"Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Қарағанды облысы әкімдігінің 2017 жылғы 21 шілдедегі № 45/03 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 23 тамызда № 4341 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына, "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына, "Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 10 наурыздағы № 115 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15136 болып тіркелген) сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды облысының әкімі Е. Қошанов

  Қарағанды облысы әкімдігінің
2017 жылғы "21" шілдедегі
№ 45/03 қаулысымен бекітілген

"Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) облыстың жергілікті атқарушы органымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

       Мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтінімді қабылдау және нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем шоттарының тізілімін ұсыну немесе Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 10 наурыздағы № 115 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15136 болып тіркелген) "Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 10-тармағында көзделген негіздер бойынша дәлелді бас тарту.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттың 9-тармағында көрсетілетін белгіленген нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушымен (не оның сенімхат арқылы өкілі) өтінімді беру мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылдар) бастауға негіздеме болып табылады.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

      1) тексеру одағы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының ауыл шаруашылығы бөліміне (бұдан әрі – бөлім) немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың басқармасына (бұдан әрі – басқарма) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 1-1/1069 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12677 болып тіркелген) "Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы" қағидалардың (бұдан әрі - қағидалар) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім береді. Нәтижесі - қабылдаған күні және уақыты көрсетіле отырып, өтінімнің көшірмесіне тіркелгендігі туралы белгі қою;

      2) бөлім немесе басқарма тексеру одағы өтінім берген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күн ішінде оның қағидалардың 5-тармағында көрсетілген шарттарға сәйкестігін тексереді. Шарттарға сәйкес болған жағдайда субсидиялар төлеу туралы, ал сәйкессіздік жағдайында субсидиялар төлеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды. Нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушының тексерілген өтінім;

      3) субсидиялар төлеу туралы шешім қабылданған күннен бастап – бөлім немесе басқарма 1 (бір) жұмыс күні ішінде аумақтық қазынашылық бөлімшесіне тексеру одағының шотына субсидияларды аудару үшін төлем құжаттарын ұсынады, субсидияларды төлеуден бас тартқан жағдайда тексеру одағын субсидиялар бермеу себептерін көрсете отырып, жазбаша хабардар етеді. Нәтижесі – қазынашылықтың аумақтық бөліміне ақы төлеуге төлем құжаттарын беру.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын көрсетілетін қызмет берушінің, құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) бөлім;

      3) басқарма.

      7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдың) реттілігінің сипаттамасы:

      1) тексеру одағы ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының ауыл шаруашылығы бөліміне немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың басқармасына қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінім береді;

      2) бөлім немесе басқарма тексеру одағы өтінім берген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күн ішінде оның қағидалардың 5-тармағында көрсетілген шарттарға сәйкестігін тексереді. Шарттарға сәйкес болған жағдайда субсидиялар төлеу туралы, ал сәйкессіздік жағдайында субсидиялар төлеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды;

      3) субсидиялар төлеу туралы шешім қабылданған күннен бастап – бөлім немесе басқарма 1 (бір) жұмыс күні ішінде аумақтық қазынашылық бөлімшесіне тексеру одағының шотына субсидияларды аудару үшін төлем құжаттарын ұсынады, субсидияларды төлеуден бас тартқан жағдайда тексеру одағын субсидиялар бермеу себептерін көрсете отырып, жазбаша хабардар етеді.

      8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының осы Регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі. 

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау

      9. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы және "электрондық үкімет" веб - портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетілмейді. 

  "Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің
тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы
кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге
арналған шығындарын субсидиялау" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы