Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 269 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 5 наурызда № 16502 болып тіркелді.

Жаңартылған

      Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру қағидаларын бекіту туралы

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) бекітілсін.

      2. Банктер (ұлттық даму институты болып табылатын, акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі банкті қоспағанда) және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап бір ай ішінде Қағидаларға сәйкес Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесін әзірлесін және бекітсін.

      3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

      4. Бухгалтерлік есеп департаменті (Рахметова С.К.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 5-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      5. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.

      7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Ұлттық Банк Төрағасы       Д. Ақышев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      _________________ Б. Сұлтанов

      2018 жылғы 20 ақпан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігінің

      Статистика комитетінің Төрағасы

      __________________ Н. Айдапкелов

      2018 жылғы 20 ақпан

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2017 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 269 қаулысымен
бекітілген

      Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру қағидалары

      1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексіне, "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және банктер (ұлттық даму институты болып табылатын, акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі банкті қоспағанда), Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктерінің филиалдары және банктік қарыз операцияларын жүргізуге арналған лицензияның негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі – қаржы ұйымдары) үшін халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 11.02.2021 № 20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) ақшаны толық алмау – шартқа сәйкес қаржы ұйымына тиесілі ақша ағындары және қаржы ұйымы алуды күтіп отырған ақша ағындары арасындағы айырма;

      2) берешек – қарыз алушы өтемеген, қарыз шартының талаптарына сәйкес негізгі борыш, есептелген сыйақы және (немесе) өзге төлемдер түріндегі талаптың сомасы;

      3) біртекті қаржы активтері – кредиттік тәуекелдің сипаттамаларына ұқсас сипаттамалары бар қаржы активтерінің тобы;

      4) дефолт – төлеу мерзімі күнтізбелік тоқсан күннен өтіп кеткен мерзімі өткен төлемнің (төлемдердің) болуы не осы тармақшада көзделген бір немесе бірнеше жағдайдың болуы. Дефолтты айқындау мақсаттары үшін қаржы ұйымы мынадай жағдайларды қабылдайды:

      қарыз алушының қаржылық жағдайының нашарлауына байланысты қарыз бойынша сыйақыны есептеуді тоқтата тұру;

      қарыз берілген сәттен бастап кредиттік тәуекелдің айтарлықтай ұлғаюынан қарыз алушы берешегінің бір бөлігін және (немесе) бүкіл сомасын есептен шығару;

      қарыздарды айтарлықтай дисконтпен сату;

      қарыз алушының қаржылық жай-күйінің нашарлауына байланысты қарызды қайта құрылымдау;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарыз алушыны банкрот деп тану туралы талап-арыз беру;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарыз алушының өзін банкрот деп тану туралы сотқа өтініш жасауы;

      9 "Қаржы құралдары" халықаралық қаржылық есептілік стандартына (бұдан әрі – 9 ХҚЕС) сәйкес келетін және Қағидаларға сәйкес бекітілген Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесінде көзделген өзге жағдайлар.

      Қарыз алушының қаржылық жай-күйінің нашарлауы деп төменде көрсетілген жағдайлардың бірінің немесе бірнешеуінің туындауы түсініледі:

      қарыз алушының қаржы ұйымының алдында күнтізбелік отыз және одан көп мерзімдегі мерзімі өткен міндеттемелері бар;

      қарыз алушыда мерзімі өткен міндеттемелер жоқ және қаржы ұйымында қарыз алушының оған қарыз бойынша жеңілдік жағдайлары берілмей өз міндеттемелері бойынша ақы төлеу мерзімдерін бұзуға жол бергені туралы негізделген және растайтын ақпарат бар;

      егер қарыз алушы қор биржасында тіркелген бағалы қағаздардың эмитенті болып табылса және осындай бағалы қағаздар бағалы қағаздар шығарылымын жою рәсімінен өтетін не өткен;

      қарыз алушының қаржылық жай-күйін нақты көрсеткіштерін бағалау негізінде қаржы ұйымы қарыз алушының ақша ағындарының қаржы ұйымының алдындағы шарттық міндеттемелерін (негізгі борышты және сыйақыны қоса алғанда) өтеу үшін жеткіліксіз болатынын болжайды;

      қаржы ұйымы Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесіне қосымша болып табылатын ішкі рейтингтік модельге сәйкес қарыз алушының қаржылық жай-күйінің нашарлағанын бағалады;

      5) жеке қаржы активі – жалпы баланстық құны есепті күні қаржылық есептіліктің деректеріне сәйкес меншікті капиталдың 0,2%-нан (нөл бүтін оннан екі пайызынан) асатын, бірақ кемінде елу миллион теңге болатын қаржы активі немесе өзара байланысты тарапқа қойылатын талапты білдіретін қаржы активі.

      Қаржы ұйымының осы тармақшада көзделген өлшемшарттарға қосымша қаржы активін жеке активтерге жатқызуға арналған қосымша өлшемшарттарды белгілеуіне жол беріледі.

      Қаржы ұйымының қаржы активінің жалпы баланстық құнының меншікті капиталға өзге, бірақ меншікті капиталдың 0,2%-нан (нөл бүтін оннан екі пайызынан) аспайтын арақатысын айқындауына жол беріледі.

      Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары үшін меншікті капитал деп бас офис шотының, резервтердің және Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы қызметінің сомасы түсініледі;

      6) контрагент – шарт бойынша қаржы ұйымы болып табылмайтын, осы шарт бойынша провизиялар (резервтер) қалыптастыратын тұлға;

      7) кредиттік-құнсызданған қаржы активі – 9 "Қаржы құралдары" халықаралық қаржылық есептік стандарттың (бұдан әрі – 9 ХҚЕС) өлшемшарттарына сәйкес келетін құнсыздану белгілері анықталған қаржы активі;

      8) кредиттік скоринг – қарыз алушының кредитке қабілеттілігін сапалық және сандық сипаттамаларға негізделген бағалау;

      9) қаржы активінің амортизациялық құны – минус борыштың негізгі сомасының есебіне төлемдер, плюс/минус тиімді пайыздық мөлшерлеме әдісін пайдалана отырып есептелген дисконттың/сыйлықақының жинақталған амортизациясының шамасы бастапқы тану кезінде қаржы активі бағаланатын және зиянға арналған бағалау резервін есептей отырып түзетілген сома;

      10) қаржы активінің жиынтық баланстық құны – қаржы активінің зиянға арналған бағалау резервінің көлеміне түзетілгенге дейінгі амортизацияланған құны;

      11) қарызды қайта құрылымдау – төменде аталған жағдайлардың кез келгеніне сәйкес қарыз алушының (қоса қарыз алушының) қарызға қызмет көрсету бойынша орын алып отырған немесе күтілетін қиындықтарын шешу мақсатында қарыз шартың тәртібін және талаптарына кез келген өзгерту:

      қарыз бойынша төлемдер кестесін өзгерту, оның ішінде негізгі борышты және (немесе) сыйақыны өтеу үшін қарыз бойынша төлемдер бойынша жеңілдік кезеңін беру не ұзарту; қарыз мерзімін келесі ұзарту; қарыз бойынша бір немесе одан көп төлемді кейінге қалдыру; қарыз бойынша негізгі борышты және (немесе) сыйақыны есептен шығару немесе кешіру; сыйақы бойынша мерзімі өткен төлемдерді капиталдандыру; сыйақы бойынша мерзімі өткен берешекті капиталдандыра отырып қарыз валютасын бір валютадан басқасына өзгерту (конвертациялау);

      қаржы ұйымындағы, оның ішінде басқа қаржы ұйымдарындағы қарыз бойынша мерзімі өткен берешекті төлеу үшін жаңа қарыз беру;

      қарыз бойынша мерзімі өткен берешек болған жағдайда кредиттік лимитті ұлғайту;

      қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесін төмендету;

      қарыз алушының қаржы ұйымына берілген кепіл мүлкі есебінен берешек сомасын өтеу нәтижесінде қарыз бойынша берешекті төмендету;

      12) негізделген және расталатын ақпарат – кемінде бес жыл кезеңдегі өткен оқиғалар, ағымдағы сапалық және сандық көрсеткіштер және болашақтағы экономикалық сапалық және сандық көрсеткіштердің болжамдары туралы ақпаратты қоса алғанда, аса көп шығынсыз немесе күш салмай есепті күнгі жағдай бойынша негізделген түрде қолжетімді болып табылатын ақпарат. Кемінде бес жыл кезеңдегі, есепті күнгі жағдай бойынша негізделген түрде қолжетімді болып табылатын ақпарат болмаған кезде қаржы ұйымына неғұрлым қысқа кезеңдегі ақпаратты кейіннен кемінде бес жыл кезеңдегі өткен оқиғалар туралы ақпаратты жинақтау шартымен пайдалануына рұқсат етіледі. Жеке қаржы активтері бойынша соңғы үш жылдағы не қаржы ұйымы операциялық қызметті үш жылдан аз жүзеге асырған жағдайда одан аз кезеңдегі контрагенттің қаржылық жай-күйінің мониторингі негізінде болжамдық ағындарды құруға жол беріледі;

      13) провизиялар (резервтер) – қаржы активінің амортизацияланған құны бойынша және басқа да жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын қаржы активтері бойынша күтілетін және орын алып отырған кредиттік зиян үшін құрылатын бағалау резерві, сондай-ақ міндеттемелердің талаптары бойынша күтілетін кредиттік зиянға қатысты бағалау міндеттемесі;

      14) сатып алынған немесе құрылған кредиттік-құнсызданған қаржы активі – бастапқы тану сәтінде құнсыздану туралы растама болған, сатып алынған немесе құрылған қаржы активі;

      15) уәкілетті орган – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган;

      16) шартты міндеттемелер – бұл өтелмеген, кепілдік берумен шығарылған немесе расталған ықтимал міндеттемелер;

      17) ішкі рейтингтік модель – қарыз алушының кредитке қабілеттілігін бағалау моделі.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.11.2019 № 230 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 11.02.2021 № 20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2-тарау. Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру

      3. Провизиялар (резервтер) 9 ХҚЕС-ке және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес құрылады.

      4. 9 ХҚЕС-ке және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес құрылған провизиялар (резервтер) бойынша шығыстар Қағидаларға сәйкес уәкілетті органмен келісілген Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесі негізінде айқындалады.

      5. Қаржы активтер шартты міндеттемелер біртекті және жеке болып жіктеледі.

      Жеке қаржы активтері бойынша провизиялар (резервтер) әрбір жеке қаржы активі бойынша бөлек есептелінеді.

      Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесіне сәйкес құнсыздану белгілері жоқ жеке қаржы активтері бойынша Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесінде белгіленген кредиттік тәуекелдің жалпы сипаттамалары бойынша топтастырылу жүзеге асырылады және провизиялар (резервтер) Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесінде белгіленген тәртіпке сәйкес есептелінеді.

      Біртекті қаржы активтері, шартты міндеттемелер Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесінде айқындалған кредиттік тәуекелдің жалпы сипаттамалары негізінде топтастырылады.

      6. Кредиттік тәуекелдің өзгеруіне және қаржы активтері бойынша құнсыздану белгілерінің болуына байланысты провизиялар (резервтер):

      1) Қағидалардың 8-тармағына сәйкес он екі айлық күтулі кредиттік зиянға тең сомада;

      2) Қағидалардың 9-тармағына сәйкес қаржы активі бойынша бүкіл мерзімге күтулі кредиттік зиянға тең сомада;

      3) Қағидалардың 14-тармағына сәйкес қолда бар кредиттік зиянға тең сомада қалыптастырылады.

      7. Қаржы активін, шартты міндеттемені бастапқы тану кезінде және бағалау күні (бірақ тоқсан сайын кемінде бір рет) жеке қаржы активтері, шартты міндеттемелер ретінде жіктелген қаржы активтері, шартты міндеттемелер бойынша жеке негізде және біртекті қаржы активтері, шартты міндеттемелер ретінде жіктелген қаржы активтері, шартты міндеттемелер бойынша топтастырылған негізде қаржы активінің, шартты міндеттеменің қолданылуының күтулі мерзімі ішінде дефолттың басталу тәуекелі айқындалады.

      8. Егер есепті күнгі жағдай бойынша Қағидалардың 7-тармағын ескере отырып есептелген қаржы активі, шартты міндеттеме бойынша кредиттік тәуекел бастапқы тану сәтінен бастап айтарлықтай ұлғаймаса, қаржы ұйымы осы қаржы активі, шартты міндеттеме бойынша провизиялардың (резервтердің) мөлшерін есепті күннен бастап он екі айлық күтулі кредиттік зиянға тең сомада бағалайды.

      9. Есепті күнгі жағдай бойынша қаржы ұйымы, егер Қағидалардың 7-тармағын ескере отырып есептелген дефолттың басталу тәуекелін қамтитын кредиттік тәуекел осы қаржы активі, шартты міндеттеме бойынша бастапқы тану сәтінен бастап айтарлықтай ұлғайса, қаржы активі, шартты міндеттеме бойынша провизиялардың (резервтердің) мөлшерін бүкіл мерзім үшін күтулі кредиттік зиянға тең сомада бағалайды.

      10. Кредиттік тәуекелдің ұлғаюы мынадай түрде айқындалады:

      1) Қағидалардың 7-тармағына сәйкес есептелген қаржы активі бойынша дефолттың басталу тәуекелін бастапқы тану күнгі дефолттың басталу тәуекелімен салыстыру арқылы қаржы активінің күтулі қолданылу мерзімі ішінде дефолттың басталу тәуекелінің өзгеруі бағаланады;

      2) шамадан тыс шығындар мен күштерсіз қолжетімді дәлелді және расталған ақпарат талданады, ол бастапқы тану сәтінен бастап кредиттік тәуекелдің айтарлықтай ұлғаюын көрсетеді.

      Жеке қарыздар бойынша кредиттік тәуекелдің айтарлықтай ұлғаюы төменде аталған бір немесе бірнеше жағдайдың болуы болып табылады:

      1) белгіленген қаржы активі немесе қолданылудың осындай күтулі мерзімі бар осындай қаржы активтері үшін кредиттік тәуекелдің сыртқы нарықтық көрсеткіштерінің айтарлықтай өзгеруі;

      2) контрагенттің ішкі немесе сыртқы кредиттік рейтингінің нақты немесе күтулі (дәлелді және расталған ақпарат негізінде) төмендеуі не ішкі мақсаттар үшін кредиттік тәуекелді талдау үшін пайдаланылатын кредиттік скоринг бойынша контрагенттің рейтингінің азаюы;

      3) контрагент үшін шартта көзделген жоспарлы төлемдерді жүзеге асыруға экономикалық ынталандыруды ұсынатын міндеттеме немесе кепілдіктер мен тетіктер сапасы бойынша қамтамасыз ету құнының айтарлықтай өзгеруі, олар, күтіп отырғандай, контрагент үшін шартта көзделген жоспарлы төлемдерді жүзеге асыруға экономикалық ынталандыруды азайтады немесе өзгеше түрде дефолттың басталу ықпалдылығына әсер етеді;

      4) төлемдердің күнтізбелік отыз күннен және одан астам мерзімі өткен мерзімінің болуы;

      5) 9 ХҚЕС-ке сәйкес келетін және Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесінде көзделген кредиттік тәуекелдің айтарлықтай ұлғаюының өзге де белгілері.

      Кредиттік тәуекелді ұлғайтудың маңыздылығы Қағидалардың талаптарын ескере отырып, Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесінде белгіленеді.

      11. Қаржы активі (қаржы активтері) бойынша күтілетін кредиттік зиян кредиттік зиянды бағалау мүмкіндігін ескере отырып сараланған, яғни қаржы активінің (қаржы активтерінің) бүкіл күтілетін қолданыс мерзімі ішінде барлық толық алынбаған ақшаның келтірілген құны болып табылады.

      Қаржы активі (қаржы активтері) бойынша күтілетін кредиттік зиян Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес күтілетін кредиттік зиянды есептеу формуласы бойынша есептеледі және төмендегілерді:

      1) ықтимал нәтижелердің диапазонын бағалау арқылы белгіленген, ықтималдығы ескерілген бейтарап және сараланған соманы;

      2) ақшаның уақытша құнын;

      3) шамадан тыс шығындарсыз немесе күш-жігерсіз есепті күнде қолжетімді болатын болжамды макроэкономикалық ақпаратты қоса алғанда, өткен оқиғалар, ағымдағы сапалы және сандық көрсеткіштер және болашақ экономикалық сапалы және сандық көрсеткіштердің болжамы туралы негізделген және расталған ақпаратты көрсететін тәсілмен бағаланады.

      Қаржы ұйымының Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес күтілетін кредиттік зиянды есептеу формуласында көзделген көрсеткіштер Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесіне сәйкес осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінің талаптарына сәйкес келген жағдайда күтілетін кредиттік зиянды есептеу формуласын өзгертуіне және (немесе) толықтыруына жол беріледі.

      12. Қаржы активі ( қаржы активтері) бойынша кредиттік зиян шартта көзделген қаржы ұйымына шарт бойынша тиесілі ақша ағындары мен қаржы ұйымы алуды күтіп отырған ақша ағындары арасындағы келтірілген соманы білдіреді.

      13. Он екі айлық күтілетін кредиттік зиян Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес он екі айлық күтілетін кредиттік зиянды есептеу формуласы бойынша есептеледі және бүкіл мерзімі ішіндегі күтілетін кредиттік зиянның бір бөлігі болып табылады және осындай дефолттың болу ықтималдығын ескере отырып сараланған, дефолт есепті күннен кейін он екі ай ішінде (не егер қаржы активінің күтілетін қолданыс мерзімі он екі айдан кем болса, неғұрлым қысқа кезең ішінде) болған кезде орын алатын ақшаны толық алмауды білдіреді.

      Қаржы ұйымының Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес он екі айлық күтілетін кредиттік зиянды есептеу формуласында көзделген көрсеткіштер Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесіне сәйкес осы тармақтың бірінші бөлігінің талаптарына сәйкес келген жағдайда он екі айлық күтілетін кредиттік зиянды есептеу формуласын өзгертуіне және (немесе) толықтыруына жол беріледі.

      14. Сатып алынған немесе құрылған кредиттік құнсызданған қаржы активі болып табылмайтын, есепті күндегі жағдай бойынша жеке кредиттік құнсызданған қаржы активі бойынша кредиттік зиян қаржы активінің жалпы баланстық құны мен қаржы активі бойынша бастапқы тиімді пайыздық мөлшерлемені пайдалана отырып дисконтталған болашақ ақша ағындарының келтірілген құны арасындағы айырма ретінде бағаланады.

      Болашақ ақша ағындарының келтірілген құны Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес болашақ ақша ағындарының келтірілген құны формуласы бойынша есептеледі.

      15. Кредиттік құнсызданған қаржы активі контрагент қаржы активінің жалпы баланстық құнының провизияларды (резервтерді) қалыптастыру күні қаржы активі кредиттік құнсызданған қаржы активтері санатына өткен кездегі берешек сомасына тең немесе одан төмен деңгейге дейін төмендеуіне әкелетін берешекті өтеген және бағалау күні Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесінде белгіленген қаржы активінің құнсыздану белгілері негізінде құнсыздануды объективті түрде растайтын оқиғалар болмаған жағдайда, кредиттік тәуекелдің айтарлықтай ұлғаю белгілері бар қаржы активтері санатына өтеді.

      Кредиттік тәуекелдің айтарлықтай ұлғаю белгілері бар қаржы активі контрагент қаржы активінің жалпы баланстық құнының провизияларды (резервтерді) қалыптастыру күні қаржы активі кредиттік тәуекелдің айтарлықтай ұлғаю белгілері бар қаржы активтері санатына өткен кезде берешек сомасына тең немесе одан төмен деңгейге дейін төмендеуіне әкелетін берешекті өтеген және провизияларды (резервтерді) қалыптастыру күні кредиттік тәуекелдің айтарлықтай ұлғаюы болмаған жағдайда, Қағидалардың 8-тармағына сәйкес провизиялар (резервтер) он екі айлық күтілетін кредиттік зиянға тең сомада қалыптастырылатын қаржы активтері санатына өтеді.

      16. Жеке қаржы активі бойынша құнсызданудың объективті растамасы болып табылатын төмендегі бір немесе бірнеше оқиғалардың болуы бағаланады:

      1) контрагенттің айтарлықтай қаржылық қиындықтары туралы негізделген және расталған ақпараттың болуы;

      2) контрагенттің негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша күнтізбелік алпыс күннен асатын мерзімі өткен берешектің болуы;

      3) қарызды контрагенттің соңғы он екі ай ішінде бір және одан көп рет қаржылық қиындықтарына байланысты қайта құрылымдау;

      4) банктік және өзге операцияларды жүргізуге лицензиядан айыру не тоқтата тұру туралы ақпаратты, сондай-ақ контрагенттің еңбек қызметінің немесе кәсіпкерлік қызметінің болмауы туралы ақпаратты қоса алғанда, контрагентке Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесіне сәйкес айқындалатын айтарлықтай материалдық зиян келтірген немесе оған өзінің қызметін жалғастыруға мүмкіндік бермейтін төтенше және (немесе) өзге де жағдайлар туралы негізделген және расталған ақпараттың болуы;

      5) негізделген және расталған ақпарат негізінде контрагенттің банкроттыққа ұшырауының, қайта ұйымдастырылуының және (немесе) контрагенттің қаржылық жай-күйін нашарлатуы мүмкін сот қарауына тартылуының жоғары ықтималдығы туралы негізделген және расталған ақпарат;

      6) контрагенттің қайтыс болуы;

      7) 9 ХҚЕС-те көзделген және Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесінде белгіленген өзге де оқиғалар.

      17. Күтілетін кредиттік шығындарды есептеу кезінде қаржы ұйымы екі жылдан кем емес кезеңде кепіл мүлікті сату туралы растайтын ақпаратты ескереді. Күтілетін кредиттік шығындарды есептеу үшін кепіл мүлкін сату туралы растайтын ақпарат болмаған кезде қаржы ұйымы өтімділік коэффициенттерін қамтамасыз ету құнына мынадай тәртіпте қолданады:

      1) тұрғын және (немесе) коммерциялық жылжымайтын мүлік, оның ішінде жер телімдері түріндегі қамтамасыз ету – 0,7;

      2) көлік құралдары түріндегі қамтамасыз ету – 0,5;

      3) жабдық, тауар-материалдық құндылықтар, сатуға дайын өнім түріндегі қамтамасыз ету – 0,4;

      4) екінші деңгейдегі банк не Қазақстан Республикасының Standard & Poor's агенттігінің тәуелсіз рейтингінен төмен емес рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің ұқсас деңгейдегі рейтингі бар заңды тұлға не квазимемлекеттік сектор субъектісі берген кепілдіктерді қоспағанда, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың кепілдіктері түріндегі қамтамасыз ету – 0;

      5) мүлік түріндегі, оның ішінде болашақта келіп түсетін ақша түріндегі қамтамасыз ету – 0;

      6) өтімділігі жоғары бағалы қағаздар түріндегі қамтамасыз ету – 0,95;

      7) екінші деңгейдегі банк; Қазақстан Республикасының Standard & Poor's агенттігінің тәуелсіз рейтингінен төмен емес рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің ұқсас деңгейдегі рейтингі бар заңды тұлға; квазимемлекеттік сектор субъектісі берген кепілдіктер түріндегі қамтамасыз ету – 1;

      8) ақша түріндегі қамтамасыз ету – 1.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілмеген, олар бойынша екі жылдан кем емес кезеңде кепіл мүлікті сату туралы растайтын ақпарат жоқ қамтамасыз етудің өзге де түрлері бойынша қаржы ұйымының күтілетін кредиттік шығындарды есептеу кезінде Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесінде көзделген қамтамасыз ету құнына өтімділік коэффициенттерін, бірақ 0,7-ден аспайтын мөлшерде қолдануға рұқсат беріледі. Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесінде көзделмеген қамтамасыз ету түрлері бойынша нөлге тең өтімділік коэффициенті қолданылады.

      18. Шартты міндеттемелер бойынша күтілетін кредиттік шығындар қаржы ұйымы қаржы құралын ұстаушыдан, борышкерден не кез келген басқа тараптан алуды күтетін сомаларды шегергенде, қаржы құралын ұстаушы көтеретін кредиттік шығындарды оған өтейтін күтілетін төлемдерді білдіреді. Бұл тармақ активтері жеке негізде бағаланатын қарсы агенттердің шартты міндеттемелеріне қатысты қолданылады.

      19. Есепті күні сатып алынған немесе құрылған кредиттік-құнсызданған қаржы активі (қаржы активтері) бойынша қаржы ұйымы шығынға бағалау резерві ретінде тек барлық мерзімге күтілетін кредиттік шығындардың өзгерістерін бастапқы кезде таныған сәттен бастап жинақталғандарын ғана таниды.

      Мерзімі үш жылдан асатын және өтелуі бір мезгілде негізгі борыштың 50%-нан (елу пайызынан) астам және сыйақының 50%-нан (елу пайызынан) астам қарыздар қарыздың соңғы жылы жүзеге асырылып, сатып алынған немесе құрылған кредиттік-құнсызданған қаржы активтеріне жатады. Мұндай қарыздар өзара байланысты тараптардың не өзара байланысты тараптардың міндеттемелері бойынша үшінші тұлғалардың пайдасына берілген қаржы активі ретінде танылады.

      20. Қарыздар бойынша провизиялардың (резервтердің) сомаларын анықтау қорытындысы бойынша салық кезеңінің соңында корпоративтік табыс салығы бойынша қаржы ұйымы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша провизиялардың (резервтердің) мөлшері жөніндегі тіркелімді жылына бір реттен көп емес толтырады.

      Салық кезеңі ішінде корпоративтік табыс салығы бойынша қаржы ұйымы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша провизиялардың (резервтердің) мөлшері жөніндегі тіркелімді электрондық түрде толтырады және сақтайды және мемлекеттік органдардың сұратуы бойынша қағаз және электрондық тасымалдағыштарда ұсынады.

      21. Қаржы ұйымы әрбір есепті күні қаржы активі және шартты міндеттеме бойынша провизиялардың (резервтердің) мөлшерін бағалайды.

      22. Есепті күні есептелген Қағидаларға сәйкес құрылған провизиялар (резервтер) мөлшерін қаржы ұйымы әрбір айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей бухгалтерлік есепте және қаржылық есептілікте көрсетеді.

      23. Кредиттік-құнсызданған қаржы активтерінің санатына жатқызылған қаржы активтері және 9 ХҚЕС-ке бастапқы өткен кезде кредиттік тәуекелдің айтарлықтай ұлғаюы орын алған қаржы активтері бойынша Қағидаларға сәйкес құрылатын провизиялардың (резервтердің) жиынтық мөлшері 39 "Қаржы құралдары: тану және өлшеу" халықаралық қаржылық есептілік стандартына сәйкес осы қаржы активтері бойынша провизиялардың (резервтердің) жиынтық деңгейінен асады немесе оған тең болады.

      3-тарау. Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесі

      24. Қаржы ұйымы Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесін Қағидаларға сәйкес әзірлейді.

      Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесін, сондай-ақ Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесіне енгізілетін өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды қаржы ұйымының немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы үшін) атқарушы органы бекітеді.

      Банктік және өзге де операцияларды жүргізуге лицензияны Қағидалар қолданысқа енгізілген күннен кейін алған қаржы ұйымдары банктік және өзге де операцияларды жүргізуге лицензия алған күннен бастап бір ай ішінде Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесін әзірлейді және бекітеді.

      Ескерту. 24-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 11.02.2021 № 20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      25. Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесіне мыналар кіреді:

      1) қаржы ұйымының провизиялардың (резервтердің) мөлшерін айқындау барысына қатысатын құрылымдық бөлімшелерінің, олардың функционалдық міндеттері сипаттала отырып, сондай-ақ қаржы ұйымының құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-әрекет етуі бизнес-процестерінің тізбесі;

      2) қаржы активінің құнсыздану, оның ішінде төтенше жағдай және (немесе) өзге де жағдайлар салдарынан қарсы агентке келтірілген айтарлықтай материалдық зиянды айқындайтын белгілерінің нақты тізбесі;

      3) қаржы активтерін, шартты міндеттемелерді жеке қаржы активтеріне, шартты міндеттемелерге жатқызудың қаржы ұйымы белгілейтін өлшемшарттары және оларды айқындау және есеп айырысуларын белгілеу тәртібінің толық сипаттамасы;

      4) қаржы активтерін, шартты міндеттемелерді кредиттік тәуекелдің жалпы сипаттамалары бойынша топтастыру өлшемшарттары;

      5) біртекті және жеке қаржы активтері, қамтамасыз етілген, сол сияқты қамтамасыз етілмеген шартты міндеттемелер бойынша провизиялар (резервтер) мөлшерін айқындаудың, оның ішінде дисконтымен қарыз сатудың маңыздылығы айқындалған дефолт ықтималдығын есептеудің егжей-тегжейлі тәртібі, дефолт болған жағдайда залал деңгейінің, тәуекелге ұшырағыш дефолт талаптарының, болашақ ақша ағындарының келтірілген құнын дисконттау факторының, болашақ ақша ағындары болжамының, қамтамасыз ету құнына өтімділік коэффициентінің және күтілетін және (немесе) бар кредиттік шығындарды есептеуге қатысатын басқа да құраушы формулалардың жан-жақты тәртібі;

      6) провизиялар (резервтер) мөлшерін есептеу кезеңділігі;

      7) кредит тәуекелі ұлғайған және (немесе) азайған және қарсы агенттің ықтимал банкрот болуын және қайта ұйымдастырылуын бағалаған кезде кредит тәуекелінің айтарлықтай ұлғаюын айқындау өлшемшарттары;

      8) дефолтты айқындау және дефолттың туындау тәуекелін айқындау (есептеу) тәртібі;

      9) күтілетін кредиттік шығындардың ықтимал сценарийлерінің диапазонына талдау жүргізу тәртібі;

      10) күтілетін кредиттік шығындар бағаланатын кезеңді айқындау тәртібі;

      11) қарсы агенттің айтарлықтай қаржылық қиындықтарын нақты айқындау және оларды белгілеу (есептеу) тәртібі;

      12) кредиттік шығындарды бағалаған кезде пайдаланылатын статистикалық және макроэкономикалық ақпараттың дереккөздері;

      13) провизияларды (резервтерді) есептеу кезінде пайдаланылатын статистикалық ақпаратты жинау тәртібі.

      Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесінде осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген толық емес тізбелерді және (немесе) ақпаратты айқындауға жол берілмейді.

      Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесінде көрсетілмеген өзге дереккөздерге, құжаттарға, ақпараттарға және (немесе) негіздемелерге сілтемелерді Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесінде пайдалануға жол берілмейді.

      26. Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу мына бір немесе бірнеше негіз бойынша жүзеге асырылады:

      1) қаржы ұйымының провизиялардың (резервтердің) мөлшерін айқындау барсына қатысатын құрылымдық бөлімшелерінің Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесінде көрсетілген тізбесін және олардың функционалдық міндеттерін өзгерту;

      2) бекітілген Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесінің халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуі;

      3) Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесінің талаптарына сәйкес есептелген провизиялардың (резервтердің) шығындардың нақты сомаларына сәйкес келуіне жүргізілген тестінің нәтижелері;

      4) статистикалық және макроэкономикалық деректердің дереккөздерінің оларды болашақта қолдануға мүмкін болмайтындай өзгеруі (болашақта алуға мүмкін болмау);

      5) қаржы активтерінің, шартты міндеттемелердің қаржы ұйымы стратегиясының өзгеруіне байланысты кредиттік тәуекелдің ұқсас сипаттамалары бойынша топтастыруының өзгеруі;

      6) провизияларды (резервтерді) нақты есептеудің артуы және олардың мөлшерін айқындау, оның ішінде оларды автоматтандыру тәртібінің жақсаруы.

      27. Қаржы ұйымының немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы үшін) атқарушы органы бекіткен Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесінің және (немесе) Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесіне өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың көшірмелерін және Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесіне енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты қаржы ұйымы қаржы ұйымының немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы үшін) атқарушы органы Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесін және (немесе) Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды бекіткен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға ұсынады.

      Қаржы ұйымының немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы үшін) атқарушы органы бекіткен Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесінің және (немесе) Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесіне өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың көшірмелерін қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірмей қаржы ұйымына Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесіне және (немесе) Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесіне өзгерістерге және (немесе) толықтыруларға ескертулердің болмауы немесе болуы туралы хабарлама жібереді.

      Банк қызметі мәселелері бойынша бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру барысында уәкілетті орган қаржы ұйымына Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесіне және (немесе) Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесіне өзгерістерге және (немесе) толықтыруларға ескертулердің болмауы немесе болуы туралы хабарлама жібереді.

      Уәкілетті органның ескертулерін қаржы ұйымы осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде көзделген хабарламаларын алған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірмей жояды.

      Қағидалардың 26-тармағында көзделген бір немесе бірнеше негіз бойынша өзгертуге және (немесе) толықтыруға жататын Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесінің ережелері қаржы ұйымы уәкілетті органның ескертулерін жойғанға дейін, сондай-ақ оны халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келтіргенге дейін қолданылмайды.

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 11.02.2021 № 20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      28. Уәкілетті орган салық органдарының сұратуы бойынша осындай сұрату алынған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесінің, оған өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың келісілген көшірмелерін, сондай-ақ уәкілетті органның берілген ескертулері туралы ақпаратты ұсынады.

      29. Салықтық тексеру жүргізу кезінде уәкілетті орган салық органының сұратуы бойынша сұратуды алған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесіне және (немесе) Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесіне өзгерістерге және (немесе) толықтыруларға ескертулердің болмауы немесе болуы туралы хабарламаны ұсынады.


      Халықаралық қаржылық есептілік
стандарттарына және
Қазақстан Республикасының
бухгалтерлік есеп пен қаржылық
есептілік туралы заңнамасының
талаптарына сәйкес провизиялар
(резервтер) құру қағидаларына
1-қосымша

      Күтілетін кредиттік шығынды есептеу формуласы

      ECL =

PD*LGDt*EADt*Dt, мұндағы

      PD – дефолттың ықтималдылығы (%);

      LGDt – дефолт жағдайындағы залалдың деңгейі (%);

      EADt – дефолт тәуекеліне ұшыраған талаптар;

      Dt – дисконттау факторы;

      t – қаржы активі бойынша ақша ағындары болжанатын кезең.


      Халықаралық қаржылық есептілік
стандарттарына және
Қазақстан Республикасының
бухгалтерлік есеп пен қаржылық
есептілік туралы заңнамасының
талаптарына сәйкес провизиялар
(резервтер) құру қағидаларына
2-қосымша

      Он екі айға күтілетін кредиттік шығынды есептеу формуласы

      ECL =

PD12*LGDt*EADt*Dt, мұндағы

      PD12 – дефолттың ықтималдылығы (%);

      LGDt – дефолт жағдайындағы залалдың деңгейі (%);

      EADt – дефолт тәуекеліне ұшыраған талаптар;

      Dt – дисконттау факторы;

      t – қаржы активі бойынша ақша ағындары болжанатын кезең.


      Халықаралық қаржылық есептілік
стандарттарына және
Қазақстан Республикасының
бухгалтерлік есеп пен қаржылық
есептілік туралы заңнамасының
талаптарына сәйкес провизиялар
(резервтер) құру қағидаларына
3-қосымша

      Болашақ ақша ағындарының келтірілген құнының формуласы



      ,

      мұнда

      PV - болашақ ақша ағындарының келтірілген құны;

      CF - болашақ ақша ағындарының болжамы;

      r - пайыздың тиімді мөлшерлемесі;

      t – қаржы активі бойынша ақша ағындары болжанатын жылдар саны.


      Халықаралық қаржылық есептілік
стандарттарына және
Қазақстан Республикасының
бухгалтерлік есеп пен қаржылық
есептілік туралы заңнамасының
талаптарына сәйкес провизиялар
(резервтер) құру қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

      Провизиялардың (резервтердің) мөлшерлері бойынша тіркелім

Қарыз алушының атауы

Қарыз шартының сәйкестен-діру нөмірі

Шарттың нөмірі

Шарттың күні

Есепке алу ақпараттық жүйесіндегі қарыз шартының сәйкестендіру нөмірі

(бар болса)

Қарыздың берілген күні

Шарт бойынша соңғы төлемнің өтелген күні

Біртектілік белгісі:

(1-жеке; 2-біртекті)

Кредиттік тәуекел белгісі (A-1 қоржын; B-2 қоржын; C-3 қоржын)

Кредиттік тәуекелдің жалпы сипаттама-лары бойынша топтастыру белгісі

Жыл басындағы берешек

Провизиялар-дың (резервтердің) жыл басындағы сомасы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

      жалғасы

Талап ету құқығы мөлшерінің азаюы, оның ішінде:

Талап ету құқығы мөлшерінің ұлғаюы, оның ішінде:

Жыл соңындағы берешек

Дисконт/

Сыйлықақы

Активтің мөлшеріне әсер ететін өзге де көрсеткіштер (құндық көрсеткіш-пен)

Провизиялар- дың (резервтердің) жыл соңындағы сомасы

Қамтамасыз етудің жыл соңындағы құны

Кезең ішінде провизия-ларды (резерв-терді) азайтудан түскен кірістер

Провизия-ларды (резервтерді) құру бойынша кезең ішіндегі шығыстар

борышкердің талапты орындауы нәтижесінде

өзге негіздер бойынша

қарыз беру, сыйақы, өсімпұл, тұрақсыздық айыбын есептеу нәтижесінде

өзге негіздер бойынша

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

      Халықаралық қаржылық
есептілік стандарттарына және
Қазақстан Республикасының
бухгалтерлік есеп пен қаржылық
есептілік туралы заңнамасының
талаптарына сәйкес провизиялар
(резервтер) құру қағидаларына
5-қосымша

      Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

      Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 11.02.2021 № 20 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қайда ұсынылады: қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға

      Әкімшілік деректер нысаны www.finreg.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

      Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесіне енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат

      Әкімшілік деректер нысанының индексі: Н1-ЕДБ.

      Кезеңділігі: Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігіне қарай.

      Есепті кезең: 20__ "____" _______________ жағдай бойынша

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: банктер (акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұлттық даму институты болып табылатын банкті қоспағанда), Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары және банктік қарыз операцияларын жүргізуге арналған лицензияның негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар.

      Ұсыну мерзімі:

      банктің (акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұлттық даму институты болып табылатын банкті қоспағанда), Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы үшін) банктік қарыз операцияларын жүргізуге арналған лицензияның негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның атқарушы органы Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесіне өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды бекіткен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей.

      Нысан

      (мың теңгемен)

Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесінің тармағы, тармақшасы

Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізгенге дейінгі редакция

Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілгеннен кейінгі редакция

Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу негіздері және Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу негіздеріне түсініктемелер

Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесіне енгізілген өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың нәтижесінде провизиялар (резервтер) мөлшері өзгеруінің есептік бағалауы

1

2

3

4

5

6

1






2






3






      Атауы _________________________ Мекен-жайы ______________________________

      Телефон _______________________________

      Электрондық пошта мекен-жайы _____________________________

      Орындаушы ______________________                   _____________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)             телефон

      Бірінші басшы немесе ол есепке қол қоюға

      уәкілеттік берген адам ______________________________________ ________________

                              тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)                   қолы

      Провизияларды (резевтерді)
есептеу әдістемесіне енгізілген
өзгерістер және (немесе)
толықтырулар туралы ақпарат
нысанына
қосымша

      Әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме

      Провизияларды (резевтерді) есептеу әдістемесіне енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат

      (индексі: Н1-ЕДБ, кезеңділігі: Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігіне қарай)

      1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы әкімшілік деректер нысанын толтыру бойынша түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) "Провизияларды (резевтерді) есептеу әдістемесіне енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпарат" нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру жөніндегі бірыңғай талаптарды айқындайды.

      2. Нысан 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексі 1-бабының 2-1-тармағына, 250-бабының 1 және 3-тармақтарына және "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленген.

      3. Нысанды банк (акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұлттық даму институты болып табылатын банкті қоспағанда), Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы және банктік қарыз операцияларын жүргізуге арналған лицензияның негізінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде толтырады.

      4. Нысанды толтыру кезінде пайдаланылатын өлшем бірлігі мың теңгемен белгіленеді. Бес жүз теңгеден аз сома нөлге дейін дөңгелектенеді, ал бес жүз теңгеге тең және одан көп сома мың теңгеге дейін дөңгелектенеді.

      5. Нысанға бірінші басшы немесе ол есепке қол қоюға уәкілеттік берген адам және орындаушы қол қояды.

      2-тарау. Нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме

      6. 2-бағанды толтыру кезінде Провизияларды (резевтерді) есептеу әдістемесінің өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілетін құрылымдық элементі көрсетіледі.

      7. 3-бағанда Провизияларды (резевтерді) есептеу әдістемесі құрылымдық элементінің өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілгенге дейінгі редакциясы көрсетіледі.

      8. 4-бағанда Провизияларды (резевтерді) есептеу әдістемесі құрылымдық элементінің өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілгеннен кейінгі редакциясы көрсетіледі.

      9. 5-бағанда Провизияларды (резевтерді) есептеу әдістемесіне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігінің негізі көрсетіледі.

      10. 6-бағанда Провизияларды (резевтерді) есептеу әдістемесіне енгізілетін өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың нәтижесінде провизиялар (резервтер) мөлшерінің өзгеруін есептік бағалау деректері көрсетіледі.

      Халықаралық қаржылық
есептілік стандарттарына және
Қазақстан Республикасының
бухгалтерлік есеп пен қаржылық
есептілік туралы заңнамасының
талаптарына сәйкес провизиялар
(резервтер) құру қағидаларына
6-қосымша

      Нысан

      Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.11.2019 № 230 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесіне және (немесе) Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесіне өзгерістерге және (немесе) толықтыруларға ескертулердің болмауы немесе болуы туралы хабарлама

20__ жылғы "__" ___________

      Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган

      _____________________________________________________________________

      (қаржы ұйымның ұйымның мекенжайы)

      _____________________________________________________________________

      (қаржы ұйымның ұйымның атауы)

келтірілген кестеге сәйкес Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесіне және (немесе) Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесіне өзгерістерге және (немесе) толықтыруларға ескертулердің болмауы туралы


Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесіне және (немесе) Провизияларды (резервтерді) есептеу әдістемесіне өзгерістерге және (немесе) толықтыруларға ескертулердің болуы туралы хабарлайды


р/с

Құрылымдық элементтің нөмірі

Құрылымдық элементтің

редакциясы

Ескерту

Жою мерзімі


1.






2.










      Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау

      жөніндегі уәкілетті органның басшысы немесе басшысының орынбасары

      __________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

      Орындаушы ______________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы, телефоны)

      Хабарламаны алды _________________________________________________

      __________________________________________________________________

      (қаржы ұйымы қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы, күні)

      Хабарлама қаржы ұйымына жіберілді ________________________________

      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________

      (жіберу және (немесе) алу фактісін растайтын құжаттың атауы, күні, нөмірі)

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2017 жылғы 22 желтоқсандағы
№ 269 қаулысына
қосымша

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының күші жойылды деп танылған кейбір қаулыларының тізбесі

      1. "Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 ақпандағы № 65 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8670 болып тіркелген, 2013 жылғы 17 қазанда "Егемен Қазақстан" газетінде № 233 (28172) жарияланған).

      2. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 25 ақпандағы № 65 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 289 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9387 болып тіркелген, 2014 жылғы 22 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

      3. "Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 ақпандағы № 65 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 27 маусымдағы № 152 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14153 болып тіркелген, 2016 жылы 20 қыркүйекте "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).