"Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 320 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11426 болып тіркелген, 2015 жылғы 9 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларында:
8-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) отбасының әрбір мүшесіне тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін – Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу бөлімінің анықтамасы);";
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларына 9-қосымшамен бекітілген әлеуметтік келісімшартқа қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеу қағидаларына 13-қосымшамен бекітілген әлеуметтік келісімшартқа қосымша келісімге қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін жіберуді;
3) ресми жарияланғанынан кейін осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрықты облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының назарына жеткізуді;
5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3), және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
Т. Дүйсенова |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
_____________ Д. Абаев
2018 жылғы 10 қаңтар
Отбасын (адамды) өмірлік қиын жағдайдан шығаруға арналған жеке жоспар
Ауданның/қаланың ________________________________ халықты жұмыспен қамту орталығы
Көмекті алушы:__________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), тұратын мекенжайы)
Келісімшарттың қолданылуы басталған күн: __________________________________________
Келісімшарттың қолданылуы тоқтатылған күн: _______________________________________
Отбасын өмірлік қиын жағдайдан шығаруға арналған көмектің 20__жылғы _________ бастап
20__ жылғы ____ іс-шаралар жоспары (айын көрсету)
Р/с | Іс-шараның атауы | Шаралар көрсету жоспарланатын адамның тегі, аты, әкесінің (бар болса) | Білімі (жоғары, арнайы орта, орта) | Берілген жолдама бойынша кәсіпорынның атауы (АҚ, ЖШС, ЖК, КШ және т.б.) | Кәсіпорынның БИН/ ЖСН | Іс-шараны орындаудың басталу мерзімі |
Ескертпе:
"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 17-бабының 2-тармағымен көзделген не тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастыру шаралары бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығы атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге жүгінген адаммен және (немесе) оның отбасы мүшелерімен бірлесіп жасалады.
Атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге жүгінген адаммен және (немесе) оның отбасы мүшелеріне көрсетілетін әлеуметтік бейімдеу шаралары
Р/с | Іс-шараның атауы | Шаралар көрсету жоспарланатын адамдардың тегі, аты, әкесінің (бар болса) | Іс-шараны орындаудың басталу мерзімі | Әлеуметтік бейімдеу шараларын ұсыну үшін негіздер |
Ескертпе:
Осы бұйрықтың 10-қосымшасымен бекітілген жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік бейімдеу бойынша іс-шаралардың үлгілік тізбесіне сәйкес қажеттілік бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығы атаулы әлеуметтік көмек көрсетуге жүгінген адаммен және (немесе) оның отбасы мүшелерімен бірлесіп жасалады.
Халықты жұмыспен қамту орталығы |
Шартты ақшалай көмек |
Мөр орны

(халықты жұмыспен қамту орталығының толық атауы) |
_____________________________ |