Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу туралы

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 2017 жылғы 21 қыркүйектегі № 18/115-VI шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 5 қазанда № 5226 болып тіркелді

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 - бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы" Заңының 11-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі "Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Заңының 16 бабының 4) тармақшасына сәйкес, Семей қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы мәслихатының 07.12.2017 № 20/125-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу ай сайын оқу жылы ішінде он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтелсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының мәслихатының 29.04.2020 № 52/380-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Келесі тәртіп анықталсын:

      2.1. Кемтар балаларды оқытуға шығындарды өтеу "Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі" мемлекеттік мекемесімен жүргізіледі.

      Ескерту. 2.1-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының мәслихатының 29.04.2020 № 52/380-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2.2. мүгедектер қатарынан кемтар балаларға (толық мемлекеттік қамтамасыз етудегі мүгедек балалардан басқа) шығындарды өтеу отбасының табысынан тәуелсіз, үйде оқитын мүгедек балалардың ата-анасының біріне немесе заңды өкіліне ұсынылады;

      2.3. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өтеу үшін қажетті құжаттар тізбесі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11342 тіркелген) "Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу" мемлекеттік қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес ұсынылады;

      2.4. оқытуға жұмсаған шығындарды өтеу психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысында көрсетілген үйде кемтар баланы оқыту қажеттілігі танылған жағдайда өтініш жасаған айдан бастап тағайындалады;

      2.5. шығындарды өтеуді тоқтатуға әкеліп соққан жағдайлар туындаған кезде (мүгедек бала он сегіз жасқа толғанда, мүгедек бала қайтыс болғанда, мүгедектігін алғанда, мүгедек баланың мемлекеттік мекемелерде оқыған кезеңінде) төлем сәйкес жағдай туындаған айдан бастап келесі айда тоқтатылады.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы С. Киселева
      Қалалық мәслихаттың хатшысы Б. Ақжалов