1. Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласының солтүстік бөлігі аумағында ұсақ мүйізді малдың арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Ақсай қаласы әкімі аппаратының бас маманы (Сиволобова Л.В.) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімінің міндетін атқарушы |
Б.Джармухамбетов |