РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) "Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2) "Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
3) "Техникалық және кәсіптік, орта білімінен кейінгі және жоғарғы білім беру ұйымдарындағы тәрбиелеушілер мен білім алушылардың жекеленген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары А.Е.Мысырәлімоваға жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | М.Мырзалин |
Ақмола облысы әкімдігінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № А-1/602 қаулысымен бекітілді |
"Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. "Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Ақмола облысының техникалық және кәсiптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – басталу және аяқталу мерзімін көрсете отырып, білім алушыға академиялық демалыс беру туралы білім беру ұйымы басшысының белгіленген тәртіппен расталған бұйрығының көшірмесі немесе Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушысының 2017 жылғы 27 маусымдағы № 357 бұйрығымен бекітілген "Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 10-қосымшасында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15647 болып тіркелген) қарастырылған жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру нысаны – қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды қабылдауды және өтінішті тіркеуді жүзеге асырады – 30 минут.
2) басшы құжаттарды қарайды, жауапты орындаушыны анықтайды – 1 жұмыс күні.
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды қарайды және академиялық демалыс беру туралы бұйрық немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды – 1 жұмыс күні;
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бұйрыққа немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды – 1 жұмыс күні;
5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушыға белгіленген тәртіппен куәландырылған бұйрықтың көшірмесін немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап береді – 30 минут.
6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіздеме болатын мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:
1) құжаттарды қабылдау және тіркеу;
2) жауапты орындаушыны анықтау;
3) бұйрық немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындау;
4) бұйрық немесе бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қою;
5) бұйрық немесе бас тарту туралы дәлелді жауап беру.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) өзара әрекет ету тәртібінің сипаттамасы
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.
8. Әр рәсімнің (әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлер) арасында рәсімдердің (әрекеттердің) бірізділігін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды қабылдауды және өтінішті тіркеуді жүзеге асырады – 30 минут;
2) басшы құжаттарды қарайды, жауапты орындаушыны анықтайды – 1 жұмыс күні;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы бұйрық немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды – 1 жұмыс күні;
4) басшы бұйрыққа немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды – 1 жұмыс күні;
5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушыға белгіленген тәртіпте расталған бұйрық көшірмесін немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап береді – 30 минут.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) рәсімінің (әрекетінің) өзара әрекеттесуін толықтай сипаттауы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
"Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша |
"Білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыс беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
Ақмола облысы әкімдігінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № А-1/602 қаулысымен бекітілді |
"Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. "Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Ақмола облысының білім басқармасы" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – білім беру ұйымдарында техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау туралы хабарлама немесе Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 397 бұйрығымен бекітілген "Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 10-тармағында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15740 болып тіркелген) қарастырылған жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру нысаны – қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды қабылдауды және өтінішті тіркеуді жүзеге асырады – 30 минут.
2) басшы құжаттарды қарайды, жауапты орындаушыны анықтайды – 1 жұмыс күні.
3) жауапты орындаушы құжаттарды қарайды, мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттар қабылдағаны туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды – 8 жұмыс күні;
4) басшы хабарламаға немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды – 1 жұмыс күні;
5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушыға конкурсқа құжаттарды қабылдау туралы хабарлама немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап береді – 30 минут.
6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіздеме болатын мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімінің (іс-қимылдың) нәтижесі:
1) құжаттарды қабылдау және тіркеу;
2) жауапты орындаушыны анықтау;
3) хабарлама немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындау;
4) хабарлама немесе бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қою;
5) хабарлама немесе бас тарту туралы дәлелді жауап беру.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) өзара әрекет ету тәртібінің сипаттамасы
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.
8. Әр рәсімнің (әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлер) арасында рәсімдердің (әрекеттердің) бірізділігін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды қабылдауды және оларды тіркеуді жүзеге асырады – 30 –минут;
2) басшы құжаттарды қарайды, жауапты орындаушыны анықтайды – 1 жұмыс күні;
3) жауапты орындаушы хабарлама немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды – 8 жұмыс күні;
4) басшы бұйрыққа немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды – 1 жұмыс күні;
5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушыға хабарлама немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап береді – 30 минут.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) рәсімінің (әрекетінің) өзара әрекеттесуін толықтай сипаттауы осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
"Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
Ақмола облысы әкімдігінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № А-1/602 қаулысымен бекітілді |
"Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарға, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларға тегін тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер
1. "Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарға, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларға тегін тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Ақмола облысының техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – тегін тамақтандыруды ұсыну туралы еркін нысандағы шешім немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру нысаны – қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет алу үшін көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 396 бұйрығымен бекітілген "Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарға, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларға тегін тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15744 болып тіркелген) көрсетілген құжаттарды ұсынады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды қабылдауды және өтінішті тіркеуді жүзеге асырады – 30 минут.
2) басшы құжаттарды қарайды, жауапты орындаушыны анықтайды – 1 күн.
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды қарайды, тегін тамақтандыру туралы шешімді немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды – 8 күн;
4) басшы шешімге немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды – 1 күн;
5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушыға тегін тамақтандыру туралы шешімді немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап береді – 30 минут.
6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:
1) құжаттарды қабылдау және тіркеу;
2) жауапты орындаушыны анықтау;
3) шешім немесе бас тарту туралы дәлелді жауап дайындау;
4) шешімге немесе бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қою;
5) шешім немесе бас тарту туралы дәлелді жауап беру.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметшілерінің) өзара әрекет ету тәртібінің сипаттамасы
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.
8. Әр рәсімнің (әрекеттің) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелердің (қызметкерлер) арасында рәсімдердің (әрекеттердің) бірізділігін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттарды қабылдауды және оларды тіркеуді жүзеге асырады – 30 минут;
2) басшы құжаттарды қарайды, жауапты орындаушыны анықтайды – 1 күн;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы шешім немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды – 8 күн;
4) басшы шешімге немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды – 1 күн;
5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушыға шешім немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап береді – 30 минут.