Білім беру саласындағы көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 4 желтоқсандағы № 287 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 25 желтоқсанда № 3493 болып тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңына сәйкес облыс әкімдігіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) "Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

      2) "Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

      3) "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

      2. "Маңғыстау облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі (З. Ж. Тастемірова):

      осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р. К. Сәкеевке жүктелсін.

      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Е. Тоғжанов

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Маңғыстау облысының білім

      басқармасы" мемлекеттік

      мекемесінің басшысы

      ____________ З. Ж. Тастемірова

      "04" желтоқсан 2017 ж.

  Маңғыстау облысы әкімдігінің
2017 жылғы "04" желтоқсан
№ 287 қаулысымен
бекітілген

"Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер

      1."Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) техникалық және кәсiптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет өтініштерін қабылдау және нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: белгіленген тәртіппен расталған білім беру ұйымы басшысының білім алушыға басталу және аяқталу мерзімін көрсете отырып, академиялық демалыс беру туралы бұйрығының көшірмесі не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында белгіленген негіздеме бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме "Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушысының 2017 жылғы 27 шілдедегі  №357 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №15647 болып тіркелген) бекітілген "Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт)  9 тармағында көрсетілген құжаттар болып табылады.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір ресімнің (әрекеттердің) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:

      1) құжаттарды қабылдау, тіркеу – 20 (жиырма) минут;

      егер көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 9 тармағына сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады;

            2) құжаттарды қарастыру және орындаушыға жолдау – 30 (отыз) минут;

      3) құжаттарды қарастыру және көрсетілетін қызмет нәтижесінің жобасын дайындау – 2 (екі) жұмыс күні;

      4) көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қою – 30 (отыз) минут;

      5) көрсетілетін қызметі нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдау – 20 (жиырма) минут;

      6) көрсетілетін қызмет нәтижесін тіркеу және көрсетілетін қызметті алушыға беру – 30 (отыз) минут.

            6. Келесі ресімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіздеме болатын мемлекеттік қызмет көрсету ресімінің (іс-қимылдың) нәтижесі:

      1) кіріс нөмірі бар тіркелген өтініш;

      2) қызмет берушінің басшысының бұрыштамасы;

      3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің жобасы;

      4) қол қойылған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі;

      5) көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға беру.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.

      8. Әрбір ресімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылдың реттілігін сипаттау:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 20 (жиырма) минут ішінде құжаттарды стандарттың 9 тармағында көрсетілген тізбеге сәйкестігіне талдау жүргізіп, құжаттар тізбесіне сәйкес болған жағдайда қабылдайды, тіркейді және қарастыру үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды;

      егер көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 9 тармағына сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 30 (отыз) минут ішінде құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына бұрыштамасын қоя отырып, қызмет нәтижесін дайындау үшін жолдайды;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының деректері бойынша белгіленген тәртіппен расталған білім беру ұйымы басшысының білім алушыға басталу және аяқталу мерзімін көрсете отырып, академиялық демалыс беру туралы бұйрықтың жобасын не стандарттың 10 тармағында белгіленген негіздеме бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 30 (отыз) минут ішінде құжаттар топтамасын қарайды және қызмет көрсету нәтижесіне қол қойып көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына жолдайды;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы 20 (жиырма) минут ішінде бұйрықтың көшірмесін не бас тарту туралы дәлелді жауапты көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды;

      6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 30 (отыз) минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға береді.

      9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.

  "Білім беру ұйымдарында білім алушыларға
академиялық демалыс беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша

"Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы




Шартты белгілер:




  Маңғыстау облысы әкімдігінің
2017 жылғы "04" желтоқсан
№ 287 қаулысымен
бекітілген

"Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер

      1."Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) техникалық және кәсiптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет өтініштерін қабылдау және нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: білім беру ұйымдарындағы техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттар қабылдау немесе стандарттың 10 тармағында көрсетілген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме "Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы  №397 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 15740 болып тіркелген) бекітілген "Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт)  9 тармағында көрсетілген құжаттар болып табылады.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір ресімнің (әрекеттердің) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:

      1) құжаттарды қабылдау, тіркеу – 20 (жиырма) минут;

      егер көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 9 тармағына сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады;

      2) құжаттарды қарастыру және орындаушыға жолдау – 30 (отыз) минут;

      3) құжаттарды қарастыру және көрсетілетін қызмет нәтижесінің жобасын дайындау – 9 (тоғыз) жұмыс күні;

      4) көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қою және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдау – 20 (жиырма) минут;

      5) көрсетілетін қызмет нәтижесін тіркеу және көрсетілетін қызметті алушыға беру – 30 (отыз) минут.

      Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурс өткізу мерзімін көрсетілетін қызметті беруші белгілейді және көрсетілетін қызметті берушінің сайтына орналастырады.

            6. Келесі ресімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіздеме болатын мемлекеттік қызмет көрсету ресімінің (іс-қимылдың) нәтижесі:

      1) кіріс нөмірі бар тіркелген өтініш;

      2) қызмет берушінің басшысының бұрыштамасы;

      3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің жобасы;

      4) қол қойылған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі;

      5) көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға беру.

      Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурс өткізу мерзімін көрсетілетін қызметті беруші белгілейді және көрсетілетін қызметті берушінің сайтына орналастырады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы.

      8. Әрбір ресімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер арасындағы өзара іс-қимылдың реттілігін сипаттау:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 20 (жиырма) минут ішінде құжаттарды стандарттың 9 тармағында көрсетілген тізбеге сәйкестігіне талдау жүргізіп, құжаттар тізбесіне сәйкес болған жағдайда қабылдайды, тіркейді және қарастыру үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды;

      егер көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 9 тармағына сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 30 (отыз) минут ішінде құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына бұрыштамасын қоя отырып, қызмет нәтижесін дайындау үшін жолдайды;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы 9 (тоғыз) жұмыс күні ішінде білім беру ұйымдарындағы техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттар қабылдау немесе стандарттың 10 тармағында көрсетілген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы хабарлама дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 20 (жиырма) минут ішінде қызмет көрсету нәтижесіне қол қойып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 30 (отыз) минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға береді.

      9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.

  "Техникалық, кәсіптік және орта
білімнен кейінгі білімі бар кадрларды
даярлауға арналған мемлекеттік білім
беру тапсырысын орналастыру
бойынша конкурсқа құжаттарды
қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне қосымша

"Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы




       Шартты белгілер:




  Маңғыстау облысы әкімдігінің
2017 жылғы "04" желтоқсан № 287
қаулысымен бекітілген

"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті 1. Жалпы ережелер

      1."Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) техникалық және кәсiптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет өтініштерін қабылдау және нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

      2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: тегін тамақтандыруды ұсыну немесе бас тарту туралы еркін нысандағы шешім.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы  №396 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 15744 болып тіркелген) бекітілген "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9 тармағында көрсетілген құжаттар болып табылады.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір ресімнің (әрекеттердің) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:

      1) құжаттарды қабылдау, тіркеу – 20 (жиырма) минут;

      егер көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 9 тармағына сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады;

      2) құжаттарды қарастыру және орындаушыға жолдау – 30 (отыз) минут;

      3) құжаттарды қарастыру және көрсетілетін қызмет нәтижесінің жобасын дайындау – 9 (тоғыз) күнтізбелік күн;

      4) көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қою және кеңсе қызметкеріне жолдау – 20 (жиырма) минут;

      5) көрсетілетін қызмет нәтижесін тіркеу және көрсетілетін қызметті алушыға беру – 30 (отыз) минут.

      6. Келесі ресімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіздеме болатын мемлекеттік қызмет көрсету ресімінің (іс-қимылдың) нәтижесі:

      1) кіріс нөмірі бар тіркелген өтініш;

      2) қызмет берушінің басшысының бұрыштамасы;

      3) мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесінің жобасы;

      4) қол қойылған мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі;

      5) көрсетілетін қызмет нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға беру.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылы тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.

      8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 20 (жиырма) минут ішінде құжаттарды стандарттың 9 тармағында көрсетілген тізбеге сәйкестігіне талдау жүргізіп, құжаттар тізбесіне сәйкес болған жағдайда қабылдайды, тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды;

      егер көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 9 тармағына сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 30 (отыз) минут ішінде құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына бұрыштамасын қоя отырып, қызмет нәтижесін дайындау үшін жолдайды;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы 9 (тоғыз) күнтізбелік күн ішінде көрсетілетін қызметті алушының деректері бойынша тегін тамақтандыруды ұсыну немесе стандарттың 10 тармағында көзделген жағдайлар және негіздер бойынша бас тарту туралы шешімді дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін ұсынады;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 20 (жиырма) минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесіне қол қойып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды;

      5) кеңсе қызметкері 30 (отыз) минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға береді.

      9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады

  "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша

"Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы




      Шартты белгілер: