"Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Алматы қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 16 қазандағы № 4/418 қаулысы. Алматы қаласы әдiлет департаментінде 2017 жылғы 31 қазанда № 1419 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 16 бабына және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 521 "Көмірсутек шикізатын, сондай-ақ көмір және уранды пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Қоса беріліп отырған "Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

      Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны кейіннен ресми мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және ресми интернет-ресурста жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары С. Мәкежановқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі Б. Байбек

  Алматы қаласы әкімдігінің
2017 жылғы 16 қазандағы
№ 4/418 қаулысымен бекітілді

"Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қойнауын
пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер

      1. "Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 521 бұйрығымен бекітілген "Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес "Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру:

      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация);

      3) www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.

      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз және электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының қосымшасына сәйкес нысан бойынша жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу туралы куәлік немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны - электрондық немесе қағаз түрінде.

      Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) Мемлекеттік корпорацияға тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 5 (бес) жұмыс күні.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (әрекетті) бастау үшін көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін Стандарттың 9 тармағында көрсетілген қажетті құжаттарын (бұдан әрі – өтініш) көрсетілетін қызметті берушінің алуы негіз болып табылады.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:

      1) көрсетілетін қызмет беруші кеңсесінің қызметкері өтінішті алған сәттен бастап 15 (он бес) минут ішінде оны кіріс хат-хабарларын тіркеу журналына тіркейді және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қарауына береді;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 2 (екі) сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарайды және оларды көрсетілетін қызмет берушінің жауапты орындаушысына жолдайды;

      3) көрсетілетін қызмет берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушының өтінішін 4 (төрт) жұмыс күні ішінде қарайды, жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу туралы куәлікті немесе қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты әзірлейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға жолдайды;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) сағат ішінде жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу туралы куәлікке немесе қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі 20 (жиырма) минут ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (әрекеттің) нәтижесі мынадай рәсімді (әрекетті) орындауды бастау үшін негіз болады:

      1) көрсетілетін қызметті алушының өтінішін және мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өзге құжаттарын көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесінде тіркеу және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына беру;

      2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының қарары;

      3) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ресімдеу және оларды көрсетілетін қызметті беруші басшысына қол қою үшін тапсыру;

      4) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне тапсыру.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.

      8. Көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелері арасындағы рәсімдердің (әрекеттердің) ретін сипаттау:

      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері өтініш түскен сәттен бастап 15 (он бес) минут ішінде оны кіріс хат-хабарларды тіркейтін журналда тіркейді және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қарауына енгізеді;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 2 (екі) сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарайды және оларды көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушының өтінішін 4 (төрт) жұмыс күні ішінде қарайды, жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу туралы куәлікті немесе қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты әзірлейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға жолдайды;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) сағат ішінде жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу туралы куәлікке немесе қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі 20 (жиырма) минут ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді.

4. Мемлекеттік корпорациясымен өзара іс-қимыл тәртібін,
сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді
пайдалану тәртібін сипаттау

      9. Мемлекеттік корпорациясына жүгіну тәртібінің сипаттамасы, көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын өңдеудің ұзақтығы:

      1) мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы қабылдағанда Мемлекеттік корпорацияның қызметкері ұсынылған Стандарттың 9 тармағында көрсетілген құжаттардың толықтығын тексереді. Көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат береді, 15 (он бес) минуттан аспайды;

      2) көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9 тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді, 15 (он бес) минуттан аспайды;

      3) қабылданған құжаттар көрсетілетін қызметті берушіге 1 (бір) жұмыс күні ішінде жолданады;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі өтініш түскен сәттен бастап 15 (он бес) минут ішінде оны тіркейді және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қарауына енгізеді;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 2 (екі) сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарайды және оларды көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды;

      6) көрсетілетін қызмет берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын 4 (төрт) жұмыс күні ішінде қарайды, жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу туралы куәлікті дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға жолдайды;

      7) көрсетілетін қызметті берушінің жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу туралы куәлікке қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды;

      8) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі 20 (жиырма) минут ішінде Мемлекеттік корпорация қызметкеріне кейіннен оны көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді.

      10. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін Мемлекеттік корпорациясы арқылы алу процесінің сипаттамасы, оның ұзақтығы:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі 20 (жиырма) минут ішінде Мемлекеттік корпорация қызметкеріне кейіннен оны көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді. Нәтижесі - жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу туралы куәлікті көрсетілетін қызметті алушыға беру;

      2) мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттар топтамасының қабылданғаны туралы қолхатта көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті алушыға жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуы (немесе нотариатта куәландырылған сенімхат бойынша өкілінің) кезінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін 15 (он бес) минут ішінде береді.

      11. Жүгіну тәртібін және "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының рәсімдерінің (іс-қимылдарының) бірізділігін сипаттау:

      1) көрсетілетін қызметті алушы порталда тіркелуді компьютердің интернет-браузерінде сақталған өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасының тіркеу куәлігінің көмегімен жүзеге асырады;

      2) 1 үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасының тіркеу куәлігін компьютердің интернет-браузеріне бекітуі, мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы порталда парольді енгізуі (авторизациялау үдерісі);

      3) 1 шарт – электрондық үкіметтің порталында логин, жеке сәйкестендіру нөмірі және пароль арқылы тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің дұрыстығын тексеру;

      4) 2 үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуымен байланысты, порталда авторизациялаудан бас тарту хабарламасын қалыптастыру;

      5) 3 үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының www.egov.kz порталында осы Регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, сұрау салу нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті алушының қажетті құжаттардың электрондық нұсқасын тіркей отырып, оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, нысанды толтыруы (деректерді енгізу);

      6) 4 үдеріс – сұранысты куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасын тіркеу куәлігін таңдауы;

      7) 2 шарт – электрондық үкіметтің порталында электрондық цифрлық қолтаңбаны тіркеу куәлігінің әрекет ету мерзімін және қайтарып алынған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын, сондай-ақ сұраныста көрсетілген жеке сәйкестендіру нөмірі және электрондық цифрлық қолтаңбаның тіркеу куәлігінде көрсетілген Жеке сәйкестендіру нөмірі арасындағы сәйкестендіру деректеріне сәйкес келуін тексеру;

      8) 5 үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасының түпнұсқалығының расталмауына байланысты сұрау салынатын электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

      9) 6 үдеріс – көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы көмегімен сұраныстың толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) куәландыруы (қол қоюы);

      10) 7 үдеріс – ақпараттық жүйесінде электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұранысын) тіркеу;

      11) 3 шарт – көрсетілетін қызметті берушінің ұсынылған құжаттарды Стандарттың 9 тармағына және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексеруі;

      12) 8 үдеріс – құжаттардың толық болмауына немесе Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес келмеуіне байланысты сұраныс жасалған қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;

      13) 9 үдеріс – көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу уақыты мен орны туралы хабарламаны көрсетілетін қызметті алушының алуы.

      12. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіндегі ақпараттық жүйелерде функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы Регламенттің 1 қосымшасына сәйкес көрсетілген.

      13. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет үдерісінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге көрсетілген қызметті берушілер және (немесе) Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламенттің 2 қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

  "Кең таралған пайдалы
қазбаларды барлауға,
өндіруге жер қойнауын
пайдалану құқығының кепіл
шартын тіркеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне 1 қосымша

Портал арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі функционалдық
өзара іс-қимылдың диаграммасы


Шартты белгілер:



  "Кең таралған пайдалы
қазбаларды барлауға,
өндіруге жер қойнауын
пайдалану құқығының кепіл
шартын тіркеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет
регламентіне 2 қосымша

"Кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге жер қойнауын
пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу" мемлекеттік қызмет
көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

      1) Көрсетілетін қызметті беруші арқылы:



      2) Мемлекеттік корпорация арқылы:



      3) Портал арқылы:



Шартты белгілер: