"Ауыл шаруашылығы малын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Қарағанды облысы әкімдігінің 2017 жылғы 28 қарашадағы № 76/02 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 13 желтоқсанда № 4479 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы", 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" заңдарына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 8 маусымдағы № 229 "Ауыл шаруашылығы малын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15374 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Ауыл шаруашылығы малын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Е. Қошанов

  Қарағанды облысы әкімдігінің
2017 жылғы "28" қарашадағы
№ 76/02 қаулысымен бекітілді

"Ауыл шаруашылығы малын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1-тарау. Жалпы ережелер

      1."Ауыл шаруашылығы малын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

      Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – мемлекеттік корпорация) жүзеге асырады.

      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – жұмыс органы тиісті төлем шоттарды қазынашылық органдарына жібергені туралы жазбаша хабарлама, не Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 8 маусымдағы № 229 "Ауыл шаруашылығы малын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15374 болып тіркелген) "Ауыл шаруашылығы малын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Стандарттың 9-тармағында көрсетілетін белгіленген нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушымен (не оның сенімхат арқылы өкілі) өтінішті беру мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылдар) бастауға негіздеме болып табылады.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінішті және құжаттарды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады - 15 (он бес) минут. Нәтижесі - қабылдаған күні және уақыты, құжаттарды қабылдаған жауапты адамның тегі, аты және әкесінің аты көрсетіле отырып, өтініштің көшірмесіне тіркелгендігі туралы белгі қою және қызметті берушінің басшысына құжаттарды ұсыну;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттармен танысады және құжаттарды жауапты маманға жібереді – 15 (он бес) минут. Нәтижесі – құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманға жіберу;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы өтінімді тіркеген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды стандарттың 9-тармағына сәйкестігіне тексереді, комиссия отырысын ұйымдастырады. Нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушының тексерілген құжаттарды комиссия отырысына ұсыну;

      Комиссия отырысын өткізгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күн ішінде комиссия отырысы хаттамасынан үзінді-көшірменің түпнұсқасын қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін мемлекеттік корпорацияға комиссия шешімі туралы хат жолдайды. Нәтижесі – комиссия шешімі туралы хатты мемлекеттік корпорацияға ұсыну;

      4) комиссия өтініштерді мақұлдау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті беруші мен қызметті алушы арасында субсидиялау шарты жасалады. Нәтижесі – субсидиялау шартын жасау;

      5) көрсетілетін қызметті алушы субсидиялау шартына қол қойылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге субсидиялау шартына субсидиялауға бюджеттен қаражат аударуға арналған өтінімді жолдайды. Нәтижесі – өтінімді көрсетілетін қызметті берушіге ұсыну;

      6) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 3 (үш) жұмыс күні ішінде аударуға арналған өтінім сомасының субсидиялау кестесіне және субсидияларды нақты пайдалану туралы есебіне сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады. Нәтижесі – тексерілген өтінім сомасы.

      Аударуға арналған өтінімді тексергеннен кейін 1 (бір) жұмыс күн ішінде тиісті төлем шоттарын қазынашылық органдарына жолдайды және мемлекеттік корпорацияны жазбаша хабарлайды. Нәтижесі - тиісті төлем шоттарды қазынашылық органдарына жібергені туралы жазбаша хабарлама.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын көрсетілетін қызмет берушінің, құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.

      7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдың) реттілігінің сипаттамасы:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері өтінішті және құжаттарды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады - 15 (он бес) минут;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттармен танысады және құжаттарды жауапты маманға жібереді – 15 (он бес) минут;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы өтінішті тіркеген күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды стандарттың 9-тармағына сәйкестігіне тексереді, комиссия отырысын ұйымдастырады;

      Комиссия отырысын өткізгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күн ішінде комиссия отырысы хаттамасынан үзінді-көшірменің түпнұсқасын қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін мемлекеттік корпорацияға комиссия шешімі туралы хат жолдайды;

      4) комиссия өтініштерді мақұлдау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті беруші мен қызметті алушы арасында субсидиялау шарты жасалады;

      5) көрсетілетін қызметті алушы субсидиялау шартына қол қойылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге субсидиялау шартына субсидиялауға бюджеттен қаражат аударуға арналған өтінімді жолдайды;

      6) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 3 (үш) жұмыс күні ішінде аударуға арналған өтінім сомасының қарыз алушыларды субсидиялау кестесіне және субсидияларды нақты пайдалану туралы есебіне сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады.

      Аударуға арналған өтінімді тексергеннен кейін 1 (бір) жұмыс күн ішінде тиісті төлем шоттарын қазынашылық органдарына жолдайды және мемлекеттік корпорацияны жазбаша хабарлайды.

      8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының осы Регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. 

4-тарау. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      9. Әрбір рәсімді (іс-қимылды) көрсете отырып, мемлекеттік корпорацияға жүгіну тәртібін сипаттау:

      1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік корпорацияның қызметкеріне қажетті құжаттарды және өтінішті тапсырады, ол "электрондық кезек" ретімен "кедергісіз" қызмет көрсету арқылы операциялық залда жүзеге асырылады;

      2) 1-процесс – қызмет көрсету үшін мемлекеттік корпорация қызметкері Ықпалдастырылған ақпараттық жүйесінің Автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – МК ЫАЖ АЖО) логин мен парольді енгізуі (авторизациялау процесі);

      3) 2-процесс – мемлекеттік корпорация қызметкерінің қызметті таңдауы, экранға мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау нысанын шығаруы және мемлекеттік корпорация қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушының деректерін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенімхаты бойынша (нотариалды түрде куәландырылған сенім хат болған жағдайда) деректерін енгізуі;

      4) 3-процесс – электрондық үкімет шлюзі (бұдан әрі – ЭҮШ) арқылы жеке тұлғалар мемлекеттік деректер қорына (бұдан әрі – ЖТ МДҚ) көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы, сондай-ақ Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйеге (бұдан әрі – БНАЖ) – көрсетілетін қызметті алушы өкілінің сенімхат деректері туралы сұрауды жіберу;

      5) 1-шарт – көрсетілетін қызметті алушы деректерінің (жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН/БСН) - ЖТ МДҚ-да және сенімхат деректерінің БНАЖ-да бар болуын тексеру;

      6) 4-процесс – ЖТ МДҚ-да (ЖСН/БСН) көрсетілетін қызметті алушы деректерінің және БНАЖ-да сенім хат деректерінің болмауына байланысты деректерді алу мүмкін болмауы туралы хабарламаны қалыптастыру;

      7) 5-процесс–ЭҮШ арқылы өңірлік электрондық үкімет шлюзінің автоматтандырылған жұмыс орнына (бұдан әрі – ӨЭҮШ АЖО) мемлекеттік корпорация қызметкері электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі–ЭЦҚ) куәландырылған (қол қойылған) электрондық құжаттарды (көрсетілетін қызметті алушының сұрауын) жіберу.

  "Ауыл шаруашылығы малын, техниканы
және технологиялық жабдықты сатып алуға
кредит беру, сондай-ақ лизинг кезінде сыйақы
мөлшерлемелерін субсидиялау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы