РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі "Дене шынықтыру және спорт туралы" Заңына сәйкес, Маңғыстау облысының спортшыларының әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшері (бұдан әрі – Жабдықталым):
осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес, спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін Маңғыстау облысының спортшыларына, олардың жаттықтырушыларына;
осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес, спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын Маңғыстау облысының спортшыларына, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне бекітілсін.
2. "Маңғыстау облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Х.Х. Нұрғалиева) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес, Маңғыстау облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
4. "Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Б.Қ. Байжанов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын, Маңғыстау облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.Н. Сқақовқа жүктелсін.
6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Е. Тоғжанов |
"КЕЛІСІЛДІ"
"Маңғыстау облысының дене шынықтыру
және спорт басқармасы"
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Б.Қ. Байжанов
"6" қазан 2017 жыл
"Маңғыстау облысының экономика және
бюджеттік жоспарлау басқармасы"
мемлекеттік мекемесі басшысының
міндетін атқарушы
Х.Х. Нұрғалиева
"6" қазан 2017 жыл
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2017 жылғы "6" 10 | |
№ 229 қаулысына | |
1 қосымша |
Cпорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін Маңғыстау облысының спортшыларына, олардың жаттықтырушыларына ай сайынғы төленетін ақшалай жабдықталымның мөлшері
Лауазым атауы | Адам саны | Ай сайынғы төленетін ақшалай жабдықталымның мөлшері, АЕК |
"Маңғыстау бокс клубы" ЖШС | ||
спортшы | 26 | 100 |
жаттықтырушы | 6 | 100 |
жиыны: | 32 | |
Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының "Маңғыстау облыстық мүгедектік спорт клубы" КММ | ||
спортшы | 10 | 100 |
жаттықтырушы | 3 | 100 |
жиыны: | 13 | |
"Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" ММ-де | ||
спортшы | 23 | 100 |
жиыны: | 23 |
Ескерту:
"ЖШС" – "жауапкершілігі шектеулі серіктестігі";
"КММ" – "коммуналдық мемлекеттік мекемесі";
"ММ" – "мемлекеттік мекеме";
"АЕК" – "айлық есептік көрсеткіш".
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2017 жылғы "6" 10 | |
№ 229 қаулысына | |
2 қосымша |
Спорттың ойналатын түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамдарында қатысатын Маңғыстау облысының спортшыларына, олардың жаттықтырушыларына және клубтық командалардың жетекшілеріне ай сайынғы төленетін ақшалай жабдықталымның мөлшері
Лауазым атауы | Адам саны | Ай сайынғы төленетін ақшалай жабдықталымның мөлшері, АЕК |
"Каспий" кәсіптік баскетбол клубы" ЖШС | ||
спортшы | 10 | 70 |
жаттықтырушы | 2 | 70 |
жетекші | 1 | 70 |
жиыны: | 13 | |
"Каспий" кәсіптік волейбол клубы" ЖШС | ||
спортшы | 6 | 70 |
жаттықтырушы | 2 | 70 |
жетекші | 1 | 70 |
жиыны: | 9 |
Ескерту:
"ЖШС" – "жауапкершілігі шектеулі серіктестігі";
"АЕК" – "айлық есептік көрсеткіш".
Маңғыстау облысы әкімдігінің 2017 жылғы "6" 10 | |
№ 229 қаулысына | |
3 қосымша |
Маңғыстау облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі
1. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 290 "Маңғыстау облысының спортшыларына ай сайын ақшалай үлес төлеу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2546 болып тіркелген, 2014 жылғы 13 желтоқсандағы "Маңғыстау" газетінде жарияланған).
2. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 16 қазандағы № 316 "Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 290 "Маңғыстау облысының спортшыларына ай сайын ақшалай үлес төлеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2868 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).
3. Маңғыстау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 19 шілдедегі № 230 "Маңғыстау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 290 "Маңғыстау облысының спортшыларына ай сайын ақшалай үлес төлеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3136 болып тіркелген, 2016 жылғы 24 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).