РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 "Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы" Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату Қағидаларының 29 тармағының 2) тармақшасына сәйкес, барлық кандидаттар үшін тең құқықтарды қамтамасыз ету мақсатында, Бейнеу аудандық сайлау комиссиясымен бірлесіп Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.
2. Бейнеу ауданының ауылдар, ауылдық округтер әкімдеріне барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандыру тапсырылсын.
3. Күші жойылды деп танылсын:
1) Бейнеу ауданының әкімдігінің 2011 жылғы 9 қыркүйектегі № 111 "Үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар белгілеу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11-3-125 болып тіркелген, 2011 жылғы 20 қазандағы "Рауан" газетінде жарияланған);
2) Бейнеу ауданының әкімдігінің 2013 жылғы 24 маусымдағы № 59 "Үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар белгілеу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2258 болып тіркелген, 2013 жылғы 6 шілдедегі "Рауан" газетінде жарияланған).
4. "Бейнеу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (Ү.Әмірханова) осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, аудан әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалысын бақылау Бейнеу ауданы әкімінің орынбасары К.Машырықовқа жүктелсін.
6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің | |
міндетін атқарушы | К.Машырықов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Бейнеу аудандық сайлау комиссиясының төрайымы
Аймағамбет Күләнда
" 17 " 05 2017 жыл
Бейнеу ауданының әкімдігінің 2017 жылғы 17 мамырдағы № 94 қаулысына қосымша |
Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
Ақжігіт ауылы | - |
Бейнеу аудандық әкімдігінің |
Бейнеу ауылы | - |
"Қазақстан Халық жинақ банкі" |
Боранқұл ауылы | - |
орталық базардың және Бейнеу |
Есет ауылы | - |
Бейнеу аудандық әкімдігінің |
Ноғайты ауылы | - |
Маңғыстау облысының денсаулық |
Сам ауылдық округі | - |
"ҚАЗПОШТА" акционерлік |
Сарға ауылы | - |
Бейнеу аудандық әкімдігінің |
Сыңғырлау ауылы | - |
Бейнеу аудандық әкімдігінің |
Тәжен ауылы | - |
Маңғыстау облысының денсаулық |
Төлеп ауылы | - |
Бейнеу аудандық әкімдігінің |
Тұрыш ауылы | - |
Бейнеу аудандық әкімдігінің |