1. Қызметін Еңбекшіқазақ ауданының аумағындажүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бекітілген базалық мөлшерлемелер шегінде бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының "Еңбекшіқазақ ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салық ставкаларын 2014-2016 жылдарға белгілеу туралы" 2013 жылғы 7 қазандағы № 21-7 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2459 тіркелген, "Еңбекшіқазақ" газетінде 2013 жылдың 29 қарашасында, 2013 жылдың 20 желтоқсанында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихат аппаратының басшысы Джелдикбаева Айкерим Алчиновнаға және аудандық мәслихаттың "Экономика, бюджет және қаржы мәселелері жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың | |
сессиясы төрағасы | М.Демесинов |
Аудандық мәслихаттың | |
хатшысы | Б.Ахметов |
"Еңбекшіқазақ ауданы бойынша бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін белгілеу туралы" Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 2017жылғы 9 ақпандағы № 12-3 шешіміне қосымша |