Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы

Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2017 жылғы 27 маусымдағы № 12-7-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 19 шілдеде № 5129 болып тіркелді

Жаңартылған

      ЗҚАИ-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-3-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" қаулысына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Қоса беріліп отырған қосымшаға сәйкес әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидалары бекітілсін.

      Күші жойылды деп танылсын:

      1) "Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы № 21-8-V шешімі (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде 3280 нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 9 мамырдағы № 35 "Аудан тынысы", 2014 жылғы 9 мамырдағы № 36 "Пульс района" аудандық газеттерде жарияланған);

      2) "Бородулиха аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы № 21-8-V "Әлеуметтік көмек көрсетудің, мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 2014 жылғы 29 қазандағы № 27-5-V шешімі (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу Тізілімінде 3556 нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 94 "Аудан тынысы", 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 94 "Пульс района" аудандық газеттерде жарияланған).

      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы В.Ежова
      Аудандық мәслихат хатшысы У.Майжанов

  Шығыс Қазақстан облысы
Бородулиха аудандық мәслихатының
2017 жылғы 27 маусымдағы
№ 12-7-VI шешіміне қосымша

Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 07.06.2019 № 38-3-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен ұғымдар:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      2) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

      3) арнайы комиссия – өмірлік қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау бойынша Бородулиха ауданы әкімдігінің қаулысымен құрылатын комиссия;

      4) ең төменгі күнкөріс деңгейі – Шығыс Қазақстан облысының статистикалық органдары есептейтін мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетінің құнына тең, бір адамға қажетті ең төмен ақшалай кіріс;

      5) мереке күндері – Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мереке күндері;

      6) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы – отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбір мүшесіне келетін үлесі;

      7) уәкілетті орган – жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын, әлеуметтік көмек көрсетуді жүзеге асыратын халықты әлеуметтік қорғау саласындағы ауданның атқарушы органы;

      8) өмірлік қиын жағдай – азаматтың тыныс-тіршілігін объективті түрде бұзатын, ол оны өз бетінше еңсере алмайтын ахуал;

      9) учаскелік комиссия – әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргізу және қорытындылар дайындау үшін кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің өкімімен құрылатын комиссия;

      10) шекті шама – әлеуметтік көмектің бекітілген ең жоғары мөлшері.

      Ескерту. 1 - тармаққа өзгерістер енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 11.10.2019 № 42-2-VI; 31.03.2020 № 47-14-VI шешімдерімен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуметтік көмек ретінде Бородулиха ауданның жергілікті атқарушы органы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрі – алушылар) өмірлік қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай-ақ атаулы күндер мен мереке күндеріне ақшалай нысанда көрсететін көмек түсініледі.

      3. Осы Қағидалар Бородулиха ауданының аумағында тіркелген тұлғаларға таралады.

      4. Атаулы күндер мен мереке күндеріне әлеуметтік көмек бір рет ақшалай төлемдер түрінде негіздемелердің бірі бойынша көрсетiледi. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек бір рет және/немесе мерзімді (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) тағайындалады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 31.03.2020 № 47-14-VI шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      5. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.

2. Әлеуметтік көмек алушылар санаттарының тізбесін айқындау, әлеуметтік көмектің мөлшерлерін және жан басына шаққандағы орташа табыстың шегін белгілеу тәртібі

      6. Алушылар санатының тізбесін, әлеуметтік көмектің шекті мөлшерлерін, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмекке өтініш білдіру мерзімдерін Бородулиха ауданының әкімдігі белгілейді және Бородулиха аудандық мәслихатының шешімімен бекітіледі.

      Бұл ретте азаматтарды өмірлік қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшін мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негіздемелер;

      2) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтіру;

      3) Бородулиха аудандық мәслихаты ең төмен күнкөріс деңгейіне еселік қатынаста белгілейтін шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы негіздеме болып табылады;

      4) алынып тасталды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 11.10.2019 № 42-2-VI шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. 6 - тармаққа өзгеріс енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 11.10.2019 № 42-2-VI шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      7. Әлеуметтік көмек алушылар санатының тізбесі:

      1) жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар;

      2) қадағалаусыз қалған, оның ішінде девианттық мінез-құлықты кәмелетке толмағандар;

      3) арнаулы білім беру ұйымдарында, ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарында жүрген кәмелетке толмағандар;

      4) туғаннан үш жасқа дейінгі бастапқы психофизикалық дамуы мүмкіндіктері шектелген балалар;

      5) дене және/немесе ақыл-ой мүмкіндіктерімен байланысты организм функцияларының тұрақты бұзылуы бар адамдар;

      6) әлеуметтік мәні бар аурулары және айналадағылар үшін қауіп төндіретін аурулар салдарынан тыныс-тіршілігі шектеулі адамдар;

      7) жасының егде тартуына байланысты, ауруы және/немесе мүгедектігі салдарынан өзіне-өзі күтім жасай алмайтын адамдар;

      8) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соқтырған қатыгездікке ұшыраған адамдар;

      9) баспанасыздар (белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар);

      10) бас бостандығынан айыру орындарынан босап шыққан адамдар;

      11) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;

      12) кейіннен оңалту үшін ақылы операциялық ем қабылдаған тұлғалар;

      13) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зиян алған адамдар (отбасылар);

      14) белгіленген шектен аспайтын өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда жан басына шаққандағы орташа табысы бар адамдар (отбасылар);

      15) алынып тасталды - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 11.10.2019 № 42-2-VI шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. 7 - тармаққа өзгеріс енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 11.10.2019 № 42-2-VI шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      8. Жан басына (отбасына) шаққандағы орташа табыстың шегі ең төменгі күн көріс деңгейінің екі еселік мөлшерінде белгіленсін.

      Ескерту. 8 - тармаққа өзгеріс енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 11.10.2019 № 42-2-VI шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      9. Әлеуметтік көмек, ШҚОДБ "Бородулиха орталық аудандық ауруханасы" ШЖҚ КМК тізімдеріне сәйкес, әлеуметтік мәні бар аурулары және айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулары бар адамдарға кірісін есепке алмай, ай сайын - 6 айлық есептік көрсеткіш көлемінде көрсетіледі.

      10. Кейіннен оңалту үшін, ақылы операциялық ем қабылдаған тұлғаларға 10,8 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетіледі (фискалды чек бар болған жағдайда).

      11. Әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

      Табиғи зілзала немесе өрттің салдарынан зиян шеккен тұлғаларға әлеуметтік көмек көрсету мөлшері, алушыларға 70 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайды.

      Әлеуметтік көмектің шекті мөлшері 215,983 айлық есептік көрсеткішті құрайды.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 31.03.2020 № 47-14-VI шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      12. Атаулы күндер мен мерекелік күндерге берілетін бір реттік әлеуметтік көмек азаматтардың келесі санаттарына анықталған:

      1) 15 ақпан – Ауғанстан Демократиялық Республикасынаң Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің шығарылған күні:

      жаттығу жиындарына шақырылып, ұрыс қимылдары жүріп жатқан кезде Ауғанстанға жіберілген әскери міндеттілер; ұрыс қимылдары жүріп жатқан осы елге жүк жеткізу үшін Ауғанстанға жіберілген автомобиль батальондарының әскери қызметшілері; бұрынғы КСР Одағының аумағынан Ауғанстанға жауынгерлік тапсырмаларды орындау үшін ұшулар жасаған ұшу құрамының әскери қызметшілері; Ауғанстандағы кеңес әскери құрамына қызмет көрсеткен жараланған, контузия алған немесе зақымданған, яки ұрыс қимылдарын қамтамасыз етуге қатысқаны үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдерімен наградталған жұмысшылар мен қызметшілеріне – 35 айлық есептік көрсеткіш;

      Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргiзiлген басқа мемлекеттердегi ұрыс қимылдары кезеңiнде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына – 35 айлық есептік көрсеткіш;

      2) Халықаралық әйелдер күні – 8 наурыз:

      "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқасымен марапатталған, немесе бұрын "Батыр Ана" атағын алған, сонымен қатар I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көп балалы аналар – 5 айлық есептік көрсеткіш;

      бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарда, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын балалары бар көп балалы отбасылар, балалары кәмелеттік жасқа толғаннан кейін олар оқу орнын бітіретін уақытқа дейін (бірақ әрі дегенде жиырма үш жасқа толғанға дейін) – 5 айлық есептік көрсеткіш;

      3) Халықаралық радиациялық авариялар мен апаттар құрбандарын еске алу күні – 26 сәуір:

      1986-1987 жылдары Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тiкелей қатысқан адамдар – 33,400 айлық есептік көрсеткіш;

      Чернобыль АЭС-iндегi апаттың, азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық қаруды сынаудың салдарынан мүгедек болған адамдар, сондай-ақ ата-анасының бірінің радиациялық сәуле алуы себебінен генетикалық жағынан мүгедек болып қалған олардың балалары – 23,857 айлық есептік көрсеткіш;

      4) Жеңіс Күні – 9 мамыр:

      Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне – 215,983 айлық есептік көрсеткіш;

      екiншi рет некеге тұрмаған, қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң әйелдерiне (күйеулерiне), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргізушілердің, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған, жалпы ауруға шалдығу, еңбекте мертігу және басқа да себептер (құқыққа қайшы келетiндерiн қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған азаматтардың әйелдерiне (күйеулерiне) – 35,998 айлық есептік көрсеткіш;

      екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына – 35,998 айлық есептік көрсеткіш;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдарға – 35,998 айлық есептік көрсеткіш;

      Ұлы Отан соғысы жылдарында 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде 6 ай жұмыс iстеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдарға – 15,299 айлық есептік көрсеткіш;

      5) 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні:

      мүгедек болып қалған немесе зейнеткер болып табылатын саяси қуғын-сүргiннен зардап шеккен адамдарға – 4,294 айлық есептік көрсеткіш;

      6) 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституция күні:

      Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдарға – 23,857 айлық есептік көрсеткіш.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгерістер енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 11.10.2019 № 42-2-VI; 31.03.2020 № 47-14-VI шешімдерімен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3. Әлеуметтiк көмек көрсету тәртiбi

      13. Атаулы күндер мен мереке күндерiне әлеуметтiк көмек алушылардан өтiнiштер талап етiлмей уәкiлеттi ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша Бородулиха ауданының әкімдігі бекітетін тізімдер бойынша көрсетіледі.

      14. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысымен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларының (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) 13-тармағына сәйкес өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмек алу үшiн өтiнiш берушi өзiнiң немесе отбасының атынан уәкiлеттi органға немесе кент, ауыл, ауылдық округтың әкіміне өтiнiшке қоса құжаттар ұсынылады.

      Өрттiң салдарынан өмiрлiк қиын жағдайға түскен адамдар (отбасылар) өтінішті оқиға болған күннен бастап үш ай ішінде береді.

      Табиғи зілзаланың салдарынан өмірлік қиын жағдайға түскен адамдар (отбасылар) өтінішті оқиға болған күннен бастап алты ай ішінде береді.

      Табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан залал келтірілген адамдарға біржолғы әлеуметтік көмек адамның (отбасы мүшелерінің) табысын есептемей көрсетіледі.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха аудандық мәслихатының 31.03.2020 № 47-14-VI шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      15. Құжаттар салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.

      16. Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен түскен уәкілетті орган немесе кент, ауыл, ауылдық округтің әкімі бір жұмыс күн ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.

      17. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша Үлгілік қағидаларының 2, 3 - қосымшаларына сәйкес, нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акті жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкiлеттi органға немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне жібереді.

      Кент, ауыл, ауылдық округ әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қортындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен уәкілетті органға жібереді.

      18. Әлеуметтiк көмек көрсету үшiн құжаттар жетiспеген жағдайда уәкiлеттi орган әлеуметтiк көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшiн қажеттi мәлiметтердi тиiстi органдардан сұратады.

      19. Өтiнiш берушiнiң қажеттi құжаттарды олардың бүлiнуiне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкiндiгi болмаған жағдайда уәкiлеттi орган тиiстi мәлiметтердi қамтитын өзге уәкiлеттi органдар мен ұйымдардың деректерi негiзiнде әлеуметтiк көмек тағайындау туралы шешiм қабылдайды.

      20. Уәкілетті орган учаскелік комиссиядан немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық пакетін арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

      21. Арнайы комиссия құжаттар келiп түскен күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсетудің қажеттiлiгi туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтiк көмектiң мөлшерiн көрсетедi.

      22. Уәкiлеттi орган әлеуметтік көмек көрсетуге өтiнiш берушiнiң құжаттарын тiркеген күннен бастап сегiз жұмыс күнi iшiнде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтiк көмек көрсетудің қажеттiлiгi туралы қорытындысының негiзiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.

      Осы Қағидалардың 18 және 19 тармақтарында көрсетiлген жағдайларда уәкiлеттi орган өтiнiш берушiден немесе кент, ауыл, ауылдық округтiң әкiмiнен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.

      23. Уәкiлеттi орган шешiм қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде қабылданған шешiм туралы (бас тартқан жағдайда – негiздемесiн көрсете отырып) өтiнiш берушiнi жазбаша хабардар етедi.

      24. Әлеуметтiк көмек көрсетуден бас тарту жағдайлары:

      1) өтiнiш берушi ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталғанда;

      2) өтiнiш берушi адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзуден бас тартқан, жалтарғанда;

      3) әлеуметтiк көмек көрсету үшiн, адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы белгiленген шектен артқанда.

      25. Әлеуметтiк көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру ауданның жергілікті бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегiнде жүзеге асырылады.

4. Көрсетiлетiн әлеуметтiк көмектi тоқтату және қайтару үшiн негiздемелер

      26. Әлеуметтік көмектін тоқтатылуы:

      1) алушы қайтыс болғанда;

      2) алушы Бородулиха ауданынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткенде;

      3) алушыны мемлекеттiк медициналық-әлеуметтiк мекемелерге тұруға жiбергенде;

      4) алушы ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған жағдайларда.

      Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

      27. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпке байланысты қайтарылуға тиісті.

5. Қорытынды ереже

      28. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі және есепке алуды уәкілетті орган "Е-Собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын пайдалана отырып.