Жануарлар дүниесі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы

Жамбыл облысы әкімдігінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 254 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2017 жылғы 14 желтоқсанда № 3630 болып тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) "Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде шешімдер қабылдауы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;

      2) "Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенті бекітілсін.

      2. "Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      3. "Жануарлар дүниесі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 шілдедегі № 166 қаулысының (Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 2738 болып тiркелген, 2015 жылдағы 15 қыркүйекте "Ақ жол" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М.Мұсаевқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі К. Көкрекбаев

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2017 жылғы 27 қарашадағы
№ 254 қаулысымен бекітілген

"Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде шешімдер қабылдауы" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде шешімдер қабылдауы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Жануарлар дүниесі саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 18-03/390 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11774 болып тіркелген) бекітілген "Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде шешімдер қабылдауы" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына (бұдан әрі – стандарт) сәйкес "Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесімен Тараз қаласының және аудандарың жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

      Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.

      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – облыс әкімдігінің жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөніндегі қаулысы (бұдан әрі – қаулы).

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетудің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс–қимылдар) бастауға негіздемесі стандарттың 9 – тармағында көрсетілген өтінішті және құжаттар топтамасын ұсыну болып табылады.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:

      1) қызмет берушінің кеңсе маманы түскен өтінішті кіріс құжаттардың журналына тіркейді, қызмет алушыға құжаттардың қабылданғаны туралы талон береді және өтінішті қызмет беруші басшысының қарауына жолдайды, 15 (он бес) минут ішінде;

      2) қызмет берушінің басшысы өтінішті қарайды және басшы орынбасарының қарауына бұрыштама қояды, 2 (екі) сағаттың ішінде;

      3) қызмет берушінің басшысының орынбасары өтінішті қарайды және бөлім басшысының қарауына бұрыштама қояды, 2 (екі) сағаттың ішінде;

      4) бөлім басшысы өтінішті қарайды және бөлім маманына орындау үшін бұрыштама қояды, 30 (отыз) минуттың ішінде;

      5) бөлім маманы ұсынылған құжаттар топтамасының толықтығын тексереді, қаулы жобасын әзірлейді немесе стандарттың 9-1 тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартқан жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту жөніндегі хаттың жобасын әзірлейді және бөлім басшысына жолдайды, 2 (екі) жұмыс күннің ішінде;

      6) бөлім басшысы қаулының жобасын немесе стандарттың 9-1 тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартқан жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуден бас тарту жөніндегі хаттың жобасын тексеріп, қол қояды және оларды қызмет берушінің басшысына жолдайды, 3 (үш) сағаттың ішінде;

      7) қызмет берушінің басшысы қаулының жобасын Жамбыл облысы әкімдігіне қабылдау үшін жолдау хатына немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту жөніндегі хаттына қол қояды, 2 (екі) сағаттың ішінде;

      8) бөлім маманы "Жамбыл облысы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кеңсесіне қаулының жобасын ұсынады немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту жөніндегі хатты тіркеуге өткізеді, 2 (екі) сағаттың ішінде;

      9) қызмет беруші кеңсесінің маманы бекітілген қаулының көшірмесін немесе тіркелген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту жөніндегі хатын қызмет алушыға береді, 30 (отыз) минут ішінде.

      6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдың) нәтижелері:

      1) қызмет берушінің кеңсесінде қызмет алушының өтінішін тіркеу;

      2) қызмет берушінің басшысы бұрыштамасын қою;

      3) қызмет берушінің басшысының орынбасары бұрыштамасын қою;

      4) бөлім басшысы бұрыштамасын қою;

      5) бөлім маманының қаулы жобасын әзірлеуі немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту жөніндегі хаттың жобасын әзірлеуі;

      6) қаулының жобасына немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту жөніндегі хаттың жобасына бөлім басшысының қолын қоюы;

      7) қаулының жобасын Жамбыл облысы әкімдігіне қабылдау үшін жолдау хатына немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту жөніндегі хатына қызметті беруші басшысының қолын қоюы;

      8) бөлім маманымен қаулы жобасын әкім аппараты кеңсесіне ұсынуы немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қызмет көрсетуден бас тарту жөніндегі хатын тіркеу;

      9) қызмет беруші кеңсесінің маманымен бекітілген қаулының көшірмесін немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту жөніндегі хатын қызмет алушыға беру.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын қызметті берушінің құрылымдық бөлімдерінің (қызметкерлердің) тізбесі:

      1) қызмет берушінің кеңсе маманы;

      2) қызмет берушінің басшысы;

      3) қызмет берушінің басшысының орынбасары;

      4) бөлім басшысы;

      5) бөлім маманы.

      8. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдердің (іс-әрекеттердің) реттілігін әрбір рәсімдердің (іс-әрекеттердің) ұзақтылығын көрсете отырып сипаттау:

      1) қызмет берушінің кеңсе маманы түскен өтінішті кіріс құжаттардың журналына тіркейді, қызмет алушыға құжаттардың қабылданғаны туралы талон береді және қызметті берушінің басшысының қарауына жолдайды, 15 (он бес) минут ішінде;

      2) қызмет берушінің басшысы өтінішті қарайды және басшы орынбасарының қарауына бұрыштама қояды, 2 (екі) сағаттың ішінде;

      3) қызмет берушінің басшысының орынбасары өтінішті қарайды және бөлім басшысының қарауына бұрыштама қояды, 2 (екі) сағат ішінде;

      4) бөлім басшысы өтінішті қарайды және бөлім маманына орындау үшін бұрыштама қояды, 30 (отыз) минуттың ішінде;

      5) бөлім маманы ұсынылған құжаттар топтамасының толықтығын тексереді, қаулы жобасын әзірлейді немесе стандарттың 9-1 тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартқан жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту жөніндегі хаттың жобасын әзірлейді және бөлім басшысына жолдайды, 2 (екі) жұмыс күннің ішінде;

      6) бөлім басшысы қаулының жобасын немесе стандарттың 9-1 тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартқан жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетуден бас тарту жөніндегі хаттың жобасын тексеріп, қол қояды және оларды қызмет берушінің басшысына жолдайды, 3 (үш) сағаттың ішінде;

      7) қызмет берушінің басшысы қаулының жобасын Жамбыл облысы әкімдігіне қабылдау үшін жолдау хатына немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту жөніндегі хатына қол қояды, 2 (екі) сағаттың ішінде;

      8) бөлім маманы "Жамбыл облысы әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің кеңсесіне қаулының жобасын ұсынады немесе қызметті берушінің кеңсесіне мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту жөніндегі хатты тіркеуге өткізеді, 2 (екі) сағаттың ішінде;

      9) қызмет беруші кеңсесінің маманы бекітілген қаулының көшірмесін немесе тіркелген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту жөніндегі хатын қызмет алушыға береді, 30 (отыз) минут ішінде.

      9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы, құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

      Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы "Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында (htpps://tbr.zhambyl.gov.kz) және Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында (htpps://www.zhambyl.gov.kz) орналастырылады.

  "Облыстың жергілікті атқарушы
органдарының жануарлар
дүниесін пайдаланушыларға
аңшылық алқаптар мен балық
шаруашылығы су айдындарын
және (немесе) учаскелерін
бекітіп беру мен аңшылық және
балық шаруашылықтарының
қажеттіліктері үшін
сервитуттарды белгілеу жөнінде
шешімдер қабылдауы"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне қосымша

"Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде шешімдер қабылдауы" мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы

     


Шартты белгілері:

     


  Жамбыл облысы әкімдігінің
2017 жылғы 27 қарашадағы
№254 қаулысымен бекітілген

"Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. "Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) екі және одан көп облыстың аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттеу үшін аулауды қоспағанда "Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) "Жануарлар дүниесі саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 18-03/390 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11774 болып тіркелген) бекітілген "Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру" стандартына сәйкес көрсетеді (бұдан әрі - стандарт).

      Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) www.e.gov.kz, www.elicense.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүзеге асырылады (бұдан әрі - портал).

      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылдар) бастауға негіздемесі стандарттың 9 – тармағында көрсетілген өтінімді және құжаттар топтамасын ұсыну болып табылады.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:

      1) қызмет берушінің кеңсе маманы түскен өтінімді кіріс құжаттардың журналына тіркейді, қызмет алушыға құжаттардың қабылданғаны туралы талон береді және қызмет берушінің басшысының қарауына жоладайды, 15 (он бес) минут ішінде;

      2) қызмет берушінің басшысы өтінімді қарайды және басшы орынбасарының қарауына бұрыштама қояды, 2 (екі) сағаттың ішінде;

      3) қызмет берушінің басшы орынбасары өтінімді қарайды және бөлім басшысының қарауына бұрыштама қояды, 2 (екі) сағаттың ішінде;

      4) бөлім басшысы өтінімді қарайды және бөлім маманына орындау үшін бұрыштама қояды, 30 (отыз) минуттың ішінде;

      5) бөлім маманы ұсынылған құжаттар топтамасының толықтығын қарайды, стандарттың 10 тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабын әзірлейді және бөлім басшысына тексеруге жолдайды, 2 (екі) жұмыс күннің ішінде. Рұқсатты рәсімдейді және бөлім басшысына тексеруге жолдайды, 1 (бір) жұмыс күннің ішінде;

      6) бөлім басшысы рұқсатты немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабын тексереді және басшы орынбасарына жолдайды, 30 (отыз) минуттың ішінде;

      7) қызмет берушінің басшы орынбасары рұқсатты немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабын тексереді және қызмет берушінің басшысына жолдайды, 3 (үш) сағаттың ішінде;

      8) қызмет берушінің басшысы рұқсатқа немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабына қол қояды және кеңсеге тіркеуге жолдайды, 3 (үш) сағаттың ішінде;

      9) қызмет беруші кеңсесінің маманы рұқсатты немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабын тіркейді және қызметті алушыға келген кезде береді, 30 (отыз) минуттың ішінде.

      6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдың) нәтижесі:

      1) қызмет алушының өтінішін тіркеу;

      2) қызмет берушінің басшысының бұрыштамасы;

      3) қызмет берушінің басшы орынбасарының бұрыштамасы;

      4) қызмет берушінің бөлім басшысының бұрыштамасы;

      5) қызмет берушінің бөлім маманының құжаттарды қарауы;

      6) қызмет берушінің бөлім басшысымен тексеру;

      7) қызмет берушінің басшы орынбасарымен тексеру;

      8) қызмет берушінің басшысымен қол қою;

      9) қызмет берушінің кеңсесінде тіркеу және қызмет алушыға беру.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдың бөлімдерінің (қызметкерлердің) тізбесі:

      1) қызметті берушінің кеңсе маманы;

      2) қызметті берушінің басшысы;

      3) қызметті берушінің басшысының орынбасары;

      4) бөлім басшысы;

      5) бөлім маманы.

      8. Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлердің) арасындағы рәсімдердің (іс-әрекеттердің) реттілігін, әрбір рәсімдердің (іс-әрекеттердің) ұзақтылығын көрсете отырып сипаттау:

      1) қызмет берушінің кеңсе маманы түскен өтінімді кіріс құжаттардың журналына тіркейді, қызмет алушыға құжаттардың қабылданғаны туралы талон береді және қызмет берушінің басшысының қарауына жоладайды, 15 (он бес) минут ішінде;

      2) қызмет берушінің басшысы өтінімді қарайды және басшы орынбасарының қарауына бұрыштама қояды, 2 (екі) сағаттың ішінде;

      3) қызмет берушінің басшы орынбасары өтінімді қарайды және бөлім басшысының қарауына бұрыштама қояды, 2 (екі) сағаттың ішінде;

      4) бөлім басшысы өтінімді қарайды және бөлім маманына орындау үшін бұрыштама қояды, 30 (отыз) минуттың ішінде;

      5) бөлім маманы ұсынылған құжаттар топтамасының толықтығын қарайды, стандарттың 10 тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабын әзірлейді және бөлім басшысына тексеруге жолдайды, 2 (екі) жұмыс күннің ішінде. Рұқсатты рәсімдейді және бөлім басшысына тексеруге жолдайды, 1 (бір) жұмыс күннің ішінде;

      6) бөлім басшысы рұқсатты немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабын тексереді және басшы орынбасарына жолдайды, 30 (отыз) минуттың ішінде;

      7) қызмет берушінің басшы орынбасары рұқсатты немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабын тексереді және қызмет берушінің басшысына жолдайды, 3 (үш) сағаттың ішінде;

      8) қызмет берушінің басшысы рұқсатқа немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабына қол қояды және кеңсеге тіркеуге жолдайды, 3 (үш) сағаттың ішінде;

      9) қызмет беруші кеңсесінің маманы рұқсатты немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәләлді жауабын тіркейді және қызметті алушыға келген кезде береді, 30 (отыз) минуттың ішінде.

4. "Электрондық үкімет" веб-порталымен, халыққа қызмет көрсету орталығымен және (немесе) өзге қызмет берушілерімен өзара әрекет тәртібін, мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібін сипаттау

      9. "Электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі жүгіну тәртібі және қызмет алушы мен қызмет берушінің әрекеттерінің (іс-қимылдарының) реттілігі:

      қызмет алушы порталына компьютердің интернет-браузеріне сақталған өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасының тіркеу куәлігінің көмегімен тіркелуі жүзеге асырады (порталында тіркелмеген қызмет алушылар үшін жүзеге асырылады);

      1–үдеріс – қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасының тіркеу куәлігін компьютердің интернет-браузеріне бекітуі, мемлекеттік қызметті алу үшін қызмет алушының порталындағы парольді енгізуі (авторландыру үдерісі);

      1–шарт – логин (жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес-сәйкестендіру нөмірі) және пароль арқылы тіркелген қызмет алушы туралы деректердің дұрыстығын порталында тексеру;

      2–үдеріс – қызмет алушы деректерінің дұрыс болмауына байланысты, порталында авторизациялаудан бас тарту хабарламасын қалыптастыру;

      3–үдеріс – қызмет алушың "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерек қоры ақпаратық жүйе веб-порталынан осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызмет көрсету және оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, қызмет алушының нысанды толтыруы үшін сұрау салу нысанын экранға шығаруы (деректерді енгізу);

      4–үдеріс – сұрауды куәландыру (қол қою) үшін қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасының тіркеу куәлігін таңдауы;

      2–шарт – электрондық үкімет веб-порталында электрондық цифрлық қолтаңбасының тіркеу куәлігінің әрекет ету мерзімін және тізімде қайтарып алынған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің болмауын, сондай-ақ сауалда және электрондық цифрлық қолтаңбасының тіркеу куәлігінде көрсетілген жеке сәйкестендіру нөмірі арасындағы сәйкестендірме деректерге сәйкес келуін тексеру;

      5–үдеріс – қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасының түпнұсқалығының расталмауына байланысты, сұрау салынатын электрондық мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы порталдың хабарламасын қалыптастыру;

      6–үдеріс – қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы көмегімен сауалдың толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) және оған электрондық мемлекеттік қызмет көрсетудің электрондық түрде бекітілген құжаттарын куәландыруы (қол қоюы);

      7-үдеріс – "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерек қоры ақпараттық жүйе веб-порталында электрондық құжатты (қызмет алушының сауалын) тіркеу және "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерек қорының ақпараттық жүйесіндегі сауалды өңдеу;

      3-шарт – қызмет берушінің қызмет алушыны квалификациялық талаптарына және рұқсат беру негіздеріне сәйкестігін тексеруі;

      8-үдеріс – "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерек қоры ақпараттық жүйе веб-порталында қызмет алушының деректерінің дұрыс болмауына байланысты сұрау салынған электрондық мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы порталдың хабарламасын құрастыру;

      9-үдеріс – қызмет алушының "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерек қоры ақпараттық жүйесінде қалыптастырған қызмет нәтижесін (рұқсат) алуы. Электрондық құжат қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдаланумен құрастырылады.

      10. Сұрау салу нысаны және қызмет алу жауабы "Е-лицензиялау" www.elicense.kz веб-порталында көрсетілген.

      11. Қызмет алушының мемлекеттік электрондық қызмет бойынша сұрау салуының орындалу мәртебесін тексеру тәсілі: порталдың "Қызметті алу тарихы" бөлімінде, сондай-ақ қызмет берушіге жүгіну арқылы.

      12. Электрондық мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне қатысатын құрылымдық-функционалдық бірліктер:

      1) "электрондық үкімет" порталы;

      2) "электрондық үкімет" шлюзы;

      3) "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерек қоры ақпараттық жүйесі;

      4) жеке тұлғалардың мемлекеттік дерек қоры/заңды тұлғалардың мемлекеттік дерек қоры;

      5) бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйе;

      6) қызмет беруші.

      13. Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде, көрсетілетін қызметті алушының "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілерге жүгіну мүмкіндігі көзделмеген.

      14. Әрбір іс-қимылдың орындалу мерзімі көрсетілген құрылымдық бөлімшелердің іс-қимылы (функциялар, рәсімдер, операциялар) дәйектілігінің мәтіндік, кестелік сипаттамасы осы регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.

      15. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) реті, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы, құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының сипаттамасы осы Регламенттің 2 және 3-қосымшаларына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалықтарында көрсетіледі.

      Мемлекетттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалықтары "Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында (htpps://tbr.zhambyl.gov.kz) және Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында (htpps://www.zhambyl.gov.kz) орналастырылады.

  "Жануарлар дүниесін
пайдалануға рұқсат беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентінің 1 қосымшасы

"Электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегіфункционалды өзара іс-қимылдың диаграммасы

     


Шартты белгілері:



  "Жануарлар дүниесін
пайдалануға рұқсат беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентінің 2 қосымшасы

"Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің бизнес-процестерінің анықтамалығы (қызмет берушіге жүгінген кезде)

     


Шартты белгілері:

     


  "Жануарлар дүниесін
пайдалануға рұқсат беру"
мемлекеттік көрсетілетін кызмет
регламентінің 3 қосымшасы

"Жануарлар дүниесін пайдануға рұқсат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің бизнес-процестерінің анықтамалығы (веб-портал арқылы жүгінген кезде)

     


Шартты белгілері: