"Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 15 маусымдағы № А-6/274 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Ақмола облысы әкімдігінің 2017 жылғы 20 қыркүйектегі № А-10/413 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 16 қазанда № 6119 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2019 жылғы 29 тамыздағы № А-9/410 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 29.08.2019 № А-9/410 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 15 маусымдағы № А-6/274 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4883 болып тіркелген, 2015 жылғы 29 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Бизнестің жол картасы - 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесі бөлігінде субсидия беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

      3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі Өңірлік үйлестіру кеңесі отырысының хаттамасынан үзінді көшірме (бұдан әрі – Хаттама) не Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11181 болып тіркелген) бекітілген "Бизнестің жол картасы - 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігіне субсидия беру туралы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.";

      4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Бизнестің жол картасы - 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдіктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. "Бизнестің жол картасы - 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдіктер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) "Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші), "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамымен (бұдан әрі – қаржы агенттігі, көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет:

      180 миллион теңгеге (бұдан әрі – млн. теңге) дейінгі кредиттер бойынша - қаржы агенттігімен, көрсетілетін қызметті берушімен;

      180 млн. теңгеден астам кредиттер бойынша – көрсетілетін қызметті берушімен көрсетіледі.

      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

      180 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша - қаржы агенттігінің кеңсесі, www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы;

      180 млн. теңгеден астам кредиттер бойынша:

      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың аудандардың жергілікті атқарушы органдарының кеңсесі (бұдан әрі – бөлім) арқылы жүзеге асырылады.

      3-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

      180 млн. теңгеге дейінгі кредиттер бойынша - қаржы агенттігінің алдын ала кепілдік хаты не Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 352 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11181 болып тіркелген) бекітілген "Бизнестің жол картасы - 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігіне субсидия беру туралы" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап;

      180 млн. теңгеден астам кредиттер бойынша - Өңірлік үйлестіру кенесі отырысының хаттамасынан үзіндісі (бұдан әрі – Хаттама) немесе Стандарттың 9-1-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық және қағаз түрінде.";

      4-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары А.Қ.Қайнарбековке жүктелсін.

      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының
әкімі
М.Мырзалин