"Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 5 желтоқсандағы № 310 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 21 желтоқсанда № 4990 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

      2. "Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Ш.М. Қадырова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ғ.А.Оспанқұловқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

      Облыс әкімі А.Көлгінов

  2017 жылғы 5 желтоқсандағы
№ 310 Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің
қаулысымен бекітілген

"Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет "Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 397"Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 25 қыркүйекте № 15740 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген "Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес көрсетіледі.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нысаны: қағаз жүзінде.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесі: білім беру ұйымдарындағы техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау туралы хабарлама немесе Стандарттың 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз жүзінде.

      4. Мемлекеттік қызмет техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау

      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (әрекеттерді) бастау үшін негіздеме көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағында көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды (бұдан әрі – құжаттар ) ұсынуы болып табылады.

      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір ресімнің (әрекеттердің) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 20 (жиырма) минут ішінде құжаттарды Стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкестігіне талдау жүргізіп, құжаттар тізбесіне сәйкес болған жағдайда қабылдайды, тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарау үшін жолдайды.

      Нәтижесі - кіріс нөмірі бар тіркелген өтініш;

      егер көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 30 (отыз) минут ішінде құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына бұрыштамасын қоя отырып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін дайындау үшін жолдайды.

      Нәтижесі – көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұрыштамасы;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 10 (он) жұмыс күні ішінде білім беру ұйымдарындағы техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттар қабылдау туралы хабарлама немесе Стандарттың 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуден бас тарту дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады.

      Нәтижесі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижесінің жобасы;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 20 (жиырма) минут ішінде қызмет көрсету нәтижесіне қол қойып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды.

      Нәтижесі - қол қойылған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 30 (отыз) минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нәтижесін тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға береді.

      Нәтижесі - көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға беру.

      Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурс өткізу мерзімін көрсетілетін қызметті беруші белгілейді және көрсетілетін қызметті берушінің сайтына орналастырады.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.

      8. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдері (іс-қимылдары) мен өзара іс-қимылдары реттілігінің толық сипаттамасы "Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің қосымшасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

      9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану Стандарттың 3-бөліміне сәйкес жүзеге асырылады.

  "Техникалық, кәсіптік
және орта білімнен кейінгі
білімі бар кадрларды
даярлауға арналған
мемлекеттік білім беру
тапсырысын орналастыру
бойынша конкурсқа
құжаттарды қабылдау"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
қосымша

"Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы