Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті аудандық мәслихатының 03.07.2020 № 48-5/3 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 2-3 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Көкпекті аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 мамырдағы № 24-4/2 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3372 тіркелген, "Жұлдыз- Новая жизнь" газетінің 2014 жылғы 22 маусымдағы № 51, 2014 жылғы 29 маусымдағы № 53 жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларында:
1 тармақтың 7) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"7) Уәкілетті орган- жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын "Көкпекті ауданы жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесі;";
1 тармақтың 8) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"8) Уәкілетті ұйым- "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы - "Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы" Департаментінің Көкпекті аудандық бөлімшесі;";
6 тармақтың 13) тармақшасымен толықтырылсын:
"13) туберкулездің белсенді түрімен ауыратын және амбулаториялық емделудегі тұлғалар – табысын есептеусіз ай сайын 6 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.".
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы | Р. Кажиакберов |
Көкпекті аудандық мәслихат хатшысы | Т. Сарманов |