Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы

Қарағанды облысы әкімдігінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 68/04 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 15 қарашада № 4440 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңдарының, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" № 387 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15398 болып тіркелген) сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттері бекітілсін:

      1) "Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті – 1 қосымшаға сәйкес;

      2) "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті – 2 қосымшаға сәйкес.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Е. Қошанов

  Қарағанды облысы әкімдігінің
2017 жылғы "31" қазан
№ 68/04 қаулысына 1 қосымша

"Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру немесе "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 387 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15398 болып тіркелген) бекітілген "Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) 10-тармағында қарастырылған негіздер мен жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының стандарттың 9-тармағына сәйкес қажетті құжаттарды ұсынуы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіз болып табылады.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:

      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап құжаттарды қабылдайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді – ұзақтығы 15 (он бес) минут;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарастырып, облыстың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшелеріне құзыреттері шегінде – 1 (бір) сағат ішінде орындау үшін жолдайды;

      3) құрылымдық бөлімше басшысы құжаттарды қарастырады және жауапты орындаушыны анықтап – 1 (бір) сағат ішінде орындауға жолдайды;

      4) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 9-тармағына сәйкес қажетті құжаттарды толық көлемде ұсынбаған, не (немесе) әрекет ету мерзімі аяқталған құжаттарды ұсынған жағдайда:

      құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушы өтінішті одан әрі қарастырудан дәлелді бас тарту туралы жауап (бұдан әрі – бас тарту туралы жауап) дайындайды – 10 (он) жұмыс күні ішінде;

      құрылымдық бөлімше басшысы бас тарту туралы жауапты келісімдейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдайды – 1 (бір) сағат ішінде;

      көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бас тарту туралы жауапқа қол қояды – 1 (бір) сағат ішінде;

      көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қойған бас тарту туралы жауапты тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға – 15 (он бес) минуттың ішінде береді.

      5) құжаттар стандарттың 9-тармағында қарастырылған талаптарға сәйкес болған жағдайда:

      құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысы үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсатты (бұдан әрі-рұқсат) дайындайды – 10 (он) жұмыс күні ішінде;

      6) құрылымдық бөлімше басшысы рұқсатты келісімдейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдайды – 1 (бір) сағат ішінде;

      7) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы рұқсатқа қол қояды және қол қойылған күні кеңсеге жолдайды – 1 (бір) сағат ішінде;

      8) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қойған рұқсатты тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға – 15 (он бес) минуттың ішінде береді.

      6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіздеме болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі:

      1) тіркелген құжаттар;

      2) басшының бұрыштамасы;

      3) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің дайын нәтижесі;

      4) көрсетілетін қызметтің келісілген нәтижесі;

      5) көрсетілетін қызметтің қол қойылған нәтижесі;

      6) рұқсатты беру.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара

іс-қимыл тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) тізбесі:

      көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

      3) құрылымдық бөлімше басшысы;

      4) құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысы.

      8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер арасындағы өзара әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) реттілігін сипаттау:

      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап құжаттарды қабылдайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді – ұзақтығы 15 (он бес) минут;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарастырып, жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшелеріне құзыреттері шегінде – 1 (бір) сағат ішінде орындау үшін жолдайды;

      3) құрылымдық бөлімше басшысы құжаттарды қарастырады және жауапты орындаушыны анықтап – 1 (бір) сағат ішінде орындауға жолдайды;

      4) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 9-тармағына сәйкес қажетті құжаттарды толық көлемде ұсынбаған, не (немесе) әрекет ету мерзімі аяқталған құжаттарды ұсынған жағдайда:

      құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушы бас тарту туралы жауап дайындайды – 10 (он) жұмыс күні ішінде;

      құрылымдық бөлімше басшысы бас тарту туралы жауапты келісімдейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдайды – 1 (бір) сағат ішінде;

      көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бас тарту туралы жауапқа қол қояды – 1 (бір) сағат ішінде;

      көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қойған бас тарту туралы жауапты тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға – 15 (он бес) минуттың ішінде береді.

      5) құжаттар стандарттың 9-тармағында қарастырылған талаптарға сәйкес болған жағдайда:

      құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысы рұқсат дайындайды – 10 (он) жұмыс күні ішінде;

      6) құрылымдық бөлімше басшысы рұқсатты келісімдейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдайды – 1 (бір) сағат ішінде;

      7) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы рұқсатқа қол қояды және қол қойылған күні кеңсеге жолдайды – 1 (бір) сағат ішінде;

      8) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қойған рұқсатты тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға – 15 (он бес) минуттың ішінде береді.

      9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібі мен өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау осы регламенттің қосымшасында берілген мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында егжей-тегжейлі сипатталған. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.

4-тарау. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      10. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы не (немесе) басқа да қызмет көрсетушілер арқылы көрсету қарастырылмаған.

      11. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағаз түрінде көрсетілетін болғандықтан ақпараттық жүйелер қолданылмайды.

  "Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша

"Үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсат беру" мемлекеттік қызметін көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы


     


  Қарағанды облысы әкімдігінің
2017 жылғы "31" қазан
№ 68/04 қаулысына 2 қосымша

"Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) облыстардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді беру немесе "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 387 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15398 болып тіркелген) бекітілген "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) 10-тармағында қарастырылған негіздер мен жағдайларда мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының стандарттың 9-тармағына сәйкес қажетті құжаттарды ұсынуы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіз болып табылады.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:

      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап құжаттарды қабылдайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді – ұзақтығы 15 (он бес) минут;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарастырып, облыстың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшелеріне құзыреттері шегінде – 1 (бір) сағат ішінде орындау үшін жолдайды;

      3) құрылымдық бөлімше басшысы құжаттарды қарастырады және жауапты орындаушыны анықтап – 1 (бір) сағат ішінде орындауға жолдайды;

      4) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 9-тармағына сәйкес қажетті құжаттарды толық көлемде ұсынбаған, не (немесе) әрекет ету мерзімі аяқталған құжаттарды ұсынған жағдайда:

      құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушы өтінішті одан әрі қарастырудан дәлелді бас тарту туралы жауап (бұдан әрі – бас тарту туралы жауап) дайындайды – 6 (алты) жұмыс күні ішінде;

      құрылымдық бөлімше басшысы бас тарту туралы жауапты келісімдейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдайды – 1 (бір) сағат ішінде;

      көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бас тарту туралы жауапқа қол қояды – 1 (бір) сағат ішінде;

      көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қойған бас тарту туралы жауапты тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға – 15 (он бес) минуттың ішінде береді.

      5) құжаттар стандарттың 9-тармағында қарастырылған талаптарға сәйкес болған жағдайда:

      құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысы шартты(-тарды)/шартқа өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізу туралы қосымша келісімді есепке қою туралы/шартты есептен шығару туралы үзінді (бұдан әрі-үзінді) дайындайды – 6 (алты) жұмыс күні ішінде;

      6) құрылымдық бөлімше басшысы үзіндіні келісімдейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдайды – 1 (бір) сағат ішінде;

      7) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы үзіндіге қол қояды және қол қойылған күні кеңсеге жолдайды – 1 (бір) сағат ішінде;

      8) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қойған үзіндіні тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға – 15 (он бес) минуттың ішінде береді.

      6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіздеме болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі:

      1) тіркелген құжаттар;

      2) басшының бұрыштамасы;

      3) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің дайын нәтижесі;

      4) көрсетілетін қызметтің келісілген нәтижесі;

      5) көрсетілетін қызметтің қол қойылған нәтижесі;

      6) үзіндіні беру.

3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлердің) тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

      3) құрылымдық бөлімше басшысы;

      4) құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысы.

      8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер арасындағы өзара әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) реттілігін сипаттау:

      1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап құжаттарды қабылдайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына береді – ұзақтығы 15 (он бес) минут;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттарды қарастырып, құрылымдық бөлімшеге құзыреттері шегінде – 1 (бір) сағат ішінде орындау үшін жолдайды;

      3) құрылымдық бөлімше басшысы құжаттарды қарастырады және жауапты орындаушыны анықтап – 1 (бір) сағат ішінде орындауға жолдайды;

      4) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 9-тармағына сәйкес қажетті құжаттарды толық көлемде ұсынбаған, не (немесе) әрекет ету мерзімі аяқталған құжаттарды ұсынған жағдайда:

      құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушы бас тарту туралы жауап дайындайды – 6 (алты) жұмыс күні ішінде;

      құрылымдық бөлімше басшысы бас тарту туралы жауапты келісімдейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдайды – 1 (бір) сағат ішінде;

      көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бас тарту туралы жауапқа қол қояды – 1 (бір) сағат ішінде;

      көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қойған бас тарту туралы жауапты тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға – 15 (он бес) минуттың ішінде береді.

      5) құжаттар стандарттың 9-тармағында қарастырылған талаптарға сәйкес болған жағдайда:

      құрылымдық бөлімшенің жауапты орындаушысы үзінді дайындайды – 6 (алты) жұмыс күні ішінде;

      6) құрылымдық бөлімше басшысы үзіндіні келісімдейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдайды – 1 (бір) сағат ішінде;

      7) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы үзіндіге қол қояды және қол қойылған күні кеңсеге жолдайды – 1 (бір) сағат ішінде;

      8) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қойған үзіндіні тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға – 15 (он бес) минуттың ішінде береді.

      9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібі мен өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау осы регламенттің қосымшасында берілген мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында егжей-тегжейлі сипатталған. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.

4-тарау. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      10. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясы не (немесе) басқа да қызмет көрсетушілер арқылы көрсету қарастырылмаған.

      11. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағаз түрінде көрсетілетін болғандықтан ақпараттық жүйелер қолданылмайды.

  "Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша

"Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың есептік жазбасы туралы үзінді беру" мемлекеттік қызметін көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы