"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабы 3-тармағына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. "Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 6 ақпандағы № 59 қаулысының (2017 жылғы 14 мамырда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланды, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4073 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан | |
облысының әкімі | Қ. Ақсақалов |
Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 17 қараша № 458 қаулысымен бекітілген |
"Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. "Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі – Регламент) "Тұқым шаруашылығы саласында мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-2/419 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11455 болып тіркелді) бекітілген "Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) негізінде әзірленді.
2. "Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
3. Өтінімдерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
1) аудандық және Петропавл қаласының жергілікті атқарушы органдар көрсетілетін қызметті берушісінің кеңсесі (бұдан әрі – бөлім).
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем шоттарының тізілімін ұсыну.
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға Стандартқа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолы қойылған, субсидия тағайындау/тағайындамау туралы шешіммен хабарлама жолданады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау
6. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға мынадай құжаттарды:
1) нақты сатып алынған бірегей тұқымдарға субсидиялар алу үшін Стандартқа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сатып алынған бірегей тұқымдарға субсидиялар алуға арналған өтінімді;
2) элиталық тұқым өсіру шаруашылығы (бұдан әрі – элиттұқымшар) бір уақытта бірегей тұқым өндіруші (бұдан әрі – оригинатор) болып табылған жағдайда, элиттұқымшардың егіске нақты пайдаланған өзі өндірген суперэлиталық тұқымдарға (мақта үшін – көбейту питомниктерін қоспағанда, бірегей тұқымдар), нақты егіске пайдаланылған өзі өндірген бірегей тұқымдарға субсидиялар алу үшін осы Стандартқа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша егіске пайдаланылған өзі өндірген бірегей тұқымдарға субсидиялар алуға арналған өтінімді;
3) нақты сатып алынған элиталық тұқымдарға субсидиялар алу үшін Стандартқа 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сатып алынған элиталық тұқымдарға субсидиялар алуға арналған өтінімді;
4) тұқым өсіру шаруашылығы (бұдан әрі – тұқымшар) бір уақытта элиттұқымшар болып табылған жағдайда, нақты егіске пайдаланылған өзі өндірген элиталық тұқымдарға субсидиялар алу үшін Стандартқа 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша егіске пайдаланылған өзі өндірген элиталық тұқымдарға субсидиялар алуға арналған өтінімді;
5) майлы дақылдардың, көпжылдық және біржылдық шөптердің, арпаның, күріштің, картоптың және мақтаның нақты сатып алынған бірінші көбейтілген тұқымдарына (бұдан әрі – бірінші көбейтілген тұқымдар) субсидиялар алу үшін Стандартқа 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сатып алынған бірінші көбейтілген тұқымдарға субсидиялар алуға арналған өтінімді;
6) жүгерінің, қант қызылшасының, рапстың, күнбағыстың және мақтаның нақты сатып алынған бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарына (бұдан әрі – бірінші ұрпақ будандарының тұқымдары) субсидиялар алу үшін Стандартқа 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сатып алынған бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарына субсидиялар алуға арналған өтінімді;
7) нақты сатып алынған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттеріне (бұдан әрі – элиталық көшеттер) субсидиялар алу үшін Стандартқа 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сатып алынған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің элиталық көшеттеріне субсидиялар алуға арналған өтінімді;
8) сатып алынған элиталық тұқымдарға немесе біріші көбейтілген тұқымдарға және бірінші ұрпақ будандарының тұқымдарына тиесілі субсидиялар алу үшін (элиттұқымшарға немесе тұқымшарға субсидиялар алу құқығы берілген жағдайда) Стандартқа 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша элиталық тұқым шаруашылығы немесе тұқым шаруашылығы арқылы берілген ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өтінімдері негізінде қалыптастырылған жиынтық өтінімді ұсынады.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорацияның және көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзы арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.
7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1) бөлімнің кеңсе маманы өтінімді қабылдайды және көшірмеде өтінімді қабылдаған жауапты тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын көрсетеп отырып, қабылдау күнін, уақытын және белгі жасайды – 15 (он бес) минут;
2) бөлім басшысы құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына орындау үшін жібереді – 1 (бір) жұмыс күні;
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды, жауапты орындаушыны айқындайды және орындауға жібереді, талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, осы Регламенттің 13-тармағымен көзделген субсидияларды ұсынбау себебін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушыны жазбаша хабардар етеді – 1 (бір) жұмыс күні;
4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы олардың сәйкестігін тексереді және субсидияларды төлеу үшін тізімдемеге қол қояды –3 (үш) жұмыс күні;
5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы субсидияларды төлеу үшін тізімдемеге қол қояды – 1 (бір) жұмыс күні;
6) көрсетілетін қызметті беруші қаржыландыру және бухгалтерлік есеп бөлімінің жауапты орындаушысы төлем құжаттарын қалыптастырады және көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шотына тиесілі субсидияларды одан әрі аудару үшін төлем шоттарының тізілімін қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне ұсынады – 1 (бір) жұмыс күні.
8. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болып табылатын мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі рәсім (іс-қимыл) нәтижесі:
1) бөлім кеңсесінде құжаттарды тіркеу;
2) бөлім басшысымен қарап, бұрыштаманы қою;
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысымен қарап, бұрыштаманы қою;
4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманымен көрсетілетін қызмет нәтижесін дайындау;
5) субсидияларды төлеуге арналған тізімдемеге қол қою;
6) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманымен көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шотына тиесілі субсидияларды одан әрі аудару үшін төлем шоттарының тізілімін қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне ұсыну.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау
9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) бөлімнің кеңсе маманы;
2) бөлім басшысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
5) көрсетілетін қызметті беруші қаржыландыру және бухгалтерлік есеп бөлімінің жауапты орындаушысы.
10. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, әрбір рәсімдерді (іс-қимылдарды) өту реттілігін сипаттау:
1) бөлімнің кеңсе маманы өтінімді қабылдайды және көшірмеде өтінімді қабылдаған жауапты тұлғаның тегін, атын, әкесінің атын көрсетеп отырып, қабылдау күнін, уақытын және белгі жасайды – 15 (он бес) минут;
2) бөлім басшысы құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына орындау үшін жібереді – 1 (бір) жұмыс күні;
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды, жауапты орындаушыны айқындайды және орындауға жібереді, талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, осы Регламенттің 13-тармағымен көзделген субсидияларды ұсынбау себебін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушыны жазбаша хабардар етеді – 1 (бір) жұмыс күні;
4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы олардың сәйкестігін тексереді және субсидияларды төлеу үшін тізімдемеге қол қояды – 3 (үш) жұмыс күні;
5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы субсидияларды төлеу үшін тізімдемеге қол қояды – 1 (бір) жұмыс күні;
6) көрсетілетін қызметті беруші қаржыландыру және бухгалтерлік есеп бөлімінің жауапты орындаушысы төлем құжаттарын қалыптастырады және көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шотына тиесілі субсидияларды одан әрі аудару үшін төлем шоттарының тізілімін қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне ұсынады – 1 (бір) жұмыс күні.
4. Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
11. Жүгіну тәртібін (іс-қимылын) және Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
1) мемлекеттік корпорацияның қызметкері құжаттарды қабылдайды, тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат береді және көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар пакетін тапсырады – 15 (он бес) минут;
Құжаттар пакетін толық ұсынбаған жағдайда Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінімді қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартқа 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді;
2) көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттауға сәйкес рәсімдерді (іс-қимылдарды) жүзеге асырады - 7 (жеті) жұмыс күні;
3) мемлекеттік корпорацияның қызметкері қолхат негізінде жеке басының куәлігінің құжатын ұсынған кезде мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижесін береді – 20 (жиырма) минут.
12. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға арналған негіздер:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оның қызметіне немесе белгілі бір мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуды қажет ететін жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы соттың заңды күшіне енген шешімінің (үкімінің) болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы болып табылады.
13. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) өзара іс-қимылдар рәсімдерінің (іс-қимылдарының) сипаттамасы осы Регламентке 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.
5. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып қойылатын өзге де талаптар
14. Ағза функцияларының тұрақты бұзылулары бар, өзіне-өзі қызмет көрсету, өздігінен қозғалу, құжаттарды қабылдауға бағдарлану қабілетінен немесе мүмкіндігінен толық немесе iшiнара айырылған көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсетуді Мемлекеттік корпорацияның қызметкері 1414, 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіне отырып, тұрғылықты жеріне барып жүзеге асырады.
15. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыларға күту және қажетті құжаттарды дайындау уақытында жағдайлар жасалады (күтуге арналған креслолар, құжаттарды толтыруға арналған орындар қажетті құжаттар тізбесі мен оларды толтыру үлгілері бар стендтермен жарақталады).
Көрсетілетін қызметті берушінің және Мемлекеттік корпорацияның ғимараттары дене мүмкіндіктері шектеулі адамдардың кіруіне арналған пандусы бар кіреберіспен жабдықталған.
16. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) Тиісті қызмет провайдерінің интернет-ресурсы
2) Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында;
3) Мемлекеттік корпорацияның www.con.gov.kz интернет-ресурсында;
4) порталда орналастырылған.
17. Көрсетілетін қызметті алушыда электрондық цифрлық қолтаңбасы болу шартымен мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
18. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8-800-080-7777 телефоны арқылы алу мүмкіндігі бар.
"Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша |
Көрсетілетін қызметті беруші арқылы "Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау" мемлекеттік қызметін көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы:
Шартты белгілер:
"Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша |
Мемлекеттік корпорация арқылы "Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау" мемлекеттік қызметін көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы
Шартты белгілер: