Кандидаттарға сайлаушылармен (таңдаушылармен) кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар беру туралы

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 17 мамырдағы № 95 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 20 маусымда № 3378 болып тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28 бабының 4 тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 24 сәуірдегі № 555 "Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы" Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерін қызметке сайлау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату Қағидаларының 29 тармағының 1) тармақшасына сәйкес Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес кандидаттарға сайлаушылармен (таңдаушылармен) кездесуі үшін шарттық негізде үй-жайлар берілсін.

      2. Ауылдар, ауылдық округтер әкімдері барлық кандидаттар үшін бірдей және тең шарттық негізде үй-жайлар беруді қамтамасыз етсін.

      3. Бейнеу ауданының әкімдігінің 2013 жылғы 24 маусымдағы № 60 "Ауыл, селолар, селолық округтер әкімдігіне кандидаттарға сайлау алдындағы жиналыстарды және таңдаушылармен кездесулерді өткізу үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар тізбесін бекіту туралы" қаулысының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2259 болып тіркелген, 2013 жылғы 6 шілдедегі "Рауан" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. "Бейнеу ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (Ү.Әмірханова) осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, аудан әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалысын бақылау Бейнеу ауданы әкімінің орынбасары К.Машырықовқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің
      міндетін атқарушы К.Машырықов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Бейнеу аудандық сайлау комиссиясының төрайымы
Аймағамбет Күләнда

      " 17 " 05 2017 жыл

  Бейнеу ауданының әкімдігінің
2017 жылғы 17 мамырдағы
№ 95 қаулысына қосымша

Кандидаттарға сайлаушылармен (таңдаушылармен) кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлар

Ақжігіт ауылы

-

Бейнеу аудандық әкімдігінің "Бейнеумәдениет" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының мәдениет үйі


Бейнеу ауылы

-

Бейнеу аудандық әкімдігінің

"Бейнеумәдениет" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының Абыл атындағы мәдениет үйі, "Бейнеу ауданының әкімдігінің "Бейнеу аудандық білім беруді үйлестіру орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұстаздар үйі


Боранқұл ауылы

-

Бейнеу аудандық әкімдігінің

"Бейнеумәдениет" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының мәдениет үйі


Есет ауылы

-

Бейнеу аудандық әкімдігінің

"Бейнеумәдениет" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының клубы


Ноғайты ауылы

-

Бейнеу аудандық әкімдігінің

"Бейнеумәдениет" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының клубы


Сам ауылдық округі

-

Бейнеу аудандық әкімдігінің

"Бейнеумәдениет" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының клубы

Сарға ауылы

-

Бейнеу аудандық әкімдігінің

"Бейнеумәдениет" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының мәдениет үйі


Сыңғырлау ауылы

-

Бейнеу аудандық әкімдігінің

"Бейнеумәдениет" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының клубы


Тәжен ауылы

-

"Тәжен ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің ғимаратының акт залы


Төлеп ауылы

-

Бейнеу аудандық әкімдігінің

"Бейнеумәдениет" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының клубы

Тұрыш ауылы

-

Бейнеу аудандық әкімдігінің

"Бейнеумәдениет" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының клубы