Семей қаласы мәслихатының 2017 жылғы 21 қыркүйектегі № 18/115-VI "Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2017 жылғы 7 желтоқсандағы № 20/125-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 25 желтоқсанда № 5349 болып тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 - бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 11-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының 16 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Семей қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Семей қаласы мәслихатының 2017 жылғы 21 қыркүйектегі № 18/115-VI "Мүгедек қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5226 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде 2017 жылғы 11 қазанда жарияланды) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      шешімнің кіріспе бөлімі келесі редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 - бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 11-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының 16 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Семей қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".

      2. Осы шешiм оның алғашкы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат сессиясының
      төрағасы А. Әміренов
      Қалалық мәслихаттың
      хатшысы Б. Ақжалов