РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. "Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4) осы қаулыдан туындайтын басқа шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары М. Мұсаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап
күшiне енедi және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | К. Көкрекбаев |
Жамбыл облысы әкімдігінің 2017 жылғы "31" тамыздағы № 185 қаулысымен бекітілген |
"Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. "Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 10 наурыздағы № 115 "Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15136 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген "Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі - стандарт) сәйкес "Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінімді қабылдау және Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушылардың банктік шоттарына тиесілі субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем шоттарының тізілімін ұсыну немесе стандарттың 10-тармағында көзделген негіздер бойынша дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме – көрсетілетін қызметті алушының (не оның сенімхат арқылы өкілінің) стандартының 9-тармағында көзделген құжаттарды ұсынуы.
5. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесінің құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 9-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды (бұдан әрі - құжаттар) берген сәттен бастап 15 (он бес) минут ішінде қабылдайды, тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 7 (жеті) сағат ішінде келіп түскен құжаттармен танысады және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде түскен құжаттарды қарайды, субсидияларды аудару үшін төлем шоттарының тізілімін әзірлейді және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына бекітуге ұсынады. Тапсырылған құжаттар Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 1-1/1069 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 желтоқсанда № 12677 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау қағидаларында (бұдан әрі – қағидалар) көзделген шарттарға сәйкессіздік жағдайында субсидиялар төлеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады;
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы субсидияларды аудару үшін төлем шоттарының тізілімін 4 (төрт) сағат ішінде бекітеді және оларды көрсетілетін қызметті берушінің есеп бөліміне жолдайды немесе субсидиялар төлеуден бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда, оған қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды;
5) көрсетілетін қызметті берушінің есеп бөлімі көрсетілетін қызметті алушының банктік шотына субсидияларды аудару үшін төлем шоттарының тізілімін 4 (төрт) сағат ішінде қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне жолдайды.
6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:
1) қажетті құжаттарды қабылдау, тіркеу және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсыну;
2) құжаттармен танысу және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдау;
3) құжаттарды қарау, субсидияларды аудару үшін төлем шоттарының тізілімін әзірлеу және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына бекітуге ұсыну, қағидаларда көзделген шарттарға сәйкессіздік жағдайында субсидиялар төлеуден бас тарту туралы шешім қабылдау және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсыну;
4) субсидияларды аудару үшін төлем шоттарының тізілімін бекіту және оларды көрсетілетін қызметті берушінің есеп бөліміне жолдау немесе субсидиялар төлеуден бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда қол қою және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жолдау;
5) көрсетілетін қызметті алушының банктік шотына субсидияларды аудару үшін төлем шоттарының тізілімін қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне жолдау.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
4) көрсетілетін қызметті берушінің есеп бөлімі.
8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелердің (жұмыскерлердің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдың) бірізділігін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды берген сәттен бастап 15 (он бес) минут ішінде қабылдайды, тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 7 (жеті) сағат ішінде келіп түскен құжаттармен танысады және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде түскен құжаттарды қарайды, субсидияларды аудару үшін төлем шоттарының тізілімін әзірлейді және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына бекітуге ұсынады. Тапсырылған құжаттар қағидаларда көзделген шарттарға сәйкессіздік жағдайында субсидиялар төлеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады;
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы субсидияларды аудару үшін төлем шоттарының тізілімін 4 (төрт) сағат ішінде бекітеді және оларды көрсетілетін қызметті берушінің есеп бөліміне жолдайды немесе субсидиялар төлеуден бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда, оған қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жолдайды;
5) көрсетілетін қызметті берушінің есеп бөлімі көрсетілетін қызметті алушының банктік шотына субсидияларды аудару үшін төлем шоттарының тізілімін 4 (төрт) сағат ішінде қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне жолдайды.
4. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясымен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы Жамбыл облысы әкімдігінің (http://zhambyl.gov.kz) және көрсетілетін қызметті берушінің (http://ush.zhambyl.gov.kz) интернет-ресурстарында орналастырылады.