Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау туралы

Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 14 қарашадағы № 304 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 20 қарашада № 3989 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 27 қаңтардағы № 30 "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14813 болып тіркелген) бекітілген асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларының 5-тармағына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарлары азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату бағыттары бойынша субсидиялау нормативтері;

      2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарлары азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату бағыттары бойынша өлшемдері мен талаптары;

      3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдері мен нормативтері;

      4) осы қаулының 4-қосымшасына сәйкес мал шаруашылығының өнiмдiлiгiн және өнім сапасын арттыру бағыттары бойынша субсидиялау көлемдері мен нормативтері бекітілсін.

      2. Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 11 қарашадағы № 366 "Мал шаруашылығы саласын субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3392 болып тіркелген, 2015 жылы 22 желтоқсанда "Атырау" газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің орынбасары С.Ж. Нақпаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімінің
міндетін атқарушы
С. Лұқпанов

  Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы "14" қарашадағы № 304 қаулысына 1-қосымша
  Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы "14" қарашадағы № 304 қаулысымен бекітілген

Ауыл шаруашылығы жануарлары азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату бағыттары бойынша субсидиялау нормативтері

Субсидиялау бағыты

Өлшем бірлігі

Шығындар нормативтері, теңге

Субсидиялау нормативтері, теңге

1.

сүт бағытындағы асыл тұқымды ірі қара малдың аналығы (жыл бойы қорада күтіп баққан жағдайда)

бас

332 920

329 590 дейін

2.

сүт бағытындағы мүйізді ірі қара малының аналығы

бас

167 429

82 040 дейін

3.

селекциялық және асыл тұқымдық жұмысқа тартылған ірі қара малдың аналығы

бас

31 101

15 239 дейін

4.

селекциялық және асыл тұқымдық жұмысқа тартылған қойлардың аналық басы

бас

2 877

1409 дейін

5.

сүт бағытындағы аналық ешкілер

бас

29 640

14 523 дейін

6.

жылқылар

бас

36 908

18 084 дейін

7.

түйелер

бас

83 744

41 034 дейін


      Ескертпе:

      субсидиялар нормативтері осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің келісімі бойынша облыс әкімдігінің қаулысымен, бірақ, қолдан ұрықтандыруды және сүтті бағыттағы асыл тұқымды ірі қара малды жыл бойы қорада күтіп-баққан жағдайда, азыққа жұмсалған шығындар құнын арзандатуды қоспағанда, шығындардың 50%–ынан аспайтын мөлшерде бекітіледі.

      субсидиялар нормативі Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіұсынған ауылшаруашылығы жануарларының бір басына арналған тікелей өндірістік шығындар нормативтері негізінде айқындалады.

  Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы "14" қарашадағы № 304 қаулысына 2-қосымша
  Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы "14" қарашадағы № 304 қаулысымен бекітілген

Ауыл шаруашылығы жануарлары азығына жұмсалған шығындар құнын арзандату бағыттары бойынша өлшемдер мен талаптар

Субсидиялау бағыты

Өлшемдер мен талаптар

1

сүт бағытындағы асыл тұқымды ірі қара малдың аналығы (жыл бойы қорада күтіп баққан жағдайда)

Кемінде 400 бас бағымдағы сауын сиыры бар сүт тауарлы фермалары.
жануарлардың мал басын бірдейлендіру номерлерінің болуы және АТЖ мен АЖС-да тіркелуі;
тиісті инфрақұрылым, механикаландырылған сауу, көң шығару және азық тарату, автосуару мен азық цехі бар сүт кешенінің болуы.
ветеринариялық, ветеринариялық-санитариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру, зоотехникалық есепті жүргізу

2

сүт бағытындағы асыл тұқымды ірі қара малының аналығы

Кемінде 50 бас бағымдағы сауын сиыры бар сүтті тауарлы ферма;
жануарлардың мал басын бірдейлендіру номерлерінің болуы және АТЖ мен АЖС-да тіркелуі;
ветеринариялық, ветеринариялық-санитариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру, зоотехникалық есепті жүргізу

3

селекциялық және асылдандыру жұмысына қатынасқан ірі қара малының аналық басы

селекциялық және асылдандыру жұмысына қатынасқан ірі қара малының аналық басы;
жануарлардың мал басын бірдейлендіру номерлерінің болуы және АТЖ мен АЖС-да тіркелуі;
ветеринариялық, ветеринариялық-санитариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру, зоотехникалық есепті жүргізу

4

селекциялық және асыл тұқымдық жұмысқа қатынасқан қойлардың аналық басы

селекциялық және асыл тұқымдық жұмысқа қатынасқан қойлардың аналық басы
жануарлардың мал басын бірдейлендіру номерлерінің болуы және АТЖ мен АЖС-да тіркелуі;
ветеринариялық, ветеринариялық-санитариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру және зоотехникалық есепті жүргізу

 
5

сүт бағытындағы аналық ешкілер,

жануарлардың мал басын бірдейлендіру номерлерінің болуы АЖС-да тіркелуі;
ешкілердің күтiп-бағуға арналған үй-жайлардың болуы
ветеринариялық, ветеринариялық-санитариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру, зоотехникалық есепті жүргізу
 

 
6

жылқы шаруашылығы

меншігіндегі жылқының аналығы 75 бастан кем емес;
жануарлардың мал басын бірдейлендіру номерлерінің болуы АЖС-да тіркелуі;
ветеринариялық, ветеринариялық-санитариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру, зоотехникалық есепті жүргізу

 
7

түйе шаруашылығы

меншігіндегі түйенің аналығы 75 бастан кем емес;
жануарлардың мал басын бірдейлендіру номерлерінің болуы АЖС-да тіркелуі;
ветеринариялық, ветеринариялық-санитариялық iс-шараларды ұйымдастыру және жүзеге асыру, зоотехникалық есепті жүргізу


      Ескерту: аббревиатураның толық жазылуы:

      АТЖ- селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстар жүргізудің бірыңғай ақпараттық базасы.

      АЖС-ауылшаруашылығы жануарларын сәйкестендіру.

  Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы "14" қарашадағы № 304 қаулысына 3-қосымша
  Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы "14" қарашадағы № 304 қаулысымен бекітілген

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытудың субсидиялар бағыттары бойынша субсидиялар нормативтері мен көлемдері

Субқаражатсидиялау бағыты

Өлшем бірлігі

1 бірлікке арналған субсидия норматив-тері, теңге

Субсидия көлемі

Субсидия сомасы, теңге

Етті мал шаруашылығы


1

Асыл тұқымдық және селекциялық жұмыс жүргізу

0,0

1.1.

Тауарлы аналық бас




0,0

1)

Базалық норматив

бас

10000

12500

125000000,0

2)

Қосымша норматив

0,0

80%-дан бастап (қоса алғанда) төл беру шығымы

бас

8000

3200

25600000,0

60%-дан бастап (қоса алғанда) төл беру шығымы

бас

6000

4200

25200000,0

1.2.

Асыл тұқымды аналық бас

0,0

1)

Базалық норматив

бас

10 000

424

4240000,0

 

Қосымша норматив

0,0

2)

80%-дан бастап (қоса алғанда) төл беру шығымы

бас

20000

160

3200000,0

70%-дан бастап (қоса алғанда) төл беру шығымы

бас

15000

246

3690000,0

2.

Асыл тұқымды ірі қара малдарын сатып алу**

бас

150 000

530

79500000,0

Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы

0,0

1.

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу

0,0

1.1.

Асыл тұқымды аналық бас




0,0

1)

Базалық норматив

бас

10 000

853

8530000,0

2)

Қосымша норматив




0,0

70%-дан бастап (қоса алғанда) төл беру шығымы

бас

20 000

406

8120000,0

60%-дан бастап (қоса алғанда) төл беру шығымы

бас

15 000

166

2490000,0

1

Асыл тұқымды ірі қара малдарын сатып алу**

импортталған асыл тұқымды ірі қара мал





2)

Еуропа және ТМД елдерінен

бас

150 000

76

11400000,0

Қой шаруашылығы

0,0

1.

Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыс жүргізу

0,0

1)

асыл тұқымды қойлардың аналық басы

бас

2 500

36 300

90750000,0

2)

тауарлы қойлардың аналық басы

бас

1 500

15 500

23250000,0

2.

Асыл тұқымды қойлар сатып алу **


0,0

1)

тұқымдық қошқарлар

бас

20000

300

6000000,0

2)

тұсақтар

бас

8000

479

3832000,0

Жылқы шаруашылығы

0,0

1)

Асыл тұқымды айғырлар сатып алу **

бас

100 000

50

5000000,0

 

Жиынтығы:




425802000,0

      Ескертпе:

      ** - асыл тұқымды жануарларды сатып алу бекітілген нормативке дейін, бірақ оны сатып алу құнының 50%-ынан аспайтын мөлшерде субсидияланады.

  Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы "14" қарашадағы № 304 қаулысына 4-қосымша
  Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы "14" қарашадағы № 304 қаулысымен бекітілген

Мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыру бағыттары бойынша субсидиялау көлемдері мен нормативтері

Субсидиялау бағыты

Өлшем бірлігі

1 бірлікке арналған субсидия норматив-тері, теңге

Субсидия көлемі

Субсидия сомасы, теңге

Сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы


1.

Сүт өндірудің құнын арзандату




0

1)

жемдік мал басы 400 бастан басталатын шаруашылықтар**

килограмм

25

2809733

70 243 325,0

килограмм

37

810600

29 992 200,0

3)

жемдік мал басы 50 бастан басталатын шаруашылықтар

килограмм

15

250000

3 750 000,0

4)

ауыл шаруашылығы кооперативтері

килограмм

10

3000000

30 000 000,0

Қой шаруашылығы

0,0

1)

Қозы етін өндіру құнын арзандату

бас

1 500

5000

7 500 000,0

Жылқы шаруашылығы

0,0

1)

Бие сүтін өндіру және қайта өңдеу құнын арзандату, оның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін

килограмм

101

65000

6 565 000,0

2)

Жылқы етін өндіру құнын арзандату

килограмм

222

39819

8 839 818,0

Түйе шаруашылығы

0,0

1)

Түйе сүтін өндіру және қайта өңдеу құнын арзандату, оның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін

килограмм

111

260000

28 860 000,0

2)

Түйе етін өндіру құнын арзандату

килограмм

204

10000

2 040 000,0

Ешкі шаруашылығы

0,0

1)

Ешкі сүтін өндіру және қайта өңдеу құнын арзандату, оның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін

килограмм

91

122 582

11 154 962,0

Жұмыртқалы құс шаруашылығы

0,0

Тағамдық жұмыртқа өндірісінің құнын арзандату **

0,0

1)

50 млн. данадан басталатын нақты өндіріс

дана

2,2

80057404

176 126 289,0

2)

бөдене жұмыртқаларын өндіру құнын арзандату**

дана

2,5

500000

1 250 000,0

Мал шаруашылығы

0,0

Бұқашықтарды бордақылау шығындарын арзандату

0,0

1)

Ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін

бас

20 000

5000

100 000 000,0

 





476321594,0

Азық өндіру

1

Ауыл шаруашылығы жануарлары азықтарына арналған шығындар құнын дейін арзандату******

1)

сүт бағытындағы асыл тұқымды ірі қара малдыңң аналығы (жыл бойы қорада күтіп баққан жағдайда)

бас

329590

577

190173430,0

2)

сүт бағытындағы асыл тұқымды мүйізді ірі қара малының аналығы

бас

82 040

276

22 643 040,0

3)

селекциялық және асыл тұқымдық жұмысқа тартылған ірі қара малдың аналық басы

бас

15 239

14100

214 869 900,0

4)

селекциялық және асыл тұқымдық жұмысқа тартылған қойлардың аналық басы

бас

1409

52600

74 113 400,0

5)

сүт бағытындағы аналық ешкілер

бас

14 523

500

7 261 500,0

6)

жылқылар

бас

18 084

2704

48 899 136,0

7)

түйелер

бас

41034

2000

82 068 000,0

 





640 028 406,0

 

Жиынтығы:




1116350000,0

      Ескертпе:

      ****** субсидиялар нормативі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ұсынған ауыл шаруашылығы жануарларының бір басына арналған тікелей өндірістік шығындар нормативтері негізінде айқындалады.

      ** -осы Қағидаларға 5-тармаққа сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің келісімі бойынша белгіленген нормативтен жергілікті бюджеттен және/немесе басқа бюджеттік бағдарламалардан бөлінген кезде қосымша бюджеттік қаражат бөлінгенде субсидиялау нормативін ұлғайту 50%-ға дейін рұқсат етіледі.