2009 жылғы 27 қаңтардағы № 1 "Есенкөл ауылдық округінің елді мекендерінің құрама бөлімдер атауларын беру туралы" шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қостанай облысы Қарабалық ауданы Есенкөл ауылдық округі әкімінің 2017 жылғы 29 тамыздағы № 1 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 21 қыркүйекте № 7209 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына, "Қостанай облысының әкімшілік – аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 24 мамырдағы № 3 және Қостанай облысы мәслихатының 2017 жылғы 24 мамырдағы № 161 бірлескен қаулысы мен шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7123 болып тіркелген) сәйкес, Есенкөл ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Есенкөл ауылдық округінің әкімінің 2009 жылғы 27 қантардағы № 1 "Есенкөл ауылдық округінің елді мекендерінің құрама бөлімдер атауларын беру туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-12-96 тіркелген, 2009 жылғы 20 ақпанда "Айна" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында:

      3-тармақ алынып тасталсын,

      1-тармақ келесі мазмұнда 16), 17), 18) тармақшалармен толықтырылсын:

      "16) Орман көшесі;

      17) Школьная көшесі;

      18) Берлинская көшесі.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Есенкөл ауылдық округі әкімінің
      міндетін атқарушы И. Уразбекова