Ақтөбе қалалық мәслихатының 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 215 "Тіркелген салықтың бірыңғай ставкаларын белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2017 жылғы 26 сәуірдегі № 182 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 16 мамырда № 5493 болып тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 386 бабының 5 тармағына, 444 бабының 1 тармағына, сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ақтөбе қалалық мәслихатының 2009 жылғы 24 желтоқсандағы № 215 "Тіркелген салықтың бірыңғай ставкаларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 3-1-127 тіркелген, 2010 жылғы 3 ақпандағы "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қазақ тіліндегі шешімнің атауындағы, мәтініндегі және қосымшасындағы "ставкаларын", "ставкалары", "ставкасы" сөздері "мөлшерлемелерін", "мөлшерлемелері", "мөлшерлемесі" сөздерімен ауыстырылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Ақтөбе қалалық
мәслихатының сессия төрайымы
Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы
      К. Масалимова С. Шынтасова