Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 16 бабына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттері бекітілсін:
1) осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес "Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу";
2) осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес "Жұмыссыз ретінде жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу".
2. Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және Алматы қаласы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары М. Дәрібаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласының әкімі | Б. Байбек |
Алматы қаласы әкімдігінің | |
2017 жылғы 30 қарашадағы | |
№ 4/496 қаулысына 1 қосымша |
"Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер
1. "Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі – регламент) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген "Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес әзірленді.
"Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: Стандартқа сәйкес жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеу туралы қағаз және электрондық түрдегі хабарлама не осы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
4. Көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыдан Стандарттың 9 тармағында көзделген мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттарды немесе көрсетілетін қызметті алушының электрондық өтінімін алуы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-әрекетті) бастауға негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы көрсетілетін қызметті алушы өтініш пен тиісті құжаттарды тапсырған кезден бастап 10 (он) минут ішінде алынған құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұрыштамасын алуға жолдайды;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 20 (жиырма) минут ішінде кіріс құжаттармен танысады және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманына жібереді;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы сұрау салуды жолдайды және көрсетілетін қызметті алушының жеке деректерін жауапты адамның электрондық-цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында автоматтандырылған ақпараттық жүйеге 10 (он) минут ішінде енгізеді;
4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеу туралы қағаз және электрондық түрдегі хабарламаны дайындайды және 10 (он) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға береді;
5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы хабарламаға қол қояды және шығыс хат-хабар журналында тіркеу үшін 20 (жиырма) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманына береді;
6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы 10 (он) минут ішінде дайын хабарламаны көрсетілетін қызметті алушыға береді.
6. Келесі рәсімді (іс-әрекетті) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету рәсімінің (іс-әрекеттің) нәтижесі:
1) өтінім мен құжаттарды тіркеу және беру;
2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманын айқындау және мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманына жолдау;
3) сұрау салуды жіберу;
4) тіркеу туралы хабарлама;
5) басшының хабарламаға қол қоюы және кеңсе маманына беруі;
6) тіркеу туралы хабарламаны беру.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы.
8. Әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдер (іс-әрекеттер) реттілігінің сипаттамасы:

Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде рәсімдердің (іс-әрекеттердің) реттілігінің, көрсетілетін қызметті беруші мамандарының өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы регламенттің 1 қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процесінің анықтамалығында көрсетілген.
4. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен
және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара
іс-қимыл тәртібінің, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету процесінде
ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаттамасы
9. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамымен және оның аумақтық бөлімшелерімен, және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл мемлекеттік қызметті көрсету процесінде қарастырылмаған.
10. Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде жүгіну тәртібінің және көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының рәсімдері (іс-әрекеттері) реттілігінің сипаттамасы:
1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті алушының компьютерінің интернет-браузерінде сақталатын (порталда тіркелмеген тұтынушылар үшін) өзінің электронды-цифрлық қолтаңбасының (бұдан әрі – ЭЦҚ) көмегімен порталға тіркелуді жүзеге асырады;
2) 1 процесс – көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузеріне ЭЦҚ тіркеу, мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының порталға парольді енгізуі (авторизациялау процесі);
3) 1 шарт – логин және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын порталда тексеру;
4) 2 процесс – көрсетілетін қызметті алушының Регламентте көрсетілген қызметті порталда таңдауы, көрсетілетін қызметті алушының қызметті көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығаруы және оның құрылымы мен форматтық талаптарын есепке ала отырып нысанды толтыруы (деректреді енгізуі), сұрау салу нысанына қажетті құжаттарды электронды түрде тіркеуі;
5) 2 шарт – порталда ЭЦҚ қолданылу мерзімін, қайтарылған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын, сондай-ақ сәйкестендіру деректерінің сұрау салуда және ЭЦҚ-да көрсетілген жеке сәйкестендіру нөміріне (бұдан әрі – ЖСН) сәйкес келуін тексеру;
6) 3 процесс – порталда электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуы) тіркеу және сұрау салуды өңдеу;
7) 3 шарт – көрсетілетін қызметті алушының жеке деректерін автоматтандырылған ақпараттық жүйеге енгізу;
8) 4 процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты порталда сұратылып отырған көрсетілетін қызметтен бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
9) 5 процесс – көрсетілетін қызметті алушының порталда қалыптастырылған көрсетілетін қызметтің (жұмыссыз ретінде тіркеу және есепке қою туралы хабарлама) нәтижесін алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ пайдалана отырып қалыптастырылады.
Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелдердің функционалдық өзара іс-қимылдары осы регламенттің 2 қосымшасына сәйкес диаграммада берілген.
"Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1 қосымша |
Мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
Шартты белгілер:
"Жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2 қосымша |
Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық
жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы
Шартты белгілер мен қысқарған сөздер:
Алматы қаласы әкімдігінің | |
2017 жылғы 30 қарашадағы | |
№ 4/496 қаулысына 2 қосымша |
"Жұмыссыз ретінде жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер
1. "Жұмыссыз ретінде жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті (бұдан әрі – регламент) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 "Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" бұйрығымен бекітілген "Жұмыссыз ретінде жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес әзірленді.
"Жұмыссыз ретінде жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Халықты жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: жұмыссыз ретінде тіркеу туралы қағаз және электрондық түріндегі анықтама.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл
тәртібінің сипаттамасы
4. Көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушыдан Стандарттың 9 тармағында көзделген мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттарды немесе көрсетілетін қызметті алушының электрондық өтінімін алуы мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-әрекетті) бастауға негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы көрсетілетін қызметті алушы өтініш пен тиісті құжаттарды тапсырған кезден бастап 10 (он) минут ішінде алынған құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұрыштамасын алуға жолдайды;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 20 (жиырма) минут ішінде кіріс құжаттармен танысады және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманына жібереді;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы сұрау салуды жолдайды және көрсетілетін қызметті алушының жеке деректерін жауапты адамның электрондық-цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында автоматтандырылған ақпараттық жүйеге 10 (он) минут ішінде енгізеді;
4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеу туралы қағаз және электрондық түрдегі хабарламаны дайындайды және 10 (он) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға береді;
5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы хабарламаға қол қояды және шығыс хат-хабар журналында тіркеу үшін 20 (жиырма) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманына береді;
6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы 10 (он) минут ішінде дайын хабарламаны көрсетілетін қызметті алушыға береді.
6. Келесі рәсімді (іс-әрекетті) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету рәсімінің (іс-әрекеттің) нәтижесі:
1) өтініш мен құжаттарды тіркеу және беру;
2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманын айқындау және мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманына жолдау;
3) сұрау салуды жіберу;
4) тіркеу туралы хабарлама;
5) басшының хабарламаға қол қоюы және кеңсе маманына беруі;
6) тіркеу туралы хабарламаны беру.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара
іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы.
8. Әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) арасындағы рәсімдер (іс-әрекеттер) реттілігінің сипаттамасы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы көрсетілетін қызметті алушы өтініш пен тиісті құжаттарды тапсырған кезден бастап 10 (он) минут ішінде алынған құжаттарды тіркейді және көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұрыштамасын алуға жолдайды;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 20 (жиырма) минут ішінде кіріс құжаттармен танысады және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманына жібереді;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы сұрау салуды жолдайды және көрсетілетін қызметті алушының жеке деректерін жауапты адамның электрондық-цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында автоматтандырылған ақпараттық жүйеге 10 (он) минут ішінде енгізеді;
4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеу туралы қағаз және электрондық түрдегі хабарламаны дайындайды және 10 (он) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға береді;
5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы хабарламаға қол қояды және шығыс хат-хабар журналында тіркеу үшін 20 (жиырма) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманына береді;
6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы 10 (он) минут ішінде дайын хабарламаны көрсетілетін қызметті алушыға береді.
Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде рәсімдердің (іс-әрекеттердің) реттілігінің, көрсетілетін қызметті беруші мамандарының өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процесінің анықтамалығында көрсетілген.
4. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және
(немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібінің,
сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді
пайдалану тәртібінің сипаттамасы
9. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамымен және оның аумақтық бөлімшелерімен, және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану мемлекеттік қызметті көрсету процесінде қарастырылмаған.
"Жұмыссыз ретінде жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша |