"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы, "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Төлемдер және төлем жүйелері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасы қаулыларының тізбесі бекітілсін.
2. Төлем жүйелері департаменті (Ашықбеков Е.Т.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен (Сәрсенова Н.В.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін жіберуді;
3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
4) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы қаулының осы тармағының 2), 3) тармақшаларында және 3-тармағында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы (Терентьев А.Л.) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ж.Б. Құрмановқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк Төрағасы | Д. Ақышев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Әділет министрі
_______________ М. Бекетаев
2018 жылғы 12 ақпан
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
_______________ Т. Дүйсенова
2018 жылғы 16 қаңтар
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_______________ Б. Сұлтанов
2018 жылғы 18 қаңтар
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитетінің Төрағасы
_______________ Н. Айдапкелов
2018 жылғы 10 қаңтар
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 248 қаулысына қосымша |
Төлемдер және төлем жүйелері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасы қаулыларының тізбесі
1. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.10.2018 № 269 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
2-тармақтың күшін жою көзделген – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.11.2018 № 294 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. "Ішкі валюта нарығында шетел валютасына сұраныс пен ұсыныс көздерінің, сондай-ақ оны пайдалану бағыттарының мониторингін жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 27 шілдедегі № 221 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7913 болып тіркелген, 2012 жылғы 17 қазанда "Егемен Қазақстан" газетінде № 678-682 (27754) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы, "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулымен бекітілген Ішкі валюта нарығында шетел валютасына сұраныс пен ұсыныс көздерінің, сондай-ақ оны пайдалану бағыттарының мониторингін жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулықта:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Ішкі валюта нарығында шетел валютасына сұраныс пен ұсыныс көздерінің, сондай-ақ оны пайдалану бағыттарының мониторингін жүзеге асыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі – Нұсқаулық) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы, "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" 2005 жылғы 13 маусымдағы және "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленген.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Есептілікті жасау кезінде операцияларды жіктеу есептілік нысандарында көзделген нақтылау ескеріле отырып, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14365 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 203 қаулысымен бекітілген Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Есептіліктің нысандары мен ұсыну мерзімдері".
3. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктік сәйкестендіру кодтарын беруі, пайдалануы және күшін жоюы, сондай-ақ банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кодтарын және банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар филиалдарының кодтарын беру және күшін жою, олардың құрылымдары, Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың анықтамалығын қалыптастыру және жүргізу туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 236 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7960 болып тіркелген, 2012 жылғы 21 қарашада "Егемен Қазақстан" газетінде № 763-767 (27839) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктік сәйкестендіру кодтарын беруі, пайдалануы және күшін жоюы, сондай-ақ банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кодтарын және банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар филиалдарының кодтарын беру және күшін жою, олардың құрылымдары, Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың анықтамалығын қалыптастыру және жүргізу туралы нұсқаулықта:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Нұсқаулықта "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) банктің атауы – банктің (банк филиалының) толық атауы. Банктің құрылтай құжаттарына сәйкес қысқартылған атауды пайдалануға жол беріледі;
2) банк коды, банк филиалының коды – Ұлттық Банк банктерге және олардың филиалдарына беретін, үш цифрлық разрядтан тұратын бірегей нөмір;
3) банктердің анықтамалығы – банктердің жүйеге келтірілген, олардың банктік сәйкестендіру кодтары, банктердің кодтары, банктер филиалдарының кодтары және басқа деректемелері бар тізбесі;
4) банктік сәйкестендіру коды – ақша аудару не төлеу туралы нұсқауларды ұсыну кезінде, Ұлттық Банктің төлем жүйелерінің қатысушылары болып табылатын банктерді және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарды (бұдан әрі – банк) сәйкестендіруге арналған символдар қатары;
5) мәртебе – ағымдағы мәртебені анықтауға мүмкіндік беретін деректеме;
6) жеке сәйкестендіру коды – банктің Ұлттық Банкте ашылған корреспонденттік шотының тиісті нөмірі;
7) клиенттің түрі – жүзеге асыратын қызметінің негізгі түріне сәйкес топтасатын институционалдық бірлік.";
2, 3, 4, 5, 6 және 7-тараулардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Банктік сәйкестендіру кодын беру";
"3-тарау. Банк кодын және банк филиалының кодын беру";
"4-тарау. Банктік сәйкестендіру кодының, банк кодының және банк филиалы кодының күшін жою";
"5-тарау. Банктік сәйкестендіру кодының құрылымы";
"6-тарау. Банктер анықтамалығының құрылымы";
"7-тарау. Банктердің анықтамалығын жүргізу";
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"19. Ұлттық Банк алынған ақпараттың негізінде үш жұмыс күні ішінде Банктердің анықтамалығына өзгерістер енгізеді және электрондық байланыс арналары арқылы Ұлттық Банк төлем жүйесінің қатысушыларына, Ұлттық Банктің филиалдарына, сондай-ақ Орталыққа хабарламалардың кепілді жеткізілуін қамтамасыз етеді.".
4. "Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына ауыстыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 26 ақпандағы № 32 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9325 болып тіркелген, 2014 жылғы 25 сәуірде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына ауыстыру қағидаларында:
1, 2 және 3-тараулардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
"2-тарау. Зейнетақы аннуитеті шарты бойынша зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына ауыстыру тәртібі";
"3-тарау. Кастодиан банктің МТ 102 форматындағы төлем хабарламасын алғаннан кейінгі және Жөнелтуші қордың зейнетақы жинақтарын қайтарған кездегі іс-қимылдары";
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Жөнелтуші қордың кастодиан банкі салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына ауыстыруға Жөнелтуші қордың МТ 102 форматындағы төлем хабарламасын алған кезде Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14365 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 203 қаулысымен бекітілген Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларына (бұдан әрі – № 203 қағидалар) сәйкес айқындалған төлемдер белгілеу кодтарын көрсете отырып, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған салымшының (алушының) зейнетақы жинақтарын оған Жөнелтуші қор бастама жасаған күні сақтандыру ұйымына ауыстырады.";
13-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Сақтандыру ұйымының зейнетақы жинақтарын қайтаруына төлем тапсырмасын қалыптастыруы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14419 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларының, № 203 қағидалардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.";
4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"4-тарау. Қорытынды ережелер".
5. "Қазақстан Республикасы банктерінің құжаттамалық аккредитивтерімен операциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 199 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9948 болып тіркелген, 2014 жылғы 24 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы банктерінің құжаттамалық аккредитивтерімен операциялар жүргізу қағидаларында:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы банктерінің құжаттамалық аккредитивтерімен операциялар жүргізу қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы, "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі (бұдан әрі – Төлемдер және төлем жүйелері туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына, Халықаралық сауда палатасы қабылдаған Құжаттамалық аккредитив бойынша біріздендірілген дәстүрлерге және қағидаларға (International Chamber of Commerce, UCP Publication № 600) сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы банктерінің (бұдан әрі – банктер) құжаттамалық аккредитивтерімен операциялар жүргізу тәртібін реттейді.";
1 және 2-тараулардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
"2-тарау. Аккредитивті ашу тәртібі";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Аккредитив ашу үшін бұйрық беруші қызмет көрсететін банкке (эмитент банкке) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4602 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 23 ақпандағы № 49 қаулысымен бекітілген Кредиттеу жөніндегі құжаттамасын жүргізу ережесінде көзделген құжаттарды (Ұлттық Банкте аккредитивтер ашуды қоспағанда) және аккредитив ашуға арналған еркін нысандағы өтініштің екі данасын ұсынады. Өтініштің бірінші данасы аккредитив ашу үшін банкте қалады, қабылдағаны туралы белгі қойылған екінші данасы клиентке қайтарылады.";
мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
"5-1. Ұлттық Банк аккредитив ашуы үшін бұйрық беруші Ұлттық Банкке құжаттамалық аккредитивті қолдана отырып есеп айырысу нысанын пайдалануды көздейтін шарттың көшірмесімен қоса ашуға арналған еркін нысандағы өтінішті береді.";
3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"3-тарау. Аккредитивті орындау";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Бенефициардың пайдасына төлемді жүзеге асыру кезінде эмитент банк (орындаушы банк) аккредитив сомасына төлем құжатын қалыптастырады, оның орындалуы Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңда, "Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы" 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңында, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14419 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларында, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7701 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 154 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру қағидаларында белгіленген тәртіппен және талаптарды сақтай отырып жүргізіледі.";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Бенефициардың аударым вексельдерін (тратталарын) акцептеу немесе негоциациясы аккредитив талаптарына қарай "Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы" 1997 жылғы 28 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13071 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 261 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың аударым және жай вексельдермен операциялар жүргізуі қағидаларына сәйкес жүргізіледі.";
4-тарау алып тасталсын.
6. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 247 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10204 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидаларында:
1, 2 және 3-тараулардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
"2-тарау. Касса жұмысын ұйымдастыру";
"3-тарау. Кассалық операцияларды жасау";
36-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Монетарлық операцияларды есепке алу бөлімшесінде банк шоты (банк шоттары) бар заңды тұлғаларға қолма-қол ақша беру чектер және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14336 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 209 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасындағы корреспонденттік қатынастарды белгілеу қағидаларына 2-қосымшада белгіленген нысан бойынша Ұлттық Банктің филиалы арқылы банк (банктік емес ұйым) және (немесе) банк (банктік емес ұйым) филиалының қолма-қол ақшаны алуы үшін жиынтық ведомосы (бұдан әрі – жиынтық ведомость) негізінде жүзеге асырылады.";
4, 5 және 6-тараулардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
"4-тарау. Банкноттар мен монеталарды сұрыптау және орау";
"5-тарау. Кем шығулармен, артық шығулармен, тозған, бүлінген, күмәнді және төлем жасалмайтын банкноттармен және монеталармен, сондай-ақ қолдан жасалған және ақау белгілері бар ақша белгілерімен жұмысты ұйымдастыру";
"6-тарау. Ұлттық Банктің Орталығында кассалық операцияларды жасау ерекшеліктері".
7. "Екiншi деңгейдегi банктердің пруденциялық нормативтердің орындалуы туралы есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды табыс ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 8 мамырдағы № 75 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11162 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 маусымда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 16-қосымшаға сәйкес банктерді Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы міндеттемелерге капиталдандыру коэффициенттерінің талдамасы туралы есеп нысанында:
"Банктерді Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы міндеттемелерге капиталдандыру коэффициенттерінің талдамасы туралы есеп" әкімшілік деректер жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірмеде:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. 4 және 15-жолдарда өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын, экономиканың "басқа қаржы ұйымдары – коды 5", "мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар – коды 6", "мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдар – коды 7" және "үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар – коды 8" секторларына кіретін шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері алдындағы қысқа мерзімді міндеттемелер, міндеттемелер Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14804 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 316 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстанның Даму Банкінің және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржы секторына шолуды қалыптастыруға арналған мәліметтерді ұсынуы жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес көрсетіледі.".
8. "Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық жүйелерінің қауіпсіз және іркіліссіз жұмыс істеуіне қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 34 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13256 болып тіркелген, 2016 жылғы 14 наурызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық жүйелерінің қауіпсіз және іркіліссіз жұмыс істеуіне қойылатын талаптарда:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың ақпараттық жүйелерінің қауіпсіз және іркіліссіз жұмыс істеуіне қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы (бұдан әрі – Банктер туралы заң), "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі (бұдан әрі – Төлемдер және төлем жүйелері туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және электрондық банктік қызметтер көрсету қамтамасыз етілетін банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі – банктер) ақпараттық жүйелерінің қауіпсіздігіне және іркіліссіз жұмыс істеуіне қойылатын талаптарды белгілейді.";
2-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Талаптарда Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңда, "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңында, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14337 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 212 қаулысымен бекітілген Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың электрондық банктік қызметтерді көрсету қағидаларында (бұдан әрі – № 212 қағидалар) көзделген ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:";
2, 3 және 4-тараулардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Жұмыс орындарына қойылатын талаптар";
"3-тарау. Ақпараттық жүйенің құрылымы және жұмыс істеуі жөніндегі құжаттамаға қойылатын талаптар";
"4-тарау. Ақпараттық жүйелер жұмысының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Электрондық банктік қызметтерді көрсету кезінде қауіпсіздік рәсімдеріне қойылатын талаптар № 212 қағидаларда белгіленеді.";
5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"5-тарау. Ақпараттық жүйелердің іркіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге қойылатын талаптар";
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Ақпараттық жүйенің жұмысында іркіліс (бос тұрып қалу) туындаған кезде банк негізгі орталықтың жұмысын қалпына келтіруді қамтамасыз етеді.
Негізгі орталықтың жұмысын қалыпқа келтірудің рұқсат етілген ең аз мерзімі кезеңінде қалпына келтіру мүмкіндігі болмаған жағдайда ақпараттық жүйені резервтік орталықтың жұмысына ауыстыру жүзеге асырылады.
Ақпараттық жүйені резервтік орталыққа ауыстыру бойынша стандартты уақыт нормативі іркіліс (бос тұрып қалу) туындаған сәттен бастап төрт сағаттан аспайды.
Ақпараттық жүйе жұмысында клиенттердің қашықтан қол жеткізу жүйелері арқылы электрондық банктік қызметтерге және (немесе) банктің электрондық терминалдар желісіне қолжетімділігінің үш сағаттан аса уақытқа үзілуіне әкеп соққан іркіліс (бос тұрып қалу) туындаған жағдайда, банк электрондық хабар жіберу арқылы Ұлттық Банкке шұғыл хабарлайды. Іркіліс (бос тұрып қалу) жұмыс істемейтін уақытта туындаған жағдайда, банк Ұлттық Банкке іркіліс (бос тұрып қалу) туындаған күннен кейінгі жұмыс күні Астана қаласының уақытымен сағат 10.00-ден кешіктірмей хабарлайды.
9. "Ислам банктері үшін пруденциалдық нормативтерді және өзге де сақтауға міндетті нормалар мен лимиттерді, олардың нормативтік мәнін және ислам банктері үшін пруденциалдық нормативтерді және өзге де сақтауға міндетті нормалар мен лимиттерді есеп айырысу әдістемесін белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 144 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13939 болып тіркелген, 2016 жылғы 22 шілдеде "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Ислам банктері үшін пруденциалдық нормативтердің нормативтік мәндерінде және өзге де сақтауға міндетті нормалар мен лимиттерді есеп айырысу әдістемесінде:
53-тармақтың төртінші бөлігінің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14804 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 316 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстанның Даму Банкінің және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржы секторына шолуды қалыптастыруға арналған мәліметтерді ұсынуы жөніндегі нұсқаулыққа (бұдан әрі – № 316 нұсқаулық) сәйкес экономиканың "басқа қаржы ұйымдары – коды 5", "мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар – коды 6", "мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдар – коды 7" және "үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар – коды 8" секторларына кіретін шетел компанияларының филиалдары мен өкілдіктері алдындағы қысқамерзімді міндеттемелер;";
54-тармақтың екінші бөлігінің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын, № 316 нұсқаулыққа сәйкес экономиканың "басқа қаржы ұйымдары – коды 5", "мемлекеттiк қаржылық емес ұйымдар – коды 6", "мемлекеттiк емес қаржылық емес ұйымдар – коды 7" және "үй шаруашылығына қызмет ететiн коммерциялық емес ұйымдар – коды 8" секторларына кіретін шетел компанияларының филиалдары мен өкілдіктері алдындағы міндеттемелер;";
55-тармақтың екінші бөлігінің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын, № 316 нұсқаулыққа сәйкес экономиканың "басқа қаржы ұйымдары – коды 5", "мемлекеттiк қаржылық емес ұйымдар – коды 6", "мемлекеттiк емес қаржылық емес ұйымдар – коды 7" және "үй шаруашылығына қызмет ететiн коммерциялық емес ұйымдар – коды 8" секторларына кіретін шетел компанияларының филиалдары мен өкілдіктері алдындағы міндеттемелер;".
10. "Төлем жүйелеріне қолжетімділікті қамтамасыз ететін ұйымдастыру шараларына және бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 200 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14289 болып тіркелген, 2016 жылғы 24 қазанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Төлем жүйелеріне қолжетімділікті қамтамасыз ететін ұйымдастыру шараларына және бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптарда:
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Төлем жүйесіне кіруге рұқсат алған пайдаланушының төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орнын жасаған немесе төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орнын жаңа жерге ауыстырған кезде төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орны іске қосылған күннен бастап он жұмыс күні ішінде төлем жүйесін пайдаланушы өз қызметінің Талаптарға сәйкестігі туралы қорытындыны (ақпаратты) алу үшін бұл жөнінде Ұлттық Банкті еркін жазбаша нысанда хабардар етеді.";
50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"50. Төлем жүйесін пайдаланушы мен Орталықтың арасындағы байланысты жүзеге асыратын бағдарламалық қамтамасыз етуге, төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орнына рұқсатсыз кіруден қорғайтын бағдарламалық-аппараттық кешенге, сондай-ақ төлем жүйесін пайдаланушының ақпараттық жүйесінде дайындалған электрондық құжаттарды төлем жүйесін пайдаланушының жұмыс орнының өткізу технологиясына өзгерістер енгізілген жағдайда, төлем жүйесін пайдаланушы өзгерістер енгізілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде өз қызметінің Талаптарға сәйкестігі туралы қорытындыны (ақпаратты) алу үшін бұл жөнінде Ұлттық Банкті еркін жазбаша нысанда хабардар етеді.";
63-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"63. Негізгі орталықта стандартты емес жағдай туындаған кезде төлем жүйесін пайдаланушы:
1) төлем жүйесін пайдаланушының бағдарламалық-техникалық кешенін резервтік орталыққа ауыстыруды қамтамасыз етеді.
Төлем жүйесін пайдаланушының бағдарламалық-техникалық кешенін резервтік орталыққа ауыстыру бойынша стандартты уақыт нормативі стандартты емес жағдай туындаған сәттен бастап үш сағаттан аспайды.
Стандартты уақыт нормативін сақтауға мүмкіндік болмаған кезде төлем жүйесін пайдаланушы Орталықтың төлем жүйесінің операциялық күні аяқталғанға дейін төлемдер мен ақша аударымдары бойынша қабылданған міндеттемелерді орындау қажеттігін ескере отырып, төлем жүйесін пайдаланушының жұмысын резервтік орталыққа ауыстыру үшін қажетті шараларды қабылдайды;
2) "Ақпарат тасымалдаудың қаржылық автоматандырылған жүйесі" тасымалдау жүйесінің (бұдан әрі – АТҚАЖ) қорғалған байланыс арнасы немесе факсимильді байланыс арқылы Ұлттық Банкке бағдарламалық-техникалық кешенді резервтік орталыққа ауыстыру шешімінің қабылданғандығы туралы хатты көрсетілген шешім қабылданғаннан кейін үш сағаттың ішінде жібереді;
3) АТҚАЖ байланысының қорғалған арнасы немесе факсимильді байланыс арқылы Ұлттық Банкке бағдарламалық-техникалық кешенді резервтік орталыққа ауыстыру нәтижелері туралы хатты ауыстыру жұмыстары аяқталғаннан кейін үш сағат ішінде жібереді;
4) АТҚАЖ байланысының қорғалған арнасы немесе факсимильді байланыс арқылы Ұлттық Банкке бағдарламалық-техникалық кешенді қайтадан негізгі орталыққа ауыстыру нәтижелері туралы хатты ауыстыру жұмыстары аяқталғаннан кейін үш сағат ішінде жібереді.".
11. "Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 203 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14365 болып тіркелген, 2016 жылғы 14 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану қағидаларында:
ескерту мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Төлем құжаттарында пайдалану үшін институционалдық бірліктерді экономика секторларының кодтары бойынша бөлу Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14804 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 316 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстанның Даму Банкінің және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржы секторына шолуды қалыптастыруға арналған мәліметтерді ұсынуы жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.
2. Қаржылық қызметті жүргізетін халықаралық ұйымдар "Орталық (ұлттық) банк" экономика секторында ескеріледі, барлық өзге халықаралық ұйымдар "Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе Шет мемлекеттің Үкіметі" экономика секторында есепке алынады.".
12. "Төлем карточкаларын шығару қағидаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында оларды пайдалана отырып жүргізілген операцияларға қызмет көрсету бойынша қызметке қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 205 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14299 болып тіркелген, 2016 жылғы 26 қазанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Төлем карточкаларын шығару қағидаларында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында оларды пайдалана отырып жүргізілген операцияларға қызмет көрсету бойынша қызметке қойылатын талаптарда:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Жеке тұлға төлем карточкасын немесе оның деректемелері туралы ақпаратты алған күннен бастап төлем карточкасының ұстаушысы болып табылады. Ұстаушының төлем карточкасын алу фактісін растайтын, банк айқындайтын еркін нысанда жасалған құжаттағы төлем карточкасын ұстаушының қолы ұстаушының төлем карточкасын алғанын растау болып табылады.
Эмитентің төлем карточкасының ұстаушысына оның деректемелері туралы ақпаратты шартта көзделген тәсілмен беру арқылы төлем карточкасы электрондық түрде шығарылған жағдайда төлем карточкасының алынғанын растау қажет етілмейді.";
39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"39. Қағидаларға сәйкес ұстаушы төлем карточкасын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру мақсатында, сондай-ақ қолма-қол ақша алу, валюталар айырбастау және оның эмитентi айқындаған талаптармен басқа операциялар үшін қолданады.
Төлем карточкасын пайдалана отырып төлем жасау тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезiнде төлем карточкасын немесе оның деректемелерiн пайдалана отырып төлем құжатын жасау арқылы жүзеге асырылады.
Банк төлем қызметтерін көрсеткенге дейін қашықтан қол жеткізу жүйесі арқылы клиентке көрсетілетін электрондық банктік қызметтер бойынша алынатын комиссияның ақшалай мөлшері туралы ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етеді.
Осы тармақтың үшінші бөлігінің талабы төлем карточкасын нақты пайдалана отырып, төлемдерді қабылдаумен байланысты қызметтерге, сондай-ақ ұялы байланыс құралы арқылы қысқа мәтіндік және (немесе) мультимедиялық хабарлар арқылы төлемдер жіберу бойынша қызметтерге қолданылмайды.";
42-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"42. Байланыссыз төлем карточкасын пайдалана отырып 10 000 (он мың) теңгеден аспайтын сомаға операцияны дербес сәйкестендіру нөмірін енгізбей-ақ жүзеге асыруға жол беріледі.".
13. "Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 207 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14422 болып тіркелген, 2016 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларында:
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда, сондай-ақ тараптардың келісімі бойынша банктік қызмет көрсету шартын банктің ішкі құжаттарында көзделген қауіпсіздік рәсімдерін қолдана отырып, электрондық цифрлық қолтаңбаны немесе динамикалық сәйкестендіруді пайдаланумен, сондай-ақ Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10212 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 521 бұйрығымен және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 235 қаулысымен бекітілген Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында екінші деңгейдегі банктер мен Ұлттық пошта операторы үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарда көзделген тиісті тексеруге қойылған талаптарды ескере отырып, электрондық түрде жасауға рұқсат беріледі.";
29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"29. Өкіл-жеке тұлғаның (бұдан әрі – өкіл) белгілі бір үшінші тұлғаның (клиент-жеке тұлғаның) атына ағымдағы шотты ашуы үшін өкіл банкке мыналарды ұсынады:
1) клиенттің жеке басын куәландыратын құжат;
2) өкілдің жеке басын куәландыратын құжат;
3) Азаматтық кодекске сәйкес уәкілетті тұлғаға (ата-анасына немесе өзге де заңды өкілдерге) сенімхатты ұсыну талап етілмейтін жағдайларды қоспағанда, ағымдағы шотты ашу және (немесе) ағымдағы шоттағы ақшаға иелік ету құқығына берілген нотариат куәландырған сенімхат.
Ағымдағы шотты ашу және (немесе) ағымдағы шоттағы ақшаға иелік ету құқығына нотариат куәландырған сенімхат ұсынылған жағдайда, клиенттің жеке басын куәландыратын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесін ұсынуға жол беріледі.";
мынадай мазмұндағы 29-1-тармақпен толықтырылсын:
"29-1. Жеке немесе заңды тұлға эскроу-шот режимінде ағымдағы шотты ашу үшін жеке немесе заңды тұлғаға ағымдағы шот ашу үшін Қағидаларда көзделген құжаттарды, сондай-ақ ағымдағы шотты ашу құқығына сенім беруші ұсынған нотариат куәландырған сенімхатты ұсынады.
Банк, эскроу-шот ашатын тұлға және атына эскроу-шот ашылатын тұлға арасындағы үш жақты шарт негізінде эскроу-шот режимінде ағымдағы шот ашуға рұқсат етіледі. Бұл жағдайда осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген сенімхатты ұсыну қажет етілмейді.";
33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"33. Белгілі бір үшінші адамның-клиенттің атына жинақ шотын ашу үшін салымшы банкке мыналарды ұсынады:
1) жеке тұлға:
салымшының жеке басын растайтын құжат;
жинақ шотын ашу және (немесе) жинақ шотындағы ақшаға иелік ету құқығына берілген нотариат куәландырған сенімхат;
он алты жасқа жетпеген, кәмелетке толмаған адамдар-клиенттер
үшін – туу туралы куәлік;
2) заңды тұлға, оның филиалдары мен өкілдігі:
жинақ шотын ашу және (немесе) жинақ шотындағы ақшаға иелік ету құқығына берілген нотариат куәландырған сенімхат;
Қағидалардың 3-тарауының 1-параграфына сәйкес ресімделген қол қою үлгілері және мөр таңбасы бар құжатқа сәйкес клиенттің жинақ шотын жүргізуге (жинақ шоттағы ақшаға иелік етуге) байланысты операциялар жүргізу кезінде төлем құжаттарына қол қоюға уәкілетті тұлғаның (тұлғалардың) жеке басын куәландыратын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі.";
мынадай мазмұндағы 33-1-тармақпен толықтырылсын:
"33-1. Жеке немесе заңды тұлға эскроу-шот режимінде жинақ шотын ашуы үшін жеке немесе заңды тұлғаға жинақ шотын ашу үшін Қағидаларда көзделген құжаттарды, сондай-ақ жинақ шотын ашу құқығына сенім беруші ұсынған нотариат куәландырған сенімхатты ұсынады.
Банк, эскроу-шот ашатын тұлға және атына эскроу-шот ашылатын тұлға арасындағы үш жақты шарт негізінде эскроу-шот режимінде жинақ шотын ашуға рұқсат етіледі. Бұл жағдайда осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген сенімхатты ұсыну қажет етілмейді.";
74-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"74. Клиенттің банктік шотын жабу кезінде банк жеке сәйкестендіру кодын жояды.
Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңның 27-бабы 1-тармағының екінші бөлігінде көзделген жағдайда банктік шот шартын жасамаған кезде банктің ішкі қағидаларында белгіленген мерзімде банк жеке сәйкестендіру кодын жояды.".
14. "Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14419 болып тіркелген, 2016 жылғы 8 желтоқсанда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларында:
3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) ақша аударуға өтініш – ақша жөнелтушінің Қағидалардың 17-тармағында көзделген жағдайларда қолма-қол ақшасыз төлемді және (немесе) ақша аударымын жүзеге асыру кезінде пайдаланатын төлем құжаты;";
8-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Төлем талабы мен инкассолық өкімді қоспағанда, қағаз тасымалдағышта орындалған төлем құжаттарында бастамашының немесе оның уәкілетті адамдарының қолдары және бастамашы мөрінің бедері (ол бар болса) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14422 болып тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 207 қаулысымен бекітілген Клиенттердің банк шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларында көзделген нысан бойынша ұсынылған қол қою үлгілері мен мөр бедері бар құжатта (қол қою үлгісі бар құжат) көрсетілген қолдарға (қойылған қолға) және мөр бедеріне (ол бар болса) сәйкес келеді.";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ақша аударуға арналған өтініш мынадай:
1) Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде ұлттық немесе шетел валютасындағы;
2) Қазақстан Республикасының аумағында шетел валютасындағы;
3) банктік шотты ашпастан Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асырған кезде пайдаланылады.
Қолма-қол ақшасыз төлемдер және (немесе) ақша аударымдары Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде бейрезидент пайдасына жүзеге асырылған кезде ақша аударуға арналған өтініште бенефициардың ЖСН (БСН) көрсету талап етілмейді.
Банктің ақшаны аударуға арналған өтінішінің өзге нысанын онда Қағидалардың 7-тармағында көзделген міндетті деректемелер болған кезде пайдалануына жол беріледі.";
72-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Ақша жөнелтушінің банкі және (немесе) бенефициардың банкі халықаралық қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы заңға сәйкес көзделген талаптарды сақтай отырып, нұсқауды алған күннен кейінгі үш операциялық күннен кешіктірмей орындайды.";
80-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"7) басқа деректемелер (ЖСК, ЖСН (БСН) банктің клиентін сәйкестендірсе, Қағидалардың 124, 150, 151-тармақтарында көзделген жағдайларды, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органы электрондық нысанда ұсынған инкассолық өкімді қоспағанда, клиенттің атауы төлем құжатында көрсетілген ақша жөнелтушінің атауына сәйкес келмеген;";
126, 127-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"126. Ақша жөнелтушінің банктік шотында төлем ордерін немесе төлем талабын орындау үшін қажетті ақша болмаған не жеткіліксіз болған кезде, егер ақша жөнелтуші мен ақша жөнелтушінің банкі арасында жасалған шартта төлем ордерін немесе төлем талабын сақтау туралы талап болса, ақша жөнелтушінің банкі төлем ордерін немесе төлем талабын есепке алуды жүзеге асырады және оны алған күннен бастап бір жыл ішінде сақтайды.
127. Ақша жөнелтушінің банктік шотында қарыз бойынша мерзімі өткен берешекті өндіріп алу мақсатында төлем талабын орындау үшін қажетті ақша сомасы болмаған не жеткіліксіз болған кезде, банк алынған төлем талабын Қағидалардың 153-тармағында көзделген тәртіппен картотекада сақтайды.";
139-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"139. Жеке тұлғаның ағымдағы шотына бірнеше төлем талабы ұсынылған кезде олар банкке келіп түсуі тәртібінде күнтізбелік кезектілікпен не олардың тізілімде көрсетілген реттік нөмірлеріне сәйкес орындалады. Бұл ретте кезекті төлем талабын орындау алдыңғы төлем талабын толық орындағаннан не Қағидаларда айқындалған тәртіппен оны кері қайтарғаннан немесе қайтарғаннан кейін ғана жүзеге асырылады.";
150, 151-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"150. Жеке тұлғаға немесе егер жеке тұлға қызметін жеке кәсіпкер түрінде жүзеге асыратын дара кәсіпкер ретінде тіркелген дара кәсіпкерге ашылған банктік шотқа ұсынылған сот орындаушыларының инкассолық өкімі осы жеке тұлғаға және (немесе) дара кәсіпкерге кез келген банктік шоттан ақша жөнелтушінің ЖСН сәйкес келген кезде орындалады.
151. Қағидалардың 150-тармағының талаптарын ескере отырып, сот орындаушыларының инкассолық өкімі, егер қызметін жеке кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын, дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға ақша жөнелтуші, банк шотының иесі, борышкер болып табылса, орындау құжатында көрсетілген ақша жөнелтушінің, банк шоты иесінің және борышкердің атаулары сәйкес келмеген жағдайда, ақша жөнелтушінің ЖСН сәйкес келсе, орындалады.";
153-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"153. Ақша жөнелтушінің банк шотында инкассолық өкімді орындау үшін қажетті ақша сомасы болмаған не жеткіліксіз болған кезде банк инкассолық өкімде көрсетілген деректемелердің толықтығын және дұрыс толтырылуын инкассолық өкімді ресімдеу тәртібіне қойылатын талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексереді және олар сәйкес келген жағдайда, егер Банктер және банк қызметі туралы заңда, Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңда, Атқарушылық іс жүргізу туралы заңда және Қағидаларда өзгеше көзделмесе, оларды қабылдайды және ақша жөнелтушінің банк шотына ақша сомасы түскенге дейін картотекада сақтайды.
Ақша жөнелтушінің банк шотында қарыз бойынша мерзімі өткен берешекті өндіріп алуға арналған төлем талабын орындау үшін қажетті ақша сомасы болмаған не жеткіліксіз болған кезде, банк алынған төлем талабын картотекада бір жыл бойы сақтайды.
Картотекадағы және ақша жөнелтушінің банк шотында ақшаның болмауы және ондағы ақшаның қозғалмауынан картотекаға олар енгізілген күннен бастап бір жыл бойы орындалмаған қарыз бойынша мерзімі кешіктірілген берешекті өндіріп алуға арналған төлем талаптарын банк орындамай бастамашыға қайтарады.";
156-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"156. Төлем құжаттарын картотекаға орналастырған кезде банк Қағидаларда белгіленген тәртіппен клиенттің банк шоты бойынша шығыс операцияларын картотекадағы төлем құжаттары бойынша міндеттемелерді толық өтегенге не оларды кері қайтарып алғанға немесе қайтарғанға дейін тоқтата тұрады.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген талап жеке тұлғаның ағымдағы шотына үшінші тұлғалардың өзге де шектеулері мен талаптары (инкассолық өкім, тыйым салу, ақшаға (мүлікке) иелік етуге уақытша шектеу қою, шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкім) болмаған жағдайда, ағымдағы шоттағы төлем талабы орындалғаннан кейін қалған ақша қалдығына қолданылмайды.
Бұл ретте банктің төлем құжаттарын орындауы Азаматтық кодекстің 742-бабында көзделген кезектілік тәртібімен жүргізіледі.".
15. "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасындағы корреспонденттік қатынастарды белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 209 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14336 болып тіркелген, 2016 жылғы 4 қарашада Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы, "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы, "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасындағы корреспонденттік қатынастарды белгілеу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасындағы корреспонденттік қатынастарды белгілеу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасындағы корреспонденттік қатынастарды белгілеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 1999 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Ерекше бөлім) (бұдан әрі – Азаматтық кодекс), 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Салық кодексі), "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы (бұдан әрі – Банктер және банк қызметі туралы заң), "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы (бұдан әрі – КЖТҚҚ туралы заң), "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі (бұдан әрі – Төлемдер және төлем жүйелері туралы заң), "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының өзге де заңнамалық актілеріне және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді және Ұлттық Банкте банктердің, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың (бұдан әрі – банктік емес ұйымдар) ұлттық және шетел валютасында корреспонденттік шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібін айқындайды.";
6-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Қазақстан Республикасының резидент банкі корреспонденттік шот ашу үшін Ұлттық Банкке Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14422 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 207 қаулысымен бекітілген Клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларында (бұдан әрі – № 207 қағидалар) көзделген құжаттарды, сондай-ақ мынадай құжаттарды ұсынады:";
9-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Шет мемлекеттің орталық (ұлттық) банкі корреспонденттік шот ашу үшін Ұлттық Банкке № 207 қағидаларда көзделген құжаттарды, сондай-ақ Ұлттық Банк Төрағасының атына валюта түрін көрсете отырып, корреспонденттік шот ашуға еркін нысанда өтініш ұсынады.";
12-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Қазақстан Республикасының резидент емес банкі (банктік емес ұйымы) корреспонденттік шотты ашу үшін Ұлттық Банкке № 207 қағидаларда көзделген құжаттарды, сондай-ақ мынадай құжаттарды ұсынады:";
13-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының резидент емес банкінің (банктік емес ұйымының) өтініші бойынша № 236 нұсқаулықта көзделген тәртіппен банк кодын береді.";
15-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Қазақстан Республикасының резидент банктік емес ұйымы ұлттық валютадағы корреспонденттік шотты ашу үшін Ұлттық Банкке № 207 қағидаларда көзделген құжаттарды, сондай-ақ мынадай құжаттар ұсынады:";
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17. Ұлттық Банкте шетел валютасында корреспонденттік шотты ашу үшін Қазақстан Республикасының резидент банктік емес ұйымы № 207 қағидаларда және Қағидалардың 15-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсынады.";
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Ұлттық Банктің еншілес ұйымы болып табылатын банктік емес ұйым (бұдан әрі – еншілес ұйым) корреспонденттік шотты ұлттық және шетел валютасында ашу үшін Ұлттық Банкке № 207 қағидаларда және Қағидалардың 15-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсынады.";
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Банк (банктік емес ұйым) Ұлттық Банкте екінші және келесі корреспонденттік шоттарды ашқан кезде көрсетілген шоттарды ашу сәтінде Ұлттық Банкке бұрын ұсынылған құжаттарда өзгерістер болмаған жағдайда, № 207 қағидаларда көзделген нысан бойынша қол қою үлгілері және мөр таңбасы бар құжатты қоспағанда, Қағидаларда көзделген құжаттарды қайта тапсыру талап етілмейді.
Банктің (банктік емес ұйымның) № 207 қағидаларда көзделген нысан бойынша қол қою үлгілері және мөр таңбасы бар бұрын ұсынылған құжаттардың не қол қою үлгілері және мөр таңбасы бар осыған ұқсас құжаттың жаңадан ашылатын шотқа қолданылатынын растайтын хаты болған кезде, қол қою үлгілері және мөр таңбасы бар жаңа құжаттарды не қол қою үлгілері және мөр таңбасы бар осыған ұқсас құжаттарды ұсыну талап етілмейді.";
25-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Банктің (банктік емес ұйымның) Іс қағазында сондай-ақ бұрын ұсынылған және өзгертілген қағаздар сақталады, оларға жауапты қызметкердің тегін, атын әкесінің атын (ол бар болса) және қолтаңбасын көрсете отырып, "ауыстырылды" деген белгі қойылады. № 207 қағидаларда көзделген нысан бойынша қол қою үлгілері және мөр таңбасы бар өзгертілген құжаттар айқастырылып сызылады және оларға жаңа құжаттардың деректемелері көрсетіле отырып, ауыстырылғандығы туралы белгі қойылады.";
28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"28. Банк (банктік емес ұйым) Ұлттық Банкке Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңда, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14419 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларында (бұдан әрі – № 208 қағидалар) және корреспонденттік шот шартында көзделген тәртіппен орындау үшін төлем құжаттарын ұсынады.";
44 және 45-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"44. Банктің корреспонденттік шотына ұсынылатын инкассалық өкімдер Азаматтық кодексте, Салық кодексінде, Банктер және банк қызметі туралы заңда, Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңда, "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңында және № 208 қағидаларда белгіленген тәртіппен орындалады.
45. Картотекадағы төлем құжаттарын орындау Азаматтық кодексте, Салық кодексінде, Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңда көзделген кезектілікпен және № 208 қағидаларда белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Бір кезекке жататын төлем құжаттарын орындау олардың Ұлттық Банкке келіп түскен мерзімі бойынша кезектілікпен жүргізіледі.";
53-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Банк міндеттемелерін тоқтата тұрмаған және қайта құрылымдау жоспарына енгізілмеген төлем талаптары және сот орындаушыларының атқарушылық құжаттары бойынша инкассалық өкімдері Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңда және № 208 қағидаларда көзделген тәртіппен орындалады.";
54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"54. Мемлекеттік кірістер органдарының банктің корреспонденттік шотына ұсынылатын инкассалық өкімдері Салық кодексінде, Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңда және № 208 қағидаларда көзделген тәртіппен орындалады.";
61-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"61. Банктің (банктік емес ұйымның) және (немесе) олардың филиалының Ұлттық Банк филиалының кассаларында ұлттық валютаны алуы үшін Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Ұлттық Банк пен банктің (банктік емес ұйымның) арасындағы автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйе бойынша корреспонденттік шот шартына сәйкес банктің (банктік емес ұйымның) корреспонденттік шотында ақшаны резервтеуге және банктің (банктік емес ұйымның) және (немесе) банк (банктік емес ұйымның) филиалының қолма-қол ақшаны алуына өтінім (бұдан әрі – резервтеуге өтінім) ұсынылады.";
1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша корреспонденттік шоттарындағы қалдықтарды растау ведомосы осы Төлемдер және төлем жүйелері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасы қаулыларының тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес редакцияда 3-қосымшамен толықтырылсын.
16. "Банктер арасында, сондай-ақ банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 210 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14335 болып тіркелген, 2016 жылғы 4 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Банктер арасында, сондай-ақ банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату қағидаларында:
1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Банктер арасында, сондай-ақ банктер мен банктік емес ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастар орнату тәртібі банктердің және банктік емес ұйымдардың ұлттық валютадағы корреспонденттік шоттарын ашуды, жүргізуді және жабуды, банктердің және банктік емес ұйымдардың ұлттық валютадағы корреспонденттік шоттары бойынша төлемдер және (немесе) ақша аударымдары лимитінің есебін қамтиды.";
6-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Респондент корреспонденттік шотты ашу үшін корреспондентке Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14422 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 207 қаулысымен бекітілген Клиенттердің банк шоттарын ашу, жүргізу және жабу қағидаларында көзделген құжаттарды, сондай-ақ мынадай құжаттарды:";
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Банк және (немесе) банктік емес ұйым ағымдағы айда Қағидалардың 16-тармағында көзделген операцияларды қоспағанда, банктің немесе банктік емес ұйымның және олардың клиенттерінің операциялары бойынша корреспонденттік шоттар арқылы Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14304 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 206 қаулысымен бекітілген банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттары бойынша төлемдер мен ақша аударымдары лимитінің мөлшерінен аспайтын көлемде төлемдер және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асырады.".
17. "Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың электрондық банктік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 212 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14337 болып тіркелген, 2016 жылғы 7 қарашада Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың электрондық банктік қызметтерді көрсету қағидаларында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Банк электрондық банктік қызметтерді уәкілетті мемлекеттік орган берген лицензияда көзделген банк операциялары бойынша ғана көрсетеді.
Банк электрондық банктік қызметтерді көрсеткенге дейін клиентке көрсетілетін электрондық банктік қызметтер бойынша ақшалай көрсетілген комиссияның мөлшері туралы ақпарат ұсынуды қамтамасыз етеді.
Электрондық терминал арқылы төлем қызметін көрсеткен кезде алынатын комиссия мөлшерінің ақшалай мәні туралы ақпаратты клиент терминалға қолма-қол ақшаны енгізгеннен кейін көрсетуге рұқсат беріледі.".
18. "Пруденциялық нормативтерді және ипотекалық ұйымдар және агроөнеркәсіп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдары сақтауға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерді, сондай-ақ оларды орындау туралы есептілігінің тізбесін, нысандары мен табыс ету қағидаларын белгілеу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 308 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14778 болып тіркелген, 2017 жылғы 28 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшаға сәйкес пруденциялық нормативтерде және ипотекалық ұйымдар және агроөнеркәсіп кешені саласындағы ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдары сақтауға міндетті өзге де нормалар мен лимиттерде:
43-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдік компаниялардың, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14804 болып тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 316 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің, Қазақстанның Даму Банкінің және ипотекалық ұйымдардың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қаржы секторына шолуды қалыптастыруға арналған мәліметтерді ұсынуы жөніндегі нұсқаулыққа (бұдан әрі – № 316 нұсқаулық) сәйкес "басқа қаржы ұйымдары – код 5", "мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар – код 6", "мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдар – код 7", "үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар – код 8" деген экономика секторларына кіретін филиалдарының және өкілдіктерінің алдындағы қысқамерзімді міндеттемелер;";
44-тармақтың екінші бөлігінің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын шетелдік компаниялардың № 316 нұсқаулыққа сәйкес "басқа қаржы ұйымдары – код 5", "мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар – код 6", "мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдар – код 7", "үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар – код 8" деген экономика секторларына кіретін филиалдарының және өкілдіктерінің алдындағы міндеттемелер;";
45-тармақтың екінші бөлігінің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдік компаниялардың № 316 нұсқаулыққа сәйкес "басқа қаржы ұйымдары - код 5", "мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар - код 6", "мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдар - код 7", "үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар - код 8" деген экономика секторларына кіретін филиалдарының және өкілдіктерінің алдындағы міндеттемелер;".
_________________________________________________________________
(банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын
ұйымның атауы)
корреспонденттік шоттарындағы қалдықтарды растау ведомосы
Есепті кезең: 20__жылғы _________________ жағдай бойынша
Индекс: ВКС-1
Кезеңділігі: ай сайын
Ұсынатындар:
1) банктер
2) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі – банктік емес ұйымдар)
Нысан қайда ұсынылады: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (бұдан әрі – Ұлттық Банк)
Ұсыну мерзімі: есепті айдан кейінгі айдың онына дейін
р/с№ | Ұлттық Банкте ашылған корреспонденттік шоттың нөмірі | Шот валютасы | Қалдық | Ішкі корреспонденттік шоттың нөмірі | Шот валютасы | Қалдық | Ауытқуы | Ескерту |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
Бірінші басшы (ол болмаған кезде – оның орнындағы адам)
__________________________________ _________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы
Бас бухгалтер __________________________________ _________________
тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы
Орындаушы _______________________________ __________________ ____________
лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) қолы телефоны
Есепке қол қойылған күн 20__ жылғы "___"____________
Ескерту:
Әкімшілік деректер жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме осы нысанға қосымшада келтірілген
Корреспонденттік шоттардағы қалдықтарды растау ведомосы нысанына қосымша |
Әкімшілік деректер жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме Корреспонденттік шоттардағы қалдықтарды растау ведомосы 1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме "Корреспонденттік шоттардағы қалдықтарды растау ведомосы" әкімшілік деректер жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша талаптарды айқындайды.
2. Нысан Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14336 тіркелген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 209 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасындағы корреспонденттік қатынастарды белгілеу қағидаларына сәйкес әзірленді.
3. Нысанды банк (банктік емес ұйым) ай сайын жасайды.
4. Нысанға банктің (банктік емес ұйымның) уәкілетті адамы және бас бухгалтер қол қояды.
2-тарау. Нысанның толтырылуы
5. 2-бағанда Ұлттық Банкте ашылған корреспонденттік шоттың нөмірі көрсетіледі.
6. 3-бағанда Ұлттық Банкте ашылған корреспонденттік шоттың валюта түрі көрсетіледі.
7. 4-бағанда Ұлттық Банкте ашылған корреспонденттік шоттағы ақша қалдығы көрсетіледі.
8. 5-бағанда банктің (банктік емес ұйымның) ішкі корреспонденттік шотының нөмірі көрсетіледі.
9. 6-бағанда банктің (банктік емес ұйымның) ішкі корреспонденттік шоты валютасының түрі көрсетіледі.
10. 7-бағанда банктің (банктік емес ұйымның) ішкі корреспонденттік шотындағы ақша қалдығы көрсетіледі.
11. 8-бағанда Ұлттық Банкте ашылған корреспонденттік шоттағы қалдық сомасы мен банктің (банктік емес ұйымның) ішкі корреспонденттік шотындағы соманың арасындағы айырма көрсетіледі.
12. 9-бағанда Ұлттық Банкте ашылған корреспонденттік шоттағы және банктің (банктік емес ұйымның) ішкі корреспонденттік шотындағы ақша қалдықтарының алшақтықтарының себебі көрсетіледі.
Ескертпе: 8 және 9-бағандар Ұлттық Банкте ашылған корреспонденттік шоттағы қалдық сомасы мен банктің (банктік емес ұйымның) ішкі корреспонденттік шотындағы қалдық сомасы арасында алшақтық болса толтырылады.
20___жылғы "___" ________ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Монетарлық операцияларды есепке алу басқармасы
Банктің (банктік емес ұйымның) корреспонденттік шотында ақшаны резервтеуге және банктің (банктік емес ұйымның) және (немесе) банк филиалының қолма-қол ақшаны алуына № ____ өтінім
Банктің (банктік емес ұйымның) атауы ___________________________________________
________________________________________________________________________________
Банктің (банктік емес ұйымның) банктік сәйкестендіру коды ____________________________
________________________________________________________________________________
Банктің (банктік емес ұйымның) корреспонденттік шотының нөмірі _________________
________________________________________________________________________________
Банктің (банктік емес ұйымның) корреспонденттік шотында резервтелетін ақша сомасы ____
________________________________________________________________________________
(санмен)
________________________________________________________________________________
(жазумен)
Резервтеу күні 20___жылғы "___" ________
Берілетін қолма-қол ақша сомасы:
№ | Банктің (банктік емес ұйымның) банктік сәйкестендіру коды/коды | Банктің (банктік емес ұйымның) немесе банк филиалының атауы | Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалы | Қолма-қол ақшаны беруге арналған сома | |
цифрлармен | жазумен | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
1. | |||||
2. | |||||
Жиынтығы: |
Банктің (банктік емес ұйымның) уәкілетті тұлғасы
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және қолы)
Банктің (банктік емес ұйымның) бас бухгалтері
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және қолы)
Мөр (болған жағдайда)