Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 16-бабының 3-тармағына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 6-4/1072 "Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12933 тіркелген бұйрығына сәйкес Ақтөбе облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментиінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны мерзімді баспа басылымдарында және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары М.С.Жұмағазиевке жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| Ақтөбе облысының әкімі | Б.Сапарбаев |
| Ақтөбе облысы әкімдігінің 2017 жылғы "30" мамырдағы № 187 қаулысымен бекітілген |
"Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. "Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" (бұдан әрі –көрсетілетін қызметті беруші) мемлекеттік мекемесімен көрсетіледі.
Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Тиесілі бюджеттік субсидияларды одан әрі көрсетілетін қызметті алушылардың банктік есепшотына аудару үшін "Ақтөбе облысының Қазынашылық департаменті" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – аумақтық қазынашылық бөлімшесі) төлемге төлем құжаттарын ұсыну мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 6-4/1072 "Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы" нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 12933 тіркелген бұйрығымен бекітілген "Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 10 тармағы негіз болады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолы қойылған субсидия тағайындау/тағайындамау туралы шешімі бар қағаз жеткізгіштегі хабарлама жолданады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) мен көрсетілетін қызметті берушінің іс-әрекетінің тәртібінің сипаттамасы
4. Көрсетілетін қызметті берушіге немесе Мемлекеттік корпорацияға жолыққан кезде Стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша субсидия алуға өтінім мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-әрекетті) бастау үшін негіздеме болып табылады.
5. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісінің құрамына кiретiн әрбiр рәсiмнiң (iс-әрекеттің) мазмұны және оны орындаудың ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды (бұдан әрі – құжаттар) ұсынған сәттен бастап 15 (он бес) минут ішінде оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады;
нәтижесі – құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарауға жолдау;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын белгілейді.
нәтижесі – мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің егіншілік бөлімінің жауапты орындаушысына жолдау;
3) көрсетілетін қызметті берушінің егіншілік бөлімінің жауапты орындаушысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттардың көрсетілген шарттарға сәйкестігін тексереді, бюджеттік субсидияларды төлеу ведомсін құрады, немесе Стандарттың 10-тармағы негізінде мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартады.
нәтижесі –көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жолдау;
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде тізімдемеге қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің қаржы бөлімінің жауапты орындаушысына жібереді.
нәтижесі – қол қойылған тізімдемені көрсетілетін қызметті берушінің қаржы бөлімінің жауапты орындаушысына жіберу;
5) көрсетілетін қызметті берушінің қаржы бөлімінің жауапты орындаушысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде төлемге төлем құжаттарын қалыптастырады және аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ұсынады.
нәтижесі – төлем құжаттарын аумақтық қазынашылық бөлімшеге ұсыну.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-әрекетінің тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын мемлекеттік қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы;
2) көрсетілетін қызметті берушінің егіншілік бөлімінің жауапты орындаушысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің қаржы бөлімінің жауапты орындаушысы;
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;
7. Әрбір рәсімнің (іс-әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып, рәсімдердің (іс-әрекеттердің) реттілігін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағындағы құжаттар ұсынған сәттен бастап 15 (он бес) минут ішінде оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын белгілейді;
3) көрсетілетін қызметті берушінің егіншілік бөлімінің жауапты орындаушысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттардың көрсетілген шарттарға сәйкестігін тексереді, бюджеттік субсидияларды төлеу ведомсін құрады, немесе Стандарттың 10-тармағы негізінде мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартады.
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде тізімдемеге қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің қаржы бөлімінің жауапты орындаушысына жібереді;
5) көрсетілетін қызметті берушінің қаржы бөлімінің жауапты орындаушысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде төлемге төлем құжаттарын қалыптастырады және аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ұсынады.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-әрекет тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
8. Мемлекеттік корпорация арқылы жүгiну тәртiбiн сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады;
нәтижесі –құжаттарды тапсыру;
2) Мемлекеттік корпорация инспекторы түскен құжаттарды 15 (он бес) минут ішінде тіркейді және қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы:
сұрау салудың нөмірі және қабылданған күні;
сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі;
қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;
құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған Мемлекеттік корпорация инспекторының тегі, аты, әкесінің аты;
қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, көрсетілетін қызметті алушы өкілінің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары;
нәтижесі – құжаттарды қабылдау;
3) Мемлекеттік корпорация инспекторы қабылданған құжаттарды 30 (отыз) минут ішінде жинақтау секторына береді;
нәтижесі – құжаттарды беру;
4) жинақтау секторы құжаттарды жинайды, тізілім жасайды және Мемлекеттік корпорация курьері арқылы құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жібереді;
нәтижесі – құжаттарды беру;
5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы түскен құжаттарды 15 (он бес) минут ішінде тіркейді және басшыға ұсынады.
нәтижесі - тіркеу;
6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттармен танысады және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына 1 (бір) жұмыс күні ішінде орындау үшін жолдайды.
нәтижесі – орындауға ұсыну;
7) көрсетілетін қызметті берушінің егіншілік бөлімінің жауапты орындаушысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттардың көрсетілген шарттарға сәйкестігін тексереді, тізімдемені қалыптастырады және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жолдайды.
нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жолдау;
8) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде тізімдемеге қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің қаржы бөлімінің жауапты орындаушысына жолдайды.
нәтижесі – қол қойылған тізімдемені көрсетілетін қызметті берушінің қаржы бөлімінің жауапты орындаушысына жіберу;
9) көрсетілетін қызметті берушінің қаржы бөлімінің жауапты орындаушысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтемге есеп тізілімін қалыптастырады және аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ұсынады, сонымен қатар, кеңсе маманына мемлекеттік көрсетілетін қызмет Стандартының 1 қосымшасына сәйкес субсидияны тағайындау/тағайындамау хабарламасын шешіммен қоса жолдайды.
нәтижесі – төлем құжаттарын аумақтық қазынашылық бөлімшеге ұсыну, сонымен қатар кеңсе маманына хабарлама жолданады.
10) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы мемлекеттік қызметтің нәтижесін тіркейді және Мемлекеттік корпорация курьеріне ұсынады.
нәтижесі – нәтижені беру;
11) Мемлекеттік корпорация курьері мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін жинақтау секторына тапсырады.
нәтижесі – нәтижені беру;
12) жинақтау секторы мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін Мемлекетік корпорация инспекторына 30 (отыз) минут ішінде береді.
нәтижесі – нәтижені беру;
13) Мемлекеттік корпорация инспекторы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін көрсетілетін қызметті алушыға береді.
нәтижесі – нәтижені беру;
9. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-әрекеттерінің), өзара іс-әрекеттерінің реттілігінің толық сипаттамасы, сондай-ақ Мемлекеттік корпорация және (немесе) өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушілермен өзара іс-әрекеттерінің тәртiбiн және мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртiбiн сипаттау осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығында көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.
| "Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша |
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы
