Әкімдіктің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Қостанай облысы әкімдігінің 2017 жылғы 28 наурыздағы № 157 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 14 сәуірде № 6999 болып тіркелді

Қолданыстағы
      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) "Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 101 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5567 болып тіркелген, 2015 жылғы 13 мамырда "Қостанай таңы" газетінде жарияланған);
      2) "Әкімдіктің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 101 "Қостанай облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 555 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6154 болып тіркелген, 2016 жылғы 26 қантарда "Қостанай таңы" газетінде жарияланған).
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі А. Мұхамбетов