"Жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1222 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 796 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 916 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 7 наурыздағы № 101 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылы 3 сәуірде № 16720 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын және тексеру парағын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 1222 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 796 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12699 болып тіркелген, 2016 жылғы 23 ақпанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарында:

      2-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) өрескел бұзушылықтар – қорларды қазып алудың толымдылығы, жер қойнауының бай учаскелерін таңдау, өндіруге арналған жобалау құжаттарында көзделген көрсеткіштер мен шешімдерді орындау, келісімшарттық аумақтан тыс жерлерде жұмыстарды жүргізу, есептілікті ұсыну, жобалау құжаттарында көзделген жерасты суларын өндіру көлемдерін арттыру бөлігінде жер қойнауын зерттеу мен пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарды бұзу.";

      4-тармақтың 2) тармақшасының үшінші абзацы алып тасталсын;

      қосымша осы бірлескен бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау саласының тексеру парағы осы бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының

Инвестициялар және даму

министрінің міндетін атқарушы

Р. Скляр ___________________

Қазақстан Республикасының

Ұлттық экономика министрі

Т. Сүлейменов _____________________

      "КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақтан Республикасы

      Бас прокуратурасының

      Құқықтық статистика және арнайы

      есеп комитетінің төрағасы

      _____________ Б. Мусин

      2018 жылғы 16 қаңтар

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
міндетін атқарушының
2017 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 916 және Қазақстан
Республикасы Ұлттық
экономика министрінің
2018 жылғы 7 наурыздағы
№ 101 бірлескен бұйрығына
1-қосымша
Жер қойнауын зерттеу
және пайдалану саласындағы
тәуекел дәрежесін бағалау
өлшемшарттарына
қосымша

Жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалаудың субъективтік өлшемшарттары

Р/с

Өлшемшарттар

Бұзушылық дәрежесі

1

2

3

1. Мемлекеттік органдар жүргізетін, тексерілетін субъетілерге ұсынылатын есептілік мониторингісінің нәтижелері және мәліметтер

1

Жүргізілген геологиялық барлау жұмыстары туралы есептерді жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақты бөлімшелеріне уақтылы ұсынбау немесе ұсынбауы

Елеулі

2

Лицензиялық/келісімшарттық талаптардың орындалуы туралы есепті уақтылы ұсынбау немесе ұсынбау

Елеулі

3

Жер қойнауын пайдаланушылар ұсынатын жер қойнауының жай-күйі туралы геологиялық есептіліктің нысанын уақтылы ұсынбау немесе ұсынбау

Елеулі

2. Алдыңғы тексерулер нәтижелері (төменде тізбектелген талаптар сақталмаған кезде ауырлық дәрежесі белгіленеді)

Көмірсутек шикізатын, жерасты суларын, емдік балшықты, қатты және кең таралған пайдалы қазбаларды барлауды және өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты

4

Тау-кендік бөлу шегінде өндіруді жүргізу

Өрескел

5

Нақты жылдық өндіру көлемі жобадағы көрсеткіштен он пайыздан артық болмауына тиіс

Өрескел

6

Геологиялық-техникалық іс-шаралардың орындалуын есепке алу журналының болуы

Елеулі

7

Жер қойнауының жай-күйіне мониторинг жүргізуді және кен орындарын игеруге бақылауды ұйымдастыруды қамтамасыз ету талаптарын сақтау

Елеулі

8

Жобалау құжаттарында көзделген игерудің технологиялық көрсеткіштерін сақтау (оның ішінде су басу, газ факторы)

Өрескел

9

Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу туралы есептерді беру тәртібін және мерзімдерін сақтау

Өрескел

10

Жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы жобалау құжаттарында көзделген көрсеткіштерді және жобалау шешімдерін орындау

Өрескел

11

Бақылау ұңғымаларының режимдік желісінің болуы

Өрескел

12

Су жинау ұңғымаларында жерасты суларының (дебитін, деңгейін, температурасын және химиялық құрамын) мемлекеттік мониторингі талаптарын сақтау

Өрескел

13

Іздестіру жұмыстары жобасының, бағалау жұмыстары жобасының, тәулігіне екі мың текше метр және одан да көп көлемдегі өндірістік-техникалық жерасты суларын барлауға және өндіруге рұқсаттың, кен орнын өнеркәсіптік игеру жобасының болуы

Өрескел

14

Кен орнын игерудің мынадай жобалау шешімдерін сақтау:
келісімшарттық аумақ шеңберінде келісімшарттың қолданыс мезімі шегінде пайдалы қазбаны өндіру көлемімен және оның сапа көрсеткіштерімен тау-кендік жұмыстардың күнтізбелік кестесі;
қорларды өндіру кезектілігі тәртібі;
пайдалы қазбалар кен орындарын ашу тәсілдері мен игеру жүйелері;
Мына жобалау көрсеткіштерін сақтау:
аршу көлемдері;
өндіру көлемдері;
күрделі тау-кендік, тау-кен-даярлық, кесу, пайдалану-барлау және толтыру жұмыстарының көлемі;
аршылған, дайындалған және қазып алуға дайын пайдалы қазбалар қорлары нормативтері;
шығындар мен құнарсыздану нормативтері;
өндіру кезіндегі еңістік бұрыштары (игеру кезінде, айналыстан шыққан кезде)

Өрескел



15

Мыналардың:
пайдалы қазбалар қорларын, шығындары мен құнарсыздануын бастапқы және жиынтық есепке алу негізінде қорлардың жыл сайынғы есептік теңгерімінің;
шығындар мен құнарсыздануды есепке алудың;
геологиялық және маркшейдерлік құжаттаманың;
пайдалы қазбалар қорларының жай-күйі мен қозғалысын есепке алуды, шығындар және құнарсыздану көрсеткіштерінің нақты орындалуын және тау-кендік жұмыстардың жай-күйін көрсететін паспорттың;
барлық техногендік минералдық түзілімдерді, қалдықтар мен өңдеу өнімдерін (қалдық және шлам қоймалары, таусылған кен, жыныстар, қож үйінділері) есепке алудың және паспорттаудың болуы және оның жүргізілуі бойынша талаптардың болуы және оларды сақтау .

Елеулі

3. Жеке және заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан келіп түскен расталған шағымдар мен өтініштердің болуы және олардың саны

16

Белгіленген талаптарды бұза отырып жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізетін бақылау субъектілеріне 1 және одан да астам расталған шағымның болуы.

Өрескел

 
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
міндетін атқарушының
2017 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 916 және Қазақстан
Республикасы Ұлттық
экономика министрінің
2018 жылғы 7 наурыздағы
№ 101 бірлескен бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 1222 және Қазақстан
Республикасы Ұлттық
экономика министрінің
2015 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 796 бірлескен бұйрығына
2-қосымша

Жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау саласының тексеру парағы

      Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган

      ____________________________________________________________________

      Тексеруді тағайындау туралы акт

      ____________________________________________________________________

      (№, күні)

      Тексерілетін субъектінің атауы

      ____________________________________________________________________

      Тексерілетін субъектінің жеке сәйкестендіру нөмірі, бизнес-сәйкестендіру нөмірі

      ____________________________________________________________________

      Тұрған жерінің мекенжайы

      ____________________________________________________________________

Р/с

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

6

1. Көмірсутек шикізатын өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты

1

Тау-кендік бөлу шегінде өндіруді жүргізу





2

Нақты жылдық өндіру көлемі жобадағы көрсеткіштен он пайыздан артық болмауына тиіс





3

Геологиялық-техникалық іс-шаралардың орындалуын есепке алу журналының болуы





4

Жер қойнауының жай-күйіне мониторинг жүргізуді және кен орындарын игеруге бақылауды ұйымдастыруды қамтамасыз ету талаптарын сақтау





5

Жобалау құжаттарында көзделген игерудің технологиялық көрсеткіштерін сақтау (оның ішінде су басу, газ факторы)





6

Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу туралы есептерді беру тәртібін және мерзімдерін сақтау





2. Көмірсутек шикізатын барлауды жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты

7

Жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы жобалау құжаттарында көзделген көрсеткіштерді және жобалау шешімдерін орындау





8

Геологиялық бөлу шегінде барлау жүргізу





9

Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу туралы есептерді беру тәртібін және мерзімдерін сақтау





3. Жерасты сулары мен емдік балшықты барлауды және өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты

10

Іздестіру жұмыстары жобасының, бағалау жұмыстары жобасының, тәулігіне екі мың текше метр және одан да көп көлемдегі өндірістік-техникалық жерасты суларын барлауға және өндіруге рұқсаттың, кен орнын өнеркәсіптік игеру жобасының болуы





11

Жер қойнауын зерттеу және пайдалану саласындағы жобалау құжаттарында көзделген көрсеткіштерді және жобалау шешімдерін орындау





12

Бақылау ұңғымаларының режимдік желісінің болуы





13

Су жинау ұңғымаларында жерасты суларының (дебитін, деңгейін, температурасын және химиялық құрамын) мемлекеттік мониторингі талаптарын сақтау





4. Қатты және кең таралған пайдалы қазбаларды барлауды және өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты

14

Іздестіру немесе бағалау жұмыстарын жүргізу кезінде іздестіру жұмыстары жобасының, бағалау жұмыстары жобасының, тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру жобасының болуы





15

Геологиялық бөлу шегінде барлау жүргізу





16

Геологиялық барлау жұмыстарын жобалау құжаттарына сәйкес жүргізу





17

Зерттелетін жер қойнауын пайдалану объектісіне сәйкес барлау желісінің тығыздығын және барлаудың таңдап алынған техникалық құралдарын сақтау





18

Геологиялық құжаттаманың орындалуы (сынап көру жоспарларының, геологиялық карталардың және олардың бөліктерінің, кен денелерінің, аймақтардың геологиялық контурларын енгізу, тау-кен барлау қазбаларының суреттемесі)





5. Қатты және кең таралған пайдалы қазбаларды өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушыларға қатысты

19

Өндіру жұмыстарын жүргізген кезде кен орындарын өнеркәсіптік игеру, пайдалы қазбалар жатқан алаңдарға құрылыс салуға рұқсат беру жобасының болуы





20

Тау-кендік бөлу шегінде өндіру жүргізу





21

Кен орнын игерудің мынадай жобалау шешімдерін сақтау:
келісімшарттық аумақ шеңберінде келісімшарттың қолданыс мезімі шегінде пайдалы қазбаны өндіру көлемімен және оның сапа көрсеткіштерімен тау-кендік жұмыстардың күнтізбелік кестесі;
қорларды өндіру кезектілігі тәртібі;
пайдалы қазбалар кен орындарын ашу тәсілдері мен игеру жүйелері;
Мына жобалау көрсеткіштерін сақтау:
аршу көлемдері;
өндіру көлемдері;
күрделі тау-кендік, тау-кен-даярлық, кесу, пайдалану-барлау және толтыру жұмыстарының көлемі;
аршылған, дайындалған және қазып алуға дайын пайдалы қазбалар қорлары нормативтері;
шығындар мен құнарсыздану нормативтері;
өндіру кезіндегі еңістік бұрыштары (игеру кезінде, айналыстан шыққан кезде)





22

Мыналардың:
пайдалы қазбалар қорларын, шығындары мен құнарсыздануын бастапқы және жиынтық есепке алу негізінде қорлардың жыл сайынғы есептік теңгерімінің;
шығындар мен құнарсыздануды есепке алудың;
геологиялық және маркшейдерлік құжаттаманың;
пайдалы қазбалар қорларының жай-күйі мен қозғалысын есепке алуды, шығындар және құнарсыздану көрсеткіштерінің нақты орындалуын және тау-кендік жұмыстардың жай-күйін көрсететін паспорттың;
барлық техногендік минералдық түзілімдерді, қалдықтар мен өңдеу өнімдерін (қалдық және шлам қоймалары, таусылған кен, жыныстар, қож үйінділері) есепке алудың және паспорттаудың болуы және оның жүргізілуі бойынша талаптардың болуы және оларды сақтау .





      Лауазымды адам (дар)

      ____________________________________________________________________

      (лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      ____________________________________________________________________

      (лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      Тексерілетін субъектінің басшысы

      ____________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы) (қолы)