1. Әйтеке би аудандық мәслихатының қазақ тіліндегі 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 98 "Тіркелген салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-2-70 тіркелген, 2009 жылғы 5 наурызда аудандық "Жаңалық жаршысы" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
қазақ тіліндегі шешімнің кіріспесіндегі "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" сөздері "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару" сөздерімен ауыстырылсын;
көресетілген қазақ тіліндегі шешімнің атауында, мәтінінде және № 1 қосымшасында "ставкаларының", "№ 1 қосымшаға", "№ 1 қосымша" сөздері "мөлшерлемелерінің", "қосымшаға", "қосымша" сөздерімен ауыстырылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әйтеке би аудандық | Әйтеке би адандық |
мәслихаттың сессия төрағасы | мәслихаттың хатшысы |
Б.Сейлханов | Е.Таңсықбаев |