"Жарылыс жұмыстарын жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 343 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 20 қазандағы № 719 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 19 қаңтарда № 16253 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жарылыс жұмыстарын жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 343 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10244 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 5 мамырда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      тақырып келесі редакцияда жазылсын:

      "Қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы":

      1 тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекітілсін.";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген жарылыс жұмыстарын жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларында:

      тақырып келесі редакцияда жазылсын:

      "Қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары";

      1 тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "1. Осы қағидалар жарылыс жұмыстарын жүргізетін қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жарылғыш материалдармен жұмыс істеу тәртібін анықтайды.

      Жарылғыш материалдарының айналамына қатысатын және пайдаланатын өндіріс үшін кәсіпорын жергілікті жағдайларды есекере отырып, жарылғыш материалдарын қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету туралы технологиялық регламент, өндірістік бақылау туралы ережесін және аварияларды жою жоспарын әзірлейді.";

      келесі мазмұнмен 27-1, 27-2 және 27-3 тармақтармен толықтырылсын:

      "27-1. Тұлғаларға жару жұмыстарымен және ЖМ тікелей байланысты жұмыстарға рұқсат беру (жарылыс жұмыстарының басшысы, жарушы, жарушы-шебер, жүргізуші, қойма меңгерушісі, зертханашы, үлестіруші және ЖМ байланысты жұмыстарға тартылатын жұмыскерлер) арнайы есептер бойынша аумақтық органдардың жыл сайын тексеруінен кейін беріледі:

      1) ішкі істердың экстремизм, терроризммен және ұйымдасқан қылмыспен күрес желісі бойынша;

      2) Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу бойынша қасақана қылмыс жасағаны үшін заңнамамен енгізілген тәртіппен өтемеген және (немесе) алынбаған соттылығы бар, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көрсетілген оңалмайтын негіздегі қылмыстық жауапкершіліктен босатылған;

      3) медициналық есеп бойынша денсаулық сақтау (нарко- психоневрологиялық диспансер);

      27-2. Тұлғаларға жару жұмыстарымен және ЖМ тікелей байланысты жұмыстарға рұқсат алу үшін, кәсіпорындар ішкі істер, Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу бойынша аумақтық органдарына келесі құжаттарды ұсынады:

      1) тегін, атын, әкесінің атын (болған кезде), туған күні мен жерін, тұрғылықты жерін көрсете отырып, адамдардың тізімін;

      2) көрсетілген жұмыс түріне адамның жарамдылығын куәландыратын медициналық анықтамаларды (нарко- психоневрологиялық диспансер) ұсынады.

      Жару жұмыстарымен және ЖМ тікелей байланысты жұмыстарға рұқсат берілетін тұлғалардың тізімі ішкі істер, Бас прокуратураның құқықтық статистика мен арнайы есепке алу жөніндегі аумақтық органы бастығы, денсаулық сақтау ұйымы (нарко- психоневрологиялық диспансер) басшысымен немесе олардың орынбасарларымен келісіледі.

      27-3. Мына жағдайларда:

      1) психикалық сырқатымен, алкоголизм мен немесе нашақорлық пен байланысты қарсы көрсетулердің жоқ екені туралы медициналық анықтамалар ұсынылмаса;

      2) қасақана қылмыс жасағаны үшін өтемеген немесе заңда белгіленген тәртіппен немесе экстремизмге, терроризмге немесе ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес желісі бойынша алынбаған соттылығы бар болса;

      3) тұрғылықты тұратын мекен жайы болмаса;

      4) он сегіз жасқа толмаса, ішкі істер, Бас прокуратураның құқықтық статистика мен арнайы есепке алу жөніндегі аумақтық органдары тұлғаларға жару жұмыстары мен және ЖМ тікелей байланысты рұқсат беруден бас тартады.

      Денсаулық сақтау ұйымының және ішкі істер, Бас прокуратураның құқықтық статистика мен арнайы есептер жөніндегі аумақтық органдармен өткізілетін жыл сайынғы алдынала тексеруден өтпеуі немесе мұндай тексерудің теріс нәтижесі ұйым (кәсіпорын) үшін осы адамдарды ЖМ тікелей байланысты жұмыстарға рұқсат бермеуге негіз болып табылады.";

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Жарылыс жұмыстарын жарылыс жұмыстарына рұқсаты және осы қағидалардың 4 қосымшасына сәйкес келтірілген нысан бойынша жарушының, жарушы-шебердің бірыңғай кітапшасы бар (бұдан әрі – Бірыңғай кітапша), ұйымның (кәсіпорын) басшысының бұйрығымен тағайындалған жарушылар, жарушы-шебер жүргізе алады.

      Бірыңғай кітапшасы бірдей нөмірі және сериясы бар Рұқсат-куәліктен және оған ескерту Талонынан тұрады.

      Тәуелсіз мемлекеттер достастығының басқа мемлекеттерінде берілген Бірыңғай кітапшасы белгіленген тәртіппен емтихан тапсырылғаннан кейін ауыстыруға жатады.

      Жарылыс жұмыстарының мынадай түрлері белгіленеді:

      1) жалпы жарылыс жұмыстары:

      газ бойынша қауіпті немесе тозаңның жарылысы бойынша қауіпті қатпаларды әзірлейтін көмір өндіру шахталарының жерасты немесе жер бетіндегі жарылыс жұмыстары;

      газ бойынша қауіпті емес немесе тозаңның жарылысы бойынша қауіпті емес қаттар орындайтын көмір өндіру шахталарының жерасты немесе жер бетіндегі жарылыс жұмыстары;

      газ немесе тозаң бойынша қауіпті кеніштердің (тау-кен немесе кендік емес өнеркәсіптер) жерасты қазбаларында немесе жер бетіндегі жарылыс жұмыстары;

      газ немесе тозаң бойынша қауіпті емес кеніштердің (тау-кен немесе кендік емес өнеркәсіптер) жерасты қазбаларында немесе жер бетіндегі жарылыс жұмыстары;

      тау-кен жұмыстарын ашық түрде жүргізудегі жарылыс жұмыстары;

      сейсмикалық барлау, сондай-ақ, мұнай, газ, су және басқа ұңғымаларда ату-жарылыс жұмыстарын жүргізудегі жарылыс жұмыстары;

      2) арнайы жарылыс жұмыстары (түрін көрсете отырып), оның ішінде:

      қатып қалған қайраңдарды іркілдету, батпақтарда, мұзды жару, су астындағы жарылыс жұмыстары;

      ыстық массивтерді бұзу;

      материалдарды жарылыс энергиясы арқылы өңдеу (кесу, дәнекерлеу, тығыздау және тағы басқа);

      ғимараттар мен имараттарды құлату және іргетасты бөлшектеу;

      ағаш түбірін тамырымен жұлу, орман ағаштарын құлату, қатып қалған отын мен балансты іркілдету, орман ағаштарын қорыту кезінде бөгеттерді жою, орманның өртенуіне қарсы шаралар жүргізу;

      мұнай шахталарының жерасты қазбалары мен жер бетінде;

      тоннельдерді жүргізу мен мополитен құрылысын жүргізу кезінде;

      тау-кен барлау қазбаларын жүргізу кезінде;

      ғылыми және оқыту мақсаттарында жарылыс заттарын қолдануға байланысты.

      Дербес жұмыс істеуге дайындау мен рұқсат беру өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.

      Оқыту мен емтихан қабылдау бойынша іс жүргізуді оқыту жүргізген ұйым жүргізеді.

      Емтіхан қабылдау туралы хаттаманың бір данасы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өкілетті органның аумақтық бөлімшесіне тапсырылады, бұл Бірыңғай кітапшасын ресімдеп беруге негіз болады.

      Бірыңғай кітапшаға біліктілік комиссиясының төрағасы және оқу ұйымы кәсіпорнының өкілі қол қояды. Олардың қолы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өкілетті органның аумақтық бөлімшесінің мөрімен бекітіледі.

      Жарушы басқа жұмысқа ауысқан кезде жарушының Бірыңғай кітапшасында көрсетілген жұмыс түрлерін жүргізуге құқылы болады. Бұл ретте оны жұмысқа жіберу осы Қағидалардың 2-бөліміне сәйкес жүзеге асырылады.

      ЖМ сақтау, тасымалдау, пайдалану немесе есепке алудың белгіленген тәртібін бұзғаны үшін жарушыдан ескерту Талоны алынады. Бұл ретте талонға осындай ықпал ету шараларының негізі – ұйым басшысы бұйрығының нөмірі мен күні көрсетіледі. Алынған талон Бұйрықпен бірге сақталады.

      Жарушы ЖМ сақтау, тасымалдау немесе есепке алу жөніндегі белгіленген тәртіпті қайтадан бұзған жағдайда жарылыс жұмыстарын жүргізу құқығынан 3 ай мерзімге дейін ұйым басшысымен айырылады. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін жарушы осы Қағидалардың талаптарына сәйкес мамандығы бойынша емтихан тапсыруға жіберіледі.

      Егер жарушы ескерту талонын өткізгеннен кейін алты ай мерзімі ішінде ЖМ сақтау, тасымалдау, пайдалану немесе есепке алудың белгіленген тәртібін бұзуға жол бермеген жағдайда ескерту Талоны ұйым басшысының бұйрығымен қайта қалпына келтіріледі.

      Жарушыдан, жарушы – шебер оқыс оқиғаға, жарылғыш материалдарды жоғалтуға немесе авария әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкін ЖМ сақтау, тасымалдау, пайдалану немесе есепке алудың белгіленген тәртібін бұзған жағдайда Бірыңғай кітапша алынады.

      Жоғалтылған немесе жарамсыз болған Бірыңғай кітапшаның көшірмесі емтихан тапсыру туралы хаттаманың негізінде беріледі.

      Алынған Бірыңғай кітапшаның көшірмесі берілмейді.

      Бірыңғай кітапшаны жою негізінде комиссия (еркін түрде) актіні ресімдей отырып, жүргізеді.

      Бірыңғай кітапшаға жарушының барлық тағылымдамадан өту туралы жазбалары енгізіледі.

      Газ бойынша қауіпті шахталарда (кеніштерде) немесе жарылысқа қауіпті шаңы бар пайдалану жыныстарында жарылыс жұмыстарына жарушы-шеберлер ғана жіберіледі.

      Ыстық сілемдерді жаруға жұмыс өтілі екі жылдан кем емес жарушылар жіберіледі.";

      32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "32. Жарушы және жарушы-шебер мамандығына медициналық қорытындысы бар, орта білімді, жасы мен жұмыс өтілі келесідей болатын тұлғалар жіберіледі:

      1) газ бойынша қауіпті көмір шахталарында немесе шаң жарылу қауіпі бар көтерілгіш қатпарларда – жасы 22-ден және жер асты жұмыстарындағы жұмыс өтілі 2 жылдам кем емес;

      2) басқа да жарылыс жұмыстарында – жасы 20-дан кем емес және жұмыс өтілі осы саладағы кәсіпорындардағы мамандықтар бойынша бір жылдан кем емес.

      Аяқталған жоғары тау-кен техникалық білімі бар тұлғалар ЖБК алуға біліктілік емтиханын тапсыруға алдын ала оқытусыз жіберіледі.

      Жарушыны кәсіби дайындау бірыңғай бағдарлама бойынша өндірістен қол үзіп жүргізіледі.

      Ұйымдардың сұрау бойынша нәтижелері анықталған экстремизмге, терроризмге немесе ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес желісі бойынша ішкі істер және (немесе) ұлттық қауіпсіздік органдарында есепте тұрған, денсаулық сақтау ұйымда (нарко- және психоневрологиялық диспансерлерде) медициналық есепте тұрған, сондай-ақ қасақана қылмыс жасағаны үшін өтемеген немесе заңнамада белгіленген тәртіппен алынбаған соттылығы бар, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексімен көзделген ақтамайтын негіздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған адамдар жарушы және шебер-жарушы мамандығы бойынша оқытуға және Жарушының бірыңғай кітапшасын алуға біліктілік емтиханын тапсыруға рұқсат етілмейді.";

      54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "54. ЖМ тасымалдауға арналған, ЖМ тасымалдауға жабдықталған автомобильдермен тасымалдауға рұқсат беріледі.

      ЖМ тасымалдауы атыс қаруымен жабдықталған күзеттің адамымен жүргізіледі.";

      56-тармақ алып тасталсын;

      59-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "59. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 17 сәуірдегі № 460 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11779 болып тіркелген) Автомобиль көлігімен қауіпті жүктерді тасымалдау қағидаларына және Қазақстан Республикасының аумағында автокөлік құралдарымен тасымалдауға жол берілетін қауіпті жүктердің тізбесіне сәйкес ЖМ тасымалдауға арналған көлік құралын басқаруға, қауіпті жүк тасымалдауға рұқсаты туралы куәлігі бар жүргізушілер жіберіледі.

      Жүргізуші мен тасымалдаушы тасымалдауға жауапты адамның рұқсатынсыз, ЖМ тиелген көлік құралын қалдыруына болмайды.

      ЖМ тиелген көлік құралында тиеуге қатысы жоқ адамдардың болуына рұқсат берілмейді.";

      95-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) ЖМ кіріс және шығысы есебі журналының қағаз нұсқасы нөмірленіп, тігіліп, мөрмен немесе өнеркәсіптік қауіпсіздік саласының өкілетті органның аумақтық бөлімшесінің пломбасымен бекітіледі.

      Қағаз және электрондық журналды ЖМ берілуі жүргізілетін базистік және шығыс қоймалардың меңгерушілері жүргізеді.

      ЖМ әрбір атауы бөлек есептеледі.

      ЖМ қалдықтары әрбір атаулары бойынша есептеледі және ағымдағы тәулік соңына қағаз және электронды журналға тіркеледі. Журналға тәулігіне саны өзгерген ЖМ тіркеледі;";

      96-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "96. ЖЗ көлік құралдарының, оның ішінде көліктік-зарядтық машиналардың ауысымдық тұтынуынан артық емес мөлшерде беруді ЖМ қоймасының персоналы жарғыштар (жеткізушілер) ауысым басында ұсынатын және ЖМ наряд-рұқсаттамасы немесе наряд-жолдамасымен қалдырылатын, жарылыс жұмыстарының жетекшісі мен ұйымның бас бухгалтері қол қойған ілеспе хат бойынша жүргізеді.

      Тиеу люктерінің қақпақтары мен көліктік-зарядтау машиналары дозаторларының нүктелері ЖЗ берген қойма меңгерушілерінің (үлестірушілердің) ЖМ қоймасында жүргізушілердің (жеткізушілердің) қатысуымен пломбыланады.

      Ілеспе хат ауысымның әр автомашинасы жүргізушісіне жазылып беріледі және оған сәйкес аға жарушы блокқа келген автомашинада пломбының болуын тексереді, ЖЗ түсіріп болған соң оларды алғандығын ілеспе хатта қол қоюмен растайды. Ілеспе хаттың жыртылмалы талоны аға жарушыға беріледі.

      Ілеспе хаттар мен ілеспе хаттардың жыртылмалы талондары ауысым соңында ЖМ қоймасына немесе карьердегі ЖМ қоймасының учаскелік үлестірушісіне өткізіледі және наряд-рұқсаттаманы жабу мен ЖМ беру мен қайтаруды есепке алу журналына сәйкес жазба жүргізу үшін қызмет етеді.

      Зарядтау машинасында ЖЗ (оның құрауыштары) қалдығы болған кезде зарядтауды аяқтағаннан кейін ЖЗ жазылып берілген аға жарушы ілеспе хатта тек ЖЗ блокта пайдаланған санын ғана алғанын растайды, дозаторлардың түсіргіш иірмектерін пломбылайды.

      Машина жүргізушісі (жеткізуші) жарылыс жұмыстардың басшысымен қайта ресімделген ілеспе хат бойынша ЖЗ қоймаға қайтарады. Аға жарушы ұңғымаға зарядталған ЖЗ санына ілеспе хатта растағаннан кейін учаскелік үлестірушіге зарядтау автомобильдерінің түсіргіш иірмектерін пломбылауына рұқсат беріледі.";

      105-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "105. ЖМ кемдігі немесе артықтығы анықталған жағдайда ұйым басшысына, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне және аумақтық ішкі істер органдарына бір тәулік ішінде жазбаша (ерікті түрде) хабарланады.

      Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі жазбаша түрдегі хабарламаны алғаннан кейін екі сағат ішінде ЖМ кемдігі немесе артықтығы анықталған оқиғасы туралы аумақтық ұлттық қауіпсіздік органына хабарлайды.

      Ұйым ЖМ жетіспеуін немесе артылып қалуының жағдайы мен себептерін анықтау үшін:

      1) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесін;

      2) аумақтық ішкі істер органдарын;

      3) аумақтық ұлттық қауіпсіздік органдарын тартумен құрамы 5 (бестен кем емес) адамнан тұратын комиссия құрылады.

      Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі, аумақтық ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдары хабарламаны алған сәттен бастап бір тәулік ішінде ЖМ жетіспеуін немесе артылып қалуының жағдайы мен себептерін анықтау комиссиясының құрамында қатысатын тұлғалар туралы ұйымның басшысына хабарлайды.

      Жоғарыда көрсетілген мемлекеттік органдардың бірі кандидатураларды бермеген немесе нақты болмаған жағдайда комиссия жұмысқа кіріседі. ЖМ жетіспеуін немесе артылып қалуының жағдайы мен себептерін анықтау туралы комиссияның жұмысы аяқталған сон акт (еркін түрдегі) жасалады.";

      123-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "123. ЖМ жою технологиялық регламентке сәйкес ұйымның техникалық басшысының жазбаша өкімі бойынша жару, өртеу немесе суда еріту түрінде жүргізіледі.

      Ұйым әрбір жойылатын ЖМ жоспарлаған күні мен ЖМ жоятын орны туралы өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне жазбаша (ерікті түрде) хабарлайды.

      Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі осы ЖМ жою туралы хабарламаны алғансын екі сағат ішінде аумақтық ішкі істер мен ұлттық қауіпсіздік органына хабарлайды.

      Ұйым ЖМ толық жойылғанын қамтамасыз ету үшін:

      1) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесін;

      2) аумақтық ішкі істер органдарын;

      3) аумақтық ұлттық қауіпсіздік органдарын тартумен, тиісті операцияларды орындайтын персонал, осы жұмыстардың жетекшісі құрамы 5 (бестен кем емес) адамнан тұратын комиссия құрылады.

      Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі, аумақтық ішкі істер және ұлттық қауіпсіздік органдары бір тәулік ішінде ЖМ жою туралы хабарламаны алған соң ЖМ толық жойылуына бақылауды қамтамасыз ету үшін комиссия құрамына қатысатын тұлғалар туралы ұйымның басшысына хабарлайды.

      Жоғарыда көрсетілген мемлекеттік органдардың бірі кандидатураларды бермеген немесе нақты болмаған жағдайда комиссия жұмысқа кіріседі.

      ЖМ жойылғаннан кейін комиссия ЖЗ өнімдерінің толық жойылғанына көз жеткізеді.";

      Әрбір жойылған ЖМ саны және жойылған ЖМ атауы, себебі және жою тәсілі көрсетілген акт (еркін түрдегі) жасалады. Акт екі данада жасалады, актінің бір данасы ЖМ қоймасында сақталады, екіншісі ұйымның бухгалтериясына жіберіледі.";

      138-тармақ алып тасталсын;

      171-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "171. Электрлік емес бастамашы құралдарды пайдаланатын жару жұмыстары оларды пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі.";

      185-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "185. Тау-кен және газ бен шаң бойынша қауіпті, кен емес өнеркәсіп объектілерінде жару жұмыстары технологиялық регламентке сәйкес әзірленген жобалар бойынша жүргізіледі.";

      186-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "186. Жобалар теспе, ұңғымалық, камералық, қазандық зарядтарды жару үшін құрылыс объектілерінде жару жұмыстарын орындау, ғимараттар мен құрылыстарды құлатуда, ұңғымалады атқылау, түбін тереңдету және мұз жару жұмыстарын жүргізу, батпақты жерде жұмыс істеу, су асты жару жұмыстары кезінде, ыстық сілемдерді жару, ату-жару жұмыстарын, сейсмобарлау жұмыстарын орындау, өзге де арнайы жұмыстардың өндірісі кезінде жасалады.

      Басқа да жару жұмыстары паспорттар бойынша орындалады.

      Жаппай жарылысты қолдана отырып, жару жұмыстарын жүргізу үшін паспорттар мен жобаларды әзірлеу үшін базалық құжат болып табылатын, жару жұмыстарын жүрзудің үлгі жобасы, оның ішінде нақты жағдайларда орындалатын жаппай жарылыстардың жобалары да әзірленеді.";

      188-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "188. Жаппай жарылыс жұмыстарын ұйымдастырудың үлгі жобасы ұйымның техникалық басшымен бекітіледі және қолданысқа енгізіледі. Жарылыс жұмыстарын мердігерлік тәсілмен орындаған кезде үлгі жобаны мердігер жасап, бекітеді, тапсырыс берушімен келісіледі.";

      189-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "189. Бұрғы жарылыс (жарылыс) жұмыстарының жобасын ұйымның техникалық басшысы бекітеді және жарылыс жұмыстарының негізгі параметрлерін, зарядтардың бастамашы тәсілдерін, жарылыс желілерін есептей отырып, зарядтар мен соққыштар конструкцияларын, ЖМ болжамды шығыстарын, қауіпті аймақты анықтауды және оның шегінде орналасқан объектілерді (ғимарат, имараттар, коммуникациялар) ескере отырып, осы аймақтыкүзетуді, ауданды жарылғыш жұмыстардан тазарту және осы Қағидалардың нақты шартында толықтырылатын қауіпсіздіктің басқа да шараларын көрсете отырып, ұйымдастыру шараларын қамтиды.

      Басқа ұйымның объектілері қауіпті аймаққа келіп түскен кезде оның басшысына кемінде бір тәулік ішінде жарылғыш жұмыстар жүргізілетіннің орны мен уақыты туралы жазбаша хабарланады.";

      195-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "195. Теспедегі зарядтардың бірреттік жарылысын жобада көзделген мөлшерге дейін пысықтаудың контурына жеткізу, қақпаларды жою, забойды түзеті, өңдеу жер қыртысын қопару, бекіту кезінде өңдеуді кеңейту, бас тартуларды жою үшін сызба бойынша жүргізуге жол беріледі. Сызбаны жарылыс жұмыстарына тікелей басшылықты жүзеге асыратын бақылаушы адам жасайды және қол қояды. Газ немесе шаңы бойынша қауіпті шахталарда сызбаны шахтаның техникалық басшысы бекітуі тиіс.

      Сызбада теспенің орналасуы, салмағы, заряд конструкциясы, жарушының бекеті мен жасырыну орны, қауіпсіздіктің қосымша шаралары көрсетіледі.

      Сызба берілген ЖМ-ді осы Қағидалардың 8-қосымшасында көрсетілген үлгіге сәйкес Жарылғыш материалдарды беру және қайтаруды есепке алу журналында жазу үшін, ал жарылыс жұмыстарынан кейін осы Қағидалардың 7-қосымшасында көрсетілген үлгіге сәйкес Жарылғыш материалдардың кіріс және шығысы есебі журналында ЖМ есептен шығаруға негіз болып табылады.";

      237-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "237. Жаппай жарылыстарға дайындық және жүргізу кезінде қауіпті аймақ, оны күзету, адамдар мен жабдықтар орналасатын орындары, ЖМ жеткізу және орналасу тәртібі технологиялық регламентке сәйкес әзірленген жобамен айқындалады.";

      248-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "248. Карьердегі жарылысты жобалау кезінде жаппай жарылыс үлгі жобасында адамдардың жарылыс ауданына және ішінде орналасу қауіп төндіретін басқа да қазбаларға жіберу тәртібін анықтайтын бөлім енгізіледі.";

      255-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "255. Істен шығуды байқаған экскаватор машинисі (немесе одан күмәнданғанда) таукен жынысын тиеу жұмыстарын тоқтатады, локомотив машинистері мен өзі аударғыш жүргізушілеріне жылжымалы құрамды істен шығуды жою жөніндегі технологиялық регламентпен белгіленген аймақтан тыс (алайда 50 метрден кем емес) шығаруды көрсетеді, карьердің (ұйымның) диспетчеріне істен шығу туралы хабарлайды және бақылаушы адамды шақырады.";

      272-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "272. Жару кезінде зарядтардың дара, топтық және жалпы істен шығу зарядтарын бастамашыл электр емес жүйесінің көмегімен жою ұйымның техникалық басшысы бекіткен технологиялық регламент, осы бастамашыл жүйені пайдалану бойынша нұсқаулықта көрсетілген әдістер бойынша жүргізіледі.";

      573-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "573. Кәсіпорындарда ЖМ сынау және жою жағдайлары жасалады. Бұл мақсатта жобамен полигондар және зертханалар қаралады.

      Жарылыс жұмыстары және ЖМ сақтау кезіндегі қауіпсіз қашықтықты айқындау осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.";

      579-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "579. ЖМ қоймасының сақтағыштарындағы ЖЗ және бастамашы құралдар сөрелері және ЖМ штабельдері қабырғадан 20 см кем емес ара қашықтықта қойылады, ал еденнен 10 см кем емес биіктікте орнатылады. ЖЗ бар жәшіктер, қаптар төсеніштерде орналастырылады. Штабель биіктігі 2 метрден биік болмайды. Штабельдер ені орын санауын жеңілдететіндей қылып, екі қатар қап (жәшік) қылып жайғастырылады.

      Тиеп түсіру операцияларында механикаландырылған құралдарды пайдаланғанда ЖЗ қаптарын және жәшіктерін тұғыры бар түйіншектерде, шығыршықты контейнерлерде, екі қатардан биік емес қылып сақтауға рұқсат беріледі. Тұғырларды және шығыршықты контейнерлерді орналастыру жобамен анықталады. Штабельдердің ең биік жиналуы 2,6 метрден аспайды.

      Штабельдер арасында, соның ішінде шығыршықты контейнер және сөрелер арасында ені 1,3 және 1 метрден кем емес өту жолдары қалдырылады.";

      580-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "580. Сөрелердегі жәшіктер, қаптар (шығыршықты контейнер) және басқа ЖМ бар орындарда штабельдер биіктігі екеуден жиналады.

      Топтары В,С және түтінді дәрі ЖМ ашылған орындарда биіктігі тек бір қатар болып жиналады. Аталған ЖМ жоғары сөрелері биіктігі 1,7 метрден артық, қалғандарына 2 метрден артық болмайды.

      Екі сөре ара қашықтығы, ЖМ бар жәшіктер (қаптар) арасы мен жоғары сөре арасында 4 см аз емес кеңістік қалатындай қылып есептеледі.

      ЖМ сақтағышындағы сөрелерді және тұғырларды қатайтқан шегелермен бұрандамалар бастары толық батырылады.

      Сөре тақтайлары ара қашықтықтары 3 см дейінгі ара қашықтықта төселеді. Төменгі сөре толық жабылады.";

      587-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "587. ЖМ қоймасы сақтауышының ішінде жұмыс істейтін іштен жану қозғалтқышты бар жүк көтеру механизмдері жанған газды залалсыздандыратын қондырғымен және ұшқын өшіргішпен жабдықталады, ал электрлік қондырғылар (электрлік жүк тиегіштер, тельферлер) Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 230 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде № 10851 болып тіркелген) Электр қондырғыларын орнату қағидаларының талаптарына сәйкес.";

      607-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "607. ЖМ қоймасының электрлік қондырғылары, оның ішіндегі күш және жарық беру жүйесі электр қуатының жоғалуынан және адамдарды электр тоғымен күйдіруден сақтайтын құрылғылармен жабдықталады. ЖМ қоймасының жерлендірілуі Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 230 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10851 болып тіркелген) электр қондырғыларын орнату қағидаларына сәйкес жүргізіледі.";

      668-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "668. ЖМ жер асты қоймалары дыбысты кәсіпорынның кезекшісінің (диспетчердің) пультіне шығарылатын автоматты күзет дабылымен жабдықталады.";

      701-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "701. Ұйымдарда ЖМ жоғалуының барлық жағдайлары туралы басшыға хабарлау реті анықталады.

      ЖМ жоғалу фактісі туралы ұйымның басшысы бір тәулік ішінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне жазбаша(ерікті түрде) хабарлайды.

      Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі осы ЖМ жоғалу фактісі туралы хабарламаныалғаннан кейінекі сағат ішінде аумақтық ішкі істер мен ұлттық қауіпсіздік органына хабарлайды.

      Ұйым басшысы ЖЗ жоғалу фактісіне байланысты өндірістік жағдайдың, құжаттардың сақталуын қамтамасыз етеді, комиссияның келуіне дейін оқиға болған орында, ЖЗ әрі қарай жоғалуына байланысты, адамдарды құтқару немесе авариялық жағдайды жою жұмыстарынан басқа барлық жұмыстар тоқтатылып, ЖЗ іздеу мен орнына қайтару шаралары жасалады.";

      1-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қауіпті өндірістік объектілер
үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті
қамтамасыз ету қағидаларына
1-қосымша";

      2-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қауіпті өндірістік объектілер
үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті
қамтамасыз ету қағидаларына
2-қосымша";

      3-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қауіпті өндірістік объектілер
үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті
қамтамасыз ету қағидаларына
3-қосымша";

      4-қосымша жаңа редакцияда осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жазылсын;

      5-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қауіпті өндірістік объектілер
үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті
қамтамасыз ету қағидаларына
5-қосымша";

      6-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қауіпті өндірістік объектілер
үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті
қамтамасыз ету қағидаларына
6-қосымша";

      7-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қауіпті өндірістік объектілер
үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті
қамтамасыз ету қағидаларына
7-қосымша";

      8-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қауіпті өндірістік объектілер
үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті
қамтамасыз ету қағидаларына
8-қосымша";

      9-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қауіпті өндірістік объектілер
үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті
қамтамасыз ету қағидаларына
9-қосымша";

      10-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қауіпті өндірістік объектілер
үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті
қамтамасыз ету қағидаларына
10-қосымша";

      11-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қауіпті өндірістік объектілер
үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті
қамтамасыз ету қағидаларына
11-қосымша";

      12-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қауіпті өндірістік объектілер
үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті
қамтамасыз ету қағидаларына
12-қосымша";

      13-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:

  "Қауіпті өндірістік объектілер
үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті
қамтамасыз ету қағидаларына
13-қосымша".

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрі
Ж. Қасымбек

      "КЕЛІСІЛДІ"                        "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының             Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау министрі             Бас прокуроры
      ________________ Е. Біртанов             ________________ Қ. Қожамжаров
      2017 жылғы 30 қазан                  2017 жылғы 5 қаңтар

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы
      ________________ К. Мәсімов
      2017 жылғы 3 қараша

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық экономика министрі
      ________________ Т. Сүлейменов
      2017 жылғы 28 қараша

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі
      ________________ Қ. Қасымов
      2017 жылғы 10 қараша

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының
      Энергетика министрі
      _____________ Қ. Бозымбаев
      2017 жылғы 27 қазан

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2017 жылғы 20 қазандағы
№ 719 бұйрығына
қосымша
  "Қауіпті өндірістік объектілер
үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті
қамтамасыз ету қағидаларына
4-қосымша"
  Үлгі

Мұқаба Қазақстан Республикасының Елтаңбасы Жарушының, жарушы-шебердің бірыңғай кітапшасы

      1-бет
      ___________________________________________________________________________
      (Ұйымның атауы)

Фотосурет орны

      Ұйымның М.О.
      (болған жағдайда)

Жарушының,
жарушы-шебердің
бірыңғай кітапшасы

      № ___________
Серия ________
      Тегі ________________________________________________________________
      Аты _________________________________________________________________
      Әкесінің аты (болған жағдайда) _________________________________________
      Келесі жарылыс жұмыстарының түрлерін жүргізуге құқылы:
      ____________________________________________________________________
      ____________________________________________________________________
      ____________________________________________________________________
      Берілді _____________ 20___ ж.
Біліктілік комиссиясы
____________________________________________________________________
      2-бет
      қала (кент) _________________________________________________________
      20___ ж. "______" ___________ № _______________ хаттама негізінде

ҰйымныңМ.О.
(болған жағдайда)

Біліктілік комиссиясының төрағасы
____________________________________________
(лауазымы, жөні, тегі)
___________________________________
(қолы)

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің
М.О.

____________________________________________
(лауазымы, жөні,тегі)
______________________
(қолы)

ҰйымныңМ.О.
(болған жағдайда)

____________________________________________
(лауазымы, жөні,тегі)
______________________
(қолы)

Жарушының, жарушы-шебердің өз қолы

_____________________________________________

Тәжірибеден өтті

"____" _____________20____ж. бастап
"____" _____________20____ж. дейін

____________________________________________________________________ ұйым ____________________________________________________________________ жарылыс жұмыстарын басқарушының лауазымы, жөні,тегі

Ұйымның М.О.
(болған жағдайда)
Жарушының,
жарушы-шебердің
өз қолы

______________________
(қолы)

      3-бет
      Келесі жарылыс жұмыстарының түрлерін жүргізуге құқылы *
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
* Бірыңғай кітапшада осындай барлығы 5 парақ болады. Олар әрбір қосымша құқық берілу жағдайында толтырылады.
      20____жылғы "___" _________________ № ___________ хаттамасы негізінде
      қала (кент) _________________________________________________________
      Біліктілік комиссиясының төрағасы ___________________________
(лауазымы)
      ____________________________________________________________________
(лауазымы, жөні,тегі)

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің
М.О.

____________________________________________
(лауазымы, жөні,тегі)
______________________
(қолы)

ҰйымныңМ.О.
(болған жағдайда)

____________________________________________
(лауазымы, жөні,тегі)
______________________
(қолы)

Тәжірибеден өтті

"____" _____________20____ж. бастап
"____" _____________20____ж. дейін

      ___________________________________________________________________
      ұйым
      ____________________________________________________________________
      жарылыс жұмыстарын басқарушының лауазымы, жөні,тегі

Ұйымның М.О.
(болған жағдайда)
Жарушының,
жарушы-шебердің
өз қолы

______________________
(қолы)

      4-бет
      Талонды қайтарып алу негіздемесі ____________________________________
      20 ____ жылғы "____" _________________ № ___________
      ____________________________________________________________________
      ұйым
      ____________________________________________________________________
      жарылыс жұмыстарын басқарушының лауазымы, жөні,тегі
____________________
      (қолы)
      Ұйымның
      М.О. (болған жағдайда)

Ескерту талоны
Жарушының,
жарушы-шебердің
бірыңғай кітапшасына

      № ______________________
      Серия ___________________
      Тегі ________________________________________________________________
      Аты_________________________________________________________________
      Әкесінің аты (болған жағдайда) __________________________________________________
      Біліктілік комиссиясының төрағасы ___________________________________
      ____________________________________________________________________
      (лауазымы, жөні,тегі)
      Өнеркәсіптік қауіпсіздік
      саласындағы уәкілетті
      органның аумақтық
      бөлімшесінің М.О. ______________________________________
      (лауазымы, жөні,тегі)
      ______________________
      (қолы)
      Ұйымның М.О. (болған жағдайда)
      ____________________________________________________________________
      (лауазымы, жөні,тегі)
      "____" ___________20___ж ______________________
      (қолы)
      Талон қайта берілді "____"_______________20____ж.
      негіздемесі"____"______________20_____жылғы
      ____________________________________________________________________
      ұйым
      ____________________________________________________________________
      жарылыс жұмыстарын басқарушының лауазымы, жөні,тегі
      Ұйымның _____________________
      М.О. (болған жағдайда) (қолы)