған мәселелерді қарау нәтижелері бойынша Комиссия мынадай шешім түрлерін қабылдайды:
шағым жасалып отырған тексеру нәтижелері туралы хабарлама және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарлама өзгеріссіз, ал шағым қанағаттандырусыз қалдырылсын;
шағым жасалып отырған тексеру нәтижелері туралы хабарламаның және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның толық немесе бір бөлігінің күші жойылсын.
19. Шағымды қарау нәтижелері бойынша Комиссия қабылдаған шешімдер осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Апелляциялық комиссия отырысының хаттамасында (бұдан әрі – Хаттама) көрсетіледі.
20. Комиссияның басқа да жұмысын ұйымдастыру мәселелері Комиссия Төрағасы бекітілген ережелерімен анықталады.
3-тарау. Комиссия отырысының нәтижелерін ресімдеу тәртібі
21. Хаттаманы жұмыс органы өкілдерінің санынан Комиссия хатшысы жүргізеді.
Хаттамаға Комиссия Төрағасы, Комиссия хатшысы қол қояды.
22. Хаттамада:
отырыс орны мен күні;
қатысқан Комиссия мүшелерінің, шақырылған адамдардың (болған жағдайда), жұмыс органы өкілдерінің тізімі;
шағым берген өтініш берушінің атауы немесе тегі, аты және әкесінің аты (егер ол тұлғаны куәландыратын құжатта көрсетілсе), жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес-сәйкестендіру нөмірі) (бұдан әрі – ЖСН (БСН));
шағымдалған тексеру нәтижелері туралы хабарламаның және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның нөмірі мен күні;
шағымдалған хабарламаны шығарған мемлекеттік кірістер органының атауы;
қабылданған шешім қамтылуы тиіс.
23. Комиссия отырысында екі және одан да көп шағым бойынша мәселелер қаралған жағдайда әрбір шағым бойынша бөлек Хаттама ресімделеді.
24. Хаттама мен дауыс беру парақтары тиісті шағым материалдарына қосылады.
25. Егер Комиссия отырысы нәтижелері бойынша күн тәртібіне енгізілген шағымды қарау келесі Комиссия отырысына ауыстыру шешімі қаблданған жағдайда аталған шағым бойынша дауыс беру парақтары және Хаттама толтырылмайды.
4-тарау.Қорытынды ережелер
26. Кедендік реттеу туралы кодекстің 478-бабында және Салық кодексінің 180-бабында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган көрсетілген нормаларда көзделген мерзімдерде шағымдарды қараудан бас тартады.
Бұл ретте, егер Кедендік реттеу туралы кодекс пен Салық кодексінің жоғарыда көрсетілген баптарында көзделген жағдайлар Комиссия мүшелеріне шағым бойынша материалдар берілгеннен кейін болған кезде, жұмыс органы Комиссия мүшелерін жүргізілген бас тарту туралы жазбаша хабарлайды.
27. Бұрын шағымдалған және шешім шығарылған тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға қайта шағым түскен кезде уәкілетті орган мұндай шағымды қараусыз, сондай-ақ Комиссия отырысына шығармай қалдырады.
28. Егер өтініш беруші Кедендік реттеу туралы кодекстің 476-бабы 5-тармағына және Салық кодексінің 178-бабы 5-тармағына сәйкес шағымын Комиссия мүшелерінің қарауы барысында кері қайтарған жағдайда уәкілетті орган мұндай шағымды Комиссия мүшелерін жазбаша хабарландыра отырып, қараусыз қалдырады.
29. Комиссия мүшелері өз функцияларын жүзеге асыру кезінде алған коммерциялық құпияны, қызметтік және өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпарат жариялауға жатпайды.
30. Комиссияның шағымдарды қарау бойынша өз уәкілеттігін жүзеге асыруы кезінде оның қызметіне араласуға және Комиссия мүшелеріне қандай да бір ықпал жасауға тыйым салынады.
Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағымдарды қарау бойынша апелляциялық комиссия туралы ережеге 1-қосымша нысан |
Апелляциялық комиссия мүшелерінің
ДАУЫС БЕРУ ПАРАҒЫ
___________________________________________
аты-жөні (болған жағдайда), лауазымы |
Күні____________
Мәселе № | Мәселе мазмұны | Апелляциялық комиссия мүшесінің шешімі | |
Қолдаймын |
Қолдамаймын | ||
Қолы
Ескертпе: тікелей Апелляциялық комиссия отырысында толтырылады және дауыс беру нәтижелерін есепке алу үшін жұмыс органының қызметкерлеріне беріледі.
"Қолдаймын", "Қолдамаймын" деген бағандарда қабылдаған шешімін негізге ала отырып, қол қойылады.
Тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағымдарды қарау бойынша апелляциялық комиссия туралы ережеге 2-қосымша нысан |
Апелляциялық комиссия отырысының
№ ___ ХАТТАМАСЫ
________________ _______________
(орын) (күн)
Апелляциялық комиссия төрағасы: (көрсетіледі)
Апелляциялық комиссия мүшелері: (көрсетіледі)
Апелляциялық комиссия хатшысы: (көрсетіледі)
ҚАТЫСҚАНДАР:
шақырылған адамдар(болған кезде): (көрсетіледі)
жұмыс органының өкілдері: (көрсетіледі)
_______________________________________________________________________ шағымы
(шағым берген тұлғаның атауы, ЖСН (БСН), шағымдалып отырған тексеру нәтижелер
туралы хабарламаның және (немесе) бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның нөмірі
мен күні, шағымдалып отырған хабарламаны шығарған мемлекеттік кірістер органының атауы көрсетіледі)
ШЕШІМ:
________________________________________________________________________________
(қабылданған шешім көрсетіледі)
Апелляциялық комиссия төрағасы: ____________ ____________________________
(қолы) (аты-жөні) (бар болған жағдайда)
Апелляциялық комиссия хатшысы: ____________ ____________________________
(қолы) (аты-жөні) (бар болған жағдайда)