"Өсімдіктер карантині туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпандағы Заңының 9-1 бабының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының 2017 жылғы 13 наурыздағы № 05-01-04/269 ұсынысы негізінде Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы алқаптарында карантиндік режим енгізе отырып, карантиндік аймақ белгіленсін.
2. Оңтүстік Қазақстан облысының тиісті қала, аудан әкімдері өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге жәрдем көрсетсін.
3. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
4. "Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялануына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуін;
2)аосы қаулыны Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.С.Жамаловқа жүктелсін.
Облыс әкімі | Ж.Түймебаев |
Д.А.Сатыбалды | |
Ә.Е.Тұрғымбеков | |
Ж.Қ.Бөкенбаев | |
Б.С.Жамалов | |
Е.Ә.Садыр | |
Ұ.Сәдібеков | |
А.С.Сәбитов | |
К.Н.Мендебаев |
О
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы "10" шілдедегі № 182 қаулысына 1-қосымша |
Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы алқаптарында карантиндік режім енгізілетін аймақ
№ | Қала, аудан атауы | Карантиндік объектілер атауы | ||||||||
Зиянкестер | Аурулар | Арам шөптер | ||||||||
Калифорния қалқаншасы, гектар | Жемістіңшығыс жемірі, гектар | Комсток сымыры, гектар | Қауын шыбыны, гектар | Батыс гүл трипсі, гектар | Жұпсыз жібек көбелегі, гектар | Жеміс ағаш күйігі ауруы, гектар | Жатаған у кекіре, гектар | Арам сояу, гектар | ||
1 | Шымкент | - | - | - | - | - | 0,05 | - | - | 0,5 |
2 | Арыс | - | - | - | 1007 | - | - | - | 2876 | 270 |
3 | Түркістан | - | - | - | 584 | - | - | - | 708 | 66 |
4 | Кентау | - | - | - | - | - | - | - | 70 | 30 |
5 | Бәйдібек | - | - | - | 15 | - | - | - | 2220 | 50 |
6 | Қазғұрт | - | - | - | - | - | - | - | 1144 | 210 |
7 | Мақтарал | - | - | - | 1230 | - | - | - | 80 | 5 |
8 | Ордабасы | - | - | - | 70 | - | - | - | 2413 | 76 |
9 | Отырар | - | - | - | 791 | - | - | - | 970 | 110 |
10 | Сайрам | 20 | - | - | - | - | - | 5,9 | 109 | 55 |
11 | Сарыағаш | 34,25 | - | - | 15 | 0,05 | - | - | 550 | 30,5 |
12 | Төлеби | 28 | - | - | - | - | - | 1 | 420 | 8 |
13 | Түлкібас | 65 | 240 | 60 | - | - | - | - | 322 | 24 |
14 | Шардара | - | - | - | 525 | - | - | - | 916 | 49 |
Барлығы: | 147,25 | 240 | 60 | 4237 | 0,05 | 0,05 | 6,9 | 12798 | 1014 |
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы "10" шілдедегі № 182 қаулысына 2-қосымша |
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. "Түлкібас және Ордабасы аудандарының аумақтарында карантиндік аймақ белгілеу туралы" Оңтүстік Қазақстан облысының 2007 жылғы 19 қарашадағы № 340 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1967 болып тіркелген, 2007 жылғы 5 желтоқсанда "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) қаулысы.
2. "Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс, Түркістан қалалары мен Сарыағаш, Отырар, Шардара, Мақтарал, Сайрам, Ордабасы, Бәйдібек аудандары аумақтарында карантиндік аймақ белгілеу туралы" Оңтүстік Қазақстан облысының 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 137 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2075 болып тіркелген, 2012 жылғы 31 мамырда "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) қаулысы.
3. "Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс, Түркістан қалалары мен Сарыағаш, Отырар, Шардара, Мақтаарал аудандары аумақтарында карантиндік аймақ белгілеу туралы" Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 137 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Оңтүстік Қазақстан облысының 2015 жылғы 22 сәуірдегі № 119 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3179 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 мамырда "Оңтүстік Қазақстан" газетінде жарияланған) қаулысы.