"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. "Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;
3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. "Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2016 жылғы 18 сәуірдегі № 128 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3081 болып тіркелген, 2016 жылдың 01 маусымында "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2016 жылдың 06 маусымында электрондық түрде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерді эталондық бақылау банкінде жарияланған) күші жойылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. Нұралиевке жүктелсін.
5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімінің | |
міндетін атқарушы | Б. Орынбеков |
Жамбыл облысы әкімдігінің 2017 жылғы 14 маусымдағы № 118 қаулысына қосымша |
"Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. "Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі "Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) "Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 4-2/419 бұйрығымен бекітілген "Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11455 болып тіркелген) (бұдан әрі - стандарт) сәйкес көрсетіледі.
Өтінімді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі, аудандардың және Тараз қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімдері (бұдан әрі – Бөлім);
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорация" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - көрсетілетін қызметті алушының банктік шотына тиесілі субсидияларды одан әрі аудару үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем шоттарының тізілімін ұсыну.
Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушыға стандарттың 1 және 2 - қосымшаларына сәйкес нысандар бойынша қағаз тасығышта көрсетілген қызметті берушінің уәкілетті адамының қолы қойылған субсидия тағайындау/тағайындамау туралы шешіммен хабарлама жолданады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс – қимылды) бастауға негіздеме стандарттың 9 тармағында көрсетілген құжаттар тізбесі болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:
1) Бөлім көрсетілетін қызметті алушыдан өтінімді 15 (он бес) минут ішінде қабылдайды және оны 3 (үш) жұмыс күні ішінде стандарт талаптарына сәйкестігі және толық толтырылуы тұрғысынан тексереді;
2) Бөлім тексеру аяқталған соң 2 (екі) жұмыс күні ішінде :
өтініш берушіге субсидиялар беруге оң шешім қабылданған жағдайда –оны тиесілі субсидиялар төлеу туралы мақұлдаған өтінімдердің тізіміне енгізеді;
теріс шешім қабылданған жағдайда – субсидиялар беруден бас тарту негіздерін көрсете отырып, өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді және стандарттың 12 - қосымшасына сәйкес нысан бойынша субсидиялар беруден бас тарту негіздерін көрсете отырып, субсидиялар беруге теріс шешім қабылданған өтініш берушілердің тізбесін жасайды;
3) Бөлім тиесілі субсидиялар төлеу туралы мақұлдаған өтінімдердің тізімін және субсидиялар беруге теріс шешім қабылданған өтініш берушілердің тізбесін көрсетілетін қызметті берушіге жолдайды.
4) көрсетілетін қызметті беруші субсидиялар төлеу туралы мақұлдаған өтінімдердің тізімі келген соң 3 (үш) жұмыс күні ішінде өтінім берушінің шотына тиесілі субсидияларды одан әрі аудару үшін қазынашылықтың аймақтық бөлімшесіне төлем шоттарның тізілімін және төлем шотын ұсынады.
6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі:
1) өтінімді қабылдау және оны стандарт талаптарына сәйкестігі және толық толтырылуы тұрғысынан тексеру;
2) мақұлдаған өтінімдердің тізіміне енгізу, теріс шешім қабылданған жағдайда – субсидиялар беруден бас тарту негіздерін көрсете отырып, өтініш берушіні жазбаша хабардар ету және субсидиялар беруден бас тарту негіздерін көрсете отырып, субсидиялар беруге теріс шешім қабылданған өтініш берушілердің тізбесін жасау;
3) мақұлдаған өтінімдердің тізімін және субсидиялар беруге теріс шешім қабылданған өтініш берушілердің тізбесін көрсетілетін қызметті берушіге жолдау;
4) өтінім берушінің шотына тиесілі субсидияларды аудару үшін қазынашылықтың аймақтық бөлімшесіне төлем шоттарның тізілімін және төлем шотын ұсыну.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметт берушінің өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
Бөлімнің жауапты орындаушысы;
Бөлімнің басшысы;
көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері;
көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
көрсетілетін қызметті берушінің есеп бөлімі.
8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелердің (жұмыскерлердің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдың) бірізділігін сипаттау:
1) Бөлімнің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушыдан өтінімді 15 (он бес) минут ішінде қабылдайды және тіркейді. Өтінімді қабылдаған соң оны стандарт талаптарына сәйкестік және толық толтырылу тұрғысына 3 (үш) жұмыс күні ішінде тексереді.
Өтінімді тексеру аяқталған соң 1 (бір) жұмыс күні ішінде:
өтініш берушіге субсидиялар беруге оң шешім қабылданған жағдайда –оны тиесілі субсидиялар төлеу туралы мақұлдаған өтінімдердің тізіміне енгізеді және Бөлімнің басшысына жолдайды;
теріс шешім қабылданған жағдайда – субсидиялар беруден бас тарту негіздерін көрсете отырып, өтініш берушіні жазбаша хабардар етеді және стандарттың 12 - қосымшасына сәйкес нысан бойынша субсидиялар беруден бас тарту негіздерін көрсете отырып, субсидиялар беруге теріс шешім қабылданған өтініш берушілердің тізбесін жасайды және Бөлімнің басшысына жолдайды;
2) Бөлімнің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде мақұлдаған өтінімдердің тізіміне және субсидиялар беруге теріс шешім қабылданған өтініш берушілердің тізбесіне қол қояды және оларды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкеріне жолдайды;
3) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 4 (төрт) сағат ішінде мақұлдаған өтінімдердің тізімін және субсидиялар беруге теріс шешім қабылданған өтініш берушілердің тізбесін тіркейді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды;
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 4 (төрт) сағат ішінде бұрыштама қойып, жауапты орындаушыны тағайындайды және оған мақұлдаған өтінімдердің тізімін және субсидиялар беруге теріс шешім қабылданған өтініш берушілердің тізбесін жолдайды;
5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде төлем шоттарының тізбесін жасайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына бекітуге жолдайды;
6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) сағат ішінде төлем шоттарының тізбесін бекітеді және оны көрсетілетін қызметті берушінің есеп бөліміне өтінім берушінің шотына тиесілі субсидияларды одан әрі аудару үшін қазынашылықтың аймақтық бөлімшесіне төлем шоттарның тізілімін және төлем шотын ұсынуға жолдайды;
7) көрсетілетін қызметті берушінің есеп бөлімі 7 (жеті) сағат ішінде өтінім берушінің шотына тиесілі субсидияларды одан әрі аудару үшін қазынашылықтың аймақтық бөлімшесіне төлем шоттарның тізілімін және төлем шотын ұсынады.
4. Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
9. Мемлекеттік корпорацияға және (немесе) өзге көрсетілетін қызметті берушіге жүгіну тәртібінің сипаттамасы, көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын өңдеудің ұзақтығы:
Мемлекеттік корпорация:
көрсетілетін қызметті алушыдан өтінімді 20 (жиырма) минут ішінде қабылдайды және қажетті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат береді;
көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады және стандарттың 12 - қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді;
өтінімді қабылдап алғаннан кейін оны 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушіге ұсынады.
10. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін Мемлекеттік корпорация арқылы алу процесінің сипаттамасы, оның ұзақтығы:
көрсетілетін қызметті беруші өтінім түскен соң стандарттың 1 және 2 - қосымшаға сәйкес нысандар бойынша көрсетілген қызметті берушінің уәкілетті адамының қолы қойылған субсидия тағайындау/тағайындамау туралы шешімі бар қағаз тасығышта хабарламаны мемлекеттік корпорацияға жолдайды.
Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беруді жеке басты куәландыратын құжатты көрсеткен жағдайда, қолхат негізінде оның жұмыскері жүзеге асырады.
Мемлекеттік корпорация нәтиженің бір ай сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге сақтауға береді. Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген кезде, Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жолдайды.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының, сонымен қатар өзге көрсетілген қызмет берушілермен, Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің 1 және 2 қосымшаларына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті Жамбыл облысы әкімдігінің (http://zhambyl.gov.kz) интернет-ресурстарында және көрсетілетін қызметті берушінің ресми сайтында (http://ush.zhambyl.kz) орналастырылады.
"Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша |
|
Жамбыл облысынын әкімінің 14 маусымдағы 2017 жылғы № 118 қаулысымен бекітілген |
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бизнес-процестерінің анықтамалығы
"Тұқым шаруашылығын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша |
|
Жамбыл облысынын әкімінің 14 маусымдағы 2017 жылғы № 118 қаулысымен бекітілген |
Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызмет бизнес-процестерінің анықтамалығы
Шартты белгілер: