"Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Қарағанды облысы әкімдігінің 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 85/07 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 19 қаңтарда № 4587 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" заңдарына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 1 шілдедегі № 279 "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15537 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды облысының әкімі Е. Қошанов

  Қарағанды облысы әкімдігінің
2017 жылғы "28" желтоқсандағы
№ 85/07 қаулысымен бекітілді

"Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.

      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны – қағаз түрінде.

      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – қаржы институтына/қаржы агенттігіне субсидияларды аудару, не Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 1 шілдедегі № 279 "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15537 болып тіркелді) бекітілген "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны – қағаз түрінде.

2 тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) әрекет ету тәртібін сипаттау

      4. Стандарттың 9-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушымен ұсынылған құжаттар мемелекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімдерді (іс-әрекеттерді) бастау үшін негіз болып табылады.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

      1) қаржы агентінің қатысуынсыз:

      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға бөлінген қаражатты аудару үшін берілген өтінімді (бұдан әрі – өтінім) тіркейді – 15 минут;

      көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны белгілейді – 1 сағат;

      көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы өтінімді қоса берілген құжаттармен бірге операторға береді – 1 сағат;

      оператор құжаттарды алғаннан кейін негізгі борыш пен сыйақы мөлшерлемесін өтеудің жаңартылған кестесінің дұрыс есептелгенін тексеруді жүзеге асырады, қорытынды жасайды және құжаттарды қарау үшін қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – комиссия) отырысына жолдайды – 10 жұмыс күні;

      комиссия келіп түскен құжаттарды қарайды – 1 сағат;

      оператор:

      комиссия мүшелерінің қолын жинайды – 4 жұмыс күні;

      хаттамаға қол қойылғаннан кейін комиссия отырысының хаттамасынан үзіндіні қаржы институттарына электронды пошта арқылы жолдайды, хаттамадан үзіндінің түпнұсқасын одан әрі Мемлекеттік корпорацияға ұсыну үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді – 1 жұмыс күні;

      көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы комиссия оң шешім қабылдаған жағдайда қаржы агентінің қатысуынсыз субсидиялау шартына тиісті өзгерістер енгізеді, теріс шешім қабылдаған жағдайда қолданыстағы қайта құрылымдалған немесе қайта қаржыландырылған кредиттік немесе лизингтік шарт өзгеріссіз қалады – 4 жұмыс күні;

      оператор қаржы институтымен жасалған қаржы агентінің қатысуынсыз субсидиялау шартына қол қояды – 5 жұмыс күні;

      көрсетілетін қызметті берушінің басшысы оператор мен қаржы институты қаржы агентінің қатысуынсыз субсидиялау шартына қол қойғаннан кейін шартқа қол қояды – 1 жұмыс күні;

      оператор сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға бөлінген қаражатты аудару үшін өтінімді көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды – 1 жұмыс күні;

      көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға бөлінген қаражатты аудару үшін өтінімнің негізінде қазынашылық органдарына төлемге тиісті шотты жолдайды – 1 жұмыс күні;

      2) қаржы агентінің қатысуымен:

      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және хатты тіркейді – 15 минут;

      көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны белгілейді – 1 сағат;

      көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы хатты қоса берілген құжаттармен бірге операторға береді – 1 сағат;

      оператор құжаттарды алғаннан кейін негізгі борыш пен сыйақы мөлшерлемесін өтеудің жаңартылған кестесінің дұрыс есептелгенін тексеруді жүзеге асырады, қорытынды жасайды және құжаттарды қарау үшін комиссия отырысына жолдайды – 10 жұмыс күні;

      комиссия келіп түскен құжаттарды қарайды – 1 сағат;

      оператор:

      комиссия мүшелерінің қолын жинайды – 4 жұмыс күні;

      хаттамаға қол қойылғаннан кейін комиссия отырысының хаттамасынан үзіндіні қаржы агентіне және қаржы институттарына электронды пошта арқылы жолдайды, хаттамадан үзіндінің түпнұсқасын одан әрі Мемлекеттік корпорацияға ұсыну үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді – 1 жұмыс күні;

      көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы комиссия оң шешім қабылдаған және қаржы агентінің келісім хаты болған жағдайда қаржы агентінің қатысуымен қаржылық сауықтыру үшін агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің кредиттік және лизингтік міндеттемелері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау шартына (бұдан әрі – қаржы агентін субсидиялау шарты) тиісті өзгерістер енгізеді, қаржы агентінің келісім хаты болмаған жағдайда, қаржы агентін субсидиялау шартын бұзады және қаржы агентінің қатысуынсыз субсидиялау шартын жасайды – 10 жұмыс күні;

      оператор қаржы агентімен жасалған қаржы агентінің субсидиялау шартына немесе қаржы институттарымен жасалған субсидиялау шартына қол қояды – 5 жұмыс күні;

      көрсетілетін қызметті берушінің басшысы оператор және қаржы агенті немесе қаржы институттары жоғарыда көрсетілген шарттарға қол қойғаннан кейін шартқа қол қояды – 2 жұмыс күні;

      оператор сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға бөлінген қаражатты аудару үшін өтінімді көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды – 1 жұмыс күні;

      көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға бөлінген қаражатты аудару үшін өтінімнің негізінде қазынашылық органдарына төлемге тиісті шотты жолдайды – 1 жұмыс күні.

      6. Төмендегі рәсімдерді (іс-әрекеттерді) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-әрекеттің) нәтижесі:

      1) қаржы агентінің қатысуынсыз:

      құжаттарды қабылдау және өтінімдерді тіркеу;

      жауапты орындаушыны белгілеу;

      операторға құжаттарды беру;

      есеп-қисаптың дұрыстығын тексеру, қорытынды, құжаттарды жолдау;

      құжаттарды қарау, хаттамаға қол қою;

      хаттамадан үзіндіні жолдау;

      қаржы агентінің қатысуынсыз субсидиялау шартына өзгерістер енгізу немесе оны өзгеріссіз қалдыру;

      қаржы агентінің қатысуынсыз субсидиялау шартына оператордың және қаржы институтының қолдарын қою;

      қаржы агентінің қатысуынсыз субсидиялау шартына көрсетілетін қызметті берушінің басшысының қолын қою;

      сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға бөлінген қаражатты аудару үшін берілген өтінімді жолдау;

      төлем шотын жолдау;

      2) қаржы агентінің қатысуымен:

      құжаттарды қабылдау және хатты тіркеу;

      жауапты орындаушыны белгілеу;

      операторға құжаттарды беру;

      есеп-қисаптың дұрыстығын тексеру, қорытынды, құжаттарды жолдау;

      құжаттарды қарау, хаттамаға қол қою;

      хаттамадан үзіндіні жолдау;

      қаржы агентінің субсидиялау шартына өзгерістер енгізу немесе қаржы агентінің қатысуымен субсидиялау шартын жасау;

      қаржы агентінің субсидиялау шартына оператордың және қаржы агентінің немесе қаржы агентінің қатысуымен субсидиялау шартына оператордың және қаржы институттарының қолдарын қою;

      қаржы агентінің субсидиялау шартына көрсетілетін қызметті берушінің басшысының қолын қою;

      сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға бөлінген қаражатты аудару үшін берілген өтінімді жолдау;

      төлем шотын жолдау.

3 тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлердің) өзара әрекет ету тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) тізбесі:

      қаржы агентінің қатысуынсыз және қаржы агентінің қатысуымен:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;

      4) оператор;

      5) комиссия.

      8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің сипаттау:

      1) қаржы агентінің қатысуынсыз:

      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға бөлінген қаражатты аудару үшін берілген өтінімді (бұдан әрі – өтінім) тіркейді – 15 минут;

      көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны белгілейді – 1 сағат;

      көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы өтінімді қоса берілген құжаттармен бірге операторға береді – 1 сағат;

      оператор құжаттарды алғаннан кейін негізгі борыш пен сыйақы мөлшерлемесін өтеудің жаңартылған кестесінің дұрыс есептелгенін тексеруді жүзеге асырады, қорытынды жасайды және құжаттарды қарау үшін қаржылық сауықтыру жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – комиссия) отырысына жолдайды – 10 жұмыс күні;

      комиссия келіп түскен құжаттарды қарайды – 1 сағат;

      оператор:

      комиссия мүшелерінің қолын жинайды – 4 жұмыс күні;

      хаттамаға қол қойылғаннан кейін комиссия отырысының хаттамасынан үзіндіні қаржы институттарына электронды пошта арқылы жолдайды, хаттамадан үзіндінің түпнұсқасын одан әрі Мемлекеттік корпорацияға ұсыну үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді – 1 жұмыс күні;

      көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы комиссия оң шешім қабылдаған жағдайда қаржы агентінің қатысуынсыз субсидиялау шартына тиісті өзгерістер енгізеді, теріс шешім қабылдаған жағдайда қолданыстағы қайта құрылымдалған немесе қайта қаржыландырылған кредиттік немесе лизингтік шарт өзгеріссіз қалады – 4 жұмыс күні;

      оператор қаржы институтымен жасалған қаржы агентінің қатысуынсыз субсидиялау шартына қол қояды – 5 жұмыс күні;

      көрсетілетін қызметті берушінің басшысы оператор мен қаржы институты қаржы агентінің қатысуынсыз субсидиялау шартына қол қойғаннан кейін шартқа қол қояды – 1 жұмыс күні;

      оператор сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға бөлінген қаражатты аудару үшін өтінімді көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды – 1 жұмыс күні;

      көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға бөлінген қаражатты аудару үшін өтінімнің негізінде қазынашылық органдарына төлемге тиісті шотты жолдайды – 1 жұмыс күні;

      2) қаржы агентінің қатысуымен:

      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады және хатты тіркейді – 15 минут;

      көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны белгілейді – 1 сағат;

      көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы хатты қоса берілген құжаттармен бірге операторға береді – 1 сағат;

      оператор құжаттарды алғаннан кейін негізгі борыш пен сыйақы мөлшерлемесін өтеудің жаңартылған кестесінің дұрыс есептелгенін тексеруді жүзеге асырады, қорытынды жасайды және құжаттарды қарау үшін комиссия отырысына жолдайды – 10 жұмыс күні;

      комиссия келіп түскен құжаттарды қарайды – 1 сағат;

      оператор:

      комиссия мүшелерінің қолын жинайды – 4 жұмыс күні;

      хаттамаға қол қойылғаннан кейін комиссия отырысының хаттамасынан үзіндіні қаржы агентіне және қаржы институттарына электронды пошта арқылы жолдайды, хаттамадан үзіндінің түпнұсқасын одан әрі Мемлекеттік корпорацияға ұсыну үшін көрсетілетін қызметті берушіге береді – 1 жұмыс күні;

      көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы комиссия оң шешім қабылдаған және қаржы агентінің келісім хаты болған жағдайда қаржы агентінің қатысуымен қаржылық сауықтыру үшін агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің кредиттік және лизингтік міндеттемелері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау шартына (бұдан әрі – қаржы агентін субсидиялау шарты) тиісті өзгерістер енгізеді, қаржы агентінің келісім хаты болмаған жағдайда, қаржы агентін субсидиялау шартын бұзады және қаржы агентінің қатысуынсыз субсидиялау шартын жасайды – 10 жұмыс күні;

      оператор қаржы агентімен жасалған қаржы агентінің субсидиялау шартына немесе қаржы институттарымен жасалған субсидиялау шартына қол қояды – 5 жұмыс күні;

      көрсетілетін қызметті берушінің басшысы оператор және қаржы агенті немесе қаржы институттары жоғарыда көрсетілген шарттарға қол қойғаннан кейін шартқа қол қояды – 2 жұмыс күні;

      оператор сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға бөлінген қаражатты аудару үшін өтінімді көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды – 1 жұмыс күні;

      көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға бөлінген қаражатты аудару үшін өтінімнің негізінде қазынашылық органдарына төлемге тиісті шотты жолдайды – 1 жұмыс күні.

4 тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) басқа да көрсетілетін қызметті берушімен өзара әрекет ету тәртібінің сипаттамасы

      9. Мемлекеттік корпорацияға жүгіну тәртібінің сипаттамасы, көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеу ұзақтығы:

      1-процесс – Мемлекеттік корпорацияның қызметкері ұсынылған құжаттарды тексереді, көрсетілетін қызметті берушінің өтінішін қабылдайды және тіркейді, құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді;

      1-шарт – көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды қабылдаудан бас тартады және құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді;

      2-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің осы Регламенттің 5-тармағында қарастырылған рәсімдері (әрекеттері);

      3-процесс – Мемлекеттік корпорация қызметкері тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхаттың негізінде көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды береді.

      Мемлекеттік корпорацияға жүгінген жағдайда, құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

      Құжаттар топтамасын беру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.

      Қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.

      Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) мыналарды қамтитын құжаттар топтамасымен бірге өтінімді бір данада Мемлекеттік корпорацияға ұсынады:

      қаржыландыру талабының өзгеруі жөніндегі қабылданған шешімнің көшірмесі;

      негізгі борыш пен сыйақы мөлшерлемесін өтеудің жаңартылған кестесі.

      Көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі, осының негізінде көрсетілетін қызметті алушы (не болмаса нотариалды сенімхат бойынша оның өкілі) жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған жағдайда дайын құжаттарды беру жүзеге асырылады.

      10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) рәсімдерінің (әрекеттерінің) кезеңділігінің, сондай-ақ өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен және (немесе) Мемлекеттік корпорациямен өзара әрекет ету тәртібінің толық сипаттамасы осы регламенттің 1-ші, 2-ші қосымшаларына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

  "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін
қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт
шеңберінде кредиттік және лизингтік
міндеттемелер бойынша пайыздық
мөлшерлемені субсидиялау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне 1- қосымша

Мемлекеттік қызметті қаржы агентінің қатысуынсыз көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

     


  "Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін
қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт
шеңберінде кредиттік және лизингтік
міндеттемелер бойынша пайыздық
мөлшерлемені субсидиялау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша

Мемлекеттік қызметті қаржы агентінің қатысуымен көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы