Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 14 желтоқсандағы № 744 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 11 қаңтарда № 16210 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 15-бабының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшуды жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясы басқару органдарының басшыларына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрі
генерал-полковник

С. Жасұзақов

       "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Мемлекеттік күзет

      қызметінің бастығы

      генерал-лейтенант

      А. Күреңбеков

      2017 жылғы "__" ______

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік комитетінің

      Төрағасы

      К. Мәсімов

      2017 жылғы "____" _________

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрі

      полиция генерал-полковнигі

      Қ. Қасымов

      2017 жылғы "____" ________


Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2017 жылғы 14 желтоқсандағы
№ 744 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшуды жүргізу қағидалары

1-бөлім. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшуды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының (бұдан әрі – мемлекеттік авиация) ұшуын жүргізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі анықтамалар:

      1) авиациялық бөлім (бұдан әрі – бөлім) – Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының жойғыш, бомбалаушы, шабуылшы, көліктік, армиялық және оқу-жаттығу әуе кемелерінің (бұдан әрі – ӘК) ұшуын жүргізуді, оларды пайдалануды, жөндеуді және сақтауды жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік мекеме, авиациялық комендатуралар, авиациялық мүлік қоймалары, оларға ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдаланатын бөлімшелері кіретін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің (бұдан әрі – ҚР ҚМ), Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің (бұдан әрі – ҚР МКҚ), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі – ҚР ІІМ) және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (бұдан әрі – ҚР ҰҚК) құрылымдық бөлімшелері, сондай-ақ авиациялық персоналды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу орталықтары, ұшқышсыз ұшу аппараттарын жауынгерлік даярлау және жауынгерлік қолдану оқу-жаттығу орталықтары;

      2) авиациялық бөлімнің басшы ұшқыш құрамы – авиациялық эскадрильяның командирінен бастап және одан жоғары (жеке авиациялық эскадрильяда буын (жасақ) командирінен бастап және одан жоғары) лауазымдарды атқаратын ұшқыш құрамы;

      3) авиациялық техника – авиациялық техникалық құралдар кешені (ӘК, оның борттық жабдығы мен агрегаттары, қозғалтқыштар, мемлекеттік авиация ӘК-ның авиациялық қарулануы, авиациялық құтқару құралдары, кешенді тренажерлар (ұшу симуляторлары), жиынтықтаушы бұйымдар, әуе қозғалысын техникалық басқару құралдары, қондыру және байланыс навигациялары, сондай-ақ ұшуды орындау, әуе қозғалысын басқаруды және ұшуды жерүсті қамтамасыз етуді ұйымдастыру үшін арналған жалпы және арнайы қолданылатын жерүсті қамтамасыз ету құралдары;

      4) арнайы әуе кемелері – оларда орнатылған арнайы жабдықты пайдаланумен міндеттерді орындау үшін арналған ӘК;

      5) арнайы мақсаттағы алаң – ұшу даярлығының түрлері бойынша жеке жаттығуларды пысықтауды қамтамасыз ететін арнайы дайындалған және белгіленген алаң;

      6) арнайы тапсырма – мемлекеттік авиация басқару органдарының басшылығы бекіткен жауынгерлік, ұшу, оқу-жаттығу-ұшу, арнайы даярлық Курстарында (бұдан әрі – Курстар) көзделмеген тапсырмаларды орындауға ұшу;

      7) аспаптар бойынша ұшу – пилоттық-навигациялық аспаптар бойынша экипаж ӘК-ның кеңістіктегі жай-күйін және оның болатын орнын толық немесе ішінара айқындайтын жағдайларда орындалатын ұшу;

      8) ӘК командирі – экипажда үлкені болып табылатын және ӘК-ның ұшуды орындауына және қауіпсіздігіне жауап беретін пилот (ұшқыш);

      9) ӘК-ның ұшу маршруты – негізгі бұрылу пункттермен айқындалған жер (су) бетіне ӘК-ның берілген (белгіленген) ұшу траекториясының проекциясы;

      10) мемлекеттік авиация әуеайлағының аға авиациялық бастығы – әуеайлақта жауынгерлік даярлықты (жүргізу қызметін) ұйымдастыратын және мемлекеттік авиацияның басқару органы (азаматтық авиация саласында өкілетті орган) тағайындаған осы әуеайлақта орналасқан мемлекеттік авиацияның авиациялық бөлімдер командирлері, азаматтық авияция мекемелері мен кәсіпорын бастықтары қатарынан лауазымды адам;

      11) әуе қозғалысын басқару орталықтары (бұдан әрі – ӘҚБ орталықтары) – "Әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 15-бабы 29) тармақшасына сәйкес мемлекеттік авиация саласында өкілетті орган бекітетін әуе қозғалысын басқару Нұсқаулығына сәйкес Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалануды жоспарлау және үйлестіруге, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану тәртібінің сақталуын бақылауға, оларға белгіленген жауапты аудандардың шектерінде әуе қозғалысының тұрақтылығын және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әуе қозғалысын басқару жедел органдары;

      12) әуе қозғалысына қызмет көрсету маршруты – әуе қозғалысына қызмет көрсетуді (бұдан әрі – ӘҚҚК) қамтамасыз ету мақсатында қозғалыс ағынын бағыттауға арналған белгіленген маршрут;

      13) әуеайлақтық ұшу шеңбері – әуеайлақ ауданындағы белгіленген маршрут, олар бойынша (немесе оның бөлігінде) ұшып шыққаннан кейін биіктік алу, қонуға кіру үшін төмендеу, қонуды күту, әуеайлақ (ұшу алаңы) үстінен ұшуды орындау орындалады;

      14) әуеайлақтан тыс ұшу – ұшып шығу әуеайлағына қонумен басқаруды басқа әуе қозғалысын басқару органына бере отырып, әуеайлақ ауданының әуе кеңістігі шекараларынан тыс орындалатын ӘК-ның ұшуы;

      15) әуеайлақтық ұшу – ұшып көтерілу әуеайлағы ауданының әуе кеңістігі шекараларында орындалатын ӘК-ның ұшуы;

      16) бақыланатын әуе кеңістігі – олардың шегінде әуе қозғалысын басқару (диспетчерлік қызмет көрсету) қамтамасыз етілетін белгілі бір мөлшердегі әуе кеңістігі;

      17) бақыланбайтын әуе кеңістігі – олардың шегінде әуе кеңістігінің жіктеуішісіне сәйкес тек әуе қозғалысына ұшу-ақпараттық қызмет көрсету қамтамасыз етілетін немесе әуе қозғалысына басқару болмайтын әуе кеңістігі;

      18) белгіленбеген қону алаңы – ұшуда, ӘК-ның ұшып көтерілуі және қонуы үшін жарамды ӘК экипажы таңдалған жер учаскесі, су немесе өзге де жазықтық;

      19) белгіленген қону алаңы – қажет болған кезде ұшуды басқару және қамтамасыз ету құралдарымен жарақтандырылған алдын ала таңдалған немесе ӘК-ның ұшып көтерілуі және қонуы үшін жарамды, өз кординаталары, таңбалануы бар жер учаскесі, су немесе өзге де жазықтық;

      20) бүйiрлі эшелондау – ӘК-ны бір биіктікте арақашықтық немесе олардың жол желілелі арасындағы бұрыштық ығыстыру бойынша белгіленген аралықта бөліп орналастыру;

      21) бірлесіп орналастыру әуеайлағы – мемлекеттік, азаматтық және эксперименттік авиацияға жататын ӘК орналастырылатын азаматтық және мемлекеттік авиацияның әуеайлақтары;

      22) векторлау (радиолокациялық бағыттау) – радиолокатор деректерiн пайдалану негізінде белгіленген курстарды көрсету арқылы ӘК-ны навигациялық бағыттауды қамтамасыз ету;

      23) ерекше жағдай – авиациялық техниканың кенеттен iстен шығуы немесе ӘК-ның, жолаушылар мен экипаждың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн экипаждан стандартты емес iс-әрекеттер жасау талап етілетiн жағдайларға ӘК-ның тап болуы нәтижесiнде туындайтын жағдай;

      24) жазық жер – 25 км радиуста салыстырмалы түрде 200 м дейiн бедерлi жергілікті жер;

      25) жақын ұшып келу – жер тиімділігін пайдалануға мүмкіндік беретін биіктік диапазоны шегінде маневр жасау әуеайлағы алаңы (келіп қону алаңы) үстінде және рульді басқару үшін қабылданған жылдамдықтарда тікұшақтың орын ауыстыруы;

      26) жауынгерлік әуе кемесі – жауынгерлік міндетті орындауға арналған ӘК;

      27) жоғарғы пилотаж – ӘК-ның күрделі пилотаж фигураларын олардың үйлесімінде орындауы. Одан басқа, жоғары пилотажға төңкеріліп ұшудың барлық фигуралық түрлері және қолайсыз артық салмақпен фигураларды орындау жатады. Жоғары пилотаж жоғары маневрлі және маневрлі ӘК-да орындалады;

      28) жүріп өтудің аяқталуы – ӘК-ның жүріп өтуде қозғалыс бағытын қауіпсіз өзгертуді орындауға мүмкіндік беретін ӘК-ны жасаушы зауыттың басшысы бекіткен ӘК-ны ұшуда пайдалану жөніндегі нұқауда (нұсқаулықта) (бұдан әрі – ҰПН) айқындалған басқару жылдамдығына қол жеткізген сәт;

      29) инженерлік-техникалық құрам – арнайы дайындығы бар және авиациялық техникаға қызмет көрсетумен, пайдаланумен, сақтаумен және жөндеумен байланысты лауазымдарды атқаратын авиациялық персонал;

      30) көлденең эшелондау – ӘК-ны бiр биiктiкте уақыт немесе қашықтық бойынша жол желiсi бойымен белгiленген аралықтарда бөліп орналастыру;?

      31) көліктік-жауынгерлік әуе кемелері – адамдарды, жүктерді және жанар-жағармай материалдарын тасымалдауға және жауынгерлік міндеттерді орындауға арналған ӘК;

      32) көліктік әуе кемелері – адамдарды, жүктерді тасымалдауға арналған ӘК;

      33) күрделі пилотаж – әуе кемесімен 45? (10?) астам тангаж бұрыштарымен және 60? (30?) астам кренмен пилотаж фигураларын орындау;

      34) қарапайым пилотаж – әуе кемесімен 45? (10?) дейін тангаж бұрыштарымен және 60? (30?) дейін кренмен пилотаж фигураларын орындау;

      35) қашықтан басқарылатын авиациялық жүйе (бұдан әрі – ҚБАЖ) – ұшқышсыз ұшу аппаратын (бұдан әрі – ҰҰА) қамтитын конфигурацияланатын элементтер кешені, онымен байланысты станциялар, қажетті басқару және бақылау желілері, сондай-ақ ұшуды орындау барысында кез келген сәтте қажет болуы мүмкін кез келген басқа да жүйелер;

      36) қону – биіктіктен түзеле бастағаннан (тік қону кезіндегі тежей бастағанан) бастап жер, су немесе өзге де жазықтыққа жанасу және жүріп өту (тік қону кезінде жерге қонғаннан кейінгі қозғалтқыштың дросселденуі) аяқталу сәтіне дейін ӘК-ның баяулаған қозғалысы;

      37) қонудағы көрініс – ӘК кабинасынан төмендеу глиссадасындағы дәл жерге түсу жолақтарының (дәл жерге түсу орны – тікұшақтар үшін) басталуы немесе ұшу-қону жолақтарының жарықтары анықталатын және танылатын арақашықтық;

      38) қырлы жергілікті жер – 25 км радиуста бедерлі қималары мен қатысты биіктеу 200-ден 500 м қырқасы бар жергілікті жер;

      39) мемлекеттік авиацияны басқару пункті – операциялық әуе қозғалысы кезінде ӘК-ның ұшуын бақылау және басқару жөніндегі міндеттерді орындайтын командалық пункт, командалық-диспетчерлік пункт, старттық командалық пункт, авиацияны бағыттау пункті, уақытша (қосалқы) басқару пункті, әуедегі командалық пункт, авиацияны әуедегі бағыттау пункті (бұдан әрі – басқару пункті);

      40) метеорологиялық көрініс – метеорологиялық қызмет техникалық құралдар көмегімен немесе шолу бағдарлары бойынша айқындайтын көлденең көрініс;

      41) навигациялық даярлық – ұшқыштар мен штурмандарды ұшуда бағдарлауды жүргізуге, жауынгерлік (ұшу) тәртіптің және ұшу бағытының параметрлерін белгіленген уақытта белгіленген нүктеге шығуымен ұстауға бағытталған ұшу даярлығынң түрі;

      42) оқу-жаттығу әуе кемелері – ұшқыш құрамын ұшуды басқару техникасы мен әуе навигациясына үйретуге арналған ӘК;

      43) оқу-жауынгерлік әуе кемелері – ұшқыш құрамын ұшуды басқару техникасына, әуе навигациясына, жауынгерлік қолдануға және жауынгерлік міндеттерді орындауға үйретуге арналған ӘК;

      44) отынның аэронавигациялық қоры – қосалқы әуеайлаққа (қону алаңына) бағыттаумен, бекітілген маршруттан ауытқумен, қарсы соққан жел жылдамдығының күшеюімен және басқа да мән-жайлармен туындаған ұшу жоспары өзгерген жағдайда қажетті ұшып көтерілу әуеайлағынан (қону алаңынан) белгіленген әуеайлаққа (қону алаңына) дейін ұшуға арналған есептелген мөлшерден тыс отын резерві;

      45) өтпелі қабат – өту биіктігі мен өту эшелоны арасындағы әуе кеңістігі, көлденең ұшу режиміндегі ӘК-ның өтпелі қабатта ұшуына жол берілмейді;

      46) өту биіктігі – барометрлік биіктік өлшегіштің қысым шәкілін берілген эшелонды алу кезінде сынап бағанасы 760 миллиметр (1013,25 мбар/гПа) қысым мәніне ауыстыру үшін әуеайлақ ауданында белгіленген салыстырмалы (абсолютті) биіктік;

      47) өту эшелоны – барометрлік биіктік өлшегіштің қысым шәкілін сынап бағанасы 760 миллиметр (1013,25 мбар/гПа) қысымынан әуеайлақ қысымына немесе теңіз деңгейіне келтірілген ең аз қысымға ауыстыру үшін белгіленген төменгі қауіпсіз эшелон;

      48) пилотаж – оның кеңістіктік орны мен ұшу режимін өзгертумен сипатталатын ӘК әдейі орындайтын маневрлер. Күрделілік дәрежесі бойынша пилотаж қарапайым, күрделі және жоғары, ал оған қатысатын ӘК саны бойынша – дара және топтық болып бөлінеді;

      49) старттық уақыт – ӘК-ның экипажына ұшуды орындауға жол берілетін уақыт кезеңі;

      50) тасымалдар – ӘК бір әуеайлақтан (алаңнан) басқасына жолаушыларды (әскерлерді) немесе жүктерді (жайынгерлік техниканы) жеткізу мақсатында ұшуы;

      51) таулы жер – 25 км радиуста бедерлi қималары мен салыстырмалы түрде 500 м және одан да астам қырқасы бар жер, сондай-ақ теңiз деңгейiнен 2000 м және одан да астам биiктiктегi жер;

      52) топтық ұшу – топ құрамындағы бір әуе кемесі командирінің (бұдан әрі – ӘКК) басқаруымен екі немесе одан да көп ӘК-ның бірлесіп ұшуы;

      53) тік эшелондау – белгіленген аралықтардағы биіктік бойынша ӘК-ны таратып орналастыру;

      54) тік эшелондаудың қысқартылған минимумы (Reducе Vertical Separation Minimum) – RVSM қолданумен ұшуға рұқсаттамасы бар ӘК эшелондау үшін эшелондар арасында 8850 м (FL 290) және 12500 м (FL 410) диапазоныында қолданылатын тік эшелондау аралығы;

      55) тік көрініс – жер бетінен жер бетіндегі объектілер тігінен төмен көрінетін деңгейге дейінгі барынша жоғарғы қашықтық;

      56) ҰҰА-ны басқару пункті – ӘК-ны қапшықтан басқару үшін пайдаланылатын жабдықты қамтитын қашықтан басқарылатын авиациялық жүйе элементі;

      57) ҰҰА операторы – ҰҰА-ның ұшуы кезінде оны басқаратын авиациялық маман;

      58) ұшқыш құрамы – ұшқыш, штурман, ұшқыш әскери оқу орындарының курсанттары (тыңдаушылары) және әскери-есептік мамандығы бар және ӘК экипажы құрамында ұшуда міндеттерді орындайтын дәрігерлік-ұшу комиссиясының шешімімен ұшуға жарамды деп табылған басқа да лауазымды адамдар;

      59) ұшу ауысымы – уақыт ішінде ұшу орындалатын ұшудың жоспарлы кестесімен айқындалған кезеңі;

      60) ұшырып жеткізу – ӘК-ны өнеркәсіп кәсіпорнынан немесе авиациялық жөндеу зауытынан (авиациялық жөндеу бөлімінен, базасынан) авиациялық бөлімге немесе кері, сондай-ақ бір авиациялық бөлімнен басқасына беру мақсатында жүзеге асырылатын ұшып өту;

      61) ұшу ауысымының жетекшісі – ұшуды ұйымдастыру, жүргізу мен бақылау үшін ұшу ауысымына тағайындалған авиациялық бөлімнің басшылық ұшу құрамы қатарынан лауазымды адамдар;

      62) ұшу ауысымының ұзақтығы – ұшудың жоспарлы кестесіне сәйкес бірінші ӘК ұшып көтерілуі басталған сәттен бастап және соңғысы қонуды аяқтаған сәтке дейін есептелген уақыт;

      63) ұшу даярлығы жөніндегі құжаттар – әртүрлі метеорологиялық жағдайларда оларды күндіз және түнде ұшуға даярлау кезінде жеке құрамды үйрету мазмұнын, ауқымы мен жүйелілігін, дағдыларын жетілдіруді, мамандандыруды және қолдауды айқындайтын құжаттар;

      64) ұшу реттілігі – жауынгерлік міндеттерді орындаумен байланысты емес бірлесіп ұшқан кездегі ӘК-ның өзара орналасуы;

      65) ұшу тапсырмасы – Курспен айқындалған немесе тікелей командир (бастық), авиациялық бөлімнің басшы ұшқыш құрамы, әуе қозғалысын басқару органы, мемлекеттік авицияның басқару органы ұшқышқа берген әуе кемесінің ұшып көтерілуінен бастап қонуға дейінгі ұшуға тапсырма;

      66) ұшу уақыты – ұшып көтерілуі (тік ұшып көтерілу кезінде жер немесе су бетінен көтерілуі) кезіндегі ӘК-ның екпін ала бастағаннан бастап жүріп өту аяқталғанға немесе тік қону кезінде жер (су) бетімен жанасқанға дейінгі уақыт;

      67) ұшу эшелоны – қысымның сынап бағанасы 760 миллиметр (1013,25 мбар/гПа) стандартты кезінде есептелген және аралықтың белгіленген мөлшеріне басқа биіктіктен төмен болатын шартты биіктік;

      68) ұшуға басшылық жасау – ӘК экипаждарының ұшу тапсырмаларын толық, уақтылы және қауіпсіз орындауын қамтамасыз етуге бағытталған ұшуға тартылатын ұшуға басшылық жасау тобының және басқару пунктері есептоптарының іс-қимылдары;

      69) ұшуға басшылық жасау тобы – авиациялық бөлімнің (мемлекеттік авиация басқару органдарының, Әскери-әуе күштері қолбасшысы басқармасының) лауазымды адамдары қатарынан өз жауапкершілігі аймақтарында ұшуларға басшылық жасау (басқару, бақылау) үшін ұшуды (ұшып өтуді, ұшырып жеткізу) жүргізу кезеңінде авиациялық бөлімнің командирі (мемлекеттік авицияның басқару органының басшысы, Әскери-әуе күштері қолбасшысы) тағайындайтын адамдар тобы;

      70) ұшудағы көрініс – ұшудағы ӘК кабиналарынан көрініс;

      71) ұшуды басқару техникасы – жеке құрамды ұшып көтерілуға, қонуға, дара және топ құрамында кеңістіктік маневрлерді орындауға үйретуге бағытталған ұшу даярлығы түрі;

      72) ұшуды жүргізу – авиациялық бөлімдер жеке құрамының ұшуды дайындау, жүргізу және талдау бойынша келісілген іс-қимылдары процесі;

      73) ұшуды орындау – басқарылатын және ұшқышсыз ӘК-ның экипаждары жүзеге асыратын әуе кеңістігінде ұшу аппаратының қозғалысын басқару процесі;

      74) ұшуды объективті түрде бақылау – командир (бастық) жүргізетін жеке құрамды оқыту сапасын жетілдіру, ӘК-ның ұшу қауіпсіздігін және сенімділігін арттыру мүддесінде барлық объективті бақылау құралдары мен деректерін кешенді пайдалануға бағытталған іс-шаралар жүйесі;

      75) ұшуды жүргізуді ұйымдастыру – бөлімдердің командирлері мен штабтары жүргізетін ұшуды жүргізуге шешім қабылдауды, ұшуға міндеттер қоюды, ұшуды жоспарлауды, жеке құрамды, ұшуға басшылық жасау тобының адамдарын, ӘК-ны, жерүсті қамтамасыз ету құралдарын және әуеайлақты ұшуға дайындауды, ауа райын барлауды орындауды және ұшуды талдауды қамтитын іс-шаралар кешені;

      76) ұшудың жоспарлы кестесі – белгіленген үлгідегі құжат, онда командирдің ұшуды жүргізуге шешімі және оларға қатысатын экипаждарға тапсырмалары графикалық түрде және мәтінмен баяндалған (бейнеленген);

      77) ұшу-қону жолағында көру мүмкіндігі – оның шегінде ұшу-қону жолағының осьтік сызығында болатын ӘК пилоты ұшу-қону жолағы бетіндегі таңбалау белгілерін немесе ұшу-қону жолағын шектейтін немесе оның осьтік сызығын белгілейтін жарықтарды көре алатын қашықтық;

      78) ұшу-тактикалық даярлық – ұшқыш құрамды дара, бөлімшелер мен бөлімдер құрамында жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізуге (жауынгерлік міндеттерді орындауға) үйретуге бағытталған ұшу даярлығы түрі;

      79) ұшып өту – ӘК басқа әуеайлаққа (алаңға) қонумен орындайтын ұшу;

      80) ұшып көтерілу – ӘК-ның орнынан қозғалу сәтінен (тік ұшып көтерілу кезіндегі жерден көтерілу сәтінен) бастап жер (су) бетінен немесежасанды жазықтан көтерілу және 10 м биіктік (тік ұшып көтерілу кезіндегі жазықтық экраны ықпал ету биіктігін) алғанға дейінгі қозғалыс жылдамдығы;

      81) шайқалу – ӘК-ның турбуленттi атмосферада ұшу кезiндегі ретсiз қозғалысы:

      қалыпты шайқалу – ӘК жағдайының және (немесе) абсолюттік биіктігінің қалыпты, бірақ бұрынғыдай сенімді басқаруды қамтамасыз ететін өзгеруі, мұндағы ӘК ауырлық күші ортасында акселерометр көрсеткіші 0,5/1,0g, ұшып көтерілу және қону кезіндегі бірқалыпты шайқалу ±0,3/0,4g болған кезде;

      қатты шайқалу – ӘК жағдайының және (немесе) абсолюттік биіктігінің күрт өзгеруі, мұнда қысқа кезеңдер ішінде ӘК әуе жылдамдығының тән өзгеруімен, ӘК ауырлық күші ортасындағы акселерометр көрсеткіші 1.0 g асатын, ал ұшып көтерілу және қону кезінде үстемнің ±0,4g шамадан астам болуымен басқаруға бағынбайды;

      82) шекара аймағы – әкімшілік-аумақтық бірлігі аумағының шектерінде Мемлекеттік шекараға шектесетін Қазақстан Республикасы аумағының бөлігі;

      83) шекарамаңы жолағы – Қазақстан Республикасының құрлықтағы Мемлекеттік шекарасына ені 25 км, сондай-ақ ені 22,2 км (12 теңіз милі) аумақтық сулар үстінде шектесетін әуе кеңістігі;

      84) электрондық ұшу планшеті – жабдықтан және қолданбалы бағдарламалардан тұратын және оған ұшуды немесе ұшумен байланысты міндеттерді орындауда деректерді сақтау, жаңарту, бейнелеу және өңдеу жөніндегі функцияларды пайдалануға мүмкіндік беретін ұшу экижпажына арналған электрондық ақпарат жүйесі.

      3. Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының басқару органдарына:

      1) ҚР ҚМ авиациясында – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының басқармасы;

      2) ҚР ІІМ авиациясында – Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығы;

      3) ҚР ҰҚК Шекара қызметінің авиациясында – ҚР ҰҚК Шекара қызметі (бұдан әрі – ҰҚК ШҚ) жатады.

      4. Ұшқыш құрамын және ұшуға басшылық жасау тобын кәсіптік қызметке жіберуге Заңның 15-бабы 22) тармақшасына сәйкес мемлекеттік авиация саласында өкілетті орган бекітетін мемлекеттік авиацияның авиациялық персоналын куәләндіру Ережелеріне сәйкес берілетін мемлекеттік авиацияның авиациялық персоналының куәлігі негіз болып табылады.

      5. Мемлекеттік авиацияның басқару органы:

      1) авиациялық персоналдың ӘК-ны жасаушы әзірлеген ҰПН, ӘК-ны техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі нұсқау және өз қызметтік міндеттерін орындаумен және оның өкілеттіктергімен байланысты басқа да құжаттар жазылған тілді түсінуін қамтамасыз етеді немесе ӘК-ны пайдаланатынды жоғарыда көрсетілген техникалық әдебиеттің сертификатталған аудармасымен;

      2) халықаралық ұшуды орындау кезінде ҰПН-да мазмұндалған рәсімдерге сәйкес ӘКК-ның және экипаж мүшелерінің ӘҚҚК органдарын қоса алғанда, авиациялық персоналмен, жерүсті қызметтермен және шетел мемлекетінің уәкілетті органының өкілдері мен ағылшын тілінде – радиоалмасу мен сөйлесуді жүргізу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

2-бөлім. Мемлекеттік авиацияның ұшуды жүргізу тәртібі
1-тарау. Ұшуды даярлау

1-параграф. Әуе кемелерін жіктеу және бір ұшу-қону жолағына ұшып көтерілу және қону кезіндегі уақыт аралықтары

      6. Мемлекеттік авиацияның ӘК тағайындалуы бойынша жауынгерлік, оқу-жаттығу жауынгерлік, көліктік, көліктік-жауынгерлік, оқу-жаттығу және арнайы болып бөлінеді.

      7. Барынша ұшу массасына байланысты ӘК-ны жіктеу осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.

      8. Ауыр әуе кемелеріне тән, турбуленттік санаты бар ӘК-ға қатысты осындай әуе кемелері мен әуе қозғалысын басқару органы (бұдан әрі – ӘҚБ органы) арасында ұшып көтерілу немесе ұшып келу алдында бастапқы байланысты орнату кезінде ӘК-ның шақыру атауына "ауыр" деген сөз қосылады.

      9. Бір ұшу-қону жолағынан (бұдан әрі – ҰҚЖ) ұшып көтерілу кезінде ең төменгі уақыт аралығы:

      1) орташа және ауыр әуе кемелерінен кейін жеңіл әуе кемелері үшін – 3 минут;

      2) ауырдан кейін ауыр әуе кемелері, сондай-ақ ауырдан кейін орташа әуе кемелері үшін – 2 минут;

      3) топтық ұшуды орындаған кезде – бөлім командирі бекіткен әдістемелік ұсыныстарға сәйкес;

      4) қалған барлық жағдайларда – кемінде 1 минут болып белгіленеді.

      10. 3 минутқа тең эшелондаудың ең азы, егер ұшып көтерілу:

      1) сол бір ҰҚЖ-ның орта бөлігінен;

      2) біреуі екіншісінен кемінде 760 м қашықтықта орналасқан қатарлас ҰҚЖ-ның орта бөлігінен орындалса, "ауыр" әуе кемесі соңынан ұшып шығатын "жеңіл" немесе "орташа" әуе кемелеріне немесе "орташа" әуе кемелерінің соңынан ұшып шығатын "жеңіл" әуе кемелеріне қатысты қолданылады.

      11. ҰҚЖ-ның аралас шегі кезінде:

      "Жеңіл" немесе "орташа" ӘК және "ауыр" ӘК арасында, сондай-ақ "жеңіл" ӘК мен "орташа" ӘК арасында мынадай жағдайларда ҰҚЖ-ның аралас шегін пайдалану кезінде 2 минутқа тең эшелондау минимумы қолданылады:

      1) "жеңіл" немесе "орташа" ӘК-ның ұшып көтерілуі "ауыр" ӘК-ның қонуымен және "жеңіл" ӘК-ның ұшып көтерілуі "орташа" ӘК-ның қонумен үйлескен;

      2) "жеңіл" немесе "орташа" ӘК-ның қонуы "ауыр" ӘК-ның ұшып көтерілуімен және "жеңіл" ӘК-ның қонуы "орташа" ӘК-ның ұшып көтерілуімен үйлескен, егер олардың есептік ұшу траекториялары қиылысса.

      Бір ҰҚЖ-дағы және қатарлас ҰҚЖ-дағы ұшу кезінде ӘК-ның ұшып көтерілуі және қонуы арасындағы ең аз уақыт аралығы, осьтер арасындағы аралық – 1 минут, олар кемінде 760 м.

      12. Бір ҰҚЖ-ға қону кезінде ең аз ұшу аралығы:

      1) орташа және ауыр әуе кемелерінен кейінгі жеңіл ӘК үшін – 3 минут;

      2) ауыр әуе кемелерінен кейінгі орташа және ауыр ӘК үшін – 2 минут;

      3) қалған барлық жағдайларда – кемінде 1 минут болып белгіленеді.

2-параграф. Ұшуды жіктеу

      13. Ұшу мақсаттары бойынша былай бөлінеді:

      1) жауынгерлік – авиациялық зақымдау құралдарын қолданумен жауынгерлік міндеттерді немесе тағайындалуы бойынша мемлекеттік авиацияның ӘК жауынгерлік қолданудың басқа да міндеттерін орындау үшін;

      2) арнайы – төтенше жағдай немесе ерекше кезең жарияланған кезде ұлттық қауіпсіздікті және мемлекеттің аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету, құқықтық тәртібін және мемлекет шекараны күзету жөніндегі міндеттерді орындау үшін;

      3) көліктік – жолаушыларды (әскерлерді) және жүктерді тасымалдау үшін;

      4) іздестіру-құтқару, авариялық-құтқару және халыққа медициналық көмек көрсету (оның ішінде табиғи және техногендік сипаттағы зілзала кезінде);

      5) оқу-жаттығу:

      шығарылатын – ұшқыш құрамында олардың басқару, навигациялау техникасын және ӘК-ны жауынгерлік қолдануды табысты меңгеруін қамтамасыз ететін практикалық дағдылар мен шеберлікты шынықтыруға арналған ұшу;

      бақылау – ұшқыш құрамды жаттықтыру ұшуын орындауға тексеру үшін;

      жаттықтыру – алған ұшу дағдыларын машықтандыру және оларды одан әрі жетілдіру үшін;

      сынақ – ұшқыш құрамның ұшу және тактикалық даярлық түрлері жөніндегі міндеттерді орынадуға әзірлігін айқындау үшін арналған ұшу;

      6) жерүсті радиотехникалық құралдарды ұшып тексеру – локациялау, навигациялау және байланыс радиотехникалық құралдарын, жерүсті қону жүйелерін тексеру және теңшеу үшін;

      7) ӘК-ны айналып ұшуы (танысу, бақылау ұшуы) – ұшу кезінде ӘК жүйелері мен агрегаттарының және қуат беру қондырғыларының жұмысын тексеру үшін;

      8) ұшырып жеткізу – ӘК-ны авиажөндеу (техникалық қызмет көрсету) кәсіпорнына немесе авиажөндеу (техникалық қызмет көрсету) кәсіпорнынан ұшырып жеткізу үшін;

      9) демонстрациялық – авиациялық және парашюттік техниканы көрсету, авиацияның жетістіктерін насихаттау үшін, сондай-ақ бұқаралық-саяси, спорттық және мәдени іс-шаралар өткізу мақсатында.

      14. ӘК-ның саны бойынша ұшу дара және топтық ұшу болып бөлінеді.

      15. Ұшуды орындау биіктігі бойынша мыналарға бөлінеді:

      1) барынша шағын биіктіктерде – жер бедері немесе су беті үстінен 0 м – 200 м (қоса алғанда) дейін;

      2) шағын биіктіктерде – жер бедері немесе су беті үстінен 200 м жоғары және 1000 м (қоса алғанда) дейін;

      3) орта биіктіктерде – теңіз деңгейінен 1000 м жоғары және 4000 м (қоса алғанда) дейін;

      4) жоғары биіктіктерде – теңіз деңгейінен 4000 м жоғары және 12000 м (қоса алғанда) дейін;

      5) стратосферада – теңіз деңгейінен 12000 м жоғары.

      16. Физикалық-географиялық жағдайлар бойынша ұшу:

      1) жазық және төбелі жерлер үстінен;

      2) таулы жерлер үстінен;

      3) бағдарсыз және шөлейт жерлер немесе су беті үстінен;

      4) Солтүстік және Оңтүстік жарты шарлардың полярлық аудандарында болып бөлінеді.

      17. Тәулік мезгілі бойынша ұшу:

      1) күннің шығуы мен батуы арасындағы кезеңде орындалатын күндізгі;

      2) күннің батуы мен шығуы арасындағы кезеңде орындалады түнгі;

      3) ӘК ұшып көтерілунан бастап қонғанға дейінгі кезеңде, оларды орындау кезінде күндізгі ұшудан түнгі немесе керісінше ауысу орын алатын аралас;

      4) 4 және одан астам сағаттық белдеулерді қиып өтетін болып бөлінеді.

3-параграф. Ұшудың метеорологиялық жағдайлары

      18. Метеорологиялық жағдайлар оларда ұшуды орындаудың күрделілігі дәрежесі бойынша қарапайым және күрделі болып бөлінеді.

      Қарапайым метеорологиялық жағдай (бұдан әрі – ҚМЖ) – олар кезінде барлық ұшу көрініспен орындалатын жағдайлар (бұлттылығы төмен немесе ұшу көрінісі шектелген кезде бұлттар астында ұшу көрінісінен басқа).

      Күрделі метеорологиялық жағдайлар (бұдан әрі – КМЖ) – олар кезінде толық немесе жартылай ұшу аспаптар (жер немесе табиғи көкжиек көрінбеген кезде) бойынша немесе бұлттылығы төмен немесе ұшу көрінісі шектелген кезде бұлттар астында ұшу көрінісі кезіндегі жағдайлар.

      Олар кезінде ұшу КМЖ-да және ауа райы нашар болғанда орындалды деп саналатын метеэлементтер параметрлерінің барынша және шекті мәні осы қағидаларға 2-қосымшада келтірілген.

      КМЖ-да ұшуға:

      бұлттылық 7 балл және одан астам болған кезде бұлттар арасындағы, бұлттар қабаты арасындағы;

      бұлт астындағы немесе нашарланған көріністегі ұшулар КМЖ-да орындалған деп есептелетін метеоэлементтер параметрлерінің барынша мәні осы Қағидаларға 2-қосымшаның 1-кестесіне сәйкес келген кезде;

      табиғи көкжиектің (жағалық сызықтың) көрінісінен тыс су беті кеңістігі және бағдарсыз жерлер үстіндегі, сондай-ақ стратосферадағы ұшу жатады.

      19. Олардан аз болған кезде ұшу ауа-райы минимумында орындалды деп есептелетін метеоэлементтердің шектердегі параметрлері осы Қағидаларға 2-қосымшадағы 2-кестеде келтірілген. КМЖ-да күндіз және түнде ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мынадай ауа-райының минимумы ажыратылады: әуеайлақ минимумы, ӘК минимумы, ӘКК минимумы және белгіленген ауа-райы минимумы.

      Әуеайлақ минимумы – олар кезінде осы әуеайлақта осы типтегі ӘК-ның ұшып көтерілуіна немесе қонуына рұқсат етілетін көрінімнің (ұшу-қону жолағындағы көрінім), бұлттардың төменгі шегі биіктігінің (тік көрінімнің) ең аз жол берілген мәні.

      Әуеайлақтар ауа-райының минимумы (ҰҚЖ әрбір бағыты үшін) мемлекеттік авиация басқару органы басшысы бекітетін осы әуеайлақтардың (тікұшақ айлақтарының) аэранавигациялық паспорттарымен (бұдан әрі – әуеайлақтың аэронавигациялық паспорты) белгіленеді. Әуеайлақтың үлгі аэронавигациялық паспорты осы Қағидаларға 3-қосымшада келтірілген.

      ӘК минимумы – олар кезінде осы типтегі әуе кемесінде қауіпсіз ұшып көтерілуға және қонуға рұқсат етілетін ұшу-қону жолағы (көрінім) мен бұлттардың төменгі шегінің биіктігіндегі көрінудің (тік көрінімнің) ең аз жол берілген мәні.

      ӘКК минимумы – олар кезінде ӘКК осы типтегі әуе кемесінде шолып ұшудың реттілігі (бұдан әрі – ШҰР) бойынша ұшып көтерілуды, қонуды немесе ұшуды орындауға рұқсат етілетін ұшу-қону жолағындағы көрінімнің (көріністің) және шешім қабылдау биіктігінің (бұлттар төменгі шегінің биіктігі немесе тік көрінімнің) ең аз жол берілген мәні.

      Белгіленген ауа-райы минимумы (бұдан әрі – БАМ) – ұшуды және ұшып өтуді орындау кезіндегі бұлттар төменгі шегінің биіктігі және көріністің ең аз жол берілген мәні. Ауа-райы минимумын экипаждар даярлығының және жаттыққандығының нақты деңгейіне, ӘК және әуеайлақтар минимумына байланысты әрбір нақты жағдайда авиациялық бөлімнің командирі немесе мемлекеттік авиацияның басқару органы (Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы) белгілейді.

4-параграф. Әуе қозғалысын ұйымдастыру

      20. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігіндегі әуе қозғалысы ортақ және операциялық болып бөлінеді.

      21. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 12 мамырдағы № 506 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидасының (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидасы) 129-3-тармағына сәйкес ортақ әуе қозғалысы мемлекеттік авиацияның арнайы белгіленген ұшу аймақтарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының барлық әуе кеңістігінде авиацияның барлық түрлері ӘК-ның қозғалысын білдіреді. Ортақ әуе қозғалысының ӘК үшін Әуе қозғалысына қызмет көрсетудің барлық түрлерін ұсыну ӘҚҚ органдарының құзыретіне жатады.

      22. Ортақ әуе қозғалысына қатысатын ӘК-ның барлық ұшуы және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрі міндетін уақытша атқарушының 2011 жылғы 16 мамырдағы № 279 бұйрығымен бекітілген (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 7006 болып тіркелген) Әуе қозғалысын ұйымдастыру және қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулыққа (бұдан әрі – Әуе қозғалысын ұйымдастыру және қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулық) және (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 7136 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2011 жылғы 3 шілдедегі № 419 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргізу қағидаларына (бұдан әрі – Азаматтық авиацияда ұшуды жүргізу қағидалары) сәйкес жүзеге асырылады.

      23. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидасының 129-5 – тармағына сәйкес операциялық әуе қозғалысы сынау ұшуын орындауды, әуеде отын толық құюды, төмен және шекті төмен биіктіктерде ұшуды, зымырандар ұшыруды, әуеден атыстарды орындау, маневр жасау тәсілдерін пысықтауды және басқа да арнайы ұшуды орындау үшін не ӘК-ның экипаждары ортақ әуе қозғалысы үшін белгілеген талаптарды орындауды қамтамасыз ете алмайтын жағдайларда мемлекеттік авиация ұшуының арнайы белгіленген аймақтарындағы (маршруттарындағы) әуе қозғалысын білдіреді.

      24. Операциялық әуе қозғалысын басқару ӘҚБ органдарының немесе авиациялық әскери бөлімнен ұшуға басшылық жасау тобының құзыретіне жатады.

      25. Мемлекеттік авиация ӘК-ның нақты ұшуын операциялық әуе қозғалысына жатқызу туралы шешімді ӘҚБ-ның бас орталығы (бұдан әрі – ӘҚБ БО) не басқару пунктерін айқындау (тағайындау), әуе кеңістігін пайдалануға уақыттық режимдерді немесе қысқа мерзімді шектеулер енгізу арқылы ӘҚБ орталығы қабылдайды.

      26. Операциялық әуе қозғалысы кезінде ӘК-ның ұшуы осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

      27. Азаматтық авиация ӘК-ның әуе қозғалысына, сондай-ақ әуеайлақтардың бірлескен орналасу аудандарында мемлекеттік авиацияның әскери-көліктік және (немесе) көліктік ӘК дара ұшуына және ұшып өтуіне қызмет көрсетуді ӘҚҚК органының (қызметінің) кезекші ауысымы Әуе қозғалысын ұйымдастыру және қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулыққа және Азаматтық авиацияда ұшуды жүргізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.

      Әуеайлақтардың азаматтық және мемлекеттік авиациясы бірлескен орналасу аудандарында бір уақытта аралас және операциялық әуе қозғалысын жүзеге асырумен байланысты әуе қозғалысына қызмет көрсету (әуе қозғалысын басқару) ерекшеліктері Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2011 жылғы 25 наурыздағы № 91 және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2011 жылғы 18 наурыздағы № 128 бірлескен бұйрықтарымен бекітілген (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 6922 болып тіркелген) Қазақстан Республикасының азаматтық және мемлекеттік авиациясының бірлесіп орналастыру әуеайлақтарын пайдалану қағидасына (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының азаматтық және мемлекеттік авиациясының бірлесіп орналастыру әуеайлақтарын пайдалану қағидасы) сәйкес айқындалады.

      Аралас ӘҚҚК органдары мен ӘҚБ органдары арасында ӘК-ның қауіпсіз және кедергісіз ұшуын жүргізуге қатысты ақпаратпен алмасу жүргізіледі.

5-параграф. Аспаптар бойынша ұшу реттілігі

      28. Аспаптар бойынша ұшу реттілігі (бұдан әрі – АҰР):

      1) ӘК-ның ұшуды басқару-навигациялық аспаптары бойынша ұшуын орындауды;

      2) ӘҚБ органының әуе кемелері арасында эшелондаудың белгіленген аралықтарын қамтамасыз етуін көздейді.

      29. АҰР бойыншы ұшу:

      1) ұшу ақпаратының төменгі ауданында;

      2) ұшу ақпаратының жоғарғы ауданында;

      3) перделер мен басқа да ұқсас құрылғыларды қолданумен ұшу кезінде қолданылады.

      30. ӘК экипажы АҰР бойынша ұшу кезінде борттық ұшуды басқару-навигациялық жабдығын пайдалана отырып және шолып әуедегі және метеорологиялық жағдайға ұдайы қадағалауды жүргізеді.

      31. ӘКК АҰР бойынша ұшуды орындаған кезде:

      1) аэронавигациялық ақпарат құжаттарында белгіленген әуеайлақ ауданынан (ауданына) ұшып көтерілу, шығу (кіру) және қонуға кіру схемаларын орындайды;

      2) аэронавигациялық ақпарат құжаттарында белгіленген және әуе қозғалысына қызмет көрсету (әуе қозғалысын басқару) органы тағайындаған ұшу эшелондарын (биіктігін) және маршрутын, ұшу траекторияларын және параметрлерін ұстайды;

      3) ӘҚБ органын оның сұрау салуы бойынша ӘК-ның нақты орналасқан орны, ұшу биіктігі мен шарттары туралы хабардар етуді қамтамасыз етеді;

      4) ӘҚБ органының нұсқауларын орындайды.

      32. Аспаптар бойынша ұшудан шолып ұшуға көшуді ӘҚБ органымен келісу бойынша ӘК экипаждары жүзеге асырады. ӘҚБ органына ӘК экипажын оның келісімінсіз ШҰР бойынша ұшуды орындауға мәжбүрлеуге рұқсат етілмейді.

      33. Әуе кемелері арасындағы аралықтарды реттеу мақсатында ӘҚБ органы векторлауды жүргізеді, сондай-ақ осы ӘК үшін рұқсат етілген шекте түсу және тік жылдамдықтар режимдерін ұстау туралы нұсқаулар береді.

      34. АҰР бойынша ұшуды орындайтын әуе кемесін ӘҚБ-ны жүзеге асыратын персонал:

      1) ӘК ұшу эшелонын (биіктігін) белгілейді;

      2) эшелондаудың белгіленген аралықтарын қамтамасыз етеді;

      3) радиолокациялық бақылау болған кезде ӘК-ның ұшу маршрутын, әуеайлақ ауданынан (ауданына) шығу (кіру), төмендеу және қонуға кіру схемаларын ұстауына бақылауды жүзеге асырады;

      4) ӘК экипажына әуедегі, метеорологиялық және орнитологиялық жағдай туралы, радиолокациялық бақылау болған кезде берілген ұшу траекториясынан ауытқулар туралы уақтылы және дұрыс ақпарат ұсынады;

      5) ӘК экипаждарына ұшудың шарттарын береді.

      35. ӘКК АҰР бойынша ұшу кезінде берілген ұшу режимін ұстап тұрады, ӘҚБ органын әуе кемесінің нақты орналасқан орны, ұшу режимі және ұшудың метеорологиялық жағдайлары туралы хабардар етеді.

      36. Әуе кемесінің ұшу ауданында қауіпті жақындау қатерін туғызуы мүмкін басқа әуе кемелері болған кезде ӘҚБ органы ШҰР бойынша ұшуға рұқсатты тек әуе кемесі командирінің осы әуе кемелерін шолып қадағалау туралы баяндауын алғаннан кейін ғана береді.

6-параграф. Шолып ұшу реттілігі

      37. Шолып ұшу реттілігі:

      1) ӘК экипажының басқа ӘК-ның ұшуын шолып қадағалауы жолымен әуе кемелері арасында белгіленген аралықтарды ұстауды;

      2) жер үсті (су үсті) бағдарлары және табиғи көкжиек бойынша ӘК кеңістіктегі орналасуын және оның тұрған орнын ұшқышпен анықтауды;

      3) төменгі қауіпсіз эшелоннан төмен биіктікте ұшу кезінде нақты қауіпсіз биіктікті ұстауды және алдыңғы жақта орналасқан жергілікті жерді шолып қадағалаумен жасанды кедергілерді айналып ұшуды;

      4) шолып бағдарлау көмегімен және қолда бар ұшуды басқару-навигациялық құралдарын пайдалана отырып, ұшу маршрутын, схемасын ұстауды көздейді.

      38. ШҰР бойынша ұшу жазық және төбешікті жерде бұлттардың төменгі шегінен кемінде 50 м төмен және таулы жерде – кемінде 100 м төмен биіктікте орындалады.

      39. ШҰР бойынша ұшу ӘК экипажының барынша жоғары сақтығымен орындалады.

      40. ӘК бағыты бойынша алда байқалатын және оның ұшуының биіктігінен асатын кедергілерден кемінде 500 м қашықтықта оң жақтан кедергілерді айналып ұшуға рұқсат етіледі.

      41. Алда ұшып келе жатқан ӘК-ны бір биіктікте айналып ұшып өту оң жақтан, ал шеңбер бойынша ұшу кезінде – бүйірден эшелондау аралықтарын сақтаумен сыртқы жағынан орындалады.

      Шолып ұшу кезінде сол биіктікте алда ұшып келе жатқан ӘК-ны түнде озуға жол берілмейді.

      42. ӘК сол бір эшелонда (биіктікте) қиылысатын бағыттарда ұшқан кезде сол жақтан басқа ӘК-ны байқаған экипаж ұшу биіктігін биіктіктер айырмашылығы ӘК-ның қауіпсіз айырылуын қамтамасыз ететіндей етіп азайтады, ал оң жақтан байқағанда – ұлғайтады.

      Егер биіктікті өзгерту мүмкін болмаса, ӘКК (ұшқыш) өз ӘК-сын сол жақ борттардан алшақтау үшін оң жаққа бұрады.

      Алшақтау процесінде пилоттар (ұшқыштар) басқа ӘК-ны көз алдынан жоғалтпауға тиіс.

      43. Ұшу тапсырмасын орындау кезінде метеорологиялық жағдайлар ШҰР бойынша белгіленген минимумнан төмен болған жағдайларда ӘҚБ органының басшылық етуімен ұшуды орындайтын ӘК экипажы ШҰР бойынша арнайы ұшуды орындауға немесе АҰР сәйкес ұшуды орындауға рұқсатқа сұрау салады.

      44. Бақыланатын әуе кеңістігінде ШҰР бойынша ұшуды орындайтын ӘК-н басқаруды жүзеге асыратын басқару пунктінің персоналы:

      1) ӘК ұшу эшелонын (биіктігін) белгілейді;

      2) ӘК ұшып көтерілген кезде уақыт аралықтарын сақтауын бақылайды;

      3) ӘК экипажына әуедегі, метеорологиялық және орнитологиялық жағдай туралы уақтылы және дұрыс ақпарат ұсынады;

      4) ӘК қауіпсіз эшелонды (биіктікті) белгілейді және АҰР бойынша ұшуға ауысу кезінде әуе кемелері арасында белгіленген эшелондау аралықтарын қамтамасыз етеді.

      45. Метеожағдайлар ШҰР бойынша ұшуды орындау үшін талаптарға сәйкес келмейтін мәндерге дейін нашарлаған кезде жауапкершілік ауданында (аймағында) ұшу орындалатын тиісті ӘҚБ органының рұқсаты бар болған кезде күндіз және түнде ШҰР бойынша арнайы ұшулар көзделеді.

      46. ШҰР бойынша арнайы ұшулар денсаулық сақтау ұйымдарына қызмет көрсету бойынша шұғыл ұшуды орындау кезінде, іздестіру-құтқару және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде, ҚР ҚМ, ҚР ІІМ, ҚР ҰҚК мүддесінде ұшуды орындау кезінде орындалады.

      Тікұшақтардың шолып ұшулары үшін ең төмен көрінімі осы Қағидаларға 4-қосымшаның 2-кестесінде келтірілген.

      ШҰР бойынша арнайы ұшу үшін барынша төмен метеорологиялық жағдайлар және кедергі үстінен биіктіктің барынша аз қорлары осы Қағидаларға 4-қосымшаның 3-кестесіне сәйкес белгіленеді.

      47. Ұшып көтерілу (қонуға кіру) схемасынан тыс әуеайлақ ауданында ұшудың қауіпсіз биіктігін есептеу кезінде жер бедерінен және ондағы жасанды кедергілерден асып кетуін есепке алу жолағы: маршрут осінен екі жаққа қарай күндіз – 5 км, түнде – 10 км болып белгіленеді.

      48. Ұшып көтерілу (қонуға кіру) схемасы бойынша ұшу кезінде кедергілерді есепке алу жолағы маршрут осінен екі жаққа қарай 5 км болып белгіленеді.

      49. Бақыланатын және бақыланбайтын маршруттар бойынша ұшу кезінде жер бедерінен және жасанды кедергілерден асып кетуін есепке алу жолағының ені: күндіз – ұшу маршрутының ені шегінде, түнде – ұшу маршрутының осінен екі жаққа қарай 25 км болып белгіленеді.

      50. Күндіз жазық немесе төбешікті жерде ұшу кезінде бұлттардың төменгі шегінің нақты және болжамды биіктігі 150 м төмен емес және көрінуі 3000 м және одан астам болған кезде ұшудың аспаптық жылдамдығы 300 км/сағ. аспайтын ӘК үшін жасанды кедергілердің биіктігі есепке алынбайды.

7-параграф. ШҰР бойынша ұшу кезінде бойлық және бүйірден эшелондаудың ең аз аралықтары

      51. Бір маршрут бойынша және бiр эшелонда (биiктiкте) ұшып келе жатқан әуе кемелерi арасындағы бойлық эшелондаудың ең аз аралықтары – 2 км.

      Басқа ӘК ұшып келе жатқан ұшу эшелонын (биiктiгiн) кесіп өткен, сондай-ақ бір эшелонда (биiктiкте) ұшу маршрутын кесіп өткен сәтте:

      1) ұшу жылдамдығы 300 км/сағ және одан аз болатын ӘК үшiн – 2 км;

      2) ұшу жылдамдығы 300 км/сағ асатын ӘК үшiн – 5 км.

      52. Бір биіктікте ұшу кезінде бүйірден эшелондаудың ең аз аралықтары:

      1) төменгі эшелоннан төмен ӘҚҚК маршруттары бойынша ұшу кезінде әр тарапқа ұшу маршруттары үшін – 5 км. "ӘҚҚК маршруты" деген термин әуе жолын, бақыланатын немесе бақыланбайтын маршрутты, ұшып келу немесе ұшып кету маршрутын және басқа да маршруттарды тиісті жағдайларда белгілеу үшін пайдаланылады;

      2) алда ұшып бара жатқан ӘК-ны оң жағынан (әуеайлақтық шеңбер бойынша – ішкі жағынан) айналып ұшып өткен кезде – 500 м.

8-параграф. Бақыланатын әуе кеңістігінде тігінен, бойлық және бүйірден эшелондау

      53. АҰР бойынша ұшу кезінде тігінен эшелондаудың мынадай ең аз аралықтары қолданылады:

      1) 8850 м (FL290) – 300 м (1000 фут) төмен ұшу эшелондарында;

      2) 8850 м (FL290) және 12500 м (FL410) ұшу эшелондары арасында:

      300 м (1000 фут) – RVSM бар ұшуға жіберілген ӘК арасында;

      600 м (2000 фут):

      RVSM бар ұшуға жіберілмеген мемлекеттік ӘК және RVSM әуе кеңістігінде ұшуды орындайтын басқа да ӘК арасында;

      RVSM әуе кеңістігінде топ құрамында ұшуды орындайтын барлық мемлекеттік ӘК мен басқа да ӘК арасында;

      RVSM-дан (-ға) ауысудың әуе кеңістігінде, RVSM бар ұшуға жіберілмеген ӘК мен басқа да ӘК арасында;

      екі ӘК RVSM әуе кеңістігінде ұшуды орындағанда, істен шыққан радиобайланыспен ұшуды орындайтын ӘК мен кез келген басқа да ӘК арасында;

      3) 12500 м (FL 410) – 600 м (2000 фут) жоғары ұшу эшелондарында.

      54. Төменгі эшелоннан төмен ұшу кезінде төменгі эшелон мен ұшу биіктігі арасындағы тік арақашықтық кемінде 300 м болып белгіленеді.

      Төменгі эшелоннан төмен биіктіктерде 300 км/сағ. аспайтын жылдамдықпен ШҰР бойынша ӘК ұшуы 150 м кейін, 300 км/сағ. асатын жылдамдықпен – барлық жағдайларда 300 м кейін эшелондалады.

      55. Шеңбер бойынша ұшу биіктігі мен күту аймағының төменгі эшелоны арасындағы тік арақашықтық кемінде 300 м болуға тиіс.

      56. Әуеайлақ ауданында әуе кемелері арасындағы тік арақашықтық кемінде 300 м болып белгіленеді. Қону жылдамдығы 169 км/сағ. аз ұшақтар мен төменгі эшелоннан төмен ШҰР бойынша ұшуды орындайтын тікұшақтар үшін қону жылдамдығы 169 км/сағ. асатын ӘК ұшу маршруттарымен қиылысқан жерлерде радиолокациялық бақылау және олардың арасындағы бойлық арақашықтық кемінде 5 км болған кезде тік аралық кемінде 150 м болып белгіленеді.

      57. ӘК-ның ШҰР мен АҰР бойынша ұшуы үшін бір уақытта бір эшелонды (биіктікті) белгілеуге жол берілмейді.

      58. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде тігінен эшелондау мынадай жартылай шеңбер жүйесі бойынша жүзеге асырылады:

      1) әуе трассаларын және шынайы жол бұрыштары 0-ден 179Ү-ға дейінгі (қоса алғанда) маршруттарды бағыттау кезінде мынадай ұшу эшелондары белгіленеді: 900 м, 1500 м (FL50), 2150 м (FL70), 2750 м (FL90), 3350 м (FL110), 3950 м (FL130), 4550 м (FL150), 5200 м (FL170), 5800 м (FL190), 6400 м (FL210), 7000 м (FL230), 7600 м (FL250), 8250 м (FL270), 8850 м (FL290), 9450 м (FL310), 10050 м (FL330), 10650 м (FL350), 11300 м (FL370), 11900 м (FL390), 12500 м (FL410), 13700 м (FL 450), 14950 м (FL 490);

      2) әуе трассаларын және шынайы жол бұрыштары 180-нен 359Ү-ға дейінгі (қоса алғанда) маршруттарды бағыттау кезінде мынадай ұшу эшелондары белгіленеді: 1200 м, 1850 м (FL60), 2450 м (FL80), 3050 м (FL100), 3650 м (FL 120), 4250 м (FL140), 4900 м (FL160), 5500 м (FL180), 6100 м (FL200), 6700 м (FL220), 7300 м (FL240), 7900 м (FL260), 8550 м (FL 280), 9150 м (FL300), 9750 м (FL320), 10350 м (FL340), 10950 м (FL360), 11600 м (FL380), 12200 м (FL400), 13100 м (FL430), 14350 м (FL 470).

      59. Ұшу эшелонын (биіктігін) белгілеуді ӘҚБ органдары:

      1) эшелон нөмірлерінде ауысу эшелонында (төменгі қауіпсіз эшелонда) және жоғары (жауынгерлік авиация үшін не кез келген ӘК экипажының сұрау салуы бойынша тиісті ұшу эшелонын метрде белгілейді);

      2) ауысу эшелонынан төмен (төменгі қауіпсіз эшелоннан) – метрде жүзеге асырады.

      60. Ұшудың жалпы бағытының өзгеруіне байланысты маршруттың бұрылу пунктінде эшелонды ауыстыру кезінде жаңа эшелонды алу ӘҚБ органдарының рұқсаты бойынша көрсетілген міндетті жеткізу пунктін ұшып өткенге дейін 20 км қалғанда орындалады.

      61. Егер трассаның (маршруттың) басым учаскелерінің берілген шынайы жол бұрыштары бір жартылай шеңбер шегінде, ал жекелеген учаскелердің – басқа шеңбер шегінде болса, онда барлық әуе трассасы (маршруты) үшін ұшудың қауіпсіздік шаралары сақталған жағдайда бірыңғай эшелондар белгіленеді.

      62. Әуеайлақ ауданында және күту аймақтарында тігінен эшелондау ұшудың берілген жол бұрыштарына қарамастан жүргізіледі.

9-параграф. Радиолокациялық бақылаумен АҰР бойынша ұшу кезінде бойлық эшелондаудың ең аз аралықтары

      63. Радиолокациялық бақылаумен АҰР бойынша ұшу кезінде бір эшелонда (биіктікте) бір маршрут бойынша ұшатын әуе кемелері арасындағы көлденең эшелондаудың ең аз аралықтары:

      1) әуе трассаларында және маршруттар бойынша – 30 км;

      2) ӘҚБ автоматты жүйелерін (бұдан әрі – ӘҚБ АЖ) пайдалану кезінде әуе трассаларында және маршруттар бойынша – 20 км;

      3) кіреберіс аймағында – 20 км;

      4) ӘҚБ АЖ пайдалану кезінде кіреберіс аймағында – 12 км;

      5) ұшып көтерілу және қону аймағында:

      ұшу массасы 136 тонна және одан астам әуе кемелерінің артынан ұшып келе жатқан барлық ӘК үшін – 12 км;

      орташа әуе кемелерінің артынан ұшып келе жатқан жеңіл ӘК үшін – 10 км;

      барлық қалған жағдайларда – 5 км құрайды.

      64. Басқа ӘК алған қарсы эшелонды (биіктікті) кесіп өту кезінде – кесіп өткен сәтте 30 км (10 км бүйірлі аралықты сақтаумен).

      65. Басқа ӘК алған ілеспе эшелонды (биіктікті) кесіп өту кезінде – 20 км, ал ӘҚБ АЖ пайдалану кезінде кіреберіс аймағында – кесіп өткен сәтте 12 км.

      66. Бір эшелонда (биіктікте) қиылысып өтетін маршруттар бойынша ұшып келе жатқан әуе кемелері арасында – кесіп өткен сәтте 40 км.

10-параграф. Радиолокациялық бақылау болмаған кезде АҰР бойынша бойлық эшелондаудың ең аз уақыт аралықтары

      67. Бір маршрут бойынша және бір эшелонда (биіктікте) ұшып келе жатқан әуе кемелері арасындағы уақыт аралықтары:

      1) ӘҚҚ маршруттары бойынша және кіреберіс аймағында – 10 минут;

      2) ұшып көтерілу және қону аймағында қонуға кіру схемасы бойынша маневрді орындаған кезде – 3 минут.

      68. Басқа ӘК алған iлеспе немесе қарсы эшелонды (биiктiктi) кесіп өту кезіндегі уақыт аралықтары – кесіп өткен сәтте 20 минут.

      69. Бiр эшелонда (биiктiкте) қиылысып өтетiн маршруттар бойынша ұшып келе жатқан әуе кемелерi арасындағы уақыт аралықтары – кесіп өткен сәтте 15 минут.

      70. Әуеайлақ ауданында радиолокациялық бақылау болмаған кезде АҰР бойынша ұшу кезінде бiр биiктiкте бiреуден аспайтын ӘК-ның болуына жол беріледі.

      71. ШҰР және АҰР бойынша ұшуды орындайтын әуе кемелерi арасындағы бойлық эшелондаудың аралықтары АҰР бойынша ұшу үшiн белгiленгеннен кем болмауға тиiс.

11-параграф. Радиолокациялық бақылау кезінде АҰР бойынша ұшу үшін бүйірден эшелондаудың ең аз аралықтары

      72. Ең аз аралықтар:

      1) қатар әуе трассаларының осьтері арасында – 50 км;

      2) ілеспе ӘК алған эшелонды (биіктікті) кесіп өту кезінде – кесіп өткен сәтте 10 км;

      3) қарсы ӘК алған эшелонды (биіктікті) кесіп өту кезінде – кесіп өткен сәтте 10 км (30 км бойлық аралықты сақтаумен);

      4) қарсы ӘК алған эшелонды (биіктікті) кесіп өту кезінде, ӘК бір-біріне параллельді ауысқанда – кесіп өткен сәтте 15 км.

      73. АҰР бойынша ұшу кезінде радиолокациялық бақылау болмаған кезде бүйірден эшелондауға жол берілмейді.

12-параграф. Ұшу эшелонын (биіктігін) өзгерту және әуе трассаларын кесіп өту

      74. Ұшу эшелонын (биіктігін) ӘҚБ органының рұқсатымен өзгертуге жол беріледі.

      75. Берiлген эшелонда (биiктiкте) ұшуды орындайтын ӘК-нің осы эшелонды (биiктiктi) алуға рұқсат сұраған ӘК экипажының алдында артықшылығы бар.

      76.ӘК алған эшелон, егер эшелондаудың басқа түрiн қолдану мүмкiндiгi болмаса, бірінші ӘК экипажы төмендеудің немесе биiктікті алудың басталуы туралы баяндағаннан кейін басқа ӘК-ға берiледі.

      77. Берiлген эшелонда ұшу қауiпсiздiгiне қатер төнген кезде (қауіпті метеорологиялық құбылыстарға кез болу, авиациялық техниканың істен шығуы) ӘКК-ға ол туралы ӘҚБ органына дереу баяндай отырып, эшелонды (биіктікті) дербес өзгертуге рұқсат беріледі.

      Мұндай жағдайда ӘКК мынадай кезекпен әрекет етеді: ұшу эшелонын (биіктігін) өзгертпей, ӘК-ны маршрут осiнен 30Ү оңға (немесе солға – ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету шарттарына қарай) бұрады және 20 км ұшып өткеннен кейiн оны бiр мезгiлде қалаған эшелонға дейiн биiктiкке өзгерте отырып, бастапқы бағытқа шығарады. Маневрдiң орындалғаны туралы ӘКК ӘҚБ органына хабарлайды.

      Төтенше жағдайларда төмендеу ҰПН-ның шектеулерi шегiнде бұрылу басталған сәттен бастап дереу орындалады. Ұшудың жаңа эшелонын (биіктігін) алғаннан кейiн ӘКК ӘҚБ органдарымен келісу бойынша ӘК-ны ӘҚҚ маршрутына шығарады.

      Әуе жолдарына кіру, олардан шығу және оларды кесіп өту алдын ала келісілген эшелондарда (биіктіктерде) және учаскелерде жүргізіледі.

      Әуе жолып кесіп өтуге немесе оған кіруге арналған эшелонды (биіктікті) оның шекарасына дейін 10 км қалғанда ӘК иеленеді.

      Мемлекеттік авиацияның әуе кемелері ұшуды орындау кезінде әуе жолына кіру үшін ӘК экипажы оның шекарасына жақындауға кемінде 5 минут қалғанда ӘҚҚ (ӘҚБ) органынан рұқсат және кіру шарттарын алуы қажет.

      Егер ұшып шығу әуеайлағы әуе жолына жақын орналасса, оларды кесіп өтуге рұқсат пен шарттар ӘҚҚ және ӘҚБ органдары арасында келісіледі және ұшып шығу алдында ӘКК беріледі.

13-параграф. Биіктік өлшегіштерді орнату

      78. ӘК ұшуының барометрлік биіктігін есептеу:

      1) ұшудың әуеайлақтық шеңбері шегінде әуеайлақ ауданында, ҰҚЖ жұмыс шегі деңгейінде немесе теңіздің орташа деңгейіне келтірілген атмосфералық қысымның мәні бойынша – өту биіктігінде және одан төмен;

      2) төменгі эшелоннан төмен биіктіктегі маршрут бойынша – теңіздің орташа деңгейіне келтірілген маршрутта (маршрут учаскесінде) ең төменгі атмосфералық қысым бойынша;

      3) өту эшелонында және одан жоғары – сынап бағанасының 760 мм (1013,25 Мбар/ГПа) стандартты атмосфералық қысымы бойынша ұшу кезінде жүргізіледі.

      79. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде бірыңғай абсолюттік өту биіктігін және/немесе бірыңғай өту эшелонын қолдануға жол беріледі.

      80. Ұшып көтерілу алдында ӘК экипажы биіктік өлшегіштерде ҰҚЖ шегі деңгейінде қысымды (теңіздің орташа деңгейіне келтірілген қысымды) белгілейді және биіктік өлшегіштердің көрсеткіштерін биіктік өлшегіштегі "0" (нөл) белгісімен және (немесе) әуеайлақтың теңіз деңгейінен биіктіктің мәндерін салыстырады.

      81. Ұшып көтерілгеннен кейін ӘК экипажы өту биіктігін кесіп өткен кезде барометрлік биіктік өлшегіш қысымының шәкілін стандартты атмосфералық қысымға ауыстыруды жүргізеді.

      Өту биіктігі әуеайлақ ауданында 100 м еселенген белгіге дейін ұлғаю жағына дөңгелектенген әуеайлақтың бақылау нүктесінен 50 км аспайтын радиуста ұшудың қауіпсіз биіктігінен кем белгіленбейді.

      Төменгі эшелоннан төмен биіктікте әуеайлақтан тыс маршрут бойынша ұшу үшін ӘК экипажы басқару пунктінен теңіздің орташа деңгейіне келтірілген ұшу маршрутындағы ең төменгі қысымның мәнін сұрайды.

      82. Ұшу биіктігін (эшелонын) ұстау:

      1) биіктікті алу кезінде өту биіктігінен және ӘК төмендеген кезде ұшу эшелонынан өту эшелонына дейін – стандартты атмосфералық қысым бойынша;

      2) әуеайлақ ауданында ұшып көтерілуден өту биіктігін алғанға дейін және әуеайлақтың өту эшелонынан қонғанға дейін ұшу кезінде – әуеайлақтың атмосфералық қысымы немесе теңіздің орташа деңгейіне келтірілген әуеайлақтың қысымы бойынша жүргізіледі.

      83. Өту биіктігінен өту эшелонына дейін ауыспалы қабатта көлденең ұшу режимінде ӘК-ның ұшуына жол берілмейді. Ауыспалы қабатты азайту үшін өту биіктігі өту эшелонына барынша жақын, бірақ кемінде 300 м болып белгіленеді.

      84. ӘК төменгі эшелоннан төмен маршрут бойынша ұшқан және эшелонды алу қажеттілігі болған кезде барометрлік биіктік өлшегіш қысымының шәкілін теңіздің орташа деңгейіне келтірілген ең төменгі қысымнан стандартты атмосфералық қысымға ауыстыру эшелонды алу үшін биіктікті алуды бастау кезінде жүзеге асырылады.

      85. ӘК төменгі эшелоннан төмен маршрут бойынша ұшу эшелонынан ұшу биіктігіне дейін төмендеген кезде барометрлік биіктік өлшегіш қысымының шәкілін стандартты атмосфералық қысымнан теңіздің орташа деңгейіне келтірілген ең төменгі қысымға ауыстыру төменгі қауіпсіз эшелонды кесіп өту кезінде немесе ӘК төменгі қауіпсіз эшелонда ұшуды орындаған кезде төменгі эшелоннан төмен маршрут бойынша ұшу биіктігіне дейін төмендеуді бастаған кезде жүргізіледі. Әуеайлақ ауданында ақпаратты автоматты түрде беру хабарламалары болмаған кезде өту эшелонын және теңіздің орташа деңгейіне келтірілген қысымның мәнін ӘК экипажы ӘҚБ органынан алады.

      86. Өту эшелоны төменгі (қауіпсіз) эшелоннан төмен белгіленбейді.

      87. Әуеайлаққа қону кезінде барометрлік биіктік өлшегіш қысымының шәкілін:

      1) сынап бағанасының 760 мм (1013,2 Мбар) стандартты атмосфералық қысымнан ҰҚЖ-ның жұмыс шегі деңгейінде атмосфералық қысымның мәніне (теңіздің орташа деңгейіне келтірілген әуеайлақтың қысымы) ауыстыру – өту эшелонын кесіп өту кезінде;

      2) төменгі эшелоннан төмен биіктікте әуеайлаққа жақындау кезінде теңіздің орташа деңгейіне келтірілген маршрут бойынша ең төменгі атмосфералық қысымнан ҰҚЖ-ның жұмыс шегі деңгейіндегі қысымға (теңіздің орташа деңгейіне келтірілген әуеайлақтың қысымы) ауыстыру – белгіленген шепте немесе ӘҚБ органының нұсқауы бойынша жүргізіледі.

      88. Метеорологиялық қадағалау жоқ жазық немесе төбешікті жерде орналасқан әуеайлақтан ұшып көтерілу алдында теңіздің орташа деңгейіне келтірілген қысымды ӘК экипажы барометрлік биіктік өлшегіш қысымының шәкілі бойынша айқындайды, олардың тілдерін әуеайлақтың абсолюттік биіктігіне тең биіктік мәніне белгілеу қажет.

      89. Таудағы әуеайлақтарда барометрлік биіктік өлшегіш қысымының шәкілінде белгіленетін ҰҚЖ деңгейіндегі атмосфералық қысым шекті мәннен төмен болған кезде:

      1) ұшып көтерілу алдында теңіздің орташа деңгейіне келтірілген әуеайлақ қысымының мәнін белгілеу қажет. Бұл жағдайда биіктік өлшегіштің көрсеткіші "шартты нөл" ретінде қабылданады, оған қатысты берілген биіктікті алу жүргізіледі;

      2) ӘҚБ органы қону алдында ӘК экипажына әуеайлақтың абсолюттік биіктігін және теңіздің орташа деңгейіне келтірілген әуеайлақтың атмосфералық қысымының мәнін хабарлайды, оны ұшу экипажы биіктік өлшегіштер ұшудың абсолюттік биіктігін, ал жерге қону сәтінде – теңіздің орташа деңгейінен әуеайлақтың биіктігін көрсететінін ескере отырып, биіктік өлшегіштерде белгілейді және қонуға кіруді жүргізеді.

      90. Барометрлік биіктік өлшегіштер қысымының шәкілдерін ауыстыру және олардың көрсеткіштерін салыстыру жүйелілігі ҰПН-да айқындалады.

14-параграф. Әуе кемесі ұшуының биіктігін (эшелонын) есептеу

      91. ӘК ұшуының биіктігін (эшелонын) есептеу алгоритмі осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес жүргізіледі (бұдан әрі – Алгоритм). Биіктікті (эшелонды) айқындау кезінде:

      1) әуеайлақ ауданының төменгі эшелоны (өту эшелоны);

      2) сынап бағанасының 760 миллиметрі немесе 1013,25 Мбар (ГПа) атмосфералық қысымы бойынша ұшудың қауіпсіз биіктігі;

      3) әуайлаққа кіреберіс ауданындағы ұшудың қауіпсіз биіктігі;

      4) әуеайлақ үстінен шеңбер бойынша ұшудың ең төменгі қауіпсіз биіктігі (шеңбер биіктігі);

      5) әуеайлақ ауданындағы ең төменгі қауіпсіз биіктік (MSA);

      6) төменгі эшелоннан төмен ұшу кезінде әуеайлақ ауданындағы қауіпсіз биіктік;

      7) төменгі эшелоннан төмен маршрут бойынша ұшудың қауіпсіз биіктігі;

      8) күту аймағының төменгі эшелоны;

      9) барометрлік биіктік өлшегіште әуеайлақтағы атмосфералық қысымды белгілеу кезінде ұшу биіктігі (эшелоны) есептеледі.

      92. Ұшу биіктігі (эшелоны) мынадай:

      1) қозғалтқыш (қозғалтқыштар) істен шыққан жағдайда биіктік бойынша қауіпсіз ұшуды қамтамасыз ету қажеттілігі болған;

      2) ұшу ауданының әуе кеңістігі құрылымының ерекшеліктеріне байланысты болған (шектеулер аэронавигациялық ақпарат құжаттарында көрсетіледі);

      3) кедергілер үстінен биіктіктің белгіленген ең аз қорын (қауіпсіз биіктікті) қамтамасыз ету қажеттілігі болған жағдайларда шектеледі.

      93. Ұшуды орындау кезінде экипаж биіктік өлшегіштердің аспаптық, аэродинамикалық, температуралық түзетулерін ескереді.

      Бұл ретте сыртқы ауа температурасы төмендеген кезде, әсіресе қыста төмен биіктікте ұшу, қонуға кіру және таулы аудандарда ұшу кезінде шынайы биіктіктің азаюы ұшу қауіпсіздігіне ықпал етуін ескеру қажет. Температуралық түзетудің мәні биіктікке және нақты температураның есептелгеннен ауытқуына (+15?С) байланысты және Алгоритмде келтірілген формула бойынша айқындалады.

      94. Маршрут бойынша ұшудың төменгі (қауіпсіз) эшелоны стандартты атмосфералық қысым бойынша ұшуды орындау кезінде пайдаланылады.

      95. Аэронавигациялық ақпарат құжаттарында жарияланған ең төменгі қауіпсіз биіктік немесе сектордағы ең төменгі қауіпсіз биіктік ӘК-ның белгіленген маневр жасау схемасынан ауытқуы кезінде авариялық жағдайларда әуеайлақ ауданында АҰР бойынша ұшу кезінде есепке алынады.

      96. ӘҚҚ маршруттары бойынша және әуеайлақ ауданында өту эшелонынан төмен ұшу үшін қауіпсіз биіктікті экипаж ұшуға дайындалу кезінде есептейді және биіктік өлшегіште теңіздің орташа деңгейіне келтірілген ең төменгі қысымды белгілеген кезде пайдаланады.

      Егер ұшу ауданында өту эшелонының мәні белгіленбесе, онда бұл аудан үшін ұшуға дайындалу кезінде өту эшелоны ретінде қабылданатын төменгі (қауіпсіз) эшелон есептеледі. Стандартты қысым бойынша қауіпсіз биіктік, егер ұшу ауданында өту эшелонының мәні белгіленбеген жағдайда, төменгі (қауіпсіз) эшелонды есептеу үшін пайдаланылады.

      97. Ұшудың қауіпсіз биіктіктерін айқындау және ұстау кезінде АҰР және ШҰР бойынша ұшудың шынайы қауіпсіз биіктігі:

      1) ұшып көтерілу және қону аймағында;

      2) кіреберіс ауданында, ӘҚҚ маршруттары бойынша (жазық немесе төбешікті жерде және су кеңістігі үстінен, таулы жерде, биіктігі 2000 м және одан төмен таулар бар жерде; таулы жерде, биіктігі 2000 м жоғары таулар бар жерде) қолданылады.

      98. АҰР және ШҰР бойынша ұшудың шынайы қауіпсіз биіктігі:

      1) жергілікті жердің бедері мен ондағы жасанды кедергілердің биіктігіне, ӘК ұшуының жылдамдығына, қолданылатын талаптарға (АҰР мен ШҰР), ұшу ауданына байланысты;

      2) ұшуды басқару мен әуе навигациясының дәлдігіне рұқсат етуді, биіктікті өлшеудегі биіктік өлшегіштердің қателіктерін, атмосфераның турбуленттілігі жағдайларында және орнитологиялық жағдайда ұшу траекториясынан болуы мүмкін тік ауытқуларды ескере отырып белгіленеді;

      3) оқу-жаттығу ұшулары, мемлекеттік авиацияның мемлекеттің қорғанысы, қауіпсіздігі, қоғамдық тәртіпті қорғау мақсатындағы ұшуы, сондай-ақ көрсету ұшулары кезінде ШҰР бойынша ұшудың шынайы қауіпсіз биіктіктерін мемлекеттік авиацияның басқару органдары (Әскери-әуе күштері қолбасшысы басқармасы) белгілейді.

      АҰР бойынша ұшудың белгіленген шынайы қауіпсіз биіктіктері осы Қағидаларға 6-қосымшада келтірілген.

      99. АҰР бойынша әрбір ұшу алдында мыналар:

      1) әуеайлақтық шеңбер бойынша ұшу биіктігі (шеңбер биіктігі), әуеайлақ ауданындағы ең төменгі қауіпсіз биіктік пен кіреберіс ауданындағы ұшудың қауіпсіз биіктігі (аэронавигациялық ақпарат құжаттары бойынша);

      2) төменгі қауіпсіз эшелонның биіктігі айқындалады.

      100. Әрбір әуеайлақ үшін қонуға кіру схемасының шегінен тыс шыққан кезде авариялық жағдайларда төмендеген кезде пайдаланылатын және жергілікті жер бедерінің ең жоғарғы нүктесінен 300 м ұшудың және аспаптар бойынша қонуға кіру схемасы негізделетін радионавигациялық құралдан 46 км радиуста жасанды кедергілер биіктігінің ең аз қорын қамтамасыз ететін ең төменгі абсолюттік биіктіктер белгіленеді. Егер абсолюттік биіктіктер арасындағы айырмашылық 100 м аспайтынды құраса, ең төменгі абсолюттік биіктік әуеайлақтың бүкіл ауданы үшін бірыңғай болып белгіленеді.

      Биіктіктердің айырмашылығы үлкен болған кезде әуеайлақ ауданы секторларға бөлінеді және әрбір сектор үшін ең төменгі абсолюттік биіктіктер белгіленеді. Сектордағы әрбір ең төменгі абсолюттік биіктік 50 м еселенген мәнге дейін ұлғайту жағына дөңгелектенеді.

      Таулы аудандарда ұшу кезінде кедергілер үстіндегі биіктіктің ең аз қоры 300 метрге ұлғайтылсын.

      101. Кіреберіс ауданындағы ұшудың қауіпсіз биіктігі, шеңбер биіктігі мен ең төменгі қауіпсіз биіктік әуеайлақтардың аэронавигациялық паспорттарында көзделген деректер негізінде аэронавигациялық ақпарат жинақтарында көрсетіледі.

      102. Төменгі қауіпсіз эшелонның биіктігі кейіннен алынған мәнді таяу ілеспе эшелон биіктігіне дейін ұлғайтумен сынап бағанасының 760 миллиметрі (1013,25 Мбар/ГПа) атмосфералық қысымы бойынша ұшудың қауіпсіз биіктігін есептеу арқылы айқындалады.

      103. ШҰР бойынша әрбір ұшу алдында:

      1) төменгі эшелоннан төмен ұшу кезінде әуеайлақ ауданындағы қауіпсіз биіктік;

      2) төменгі эшелоннан төмен маршрут бойынша ұшудың қауіпсіз биіктігі;

      3) төменгі қауіпсіз эшелонның биіктігі есептеледі.

      104. Маршрут бойынша және әуеайлақ ауданында төменгі эшелоннан төмен ШҰР бойынша ұшу үшін қауіпсіз биіктікті есептеу кезінде:

      1) ұшу (қону) әуеайлағында температураның нақты мәні пайдаланылады;

      2) егер ӘК ұшуының шынайы жылдамдығы 300 км/сағ. аспаса, жазық және төбешікті жердегі жасанды кедергілердің биіктігі есепке алынбайды. Бұл ретте ӘК экипажы шолып кемінде 500 м қашықтықта жасанды кедергілерді айналып ұшуды қамтамасыз етеді.

      105. Жергілікті жер бедерінен және ондағы жасанды кедергілерден асып кетуін есепке алу жолағының ені әуеайлақтық шеңбер ауданында ұшудың қауіпсіз биіктігін есептеу кезінде маршрут осінен екі жаққа қарай күндіз – 5 км, түнде – 10 км.

      Маршруттар бойынша ұшу кезінде жергілікті жер бедерінен және жасанды кедергілерден асып кетуін есепке алу жолағының ені маршрут осінен екі жаққа қарай күндіз – 5 км, түнде – 25 км.

      Қонуға кіру схемасы бойынша қону бағытына шыққанға дейін ұшу кезінде ӘК-ның барлық типтері үшін белгіленген шынайы биіктіктердің мәндерін қатаң ұстау қажет.

      106. Таулы жерде, түнде ШҰР бойынша ұшу кезінде, сондай-ақ жазық және төбешікті жерде күндіз нақты және болжамды көрінуі 2000 м кем болған кезде қауіпсіз биіктікті есептеу үшін жасанды кедергілердің биіктігі ұшудың шынайы жылдамдығына қарамастан есепке алынады.

15-параграф. Әуе кемесінің экипажы

      107. Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясы ӘК-сының ұшуын орындау үшін ҰПН-ға сәйкес ұшқыш құрамынан экипаждар құрылады. ӘКК болып тиісті оқудан өткен, ұшқыш куәлігі және осы Қағидаларға 7-қосымшада нұсқасы көрсетілген ұшу кітапшасында осы типтегі ӘК-ны дербес басқару құқығына рұқсатнамасы жазылған адам тағайындалады.

      Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясы ӘК-сының экипаждары ӘК типін (модификациясын) ҰПН-ға сәйкес құрылады.

      Мемлекеттік авиация ӘК-сының ұшуы экипаждың толық немесе қысқартылған құрамымен орындалады.

      Экипаждың қысқартылған құрамымен ұшуды орындауға мынадай жағдайларда жол беріледі:

      1) Курстардың (оқу-ұшу даярлығы бағдарламаларының) талаптарына сәйкес ұшу әскери оқу орындары курсанттарының (тыңдаушыларының) ұшуды басқару техникасын пысықтауына;

      2) егер бұл ҰПН-да көзделсе, екі орынға арналған оқу-жаттығу жауынгерлік және оқу-жаттығу әуе кемелерінде ұшқышсыз нұсқаушының орындығында (нұсқаушының кабинасында);

      3) Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясы басқару органдары (Әскери-әуе күштері қолбасшысы) немесе басқару пункттері басшыларының шешімі бойынша арнайы ұшуды (арнайы тапсырмаларды) орындауға.

      108. ҰПН-мен айқындалған ӘК экипажының құрамына:

      1) арнайы ұшуды (арнайы тапсырмаларды) орындау кезінде – Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясы басқару органы басшысының (Әскери-әуе күштері қолбасшысының) бұйрығына сәйкес қажетті мамандарды;

      2) оқу-жаттығу және оқу-жаттығу жауынгерлік ұшуды орындау кезінде – тексерушілерді (нұсқаушыларды) қосуға рұқсат етіледі. ӘК экипажының құрамына кіретін тексерушілердің (нұсқаушылардың) жалпы саны екеуден артық болмауға тиіс (көліктік ӘК экипаждарын қоспағанда). Бұл ретте экипаждағы үлкені ұшқыштар ішінен атқаратын лауазымы бойынша үлкен тексеруші (нұсқаушы) болып табылады. Ұшуда ӘК экипажының мүшелерін тексеруді немесе оқытуды жүргізетін мамандық бойынша тексеруші (нұсқаушы) ӘКК-ға бағынады және ӘК экипажының өз міндеттерін орындауына және өз мамандығы бойынша ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауап береді.

      109. ӘК экипажының мүшелері ұшуды жеке ұшу киім-кешегінде, киілген құтқару парашюті бар (ӘК бортында қажетті апаттық-құтқару құралдары болған кезде құтқару парашютінің аспалы жүйесі бар) қорғаныш керек-жарағында орындайды және өзімен бірге пышақ-арасы болады. Ұшу киім-кешегінің үлгілік жиынтықтарының тізбесі осы Қағидаларға 8-қосымшада көрсетілген.

      110. Көліктік ӘК экипаждарына парашюттері жоқ жолаушыларды тасымалдау кезінде, сондай-ақ шекті төмен биіктікте ұшуды орындайтын тікұшақтар экипаждарына құтқару парашюттерінің аспалы жүйесін кимеуге рұқсат етіледі.

      Құтқару парашютінсіз ұшу олардың қолданылуы ӘК құрылымында және ҰПН-да көзделмеген әуе кемелерінде орындалады.

      111. Осы Қағидалардың 109-тармағының талаптарын бұзумен жабдықталған ӘК экипажының мүшелері ұшуды орындауға жіберілмейді.

      112. Жауынгерлік, арнайы ұшуды (арнайы тапсырмаларды) және халық аз қоныстанған және (немесе) таулы-шөлейтті жер үстінен ұшуды орындау кезінде ӘК экипажының әрбір мүшесі жеке қарумен және оған оқ-дәрлермен қамтамасыз етіледі.

      113. Су кеңістігі үстінен немесе жағалау сызығы бойымен ұшуды ӘК экипажының барлық мүшелері ӘК жабдықталуына және жыл мезгіліне сәйкес теңіздегі құтқару жиынтығында (теңіздегі биіктікте құтқару жиынтығында) немесе авиациялық құтқару кеудешелерінде (белдіктерде) орындайды. Жолаушыларды (жүктерді) тасымалдау кезінде ӘК жолаушылары мен экипаж мүшелерінің саны бойынша топтық құтқару жүзу құралдарымен немесе авиациялық құтқару кеудешелерімен (белдіктермен) жабдықталады.

      114. Ұшуды орындау кезінде ӘК экипажы:

      1) ұшу тапсырмасын және ҰПН-ның талаптарын сақтайды;

      2) ӘК ұшуын тікелей басқаруды жүзеге асыратын әуе қозғалысын басқару органының нұсқауларын дәл орындайды;

      3) шолып және борттық радиотехникалық құралдарды пайдалана отырып, әуедегі, орнитологиялық ахуалды, метеорологиялық жағдайларды қадағалауды жүргізеді. Қауіпті ауа райы құбылыстарын немесе басқа әуе кемелерімен қауіпті жақындауды анықтаған кезде олар туралы ұшуды тікелей басқаруды жүзеге асыратын органға баяндай отырып, ұшуды қауіпсіз жалғастыруды қамтамасыз ету үшін барлық мүмкін болатын шараларды қабылдайды.

      115. Егер ӘК апатқа ұшырауда немесе апатқа ұшыраған болса, ӘК экипажы адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға, сондай-ақ мүмкіндігінше ӘК-ны және ондағы мүлікті сақтауға барлық мүмкін болатын шараларды қабылдайды.

      116. Ұшу қауіпсіздігіне айқын қатер төнген жағдайда, сондай-ақ кеме бортындағы адам өмірін сақтап қалу мақсатында ұшу жоспарынан, әуе қозғалысын басқару органының нұсқауларынан және ұшу тапсырмасынан ауытқумен шешім қабылданады. Осы сәтте ӘК экипажына ӘК ұшуын басқаруды тікелей жүзеге асыратын органмен радиобайланысты тоқтатуға немесе оның рұқсатынсыз басқа әуе қозғалысын басқару органымен байланысқа шығуға (тұрақсыз екіжақты радиобайланыс болған жағдайлардан басқа) жол берілмейді.

      117. ӘКК осы Қағидалардың және ӘК пайдалану талаптарын сақтауын қамтамасыз ету бойынша экипаждың қызметіне басшылық жасайды.

      ӘКК қауіпсіздік шараларын жеткізеді және оны қамтамасыз етумен байланысты әрекетті сөзсіз орындауды ӘК бортындағы барлық адамдардан талап етеді. ӘКК өкімдерін ӘК бортындағы барлық адамдар орындайды.

      118. Әуе кемесінің командирі:

      1) ұшуға дайындалады, жұмыс дәптерлерінде өзінің жоспарланған ұшу тапсырмаларын орындауға әзірлігі туралы жазбалар орындайды;

      2) ұшуға әзірлікті бақылаудан өтеді;

      3) экипаж мүшелерін даярлауға басшылық жасайды және олардың ұшу тапсырмасын орындауға әзірлігін бағалайды;

      4) ұшуға нақты қауіпсіздік шараларын әзірлейді;

      5) борттағы адамдардың қауіпсіздігін, ӘК, жүктер мен мүліктердің сақталуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды;

      6) ӘК экипажын ұшудағы ерекше жағдайлардағы іс-қимылдарға, сондай-ақ ӘК-ның мәжбүрлі қонуынан (тастап кетуден) кейінгі іс-қимылдарға даярлайды;

      7) ұшуалды режимді сақтайды және ӘК экипажы мүшелерінің оны орындауына қол жеткізеді;

      8) ҰПН-да белгіленген көлемде ұшу алдында ӘК-ны қарайды, тексереді және қабылдайды;

      9) ӘК экипажы мүшелерінің керек-жарағын және ӘК жарақтандырылуын осы Қағидалардың 109, 112 және 113-тармақтарының талаптарына сәйкестігіне тексереді;

      10) аэронавигациялық ақпарат құжаттарын пайдалану процедурасын нақтылайды, осы құжаттардың борттық даналарын бақылаудағылармен салыстырып тексеруді бақылайды;

      11) ӘК бортында жолаушыларды орналастыруды, мүлікті бекітуді (арқандап байлауды) бақылайды;

      12) жолаушыларға ӘК бортында өзін-өзі ұстау шарттары және қажетті жабдық пен құтқару құралдарын пайдалану алгоритмі туралы нұсқау береді;

      13) борттағы адамдардың қауіпсіздігін, ӘК мен мүліктің сақталуын қамтамасыз етуге қажетті шаралар қабылдайды;

      14) ұшуға шешім қабылдайды;

      15) ӘК экипажы мүшелерінің ұшудағы жұмысына басшылық жасайды;

      16) басқаруындағы әуе қозғалысын басқару органының, топ командирінің (жетекшісінің) командаларын орындайды;

      17) радиоалмасу режимін сақтайды және ӘК экипажы мүшелерінің оларды сақтауын бақылайды;

      18) ұшуды ұшу тапсырмасына сәйкес орындайды;

      19) ұшуда бағдарлауды жүргізеді;

      20) отынның нақты қалдығын және ұшу уақытын бақылайды;

      21) ұшу алдында және ұшуда метеорологиялық, орнитологиялық және әуедегі жағдайды талдайды, ауа райының қауіпті құбылыстары туралы басқаруындағы ӘҚБ органына баяндайды;

      22) әуедегі жағдай күрделенген кезде ұшуды жалғастыруға (тоқтатуға) шешім қабылдайды;

      23) сақ болады және басқа да әуе кемелерімен және жерүсті кедергілерімен қауіпті жақындасуға жол бермейді;

      24) басқаруындағы ӘҚБ органына авиациялық техниканың істен шығуы туралы, ұшу тапсырмасын орындауды өзгерту немесе тоқтату туралы, сондай-ақ ӘК-ның мәжбүрлі қонуына немесе оны тастап кетуге шешім қабылдағаны туралы баяндайды;

      25) ұшу аяқталғаннан кейін борт журналына немесе ӘК дайындау журналына әуе кемесінде анықталған ақаулықтар туралы, ӘК жүрісіндегі немесе оның жүйелерінің жұмысындағы ауытқулар туралы, отынның қалдығы туралы жазбаларды уақтылы енгізеді;

      26) ӘК экипажымен ұшуға талдау жүргізеді;

      27) ұшу құжаттамасын уақтылы толтырады және ӘК экипажы мүшелерінің оны жүргізуін бақылайды.

      119. ӘК экипажының басқа мүшелері ҰПН талаптарына және ӘКК нұсқауларына сәйкес міндеттерін орындайды.

      120. ӘК экипажының әрбір мүшесі, егер ұшу тапсырмасын өзі үшін орындауға қиын немесе оны орындау қауіпсіздігіне сенімсіз деп санайтын болса, оны ӘКК-ға, ал ӘКК өзінің тікелей бастығына және әуеайлақтың авиациялық аға бастығына ауызша баяндайды.

16-параграф. Ұшқыш құрамын ұшуға жіберу

      121. Ұшқыштар мен штурмандар:

      1) ӘК-ның алғаш рет меңгерілетін типінде (модификациясында);

      2) ұшу даярлығының түрлері бойынша тиісті метеорологиялық жағдайларда күндіз және түнде жаттықтыру (дербес) ұшуына;

      3) ұшу даярлығының түрлері бойынша нұсқаушы ретінде;

      4) арнайы ұшуға және арнайы тапсырмаларға жіберіледі.

      Ұшқыштардың, штурмандардың және басқа да экипаж мүшелерінің ұшуға рұқсатнамаларының тізбесі Курстармен айқындалады.

      122. Рұқсатнамалар туралы мәліметтер ұшу кітапшасына енгізіледі және бөлімнің елтаңбалы мөрімен бекітіледі.

      123. Ұшқыш құрамын ӘК-ның алғаш рет меңгерілетін типінде (модификациясында) ұшуға жіберу теориялық пәндерді білуін тексеру нәтижелері бойынша теориялық қайта оқытудан (арнайы бағдарламалардан өтуден) және тренажерларда (ӘК кабиналарында) практикалық сабақтарды өткізгеннен кейін жүзеге асырылады.

      124. Ұшқыштарды күндіз және түнде қарапайым және күрделі метеорологиялық жағдайларда және ауа райының белгіленген минимумы кезінде (оның ішінде ӘК минимумы кезінде) ұшу даярлығының түрлері бойынша жаттықтыру ұшуына жіберу оны ұшу даярлығы жөніндегі басшылық құжаттардың жаттығулары бойынша тиісті метеорологиялық жағдайларда оқу-жаттығу, оқу-жаттығу жауынгерлік (бір типті жауынгерлік) немесе жауынгерлік қосарланып басқарылатын әуе кемелерінде, ал оқу-жаттығу жауынгерлік (бір типті жауынгерлік) ӘК болмаған кезде – теориялық пәндерді білуін тексеру нәтижелері бойынша теориялық қайта оқытудан (арнайы бағдарламадан өткеннен) және басқа типтегі оқу-жаттығу жауынгерлік әуе кемесінде бақылау ұшуларын орындағаннан кейін ұшуда тексергеннен кейін жүргізіледі.

      ӘК экипажының басқа мүшелерін жіберу Курстардың талаптарына сәйкес жүргізіледі.

      125. Ұшқыш құрамын ұшуда жеке тексеруден кейін жаттықтыру ұшуына:

      1) ұшқыш әскери оқу орындарының курсанттарын (тыңдаушыларын) – олардың ұшқыш-нұсқаушылары, сондай-ақ олардың командирлері (бастықтары) және тиісті мамандығы бар авиация мамандары қатарынан мемлекеттік авиация басқару органдарының өкілдері;

      2) авиациялық эскадрилья ұшқыштарын (буын командиріне дейін қоса алғанда) – авиациялық эскадрилья командирінің орынбасары және одан жоғары, ал авиациялық эскадрильяның қалған ұшқыш құрамын, авиациялық эскадрилья қызметтерінің бастықтары мен командирінің орынбасарларын, авиациялық эскадрилья командирін, авиациялық бөлім басқармасының ұшқыш құрамын – тиісті мамандығы бар авиация мамандары қатарынан авиациялық бөлім қызметтерінің тиісті бастықтары және олардың тікелей бастықтары;

      3) авиациялық бөлімдердің командирлерін, мемлекеттік авиация басқару органдарының (Әскери-әуе күштері қолбасшысы басқармасының) және мемлекеттік авиация ұшуларының қауіпсіздігін қадағалау органының ұшқыш құрамын – атқаратын лауазымына қарамастан, рұқсат етілгеннен (тексерілетіннен) төмен емес тиісті ұшу даярлық деңгейі бар ұшқыш құрамы.

      126. Ұшқыш құрамын ӘК-ның осы типінде (модификациясында) ұшу даярлығының түрлері бойынша нұсқаушы ретінде ұшуға жіберу Курстардың немесе арнайы бағдарламаның тиісті жаттығулары бойынша тексеру нәтижелері бойынша жүргізіледі.

      127. Ұшқыш құрамын арнайы ұшуға (арнайы тапсырмаларға) жіберу оны тиісті бағдарламалар бойынша даярлағаннан кейін жүргізіледі.

      128. Әуе кемелерін айналып ұшуды, ұшырып жеткізу және көрсету ұшуын орындауға:

      1) 2-сыныпты ұшқыштан (штурманнан) төмен емес сыныптық біліктілігі бар, сондай-ақ мемлекеттік авиация басқару органы басшысының (Әскери-әуе күштері қолбасшысының) бұйрығымен осы ұшуды орындауға жіберілген ұшқыштар (штурмандар);

      2) Курстардың тиісті даярлық түрі бойынша ұшуда үзілістері жоқ және ұшуды басқару техникасында (әуе навигациясында, жауынгерлік қолдануда) тұрақты дағдылары бар;

      3) ұшу даярлығының түрлері бойынша тексерулерді орындаған ұшқыш құрамы жіберіледі.

      Ұшқыш құрамын көрсету ұшуына жіберу оны тиісті бағдарлама бойынша даярлағаннан кейін тікелей көрсету алдында жүргізіледі.

      129. Ұшқыш құрамын жаңа авиациялық техникада ұшуға және Курстарда көзделмеген ұшуға жіберу бөлім командирінің (басқару органы, мемлекеттік авиация ұшуларының қауіпсіздігін қадағалау органы басшысының, Әскери-әуе күштері қолбасшысының) бұйрығымен ресімделеді.

      130. Ұшқыш құрамын нұсқаушы ретінде ұшуға және арнайы ұшуға (арнайы тапсырмаларға) басшылық ұшқыш құрамының лауазымды адамдары (авиациялық бөлімнің қызмет бастығынан және одан жоғары) жібереді.

      Ұшқыш әскери оқу орындарында ұшқыш құрамына көрсетілген рұқсатнамалар курсанттарды (тыңдаушыларды) ұшуға оқытып-үйретуді ұйымдастыру мен жүргізу бағдарламасына сәйкес жүргізіледі.

      131. Мемлекеттік авиация басқару органдарының (Әскери-әуе күштері қолбасшысы басқармасының) және мемлекеттік авиация ұшуларының қауіпсіздігін қадағалау органының ұшқыш-инспекторлары, штурман-инспекторлары жеке өздері тексерген ұшқыш құрамын ұшуға жібереді.

17-параграф. Ұшқыш құрамының ұшу даярлығын және теориялық білімдерін тексеру

      132. Экипаждың әрбір мүшесінің атқаратын лауазымына және сыныптық біліктілігіне қарамастан, жыл сайын ұшу даярлығының түрлері бойынша, сондай-ақ оқу жылының басында немесе мемлекеттік авиация басқару органдарының (Әскери-әуе күштері қолбасшысы басқармасының) тексеруі кезеңінде теориялық пәндерді және осы Қағидалардың 141, 142-тармақтарында көрсетілген құжаттарды білуі тексеріледі.

      Тексеру нәтижелері ұшу кітапшасына жазылады.

      133. Олар бойынша тексерулер жүргізілетін ұшу даярлығының түрлері бойынша жаттығулар, оның ішінде нұсқау беру ұшуына жіберілген ұшқыштарды тексеру және ұшқыш құрамының сыныптық біліктілігіне байланысты осы тексерулердің мерзімдері Курстармен айқындалады.

      134. Бір орынды ӘК ұшқыштарын тексеру қосарланып басқарылатын бір типті әуе кемесінде жүргізіледі. Жаттықтыру ұшуының нәтижелері бойынша, егер объективті бақылаудың борттық құралдары жерүстімен бірге ұшу даярлығы жөніндегі басшылық құжаттардың бағалау нормативтеріне сәйкес ұшу параметрлерін бағалауға мүмкіндік берсе, тексерулер жүргізуге жол беріледі.

      135. Тексерушілер орналасуы мүмкін көп орынды ӘК экипажының мүшелерін тексеруді нұсқаушылар мен тиісті мамандар жүзеге асырады. ӘК бортында тексерушілерді орналастыру мүмкіндігі болмаған жағдайда тексеру объективті бақылау құралдарының деректері бойынша жаттықтыру ұшуының нәтижелері бойынша жүргізіледі.

      136. ӘК-ның бірнеше типінде ұшуға жіберілген ұшқыш құрамына ӘК-ның әрбір типінде тексерулер саны мен түрін бөлім командирі, бөлім командирінен бастап және одан жоғары басшылық лауазымды адамдарға, ұшқыш-инспекторларға (штурман-инспекторларға) – олардың тікелей бастықтары айқындайды.

      137. Ұшу даярлығының түрлері бойынша бір ұшуда бірнеше тексерулерді қатар жүргізуге жол беріледі. Олардың бір ұшудағы саны Курстарда айқындалады.

      138. Ұшу даярлығының түрлері бойынша ұшқыш құрамын тексеруді тиісті ұшу мамандығы және рұқсатнамасы бар олардың бастықтары жүргізеді. Бастықтардың ұшу даярлығының нақты деңгейі осы Қағидалардың 140-тармағының талаптарына сәйкес келмеген жағдайларда ұшқыш құрамын тексеруді олар тағайындаған лауазымды адамдар жүзеге асырады.

      139. Авиациялық персоналды тексеру және оқыту үшін даярланған нұсқаушылар болмаған кезде Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының басқа да басқару органдарының нұсқаушылары тартылады. Бұл жағдайда құрама экипаждармен ұшуды ұйымдастыру және жүргізу процедурасы Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының тиісті басқару органдары басшыларының әдістемелік ұсыныстарымен айқындалады.

      Басқа экипаж мүшелерін тексеру ұшу даярлығы жөніндегі құжаттарға сәйкес жүргізіледі.

      ӘК-ның бірнеше типінде ұшуға жіберілген борт инженерлері (техниктері) ӘК-ның әрбір типінде тексеріледі.

      140. Тексеруді:

      1) тексерілетіннің типінде сияқты әуе кемесінде ұшуға рұқсатнамасы бар;

      2) ұшу даярлығының тиісті түрі бойынша нұсқау беру ұшуына рұқсатнамасы бар;

      3) осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес ұшқыш (штурман) үшін жаттықтыру ұшуындағы ең ұзақ (айлардағы) үзілістері (бұдан әрі – ең ұзақ үзілістер) жоқ адамдар жүзеге асырады.

      141. Ұшқыштар мен штурмандардың:

      1) авиациялық техниканы;

      2) ҰПН-ды;

      3) практикалық аэродинамиканы;

      4) ӘК бортындағы адамдарды құтқару мен олардың тыныс-тіршілгін қамтамасыз ету құралдарын және оларды авариялық жағдайда қолдану тәсілдерін;

      5) әуеайлақ ұшуын байланыспен және радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарының тактикалық-техникалық деректерін;

      6) авиациялық метеорологияны;

      7) әуе кеңістігін пайдалануды және мемлекеттік авиация қызметін, ұшуды жүргізуді және ұшу даярлығын регламенттейтін құжаттарды;

      8) әуеайлақтың аэронавигациялық паспортын және мемлекеттік авиацияны басқару органының басшысы бекіткен авиациялық полигонның аэронавигациялық паспортын;

      9) осы Қағидалардың 237 – 244-тармақтарына сәйкес шекара маңында ұшу жүргізу шарттарын білуі тексеріледі.

      142. ӘК экипажының басқа мүшелерінің білімдерін тексеру ҰПН-ға сәйкес әуе кемесіндегі өз жұмыс орнынан ұшуда міндеттерді орындау үшін қажетті көлемде жүзеге асырылады.

      143. Ұшқыш құрамының білімдерін тексеруді бөлім командирі (Әскери-әуе күштері қолбасшысы, Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясы басқару органының басшысы, мемлекеттік авиация ұшуларының қауіпсіздігі органының басшысы) тағайындаған комиссия жүргізеді. Одан басқа, ұшқыш құрамының білімдерін тексеруді жүргізуге олардың тікелей және тура бастықтарына рұқсат етіледі.

      144. Бір орынды ӘК ұшқыштары басқа авиациялық бөлімге ауысқан кезде ұшуды басқару техникасы және әуе навигациясы бойынша тексеріледі, көп орынды ӘК ұшқыштары экипаж құрамында штурман болған кезде тек ұшуды басқару техникасы бойынша, штурмандар – әуе навигациясы бойынша тексеріледі.

      Ұшқыш-штурмандар мен ұшқыш-операторлар өз жұмыс орнынан әуе навигациясы және ұшуды басқару техникасы бойынша, қалған экипаж мүшелері – ұшуда өз міндеттерін орындай алуда тексеріледі.

      Экипаждың барлық мүшелерінің ҰПН-ды білуі, ал ұшқыштар мен штурмандардың одан басқа пайдаланылатын ӘК-ның практикалық аэродинамикасын, әуеайлақ ұшуын байланыспен және радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарын, әуе навигациясын, әуеайлақтың аэронавигациялық паспортын, авиациялық полигонның аэронавигациялық паспортын білуі тексеріледі.

      145. Басқа әуеайлақтардан (негізгі болып орналаспаған) ұшу кезінде ұшқыш құрамының білімдерін тексеру әуеайлақтың аэронавигациялық паспорты және авиациялық полигонның аэронавигациялық паспорты (оны пайдаланған кезде) көлемінде жүргізіледі.

18-параграф. Ұшқыш құрамына жол берілетін үзіліс және
олардың дағдыларын қалпына келтіру

      146. Авиациялық эскадрилья командирі авиациялық эскадрилья ұшқышының (штурмандарының) әртүрлі метеорологиялық жағдайларда күндіз және түнде ұшу дайындығының түрлері (түрлер элементтері) бойынша жаттықтыру ұшуында жол берілетін үзілісті олардың жеке қабілеттіліктерін, жаттыққандығын және сыныптық біліктілігін ескере отырып, бірақ ұшу дайындығы бағдарламасы бойынша құжаттарда айқындалған мерзімдерден артық емес белгілейді.

      Авиациялық эскадрилья (жеке буын, жасақ) командирінен бастап және одан жоғары лауазымды адамдарға осы үзілістерді олардың тікелей бастықтары белгілейді.

      Осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес ұшқыштар (штурмандар) үшін жаттығу ұшуларда (айларда) ең ұзақ үзілістердің мәндерін, ал ұшу дайындығы түрлерінің жекелеген элементтері бойынша – Курстармен белгіленген көрсеткіштерден асыруға жол берілмейді.

      147. Ұшқыш құрамға тиісті метеорологиялық жағдайларда және ұшу даярлығы түрлері бойынша жол берілген үзіліс мөлшеріне, бірақ соңғы жаттықтыру ұшу күнінен 1,5 есе аспайтын жаттықтыру ұшуындағы үзіліс, егер ол Курстармен көзделсе, осы ұшу даярлығы түрі бойынша нұсқаушы ретінде ұшуды орындаумен ұзартылады.

      Авиациялық бөлімнің командиріне ай сайын перде астынан қону жүйелерін қолдана отырып, қонуға кірумен кемінде үш рет ұшуды орындайтын (пердемен жабдықталмаған әуе кемелерінде күрделі метеорологиялық жағдайларда қонуға кіруді және қонуды еліктетуге мүмкіндігі бар авиациялық тренажерда айына бестен аз емес "ұшу" орындау кезінде) ұшқыштарға күрделі метеорологиялық жағдайларда жаттықтыру ұшуында барынша үзілістерді 2 еседен аспайтындай етіп ұзартуға рұқсат беріледі. Бұл ретте "Glass cockpit" кабинасы бар әуе кемелері үшін ұшуды тренажерда орындау кемінде жылына 2 рет ұшқыш құрамының тиісті сертификаттар алуымен ұшу кезінде ерекше жағдайлар туындаған кездегі және КМЖ мен ҚМЖ-да ұшу кезіндегі іс-қимылдар жөніндегі Кезеңдік даярлық (біліктілікті арттыру) жоспарлары бойынша тренаждық даярлықты пысықтаумен жүргізіледі.

      Күрделі метеорологиялық жағдайлардағы ұшуда үзілістері болмаған ӘКК-ға жаттықтыру ұшуындағы үзілісті 2 реттен асырмай ауа райы минимумы кезінде, олар ай сайын Курстармен айқындалған перделерді пайдаланумен және оны барынша төмен биіктікте ашумен әуе кемелеріндегі қону жүйелерін қолдана отырып, қонуға кемінде үш рет кіруді орынғана жағдайда арттыруға жол беріледі.

      148. ӘК-ның осы типінде басқа экипаж мүшелерінің ұшудағы барынша ұзақ үзілістері Курстармен белгіленеді.

      149. Ұшудағы үзілістер ең ұзақ үзілістерден асатын кезінде ӘКК-ның жаттықтыру ұшуын орындауға жол беріледі:

      1) күндіз қарапайым метеорологиялық жағдайларда – бақылау ұшуынан кейін күндіз қарапайым метеорологиялық жағдайларда немесе күрделі метеорологиялық жағдайларда;

      2) күндіз күрделі метеорологиялық жағдайларда – бақылау ұшуынан кейін күндіз күрделі метеорологиялық жағдайларда қону жүйелерін қолдана отырып, қонуға кірумен, күндіз күрделі метеорологиялық жағдайларда жаттықтыру ұшуында үзілістер болмаған кезде;

      3) күндіз белгіленген ауа райы минимумы кезінде – бақылау ұшуынан кейін осы метеорологиялық жағдайларда және күндіз күрделі метеорологиялық жағдайларда қону жүйелерін қолдана отырып, қонуға кірумен жаттықтыру ұшуында үзілістер болмаған кезде;

      4) түнде қарапайым метеорологиялық жағдайларда – бақылау ұшуынан кейін қарапайым метеорологиялық жағдайларда немесе күрделі метеорологиялық жағдайларда және күндіз жаттықтыру ұшуында үзілістер болмаған кезде;

      5) түнде күрделі метеорологиялық жағдайларда – бақылау ұшуынан кейін түнде күрделі метеорологиялық жағдайларда қону жүйелерін қолдана отырып, қонуға кірумен және түнде қарапайым метеорологиялық жағдайларда және күндіз күрделі метеорологиялық жағдайларда жаттықтыру ұшуында үзілістер болмаған кезде;

      6) түнде белгіленген ауа райы минимумы кезінде – бақылау ұшуынан кейін осы метеорологиялық жағдайларда қону жүйелерін қолдана отырып, қонуға кірумен және түнде күрделі метеорологиялық жағдайларда жаттықтыру ұшуында үзілістер болмаған кезде;

      7) 1 және 2-сыныпты ұшқыштарды күндіз күрделі метеорологиялық жағдайларда және осы жағдайларда үзілісі бар, бірақ ай сайын Курстармен айқындалған жол берілген ең төмен биіктікте оны ашумен перде астында кемінде үш рет қонуға кіруді орындаған нұсқаушымен түнгі ұшуда қалпына келтіруге рұсқат етіледі.

      150. Ұшудағы жол берілгеннен астам үзілістерден кейін (ұшуында белгіленген ең ұзақ үзілістерден 2 еседен аспайтын) 1-сыныпты ұшқыштан (штурманнан) төмен емес сыныптық біліктілігі бар көліктік ӘК-ның командирлері мен штурмандарының дағдыларын қалпына келтіру әуе тасымалдарын орындау кезінде жүргізуге жол беріледі.

      Бұл ретте ӘК командирі мен штурманының дағдылары бір уақытта қалпына қалпына келтірілмейді.

      151. Ұшқыш (штурман) үшін белгіленген мерзімдерден 2 есе және одан көп асатын ұшудағы үзілістер кезінде, сондай-ақ олардың жеке кінәсынан болған авиациялық оқиғалардан немесе елеулі авиациялық инциденттерден кейін олардың дағдыларын қалпына келтіру авиациялық бөлім командирі бекітетін жеке жоспар бойынша жүзеге асырылады.

      152. Ұшу даярлығының жеке түрлері бойынша ұшудағы үзілістер кезінде ұшқыш құрамының дағдыларын қалпына келтіру Курстардың талаптарына сәйкес тікелей командир (бастық) белгілейді.

19-параграф. Ұшқыш құрамының ұшуы және демалысы

      153. Жауынгерлік (ұшу) даярлығы жоспары бойынша ұшуды орындау кезінде ӘК экипажына ұшу саны мен жалпы ұшу Курстармен айқындалады. Ұшу ауысымын жоспарлау кезінде старттық уақыттың барынша ұзақтығы – он сағаттан көп емес.

      Ұшуды орындау кезінде экипаж үшін жеке жетілдіруге старттық уақыттың барынша ұзақтығы 6 сағаттан аспайды, нұсқаушылар үшін 7 сағаттан аспайды. Ұшу ауысымының ұзақтығы 7 сағаттан аспайды.

      Оқу-жаттығуларда арнайы тапсырмаларды (арнайы ұшуларды) орындау кезінде экипажға ұшу, жалпы ұшу санын және старттық уақытты авиациялық бөлім командирі, ал ұшу ауысымының ұзақтығын – оқу-жаттығулардағы аға авиация бастықпен келісу бойынша оқу-жаттығуды ұйымдастырушы командир белгілейді.

      Оқу-жаттығу ұшуын орындау кезінде авиациялық комендатуралардың әуеайлақтарында аға авиациялық бастық болып мемлекеттік авиацияның басқару органы басшысының (Әскери-әуе күштері қолбасшысының) бұйрығымен айқындалған лауазымды адам тағайындалады.

      Старттық уақыт әуеайлақтық және әуеайлақтан тыс ұшуды орындау кезінде нақты уақыттан бастап, ал ұшып өту кезінде – бірінші ұшып шығудың жоспарланған уақытынан бастап есептеледі.

      154. Ұшып өтуді (жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды) орындайтын көліктік ұшақтар экипаждарына старттық уақыты 14 сағаттан аспайтын кезде тәулігіне 12 сағаттан аспайтын жалпы ұшудың бар болуына рұқсат етіледі.

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтумен байланысты арнайы тапсырмаларды (арнайы ұшуды) орындау кезінде Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясы басқару органы басшысының (Әскери-әуе күштері қолбасшысының) нұсқауымен көрсетілген ұшуды және старттық уақытты – 4 сағаттан аспайтын, ұшып өтуды жүзеге асыратын көліктік ұшақ (тікұшақтан басқа) экипажының құрамында мамандардың екінші жиынтығы бар болған кезде – екі есеге аспайтын болып ұзартуға рұқсат етіледі.

      155. Ұшып өтулерді алаңға қона отырып, орындайумен тасымалдауды жүзеге асыратын тікұшақ экипажына старттық уақытты 12 сағат болған кезде тәулігіне жалпы ұшу 8 сағаттан аспайтын болуына рұқсат етіледі.

      Барлық жағдайларда старттық уақыт ішіндегі алаңға қонудың жалпы саны 12-ден аспауға тиіс.

      156. Ұшырып жеткізу және ұшып өту кезінде ӘК экипаждарына (көліктік ұшақтардан басқа) старттық уақыт күндіз 12 сағат, ал түнде 8 сағат болған кезде үштен аспайтын ұшып өту кезеңін орындауға рұқсат етіледі.

      Бұдан кейінгі ұшуды орындауға ұшулар арасындағы үзіліс кемінде 12 сағат болған кезде ұзақтығы кемінде 8 сағаттық демалыстан (ұйқыдан) кейін рұқсат етіледі.

      157. 12 сағаттан астам ұзақ қонбайтын ұшуды орындайтын экипаждарға кемінде 10 сағат болатын ұшуалды демалыс беріледі. Ұшу аяқталғаннан кейін сонымен қатар ұшудан кейінгі демалыс беріледі:

      1) ұшу ұзақтығы 16 сағатқа дейін болған кезде – кемінде бір тәулік;

      2) 16 сағаттан астам болған кезде – кемінде екі тәулік.

      158. Ұшуды, ұшырып жеткізуді жүзеге асыратын ӘК экипажының демалысы үшін әуеайлақтың аға авиациялық бастығы ұшып өтетін экипажға арнайы жабдықталған демалыс бөлмелерін береді.

      159. Ұшу күні қарсаңында экипажға кемінде 8 сағат ұйықтауға демалыс беріледі, бұл ретте, егер экипаж алдыңғы ауысымның ұшуына қатысса немесе жауынгерлік кезекшілікте болса, ұшулар немесе кезекшіліктің аяқталуы және ұшудың басталуы арасындағы үзіліс кемінде 12 сағат болуға тиіс.

      Түнгі және аралас ұшу алдында экипажға кемінде 4 сағат, ал күннің екінші жартысында ұшу алдында – кемінде 2 сағат қосымша демалыс беріледі.

      160. Ұшқыш әскери оқу орындарының курсанттарын (тыңдаушыларын) қоспағанда, 12 айдан астам уақыт жыл сайынғы демалысын пайдаланбаған ұшқыш құрамы ұшудан шеттетіледі. "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің статусы туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабы 1-тармағына сәйкес ұшқыш жұмысындағы тұрған әскери қызметшілерге жыл сайынғы негізгі демалысына қосымша 10 тәулік демалыс беріледі. Қосымша демалыс негізгі демалыстан шығу күнінен 12 ай өткен соң берілген жағдайда ұшуға рұқсат 2 айдан аспайтын мерзімге ұзартылады.

      Одан басқа, ұшқыш құрам демалыстар арасындағы кезеңде авиациялық бөлім командирінің нұсқауымен бөлім медициналық қызметі бастығының ұсынымы бойынша жыл сайынғы демалыстан шығу уақытына қарамастан, 7-10 тәулік мерзімге профилакторияға демалысқа жіберіледі.

      Осымен бірге жыл сайынғы негізгі, қосымша демалыс және профилакториядағы демалыстың жалпы ұзақтығы 60 тәуліктен аса алмайды.

20-параграф. Ұшуға шешім қабылдау, міндеттер қою

      161. Авиациялық бөлімде ұшуды ұйымдастыру мен жүргізу осы бөлімнің командиріне, ал оқу-жаттығу кезінде – оның жоғарғы авиациялық бастығына беріледі. Авиациялық бөлімнің командирі ұшуда болмағанда, оның ұшу ауысымындағы ұшуды ұйымдастыру мен жүргізу және ұшуды алдын ала талдау жүргізу міндеттері ұшу ауысымының жетекшісіне немесе бір эскадрильямен ұшуда – авиациялық эскадрильяның командиріне жүктеледі.

      Командирдің ұшуды ұйымдастыруға және жүргізуге шешімді пысықтау оның қызметінің мынадай элементтерін:

      1) ахуалды бағалауды;

      2) ұшуға міндеттерді айқындауды;

      3) ұшудың оңтайлы нұсқасын таңдауды;

      4) соңғы шешімді қалыптастыруды қамтиды.

      162. Ахуалды бағалау барысында алдағы ұшу мақсаттарын таңдауға негізгі ықпал ететін факторлар ескеріледі және талданады.

      163. Ахуалды бағалай отырып, командир ұшқыш ауысымдарын бөлу кестесін, бір айға арналған ұшуды дайындау жоспар-кестесін және аға бастықтың қойған міндеттерді басшылыққа алады. Бұл ретте мынадай факторлар талданады:

      1) эскадрильяның және авиациялық бөлім жауынгерлік әзірлігінің жай-күйі;

      2) алдағы ұшу күндері (түндері) жүргізу қорытындысы және ұшу даярлығы жоспарларын орындау барысы;

      3) ұшқыш құрамы, нұсқаушылар даярлығының нақты деңгейі және ұшу даярлығы түрлері бойынша олардың жаттыққандығы;

      4) ұшуға басшылық жасау тобы адамдарының құрамы мен даярлық деңгейі, олардың ұшуды басқаруға жаттыққандығы, сондай-ақ осы ұшу ауысымында басқару мүмкіндігі, бұл ретте әуеайлақтағы және жақын аймақтағы ұшу басшыларының даярлығына ерекше назар аударылады;

      5) авиациялық техниканың бар болуы және әзірлігі, инженерлік-авиациялық қызмет жеке құрамының даярлық деңгейі мен мүмкіндіктері;

      6) басқару құралдарын пайдалану мен ұшуды жерүсті қамтамасыз ету мүмкіндігі, қамтамасыз ету бөлімшелері жеке құрамының бар болуы мен әзірлігі;

      7) өзінің және қосалқы әуеайлақтардағы алдағы ауысымға күтілетін метерологиялық жағдайлар мен бағдарлау жағдайлары;

      8) ауданда ұшу жағдайлары мен режимі;

      9) әуеайлақтың ұшу алаңы элементтерінің жай-күйі және әуе кемелерін сүйреу, басқару, ұшуды дайындау және жүргізу кезеңінде ұшуды жерүсті қамтамасыз ету құралдарының қозғалысы үшін, сондай-ақ олар аяқталғаннан кейін оларды пайдалану мүмкіндіктері;

      10) ұшқыш құрамды, ұшуға басшылық жасау тобының адамдарын, инженерлік-авиациялық қызмет бөлімінің жеке құрамын, ӘК-ны, әуеайлақты, ұшуды басқару және жерүсті қамтамасыз ету құралдарын, қамтамасыз ету бөлімшелерінің (бөлімдерінің) жеке құрамын ұшуға даярлауға арналған қажетті уақыт.

      164. Жағдайды бағалау барысында қажетті мәліметтерді алу немесе нақтылау үшін авиациялық бөлімнің командирі өз орынбасарларының, бөлімшелер командирлерінің және қызметтер бастықтарының ұсыныстарын тыңдайды.

      Ұшуды жүргізуге шешім қабылдау үшін баяндаулар мазмұны мен кезектілігін авиациялық бөлімнің командирі айқындайды.

      165. Авиациялық бөлімнің командирі ұшуға міндеттерді айқындаған кезде бірінші кезекте мынадай міндеттер шешіледі:

      1) ұшқыш құрамы жаттыққандығының деңгейін ұстау;

      2) ұшу даярлығы түрлері бойынша жоғалтылған дағдыларды қалпына келтіру;

      3) ұшу даярлығы жоспар-кестесіне сәйкес ұшқыш құрамының жауынгерлік әзірлік деңгейін арттыру;

      4) топпен ұшып жаттығу;

      5) ӘК-ның айналып ұшу;

      6) ұшу даярлық түрлері бойынша ұшқыш құрамын тексеру.

      166. Ұшу нұсқалары мынадай белгілер: ұшу міндетінің ортақтығы, метеорологиялық жағдайлар сипаты, тәулік уақыты, ұшу күніндегі (түніндегі) ауысым ұзақтығы мен саны бойынша жоспарланады.

      167. Міндеттерді айқындап және ұшу нұсқаларының мақсаттылығын таңдап, жағдайларды бағалаудан қорытындыларға сәйкес авиациялық бөлімнің командирі ұшу дайындығына және жүргізуге шешім қабылдайды, онда:

      1) ұшуды жүргізу мерзімін;

      2) олардың басталу және аяқталу уақытын;

      3) ұшудың негізгі міндеттерін, ұшуға басшылық жасау тобының құрамын;

      4) ұшуға шығарылатын ӘК санын және оларға қатысатын ұшқыш құрамын;

      5) ұшу ауысымы бойынша эскадрильяны және ӘК-ны бөлуді;

      6) әуе кеңестігін пайдалану процедурасын;

      7) ұшуға даярлау жүргізу процедурасын;

      8) ұшуды басқару және қамтамасыз ету процедурасын;

      9) жоспарлы кестелерді әзірлеу нұсқаларын және олардың әзірлік мерзімін айқындайды.

      168. Авиациялық бөлімнің командирі шешім қабылдағаннан кейін ұшуды жоспарлау, дайындау, жүргізу және қамтамасыз ету бойынша авиациялық бөлім басшылық құрамының, эскадрильялар командирлерінің және қамтамасыз ету бөлімшелерінің (бөлімдерінің) жұмысын ұйымдастырады. Осы мақсатта ұшуды алдын ала дайындау күні қарсаңында арнайы кеңесте немесе жүргізілген алдын ала талдауда көрсетілген лауазымды адамдарға міндеттер қойылады.

      Бірнеше ұшу ауысымдарында ұшу жүргізу кезінде ұшуға міндеттер осы барлық ауысымға қойылуы мүмкін. Осындай жағдайларда командирдің ұшуға шешімі әрбір ұшу ауысымы алдында нақтыланады және толықтырылады. Авиациялық бөлімнің командирі басшылық құрамға міндеттер қою кезінде:

      1) әрбір бөлімшелер үшін ұшуды жүргізу күні мен уақытын жеткізеді;

      2) күтілетін метеорологиялық жағдайлар мен орнитологиялық ахуалдарға сәйкес ұшу ауысымы және күндер бойынша алдағы ұшудың негізгі мақсаттары мен міндеттерін айқындайды;

      3) тартылған басқару пунктерін және ұшуды қамтамасыз ету құралдарының тізбесін, оларды жұмысқа (қамтамасыз етуге) әзір болу уақытын жеткізеді;

      4) авиацияның басқа тектерінің, Құрлық әскерлерінің, Әскери-теңіз күштерінің бөлімдерімен (бөлімшелерімен) және басқа да басқару органдарымен өзара іс-қимылдың ұйымдастырылуын жеткізеді;

      5) басқа авиациялық бөлімге бағыныстағы басқару пунктінің жауапкершілік ауданында әуе нысандарын басқаруды және бағыттауды пысықтаумен оқу-жаттықтыру ұшуын жоспарлау кезінде бөлімнің штаб бастығына басқару пунктері арасында өзара іс-қимылды ұйымдастыруға нұсқаулар береді.

21-параграф. Ұшуды жоспарлау

      169. Командирдің (бастықтың) шешімі негізінде авиациялық бөлімнің штабы ұшуды дайындау және қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүргізеді және авиациялық бөлімнің командирі берген өкімдердің орындалуына бақылауды жүзеге асырады.

      170. Авиациялық бөлімнің ұшуды дайындау жөніндегі орынбасары авиациялық бөлімнің командирі ұшуды ұйымдастыруға және жүргізуге қабылдаған шешім негізінде авиациялық эскадрильялар командирлерімен берлесіп, ұшуға басшылық жасау тобының құрамын, ауа райын барлау және ауа райын толық барлау экипаждарын, ӘК эскадрильялары арасында бөлуді, авиациялық бөлімнің басшылық құрамы қатарынан нұсқаушыларды, аймақты, маршруттарды, полигондарды бөлуді нақтылайды, резервтегі әуе кемесін айқындайды.

      Эскадрильялар командирлері өз орынбасарларына және буындар (жасақтар) командирлеріне авиациялық авиациялық бөлім командирінің ұшуға шешімін жеткізеді, ал буындар (жасақтар) командирлері өз кезегінде ұшуға тартылатын экипаждар, ұшқыш құрамы пысықтауы қажет жаттығулар нөмірлері және даярлық деңгейін, жеке қасиеттерін және алдыңғы ұшу ауысымының нәтижелерін ескере отырып, оларды жасақтау бойынша ұсыныстарды баяндайды. Осы деректер негізінде эскадрилья командирлерінің орынбасарлары осы Қағидаларға 11-қосымшада көрсетілген шартты белгілерді пайдалана отырып, осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес жоспарлы ұшу кестесін (бұдан әрі - жоспарлы ұшу кестесі) жасайды. Бұл ретте жоспарлы ұшу кестелері шешілетін міндеттерге, ұшқыш құрамының даярлық деңгейіне және күтілетін метеорологиялық жағдайларға байланысты бірнеше нұсқаларда әзірленеді.

      Бір уақыттағы ұшу кезінде бірнеше бөлімшелерде авиациялық бөлім ұшуының жоспарлы құрама кестесін авиациялық авиациялық бөлім командирінің ұшу дайындығы жөніндегі орынбасары жасайды.

      171. Әзірленген жоспарлы кестені мыналар талдайды және қол қояды:

      1) авиациялық бөлім командирінің ұшуға дайындығы жөніндегі орынбасары, ол талдау нәтижесінде мыналарды айқындайды:

      ұшу ауысымының негізгі тапсырмалары жоспарланған жаттығуға және экипаждардың даярлық деңгейіне сәйкестігін (күтілетін метеорологиялық жағдайларды ескере отырып);

      ұшқыш құрамының жаттыққандығын қолдауды;

      ұшу дайындығы түрлері бойынша тексерулерді орындауды;

      Курстар міндеттерінен (жаттығуларынан) өту жүйелілігін сақтауды;

      эскадрильялар арасындағы нұсқаушыларды бөлу онтайлылығын және ұшу ауысымын үйрету міндеттеріне даярлау деңгейіне сәйкес келуін;

      экипаждарды ұшудағы үзілістерден кейін дұрыс қатарға қосуды немесе жол берілген авиациялық инциденттерді;

      жоспарланған дербес (жаттығу) ұшуының Курстарға сәйкес келуін;

      эскадрильялар арасындағы оқу-жауынгерлік ӘК-ны бөлуді және олардың ұшу ауысымындағы жүктемесін;

      ұшу саны бойынша ұшу дайындығы жөніндегі нормативтік құжаттар талаптарының және экипажға ұшу ауысымындағы ұшу санының сақталуын;

      ұшу кезеңінің әр түрлерінде әуе кемелері арасындағы қауіпсіз уақытша аралықтың сақталуын;

      объективті бақылау материалдарын ұшуаралығын талдау жоспарының дұрыстығын;

      2) авиациялық бөлімнің штаб бастығы, ол мыналарды айқындайды:

      құрамның толықтығын және ұшуға басшылық жасау тобының тағайындалу және ұшуды қамтамасыз ету заңдылығын;

      олардың даярлық деңгейін және радиолокациялық станциялардың мүмкіндігін ескере отырып, ұшуға басшылық жасау тобына жол берілген жүктемені;

      ұшу ауданындағы шектеулерді сақтауды;

      ұшуды және байланысты әуеайлақтық-техникалық, метеорологиялық, медициналық, іздестіру-құтқару, радиотехникалық қамтамасыз ету мүмкіндігін;

      3) авиациялық бөлімнің инженерлік-авиациялық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары мыналарды айқындайды:

      ӘК-ның типтері мен борттық нөмірлерінің, сондай-ақ олардың санының авиациялық бөлімде бар ақаусыз әуе кемелерінің сәйкес келуін;

      ӘК-ны қайталап ұшды орындауға дайындау үшін қажетті уақытша аралықтарды сақталуын;

      жедел обьективті бақылауға жататын ұшудың бар болуын;

      жоспарланған жаттығулардың ӘК-ны ұшуға пайдаланудағы шектеулерге сәйкес келуін;

      авиациялық зақымдану құралдарының сәйкес келуін;

      4) авиациялық бөлімнің аға штурманы мыналарды айқындайды:

      орналасу әуеайлағы ауданында, полигондарда (десант түсіру алаңына) табиғи жарықтандыруды және ұшуға тапсырмаларды орындауға оның ықпал етуін;

      ұшу маршрутын және бейінін;

      ұшып көтерілуден бастап қонғанға дейін ұшу тапсырмаларын орындау кезектілігін;

      жауынгерлік жаттығуды, полигондарды (десант түсіру алаңын);

      ӘК-ны белгіленген әуе және жерүсті (теңіз) нысаналарына бағыттау тәсілдерін, оқ ату және тактикалық полигондарда ұшуға басшылық жасау ерекшелігін;

      5) авиациялық авиациялық бөлім командирінің ұшу қауіпсіздігі жөніндегі орынбасары немесе мынадай критерийлер бойынша жоспарлы кесетеге талдау жүргізетін ұшу қауіпсіздігіне бақылау жөніндегі міндеттер жүктелген лауазымды адамдар:

      жоспарланған жаттығулардың экипаждардың даярлық деңгейіне сәйкес келуі;

      ӘК экипаждарына жүктеме шектеулерінің сақталуы;

      ұшып көтерілуде, қонуда, маршруттарда, аймақтарда экипаждар арасында талап етілетін уақытша аралықты сақтау;

      ауа райын толық барлау ӘК экипаждарының бар болуы:

      қажетті іздестіру-құтқару күштерімен қамтамасыз ету;

      6) авиациялық бөлім медициналық қызметінің бастығы мыналарды айқындайды:

      жоспарланған ұшу жүктемесіне ұшқыш құрамының және ұшуға басшылық жасау тобы адамдарының денсаулық жағдайы мен дене бітімі төзімділігінің сәйкес келуін;

      ұшуаралық және ұшудан кейінгі қарап тексерілуге тиіс адамдарды;

      ұшқыш құрам және ұшуға басшылық жасау тобы демалыс режимінің осы Қағидаларға 157, 159, 160, 464 – 466-тармақтарының талаптарына сәйкес келуін.

      172. Жоспарлы кестелерді талдау барысында қандай да бір сәйкес келмеу анықталған кезде тиісті лауазымды адам олар туралы авиациялық бөлімнің командиріне баяндайды.

      Авиациялық бөлімнің командирі жоспарлы кестені талдай отырып, негізгі назарды ұшудың негізгі міндеттері орындауға, үйрету жүйелігін сақтауға және жоғалтылған дағдыларды қалпына келтіруге және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге аударады. Жоспарлы кестелерді талдау нәтижелері бойынша авиациялық бөлімнің командирі ұшуға қабылданған шешімге оның сәйкес келуі туралы қорытынды жасайды.

      Ұшуға міндеттер қою алдында жоспарлы ұшу кестесіне авиациялық авиациялық бөлім командирінің ұшу даярлығы жөніндегі орынбасары, авиациялық бөлім командирінің ұшу қауіпсіздігі жөніндегі орынбасары, авиациялық бөлім командирінің инженерлік-авиациялық қызмет жөніндегі орынбасары, авиациялық бөлімнің аға штурманы, медициналық қызметтің бастығы және авиациялық бөлімнің штаб бастығы қол қояды.

      Ұшқыш құрамының ұшуға даярлығына бақылау жүргізгеннен кейін жоспарлы ұшу кестесін авиациялық бөлімнің командирі бекітеді және ол авиациялық бөлімнің елтаңбалы мөрімен бекітіледі.

      173. Бір әуеайлақта әр түрлі авиациялық бөлімдер экипаждарының ұшуларын бір уақытта ұйымдастыру кезінде осы әуеайлақтың авиациялық бөлімі командирінің ұшу даярлығы жөніндегі орынбасары құрама жоспарлы ұшу кестесін жасайды, оған экипаждары ұшуларды орындайтын авиациялық бөлімдердің командирлері (авиациялық топтардың үлкендері), олардың ұшу даярлығы жөніндегі және инженерлік-авиациялық қызмет жөніндегі орынбасарлары қосымша қол қояды, әуеайлақтың авиациялық аға бастығы бекітеді және осы әуеайлақ авиациялық бөлімінің елтаңбалы мөрімен бекітіледі.

      174. Әуеайлақтағы ұшу жетекшісінің көмекшісі, ұшу жетекшісі жақын аймақ), ұшу жетекшісі (қону аймағы), ұшу жетекшісі (қашық аймақ) (офицер (жауынгерлік басқару жөніндегі), полигондағы (әуеайлақтық аймақтағы, нысананы тағайындау алаңындағы, әуеден атыстар аймағындағы) ұшу жетекшісі, ұшудың аға инженері, авиациялық эскадрилья командирлерінің инженерлік-авиациялық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасарлары және объективті бақылау тобының бастығы үшін авиациялық бөлімнің елтаңбасымен бекітілген жоспарлы кестелердің көшірмелері дайындалады.

22-параграф. Ұшқыш құрамды ұшуға даярлау

      175. ӘК экипажының мүшелері даярлықсыз және олардың ұшу тапсырмасын орындауға әзірлігін тексермей ұшуды орындауға жіберілмейді.

      176. Ұшуға даярлықты жүргізу уақыты мен мазмұны бойынша жерүсті, жалпы, алдын ала және ұшуалды болып бөлінеді.

      177. Жерүсті даярлығы – ұшу құрамының алғашқы меңгерілетін әуе кемесінің типінде (модификациясында) ұшуды орындау үшін қажетті білімін, шеберлігі мен дағдыларын жерде қалыптастыру және жетілдіру процесі. Курсанттар құрамымен Курстың жаңа міндеттері (жаттығулары) бойынша ұшуға үйрету алдында өткізіледі.

      178. Ұшуға жалпы даярлық – бұл командир, штаб және басшылық ұшу құрамы алдағы айдың ұшу даярлығы міндеттерін сапалы шешу үшін ұшу құрамының теориялық білімі мен іс жүзіндегі дағдыларын жоғары деңгейде ұстау мақсатында өткізетін іс-шаралар.

      Жалпы даярлық оқу жылына арналған жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес авиациялық бөлімнің штаб бастығы, мемлекеттік авиация басқару органы басшысының орынбасары (Әскери-әуе күштері қолбасшысы басқармасы) ұйымдастырады және әр айдың соңында 2 күн бойы бөлімшелер командирлерінің, құрылымдық бөлімшелер бастықтарының басшылық етуімен өткізіледі.

      Ұшу құрамның жалпы даярлығының толықтығы мен сапасын бақылау олардың тікелей бастықтарына жүктеледі.

      179. Ұшуға алдын ала даярлау ұшқыш құрамды ұшу ауысымына жоспарланған күтілетін жағдай шарттарында нақты ұшу тапсырмаларын орындауға әзірлікке келтіру процесін білдіреді. Алдын ала даярлық бір немесе бірнеше ұшу ауысымымен жүргізіледі және:

      1) ұшуға міндеттер қоюды;

      2) экипаждардың ұшуға дербес даярлануын;

      3) тренажерларда немесе ӘК кабиналарында жаттықтыруды;

      4) ұшуға әзірлікті бақылауды қамтиды.

      ӘК экипажын бірнеше ұшу ауысымына алдын ала даярлау бір уақытта барлық осы ауысымдарға немесе тек біріншіге толық ауқымда, қалғандарына – ішінара жүргізіледі. Соңғы жағдайда авиациялық бөлімнің командирі келесі ұшу ауысымына жоспарлы ұшу кестелерін және оларға ӘК экипажын қосымша даярлауды нақтылау (жасау) үшін уақыт көздейді.

      180. Алдын ала даярлау мазмұны мен ұзақтығын ұшуды ұйымдастыратын бөлім командирі орындалатын міндеттердің жаңашылдығы мен күрделігіне, ұшқыш экипаждарының даярлық деңгейіне, оқу-материалдық базаның мүмкіндіктеріне байланысты айқындайды. Алдын ала даярлау уақытының көп бөлігі дербес даярлыққа және тренажерлардағы (ӘК кабиналарындағы) жаттығуға бөлінеді. Алдын ала даярлық экипаждарды ұшуға толық ауқымда даярлауды қамтамасыз етеді.

      Осы күні алдын ала даярлауды ұшуға даярлықпен байланысты емес басқа іс-шаралар өткізумен біріктіруге жол берілмейді.

      181. Авиациялық бөлімнің командирі командирлік ұшу жүргізу кезінде, екі және одан көп эскадрильялардың бір ауысымда ұшуы кезінде және өз шешімі бойынша басқа да жағдайларда бөлімнің басшылық құрамына, ұшуға басшылық жасау тобының адамдарына, қамтамасыз ету бөлімшелерінің (бөлімдердің) командирлеріне ұшуға міндеттер қояды. Бір эскадрильяға дейінгі құрамды қоса алғанда, ұшуды жүргізу кезінде лауазымды адамдарға ұшуға міндеттерді бөлім командирінің орынбасарлары қатарынан лауазымды адам қояды.

      Міндеттерді қою кезінде авиациялық бөлім командирі:

      1) әрбір бөлімшеге ұшудың басталу және аяқталу күні мен уақытын жеткізеді;

      2) ұшу аудандарындағы метеорологиялық және орнотологиялық жағдай туралы кезекші инженер-синоптиктің баяндауын тыңдайды;

      3) негізгі мақсаттарды айқындайды және күтілетін метеорологиялық және орнитологиялық жағдайларға сәйкес ұшу ауысымдары және күндері бойынша алдағы ұшу міндеттерін жеткізеді;

      4) ұшу ауысымының жетекшісін және ұшуға басшылық жасау тобы мен ұшуға қызмет көрсету тобының құрамын тағайындайды, ӘК санын, жанар-жағармай материалдарының мөлшерін, авиациялық зақымдау құралдарының қажетті саны мен түрлерін белгілейді;

      5) мыналарды жеткізеді:

      ауа райына барлау жүргізу процедурасын, ауа райын әуеден барлауды және толық барлауды орындайтын экипаждар құрамын;

      күтілетін әуедегі және жерүсті (теңіздегі) жағдайды;

      негізгі және қосалқы әуеайлақтарды, полигондарды, арнайы мақсаттағы алаңдарды, пилотаж жасау аймақтарын, маршруттарды, әуеден атыстар және әуе нысандарын аймақтарын пайдалану процедурасын;

      тартылатын басқару пунктерінің және байланыс пен радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарының тізбесін, оларды пайдалану тәсілдері мен оларды жұмысқа (қамтамасыз етуге) әзірлігі уақытын;

      басқару пунктері арасында өзара іс-қимыл тәсілдерін және экипаждарға басшылық жасау шептерін;

      ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру процедурасын;

      авиацияның басқа тектерінің, Құрлық әскерлерінің, Әскери-теңіз күштерінің бөлімдерімен (бөлімшелерімен) және басқа да басқару органдарымен өзара іс-қимыл тәсілдерін;

      борттық және жерүсті объективті бақылау құралдарын пайдалану ерекшекліктерін ;

      ұшқыш құрамын, экипаждарды, бөлімшелерді, ұшуға басшылық жасау топтарының адамдарын даярлау (ұшуға дербес даярлану жүргізу уақыты мен тәсілдерін, тренажерлар мен тренажды ӘК-ны пайдалану, ұшуға әзірлікті бақылау) және авиациялық техниканы ұшуға дайындау процедурасын;

      жоспарлы ұшу кестесін бекітуге ұсыну мерзімдерін;

      ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды;

      ұшуалды даярлығын жүргізу процедурасын.

      182. Ұшқыш құрамына ұшуға жалпы міндеттер қою құжаттандырылады, сондай-ақ дыбыс- және (немесе) бейнежазба техникалық құралдарын пайдаланумен тіркеледі.

      183. Командирлер (бастықтар) бағынысты ұшқыш құрамға:

      1) ұшуды орындау мақсатын;

      2) ӘК экипаждарының құрамын;

      3) жоспарланған ұшу тапсырмаларын;

      4) ӘК-ның борттық нөмірлері мен ұшып көтерілу уақытын;

      5) жауынгерлік жаттығу мен полигондағы іс-қимыл объектілерін;

      6) жаттығуларды орындау ерекшеліктерін, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды және ұшу тапсырмаларының жекелеген элементтерін орындау тәсілдерін жеткізеді.

      Егер ӘК экипаждарының мүшелері өзіне қойылған міндеттерді орындауға күші жетпесе ол туралы өзінің тікелей бастығына ауызша түрде баяндайды. Осындай баяндау алған бастық ӘК-ның экипажына оның даярлық деңгейіне сәйкес келетін және ӘК экипаж мүшелерінде оны табысты орындауда күмән келтірмейтін басқа ұшу тапсырмасын айқындайды немесе ӘК экипажының мүшелерін ұшуды орындаудан шеттетеді.

      184. Арнайы тапсырмаға ұшуға (арнайы ұшуға) ӘК экипаждарына міндеттер қою, даярлық мазмұны мен ауқымын бөлім командирі немесе авиациялық бөлімнің басшылық ұшқыш құрамы қатарынан тағайындалған адам қояды. ӘК экипаждарына міндеттер қажетті лауазымды адамдарды тарта отырып қойылады, дыбыстық жазба техникалық құралдарын пайдаланумен құжаттандырылады және тіркеледі.

      ӘКК (топ үлкені) әзірлікке бақылау жүргізілгеннен кейін бөлім командиріне экипаждың (топтың) арнайы тапсырманы (арнайы ұшуды) орындауға әзірлігі туралы баяндайды.

      185. Ұшқыш құрамының ұшуға дербес даярлығы оның ауқымы мен мазмұнын айқындайтын тікелей бастықтардың басшылық етуімен және қатысуымен ұйымдастырылады және жүргізіледі.

      186. Тренажерларда немесе ӘК кабиналарындағы жеке құрамның жаттығулары дербес даярлықтан кейін жүргізіледі. Экипаждарға жаттықтыру тақырыптарын оларды өткізуді ұйымдастыратын бөлімшелер командирлері айқындайды. Жаттықтыруларды тікелей командирлер жүргізеді. Тренажерларда немесе ӘК кабиналарындағы жеке құрамы жаттықтыру дәйектілігі мен ұзақтығын тренажерлер бар болуына және ӘК кабиналарындағы жаттықтыруларды ұйымдастыру мүмкіндігіне сүйене отырып, авиациялық бөлімнің командирі белгілейді.

      187. Жаттықтырулар аяқталғаннан кейін ұшуға даярланбаған ұшқыш құрамын жібермеу және ұшу тапсырмаларын жоғары сапада орындауды және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында алдағы ұшуға экипаждың әзірлігіне бақылау жүргізіледі.

      Ұшуға экипаждардың әзірлігін бақылау жеке және топтық болып бөлінеді:

      1) жеке бақылауды тікелей бастық дербес даярлық процесінде экипаждардың ұшу тапсырмаларын орындауға әзірлігіне көзін жеткізуге мүмкіндік беретін нысанда жүргізеді;

      2) ұшуға әзірлікті топтық бақылау топтық ұшуға даярлық кезінде, ұшу-тактикалық оқу-жаттығулар мен жаттықтырулар өткізу кезінде, сондай-ақ ұшудың әртүрлі кезеңдерінде экипаждар мен ұшуға басшылық жасау тобының адамдары арасындағы өзара іс-қимылды пысықтау үшін және жоспарлы ұшу кестесіне сәйкес ұшудағы ерекше жағдайларда ұшуды көрсетудің жеке әдісіне қосымша жүргізіледі. Бұл ретте әзірлікті топтық бақылауды мыналар жүзеге асырады:

      жұптар – буын (жасақ) командирі;

      буын (жасақ) – авиациялық эскадрилья командирінің орынбасары;

      екі буын (жасақ) және авиациялық эскадрилья – авиациялық эскадрилья командирі;

      авиациялық эскадрильядан жоғары – авиациялық бөлім командирі немесе бөлімінің басшылық ұшқыш құрамы қатарынан тағайындалған лауазымды адам.

      Экипаждардың топпен ұшуға және авиациялық бөлімнің (эскадрильяның) ұшу-тактикалық оқу-жаттығуларына ұшуға әзірлігінін топтық бақылаудың негізгі нысаны "ұшуды жерде жүріп жаттығу" әдісімен ұшуды ойнап көрсету болып табылады.

      Ұшу ойнап көрсетуге даярлану көрсету жоспарын әзірлеуді, жетекшіні даярлауды, оқу материалдарын және өткізу орындарын дайындауды қамтиды.

      Ойнап көрсету ұзақтығын ұшуды ұйымдастыратын командир айқындайды, бірақ бір сағаттан аспайды.

      Ойнап көрсету аяқталғаннан кейін жетекші ұшқыш құрамының (экипажының) және ұшуға басшылық жасау тобы адамдарының ісқимылдарын бағалайды, олардың ұшуды орындауға әзірлігі туралы қорытынды жасайды, қажет болған кезде қосымша даярлыққа және әзірлікті қосымша бақылауға уақытты айқындайды немесе экипажды (топты) ұшудан шеттетеді.

      188. Командир (бастық) оған бағынысты экипаждардың әзірлігіне бақылау жүргізгеннен кейін ӘК экипаждарының ұшуға әзірлігі туралы жоғары тұрған бастыққа ауызша баяндайды.

      189. Басшылық құрамның ұшуға әзірлігін бақылауды олардың тікелей бастықтары жербес немесе өзінің орынбасарлары арқылы, сондай-ақ ұшқыш-инспектор (штурман) жүзеге асырады. Бұл ретте техникалық байланыс құралдарын пайдалануға жол беріледі.

      190. ӘК экипажының ұшуға жеткізіксіз даярлығы анықталған кезде бақылаушы қосымша даярлықты ұйымдастырады немесе ӘК экипажын ұшудан шеттетеді.

      Ұшу тапсырмаларын орындауға даярлықтың толықтығы мен сапасы ӘК экипажының әрбір мүшесіне дербес жүктеледі.

      191. Экипаждар өз бөлімінен қол үздіріп, ұшуды орындау кезінде осындай ұшуды орындау міндеттерін оларға осы экипаждарды іссапарға жіберетін авиациялық бөлімнің командирі қояды. Қойылған міндеттерге сәйкес іссапарға жіберілетін ӘК экипаждарын даярлауды олардың тікелей бастықтары ұйымдастырады және жүргізеді.

      Өз бөлімінен қол үздіріп жоспарлы ұшуды орындау кезінде ұшқышта (штурманда) авиациялық эскадрилья командирінің орынбасарынан төмен емес тиісті командир (бастық) бекіткен жеке жаттыққандық жоспары немесе ұшу кітапшасы, сондай-ақ Заңның 15-бабы 25) тармақшасына сәйкес мемлекеттік авиация саласында өкілетті органмен бекіткен Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясы ұшуын медициналық қамтамсыз ету Ережелерімен сәйкес берілген дәрігерлік-ұшқыш комиссиясынан өткені туралы анықтама болады.

      192. Іссапарға жіберілген орынға келгеннен кейін ӘКК (топ) іссапарға жіберілген авиациялық бөлімнің командиріне іссапар мақсатын ауызшы баяндайды және алдына қойылған міндеттерді орындауға байланысты барлық мәселелерді нақтылайды.

      193. Іссапарға жіберілген ӘК экипаждарын ұшуға даярлау түрін экипаждар іссапарға жіберілген командир, ал даярлық мазмұны мен ауқымын әуе кемесінің (топ) командирі белгілейді.

      194. Экипаждар авиациялық бөлімдер орналастырылмаған қону алаңдарынан міндеттерді орындаған кезде ұшуға даярлықты ӘКК (топ) командирі ұйымдастырады және жүргізеді.

      195. Ұшуға басшылық жасау тобының адамдарын ұшуға даярлау ұшқыш құрамын ұшуға даярлау үшін белгіленген жүйелілікпен жүзеге асырылады.

      196. Ұшу жетекшісі әуеайлақта ұшуға басшылық жасау тобының адамдарына ұшуды басқаруға тікелей міндеттерді нақтылайды. Ұшуды басқаруға дербес даярлану және арнайы тренажерларда жаттығу немесе әзірленген алдағы жоспарлы ұшу кестелері бойынша тікелей жұмыс орындарында, сондай-ақ ұшуға басшылық жасау тобы адамдарының әзірлігін дербес бақылауды әуеайлақтағы ұшу жетекшісі жүргізеді, ол авиациялық бөлімнің командиріне ұшуға басшылық жасау тобы адамдарының ұшуды басқаруға әзірлігі туралы баяндайды. Ұшуға басшылық жасау тобы адамдарының әзірлігін дербес бақылағаннан кейін толық құрамда ұшқыш құраммен бірге әзірлікті топпен бақылауға қатысады.

23-параграф. Ұшуалды даярлығы

      197. ӘК экипаждарын ұшуға ұшуалды даярлау тікелей командирдің (бастықтың) басшылық етуімен осы уақытта нақты қалыптасқан метеорологиялық, орнитологиялық, әуе және жерүсті (теңіз) жағдайларын ескере отырып, әуеайлақта тікелей ұшу алдында жүргізіледі.

      Экипаждарды ұшуалды даярлау:

      1) медициналық бақылауды;

      2) ӘК кабиналарында жаттықтыруды;

      3) ұшуалды нұсқауларды;

      4) ұшудың нақты жағдайлары үшін қажетті есептеулерді орындауды;

      5) қорғаныс жарағын дайындауды және тексеруді;

      6) ӘК-ны қабылдауды;

      7) ӘК кабинасының жұмыс ооырндарын алдағы ұшу тапсырмасына дайындауды және тексеруді қамтиды.

      Ұшуалды даярлығына қажетті уақытты ұшуды ұйымдастыратын командир белгілейді.

      198. Ұшуалды даярлығы кезеңінде ӘК кабиналарында ұшқыш құрамын жаттықтыру жүргізілген жағдайларда авиациялық бөлімнің командирі (ұшу ауысымының жетекшісі) экипаждар мен ӘК ұшуға даярлауға қосымша уақыт береді.

      199. Ұшуалды медициналық бақылауды авиациялық бөлім медицина қызметінің бастығы командирдің шешіміне сәйкес ұйымдастырады және кезекші дәрігер (медицица қызметкері) жүргізеді. Ұшуалды медициналық бақылаудан жеке ӘК экипажының барлық мүшелері, ұшуға басшылық жасау тобының адамдары, сондай-ақ инженерлік-техникалық құрам және ұшуды қамтамасыз етуге қатысатын жеке құрам өтеді, қарап тексеру уақытында басқа адамдардың қатысуына жол берілмейді. ӘК экипажының әрбір мүшесі өзін нашар сезінген жағдайда ол туралы өзінің тікелей бастығына және ұшуалды медициналық тексеруді жүзеге асыратын кезекші дәрігерге (фельдшерге) баяндайды.

      200. Ұшуды жүргізуге шешімді авиациялық бөлімнің командирі (ұшу ауысымының үлкені) жағдайды бағалағаннан кейін қабылдайды. Жағдайды бағалауды авиациялық бөлімнің командирі (ұшу ауысымының үлкені) мыналардан ауызша баяндамалар қабылдай отырып, авиациялық бөлім басшылық құрамының, қамтамасыз ету бөлімшелер (бөлімдер) командирлерінің, ұшуды басқару тобының және ұшу құрамының қатысуымен ұшуалды нұсқаулар беру сыныбында аяқтайды:

      1) ауа райын барлау ӘКК-дан әуеайлақ (ұшып көтерілу, айнала, қону) ауданындағы, ұшу маршруттары бойынша, полгондағы (қону алаңындағы) нақты метеорологиялық жағдай және байланыс және ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарының жұмысын тексеру нәтижелері туралы;

      2) кезекші синоптиктен ұшу кезеңіндегі ұшу ауданындағы (маршруттарындағы), қосалқы әуеайлақтардағы нақты метеорологиялық, орнитологиялық жағдай және ауа райының болжамы және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар туралы;

      3) авиациялық бөлімнің штаб бастығынан әуе кеңістігін пайдалануға өтінімдерді растау, командалық пункттің, басқару мен байланыс құралдарының, қосалқы әуеайлақтардың, полигондардың, десанттау алаңдарының, маршруттардың, аймақтардың әзірлігі туралы;

      4) эскадрилиялар командирлерінен ұшу құрамының ұшуға әзірлігі туралы;

      5) авиациялық бөлім командирінің инженерлік-авиациялық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасарынан немесе ұшудың аға инженерінен авиациялық техниканың, техникалық бекеттердің, авиациялық қару-жарақты қарап тексеру бекеттерінің ұшуға әзірлігі туралы;

      6) кезекшілерден:

      әуеайлақтық-техникалық қамтамасыз ету бойынша әуеайлақтың және ұшуды қамтамасыз ету құралдарының әзірлігі туралы;

      байланыс және радиотехникалық қамтамасыз ету бойынша ұшуды басқару құралдарының әзірлігі туралы;

      7) кезекші дәрігерден ұшқыш және инженерлік-техникалық құрам, ұшуды басқару және қамтамасыз ету тобы адамдары денсаулығының жағдайы туралы;

      8) іздестіру-құтқару және парашюттік-десанттық қызмет бастығынан ұшқыш құрамының киім-кешегі және құтқару құралдары мен парашюттік-десанттық топтың әзірлігі туралы; кезекші іздестіре-құтқару күштері мен құралдарының бар болуы және тұрған жеру, оларды пайдалану режимі туралы;

      9) жерүсті іздестіру-құтқару командасының бастығынан команда жеке құрамының, бөлінген автокөліктің, құтқару мүлкі мен жарақтардың әзірлігі туралы;

      10) бақылау-жазу аппаратурасы тобының бастығынан жеке құрам мен объективті бақылау құралдарының жұмысқа әзірлігі туралы.

      201. Авиациялық бөлімнің командирі (ұшу ауысымының үлкені) ұшуды жүргізуге өз шешімін дербес немесе командалық пункттер жедел кезекшілерінің желісі бойынша үлкен бастыққа баяндайды және оны бекіткеннен кейін ұшуды жүргізуді ұйымдастыруды жалғастырады.

      202. Авиациялық бөлімнің командирі (ұшу ауысымының үлкені) ұшуға шешім қабылдай отырып, ұшуалды нұсқауларын береді.

      203. Ұшуалды нұсқауларда келесі мәліметтер ауызша баяндалады:

      1) авиациялық бөлімнің командирі (ұшу ауысымының жетекшісі) – ұшу нұсқаларын, ұшудың басталуы мен аяқталуын, ұшып көтерілу мен қону курсын, жоспарлы кестедегі өзгерістерді, қалыптасқан ахуал шарттарында ұшуды жүргізу тәсілдерін;

      2) байланыс және ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету бастығы – өз және қосалқы әуеайлақтарының байланыс және радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарын пайдалану ерекшеліктерін, басқару пунктерінің, байланыс және радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарының шақыру атауларын және деректерін, радиобайланыс жүргізу тәртібін, басқаруды арналарын, тану жүйелерінің деректерін (пароль сандары мен сигналдарды);

      3) авиация бөлімінің аға штурманы – ұшу ауданындағы (маршруттардағы) әуе, жерүсті (теңіз) және навигациялық жағдайды, штурмандық есептердің негізгі деректерін, өту биіктігі мен эшелонын, қосалқы әуеайлақтарға ұшу үшін отынның ең аз қалдықтарын, навигация және жауынгерлік қолдану элементтерін атқару кезіндегі қауіпсіздік шараларын, ұшып өтетін топпен және жеке ӘК-ның ұшып келу (ұшып көтерілу) уақытын, басқа ӘК-ның ұшу аудандары арқылы ұшып өту эшелондары мен уақытын, нақты уақыт есебін;

      4) ұшу жетекшісі – ұшу-қону жолағының, басқару жолдарының, әуе кемелер тұрағы орындарының жай-күйін, ұшу және қону курсын, қозғалтқыштарды іске қосу реттілігін, басқару, әуеайлақтан ұшып көтерілу, кету және одан шығу, қонуға кіру және қону жағдайларын, жүйе бойынша, маршрут бойынша аймақтарда ұшу биіктігін, басқаруды тарату шептерін, істен шыққан радиобайланыс құралдары бар ӘК-ның әуеайлаққа шығуға арналған эшелонын (биіктігін), қосалқы әуеайлақтарға кету эшелонын, ұшуды басқару ерекшеліктерін, ұшуда ерекше жағдайлардағы іс-қимылдарды, радиоалмасу жүргізу тәртібін.

      Байланыс және радиотехникалық қамтамасыз ету бастығының мәліметтері жеткізілгеннен кейін кейін авиациялық бөлім командирінің шешімімен ұшуды қамтамасыз ету тобы жұмыс орындарына кетеді.

      Ұшуалды нұсқауларын беру үшін қажетті деректер ұшуалды нұсқаулар беру сыныбындағы ақпараттар тақтасына жазылады.

      204. Авиациялық бөлімнің командирі (ұшу ауысымының үлкені) ұшуалды нұсқауларының қорытындысында:

      1) ұшу тапсырмаларын орындау және ӘК-ны пайдалану ерекшеліктерін;

      2) нақты метеорологиялық жағдайларыға және ұшу тапсырмаларының сипаттамаларына негізделген нақты қауіпсіздік шараларын;

      3) кезекші іздестіру-құтқару күштері мен құралдарының болатын жерін, ӘК типін, ӘКК шақыруларын, оларды шақыру тәсілін (суүсті кеңістігінде ұшу кезінде қосымша кезекші іздестіру-құтқару корабльдері, кемелері туралы мәліметтер жеткізіледі);

      4) ауа райын толық барлайтын ӘК экипаждарын жеткізеді.

      Ұшуалды нұсқаулар экипаждарға олардың ұшуға даярлануын аяқтау, ӘК кабиналарындағы жұмыс орындарына отыру, қозғалтқышты іске қосу, жоспарлы кестеде ұшу уақыты белгіленген басқару және ұшып көтерілу үшін қажетті уақыт қалатындай есеппен аяқталады. Ұшуалды нұсқаулар техникалық дыбыс- және (немесе) бейнежазба құралдары пайдаланумен құжаттандырылады.

      205. ӘК-ның ұшуға әзірлігін қабылдау мен тексеруді, алдағы ұшу тапсырмасына кабинаның жұмыс орындарын дайындау мен тексеруді экипаждар ҰПН-ға сәйкес жүргізеді.

      206. Биіктік-теңелту костюмі ұшақ кабинасына отырғанға дейін 15-20 минут бұрын киіледі.

      207. Ұшуалды даярлық экипаж әрбір мүшесінің ӘК кабинасындағы жұмыс орнына отыруымен, ӘКК-ның ұшуға (іске қосуға) әзірлік туралы баяндауымен және ӘКК-ның радио арқылы қозғалтқыштарды іске қосуға рұқсат сұрауымен аяқталады.

24-параграф. Әуе тасымалдарын, ӘК-ның ұшып өтуі
мен ұшырып жеткізуді ұйымдастыру ерекшеліктері

      208. ӘК-ның әуе тасымалдары, ұшып өтуі және ұшырып жеткізу мемлекеттік авиация басқару органдары басшыларының өкімдері негізінде жүзеге асырылады және ұшып өтетін (ұшырып жеткізілетін) ӘК тиесілі немесе тиесілі болатын авиациялық бөлімнің жеке құрамы немесе басқа авиациялық бөлімдердің мамандары орындайды.

      209. ӘК-ны алатын авиациялық бөлімде оларды пайдалануға даярланған жеке құрам болмаған кезде мемлекеттік авиация басқару органы басшысының шешімі бойынша ӘК-ның ұшып өтуін қабылдау мен орындауды жүзеге асыру үшін басқа авиациялық бөлімдерден қажетті мамандар бөлінеді.

      210. Экипаждарды даярлау және ӘК-ның ұшырып жеткізуді орындауға әзірлігін бақылау экипаждар бөлінетін авиациялық бөлімде жүзеге асырылады. Ұшырып жеткізу кезінде ӘК тобын осы авиациялық бөлімнің командирі ұшырып жеткізу тобының жетекшісін тағайындайды.

      211. ӘК-ның ұшып өтуі күндіз және түнде ӘК-ның нақты типі және оның экипажы үшін айқындалған метеорологиялық жағдайларда олардың дайындық деңгейі мен жаттықтырылуы ескере отырып орындалады.

      212. Тек күндіз ұшып өтуге жіберілген ӘК топтық немесе дара экипаждарының ұшып өтуі күн шыққаннан кейін 30 минут өткеннен кейін және күн батқанға дейін 30 минут қалғанда аяқталады. Түнде ұшып өтуге жіберілген топтар (жалғыз экипаждар) үшін ұшып өту ӘК экипаждары тобы жетекшісінің (дара ӘК командирінің) шешімі бойынша басталады және аяқталады.

      213. Бір орынды ӘК-ның ұшып өтуі жұп және одан да көп құрамда топпен, ал дара – мемлекеттік авиация басқару органы басшысының шешімі бойынша орындалады.

      214. Өз бөлімінен қол үздіріп ұшып өтуді орындау кезінде ұшқышта (штурманда) Заңның 15-бабы 25) тармақшасына сәйкес мемлекеттік авиация саласында өкілетті органмен бекіткен Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясы ұшуын медициналық қамтамсыз ету Ережелерімен сәйкес берілген дәрігерлік-ұшқыш комиссиясынан өткені туралы анықтама болады.

      215. Әуе тасымалына (ұшып өтуге, ұшырып жеткізуге) ӘК экипаждарына міндетті авиациялық бөлімнің командирі немесе қажетті лауазымды адамдарды тарта отырып, ол бөлімнің басшы ұшқыш құрамы қатарынан тағайындаған адам қояды. Дара экипаждарды көрсетілген ұшуға даярлауды олардың тікелей бастығы, ал ӘК топтарын – авиациялық бөлімнің командирі тағайындаған лауазымды адам жүргізеді. Даярлық қойылған міндеттерді орындау үшін қажетті ауқымда жүргізіледі.

      216. ӘК экипажына (тобына) ұшу тапсырмасы осы Қағидаларға 12-қосымшада нұсқасы көрсетілген ұшу парағы (бұдан әрі – ұшу парағы) түрінде ресімделеді, оған тиісті командир (бастық) қол қояды және елтаңбалы мөрмен бекітіледі. ӘК экипажына ұшу тапсырмасын өзгерту тек ұшу парағына қол қойған лауазымды адамға беріледі.

      217. Ұшу тапсырмасы өзгерген кезде мемлекеттік авиацияның аралық қону әуеайлағында ӘКК (топ жетекшісі) ӘК экипажын қажетті қосымша ұшуға даярлауды және ұшып өтуді қамтамасыз ететін авиациялық бөлімнің аға штурманынан және байланыс бастығынан әзірлігін бақылаудан өтуді ұйымдастырады. Бақылау нәтижелері осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес ұшып өту әзірлігін бақылау парағына енгізіледі, ол ӘК экипажына беріледі. Сол парақта ӘК-ның ұшып көтерілуға әзірлігі туралы белгі қойылады, оны ӘК-ны ұшуға дайындауды ұйымдастырған не (немесе) орындаған мынадай лауазымды адам жасайды:

      1) егер авиациялық бөлімде ұшып өтетін бір типті ӘК пайдаланылса, бөлім командирінің инженерлік-авиациялық қызмет жөніндегі орынбасары;

      2) ұшып өтетін ӘК бірге ұшатын инженерлік-техникалық құрам тобының жетекшісі;

      3) егер бірге ұшатын тобы болмаса, ал аралық қону әуеайлағында ӘК-ның осы типтеріне қызмет көрсетуге даярланған мамандар болмаған және экипаждардың оларды ұшуға өздері дайындағанда ӘК тобының жетекшісі (дара экипаж командирі);

      4) ұшып өтетін ӘК экипажы құрамында болған кезде бортинженер (борттехник).

      Ұшу тапсырмасы өзгерген кезде азаматтық авиацияға тиесілі аралық қону әуеайлағында ӘК экипажын қажетті қосымша даярлауды және әзірлігін бақылауды ӘКК (топ жетекшісі) жүргізеді. Экипаждың ұшуға әзірлігін бақылау нәтижелері ұшуға даярлау дәптерлеріне жазылады. Бұл жағдайда ӘК-ның ұшуға әзірлігі туралы белгі ӘК-ны дайындау журналына қойылады.

      218. ӘКК (топ) экипаждың (топтың) ұшуға әзірлігі туралы тапсырманы өзгертуге нұсқау берген басқару пунктіне ауызша баяндайды береді және аралық қону әуеайлағының авиациялық диспетчеріне хабарлайды. Авиациялық диспечер авиациялық аға бастыққа экипаждың ұшуға әзірлігі туралы ауызша баяндайды және әуе кеңістігін пайдалануға рұқсат ету туралы белгі жасаумен ұшу парағына тапсырмаға өзгерісті енгізеді.

      219. Ұшып өтететін экипаждарды медициналық бақылау әуеайлақта ұшып көтерілу алдында ұшуға дейін 2 сағаттан бұрын емес медицина қызметкерімен жүргізіледі. Қарап тексеру нәтижелері әзірлікті бақылау парағына енгізіледі.

      220. ӘК беретін авиациялық бөлімнің, авиациялық-техникалық базаның командирі оларға келетін ӘК-ны қабылдау мен ұшырып жеткізуді жүргізетін инженерлік-техникалық және ұшқыш құрамының орналасуын, тамақтануы мен демалуын қамтамасыз етеді. Одан басқа, авиациялық бөлімнің командирі:

      1) ұшқыш және инженерлік-техникалық құрамның қабылданатын ӘК құрылымының ерекшеліктерін, пайдалану мен ұшуды басқару техникасын (ӘК сериялары бойынша жүргізген өзгерістерді ескере отырып) зерделеуін;

      2) ӘК-ның кабиналарында экипаждармен жаттықтырулар жүргізуді;

      3) экипаждардың әуеайлақ ауданында ұшуды орындау ерекшеліктерін, олардың радиоалмасу жүргізу тәжірибесін, әуеайлақтардан кету және ұшу маршрутына шығуды білуін тексеруді;

      4) экипаждардың ұшып өтуге әзірлігін бақылауды;

      5) ұшқыш құрамның ұшып өту маршруты бойынша бірінші қонғанға дейін метеорологиялық жағдайларды зерделеуін;

      6) ұшып шығар алдында ӘК экипаждарын медициналық бақылауды;

      7) ұшып өту маршруты учаскелеріндегі кезекші іздестіру-құтқару күштері мен құралдарын орналасуы, саны мен типтері туралы ақпаратты және оларды шақыру тәсілдерін жеткізуді ұйымдастырады.

      221. Авиациялық өндіріс кәсіпорындарынан, авиациялық жөндеу зауыттарынан, авиациялық-техникалық базадан және басқа да авиациялық бөлімдерден ӘК алынған кезде оларды инженерлік-техникалық құрам қабылдағаннан кейін ұшқыш экипаждары олардың әрқайсысында ӘК-мен танысу ұшуын орындайды.

      ӘК-мен танысу ұшуы әуеайлақ ауданында танысу ұшуы және ӘК экипажының ұшырып жеткізу бағдарламасында айқындалған минимумнан төмен емес метеорологиялық жағдайлар кезінде күндіз орындалады.

      ӘК-ның танысу ұшуына тапсырманы ұшырып жеткізу тобының үлкені (дара экипаж үшін – ӘКК) кәсіпорындағы әскери өкілдік бастығымен, авиациялық-жөндеу зауыты ұшу-сынау станциясының бастығымен, авиациялық-техникалық база командирімен, авиациялық бөлім командирінің инженерлік-авиациялық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасарымен (ӘК тапсыратын) бірлесіп, ӘК-ның танысу ұшуға типтік бағдарламадан аспайтын ауқымда әзірлейді.

      222. ӘК экипаждарын ӘК-мен танысу ұшуына даярлауды ұшырып жеткізу тобының үлкені жүзеге асырады, ал топ үлкенін (ӘКК) даярлауды және барлық топтың (экипаждың) әзірлігін бақылауды кәсіпорындағы әскери өкілдіктің бастығы (авиациялық-жөндеу зауыты ұшу-сынау станциясының бастығы, авиациялық-техникалық база командирі, ӘК-ны тапсыратын авиациялық бөлімнің бастығы) ұйымдастырады.

      ӘК-ның танысу ұшуына рұқсатты ӘК экипаждарының ұшуға әзірлігіне бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адам береді. ӘК-ның танысу ұшуынан кейін объективті бақылаудың борттық құралдары материалдарының шифрлауын ашу жүргізіледі. Ұшу нәтижелері мен ӘК-ның ақаусыздығы туралы ӘКК-ның қорытындысы ӘК формулярына және ӘК-ның танысу ұшуы карточкасына енгізіледі.

      223. ӘК-ны ұшырып жеткізетін ӘК экипаждарын ұшуалды даярлауды кәсіпорындағы әскери өкілдік бастығы (авиациялық жөндеу зауытының бастығы, авиациялық-техникалық база командирі, ӘК-ны тапсыратын авиациялық бөлімнің командирі), ал аралық әуеайлақтан ұшып шыққан кезде – әуеайлақтың авиациялық аға бастығы ұйымдастырады. Экипаждардың ұшырып жеткізуге әзірлігіне бақылау жүргізгеннен кейін командир (бастық) әр экипаждың ұшу парағына ӘК-ның ұшып көтерілуына рұқсат беру туралы белгі қояды.

      224. Аралық қону әуеайлақтарының авиациялық аға бастықтары, қону алаңдарын пайдаланушылар олардың ведомоствалық тиесілігіне карамастан, ӘК-ның күзетін ұйымдастырады, уақтылы май құюды, ӘК-ны ұшып көтерілуға дайындауды қамтамасыз етеді және ұшып өтетін ұшқыш экипаждарына:

      1) ұшып өтуге байланысты мәселелерді шешу үшін байланысты;

      2) ұшуды жерүсті және радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарын;

      3) орналастыруды, тамақтандыруды, демалуды (тиісті үй-жайлар мен асханалар, ұшып өтетін экипаждарда тамақтануға талондар бар болған кезде) және медициналық қызмет көрсетуді;

      4) ауа райы туралы ақпаратты және қажетті консультацияларды;

      5) әуеайлақта орналаситыру, тамақтандыру және ӘК-ның тұрақ орындарына жеткізу үшін автокөлікті;

      6) ӘК-ны қабылдауды және шығаруды қамтамасыз ету үшін ұшуға басшылық жасау тобының персоналын ұсынады.

      Азаматтық авиацияға тиесілі аралық қону әуеайлағында қолданыстағы заңнамаға сәйкес коммерциялық ұйымдардың әуежайлық көрсетілетін қызметтер ұсынуына жол беріледі.

      225. Барлық дәрежедегі командирлер (бастықтар) мен басқару пункттері белгіленген мерзімдерде ұшып өтетін экипаждардың тапсырмаларды орындауын қамтамасыз етеді.

      226. ӘК бортында жолаушы ретінде болатын адамдарға, оның ішінде олардың қарамағына ӘК бөлінген адамдарға экипаждың іс-әрекетіне араласуға және одан ұшу тапсырмасын өзгертуді талап етуге рұқсат етілмейді.

25-параграф. Әуе кемелерінің айналып ұшуын ұйымдастыру ерекшеліктері

      227. Авиациялық бөлімде ӘК айналып ұшуы мемлекеттік авиацияның инженерлік-авиациялық қамтамасыз етуін регламенттейтін құжаттарға сәйкес ұйымдастырылады.

      228. ӘК айналып ұшуы күндіз орындалады. ӘК тұрақтылығы мен басқарылуына ықпал ететін ақаулықтарды және пилотаждық-навигациялық аспаптардың ақаулықтарын жойғаннан кейін ӘК айналып ұшуы тек қарапайым метеорологиялық жағдайларда орындалады. Басқа жағдайларда айналып ұшу үшін метеорологиялық жағдайларды оның мақсатын, тапсырмалардың сипатын және ӘК экипажының даярлық деңгейін ескере отырып бөлім командирі айқындайды. ӘК айналып ұшуын жасауға рұқсат етілетін ең төмен ауа райы осы Қағидаларға 14-қосымшада белгіленген.

      229. ӘК айналып ұшуы айналып ұшу бағдарламасы бойынша орындалады. Айналып ұшуды басқа тапсырмалармен қатар орындауға жол берілмейді.

26-параграф. Байланыс және радиотехникалық қамтамасыз ету
құралдарын шектелген пайдалану кезінде ұшуды ұйымдастыру ерекшеліктері

      230. Ұшудың байланыс және радиотехникалық пайдалану құралдарын шектелген пайдаланумен ұшуды ұйымдастыру кезінде авиациялық бөлім командирі жоспарланған жаттығуларды, метеорологиялық жағдайлар мен тәулік уақытын ескере отырып, байланыстың және ұшуды радиотехникалық қамтамасыз етудің қандай құралдары сөндірілетінін, ал қайсысы ӘК бортына деректер берусіз тек ұшуды бақылауды қамтамасыз ету үшін жұмыс істейтінін айқындайды, сондай-ақ радиоалмасуды шектеу және маршруттар бойынша және қонуға кіруге ұшуды орындау шарттарын белгілейді.

      231. Ұшуға байланыс және ұшудың радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарын шектеулі пайдаланумен немесе пайдаланбай даярлану нәтижесінде ӘК экипаждары, ұшуға басшылық жасау тобы, байланыс және ұшудың радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарының мамандары, инженерлік-техникалық құрам (жерде ӘК қозғалысын реттеу үшін):

      1) қандай байланыс және ұшудың радиотехникалық қамтамасыз ету құралдары ұшу деректерін қамтамасыз ету кезінде қандай көлемде шектелетінін немесе сөндірілетінін;

      2) әуе навигациясының жүргізу тәсілдерін және борттық ұшуды пилотаждық-навигациялық кешендерін пайдалану мүмкіндігін, сондай-ақ радиоалмасуды жүргізу режимін;

      3) өз және қосалқы әуеайлақтар ауданында, осы әуеайлақтарға күндіз және түнде ӘК қонуға кіруін және шығуын қамтамасыз ететін сипатты бағдарларды;

      4) күндіз және түнде қонуға кіру үшін маневр жасауды құру ерекшеліктерін;

      5) байланыс және ұшудың радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарын толық пайдалану үшін іс-қимылдарын;

      6) осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес топты басқару кезінде әуе кемесінің эволюциясымен берген сигналдарды (командаларды), осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес жерде әуе кемелерінің қозғалысын реттеу сигналдарын, әуеде әуе кемелерінің қозғалысын басқару үшін қайталанатын сигналдары мен белгілерін білуі қажет.

      232. Байланыс және ұшудың радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарын шектелген пайдалану кезінде ӘК жай-күйін бақылау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ұшу жетекшісіне қажетті (ұшуға басшылық жасау тобының адамдарына) радиолокациялық станциялар мен байланыс құралдарын сөндіруге рұқсат етілмейді.

      233. Сөндірілген немесе шектелген ұшудың байланыс және радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарын пайдалануда:

      1) ӘК экипаждарының сұрау салуы бойынша;

      2) ұшулар жетекшісінің (ұшуға басшылық жасау тобының) талаптары бойынша;

      3) ӘК экипаждарынан "Апатқа ұшырадым" деген сигналы келіп түскен кезде;

      4) қону әуеайлағы ауданында метеорологиялық жағдайлар нашарлаған кезде;

      5) ӘК экипажымен радиобайланыс жоғалған кезде;

      6) ұшуда ерекше жағдайлар туындаған кезде;

      7) ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайларда дереу іске қосылады.

27-параграф. Сыртқы ауаның жоғары (төмен) температуралары
жағдайларында ұшуды ұйымдастыру ерекшеліктері

      234. Ұшуды жоспарлау кезінде авиациялық бөлім командирі ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету және старттық уақытты ұтымды пайдалану мақсатында алдағы ұшуға сыртқы ауаның температурасын ескереді.

      235. Ауа райын барлау плюс 37?С температура және одан кем, оны тұрақты үрдіс жағдайында төмендету кезінде жүргізіледі. Қосалқы әуеайлақ ретінде плюс 40?С температурамен әуеайлақты пайдалануға жол беріледі.

      Авиациялық бөлім командирінің (ұшу ауысымының үлкені) шешімімен сыртқы ауаның температурасы плюс 30?С және одан жоғары (минус 30? және одан төмен) болған кезде ұшу әртүрлі метеорологиялық элементтерді (температура, жел, ылғалдылық, қысым, жел-суық эквиваленті) ескере отырып жеке құрамның жұмыс қабілеттілігіне мен ӘҚ жұмысына ықпал ету жиынтығына және дәрежесіне байланысты шектеледі (бастапқы уақыт, әуе кемелерінің саны, ұшу тапсырмаларын орындауды жеңілдету) қарай шектеледі.

      Егер ұшу алдында ауаның температурасы +30 ?С жетсе және оны төмендетуге үрдіс болса, онда ұшу ауысымының ұзақтығы шектелмейді.

      Әскери-көлік авиациясының тікұшақтары мен ұшақтары үшін ауаның температурасы плюс 38?С және одан жоғары болған кезде, ал қалған ӘК үшін ауаның температурасы плюс 35?С және одан жоғары болған кезде ұшу тоқтатылады.

      236. Ыстық климат аудандарында ұшуға даярлану процесінде ӘК экипаждары жағдайларды бағалайды, ӘК қауіпсіз ұшып көтерілуін және қонуын орындау мүмкіндіктерін есептейді.

28-параграф. Шекара маңындағы жолақта ұшуды ұйымдастыру ерекшеліктері

      237. Шекара маңындағы жолақтың әуе кеңістігінде ұшу Қазақстан Республикасы мемлекеттік шекарасының белгіленген көрсетілген сызығымен белгіленген масштабтағы аэронавигациялық карталарды, шекара маңындағы жолақтың енін және радиоқұралдардан шектелетін пеленгілерді көрсете отырып орындалады.

      238. Шекара маңындағы жолақың әуе кеңістігінде радиобайланыс құралдарымен жабдықталмаған ӘК ұшуына жол берілмейді.

      239. Шекара маңындағы жолақта ұшуды орындау кезінде берілген маршруттан шекара жаққа ӘК ауытқуына жол берілмейді.

      240. ӘК экипаждары осы ауданда олардың ұшу ерекшеліктерін зерделегеннен, осы ерекшеліктерді білуін тексергеннен кейін шекара маңындағы ұшуға жол беріледі.

      241. Ұшуды шекара маңындағы жолақта орындау қызмет басталғанға дейін кемінде 5 тәулік ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі, әуе шабуылына қарсы қорғаныс (ӘШҚҚ) әскери органдарымен, әуе қозғалысын басқару орталықтарымен келіседі.

      242. Шекара маңындағы жолақта ұшуға дайындалу процесінде ӘК экипажына:

      1) осы аудандағы мемлекеттік шекара мен шекара маңы жолағының нақты кескінін;

      2) жергілікті жер бедерін, сипатты радиолокациялық және шолу бағдарларын;

      3) байланыс және радионавигация құралдарының орналасуы мен жұмыс режимін, шектелген пеленгілер мен олардың координаталар мәндерін;

      4) ӘҚБ органдарымен байланысты жүргізу процедурасын;

      5) ұшу маршруты бойынша метеорологиялық жағдайды;

      6) бағдарларды қалпына келтіру тәсілдерін;

      7) ұшуда ерекше жағдайлар мен айрықша оқиғалар туындаған кездегі іс-қимылдар алгоритмін зерделеу және оқыту қажет.

      243. Шекара маңы жолағының әуе кеңістігінде бағдарды жоғалтқан кезде ӘКК дереу мемлекеттік шекарадан Қазақстан Республикасы аумағының тереңдігіне ұшу бағыты бойынша бағыт алады және одан әрі осы Қағидалардың 499-501-тармақтарына сәйкес әрекет етеді. Шекара маңы жолағындағы әуе кеңістігінде бағдарды қалпына келтіру үшін маневр жасауға жол берілмейді.

      ӘҚБ органы ӘКК бағдарды жоғалту туралы немесе басқа деректер бойынша бағдарларды жоғалту фактілерін орнатып, мынадай реттілікте әрекет етеді:

      1) ӘКК "Апат" сигналын қосу туралы нұсқау береді;

      2) радиотехникалық құралдарды пайдалана отырып, ӘК орналасқан орнын айқындау жөнінде шаралар қабылдайды;

      3) болған оқиға туралы оның аймағында бағдарын жоғалтқан ӘҚБ орталығына баяндайды, сондай-ақ ӘК шақыру белгісін, оның болжамды орналасқан орны ауданын және ұшу биіктігін көрсетумен ӘШҚҚ әскерлерінің органына хабарлайды;

      4) ӘК табылғаннан кейін оның экипажына бағдарды қалпына келтіруде және ұшуды немесе қону әуеайлағын маршрутқа шығаруда көмек көрсетеді.

      244. Әуе кемесінің экипажы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге талап алғаннан кейін ұшудан радиобайланыс істен шыққан жағдайларды қосапағанда, ӘК Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын радиобайланыссыз кесіп өтуге жол берілмейді. Егер ӘК экипажы ұшып көтерілу әуеайлағына шешім қабылдаса, онда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өту кері бағытта сол халықаралық әуе трассасы бойынша немесе бағыттас эшелонды алумен ұшу маршруты бойынша орындалады.

2-тарау. Ұшуды өткізу
1-параграф. Ұшуды өткізу тәртібі

      245. Ұшуды орындау кезінде ӘК бортында:

      1) ұшу парағы (ұшу тапсырмасы);

      2) ұшу картасы;

      3) тиісті аэронавигациялық ақпарат;

      4) байланыс жоспары (әуеайлақтық ұшудан басқа);

      5) штурмандық ұшу жоспары (схемада немесе картада)

      6) ұшудың инженерлік-штурмандық есептобы;

      7) ауа райы бюллетені (көлік ұшақтары үшін – барлық жағдайларда, ал қалған ӘК үшін – ұшып өту кезінде. ӘК тобы ұшып өткен кезде – тек топ жетекшісінің бортында);

      8) жанар-жағармай материалдарын алуға, әуежайлық көрсетілетін қызметтерге арналған құжаттар;

      9) ӘК ұшып өтуге (ұшырып жеткізу) арналған борттық карточкасы (ӘК дайындау борттық журналы) болуы қажет.

      246. Кемінде бір қосалқы әуеайлақ бар болған кезде ұшуды жүргізуге жол беріледі. Әуеайлақтардың ұшу ауданында қосалқы ретінде пайдалануға құрамы бойынша радиотехникалық жабдықтар мен ұшу жолақтарының техникалық сипаттамаларына жарамдылар болмаған жағдайда (оның ішінде, тұрақты метеорологиялық жағдайлар кезінде ауа райы минимумы кезінде) қосалқы әуеайлақтарсыз ұшуды жүргізуге рұқсат етіледі. Мұндай әуеайлақтардың тізбесі мемлекеттік авиацияның басқару органы басшысының бұйрығымен айқындалады. Қосалқы әуеайлақтарсыз ұшу кезінде әуеайлақтың қосалқы ұшып көтерілу-қону жолағы ӘК қонуы үшін жарамды болуға тиіс.

      247. Әуеайлақ ауданында тікұшақтарда қарапайым және күрделі метеорологиялық жағдайларда, ал әуеайлақтан тыс – қарапайым метеорологиялық жағдайларда ұшуды орындау қосалқы әуеайлақтың болмай жол берілмейді.

      248. Бірнеше ұшу ауысымы ұшуды жүргізген кезінде олардың арасында келесі ұшу ауысымының ұшуына әуеайлақты дайындауға қажетті кемінде 1 сағат (тікұшақ авиациялық бөлімдерінде және ұшу әскери оқу орындарында – кемінде 30 минут) үзіліс жоспарланады.

      249. Ұшу ауысымы басталар алдында әуеайлақта ұшу жетекшісі олардың жұмыс орындарынан тікелей басқаруға ұшуға басшылық жасау тобы адамдарының әзірлігі туралы баяндау алады және әуе кеңістігін пайдаланумен байланысты қызметтің басына әзірлігі туралы ӘҚБ орталығына ұшу басталуға жоспарланған уақытқа дейін 10 минуттан кешіктірмей баяндайды.

      250. Ұшу жоспарлы ұшу кестесінде белгіленген уақытта басталады және ,аяқталады.

      251. Әуеайлақта ұшу жетекшісі бірінші ұшып көтерілетін әуе кемесінің қозғалтқыштарын іске қосуға командалар берумен командалық-диспетчерлік пунктіге немесе старттық-командалық пунктіге сигналдық діңгекте авиациялық жалау көтеріледі және жасыл зымыран ұшырылады.

      Ұшу ауысымы аяқталғаннан кейін (соңғы ӘК тұраққа бұрылғаннан және қозғалтқыш сөндірілгеннен кейін) авиациялық жалауды түсіру жүргізіледі және қызыл зымыран ұшырылады.

      252. ӘК экипажымен ұшуды орындау үшін негіз ұшудың бекітілген жоспарлы кестесі немесе ұшу парағы болып табылады. Ұшу даярлығының жоспары бойынша ұшу ұшудың жоспарлы кестесі бойынша жүргізіледі. Ұшу парағы әуеайлақтан тыс, сондай-ақ ұшуда ӘК көліктік, көліктік-жауынгерлік жүйелері мен жабдықтарының жұмыс қабілеттілігін тексеру мақсатындағы бақылау ұшуды орындау кезінде жазылады.

      253. Ұшудың немесе ұшу парағының бекітілмеген жоспарлы кестесімен ұшып көтерілуі жауынгерлік, арнайы (жедел-қызметтік, қызметтік-жауынгерлік) міндеттерді немесе арнайы ұшуды орындаған жағдайда, жауынгерлік әзірлікті тексеру, іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу, жедел медициналық жәрдем көрсету, табиғи зілзала және басқа да төтенше жағдайларды орындауға рұқсат етіледі.

      254. Барлық ұшу тапсырмаларының өзгерістері экипаждарға ұшудың жоспарлы кестесіне енгізіледі, ұшуға басшылық жасау тобының экипажданыа дейін және ұшудың аға инженеріне жеткізіледі.

      255. Ұшуды бастау кеш мерзімге ауыстыруға жол беріледі. Бұл ретте, ұшуды аяқтау мемлекеттік авиацияның басқару органы командалық пунктінің рұқсатымен және әуе қозғалысын басқару орталығының келісімі бойынша, бірақ 2 сағаттан артық емес уақытқа ауыстырылады.

      256. Ұшу ауысымы процесінде метеорологиялық жағдайлар өзгерген және оларды жоспарлы кестенің осы нұсқасы үшін барынша жол берілген мәнге жақындату кезінде авиациялық бөлім командирі (ұшу ауысымының жетекшісі) ұшуды жалғастыру (тоқтату) немесе жоспарлы кестенің басқа нұсқасы бойынша ұшуға көшу туралы шешім қабылдайды.

      Жоспарлы кестенің басқа нұсқасы бойынша ұшуға көшу кезінде ұшу тоқтатылады, оларды одан әрі жүргізу шарттары туралы қажетті нұсқаулар беріледі. Қарапайым метеорологиялық жағдайлардан күрделі метеорологиялық жағдайларда ұшуға ауысу кезінде ауа райына толық барлау жүргізіледі.

      Метеорологиялық жағдайлар бойынша ұшуды тоқтату туралы шешімді кейіннен авиациялық бөлім командиріне (ұшу ауысымының жетекшісіне) баяндай отырып, ұшу жетекшісі қабылдайды.

      257. Бір әуеайлақтан әртүрлі типтегі ӘК бір уақытта ұшуын өткізу тәсілі әуеайлақтың аэронавигациялық паспортында айқындалады. Бұл ретте тиісті қауіпсіздік шаралары (ұшу режимі, қауіпсіз уақытша аралықтар, эшелондау, радиолокациялық бақылау және сол сияқты) әзірленеді. Мемлекеттік авиация әртүрлі басқару органдарының ӘК бірлесіп ұшуды жүргізген кезде жалғыз ӘК қабылдау және шығару кезінде әуеайлақта ӘК экипаждарын басқару бірыңғай басқару арналарында жүзеге асырылады.

      Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) және қону алаңдарының аэронавигациялық паспорты әрбір әуеайлақ (тікұшақ айлағы) және қону алаңдары үшін ұшуды ұйымдастыруды және қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында әзірленеді.

      Аэронавигациялық паспортқа әуеайлақтың (тікұшақтың, қону алаңының) орналасқан орнына, маневр жасау алаңының сипаттамасына, құралдар мен жабдықтардың әуеайлақтық кедергілеріне, осы әуеайлақта әуеайлақты пайдалану және қолданыстағы шектеулердің жергілікті ерекшеліктерін есепке ала отырып, ұшуды орындау процедурасына қатысы ақпарат, сондай-ақ әуеайлақ (тікұшақ айлағы, қону алаңы) ауданында әуе қозғалысына қызмет көрсетуді ұйымдастыру және ұшуды метеорологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі ақпарат енгізіледі.

      Барлық аэронавигациялық ақпарат кестелер, сызбалар, суреттер карта-схемалар және мәтіндік сипаттау түрінде беріледі, ол аэронавигациялық паспорттың тиісті тарауларында мазмұндалған. Әрбір тараудың соңында аэронавигациялық ақпараттың нықтылығын растайтын құжаттар көрсетіледі. Аэронавигациялық паспортқа бекітілген әуеайлақ карталары мен схемалар енгізіледі.

      Әуеайлақ пайдаланушысы аэронавигациялық паспортқа осы әуеайлаққа олар қолданылатын сол деңгейдегі мәліметтерді қосады.

      Аэронавигациялық паспортта сақталатын мәліметтердің нақтылығын қолдау мақсатында әуеайлақ (тікұшақ айлағы, қону алаңы) пайдаланушысы өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.

      Пайдаланушы аэронавигациялық ақпарат құжаттарына осы өзгерістерді немесе толықтыруларды уақтылы жариялау үшін аэронавигациялық паспортқа енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы аэронавигациялық ақпарат басқармасының қызметін (бұдан әрі – ААБ) және уәкілетті органды дереу хабардар етеді.

      Қону алаңдарында аэронавигациялық паспортты қону алаңының пайдаланушысы бекітеді.

      258. Бір әуеайлақта АҰР бойынша ұшақтар мен тікұшақтардың ұшуы әртүрлі уақытта жүргізіледі. Тікұшақтар мен жылдамдығы аз ұшақтардың барлық метеорологиялық жағдайларда бірлескен ұшуға жол беріледі.

      259. Үлкен авиациялық әуеайлақ бастығының шешімімен әуеайлақ ауданында тікұшақта ұшу ШҰР бойынша ұшақтарда бір уақытта ұшумен жүргізіледі, мұндай ұшуды орындау кезінде әуеайлақта ұшу жетекшісінің көмекшісі болып табылатын тікұшақ ұшуының жетекшісін тағайындаумен тікұшақ ұшуының жетекшісін тағайындаумен жеке стартпен таңбаланған алаң бөлінеді. Ұшу жетекшісінің нұсқауы бойынша тікұшақ экипаждары ұшып көтерілуді және қонуды орындау үшін әуеайлақтың ұшу алаңынын кез келген бөлігін пайдаланады.

      260. ӘК тұрақтарда (техникалық бекіністерде) дайындау, тасалардан (тасаларға), тұрақтардан (техникалық бекіністерден) тіркеу алу, сондай-ақ қозғалтқыштарды іске қосу кезінде осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес жерде әуе кемелерінің қозғалысын реттейтін сигналдар қолданылады.

      261. ӘК алдында және артында жұмыс істейтін қозғалтқышпен ӘК, автомобильдер мен басқа да көлік құралдарының қозғалысы қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ететін және жұмыс істеп тұрған қозғалтқышқа бөтен заттардың, шаңның (қардың) түсуін болдырмайтын арақашықтықта жүргізілуге тиіс.

      262. Ұшуды жүргізу кезеңінде әуеайлақ бойынша ӘК басқару және тіркеуге алу ұшу жетекшісінің рұқсатынсыз жол берілмейді

      263. Қозғалтқышты (қозғалтқыштарды) іске қосу уақыты ұшып көтерілуге тапсырылған уақытқа қатысты айқындалады. Қозғалтқышты (қозғалтқыштарды) іске қосу ұшу жетекшісінің (бұйрық бойынша) рұқсатымен немесе команда бойынша жүргізіледі. Командасыз қозғалтқышты (қозғалтқыштарды) іске қосу қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, байланыс және радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарын тек шектелген пайдаланумен ұшу кезінде жол беріледі.

      264. Басқару алдында ӘКК (тобы) ӘК экипажының (топтары) ұшып көтерілу әзірлігіне көз жеткізеді, ұшу аяқталғаннан кейін қозғалтқышты (қозғалтқыштар) іске қосқан сәттен бастап сөндіру уақытына дейін сақталатын, ұшу жетекшісімен және ӘК тобының экипаждарымен радиобайланыс орнатады.

      Тұрақты екіжақты радиобайланыс болмаған кезде ұшып көтерілуге жол берілмейді.

      265. Радиобайланыс бойынша шектеулер енгізілген болса, ұшыру, жермен басқару кезінде және ұшудың жекелеген кезеңдерінде радиомен алмасу жүргізілмейді.

      266. ӘКК басқару жылдамдығы жермен жүргізілетін жолдың жай-күйіне, кедергілердің болуына, ӘК ұшу салмағына және көру жағдайына, бірақ ҰПН және әуеайлақағы ұшу басшысы белгілеген жылдамдықтан артық емес ұсталады. Кедергілер мен ӘК тұрақ орындарының маңында басқару тежеу кезінде ӘК дереу тоқтатуды қамтамасыз ететін жылдамдықта жүргізіледі.

      Қатты желде жеңіл әуе кемелерін басқару, шектеулі көру кезінде, ілінісу коэффицентінің ең аз жол берілген мағыналары кезінде немесе ӘКК талабы бойынша осы мақсат үшін тағайындалған адам немесе арнайы бөлінген автокөлік ӘК еріп жүру жүргізіледі.

      267. Басқару жолдарының және тұрақ орындарының қанағаттанғысыз жай-күйі ӘК ұшып көтерілу орнына немесе тұрақ орнына сүйреп әкелінеді. Сүйреу жылдамдығы ҰПН-мен айқындалады. Сүйреп алып келген ӘК кабинасында авиациялық техник немесе ұшқыш болады.

      268. Бір бағытта бірнеше ӘК бір уақытта басқаруы алдағы басқарып келе жатқан көтерген шаңның немесе қардың және басқа заттардың қозғалтқышқа түсуін болдырмайтын аралықтарда және қашықтықтарда жүргізіледі.

      Басқаратын (тіркелетін) ӘК басып озуға жол берілмейді.

      Егер ӘК басқару бағыты қиылысатын болса, ӘКК оң жақта басқа басқаратын ӘК көрсе, тоқтау және оны жіберуі қажет.

      Бір-біріне қарсы басқару кезінде әрбір ӘКК ең аз басқару жылдамдығына дейін азайту және ӘК сол жақ бортпен айналып кететін оң жақты ұстау қажет.

      Қарсы басқару (тікеу) ұшақ қанаты ұштарының арақашықтығы кемінде 5 м (тікұшақтар үшін – негізгі бір негізгі бұранданың қалақ ұштары арасында кемінде бір диаметр) және тек тік сызықты жолды басқару учаскесінде жол беріледі.

      Ұшу уақытында басқаратын (тіркеу) ӘК ұшу-қону жолағының қиылысуы тек ұшу жетекшісінің рұқсатымен және команда бойынша жүргізіледі.

      Басқаруға рұқсат бермеуге команда радио немесе сигналдар бойынша беріледі. Осы команда бойынша ӘКК дереу басқаруды тоқтатуға және одан әрі нұсқаулар күтеді.

      269. Ұшып көтерілу үшін ұшу-қону жолағында басқару ұшу жетекшісінің немесе ұшу жетекшісі көмекшісінің рұқсатымен жүргізіледі.

      270. Жеке ӘК немесе ӘК топтарының ұшып көтерілуге жоспарлы ұшу кестесінде және әуеайлақтың белгіленген аэронавигациялық паспортында көрсетілген уақытша аралықта жүргізіледі.

      Ұшу жетекшісінің (ұшу жетекшісінің көмекшісі) рұқсатысыз ұшып көтерілуге жол берілмейді.

      271. Ұшып көтерілу кезінде басымдық мынадай ӘК-де болады:

      1) мемлекет мүдделерін қорғау бойынша тапсырмалар орындайтын;

      2) іздестіру-құтқару, авариялық-құтқару жұмыстарын орындайтын;

      3) шұғыл медициналық көмек көрсету бойынша тапсырмалар;

      4) қалыптасқан әуе жағдайына, ӘК немесе әуеайлақты пайдаланумен байланысты жергілікті жағдайлар мен рәсімдерге байланысты басқа ӘК.

      272. Ұшуды бастау туралы хабарлама әуеайлақта командалық пункт және жоғары тұрған командалық пунктіге авиациялық диспетчер арқылы және әуе қозғалысын басқару орталығына бірінші ӘК ұшып көтерілгеннен кейін 5 минуттан кешіктірмей беріледі. Ұшуды аяқтау немесе уақытша тоқтату туралы хабарлама барлық ӘК қонуынан кейін 5 минуттан кешіктірмей беріледі.

      273. Әуеайлақ ауданында ұшу әуеайлақтың аэронавигациялық паспортында белгіленген процедуралармен орындалады. Әуеайлақтың аэронавигациялық паспортында белгіленген ұшуды орындау процедурасын өзгертуге тек кезектен тыс (мәжбүрлі) қонуға келетін ӘКК рұқсат етіледі.

      274. Жауынгерлік даярлық жоспарлары бойынша әуеайлақтан тыс ұшу арнайы белгіленген аймақтарда (аудандарда) және операциялық әуе қозғалысының маршруттары бойынша орындалады.

      275. Бұлттардың төменгі шегінің жол берілетін ең аз қолжетімді биіктігі және тапсырманы орындау үшін ұшуда көруді экипаж даярлығының деңгейіне және ұшу тапсырмасының сипаттамасына байланысты, бірақ осы Қағидаларға 4-қосымшада белгіленген ШҰР бойынша ұшу үшін ең аз метеорологиялық жағдайлардан және Қағидаларға 6-қосымшада белгіленген АҰР бойынша белгіленген шынайы ұшу биіктіктерден аз емес болып авиациялық эскадрильяның командирі айқындайды.

      276. Қонуға қауіпсіз кіру және қону бағыт бойынша ұшатын (қонуға кіретін) әуе кемелері арасындағы қашықтықпен қамтамасыз етіледі. Қашықтық ӘК үлгісіне байланысты әуеайлақтың аэронавигациялық паспортымен белгіленеді. Ұшу шеңберінен шығу және шеңберіне кіру ұшу биіктігінде шеңбер бойынша бір кері бұрылуға жанама желі бойынша жүргізіледі.

      277. Әуеайлақ ауданында ӘК ұшуы радиолокациялық бақылау кезінде немесе радиолокациялық бақылаусыз орындалады.

      Радиолокациялық бақылаусыз 300 км/сағ және одан төмен ең жоғары жылдамдықпен ӘК үшін әуеайлақтық ұшуды орындауға жол беріледі, күндіз және түнде ШҰР бойынша қонуға кіруді орындауға мүмкіндік беретін тұрақты екі жақты радиобайланыс болған кезде және метеорологиялық жағдайлар кезінде рұқсат беріледі.

      ӘК үшін ең жоғары ұшу жылдамдығы 300 км/сағ әуеайлақта радиолокациялық бақылау болмаған кезде әуе қозғалысын басқару органымен шолып бақылау және тұрақты екі жақты радиобайланыс кезінде шеңбер бойынша және ұшуды басқару аймақтарында ұшуды орындауға жол беріледі.

      278. Ұшуды басқару аймақтарында бір уақытта бір ӘК немесе топ жетекшісінің басқаруымен ӘК тобы болады. Бір аймақта бір уақытта бірнеше әуе кемелерінің (тобының) болуы экипаждардың берілген биіктіктерді ұстауда ықтимал қателерін ескере отырып, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін биіктігі бойынша оларды эшелондау жағдайы кезінде жол беріледі.

      279. ӘК қонуы ұшу жетекшісінің (ұшу жетекшісі көмекшісінің) рұқсатымен және ҰПН-ға сәйкес жүргізіледі.

      Қонуалды тұра жолда ӘКК мынадай жағдайларда төмендеуді тоқтатуы және екінші айналымға кетуі (қайта кіруді орындауы) қажет:

      егер ӘКК өзінің ең төмен ауа райына қолжеткізуге дейін қонуға кіруді жалғастыру үшін бағдарлармен қажетті шолу байланысын орнатпаған болса;

      кеңістікте ӘК жай-күйі немесе оның қозғалу параметрлері қауіпсіз қонуды қамтамасыз етпеген;

      ұшу басшысының (ұшу басшысы көмекшісінің) пәрмені бойынша;

      280. Әуеайлаққа дереу (кезектен тыс) қонуды орындау үшін ӘКК ол туралы ұшу жектекшісіне баяндайды және ең аз уақытта ұшуды қамтамасыз ететін тәсілмен оның нұсқауы бойынша әуеайлаққа шығуды және қонуға кіруді орындайды.

      Ұшуда ШҰР бойынша ӘКК сақтығын күшейтеді және, егер ұшу жетекшісінің қосымша нұсқаулары болмаса, қонуды орындауға қосымша шешім қабылдайды.

      Әуедегі экипажға кезектен тыс қонуға келген, әуе кемесінің маршрутына жол беру және өзінің радиомен алмасуын шектеу қажет. Күрделі метеорологиялық жағдайларда ӘК экипажы кезектен тыс қонуға кірген кезде басқа ӘК экипаждарына оның биіктігін алуға жол берілмейді.

      281. Қону кезінде мынадай ӘК басымдыққа ие болады:

      1) шұғыл (немесе авариялық) қонуды орындайтындар;

      2) бортында оның науқастар немесе шұғыл медициналық көмекке мұқтаж ауыр жарақаттылар бар санитариялық авиация немесе әуе кемелері;

      3) іздестіру-құтқару операцияларымен айналысатындар;

      4) қалыптасқан әуе жағдайына, ӘК немесе әуеайлақты пайдаланумен байланысты жергілікті жағдайларға және рәсімдерге байланысты басқа да әуе кемелері.

      282. ӘК жерге қонуы жерге қону аймағында ұшу-қону жолағының осьтік сызығына жүргізіледі. Егер топ қысқартылған аралықтарда (немесе жұппен) қонуды орындаса, әуе кемелері ұшу-қону жолағының сол және оң жақ оське жерге қонады.

      ӘКК қонғаннан кейін кешіктірмей ұшу-қону жолағын босату және ол туралы ұшу жетекшісіне баяндау қажет.

      283. Қосалқы ұшу-қону жолағына қону ұшу жетекшісінің рұқсатымен жүргізіледі.

      284. Экипаждың қонуына тыйым салу радиомен, қонуға тыйым салу жарығымен немесе қызыл түсті зымыранмен беріледі.

2-параграф. Ауа райын барлау

      285. Ауа райын барлау нақты метеорологиялық және орнитологиялық жағдайды зерделеу және нақтылау, ұшу кезінде оны мүмкін өзгерту және метеорологиялық жағдайдың ұшқыш құрамының даярлық деңгейіне және шешілетін міндеттерге сәйкес келуін бағалау мақсатында жүргізіледі.

      286. Ауа райын барлау радиолокациялық және әуе болып бөлінеді.

      287. Ауа райын радиолокациялық барлау бұлттылық, жауын-шашын, найзағай құбылыстарының аймақтарын, олардың қозғалу жылдамдығы мен бағытын айқындау және нақтылау үшін, сондай-ақ әуеде құстардың жиналуын анықтау, олардың ұшу биіктігі мен бағытын анықтау үшін жүргізіледі. Радиолокациялық барлауды ұшу жетекшісі ұйымдастырады және алыс аймақтағы жетекші (жауынгерлік басқару офицері), таяу аймақ жетекшісі, ұшу жетекшісі (қону аймағында) әуеде ауа райын және ұшуды барлауды бастауына дейін 1 сағат 30 минут және 20-25 минут қалғанда, сондай-ақ ұшу уақытында – ұшу жетекшісінің нұсқауы бойынша жүргізіледі.

      288. Ауа райын әуеде барлау әуеайлақ және ұшу ауданында ауа-райы және орнитологиялық жағдай туралы толық және сенімді ақпарат алудың анағұрлым жедел құралдарының бірі болып табылады. Әуеде барлау нақты метеорологиялық және орнитологиялық жағдайды анықтау және нақтылау, ұшу кезінде оны мүмкін өзгерту, сондай-ақ метеорологиялық жағдайдың ұшқыш құрамының даярлық деңгейіне және ұшу ауысымының міндеттерін орындау мүмкіндігіне сәйкестігін бағалау мақсатында жүргізіледі.

      Әуеде ауа райын барлауды басқа ұшу тапсырмаларымен қатар орындауға жол берілмейді.

      Жүргізу уақыты бойынша әуеде ауа райын барлау алдын ала және ұшу алдында болып бөлінеді:

      1) егер бар мәліметтер атмосфералық процестердің мүмкін өзгеруін айқындау үшін жеткіліксіз болса, әуеде ауа райын алдын ала барлау ұшу басталғанға дейін бірнеше сағат бұрын жүргізіледі;

      2) ұшу алдында әуеде ауа райын барлау алдағы ұшу ауданында (бағыттарда, полигондарда, десант түсіру алаңдарында) метеорологиялық және орнитологиялық жағдайды нақтылау үшін ұшу алдындағы нұсқамалар басталғанға дейін, сондай-ақ негізгі және резервтегі байланыс құралдарының және ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету жұмысқа қабілетін және ұшуды қамтамасыз етуге олардың есептобымен әзірлігін тексеру үшін жүргізіледі. Ауа райын ұшу алдында алдын ала барлау нәтижелері негізінде ұшуды жүргізуге түпкілікті шешім қабылданады.

      289. Тұрақты қарапайым метеорологиялық жағдайларда, сондай-ақ әуеде орналасқан экипаждан бұрынғы ауысым алған ұшу (маршруттар) ауданында кейінгі ауысым үшін метеорологиялық және орнитологиялық жағдай туралы деректер жеткілікті болған және әуеайлақта ақпаратты әуеайлақ ауданына автоматтандырылған таратудың қызметі немесе автоматтандырылған метеорологиялық бақылау жүйелері болған кезде ауа райына ұшу алдында әуеде барлауды жоспарлауға және жүргізуге жол берілмейді.

      Көрсетілген жағдайларда ұшу ауа райын толық барлаудан басталады, оның барысында ұшудың байланыс және радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарының жұмыс қабілеті тексеріледі.

      290. Ауа райын әуеде барлау оқу-жаттығу жауынгерлік (оқу-жаттығу) әуе кемелерінде, қосарланған басқарумен жауынгерлік әуе кемелерінде және арнайы әуе кемелерінде жүргізіледі. Әуе ауа райын барлау бір уақытта бірнеше әуе кемелерінде орындауға жол беріледі.

      291. Ұшу ауданында (маршрутында) метеорологиялық және орнитологиялық жағдайды нақтылау мақсатында ұшу барысында ұшу тапсырмасын орындаумен қатар болатын ауа райын толық барлау жүргізіледі (қарапайым метеорологиялық жағдайларда – сирек емес 2 сағатта, күрделі метеорологиялық жағдайларда – сағат сайын, ал ауа райының минимумы кезінде 30 минут сайын).

      292. ӘКК ретінде әуеде ауа райын барлауды орындауға арнайы даярлықтан өткен және ауа райына барлау жүргізуге авиациялық бөлім командирінің бұйрығымен жіберілген бөлімше командирінің (бастықтың) орынбасары лауазымынан төмен емес атқаратын лауазымы бойынша, ал экипаж құрамында – буын (жасақ) командирінен төмен емес метеорологиялық жағдайлар кезінде рұқсатнамасы бар ӘКК төмен емес – ауа райын барлаушы ұшқыштар жіберіледі. Экипаж құрамындағы қашытықтан әрекет ететін жойғыштар үшін – сондай-ақ және арнайы даярлықтан өткен және ауа райына барлау жүргізуге бөлім командирінің бұйрығымен жіберілген авиациялық эскадрилья штурманынан төмен емес штурмандар.

      Ауа райына толық барлауды орындау кезінде ӘКК ретінде буын (жасақ) командирінен төмен емес лауазымы бойынша ұшқыштар жіберіледі.

      Ауа райын әуеде барлауды жоспарлауға метеорологиялық жағдайларда ауа райын әуеде барлау уақытына болжанған ұшуға даярланбаған ӘК командирі мен экипаж мүшелеріне жол берілмейді.

      293. Авиациялық бөлім командирі (ұшу ауысымының жетекшісі) ұшу жетекшісінің және ӘКК әуеде ауа райын барлауға шешім қабылдар алдында ауа райын барлаушы:

      1) өзінің және қосалқы әуеайлақтардың, басқару құралдары мен ұшуды қамтамасыз ету полигондарының әзірлігін айқындайды;

      2) ұшуға өтінімдердің расталуын тексереді;

      3) аэросиноптик материалдарын, күтілетін қауіпті ауа райы құбылыстары туралы есепті деректерді және ауа райының радиолокациялық барлау деректерін талдайды;

      4) өз және қосалқы әуеайлақтарда, ұшу ауданында (маршруттарда) ауа райы болжамы туралы және орнитологиялық жағдай туралы кезекші синоптиктің баяндамасын тыңдайды;

      5) кезекші синоптикпен аспаппен бұлттардың төменгі шегінің биіктігін, ұшу-қону жолағының көрінуін және жетекті радиомаркерлік пункттердің орналасу аудандарында, теңіз айдынында көрінуін, ауа райын барлаудың анағұрлым мақсатқа сәйкес маршрутын (нұсқасын) және оны орындау тәртібін айқындайды;

      6) ұшу ауданында әуе және жерүсті (теңіз) жағдайын бағалайды.

      294. Ауа райын әуеде барлауға шешім қабылдай отырып, авиациялық бөлім командирі (ұшу ауысымының жетекшісі) әуеде ауа райын барлауға ұшу алдында нұсқаулар жүргізеді, онда:

      1) ауа райын әуеде барлау уақытын бастау және аяқтау;

      2) нақты метеорологиялық, орнитологиялық жағдайлар және ұшу ауданында (маршруттарында), қосалқы әуеайлақтарда ауа райы болжамы;

      3) ұшу ауданында әуе, жерүсті (теңіз) және навигациялық жағдай;

      4) әуеайлақ жай-күйі;

      5) ұшып көтерілу және қону бағыттары;

      6) ұшу ауданында жоспарланған ұшу тапсырмаларының сипатына метеорологиялық жағдайлардың сәйкес келуін айқындау үшін ұшудың маршруты мен бейіні;

      7) қауіпті ауа райы құбылыстарымен кездескен кездегі әрекеттер;

      8) ӘК бортынан деректер беру тәсілі;

      9) өз әуеайлағы мен полигонының негізгі мен резервтегі байланыс құралдарын және ұшуды радиотехникалық қамтамасыз етуді тексеру тәсілі;

      10) олардың жұмысқа әзірлігін айқындау және олардың ауданында нақты ауа райы туралы ақпаратты алу мақсатында олармен байланысты орнату қажет қосалқы әуеайлақтар;

      11) қонуға кіру тәсілдері;

      12) істен шыққан радиобайланыс құралдарымен ӘК әуеайлақтарына шығу үшін эшелон (биіктік);

      13) кезекші іздестіру-құтқару күштері мен құралдарының орналасқан оны, ӘК типтері, ӘКК шақыру белгілері, оларды шақыру процедуралары (су кеңістігінің үстінен ұшу кезінде қосымша іздестіру-құтқару корабльдері, кемелері) туралы мәліметтер жеткізіледі;

      14) әуеде ауа райына барлауды жүргізген кезде қауіпсіздік шаралары;

      15) дәл уақыт пен басқа да қажетті деректер жеткізіледі.

      Әуеде ауа райына барлау жүргізуге ұшу алдындағы нұсқаулар техникалық құралдарды дыбыс- және бейне жазба техникалық құралдарын пайдаланумен тіркеуді пайдалана отырып құжаттандырылады.

      295. Ауа райын барлауға ұшу алдындағы нұсқауларға:

      1) ӘКК – ауа райын барлаушы;

      2) метеорологиялық қызмет бастығы (кезекші синоптик);

      3) бөлімнің байланыс және радиотехникалық қамтамасыз ету бастығы;

      4) бөлімнің аға штурманы (кезекші штурман);

      5) ұшу жетекшісі;

      6) ұшу аға инженері;

      7) қамтамасыз ету бөлімшесінің командирлері

      8) қамтамасыз ету бөлімшесінен кезекшілер тартылады.

      296. ӘКК – ауа райын барлаушы ұшуда мыналарды айқындайды және радиомен баяндайды:

      1) бұлттардың санын, түрін, төменгі және жоғары биіктігін, бұлттылық қабатының санын және олардағы ұшу жағдайларын, ауа райының құбылыстарын;

      2) қауіпті ауа райы құбылыстарымен аудандарын;

      3) ұшу-қону жолағында көрінуді (ұшып көтерілу, қону) және ұшу көрінуін;

      4) табиғи горизонт көрінуін және алдағы ұшудың биіктігінде ұшақты басқару жағдайларын;

      5) ауаның температурасын, биіктігі бойынша желдің бағыты мен жылдамдығын (ӘК бортында тиісті жабдық бар болған кезде);

      6) мұздақтың болуы мен деңгейін;

      7) әуеайлақ ауданында және ұшу маршрутында орнитологиялық жағдайды;

      8) байланыс құралдары мен ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету жұмыстарының сапасын, төмендеу глиссадасында радиомаркермен қашық және таяу жетекті радиостанциялардың нақты өткізу биіктігіның жұмыс сапасын;

      9) ұшу-қону жолағында тежеудің тиімділігін.

      Ұшуды жоспарлау кезінде полигонға ауа райын барлаушы экипаж тапсырманы орындаудың нақты жағдайларын, жерүсті нысаналарының көрінуін және полигонда байланыс құралдары мен ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету жұмысының сапасын қосымша айқындайды және баяндайды.

      297. Әуеде ауа райына болжауды орындағаннан кейін ӘКК – ауа райын барлаушы ұшу жетекшісінің және кезекші инженер-синоптиктің катысуымен авиациялық бөлім командиріне барлау нәтижелері туралы баяндайды, ол нақты ауа райы, ауа райы болжамы туралы деректерді және ұшқыш құрамын нақты даярлау деңгейін ескере отырып, жоспарлы кесте нұсқаларының біреуі бойынша ұшуды орындауға шешім қабылдайды.

      298. Әуеде ауа райын болжау кезеңінде байланыс құралдары мен ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету жұмысы әдет бойынша автономды электр қоректендіру көздерінен жүзеге асырылады.

      299. Ұшу уақытында алыс аймақ жетекшісі (жауынгерлік басқару офицері), таяу аймақ жетекшісі, ұшу жетекшісі (қону аймағында) қуатты будақтың, будақ жаңбырлы бұлттылықтың дамуына және қоғалуына, найзағай ошақтарының, жауын-шашынның және құстар ұшуын бақылау нәтижелерін ұшу басшысына және кезекші синоптикке береді.

      300. Әуеде ауа райын барлау әуеайлақтарда ӘК (жеке) ұшып өтетін топтар мүдделерінде аралық қонулар ұйымдастырылады және әуеайлақтың үлкен авиациялық бастығының шешімі бойынша өткізіледі.

      Ұшу маршруты бойынша метеорологиялық жағдайды нақтылау мақсатында ұшып өтетін топтар үлкенінің шешімі бойынша ұшып өтетін топтың құрамынан ауа райына толық барлауды орындау үшін ӘК (жұп ӘК) бөлінеді, олар топ жетекшісімен тұрақты радиобайланыс қашықтығында негізгі топтың алдында ұшады.

3-тарау. Ұшуды талдау

      301. Ұшуды талдау:

      1) ұшуаралық;

      2) алдын ала;

      3) толық болып бөлінеді.

      302. Ұшуды ұшуаралық талдауды ұшу тапсырмаларын орындау кезінде экипаж мүшелері жіберген ӘК басқару техникасында, әуе навигациясында, жауынгерлік қолдануда, жүйелер мен жабдықтың ұшу-тактикалық даярлығында және пайдалануда қателердің қайталануын болдырмау,
сондай-ақ ӘК толық даярланбаған экипажын кейінгі ұшуға жіберуін болдырмау мақсатында ұшу ауысымының процесінде ұшқыш құрамына тікелей бастықтар (нұсқаушылар) жүргізеді.

      Ұшуаралық талдау үшін:

      1) объективті бақылау борттық және жерүсті құралдарының деректері;

      2) ұшу тапсырмаларын орындаған, ӘК экипаждары мүшелерінің баяндамалары;

      3) командирдің (бастықтың), тексерушінің (нұсқаушының) жеке бақылау нәтижелері;

      4) ұшулар жетекшісінің, ұшуға басшылық жасау тобы басқа адамдарының және инженерлік-техникалық құрамнан басқаратын жетекшілердің баяндамалары пайдаланылады.

      Ұшуды ұшуаралық талдау онымен оқу-жаттығу жауынгерлік (жауынгерлік) әуе кемесінде немесе ӘК тобында бірлескен ұшу орындалған ұшқышпен нұсқаушы (жетекші, штурман, экипаж мүшелері) жүргізеді.

      Эскадрилья командирі (авиация бөлім командирі, ұшу ауысымының бастығы) егер қателер сипаты оларды ұшқыш құрамының барлығына жеткізуді талап етсе, сондай-ақ ұшқыштардың (экипаждардың), буындардың бірінші ұшуында сипатты қателер немесе авиациялық инциденттер жасалса, барлық экипажбен ұшуаралық талдау жүргізеді. Осы ауысымның кейінгі ұшуында олардың қайталануынан аулақ болуға командир кемшіліктерді егжей-тегжейлі талдайды, қателер мен бұзушылықтарды талдайды және ұшу тапсырмасын орындау кезінде іс-қимылдардың дұрыс тәсілін көрсетеді.

      303. Ұшуды алдын ала талдау ұшуға алдын ала қорытынды жасау, ұшуды ұйымдастыруда және жүргізуде кемшіліктерді жою бойынша авиациялық бөлім мен бөлімшелердің (бөлімдердің) басшылық құрамына нұсқаулар беру, қамтамасыз ету бөлімшелерінің (бөлімдердің) жұмыстарын бағалау, сондай-ақ ұшуды дайындау және толық талдау жүргізу алгоритмін айқындау мақсатында ұшудан кейінгі кеңес нысанында ұшу ауысымы аяқталғаннан кейін авиациялық бөлім командирі (ұшу ауысымының жетекшісі) жүргізеді.

      Алдын ала талдау үшін:

      1) ұшудың жоспарлы кестесін орындау туралы деректер;

      2) әуеайлақта, полигонда ұшу жетекшісінің, ұшудың аға инженері, ұшу жетекшісі көмекшісінің журналдарда жазбалары;

      3) хронометраждың, объективті бақылау құралдарының деректері;

      4) командирлердің, қызмет бастықтарының, ұшуға басшылық жасау тобы адамдарының және басқа да лауазымды адамдардың жеке бақылау нәтижесінде алынған кемшіліктері мен бұзушылықтары туралы мәліметтер пайдаланылады.

      304. Алдын ала талдауға:

      1) авиациялық бөлімнің (авиациялық эскадрилья командирінен және жоғары) басқарушы лауазымды адам;

      2) ұшу басшысы;

      3) ұшудың аға инженері;

      4) айлақтық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі кезекші;

      5) байланыс және ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету жөніндегі аға кезекші;

      6) кезекші инженер-синоптик;

      7) обьективтік бақылау бөлімшесінің командирі (бастығы), бөлім командирінің шешімімен авиациялық бөлімнің және қамтамасыз ету бөлімінің (бөлімшесінің) басқа да лауазымды адамдары қатысады.

      305. Авиациялық бөлім командирі (ұшу ауысымының жетекшісі):

      1) авиациялық эскадрилья командирі – ұшуды өткізу кезінде жоспарлы ұшу кестесін орындау, ұшу тапсырмаларын орындамау себептері, жеке құрам жіберген кемшіліктер мен бұзушылықтар туралы;

      2) объективті бақылау бөлімшесінің командирі (бастығы) – объективті бақылау құралдарының бортты талдау қорытындысы және оларды пайдаланудағы кемшіліктер туралы;

      3) ұшудың аға инженері – авиациялық техниканың істен шығуы туралы, оны пайдалану талаптарын бұзу және қауіпсіздік шаралары туралы, ұшуды әуеайлақтық-техникалық қамтамасыз ету сапасы туралы, жұмсалған авиациялық отынның саны туралы;

      4) ұшу жетекшісі – орындалған ұшу мен жалпы шабуыл саны туралы, ұшуды басқарудағы кемшіліктер туралы, әуе кеңістігін пайдалану және ұшу режимін шарттарын бұзулар, ұшу тапсырмаларын орындау кезінде ұшқыш құрамының қателері туралы, сондай-ақ ұшуды және байланысты метеорологиялық, әуеайлақтық-техникалық, радиотехникалық қамтамасыз ету сапасы туралы ауызша баяндамаларды тыңдайды.

      Қажет болған жағдайда басқа лауазымды адамдардың баяндамары тыңдалады.

      306. Баяндамаларды тыңдағаннан кейін авиациялық бөлім командирі (ұшу ауысымының жетекшісі) ұшу ауысымына алдын ала қорытынды жасайды:

      1) ұшуды ұйымдастыруда және жүргізуде кемшіліктерді жою бойынша авиациялық бөлім және қамтамасыз ету бөлімінің (бөлімшесінің) басшылық лауазымды адамдарына нұсқау береді;

      2) инженерлік-авиациялық қамтамасыз ету бөлімінің, метеорологиялық бөлімшелер мен қамтамасыз ету бөлімшелерінің (бөлімінің) жұмысын бағалайды;

      3) авиациялық бөлім мен бөлімшелерде ұшуды толық талдау мазмұнын, дайындау және жүргізу алгоритмін айқындайды.

      Авиациялық бөлім командирінің (ұшу ауысымы бастығының) барлық ескертулері, сондай-ақ ұшуды радиотехникалық, метеорологиялық, әуеайлақтық-техникалық қамтамасыз ету сапасын бағалау тиісті журналдарға (әуеайлақта ұшу жетекшісінің, полигонда ұшу жетекшісінің және басқа журналдар) енгізіледі.

      Байланыс және радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарын ұшу алдында аралап ұшу уақытында анықталған және ұшуды бастауға дейін жойылған кемшіліктер үшін байланыс және радиотехникалық қамтамасыз ету бөлімшесіне баға төмендетілмейді.

      307. Авиациялық бөлім командирінің нұсқауы негізінде авиациялық бөлім штабының бастығы ұшуды толық талдау жүргізу жоспарын әзірлейді.

      308. Ұшуды толық талдау бір немесе бірнеше ұшу ауысымын өткізу қорытындылары бойынша авиациялық бөлімде және оның бөлімшелерінде жүргізіледі.

      Авиациялық эскадрильяда ұшуға толық талдауды қажет болған кезде ұшуға басшылық жасау тобы адамдарын тарта отырып, авиациялық эскадрильяжеке құрамымен әрбір ұшу ауысымынан кейін авиациялық авиациялық эскадрилья командирі жүргізеді.

      Авиациялық бөлімде ұшуды толық талдауды ұшқыштармен және штурмандармен (бөлім командирінің шешімі бойынша басқа экипаж мүшелерімен), ұшуға басшылық жасау тобының адамдарымен авиациялық бөлім командирі жүргізеді. Ұшу ауысымының жетекшісінің нұсқауы бойынша талдауға авиациялық бөлім мен қамтамасыз ету бөлімінің (бөлімшесінің) әртүрлі мамандары тартылады.

      Мамандықтар бойынша экипаждың қалған мүшелерімен ұшуды толық талдауды олардың тікелей бастықтары жүргізеді.

      309. Ұшуды толық талдауға дайындау басшылық құрамға ұшуға міндеттер қойылғаннан кейін бірден басталады және мыналарды қамтиды:

      1) талдау үшін деректерді жинау және қорытындылау;

      2) объективті бақылау материалдарын өңдеу және шифрін ашу;

      3) ұшудың талдау элементтерінің физикалық мәнін ашатын теориялық материалдарды есептеу және іріктеу;

      4) ұшу қорытындыларын, экипаждардың ұшу тапсырмаларын орындау сапасын және сол сияқты көрсететін сызбаларды, кестелерді және сол сияқты материалдарды әзірлеу;

      5) талдау жоспарын жасау.

      310. Ұшуды толық талдау үшін материалдар дайындауға авиация бөлімі командирінің орынбасарлары, қызмет бастықтары, эскадрилья командирлері, ұшу жетекшілері қатысады. Ұшуды толық талдау үшін материалдарды дайындауға авиациялық бөлім штабының бастығы басшылық жасайды.

      311. Жүргізілген ұшудың сипатына және анықталған кемшіліктердің елеулігіне байланысты барлық талқылауды авиациялық бөлім командирінің өзі немесе жекелеген мәселелер бойынша баяндау үшін өзінің орынбасарларын, қызмет бастықтарын, ұшу жетекшілерін тартады.

      312. Ұшуды толық талдағанда:

      1) ұшуға қойылған міндеттерді орындау қорытындысы шығарылады;

      2) ұшу даярлығының түрлері бойынша ұшу сапасы бағаланады;

      3) ұшқыш құрамы жіберген және ұшуға басшылық жасау тобы адамдарының кемшіліктері мен қателеріне талдау жасалады;

      4) авиациялық инциденттерге (ұшуға толық талдау басталғанға дейін оларды тергеп-тексеру аяқталған кезде) талдау жүргізіледі;

      5) ұшуды ұйымдастыру және жүргізу сапасы бағаланады;

      6) жоғарғы сапалы ұшу тапсырмасын орындайтын ӘК экипаждары атап өтеді;

      7) анықталған кемшіліктерді жою жөнінде және озық экипаждар мен бөлімшелер ұшу жұмыстарының тәжірибесін пайдалану жөнінде нұсқаулар береді;

      8) ұшу даярлығының және ұшу қауіпсіздігінің сапасын арттыруға бағытталған басқа да мәселелер талданады.

4-тарау. Ұшуды орындаудың ерекшеліктері
1-параграф. Тікұшақтардағы ұшу

      313. Тікұшақтардағы ұшу әуеайлақтарындан және қону алаңдарынан жүргізіледі.

      314. Қону алаңдары белгіленген және белгіленбеген болып бөлінеді.

      Алаңдардан ұшуға (оның ішінде әуеден іріктелген) күндіз және түнде ШҰР бойынша жүргізуге жол беріледі. Белгіленген алаңда ұшуды ұйымдастыратын командирдің шешімі бойынша қону (мақсатты тағайындалған) алаңындағы ұшу жетекшісі тағайындалады. Бұл ретте алаңға ұшуды радиотехникалық және басқа да қамтамасыз ету құралдары (олар бар болған кезде) бөлінеді.

      315. Белгіленген аудандар уақтылы іріктеледі және алдын ала жабдықталады, картаға енгізіледі және тиісті әуе қозғалысын басқару органдарында және өз жауапкершілігі аймағындағы ӘК-ның іс-әрекеттеріне басқаруды жүзеге асыратын басқару пункттерінде ескеріледі. Аудандарға өз реттік нөмірлері беріледі. Аудандар туралы мәліметтерде:

      1) қысқаша сипаттама;

      2) координаталары;

      3) қималар, өлшемдер;

      4) топырақтың жай-күйі мен тығыздығы;

      5) қонуға кіруді таңбалау мен негізгі курстары қамтылады.

      Қону алаңдарын таңбалау мен жабдықтау ұшу сипаты мен мақсаттарына байланысты жүзеге асырылады.

      316. Тікұшақтар қозғалтқыштарын іске қосу мен сынап көруді толық экипаж құрамы жүргізеді.

      317. Кедергілер жанында және жерүсті бағдарлану жетекті винтінің бір диаметрінен нашар көрінген кезде тікұшақты басқаруды бірге ұшатын орындайды. Экипаж командирінің шешімімен осы мақсат үшін экипаждың ӘК-ны басқаруға қатыспайтын мүшелерінің біреуін тағайындауға жол беріледі.

      318. 10 м биіктікте әуеде қалықтап тұру, қозғалу, ұшып көтерілу және қону кезінде жетекті винт қалақтарының ұшынан арақашықтық кемінде мынадай болуға тиіс:

      1) жақын ӘК-ға дейін – жетекті винттің екі диаметрі;

      2) басқа да кедергілерге дейін – жетекті винттің жарты диаметрі, бірақ кемінде 10 м;

      3) теңіз (өзен) кемелерінің палубасы үстіндегі кедергілерге, көтеріңкі платформаларға және басқа да арнайы алаңдарға дейін – осы алаңдарды таңбалауға және ҰПНға сәйкес;

      4) ғимараттарға, құрылыстарға, көлік құралдарына, жүзу құралдарына және өзге де теңіз объектілеріне арнайы мақсаттағы бөлімшелерді десанттаумен (эвакуациялаумен) байланысты арнайы міндеттерді орындау кезінде қалықтап тұру биіктігі және кедергілерге дейінгі арақашықтық нақты ұшу тапсырмасы үшін әзірленген арнайы қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етуді ескере отырып ӘКК айқындайды.

      319. Сырғанағыш шассиі бар тікұшақтар тұрақ орнынан ұшып көтерілу орнына дейін және кері қарай әуеде басқаруды кедергілерге дейін кемінде жетекті винттің бір диаметрі арақашықтықта жер бетінің ықпал етуін пайдаланумен ұшып келу тәсілімен белгілер бойынша жүргізіледі.

      320. Биіктікті алу және қонуға кіру кезінде кедергілер үстінен кемінде 10 м асырумен, ал жерде орналасқан ӘК үстінен – тікұшақ жетекті винтінің кемінде екі диаметрі биіктікте ұшып өтуге рұқсат етіледі.

      321. Бақылап қалықтап тұру орталықтандыруды тексеру және ұшу тәсілін айқындау, сондай-ақ тікұшақ жүйелерін сынап байқау, оның қуат беру құрылғыларының жұмысын тексеру және басқару үшін ұшып көтерілу алдында орындалады.

      Тікұшақтардың су бетінде қалықтап тұруы жетекті винттің кемінде бір диаметрі (су бетіне қону үшін жабдықталған тікұшақтардан басқа) биіктігінде жүргізіледі.

      322. Үйрету мақсатында, арнайы авиациялық жұмыстарды жасау кезінде, сондай-ақ топырақтың жай-күйі басқаруды орындауға мүмкіндік бермеген жағдайларда әуеде қозғалуды, басқаруды және ұшып келуді орындауға жол беріледі.

      Әуеде қозғалу, басқару немесе ұшып келу биіктігі мен жылдамдығын ӘКК (тікұшақ) тікұшақтың ҰПН-мен айқындалған шектеулерді ескере отырып, кедергілердің болуына байланысты айқындайды.

      323. Тікұшақтардың ұшып көтерілуі мен қонуы желге қарсы мүмкіндігіне қарай орындалады.

      324. Тікұшақтардың тұрақ орнынан ұшып көтерілуіне және оған қонуына (егер ол әуеайлақтың аэронавигациялық паспортымен айқындалса) мынадай жағдайларда, егер:

      1) тікұшақтың құрылымы басқаруды жүргізуге мүмкіндік бермесе;

      2) басқа әуе кемелерінің ұшып көтерілуіне және қонуына кедергі жасамаса рұқсат етіледі.

      325. Тікұшақтардың жердегі бағдарлар көрінбеген кезде шаңды (қарлы) бұлттарда ұшып көтерілуіне, қалықтап тұруына және қонуына жол берілмейді.

      326. Жергілікті жердің бедері бойынша күрделі немесе қарлы (шаңды) құйындар пайда болуы ықтимал жағдайларда әуеден таңдалған алаңдардан ұшып көтерілу мен қону тікұшақтың жердің ықпал ету аймағынан тыс қалықтап тұруын қамтамасыз ететін ұшу массасымен орындалады.

      327. Әуеде таңдалған алаңға қону топырақ бетінің беріктігін және оның тікұшақтардың қонуына жарамдылығын айқындау мақсатында экипаж бір мүшесі жерді қарап тексергеннен кейін орындалады.

      Осы міндетті орындауға әуеден дербес таңдалған алаңға қонумен ұшуға тиісті рұқсаты бар ӘКК жіберіледі.

      328. Ауа райының қауіпті құбылыстарына тап болған жағдайда оларды айналып өту және кері қайту маршрутына бұрылу мүмкін болмаған кезде немесе бағдардан айырылған кезде, барлық тәсілдермен оны қалпына келтіре алмағанда, ал отын шектеулі болғанда ӘКК-ға (топ жетекшісіне) әуеде таңдалған алаңға мәжбүрлі қонуды жүргізуге жол беріледі.

      Осы алаңнан ұшып көтерілуге ӘКК минимумына сәйкес келетін метеорологиялық жағдайлар кезінде жол беріледі. Осы тікұшақтың ұшуын басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік авиацияның басқару пунктімен байланыс бар болған кезде ӘКК оны өзінің іс-қимылдары туралы ақпараттандырады.

      329. Әуеайлақта тікұшақтарды түнде қондыру ұшу тапсырмасына сәйкес қону прожекторларын, қондыру (басқару) фарларын пайдаланумен және пайдаланбай орындалады.

      Топ құрамында тікұшақтарды түнде қондыру жарық-техникалық құралдармен (жарық бағдарларымен) таңбаланған алаңдарда жүргізуге жол беріледі.

2-параграф. Бұлттарда және пердені
(шолып елестету жүйесін) пайдаланып ұшу

      330. Бұлттарда немесе пердені (шолып елестету жүйесін) пайдаланумен ұшу әуеайлақтық (пилотаждық) аймақтарда ӘК-ның қауіпті жақындауын болдырмау үшін тапсырылған эшелондарда және биіктікте (радиолокациялық бақылауда болатын) айқындалған схемалар мен маршруттар бойынша орындалады.

      331. Егер бұл тапсырмамен көзделсе, аймақта (маршрутта) бұлттың астына төмендеуге, бірақ АҰР бойынша аймақта (маршруттың осы кезеңінде) ұшудың төменгі қауіпсіз эшелонынан (армиялық авиация тікұшақтары үшін ең төмен қауіпсіз биіктіктен) төмен емес жол беріледі. Егер әуе кемелері АҰР бойынша ұшудың төмен қауіпсіз эшелонын (армиялық авиация тікұшақтары үшін ең төмен қауіпсіз биіктігін) алғаннан кейін ӘК бұлт астына шықпаса немесе ШҰР бойынша ұшу мүмкін болмасы одан әрі төмендеуге жол берілмейді.

      332. ӘК тобын шолуға сыйымды шоғырланған жауынгерлік (ұшу) ретілігіне жинау және оны тарату бұлттар үстінде немесе олардың астында орындалады. ӘК бортында ұшақаралық навигация аппаратурасы бар болған кезде топты жинауды бұлттарда да орындауға жол беріледі.

      333. Бұлттарда шоғарланған жауынгерлік (ұшу) реттілігіне ұшу әуе кемесіне тек жұппен экипаждар топпен бұлттарда ұшу және шолу пысықталғанда, жетекші (алда ұшатын) ӘК-ны жақсы қадағалау қамтамасыз етілгенде орындауға рұқсат етіледі,

      Егер бұл тапсырмамен көзделмесе, сондай-ақ оларда ұшудың нақты жағдайларын білмей саппен бұлтқа кірге жол берілмейді.

      334. Пердені (шолып елестету жүйесін) пайдаланумен АҰР бойынша ұшу үшін көзделген қауіпсіздік шараларын сақтаумен орындалады.

      Пердені жабу және ашу биіктігі ұшу даярлығы жөніндегі басшылық құжаттармен белгіленеді.

      Бұлттарда перде (шолып елестету жүйесі) астында ұшуға жол берілмейді.

      335. Күрделі метеорологиялық жағдайларда қонуға кіруді және қонуды көздейтін Курстардың жаттығулары бойынша бақылап ұшуына перде астында оны ұшқыш-инструктор даярлығының деңгейіне сәйкес келетін биіктікте ашумен орындауға рұқсат беріледі.

      Осы жаттығулар бойынша жаттықтыру ұшуына жіберуге ұшу күрделі метеорологиялық жағдайларда орындалады.

3-параграф. Түнде ұшу

      336. Түнгі ұшуға түнде ұшу үшін арнайы жабдығы бар әуеайлақтарда және әуе кемелерінде орындауға жол беріледі.

      337. Түнде басқару қосылған аэронавигациялық (контурлық) жарықтармен және басқару фарларымен жүргізіледі.

      Жарықпен шағылысқан жағдайда ӘКК басқаруды тоқтатады және көзі бейімделгеннен кейін жалғастырады.

      338. Түнде қону қону прожекторларын және (немесе) қону фарларын (тапсырмада оларды сөндіру көзделген жағдайлардан басқа) және ӘК-ның қонатын жер бетіне (су бетіне) жарық түсіретін басқа да жарық көздерін пайдалана отырып, жарықтармен белгіленген ұшу-қону жолағына (алаңына) орындалады.

      Түнде әуеден өздігінен таңдалған белгіленбеген алаңдарға қону арнайы іздестіру фарларымен жабдықталған тікұшақтарда орындалады.

      Тікұшақтардың түнде көру аспаптарын (көзілдірікті), оларды пайдалану шектеулерін ескере отырып, пайдалану кезінде фарларды қоспай жарықтармен белгіленбеген ұшу-қону жолағына (алаңына) қонуына рұқсат етіледі.

      339. Қону прожекторлары ӘК-ның төртінші бұрылысқа шығуынан кешіктірілмей, ал құралдық отырғызу жүйелерін пайдаланумен қонуға кірген жағдайда – экипаждың қашықтағы жетек радиостанциянан өткені туралы баяндауынан кешіктірмей қосылады. Тікұшақтардың ұшуы кезінде қону прожекторларын қосу экипаж 100 м биіктіктен өтуінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.

      Прожекторларды сөндіру ӘК (тікұшақты отырғызудан кейін) ұшуының екінші жартысында жүргізіледі. Екінші айналымға кеткен жағдайда (экипаждың кеңістіктік бағдардан айырылуын болдырмау үшін) қондыру прожекторлары ӘК биіктікті алуға көшкеннен кейін сөндіріледі.

      340. Қону фарларымен қонуды орындау кезінде оларды қосу ҰПН-ға сәйкес радиомаркері бар қашықтағы жетекті радиостанциядан өткеннен кейін тура қонуда, ал бұлттар болған кезінде – олардан шыққаннан кейін жүзеге асырылады. Тікұшақтарда қонуды орындау кезінде қону фарларын қосу ҰПН-да айқындалған биіктікте жүргізіледі. Қону фарларын сөндіру ӘК-ның ұшып өтуі (тікұшақты отырғызғаннан) кейін жүзеге асырылады.

      341. Қону фарларын қарқынды жауын-шашындарда, тұман және қалың түтін болғанда пайдалануға жол берілмейді.

      342. Түнде көру аспаптарымен (көзілдірігімен) жабдықталған әуе кемелеріне олардың пайдалану шектеулерін ескере отырып, ШҰР бойынша ұшуды түнде орындауға рұқсат беріледі.

4-параграф. Топпен ұшу

      343. Топпен ұшу жауынгерлік (ұшу) реттілікпен орындалады. Жауынгерлік (ұшу) реттілігінің параметрлері орындалатын міндеттің сипатына байланысты топ командирі немесе авиациялық аға бастық белгілейді.

      344. Жетекші (алдында ұшатын) ӘК-ға қатысты жетектегінің аралығы мен арақашықтығы, көтерілуі немесе төмендеуі жетектегі (жетекші ӘК соңындағы ӘК – бұдан әрі жетектегі) жетекші (алдағы, жетекші ӘК – бұдан әрі жетекші) ӘК-ның шатасу ізіне (ағымына) түспетіндей және оларды қадағалау үшін қолайлы жағдайлар болатындай белгіленеді.

      345. Топпен ұшу топ құрамындағы командирдің (жетекшінің) басқаруымен орындалады.

      Ұшуда топты сенімді басқаруды арттыру үшін топ командирінің орынбасары тағайындалады. Топ командирі (жетекшісі) өз міндеттерін орындай алмайтын жағдайда топ командирінің орынбасары топқа қолбасшылық жасауды өзіне қабылдайды.

      346. Ұшудағы жетекші:

      1) қозғалтқыштар іске қосылғаннан бастап және ӘК қонғаннан кейін тұраққа басқарып апарғанға дейін радио бойынша және (немесе) ӘК эволюцияларымен топты басқарады;

      2) ӘК-ның жауынгерлік (ұшу) реттілігіндегі жағдайын, ұшу жағдайларын біледі және өзінің ұшу процесінде өз жетегіндегілердің іс-қимылдарын бақылайды;

      3) жауынгерлік (ұшу) реттілігінде жетектегінің өз орнын сақтауды қамтамасыз ететін ұшу режимін ұстайды және қауіпсіз маневр жасайды, жетектегілерді алдағы маневр сипаты туралы ескертеді;

      4) бұрылысқа кіру кезінде және бұрылу процесінде бұрылыстың ішкі жағында болатын жетектегіге, ал бұрылыстан шығу кезінде – бұрылыс сыртқы жағындағы жетектегіге көп назар аударады;

      5) бағдарды сақтай отырып, сақ болады, әуедегі және метеорологиялық ахуалды бағалайды;

      6) қажет болған кезде ӘК экипажын жауынгерлік (ұшу) реттілігінен шыққан ӘК-ға ілесіп ұшу үшін тағайындайды;

      7) қажет болған кезде радио бойынша жетектегі экипаждардың әуе кемелерінде отынның қалдығын сұрау салумен бақылайды;

      8) ұшада радиостанция істен шыққан кезде ӘК эволюцияларымен топты басқаруды өз орынбасарына береді.

      347. Топ жетекшісіне жетектегі экипаждардың даярлық деңгейі мүмкіндік беретін және топты алдын ала шоғырландырмай (егер тапсырмамен бұлттарға ұшу көзделмесе) анағұрлым күрделі метеорологиялық жағдайларда ұшуды орындауға жол берілмейді.

      348. Ұшудағы жетектегі:

      1) жауынгерлік (ұшу) реттілігінің белгіленген параметрлерін ұстанады, жетекші (алдыда ұшатын) ӘК-ны қадағалайды және оны шолунен жоғалтуды болдырмайды;

      2) алдымен арттылыған аралықта берілген арақашықтықты белгілеп, және төмендеумен (барынша төмен және төмен биіктікте – көтерілумен), одан кейін – берілген аралықта тікелей жетекші (алдыда ұшатын) әуе кемесінің соңынан орналасуды орындайды;

      3) жетекшінің командаларын (сигналдарын) қадағалайды және оларды орындайды;

      4) басқа әуе кемелерімен қауіпті жақындауды және кедергілермен соқтығысуды болдырмау үшін сақ болады;

      5) әртүрлі биіктікте ӘК-ның маневр жасау мүмкіндіктерін біледі және ескертеді;

      6) топ командиріне ӘК-ның барлық ақаулы жүйелері мен жабдығы туралы және жауынгерлік (ұшу) реттілігінің параметрлерін өзгерту қажет болған жағдайда баяндайды;

      7) бағдарды сақтайды, топ командиріне тапсырылған маршруттан байқалған ауытқулар туралы баяндайды, кез келген сәтте дербес ұшуды орындауға көшуге немесе жетекші орнында болуға әзір болады.

      349. Жетектегілерге:

      1) жетекшінің рұқсатынсыз топ (жетекші) соңына орналасуға және жауынгерлік (ұшу) реттілігінде орнын ауыстыруға;

      2) жауынгерлік (ұшу) реттілігінен шығуға, онда өз орнын сақтауға мүмкіндік болмайтын жағдайлардан басқа;

      3) қажеті болмағанда радио алмасу жүргізуге жол берілмейді.

      350. Жетекшіні (алдыда ұшатын) ӘК-ны жоғалтқан кезде жетектегі ол туралы жетекшіге радио бойынша өз ӘК-ның маршрутын, ұшу биіктігін көрсетумен баяндайды. Бұл ретте:

      1) көлденең ұшуда бұрынғы режимді ұстайды, сақ болуды күшейтеді және сыртқы жетектегі ретінде бір қалыпты аралықты арттырумен жауынгерлік (ұшу) реттіліктен шығады, ал ішкі жетектегі ретінде биіктікті 300 м өзгертеді;

      2) бұрылыста сыртқы жетектегі ретінде кренді азайтады, ал ішкі жетектегі ретінде оны арттырады, одан кейін жауынгерлік (ұшу) реттіліктен шығады;

      3) биіктікті алуда төмендеуде (құлдырай төмендеуде) ұшу бағытын өзгертпей төмендеуді (құлдырай төмендеуді) тоқтатады.

      Маневрді орындағаннан кейін жетекшіге өз ӘК ұшу курсы мен биіктігін жеткізеді және одан әрі оның нұсқауы бойынша әрекет етеді.

      351. Жауынгерлік (ұшу) реттілігінде ұшу кезінде жетекші (алдыда ұшатын) ӘК-ға қатысты аралығы, арақашықтық пен төмендеу (көтерілу) жетектегі шатасу ағысқа түспейтіндей және жетекшіні қадағалау үшін қолайлы жағдайлар болатындай белгіленеді.

      352. ӘК топтарын бір ұшу-қону жолағына күндіз бір уақытта қондыруға оның сандық құрамы буыннан аспайтын болған кезде жол беріледі. Түнгі қонуды тек дара әуе кемелерінің орындауына жол беріледі.

      Тікұшақтарда күндіз және түнде бір уақытта қонуды эскадрильяға дейін топпен орындауға жол беріледі.

5-параграф. Демонстрациялық ұшу

      353. ӘК-ның демонстрациялық ұшуын мемлекеттік авиацияның басқару органдары бекітетін арнайы белгіленген орындарда немесе басқа да демонстрация (көрсету) пункттерінде ұйымдастырылады және жүргізіледі.

      354. Демонстрациялық ұшу қажетті іс-шаралар жүргізілгеннен кейін олардың дербес тізімдерін бекіте отырып, мемлекеттік авиация басқару органдары басшысының рұқсатымен авиациялық бөлімнің анағұрлым даярланған экипаждары орындайды.

      355. Демонстрациялық ұшуды даярлау және жүргізу жөніндегі іс-шараларды жүргізу, сондай-ақ әртүрлі басқару органдарының авиациялық бөлімдері арасындағы өзара іс-қимылды ұйымдастыру және жүзеге асыру үшін мемлекеттік авиация басқару органдары басшыларының шешімімен демонстрациялық ұшуға жауапты тағайындалады. Демонстрациялық ұшуға қатысатын барлық лауазымды адамдар оларды жүргізуге жауаптыға бағынады.

      356. Демонстрациялық ұшу жоспарға (жоспарлы кестеге) сәйкес таңдалған ұшу тапсырмалары бойынша орындалады. Ұшу тапсырмасын өзгертуге демонстрациялық ұшуға жауаптының рұқсатымен тек жеңілдету жағына (қалыптасқан жағдай шарттарына байланысты) рұқсат етіледі.

      357. Демонстрациялық ұшуды жүргізу кезінде қауіпсіздікке қойылатын негізгі талаптар:

      1) пилотажды (өтуді) демонстрациялық (көрсету) ұшу пилотаждау аймағында тұрақты екіжақты радиобайланыста, қатаң аймақ осьінде, көрермендер жағына беттемей шектеу сызығына 200 м, ал көрермендерге фигура орындау кезінде – фигураға қатысы бойынша 500 м жақындамай орындау;

      2) түзу сызықты көлденең ұшуда ұшақты басқарудың ең аз биіктігі кемінде 100 м, ал пилотаж фигураларын орындау кезінде – кемінде 200 м болуға тиіс;

      3) тапсырманы орындау кезінде бұлттарға кірмеу, бұлттарға абайсызда түскен кезде жағдайды бағалау және олардан көрермендерден қарсы бағытқа қауіпсіз шығу үшін шаралар қабылдау;

      4) ұшуды жалғастыруға мүмкіндік болмайтын ерекше жағдайлар туындаған кезде көрермендерден, тұрғын құрылыстардан бос жаққа бұрылу және алдын ала мүмкіндігінше қозғалтқышты сөндіріп, катапульттену (ӘК-ны тастап кету).

6-параграф. Әуе кемелерінің ұшып өтуі

      358. ӘК-ның ұшып өтуі әуе трассасы және трассадан тыс маршруттар бойынша белгіленген эшелондарда орындалады.

      359. ӘК-ның 300 км/сағ. және одан төмен ұшу жылдамдықпен ұшып өтуіне төменгі (қауіпсіз) эшелоннан төмен биіктікте орындауға рұқсат етіледі.

      360. ӘҚҚ маршруттарынан тыс ұшу белгіленген эшелондарда немесе биіктікте, оның ішінде берілген қауіпсіз (желілік және уақыттық) аралықтармен төменгі эшелоннан төмен биіктікте жүргізіледі.

      361. Эшелонды таңдау және тағайындау ӘК-ның тактикалық-техникалық деректері мен жабдығын, отын шығысын, орындалатын міндеттерді, ұшу маршруты бойынша метеорологиялық жағдайларды, жер бедерін, әуе және орнитологиялық ахуалды ескере отырып жүргізіледі.

      362. Авиациялық бөлімшелер мен бөлімдердің жауынгерлік (ұшу) реттілігінде ұшатын, биіктік бойынша эшелондандырылған ӘК топтары ұшуының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ұшу маршруты бағытында басқа ӘК-дан бос эшелондар диапазондары бөлінеді. Топтың жауынгерлік (ұшу) реттілігіндегі әуе кемелері арасындағы эшелондау процедурасын мен аралықты экипаждың даярлық деңгейін, ұшудың жалпы қашықтығын, маршруттағы бұрылыс пункттерінің санын, ұшу жылдамдығын, аэронавигациясының қолданылатын құралдарын және ӘК-ның ұшуын бақылауды ескере отырып, ұшуды ұйымдастыратын командир (бастық) айқындайды.

      363. Егер ұшу маршруты бойынша және қону әуеайлағында ұшып көтерілуден бастап қонғанға дейінгі кезеңіндегі метеорологиялық ахуал ШҰР бойынша ұшуды жүзеге асыруға мүмкіндік берсе, ШҰР бойынша ұшып өту орындалады.

      АҰР және ШҰР бойынша ұшып өту, егер ӘК-ның қону әуеайлағына ұшып келуге есептелген уақытта ӘКК минимумына сәйкес келетін метеорологиялық жағдайлар күтілсе (әуеайлақ минимумынан төмен емес) және қалған отын қону әуеайлағынан қосалқы әуеайлаққа (ұшып көтерілу әуеайлағына) дейін ұшып өту үшін жеткілікті болған жағдайда орындалады.

      Қолайсыз жағдайда және қалған отын қосалқы әуеайлаққты таңдауға мүмкіндік бермегенде, оған кету биіктігі тағайындалған әуеайлақтың шешім қабылдауынан мүмкін болғанда топ жетекшісі (ӘКК) қосалқы әуеайлаққа кету шебін (ұшып көтерілу әуеайлағына қайтып оралу шебін) есептеумен ұшып көтерілуге шешім қабылдайды. Бұл ретте әуе кемесіндегі отынның есептік мөлшері қосалқы әуеайлаққа шығу кезінде қалған отын кепілдіктіден аз болатындай айқындалады.

      364. Ұшып көтерілуге шешімді топ жетешісі (дара ӘК командирі) ӘК-нің ұшуға әзір болғанынан және ұшу, қону әуеайлақтары мен ұшу маршруты бойынша метеорологиялық жағдайларды бағалағаннан кейін қабылдайды.

      Топ жетекшісі (дара ӘК командирі) ұшып көтерілуге рұқсатты ұшып көтерілу әуеайлағының авиациялық аға бастығынан алады.

      Ұшу парағында (ұшуға тапсырмада) ұшып көтерілу уақыты, қону әуеайлағы, ұшу эшелоны, ұшып өтуге жағдайларды беру уақыты мен күні көрсетілген әуе кеңістігін пайдалануға рұқсатты топ жетекшісі (дара ӘК командирі) ұшып көтерілу әуеайлағының авиациялық диспетчерінен алады.

      365. Найзағай ойнайтын және қатты нөсер жауған аймақты кесіп өтумен ұшып көтерілуге шешім қабылданған кезде ӘКК:

      1) найзағайдың сипатын (ішкімассалық, маңдайшептік);

      2) найзағай (нөсер) ошақтарының орналасуы мен ауысуын, оларды айналып өтудің ықтимал маршруттарын;

      3) қосымша отын толтыру қажеттілігін ескеру қажет.

      Таулы жерлерден өтетін ұшу маршруты бойынша маңдайшептік найзағайы бар болған және болжанған кезде ӘКК АҰР бойынша төменгі эшелоннан төмен ұшуға шешім қабылдауға жол берілмейді.

      366. Егер диспетчерлік рұқсат беру мен ӘК-ның ұшып көтерілуі арасындағы кезеңде ахуал өзгерсе (метеорологиялық жағдай нашарласа және басқа) және ұшып көтерілуге шешім қабылданған сәттегі жағдайларға сәйкес келмесе, әуе қозғалысын басқару органдары ол туралы ӘК экипажына хабарлайды. ӘКК бұл жағдайда ұшып көтерілуге шешімді қайта қарайды.

      367. Ұшу жоспарында көзделген ұшып көтерілудің келісілген уақытынан 30 минуттан астам кідіру кезінде ӘКК ұшып көтерілуге рұқсатты қайтадан алады. Қайтадан рұқсатты және метеорологиялық ақпаратты радио бойынша (басқа да байланыс құралдары бойынша) алуға рұқсат етіледі.

      368. Қону әуеайлақтарында тек әуеайлақтағы метеорологиялық жағдайлар ӘКК ауа райының минимумына сәйкес келген кезде (әуеайлақ минимумынан төмен болмаса) ӘК-ны қабылдауға рұқсат етіледі.

      Күрделі метеорологиялық жағдайларда ұшып өтуді қамтамасыз ету үшін ұшып көтерілу және қону әуеайлақтарында ауа райына барлау жүргізуге жол беріледі.

      369. ӘК экипажын ұшуға, ал экипажға ұшып көтерілуге:

      1) белгіленген ұшу және жеке басының құжаттарынсыз;

      2) ауа райы бюллетенісіз немесе мерзімі өткен (бір сағаттан астам) бюллетеньмен;

      3) медициналық пункт жоқ уақытша әуеайлақтардан (қону алаңдарынан) ұшып көтерілу жағдайларынан басқа, ұшуалды медициналық бақылаусыз (қарап тексерусіз) және дәрігердің (фельдшердің) қорытындынсыз;

      4) осы Қағидалардың 107-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, экипаж құрамы толық болмаған кезде;

      5) егер экипаждың ұшу алдында демалуға белгіленген уақыты мен жағдайы болмағанда, сондай-ақ ӘК экипажы бір мүшесінің денсаулық жағдайы қанағаттанғысыз болған кезде;

      6) егер ұшып көтерілу әуеайлағында нақты ауа райы ӘКК-ның ұшып көтерілуі үшін белгіленген минимумнан төмен болса;

      7) егер ұшу маршрутында оларды айналып өту мүмкін болмайтын қауіпті метеорологиялық жағдайлар бар болса;

      8) егер қону әуеайлағында болжанатын ауа райы ұшып келу уақытында ӘКК минимумынан төмен болса;

      9) егер қосалқы әуеайлақтар болмаса (осы Қағидалардың 246-тармағында көзделген жағдайлардан басқа), сондай-ақ олардағы нақты және болжанатын ауа райы ӘКК минимумынан төмен болса;

      10) егер тағайындалған және қосалқы әуеайлақта жел бағыты мен жылдамдығы (оның ұйытқуын ескерумен) ӘК немесе ӘКК үшін шектеуден асатын болса;

      11) егер алдағы ұшудың қандай да бір басқа жағдайлары ӘК экипажының даярлық деңгейіне сәйкес келмесе;

      12) ұшу парағында (ұшуға тапсырмада) ӘК экипажының әзірлігін бақылау нәтижелері туралы белгі жасалмаса (аралық әуеайлақтан ұшып шыққан кезде әзірлікті бақылау тек осы Қағидалардың 217-тармағында көзделген жағдайларда ғана жүргізіледі);

      13) әуеайлақ диспетчерінің ұшу парағында (ұшуға тапсырмада) ұшып көтерілу уақытын, ұшу жағдайларын, қону әуеайлағын және қосалқы әуеайлақты көрсетумен ұшуға рұқсат ету туралы белгі қоймауынсыз;

      14) бірінші қону әуеайлағында ӘК-ны қабылдауға келісусіз;

      15) ӘК ақаулы болған немесе жерде оны мұз басқан кезде;

      16) ӘК-ға дұрыс жүк тиелмеген кезде, жүк артық тиелген кезде, сондай-ақ отын қоры жеткіліксіз болғанда;

      17) навигациялық-пилотаж аспаптарын тексеру, сондай-ақ тексеру мерзімдерінің аяқталу күнін көрсетумен оларды түзету кестелері болмаған кезде;

      18) ӘК-ның осы түрі үшін көзделген құтқару және тіршілікті қамтамасыз ету құралдарынсыз және белгіленген ұшу шарттарынсыз;

      19) ұшу параметрлерін тіркеудің ақаулы аппаратурасымен;

      20) байланыс және радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарының салыстырып тексерілмеген (аэронавигациялық құжаттардың бақылау даналарымен) деректерімен, қону әуеайлақтары мен қосалқы әуеайлақтарға қонуға кіру және төмендеу схмеларынсыз немесе осы деректер болмаған кезде;

      21) радиолокациялық танудың ақаулы аппаратурасымен;

      22) егер ӘК-ның жоспарланған қону сәтінде старттық уақыт асып кеткен болса жол берілмейді.

      370. ӘКК (топ) ұшып көтерілу әуеайлағы ауданынан шыққанға дейін осы ӘК-ның ұшуына одан әрі қызмет көрсетуді (басқаруды) жүзеге асыратын ӘҚБ органымен радиобайланысты орнатады. Қону әуеайлағына 150-80 км жақындаған кезде, ал төменгі эшелоннан төмен ұшқан кезде – әуеайлаққа шығуға 80-30 км қалғанда әуеайлақтың ұшуға басшылық жасау тобымен байланыс орнату, ұшу эшелонын (биіктігін), курсын және жағдайын, ұшып келудің есептік уақытын баяндауға, ұшу жетекшісінен әуеайлақ (күту) аймағына кіруге рұқсат алуға, әуе және метеорологиялық ахуал туралы ақпарат және одан әрі ұшу мен қонуға кіру бойынша нұсқаулар алуға тиіс.

      371. ӘК экипажы қосалқы әуеайлаққа қонуды орындауға команда алған кезде көрсетілген әуеайлаққа ұшып баруы және ол туралы ұшып көтерілу әуеайлағының ұшуға басшылық жасау тобына баяндауы (олармен радиобайланыс бар болған кезде) қажет.

      372. Аралық немесе соңғы әуеайлаққа қонғаннан кейін ӘКК (топ) авиадиспетчерде тіркелуі қажет. Тіркелумен бір уақытта ӘКК (топ) қажетті қамтамасыз ету құралдарына өтінім береді және ӘК-ны күзетуге өткізеді.

      373. Аралық әуеайлақтан ұшып көтерілу алдында ӘК экипажы:

      1) ұшу маршруты бойынша және ұшып көтерілу мен қону әуеайлақтарындағы метеорологиялық ахуалды бағалайды;

      2) ұшу маршруты бойынша байланыс және радиотехникалық қамтамасыз ету құралдары жұмысының деректерін, қону әуеайлақтары мен қосалқы әуеайлақтарда қонуға кіру және төмендеу схемасын аэронавигациялық құжаттардың бақылау даналары немесе олардың үзінді көшірмелері бойынша нақтылайды;

      3) оның ұшуын бақылау және басқару, басқару мен байланыс тәсілдері үшін бөлінген басқару пункттері жұмысының деректерін нақтылайды;

      4) қажет болған кезде аға штурманнан, байланыс бастығынан және авиациалық бөлімнің басқа да лауазымды адамдарынан ұшуды одан әрі орындау шарттары туралы консультация алады.

7-параграф. Таулы жерлер жағдайларында ұшу

      374. Биік таулы әуеайлақтардан ұшу кезінде ӘКК-ға:

      1) ӘК-ның екпін алу және жүріп өту ұзындығының елеулі ұлғайюын;

      2) төмен және шекті төмен биіктікте күрт қиылысқан жерден нақты бағдарлануды және ұшуды басқаруды жүргізу қиындығын ескеру қажет.

      375. Таулы қыраттар қиылысқан кезде ӘКК төмен және жоғары болатын ауа ағымының бар болуын ескеруі қажет, бұл ретте жер бедері үстінен кемінде 900 м нақты биіктікте орындалады.

      376. Шатқалдарда және таулы алқаптарда шолып ұшуды орындауға тауларда күрт бұрылыстар болмаған және берілген ұшу биіктігі таулармен тоқтатылмайтын, ал олардың ені қажет болған жағдайларда шатқалдардан (алқаптардан) шығу үшін бұрылысты қауіпсіз орындауға мүмкіндік беретін жағдай кезінде жол беріледі.

      377. Таулы әуеайлақтарда осы әуеайлаққа белгіленгеннен басқа схемалар бойынша қонуға кіруді орындауға жол берілмейді.

      Белгіленгенмен қатар әуеден таңдалған алаңға тауларға қонуды орындаумен тікұшақтардың ұшуы кезінде тікұшақтың қонуы мен ұшып көтерілу схемасы мен тәсілдерін қажетті қауіпсіздік шараларын сақтауды ескере отырып, ӘКК айқындайды.

      378. Таулы жерлерде ұшу биіктігіне көтерілу ұшу маршруты бойынша орындауға тек белгіленген шептерге дейін ұшудың қауіпсіз эшелонына (биіктігіне) көтерілуді қамтамасыз ететін жағдайда рұқсат етіледі.

      Басқа жағдайларда әуеайлақтан ең шекті эшелон (биіктік) белгіленеді, оған көтерілу белгіленген схема бойынша әуеайлақ үстінен жүргізіледі.

      379. Таулы жерде АҰР бойынша ұшуды орындайтын ӘК-ның төмендеуіне тек радиолокациялық бақылау және тұрақты екі жақты радиобайланыс кезінде төмендей бастаудан белгіленген шептен ұшып өткеннен кейін рұқсат етіледі.

      Үздіксіз радиолокациялық бақылау және тұрақты екі жақты радиобайланыс болмаған кезде ең төмен қауіпсіз эшелоннан (биіктіктен) төмен төмендеуге әуеайлақтың жетекті радиостанциясынан ұшып өткеннен кейін қонуға төмендеу мен кіру схемасы бойынша рұқсат етіледі.

8-параграф. Бағдарсыз, шөлді жерлер үстінен және су
үстінен ұшу

      380. Бағдарсыз, шөлді жерлердегі ұшуға даярлау кезінде кәдімгі даярлықты жүргізуден басқа экипажға қосымша:

      1) ауа температурасының болжамына және шаңды және құмды дауылдардың пайда болу ықтымалдығына ерекше назар аудару;

      2) карталарды дайындау кезінде олардағы бағдарлану мен қонуды жүргізуге жарамды барқандардың, өзен арналарының және құрғап қалған көлдердің таралу шекараларын, керуен сүрлеулерін және тұщы сулы құдықтарды нақтылау;

      3) бортқа ауыз су қорын алу жүктеледі.

      381. Шөлді жер үстінен ұшу кезінде ӘК экипажы мәжбүрлі қонуға жарамды тән бағдарлардың, құрғап қалған көлдер мен өзен арналарының орналасуымен танысады, сондай-ақ жоғары ауа температурасының ӘК-ның ұшу-техникалық сипаттамасына (екпін алу мен жүріс ұзындығының ұлғаюына, жылдамдықпен көтерілу және ең көп жол берілетін ұшып көтерілу массасының азаюына, қозғалтқыштың қызып кетуіне) ықпал ететінін ескереді.

      382. Теңіз үстінен (су бетінен) ұшуға дайындалу кезінде кәдімгі даярлықты жүргізуден басқа, экипажға қосымша:

      1) іздестіру-құтқару корабльдерінің (кемелерінің) орналасқан жерлерін, олардың шақырту және олармен радиобайланыс тәсілін нақтылау;

      2) ұшуда пайдалану мен қажетті ауқымда зерделеу үшін астробағдарлауға арналған теңіз лоциясын, кестелер мен анықтамалық материалдарды іріктеу;

      3) жағалау мен аралдағы жарық- және радиомаяктардың орналасқан жері мен жұмыс режимдерін зерделеу;

      4) әуе навигациясы астрономиялық және радиотехникалық құралдарының ақаусыздығы тексеру;

      5) топтық және жеке құтқару жүзу құралдарының, дабылдама құралдарының орналасуының, тағам мен су қорының бар болуын және дұрыстығын тексеру;

      6) жағалау шетінің, аралдар мен ондағы алаңның тән иірмелерін зерделеу және мәжбүрлі қонған жағдайда мұз жағдайымен танысу жүктеледі.

9-параграф. Төмен және шектеулі төмен
биіктікте ұшу

      383. Төмен және шектеулі төмен биіктіктегі ұшу қарапайым және күрделі метеорологиялық жағдайларда орындалады. Барлық жағдайларда ұшу биіктігі төмен және шектеулі төмен биіктіктегі ұшуда, бірақ Курстарда айқындалған биіктіктен төмен емес, ұшқыштар құрамының тәжірибесіне, даярлық деңгейіне және жаттыққандығына байланысты оның тікелей бастығы ұшқыштар құрамыне белгілеген ең төмен жол берілген ұшу биіктігінен төмен емес биіктікте орындалады.

      384. Борттық радиолокациялық станцияның ақпаратын пайдаланумен әуе кемесінде ұшу кезінде кедергілерден ұшып және айналып өтумен жер бедерінен өту ұшудың төмен биіктігі ҰПН-мен айқындалады.

      385. ШҰР бойынша ұшуға барынша төмен метеорологиялық жағдайлар осы Қағидаларға 3-қосымшаның 1-кестесінде көрсетілген.

      386. ШҰР бойынша шектеулі төмен және төмен биіктікте ұшу кезінде экипаж ШҰР бойынша одан әрі ұшуды басқаруды қамтамасыз етпейтін метеорологиялық жағдайға тап болған жағдайда АҰР бойынша ұшақты басқаруға көшу, ӘҚБ органына баяндаумен ұшудың қауіпсіз биіктігін немесе төменгі (қауіпсіз) эшелонын алу қажет.

      Маршрут бойынша шекті төмен биіктіктен ұшу тапсырылған эшелонына ауысқан кезде ұшу аспаптық қауіпсіз биіктігіне жеткенде биіктік өлшегіштің қысым шәкілі сынап бағанының 760 мм көшіру жүзеге асырылады.

10-параграф. Жоғары биіктікте, стратосферада және
дыбыстан жылдам ұшу

      387. Стратосферадағы ұшуды ұшқыш құрамы герметикаландырылған кабиналы ӘК және биіктік-теңелту костюмінде орындайды.

      388. ӘКК-ның ұшуды жоғары биіктікте, стратосферада және дыбыстан жылдам ұшуды орындауда қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалын ететін ұшақты басқару, әуе навигациясын және авиациялық қозғалтқыштар ерекшеліктерін білуі қажет.

      389. Жоғары биіктікте, стратосферада және дыбыстан ұшқыр жылдамдықта ұшуға даярлық кезінде экипажға:

      1) ұшуға оттегі қажеттігінің есебін жүргізу және есептік ұшу ұзақтығының ӘК бортындағы оттегі қорына сәйкес келуін айқындау;

      2) ӘК-ның және арнайы жабдықтың биіктікте ұшуға әзірлігіне, кабина герметикалығының сенімділігін және оттегі жабдығы жиынтығының ақаусыздығын тексеру;

      3) биіктік-теңелту костюмінің дәл пішілуін және реттелуін тексеру жүктеледі.

      390. Жауынгерлік кезекшілікті атқару кезінде биіктік-теңелту костюмін кию уақыты ҰПН-да айқындалады.

      Экипажды биіктік-теңелту костюмін кию орнынан әуе кемесіне және кері қарай жеткізу арнайы бөлінген автомобиль көлігінде орындалады. Экипаждың ӘК жанында немесе ұшу алдында стартта биіктік-теңелту костюмін қию уақыты минимумға дейін қысқартылуға тиіс.

      391. ӘК-ның 4000 м астам биіктікке ұшуы ақаусыз оттегі жабдығымен орындалады. Оны пайдалану тәсілі ҰПН-да айқындалады.

      392. Жоғары биіктікте, стратосферада ұшудың барлық процесінде ӘК экипажының мүшелеріне оттегі жабдығының ақаусыздығын, кабина герметикалығын ұдайы қадағалау жүктеледі.

      ӘК экипажының мүшелері ӘКК-ға (топ):

      1) оттегінің көп немесе аз шығыны туралы;

      2) герметикаланған кабинаға ауа жеткізудің тоқтатылғаны немесе азайғандығы туралы;

      3) герметикалылықтың бұзылуы туралы;

      4) экипаж мүшелері мен жолаушылар жай-күйінің нашарлауы туралы баяндайды.

      ӘКК (топ) ұшуда кезең-кезеңімен ӘК (топ) экипажы мүшелерінің жағдайларын сұрауы қажет.

      393. ӘК экипажы:

      1) кабинада түтін болған кезде;

      2) әуе ұрысын жүргізген кезде;

      3) залалданғаен әуеайлақтан ұшып көтерілген кезде;

      4) радиоактивті ауа массасы аймағынан ұшу кезінде;

      5) селқос кедергілерді қолдану аудандарындағы ұшу кезінде таза оттегіні пайдаланады.

11-параграф. Күрделі орнитологиялық ахуалда ұшу

      394. Ұшып көтерілуге шешім қабылдау алдында ӘКК әуеайлақ ауданындағы және ұшу маршрутындағы орнитологиялық жағдайды ескереді.

      Атқару стартында ұшуға басшылық жасау тобынан орнитологиялық ахуалдың күрделенгені туралы ақпарат алғаннан кейін ӘКК ұшып көтерілу мүмкіндігін бағалайды. Бұл жағдайлардағы ұшып көтерілу қосылған фарлармен жүргізіледі.

      395. Маршрут бойынша ұшу кезінде құстардың шоғырлануы байқалған жағдайда экипаж оларды айналып өтеді немесе үстінен ұшып өтеді. Экипаж әуеде ірі жыртқыш құстарды кездестірген кезде олардың әуе кемесіне қарсы ұмтылуы мүмкін екеніне ерекше назар аударады. Бұл жағдайда олармен жақындасуды болдырмау жөнінде әрекет жасау қажет.

      396. Күрделі орнитологиялық ахуал аймағын айналып өту мүмкін болмаған кезде ӘКК ұшып көтерілу пунктіне қайтып оралу немесе жақын жердегі қосалқы әуеайлаққа қону ұсынылады.

      Қону әуеайлағына жақындаған кезде ұшуға басшылық жасау тобынан орнитологиялық ахуалдың күрделенгені туралы ақпарат алғаннан кейін немесе құстарды көзбен көрген кезде экипаж:

      1) сақ болуын арттыруы;

      2) фарларды қосуы (егер фарлар бұрын қосылмаса);

      3) қозғалтқыш (қозғалтқыштар) жұмысының параметрлеріне бақылауды арттыруы;

      4) қажет болған кезде екінші айналымға кетуі қажет.

      397. Төмен биіктікте құс шоғырлануы және құстардың шоғырлануы мүмкін жер және су үстінен ұшу кезінде құстармен қақтығысудан кепілді биіктікте ұшу ұсынылады. Ұшу кезінде ұшуға қауіп төндіретін құстардың шоғырлануын байқаған ӘК экипажы ол туралы ұшу жетекшісіне дереу ақпарат береді.

12-параграф. Қолайсыз жағдайларда ұшу

      398. Ықпал ету нәтижесінде ұшу қауіпсіздігіне қатерді арттыратын жағдайлар қолайсыз деп саналады.

      Оларға:

      1) найзағай жарқырауы;

      2) атмосфералық турбуленттік, сорғалау ағыны, шырмалған турбуленттік;

      3) мұз қату жатады.

      399. Егер ұшуда экипаж тапсырманы орындауға мүмкіндік бермейтін қолайсыз метеорологиялық жағдайларға тап болса, ӘКК әуе қозғалысын басқару органына (ұшу жетекшісіне) ұшуды орындаудың мүмкін еместігі туралы баяндайды. Әуе қозғалысын басқару органы (ұшу жетекшісі) экипажға тапсырманы орындауға тыйым салады және ӘК-ны өзінің немесе қосалқы әуеайлаққа шығаруды қамтамасыз етуге шаралар қабылдауға тиіс. Бұл жағдайда ӘКК-ға (тікұшақ) әуеден таңдаған алаңға қонуға рұқсат етіледі. Егер экипаж қауіпті ауданнан шығу үшін ұшу режимін өзгерткен жағдайда әуе қозғалысын басқару органы (ұшу жетекшісі) ол туралы жауапкершілік ауданында ұшу жүргізіліп жатқан әуе қозғалысын басқару орталығын басқа органдарын хабардар ете отырып, әуе кемесіне ұшудың қауіпсіз эшелонын қамтамасыз етеді.

      400. ӘК-ның күшті-будақты құбылыстар маңынан ұшуы күшті шайқалумен және найзағай разрядының түсу мүмкіндігімен сипатталады. Күшті-будақты бұлттардан кесіп өту жоғарғы жиекті кемінде 500 м арттырумен ұшу немесе оларды кемінде 10 км арақашықтықта айналып өту арқылы мүмкін болады.

3-бөлім. Әуе кемелерінің ұшуына басшылық жасау
5-тарау. Ұшуға басшылық жасауды ұйымдастыру
1-параграф. Ұшуға басшылық жасау
тобын тағайындау шарттары

      401. Ұшуға басшылық жасау:

      1) ӘК-ны ұшу тапсырмаларын орындау және әуеайлақтарға қону үшін белгіленген уақытта шығаруды қамтамасыз етуді;

      2) қозғалтқыштарды іске қосқаннан бастап ұшудан кейін оларды сөндіргенге дейін олардың ұшу тапсырмаларын орындау процесінде экипажды басқаруды;

      3) ұшу ауданында метеорологиялық жағдайлар және әуе ахуалы туралы экипаждарды ақпараттандыруды;

      4) экипаждардың белгіленген ұшу режимін сақтауын бақылауды;

      5) қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ұшудағы ерекше жағдайларда және апатқа ұшырау кезінде экипаждарға көмек көрсету жөнінде қажетті шаралар қабылдауды қамтиды.

      402. Әуеайлақ ауданында мынадай құрамда авиациялық бөлімінің лауазымды адамдарынан ұшу ауысымына тағайындалған ұшуға басшылық жасау тобы жүзеге асырады:

      1) әуеайлақтағы ұшу жетекшісі;

      2) әуеайлақтағы ұшу жетекшісінің көмекшісі;

      3) ұшу (жақын аймақ) жетекшісі;

      4) ұшу (қону аймағы) жетекшісі.

      Ұшу шешілетін міндеттеріндің сипатына, авиациялық бөлімнің орналасу жағдайларына және оның ұйымдық-штаттық құрылымына байланысты көрсетілген адамдардан басқа, авиациялық бөлім командирінің шешімімен ұшуға басшылық жасау тобының құрамына:

      ұшу (алыс аймақ) жетекшісі;

      офицерлер (жауынгерлік басқару жөніндегі) (бағыттау штурманы);

      кезекші штурман;

      полигондағы ұшу жетекшісі;

      полигондағы (тактикалық) ұшу жетекшісінің көмекшісі;

      әуеден атыс (зымырандарды жауынгерлік ұшыру) аймағындағы ұшу жетекшісі;

      әуеайлақ аймағындағы ұшу жетекшісі;

      қону (нысаналы мақсат) алаңындағы ұшу жетекшісі;

      қону алаңындағы түсіру жетекшісі тағайындалады.

      403. Ұшып өтетін дара ӘК-ның және жоспарлы ұшу болмағанда әуеайлақта кезекшілік қалпынан ұшып шығатын ӘК-ның ұшуына басшылық жасау үшін мынадай құрамда қысқартылған ұшуға басшылық жасау тобы тағайындалады:

      1) ӘК-ны қабылдау және шығару жөніндегі кезекші;

      2) ұшу (қону алаңы) жетекшісі;

      3) офицер (жауынгерлік басқару жөніндегі) (алыс аймақ жетекшісі).

      Ұшып өтетін топтардың, сондай-ақ жолаушылары бар дара ӘК-ның ұшуын басқару үшін қысқартылған ұшуға басшылық жасау тобының құрамына қосымша әуеайлақтағы ұшу жетекшісі мен ұшу жетекшісінің көмекшісі тағайындалады.

      Парашютпен секіруді орындау кезінде жоспарлы ұшу болмаған кезде мынадай құрамда қысқартылған ұшуға басшылық жасау тобы тағайындалады:

      1) ӘК-ны қабылдау және шығару жөніндегі кезекші;

      2) ұшу (қону аймағы) жетекшісі;

      3) қону алаңына түсіру жетекшісі.

      404. Ұшып өтетін дара ӘК-ны қабылдау және шығару үшін әуеайлақта қамтамасыз көрсететін авиациялық комендатуралар мынадай құрамда ұшуға басшылық жасау тобын тағайындайды:

      1) әуеайлақтағы ұшу жетекшісі;

      2) ұшу (қону аймағы) жетекшісі.

      405. Әуеайлақта ұшу жетекшілері ұшуға басшылық жасау тобы бастығы, штаттық ұшу жетекшілері немесе мемлекеттік авиация басқару органдары бекітетін ұшуға басшылық жасау тобын арнайы даярлау Курсының (бұдан әрі - арнайы даярлық Курсы) теориялық даярлығынан өткен және ұшуды басқаруға рұқсатнамасы бар ұшқыштар (штурмандар):

      1) жеке авиациялық буында (жасақта) – ӘКК қатарынан;

      2) тікұшақтардағы жеке авиациялық эскадрильяда – буын (жасақ) командирлері қатарынан;

      3) жеке авиациялық эскадрильяда – авиациялық эскадрилья командирінің орынбасарлары қатарынан, ал осы авиациялық эскадрилья бір буынаның (жасағының) ӘК ұшуы кезінде – буын (жасақ) командирі қатарынан;

      4) бір авиациялық эскадрильяның ұшуы кезінде авиациялық бөлімде – авиациялық эскадрилья командирінің орынбасарлары қатарынан, ал авиациялық бөлім құрамында ұшу кезінде – авиациялық эскадрилья командирлері, авиациялық бөлімнің командирлері, авиациялық бөлімнің аға штурмандары, әуе-оқ ату және тактикалық даярлық бастығы қатарынан тағайындалады.

      Екі және одан да көп авиациялық бөлімдердің экипаждары (бөлімшелері) бір уақытта ұшқан кезде, сондай-ақ ұшу-әдістемелік жиындарда басшы ұшқыш құрамының ұшуы кезінде әуеайлақта ұшу жетекшісі мемлекеттік авиация басқармасы органы басшысының бұйрығымен тағайындалады.

      Жоғарыда көрсетілген лауазымды адамдарынан басқа, әуеайлақта ұшу жетекшілері болып сонымен қатар ұшқыш (штурман) мамандығы және ұшуға басшылық жасауға тиісті рұқсатнамасы бар олардан үлкендер тағайындалуы мүмкін.

      406. Әуеайлақта ұшуды жүргізу кезеңінде ұшу жетекшісі ұшу ауысымының үлкеніне бағынады және ұшуды жүргізуге және қамтамасыз етуге қатысатын барлық жеке құрам үшін тікелей бастық болып табылады.

      407. Ұшу жетекшісінің көмекшілері болып штаттық ұшу жетекшілері немесе ұшқыштар тағайындалады.

      Ұшу жетекшісінің көмекшісіне:

      1) қонуға кіретін әуе кемелерін қадағалаушы;

      2) қоршау командасы;

      3) прожекторлық есептоп бағынады.

      408. Ұшу (жақын аймақ) жетекшісі болып штаттық ұшу жетекшісі немесе ұшқыштар мен штурмандар лауазымдарын атқаратын адамдар тағайындалады. Ұшу жетекшісі (жақын аймақ) ұшу жетекшісі (қону аймағы) және радиолокациялық қону жүйесінің есептобы үшін үлкені болып табылады.

      409. Ұшу (қону аймағы) жетекшісі болып штаттық ұшу (қону аймағы) жетекшісі, ұшу (жақын аймақ) жетекшісі, ұшу жетекшісі немесе ұшқыштар мен штурмандар лауазымдарын атқаратын адамдар тағайындалады. Ұшу (қону аймағы) жетекшісі радиолокациялық қону жүйесінің есептобы үшін үлкені болып табылады.

      410. Ұшу (алыс аймақ) жетекшісі болып командалық пункт бастығы немесе офицер (жауынгерлік басқару жөніндегі), ал ұшу (алыс аймақ) жетекшісі штаттарында көзделмеген авиациялық бөлімдерде – буын (жасақ) штурманынан және одан жоғары ұшқыш құрамы тағайындалады. Ұшу (алыс аймақ) жетекшісі офицер (жауынгерлік басқару жөніндегі) және радиолокациялық станциялар және автоматтандырылған басқару жүйесінің есептоптары үшін үлкені болып табылады.

      411. Офицер (жауынгерлік басқару жөніндегі) болып штаттық командалық пункттің, жауынгерлік басқару орталығының, бағыттаушы пункттердің және басқа да пункттердің жауынгерлік басқару бастықтары мен офицерлері (ұшу жетекшісі (алыс аймақ) лауазымдарын атқаратын адамдар немесе ұшқыштар мен штурмандар тағайындалады. Офицер (жауынгерлік басқару жөніндегі) радиолокациялық станциялар мен автоматтандырылған басқару жүйесінің есептоптары үшін үлкені болып табылады.

      412. Полигондағы ұшу жетекшілері болып авиациялық зақымдау құралдарын жауынгерлік қолдануға ұшу тәжірибесі бар және полигонда ұшуды басқаруға тиісті рұқсатнамасы бар ұшқыштардан немесе штурмандардан тағайындалады:

      1) жеке авиациялық буында (жасақта) – ӘКК қатарынан;

      2) жеке авиациялық эскадрильяда – буын (жасақ) командирлері (штурмандар) қатарынан;

      3) бір авиациялық эскадрильяның ұшуы кезіндегі авиациялық бөлімде – авиациялық эскадрилья командирі орынбасарлары немесе штурмандар қатарынан, бірнеше эскадрилья экипаждарының ұшуы кезінде – авиациялық бөлімнің штурманы, әуе-оқ ату және тактикалық даярлық бастығы немесе авиациялық бөлімнің командирлері қатарынан;

      4) уақытша (жылжымалы) полигонда – авиациялық эскадрилья командирінің орынбасарлары қатарынан және авиациялық эскадрилья (авиациялық бөлім) штурманы, авиациялық бөлімнің барлау бастығы немесе әуе-оқ ату және тактикалық даярлық бастығы.

      Екі және одан да көп авиациялық бөлімдер экипаждарының (бөлімшелерінің) бір уақытта ұшуы кезінде, сондай-ақ ұшу-әдістемелік жиындарда басшылық ұшқыш құрамының ұшуы кезінде полигонда ұшу жетекшісі мемлекеттік авиация басқару органы бастығының бұйрығымен тағайындалады.

      Жоғарыда аталған барлық лауазымды адамдардан басқа, полигонда ұшу жетекшісі болып ұшқыш (штурман) мамандығы бар және ұшуды басқаруға рұқсатнамасы бар олардан үлкен бастықтар тағайындалады.

      Әуе кемелерімен сыртқы аспалыда жүктерді тасымалдау және су бетінде құтқару жұмыстарын орындау кезінде ұшуды басқаруға осы ұшуды орындауда практикалық тәжірибесі бар ӘКК және одан жоғары ұшқыштар жіберіледі.

      413. Полигонда ұшу жетекшісінің көмекшісі ұшқыштар, штурмандар және жауынгерлік басқару офицерлері қатарынан тағайындалады.

      ӘК-ның әртүрлі түрлерін жауынгерлік қолдануды орындау жағдайында ұшуға басшылық жасау тобының құрамына полигонда ұшу жетекшісінің басқаруға жіберілген әуе кемелерінің түрін қоспағанда, әуе кемелерінің әрбір түріне полигонда ұшуды басқаруға тиісті рұқсатнамасы бар ұшу жетекшісінің көмекшілері тағайындалады.

      414. Ұшуға басшылық жасау тобы құрамында атуға және зымыранды ұшыруға ұшуды орындау кезінде әуеден ату аймағында ұшу жетекшісі және жауынгерлік басқару офицері тағайындалады.

      415. Әуеайлақ аймағында ұшу жетекшісі болып тиісті рұқсатнамасы бар ұшқыштар мен штурмандар тағайындалады:

      1)ұшуды басқару техникасын меңгеру кезінде – авиациялық эскадрилья командирінің орынбасары;

      2)авиациялық эскадрильяда жауынгерлік қолдануды меңгеру кезінде –командирі немесе буын (жасақ) штурманы, ал авиациялық бөлімде – авиациялық эскадрилья командирінің орынбасарлары немесе штурман қатарынан.

      Жоғарыда аталған барлық лауазымды адамдардан басқа, әуеайлақ аймағында ұшу жетекшісі болып ұшқыш мамандығы және тиісті рұқсатнамасы бар олардан үлкен бастықтар тағайындалады.

      416. Қону тәсілімен десанттауды тікұшақпен орындау кезінде қону алаңында (нысаналы мақсатта) ұшу жетекшісі болып штаттық ұшу жетекшілері немесе ұшқыштар тағайындалады:

      1) буынға (жасаққа) дейін – ӘКК қатарынан;

      2) бір авиациялық эскадрилья – буын (жасақ) командирлері немесе авиациялық эскадрилья командирлерінің орынбасарлары қатарынан;

      3) бір уақытта екі авиациялық эскадрилья немесе авиациялық бөлім – авиациялық эскадрилья командирлерінің немесе авиациялық бөлім командирлерінің орынбасарлары қатарынан.

      Көрсетілген лауазымды адамдардан басқа, алаңда ұшу жетекшісі болып ұшқыш мамандығы және тиісті рұқсатнамасы бар болған кезде олардан үлкен бастықтар тағайындалады.

      417. Жерге қону (нысаналы мақсат) алаңына түсіру жетекшісі болып штаттық ұшу жетекшісі немесе ұшқыштар мен штурмандар тағайындалады:

      1) дара экипаж парашютшілерді (жүктерді) түсірген немесе топтық құрамның шартты түсірулерін орындауы кезінде буынға дейін – ӘК командирлері немесе штурмандары қатарынан;

      2) ӘК-ның буынға дейінгі құрамы тобының парашютшілерді (жүктерді) түсіруі немесе авиациялық эскадрильяға дейінгі құрам тобының шартты түсірулерді орындауы кезінде – буын (жасақ) командирлері немесе штурмандары қатарынан;

      3) ӘК-ның авиациялық эскадрильяға дейінгі құрамы тобының парашютшілерді (жүктерді) түсіруі немесе авиациялық бөлім құрамында шарты түсірулерді орындауы кезінде – авиациялық эскадрилья командирінің орынбасарлары немесе авиациялық эскадрилья штурманы қатарынан;

      4) авиациялық бөлім құрамының парашютшілерді (жүктерді) түсіруі кезінде – авиациялық эскадрилья командирі орынбасарлары немесе авиациялық бөлімнің аға штурмандары қатарынан.

      Көрсетілген лауазымды адамдардан басқа, парашюттік әдіспен десанттау кезінде ұшуды басқаруға тиісті рұқсатнамасы бар олардан үлкен бастықтар түсіру жетекшісі тағайындалады.

      418. Ұшқыштар, штурмандар, ұшқыш-штурмандар, ұшқыш-операторлар қатарынан кезекші штурман тағайындалады. Ұшу ауысымына ұшу ауысымының бірінші және екінші жартысында өз міндеттерін кезекпен орындайтын екі кезекші штурман тағайындауға жол беріледі.

      419. ӘК-ны қабылдау және шығару жөніндегі кезекші ұшу жұмысында екі жылдан астам өтілі бар ұшқыштар мен штурмандардан тағайындалады. ӘК-ны қабылдау және шығару жөніндегі кезекші әуеайлақ бастығының авиациялық басшысына бағынады және ұшуды қамтамасыз ету тобының және қысқартылған ұшуға басшылық жасау тобының бастығы болып табылады.

2-параграф. Мемлекеттік авиация әуеайлақтарында
ұшуға басшылық жасауды ұйымдастыру

      420. Ұшуды басқару ӘК экипажының ұшуды басқару пунктімен екіжақты тұрақты радиобайланысы кезінде және үздіксіз радиолокациялық бақылауды қамтамасыз ету кезінде жүзеге асырылады. Үздіксіз радиолокациялық бақылау қамтамасыз етілмеген жағдайда ұшуды тікелей басқаруды жүзеге асыратын басқару пунктімен екіжақты тұрақты радиобайланыс болған кезде ғана ӘК ұшуына жол беріледі.

      421. Полигонның басқару пунктінде авиациялық полигонның аэронавигациялық паспортында белгіленген құжаттама болады.

      422. Ұшуға басшылық жасау тобының адамдарында қажетті құжаттаманың болуына және оның уақтылы жаңартылуына бақылауды авиациялық бөлімнің штаб бастығы жүзеге асырады.

      423. ӘК экипажының ұшуын басқаруды жүзеге асыратын басқару пункттерінің есептоптары әуе, метеорологиялық және орнитологиялық жағдайларды, өз жауаптылық аймағындағы ұшулар жоспарына сәйкес негізгі және қосалқы әуеайлақтардың жай-күйін зерделейді, ӘК экипажын ол туралы хабардар етеді және ұшуда ерекше жағдай туындағанда және ұшуда қауіпті метеорологиялық жағдайлар болғанда апатқа ұшырайтын немесе ұшыраған ӘК экипажына көмек көрсету бойынша уақтылы шаралар қабылдайды.

      424. Басқару пункттері арасында ӘК ұшуын басқаруды беру белгіленген шептерде және келісілген биіктіктерде (эшелондарда) жүзеге асырылады.

      425. Оған басқару берілетін ұшуды басқару пункті ӘК ұшуына радиолокациялық бақылауды орната отырып (болған кезде), оның экипажымен екіжақты тұрақты радиобайланыс орнатқан кезде және жерүсті байланыс арналары (радиоарналар) бойынша немесе әуедегі ӘК экипаждары арқылы осы ӘК-ні басқаруды тапсыратын ұшуды басқару пунктіне хабарлай отырып, ӘК экипажына оны басқаруға қабылдағанын растаған кезде басқару қабылданған болып саналады.

      426. Әуеайлақта ұшу жетекшісі ӘК экипажының ұшуын жеке өзі немесе ұшуға басшылық жасау тобының адамдары арқылы ӘК шолып қадағалау деректері бойынша, радиотехникалық станциялардың көмегімен және экипаждардың баяндауы арқылы басқарады.

      427. Ұшуға басшылық жасау үшін мынадай аймақтар белгіленеді:

      1) шолып бақылау аймағы – әуеайлақтың ұшу алаңы және әуеайлақтың бақылау нүктесінен 5 км артық емес қашықтыққа дейін ұшу жетекшісінің немесе ұшу жетекшісі көмекшісінің нақты шолып көруі шегіндегі әуе кеңістігі;

      2) қону аймағы – қону бағытына қатысты + 25Ү секторымен және ұшу-қону жолағының басынан 60 км қашықтықпен шектелген қону бағытындағы әуе кеңістігі;

      3) жақын аймақ – әуеайлақтың бақылау нүктесінен 75 км қашықтыққа дейінгі әуе кеңістігі (шолып бақылау аймағы мен қону аймағының әуе кеңістігін қоспағанда);

      4) алыс аймақ – әуеайлақтың бақылау нүктесінен 75 км қашықтықтан бастап әуеайлақтың аэронавигациялық паспортында белгіленген шекараға дейінгі әуе кеңістігі.

      428. ӘК экипаждарын басқаруды:

      1) шолып бақылау аймағында – ӘК қозғалтқышы іске қосылғаннан және жермен жүру басталғанынан басқаруды ұшу жетекшісіне (жақын аймақта) тапсырғанға дейін және ӘК-ні шолып байқағаннан немесе ұшу жетекшісінің (қону аймағында) басқаруды қабылдағаннан бастап ӘК тұрақ орнына жермен жүрген және қозғалтқышын сөндіргенге дейін немесе әуеайлақтың аэронавигациялық паспортында белгіленген шекараларда әуеайлақтағы ұшу жетекшісі (ұшу жетекшісінің көмекшісі);

      2) жақын аймақта – айнала шолу индикаторларында немесе әуе жағдайының индикаторларында ұшып көтерілген (екінші айналымға кеткен) ӘК белгілерін анықтаған (ұшу жетекшісінен (ұшу жетекшісінің көмекшісінен) басқаруды қабылдаған) сәттен бастап басқаруды ұшу жетекшісіне (алыс аймақта), ұшу жетекшісіне (қону аймағында) тапсырғанға дейін және ұшу жетекшісінен (алыс аймақта) басқаруды қабылдаған сәттен бастап басқаруды ұшу жетекшісіне (қону аймағында) тапсырғанға дейін немесе әуеайлақтың аэронавигациялық паспортында белгіленген шекараларда ұшу жетекшісі (жақын аймақта);

      3) алыс аймақта – ұшу жетекшісінен (жақын аймақта) басқаруды қабылдаған сәттен бастап басқаруды жауынгерлік басқару (өзара іс-қимыл жасайтын басқару пунктінің) офицеріне немесе ұшу жетекшісіне (жақын аймақта) (экипаж тапсырманы орындағаннан кейін) тапсырғанға дейін, сондай-ақ офицерден (жауынгерлік басқару жөніндегі) (өзара іс-қимыл жасайтын басқару пунктінің) басқаруды қабылдаған сәттен бастап басқаруды ұшу жетекшісіне (жақын аймақта) тапсырғанға дейін немесе әуеайлақтың аэронавигациялық паспортында белгіленген шекараларда ұшу жетекшісі (алыс аймақта);

      4) қону аймағында – ұшу жетекшісінен (жақын аймақта) басқаруды қабылдаған сәттен бастап техникалық құжаттамада белгіленген және ұшатын зертхананың айналып ұшу нәтижелерімен расталған қону радиолокаторы көрінім аймағының жақын шекарасының қашықтығына дейін ұшу жетекшісі (қону аймағы) жүзеге асырады.

      429. ӘК-нің жақын аймақтан қону аймағына қозғалысын басқаруды беру ӘК қону аймағы шегінде қону бағытына бұрылуды бастаған нүктеде жүргізіледі.

      430. Полигонға, атыс аймақтарына және сол сияқтыларға ұшу кезінде басқаруды беру шептері әуеайлақтың аэронавигациялық паспортында айқындалады.

      431. Экипажды басқаруды тиісті жауаптылық аймағына беруге команда мынадай мәліметтерді жеткізумен қоса жүргізіледі: ұшқыштың шақыру белгісі, азимут, қашықтық, ұшу биіктігі. Қажет болған кезде басқа да мәліметтер хабарланады. Экипажды басқаруды қабылдауға команда алып, ұшуға басшылық жасау тобының адамы алған координаталар бойынша, радиолокациялық станциялардың индикаторлары бойынша (радиолокациялық бақылау болмаған кезде – штильдік төсем бойынша) ӘК-ның орналасқан орнын анықтайды, олармен байланыс орнатады және ұшу тапсырмасына сәйкес оның ұшуын басқарады. Егер ұшуға басшылық жасау тобының адамы экипажбен байланыс орнатса, ӘК-нің тұрған орнын білсе және радиолокациялық құралдарды пайдаланумен оны қадағаласа (радиолокациялық бақылау болмаған кезде штильдік төсем жүргізеді), онда басқару тапсырылған болып саналады.

      432. Экипажды басқаруды:

      1) ұшу жетекшісі (жақын аймақтағы) ұшу жетекшісінен (ұшу жетекшісінің көмекшісінен) – айналып шолу индикаторларында ұшып көтерілген ӘК белгісі анықталған сәттен бастап;

      2) ұшу жетекшісі (алыс аймақта) ұшу жетекшісінен (жақын аймақта) (ұшу жтекшісі (жақын аймақта) ұшу жетекшісінен (алыс аймақта)) – жақын және алыс аймақтар арасындағы шекарада немесе әуеайлақтың аэронавигациялық паспортында белгіленген шептерде;

      3) ұшу жетекшісі (қону аймағында) ұшу жетекшісінен (жақын аймақта) – ӘК қону бағытына бұрылуды бастаумен қону аймағының шегінде;

      4) ұшу жетекшісі (ұшу жетекшісінің көмекшісі) ұшу жетекшісінен (қону аймағы) – ӘК радиомаркері бар алыс жетекті радиостанциядан өткеннен кейін (қарапайым метеорологиялық жағдайларда) шолып көру шегінде қабылдайды.

      433. Штатында ұшу жетекшісінің (жақын аймақ) лауазымы көзделмеген авиациялық бөлімдерде жақын аймақта ұшуға басшылық жасау жөніндегі функциялар әуеайлақтағы ұшу жетекшісі мен қону аймағының жетекшісі арасында бөлінеді. Бұл ретте:

      1) әуеайлақтағы ұшу жетекшісі ӘК экипаждарына ұшу эшелондары мен қонуға кіру тәсілдерін айқындайды, әуеайлақ аймақтарынан орын алу мен босатуға, радиомаркері бар алыс жетекті радиостанцияға шығуға (жақын навигация радиотехникалық станциясының маягы), күту аймағына кіруге, ұшу шеңберіне кіру мен шеңберден шығуға командалар береді, ұшу жетекшісіне (қону аймағы) қонуға кіретін ӘК легін қалыптастыруда көмек көрсетеді;

      2) ұшу жетекшісі (қону аймағында) қонуға кіру схемалары бойынша ұшуды орындайтын ӘК экипаждарын басқарады, қонуға кіретін ӘК легін қалыптастырады, алыс аймаққа ұшуды жүзеге асыратын ӘК экипаждарын басқаруды береді (қабылдайды). Байланыс және радиотехникалық қамтамасыз ету бөлімшесінің (бөлімнің) штатында диспетчерлік радиолокатор операторы бар болған кезде, ол ұшу жетекшісіне (қону аймағы) жақын аймақтағы ӘК-ні бақылауда көмек көрсетеді.

      434. Штатында командалық пункт көзделмеген авиациялық бөлімде алыс аймақтағы ұшуға басшылық жасау әуеайлақтағы ұшу жетекшісіне, ал осы аймақта ӘК ұшуын бақылау – кезекші штурманға жүктеледі.

      Бұл ретте экипаждарды басқару ерекшеліктері және басқаруды беру (қабылдау) тәсілдері әуеайлақтың аэронавигациялық паспортында жазылады.

      435. Авиациялық комендатуралар қамтамасыз ететін әуеайлақтарда ұшуға басшылық жасау функциялары осы Қағидалардың 433-тармағына сәйкес әуеайлақтағы ұшу жетекшісі мен ұшу жетекшісі (қону аймағы) арасында бөлінеді. Жауаптылық аймақтары мен басқаруды беру шептері әуеайлақ пен әуе қозғалысын басқару органдары радиолокациялық құралдарының мүмкіндіктеріне байланысты әуеайлақтың аэронавигациялық паспортында белгіленеді.

      436. Ұшуды өткізу кезінде барлық байланыс арналарындағы радиоалмасу, ұшуға басшылық жасау тобы мен ұшуды басқару пункттерінің дауыс зорайтқыш және телефон байланысы арқылы сөйлесулері, сондай-ақ радиолокациялық ақпарат барлық ұшу ауысымы бойы ақпаратты тіркеу құралдарымен жазылады.

      437. Әуеайлақтың орналасу жағдайымен және радиотехникалық құралдардың мүмкіндіктерімен айқындалатын ұшудың барлық кезеңдерінде әуе кеңістігін бөлу мен ӘК экипаждарын басқару ерекшеліктері, сондай-ақ ӘК экипаждарын басқаруды беру (қабылдау) тәсілдері, әуеайлақтың аэронавигациялық паспортында жазылады.

      438. ӘК-нің әуеайлақ ауданынан тыс ұшуы кезінде, егер қосымша әуе кеңістігі бөлінбеген болса, экипажды басқару әуеайлақтағы (командалық пункттегі) ұшуға басшылық жасау тобынан әуе қозғалысын басқару органдарына немесе олардың нұсқауы бойынша қосалқы басқару пунктіне беріледі.

      439. ӘК ұшуын басқару әуе қозғалысын басқару органына берілген кезде жерүсті байланыс арналары бойынша, ал ол болмаған кезде ӘК-ретранслятор экипажы арқылы экипаждың (топ жетекшісінің) шақыру белгісі, оның орналасқан орны, ұшу бағыты, эшелоны (биіктігі), қону әуеайлағының шақыру белгісі және отынның қалдығы, ал ӘК экипажына (топ жетекшісіне) – ұшу эшелоны (биіктігі), басқару пунктінің шақыру белгісі және онымен байланыс арнасы (жиілігі) хабарланады.

      Әуе қозғалысын басқару органдары ӘКҚ маршруттарынан тыс ұшатын, әуеайлақ ауданы арқылы транзитпен ұшып өтетін ӘК туралы ақпарат алысымен осы әуеайлақтағы ұшу жетекшісіне осындай ӘК-нің әуеайлақ ауданына кірген уақыты туралы, сондай-ақ оның ұшу биіктігі мен маршруттары туралы дереу ескерту қажет.

      440. Авиациялық полигондағы ұшуға басшылық жасауды ұйымдастыру ерекшеліктері авиациялық полигонның аэронавигациялық паспортында айқындалады.

      441. Әуеде атысу (зымырандарды жауынгерлік іске қосу) аймақтарында ұшуға басшылық жасауды ұйымдастыру осы аймақтың аэронавигациялық паспортында айқындалады.

      442. Әуеайлақтық аймақтарда (әуеайлақ үстінде) ұшуға басшылық жасауды ұйымдастыру әуеайлақтың аэронавигациялық паспортында айқындалады. Әуеайлақ үстінде ұшуды басқару техникасын немесе тактикалық жауынгерлік қолдануды пысықтау кезінде олардың қауіпті жақындауларын болдырмау үшін ұшу жетекшісі басқа ӘК ұшып көтерілуі мен қонуын шектейді.

      443. Ұшуға басшылық жасау тобының адамдарын ұшу уақытында ауыстыруға жол берілмейді. Әуеайлақтағы ұшу жетекшісі қандай да бір себептермен өз міндеттерін орындауға қабілеті болмаған жағдайда, ұшу уақытында әуеайлақта болған авиациялық бөлім командирі (ұшқыштар құрамы қатарындағы үлкен авиациялық бастық) ұшуға басшылық жасауды өзіне алуы немесе өзінің үстіндегі бастыққа қабылданған шешім туралы баяндай отырып, ұшуларды тоқтатуы қажет.

      444. Егер ұшуға басшылық жасау тобы басқа адамдарының біреуі өз міндеттерін орындатын жағдайда болмаса, әуеайлақтағы ұшу жетекшісі ӘК-ны шығаруды тоқтатуы және ол туралы авиациялық бөлім командиріне баяндауы қажет, ол ұшуды жалғастыруға, шектеуге немесе тоқтатуға шешім қабылдайды және ол туралы үлкен бастыққа баяндайды.

      445. Әуеайлақтағы ұшу жетекшісінің ауа райын әуе барлауға және толық барлауға ұшуына жол беріледі. Осындай жағдайларда авиациялық бөлімнің командирі осы мерзімге ұшуға басшылық жасау үшін тағайындалған лауазымды адам оның ұшуына басшылық жасайды. Әуеайлақтағы ұшу жетекшісі орындайтын ауа райын толық барлау уақытында жоспарлы ұшуға жол берілмейді.

      Ұшу ауысымына өз міндеттерін кезекпен орындайтын бірнеше ұшу жетекшісінің көмекшісі, тактикалық полигондағы ұшу жетекшісі, кезекші штурман тағайындалған жағдайда әуеайлақтағы ұшу жетекшісінің көмекшісіне, тактикалық полигондағы ұшу жеткшісіне және кезекші штурманға ұшуға басшылық жасаудан бос уақытта ұшу орындауға рұқсат беріледі.

      Ұшуға басшылық жасау тобының басқа адамдарына осы ұшу ауысымында ұшу жүргізуге рұқсат берілмейді.

      446. Ұшуға басшылық жасау тобының құрамында міндеттерін орындайтын барлық лауазымды адамдар ӘК экипажына белгіленген командалар мен ақпаратты беруге, сондай-ақ олардан қажетті ақпаратты алу құқығын пайдаланады.

      447. ӘК ұшып көтерілу мен қонуды орындаған кезде ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін орындау командаларын беру қажет болатын кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларды қоспағанда, 150 м кем биіктікте (тікұшақтар үшін 50 м кем) радио арқылы сұрау салып, ӘК экипажын ұшуды басқарудан алаңдатуға жол берілмейді.

      448. Әуеайлақтағы ұшу жетекшісінің ӘК экипажына:

      1) ұшу-қону жолағы бос болмаған;

      2) басқа ӘК ұшып шыққан немесе екінші шеңберге кеткен немесе ол орналасқан орын қауіпсіз аралықты қамтамасыз етпейтін;

      3) ұшу-қону жолақттарында кедергі болған;

      4) ӘК экипажында ұшып көтерілу қауіпсіздігіне қатер төндіретін құбылыстар (құстардың жиналуы, ауа райының қауіпті метеорологиялық құбылыстары) туралы ақпарат болмаған;

      5) метеорологиялық көрінім ӘКК минимумынан төмен;

      6) қатты нөсерлі жауындар;

      7) желдің бағыты мен ұшу-қону жолағы бетінің жай-күйін ескере отырып, жердегі жел жылдамдығы бойынша белгіленген шектеулерден асқан;

      8) нақты ауа райы әуеайлақтағы минимумнан төмен болған жағдайларда ұшуға рұқсат беруіне жол берілмейді.

      449. Ұшуға басшылық жасау тобының барлық адамдары ұшуға басшылық жасауды Курстармен белгіленген радиоалмасу фразеологиясына сәйкес жүзеге асырады. ӘК бортында немесе жер үстінде ерекше жағдайлар туындаған кезде белгіленбеген радиоалмасу жүргізуге жол беріледі.

      450. Ұшуға басшылық жасаумен байланысты емес адамдардың (бақылаушы лауазымды адамдардан басқа) ұшу уақытында ұшуға басшылық жасау тобының адамдары орналасқан орында болуына жол берілмейді.

      Ұшу уақытында ұшуға басшылық жасау тобының адамдарын өз міндеттерін орындаудан алаңдатуға жол берілмейді.

      451. Мемлекеттік авиацияның әртүрлі тиесіліктегі ӘК-нің бір уақытта ұшуы кезінде оларды басқаруды осы әуеайлақ (тікұшақ алаңы) соның қарамағында тұрған мемлекеттік авиацияның басқару органы тағайындаған ұшуға басшылық жасау тобы жүзеге асырады.

3-параграф. Ұшуға басшылық жасау тобының адамдарын
ұшуды басқаруға жіберу

      452. Ұшуға басшылық жасау тобының адамдарына жеке ӘК, ӘК тобының, күндіз және түнде, қарапайым және күрделі метеорологиялық жағдайларда ұшуға басшылық жасауға рұқсатнама беріледі.

      Ұшуға басшылық жасау тобы адамдарының басшылығындағы ӘК саны арнайы даярлық Курсында айқындалады.

      Алынған рұқсатнамалар ұшуға басшылық жасау топтары адамдарының кітапшаларына енгізіледі, оларға штаб бастығы қол қояды және бөлімнің елтаңбалы мөрімен расталады.

      453. Ұшуға басшылық жасау тобының құрамында ұшу жетекшісі, ұшу (жақын аймақтағы) жетекшісі, ұшу (қону аймағының) жетекшісі, ұшу (алыс аймақтағы) жетекшісі, офицер (жауынгерлік басқару жөніндегі) (бағыттаушы штурман) ретінде алғашқы рет ұшуға басшылық жасауға кірісетін лауазымды адамдар мемлекеттік авиация басқару органының басшысы (Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы) ұйымдастыратын арнайы курстарда, ал ұшуға басшылық жасау тобының басқа адамдары (осы Қағидалардың 402-тармағына сәйкес), соның ішінде ӘК-ні қабылдау мен шығару жөніндегі кезекші – авиациялық бөлімнің командирі ұйымдастыратын жиындарда (арнайы сабақтарда) даярлықтан өтеді.

      Осы бейін бойынша әскери оқу және оқу орындарын бітірген офицерлер (жауынгерлік басқару жөніндегі) арнайы курстарда оқытуға тартылмайды.

      Арнайы курстарда және жиындарда оқығандығы туралы деректер ұшуға басшылық жасау тобы адамдарының кітапшаларына жазылады.

      454. Ұшуға басшылық жасау тобының адамдарын ұшуға басшылық жасауға жіберу олардың теориялық пәндер бойынша білімін тексеру қорытындысы бойынша, тағылымдамадан өткеннен кейін және ұшуды практикалық басқаруын тексеруден кейін жүргізіледі.

      455. Ұшуға басшылық жасау тобы адамдарының мыналарды білуі тексеріледі:

      1) әуеайлақтың аэронавигациялық паспортын;

      2) өз бөліміндегі ӘК ұшу-техникалық деректерін;

      3) әуеайлақта байланыс және ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарын;

      4) ұшуда ерекше жағдайлар туындаған кездегі іс-қимылдарды;

      5) авиациялық бөлімнің қару-жарағындағы ӘК ҰПН (өз міндеттерін орындау үшін қажетті көлемде);

      6) орналасқан ауданның авиациялық-климаттық және орнитологиялық ерекшеліктерін;

      7) ұшуға басшылық жасауды ұйымдастыру мен іске асыруын.

      Одан басқа, полигондағы ұшу жетекшісінің және оның көмекшісінің авиациялық полигонның аэронавигациялық паспортын және авиациялық зақымдау құралдарын қолданудың қауіпсіз шарттарын, полигонның байланыс және ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарын пайдалану шарттарын білуі тексеріледі.

      456. Ұшуға басшылық жасау тобының адамдарын кәсіби дайындығының деңгейіне байланысты, арнайы даярлық Курсының талаптарына сәйкес ұшуға басшылық жасауға жіберуді:

      1) авиациялық бөлімі ұшуға басшылық жасау тобының барлық адамдарын – авиациялық бөлімнің командирі немесе ұшуға басшылық жасау тобының бастығы;

      2) полигондағы штаттық ұшу жетекшілерін – бағынысында полигоны бар авиациялық бастықтар;

      3) ұшқыш әскери оқу орнындағы ұшуға басшылық жасау тобының адамдарын – ұшқыш әскери оқу орнының бастығы (бағынысты авиациялық орталықтарда – авиациялық орталықтың бастығы);

      4) ұшуға басшылық жасау тобының бастықтарын – әуеайлақтың үлкен авиациялық бастығы;

      5) авиациялық бөлімнің командирлерін, ұшқыш әскери оқу орнының бастығын – мемлекеттік авиацияны басқару органының басшысы (Әскери-әуе күштерінің қолбасшысы) жүзеге асырады.

      Ұшуға басшылық жасау тобының адамдары арнайы даярлық Курсына сәйкес командирдің (бастықтың) тиісті бұйрығымен, рұқсатнаманы ұшуға басшылық жасау тобы адамдарының кітапшасына жаза отырып, ұшуға басшылық жасауға жіберіледі.

      457. Ұшуға басшылық жасау тобының адамдары рұқсатнама алу заңдылығын бұзу фактісі анықталған кезде одан айырылады.

      Бұл жағдайда рұқсатнамадан айыру қызметтік тергеп-тексеру нәтижелері бойынша тиісті командирдің (бастықтың) бұйрықтарымен жүзеге асырылады.

      458. Рұқсатнамадан айырылғандығы туралы ұшуға басшылық жасау тобы адамдарының кітапшасына тиісті жазба жасалады.

      Рұқсатнаманы қалпына келтіру арнайы даярлық Курсына сәйкес оны алу кезіндегідей тәртіппен жүзеге асырылады.

4-параграф. Ұшуға басшылық жасау тобының адамдарын тексеру

      459. Ұшуға басшылық жасау тобының, жауынгерлік басқару тобының, бағыттау мен нысана көрсету пунктінің барлық адамдары және офицерлер (жауынгерлік басқару жөніндегі) атқаратын лауазымы мен даярлық деңгейіне қарамастан 12 айда бір реттен сирек емес ұшуға практикалық басшылық жасауда, осы Қағидалардың 455-тармағында және арнайы даярлық Курсында көрсетілген теориялық пәндер бойынша олардың білімі тексеріледі.

      Әртүрлі жұмыс орнынан ұшуға басшылық жасауға рұқсатнамасы бар ұшуға басшылық жасау тобының адамдары ұшуға практикалық басшылық жасауда әрбір жұмыс орнынан жеке тексеріледі.

      Тексеру нәтижелері ұшуға басшылық жасау тобы адамдарының кітапшаларына (офицер (жауынгерлік басқару жөніндегі) үшін – офицердің (жауынгерлік басқару жөніндегі) кітапшасына) және осы Қағидаларға 17-қосымшаға нұсқасы көрсетілген әуеайлақтағы ұшу жетекшісінің журналына жазылады.

      460. Ұшуға басшылық жасау тобының, жауынгерлік басқару тобының, бағыттау мен нысана көрсету пунктінің адамдарын және офицерді (жауынгерлік басқару жөніндегі) ұшуға практикалық басшылық жасауда тексеруді ұшуға басшылық жасауға тиісті рұқсатнамасы бар және ұшуға басшылық жасауда үзілісі болмаған олардың тікелей және тура бастықтары жүргізеді.

      Көрсетілген бастықтар даярлығының деңгейі көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайларда, ұшуға басшылық жасау тобының адамдарын тексеруді олар тағайындаған лауазымды адамдар жүзеге асырады.

5-параграф. Ұшуға басшылық жасау тобы адамдарының ұшуды басқарудағы
рұқсат етілетін үзілісі және дағдыларын қалпына келтіру

      461. Әуеайлақтағы ұшу жетекшісі, ұшу жетекшісі (жақын аймақ), ұшу жетекшісі (қону аймағы), ұшу жетекшісі (алыс аймақ) және полигондағы ұшу жетекшісі үшін ұшуға басшылық жасаудағы үзілістер 3 айдан аспауға тиіс.

      Офицер (жауынгерлік басқару жөніндегі), жауынгерлік басқару тобының, бағыттау мен нысана көрсету пунктінің офицерлері үшін рұқсат етілетін үзілістер басқару пункттерінің жауынгерлік даярлық Курсында белгіленеді.

      Ұшуға басшылық жасау тобының басқа адамдары үшін үзілістер 4 айдан аспауға тиіс.

      462. Ұшуға басшылық жасауда 6 айдан аз үзіліс кезінде ұшуға басшылық жасау тобының адамдарымен, жауынгерлік басқару тобының, бағыттау және нысана көрсету пунктінің офицерлерімен олардың тікелей және тура бастықтары әуеайлақтың аэронавигациялық паспорты мен ұшуға басшылық жасаудың процедураларын зерделеу бойынша қосымша сабақтар өткізеді. Көрсетілген адамдар оқу-жаттығу тренажерларында (жұмыс орнынан кешенді жаттығулар) жаттықтырулар жүргізгеннен және бақылау тағылымдамадан өткізілгеннен кейін ұшуға дербес басшылық жасауға жіберіледі.

      463. Үзіліс 6 айдан артық болған кезде, сондай-ақ жаңа қызмет орнына келгенде ұшуға басшылық жасау тобының адамдары, жауынгерлік басқару тобының, бағыттау және нысана көрсету тобының офицерлері арнайы даярлық Курсына және басқару пунктерінің жауынгерлік даярлық Курсына сәйкес қатарға қосылады.

6-параграф. Ұшуға басшылық жасау тобына демалыс беру

      464. Ұшуға басшылық жасау тобының құрамына кіретін адамдарға ұшу күні қарсаңында ұйықтау үшін кемінде 8 сағат демалыс беріледі, бұл ретте, егер аталған адамдар өткен ұшу ауысымында ұшуға басқару жасауға қатысқан немесе кезекшілікте болған болса, басшылық жасаудың немесе кезекшіліктің аяқталуы мен ұшудың басталуы арасындағы үзіліс кемінде 12 сағатты құрауға тиіс.

      Кезекшіліктегі ұшуға басшылық жасау тобының адамдары кезекшілік уақытының тек бірінші жартысында ғана ұшуға басшылық жасайды.

      465. Түнгі және аралас және ұшу алдында ұшуға басшылық жасау тобының адамдарына кемінде 4 сағат, ал ұшу алдындағы күннің екінші жартысында кемінде 2 сағат қосымша демалыс беріледі.

      466. Ұшуға басшылық жасау тобының құрамына кіретін, 12 ай ішінде жыл сайынғы демалысты пайдаланбаған адамдарға демалыс беріледі немесе олар ұшуға басшылық жасаудан шеттетілуі және кейіннен 2 айға дейінгі мерзімге ұшуға басшылық жасауға жіберумен және міндетті түрде жыл сайынғы демалысты берумен, демалу үшін 7–10 тәулік мерзімге профилакторийге жолдануға тиіс.

6-тарау. Ұшуды басқаруды ұйымдастыру ерекшеліктері
1-параграф. Әуеайлақтан тыс ұшуды және ұшып өтуді
басқаруды ұйымдастыру ерекшеліктері

      467. Әуеайлақтардың аға авиациялық бастықтары әуеайлақтың және ұшуға басшылық жасау тобы адамдарының ұшып өтулерді қамтамасыз етуге ұдайы әзірлігіне жауапты болады, әуе қозғалысын басқару органдарына өтінімде көрсетілген уақытта ӘК-ні қабылдауға әзірлігін растайды және ол туралы жоғары тұрған командалық пунктке баяндайды.

      468. Әуеайлақтан тыс ұшуды және ұшып өтуді олар үшін аэронавигациялық паспортпен белгіленген аймақтар мен аудандардағы басқару пункттері жүзеге асырады.

      469. Әуеайлақта ұшу жүргізу кезеңінде ұшып өтуді орындайтын ӘК-ні қабылдау мен шығаруды осы әуеайлақтың ұшуға басшылық жасау тобы жүзеге асырады. Ұшып өтетін ӘК-ның қонуы мен ұшып шығуының қауіпсіздігін қамтамасыз мақсатында әуеайлақта ұшуды шектейге немесе тоқтатуға жол беріледі. Сегіз және одан көп ӘК-ні бір уақытта қабылдаған (шығарған) кезде әуеайлақ ауданында ұшу әуеайлаққа жақындағанға дейін немесе ӘК тобының біріншілері ұшып көтерілгенге дейін 15 минут бұрын тоқтатылады.

      470. Аға авиациялық бастық берген қону әуеайлағы мен қосалқы әуеайлақтың ӘК-ні қабылдауға әзірлігі туралы растауы ӘК-ні қабылдауды басқаруға, ұшу-қону жолағының әзірлігіне, байланыс және ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарының жұмыс істеуіне, инженерлік-авиациялық, әуеайлақтық-техникалық және метеорологиялық қамтамасыз етуге, келген экипаждарды тамақтандыру мен орналастыруға кепілдік беруі тиіс.

      471. Ұшуға өтінімде көрсетілген әуеайлақта, оның ішінде қосалқы әуеайлақта, ӘК ұшуының немесе ұшып өтуінің есепті уақытына дейін 30 минут бұрын ұшуды қамтамасыз ету кезекші құралдары, командалық радиостанция, жақын навигация радиотехникалық станциясы, алыс жетекті радиомаяк және автоматтық радиопеленгатор, сондай-ақ әуеайлақтағы ұшу жетекшісінің шешімі бойынша немесе ӘК бортынан сұрау салу бойынша басқа да құралдар іске қосылады.

      КМЖ-да аға авиациялық бастықтың нұсқауымен ауа райын радиолокациялық және әуеден барлау орындалады.

      472. Әуе кемелерін қабылдау немесе шығару осы әуеайлақ үшін белгіленген және ӘК экипажына ұшып өтуге айқындалған метеоминимумнан төмен емес метеорологиялық жағдайларда рұқсат етіледі.

2-параграф. Тікұшақтардың ұшуын басқару ерекшеліктері

      473. Тікұшақтардың ұшуын басқару үшін мынадай аймақтар белгіленеді:

      1) шолып бақылау – әуеайлақтың ұшу алаңы және әуеайлақтың бақылау нүктесінен 5 км артық емес қашықтыққа дейін ұшу жетекшісінің және ұшу жетекшісі көмекшісінің нақты шолып көруі шегіндегі әуе кеңістігі;

      2) қону – ұшу-қону жолағының басынан 30 км қашықтыққа дейін қону бағытына қатысты + 15Ү секторымен шектелген әуеайлақтың әуе кеңістігі;

      3) жақын аймақ – әуеайлақтың бақылау нүктесінен 35 км радиусындағы әуе кеңістігі (шолып бақылау аймағы мен қону аймағының әуе кеңістігін қоспағанда);

      4) алыс аймақ – 35 км қашықтықтан бастап әуеайлақтың аэронавигациялық паспортында белгіленген шекараға дейінгі әуе кеңістігі (ұшу биіктігіне, радиотехникалық құралдардың бар болуына және олардың әрекет ету қашықтығына байланысты).

      474. Көлік, жауынгерлік, жауынгерлік және оқу-жаттығу-жауынгерлік ұшақтардың қатысуынсыз ұшу қарапайым метеорологиялық жағдайларда орындалған кезде әуеайлақ ауданында тікұшақ ұшуына басшылық жасауды ұшу жетекшісі, ұшу жетекшісі (қону аймағы), ұшу жетекшісінің көмекшісі, кезекші штурман (маршруттық ұшу орындау кезінде), қону алаңындағы (арнайы мақсаттағы) ұшу жетекшісі, әуеайлақтық аймақтағы ұшу жетекшісі құрамындағы ұшуға басшылық жасау тобы жүзеге асырады.

      Бұл ретте жауапкершілік аймақтары мынадай болып бөлінеді:

      1) әуеайлақтағы ұшу жетекшісі тікұшақ экипажына жақын және алыс аймақта басқаруда, қалықтап тұруда, ұшып көтерілуде және қонуда басшылық жасауды жүзеге асырады. Ұшу жетекшісі қонуға кіру биіктігі мен әдістерін айқындайды, пилотаж аймағынан, күту аймағынан орын алуға және босатуға, жетекті радиостанцияға шығуға, ұшу шеңберіне кіруге және шығуға команда береді, қонуға кіретін тікұшақ легін құрайды. Одан басқа, әуеайлақтағы ұшу жетекшісі ұшуда ерекше жағдайлар туындаған кезде экипажға көмек көрсетеді, транзиттік және ұшып өтетін ӘК ұшуларына бақылау жүргізеді, ұшуға басшылық жасау тобының жұмысын басқарады, әуеде тікұшақтардың қауіпті жақындауының болдырмау бойынша шаралар қабылдайды;

      2) ұшу жетекшісі (қону аймағы) + 15Ү секторында қону бағытында тікұшақ қону бағытына бұрылған сәттен бастап жақын жетекті радиостанциядан ұшып өткенге дейін және әуеайлақтағы ұшу жетекшісі (ұшу жетекшісінің көмекшісі) оны шолып анықтағанға дейін экипажға басшылық жасайды. Одан басқа, ұшу жетекшісіне (қону аймағы) радиолокациялық құралдардың көріну шегінде жақын және алыс аймақта тікұшақтың қозғалысын, пилотаж аймағында орын алуды, оны ұстап тұруды және босатуды, маршруттарда және қонуға кіру схемаларында ұшу параметрлерін сақтауды, жетекті радиостанцияға шығуды, күту аймағына кіруді, ұшу шеңберінен шығуды және кіруді бақылау жүктеледі;

      3) ұшу жетекшісінің көмекшісі әуеайлақтағы ұшу жетекшісіне қонуға кіретін тікұшақ легін қалыптастыруда көмек көрсетеді, өз жауапкершілігі аймағында олардың орнын бақылайды, ұшып көтерілуді, қонуға кіруді және қонуды орындау сапасын бағалайды, желдің бағытын және ұшу-қону жолағындағы көрінімді, ұшу-қону жолағы мен басқару жолы бетінің жай-күйін қадағалайды. Одан басқа, ұшу-қону жолағына шолу арқылы кіру, ұшып көтерілу мен қонуға кірудегі қателіктерді жөндеу, ұшып көтерілу мен қонуға кіруде ерекше жағдайлардың пайда болуы кезінде ӘК экипажына көмек көрсетеді;

      4) кезекші штурман экипаждардың, ұшу жетекшісінің (қону аймағы), радиолокациялық станция есептоптарының баянаттары, есептік деректер бойынша экипаждың (топтың) тікұшақтың бағыт бойынша ұшу тәртібін сақтауын бақылайды;

      5) қону (арнайы мақсаттағы) алаңындағы ұшу жетекшісі әуеайлақтың аэронавигациялық паспортында белгіленген аймақтың әуе кеңістігінде шолып көру шегінде тікұшақ экипажына басшылық жасайды. Қону (арнайы мақсаттағы) алаңындағы ұшу жетекшісі аймақтан орын алуға және оны босатуға, қонуды орындауға және қону алаңынан ұшып көтерілуді орындауға команда береді, аймақта тапсырмаларды орындауға рұқсат береді (тыйым салады), әуеде тікұшақтардың қауіпті жақындауы мен жасанды және табиғи кедергілермен соқтығысуды болдырмау жөнінде шаралар қабылдайды. Одан басқа, қону (арнайы мақсаттағы) алаңындағы ұшу жетекшісіне және әуеайлақтық аймақтағы ұшу жетекшісіне ӘК-нің аймақта орынды ұстауын, ұшу параметрлерін және қонуға кіру схемасын сақтауын, жауапкершілік аймағына кіруін және одан шығуын бақылау жүктеледі.

      475. Ұшуға басшылық жасау тобының адамдары арасында тікұшақ экипажына басшылық жасауды беру әуеайлақтың аэронавигациялық паспортында айқындалған шептерде жүзеге асырылады.

      476. Әуеайлақта радиолокациялық қону жүйесі болмаған жағдайда қону аймағында тікұшақ экипажын басқару әуеайлақтағы ұшу жетекшісіне жүктеледі.

3-параграф. Іздестіру-құтқару және арнайы авиациялық жұмыстар
жүргізу кезінде ұшуды басқару ерекшеліктері

      477. Іздестіру-құтқару және арнайы авиациялық жұмыстарды жүргізу кезінде ұшуды басқару соның жауапты аймағында осы іс-шаралар жүргізілетін басқару пунктінен жүзеге асырылады.

      Тартылатын ӘК ұшуын жедел басқару мақсатында жүргізілетін жұмыстар жетекшісінің шешімімен қосалқы басқару пункттерін өрістетуге жол беріледі. Қосалқы басқару пункттері авиациялық бөлімдердің немесе әуеайлақтардың командалық-диспетчерлік (бастапқы командалық пункттінде) командалық пункттерінде өрістетіледі.

      478. Басқару пункттері радиолокациялық бақылау аймағынан тыс жүргізілетін жұмыстар ауданынан қашық болған және ӘК-мен екі жақты радиобайланыс болмаған кезде осы ауданда қажетті байланыс ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету құралдары бар қону алаңы қосымша жабдықталады. Басқару пункттерінің қону алаңымен байланысын ӘК- ретранслятор арқылы жүзеге асыруға жол беріледі.

      479. Әуе қозғалысын басқару органына іс-шаралар өткізілетін ауданда әуе кеңістігін пайдаланудың уақытша режимін енгізуге жол беріледі.

7-тарау. Ұшуда ерекше жағдайлар туындаған кезде әуе кемесі экипажының
және әуе қозғалысын басқару органдарының іс-қимылдары

      480. Ұшудағы ерекше жағдайларға:

      1) экипаждың кеңістіктік бағдарды жоғалтуы;

      2) экипаждың ӘК-ны мәжбүрлі тастап кетуі;

      3) ӘК-ның әуеайлақтан тыс мәжбүрлі қонуы;

      4) ӘК-ның экипаж ондай жағдайда ұшуға дайындалмаған метеорологиялық жағдайға тап болуы;

      5) ӘК экипажының бағдарды жоғалтуы;

      6) ӘК жүйелері мен жабдығының істен шығуы;

      7) радиобайланыстың жоғалуы

      8) экипаж мүшелерінің немесе жолаушылардың жаралануы немесе денсаулық жағдайының кенеттен нашарлауы жатады.

      481. Ұшуда ерекше жағдайлар туындаған кезде, сондай-ақ ұшуға қауіпсіздік қатері жоқ болған жағдайда ӘКК ол туралы барлық байланыс арналары бойынша дереу хабарлама беруі және одан әрі жағдайға қарай іс-қимыл жасауы қажет.

1-параграф. Кеңістіктік бағдарды жоғалту

      482. ӘК-нің кеңістіктегі нақты жағдайы туралы түсінігін жоғалтқан ӘКК ҰПН-да белгіленген реттілікте кеңістіктік бағдарды қалпына келтіру үшін шаралар қабылдайды.

      483. ӘК-ні көлденең ұшуға шығарғаннан кейін тапсырманы орындауды тоқтату, ӘҚБ органына баяндау және қону әуеайлағына ұшу қажет.

      484. Егер ӘКК кеңістіктік бағдарды ӘК-ні қауіпсіз тастап кетуді қамтамасыз ететін биіктікке жеткенге дейін қалпына келтіре алмаса, ӘКК ӘК экипажына оны тастап кетуге команда береді, содан кейін өзі ӘК-ні тастап кетеді. ӘК-ні тастап кетудің ең төменгі биіктігі осы типтегі ӘК ҰПН-да айқындалады.

2-параграф. Әуе кемесін мәжбүрлі тастап кету

      485. ҰПН-да айқындалған ерекше жағдайларда ӘК-ні мәжбүрлі тастап кету міндетті болып табылады. ӘК-ні тастап кетуге шешімді ӘКК немесе ұшу жетекшісі қабылдайды.

      Экипаж мүшелерінің ӘК-ні тастап кету тәсілдері, сондай-ақ олардың ӘК-ні тастап кеткеннен кейінгі, жерге және суға қону кезіндегі іс-қимылдары ҰПН-да айқындалады.

      486. Уақыт болған кезде ӘКК әуе кемесін тастап кету алдында:

      1) оларды басқарып отырған ӘҚБ органына өзінің орналасқан орнын баяндайды;

      2) ӘК-ні халық аз қоныстанған ауданға бұрады;

      3) мемлекеттік тану жүйесінің негізгі ақпаратын өшіреді;

      4) қозғалтқышты ажыратады.

      487. ӘК-ні тастап кеткеннен кейін парашютпен түсу кезінде ӘК экипажының әрбір мүшесі (мүмкіндік бойынша) экипаждың басқа мүшелерін қадағалау, елді мекендердің, жолдардың, соқпақжолдың, өзендердің, көлдердің, шатқалдардың орналасуына, сондай-ақ су бетіне түсу кезінде корабльдердің (кемелердің) бар болуына, аралдардың орналасуына, жағалауға қарай бағытқа ерекше назар аудара отырып, жергілікті жерді қарау қажет.

      Суға түсу алдында жүзу құралдарын әзірлікке келтіру қажет.

      488. ӘК экипажының парашютпен жерге түскеннен (суға түскеннен) кейінгі іс-қимылдары ҰПН-да анықталады.

3-параграф. Әуе кемесінің әуеайлақтан тыс мәжбүрлі қонуы

      489. Жақын әуеайлаққа дейін ұшуды жалғастыру мүмкін болмаған немесе ұшуды жалғастыру экипаж өмірі үшін қауіпті, бірақ қандай да бір себеппен ӘК-ні тастап кету мүмкін болмаған, сондай-ақ ӘК бортында жеке құтқару құралдарынсыз (парашютсіз) жолаушылар болған жағдайларда әуеайлақтан тыс мәжбүрлі қону жүргізіледі.

      490. Әуейлақтан тыс мәжбүрлі қонуды орындау кезінде экипаж ҰПН-ға сәйкес іс-қимыл жасауы қажет .

      491. Ауа-райының қауіпті құбылыстарына тап болған немесе бағдарды жоғалтқан кезде, оны барлық амалдармен қалпына келтіру мүмкін болмаған, ал отын қалдығы шектеулі болған кезде ӘКК-нің (топ үлкені) таңдаған алаңға мәжбүрлі қонуына жол беріледі.

      ӘКК (топ жетекшісі) қонған уақыты мен орны туралы тікелей басқаруды жүзеге асыратын басқару пунктіне немесе жақын орналасқан әуе қозғалысын басқару орталығына хабарлайды.

      Бұл алаңнан ұшып көтерілу ӘКК минимумына сәйкес келетін нақты метеожағдайда рұқсат беріледі. ӘКК өз іс-қимылдары туралы байланыс бар болған кезде ӘҚБ органын (егер ұшу бақыланатын әуе кеңістігінде орындалса) хабардар етеді.

      492. Суға мәжбүрлі қону жағалауға (жағалау мен су түбінің бедерін ескерумен) немесе корабльге (кемеге) барынша жақын жүргізілуі тиіс. Су беті тыныш жай-күйде болған кезде қону желге қарсы, ал толқын соққан (ұсақ толқын) және кез келген жел толқыны кезінде – желдің бағытына қарамастан толқын жотасы немесе толқын бойымен орындалады. Винттар қону алдында желбағар қалпына ауыстырылады.

      Айлы түнде су бетінің жай-күйін, желдің жылдамдығы мен бағытын анықтау мүмкін болмағанда қону ай сызығы бойынша жүргізіледі.

      493. Суға мәжбүрлі қонғаннан кейін ӘК экипажы ӘК-ні тез тастап кетуі, жеке, топтық жүзу құралдарын және тіршілікті қамтамасыз ету құралдарын пайдалану, құрлыққа шығу үшін жағалаудың жазық учаскелерін таңдай отырып, жағалауға қарай бағытты айқындау және соған қарай жүзу, байланыс, жетекті радиоқұралдар мен шолу дабылдама құралдарын әзірлікке келтіру және пайдалану қажет.

      494. Ауа райының қауіпті құбылыстарына тап болған және оның жүйелері мен жабдығының істен шығуына байланысты емес басқа да себептермен қонуды жүргізген тікұшақтардың ұшып көтерілуін қоспағанда, басқару пунктінің рұқсатынсыз айлақтан тыс мәжбүрлі қону орнынан ұшып көтерілуге рұқсат берілмейді.

4-параграф. Әуе кемесінің экипажы даярланбаған
метеорологиялық жағдайларға тап болу

      495. Экипаж даярланбаған метеорологиялық жағдайларға тап болған кезде ӘКК ӘҚБ органына болған жағдай туралы баяндайды, жағдайға байланысты одан шығудың барлық мүмкін шараларын қабылдайды және ұшу тапсырмасын жалғастыру немесе тоқтату туралы шешім қабылдайды.

      496. Егер қону сызығына төмен түскен кезде қонуға кіруді жалғастыру үшін бағдармен қажетті шолу байланысы орнатылмаса немесе ұшудың берілген траекториясына қатысты ӘК-нің кеңістіктегі жағдайы қауіпсіз қонуды қамтамасыз етпесе ӘКК:

      1) төмендеуді тоқтатуы;

      2) ӘК-ні биіктікті алуға ауыстыруы;

      3) ұшу жетекшісіне баяндауы және одан әрі оның нұсқауы бойынша іс-қимыл жасауы қажет.

      497. ӘҚБ органына әуедегі жағдайды, метеорологиялық жағдайларды және әуе кемесіндегі отын қорын ескере отырып, оны экипаж даярлығының деңгейіне сәйкес келетін метеорологиялық жағдайлардағы ауданға немесе қосалқы әуеайлаққа (қону алаңына) шығаруы қажет.

      498. Егер белгіленген әуеайлақта бұлттардың төменгі шегінің биіктігі мен ұшу көрінімі ӘКК немесе әуеайлақ минимумынан төмен болса және ӘК-ні қосалқы әуеайлаққа жіберу отынның аз қалуынан және (немесе) қосалқы әуеайлақтың болмауынан мүмкін болмаса, ұшу жетекшісі ӘК-ні қауіпсіз қабылдауды қамтамасыз ету үшін мынадай шаралар қабылдайды:

      1) әуеайлақ ұшуларын радиотехникалық қамтамасыз етудің барлық құралдарын іске қосуға команда береді және оның орындалуын бақылайды;

      2) ӘК-нің қонуға кіру тәсілін айқындайды және ӘК экипажы мен ұшуға басшылық жасау тобының адамдарына жеткізеді;

      3) ұшуға басшылық жасау тобына қонуға кіру және қону бағытына төмендеу кезінде, әсіресе алыс жетекті радиомаяктан ұшып өткеннен кейін, ӘК-нің ұшуына бақылауды күшейту туралы команда береді;

      4) ӘКК минимумына байланысты экипажға қону бағытында төмендеудің барынша төменгі биіктігін және осы биіктікке шыққаннан кейін ұшу-қону жолағын анықтай алмаған кездегі оның іс-қимылын айқындайды, бұл ретте ұшу жетекшісіне ӘК экипажына алыс жетекті радиомаяктан ұшып өткеннен кейін бұлт астына шығу үшін жақын жетекті радиомаяктан ұшып өту биіктігіне дейін төмендеуге, ал егер осы ӘК-нің ауа райы минимумында көрсетілген бұлттардың төменгі шегінің биіктігі жақын жетекті радиомаяктан ұшып өту биіктігінен төмен болса – жақын жетекті радиомаяктан ұшып өткеннен кейін осы минимумда белгіленген биіктікке дейін төмендеуге рұқсат етуіне жол беріледі;

      5) әуеайлақтың жарық-техникалық жабдығын және қону прожекторларының қосуға команда береді, осымен қатар күндіз прожекторларды қонуға кіретін әуе кемесіне қарама-қарсы, ұшу-қону жолағының басында осы әуеайлақтағы төмендеу глиссадасы бағытының бұрышына жақын бұрышта сейілткіштерін ажыратып алып қояды;

      6) кезекші іздестіру-құтқару күштері мен құралдарын, жерүсті іздестіру-құтқару командасын, техникалық көмек командасын әрекет жасауға әзірлікке келтіреді;

      7) қонуға кіруде ӘК экипажына көмек көрсету үшін жақын жетекті радиомаяк ауданына радиостанциямен ұшу жетекшіснің көмекшісін жібереді (қажет болған кезде);

      8) ӘК экипажын қабылдауға өз шешімін үлкен авиациялық бастыққа ауызша баяндайды;

      9) ұшудың радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарының көмегімен ӘК-нің қону бағытына шығу дұрыстығын мен сол бағытпен төмендеудің бақылайды;

      10) ӘК-ні шолып анықтағаннан кейін ӘК экипажына қону бағытымен ұшу-қону жолағына шығуда және қонуды орындауда радио бойынша команда берумен көмек көрсетеді;

      11) ӘК экипажының өміріне қауіпсіз қонуды қамтамасыз ету мүмкін болмаған кезде, ӘК-дегі отынның толық аяқталуына жол бермей, оны тастап кетуге шешім қабылдайды.

5-параграф. Әуе кемесі экипажының бағдарды жоғалтуы

      499. Бағдарды жоғалтқан кезде ӘКК:

      1) ойланбаған, асығыс іс-қимылдарға және еркін бағытпен ұшуға жол бермеуі;

      2) ӘҚБ органына бағдарды жоғалтқаны, отынның қалдығы мен ұшу жағдайы туралы баяндауы;

      3) "Апат" сигналын қосуы;

      4) радио бойынша "Полюс" сигналын беруі;

      5) ӘК-ні радиотехникалық құралдармен анықтау үшін анағұрлым тиімді биіктікте орналасуы және отынды үнемді пайдалану режимін орнатуы;

      6) басқару пунктерімен немесе ӘҚБ орталығымен, егер ұшу олардық басшылығымен жүзеге асырылса, өз іс-қимылдарын келісіп, осы жағдайда бағдарды қалпына келтірудің анағұрлым тиімді тәсілін қолдануы қажет.

      Бағдарды жоғалтқан кезде осы ұшу ауданы үшін белгіленген қауіпсіз биіктіктен (эшелоннан) төмен төмендеуге рұқсат берілмейді.

      Мемлекеттік шекараға жақын жерде бағдарды жоғалтқан кезде, оны бұзуға жол бермей, ӘКК дереу өз аумағының ішіне бағыт алуы тиіс. Шекара маңындағы жолақта бағдарды қалпына келтіру үшін маневрлар орындауға жол берілмейді.

      500. Топтық ұшу кезінде бағдарды жоғалтқан кезде топ командирі (жетекшісі) жетектегі экипаждардан топтың орналасқан орны туралы сұрау салу қажет. Жетектегілерден орналасқан орны туралы деректерді алып, топ командирі (жетекшісі) өз орнын нақтылайды. Егер осыдан кейін де бағдарды қалпына келтірмесе, ол өзінің орынбасарына немесе өзінің орналасқан орнын білетін жетектегілердің біреуіне топты басқаруды беруі қажет.

      Бағдарды жоғалтқан топтың жетекшісін ауыстыру топ жетекшісін топ ұшуының нәтижесі үшін жауаптылықтан босатпайды.

      501. Бағдарды қалпына келтірілмеген жағдайда алдын ала, отынның толық таусылуына жол бермей және қараңғы түскенге дейін ӘКК (топ үлкені) кез келген әуеайлақта немесе әуеден таңдалған алаңға қонуды жүргізу қажет. Егер мәжбүрлі қонуды жүргізу мүмкін болмаса немесе ӘК экипажы оның қауіпсіздігіне сенімсіз болса, өз шешімі туралы ӘҚБ органына алдын ала баяндап, ӘК-ні тастап кету қажет.

      502. ӘКК-ден бағдарды жоғалтқаны туралы баяндау алған немесе басқа деректер бойынша бағдарды жоғалту фактісін анықтаған ӘҚБ органы ӘК-ні анықтағаннан кейін жоғары тұрған командалық пункт баяндауы, оның экипажына бағдарды қалпына келтіруде және ұшу бағытына немесе қону әуеайлағына шығуда көмек көрсетуі қажет. ӘК-ні қону әуеайлағына шығару үшін тиісті ұшу-техникалық сипаттамасы бар жетекші әуе кемесін пайдалануға жол беріледі.

6-параграф. Әуе кемесінің жүйесі мен жабдығының істен шығуы

      503. ӘК жүйесі мен жабдығы істен шыққан немесе оның бортында өрт шыққан кезде ӘКК:

      1) оқиға туралы ұшуды басқару органына баяндауы;

      2) осы типтегі ҰПН-ге сәйкес әрекет етуі және ақаулықтарды жою, өртті сөндіру жөнінде барлық шараларды қабылдауы;

      3) жағдайға байланысты ұшу тапсырмасын орындауды жалғастыру немесе тоқтату туралы шешім қабылдауы қажет.

      504. ӘК жүйесінің, жабдығының істен шығуы немесе өрт туралы хабарлама алған ӘҚБ органы:

      1) ӘК-нің орналасқан орнын анықтауы;

      2) оның ұшуын бақылай отырып, жағдайға және істен шығу сипатына сәйкес экипажға көмек көрсетуі;

      3) авариялық-құтқару құралдарын әзірлікке келтіру үшін қону әуеайлағының басқару пунктін дереу хабарландыруы қажет.

7-параграф. Радиобайланысты жоғалту

      505. ӘҚБ органымен радиобайланыс жоғалған кезде ӘК экипажы қолда бар барлық арналарды пайдалана отырып, ӘҚБ органдарымен байланысты қалпына келтіруге немесе басқа ӘК байланыс орнатуға шаралар қабылдауы қажет.

      Егер 5 минут ішінде барлық радиобайланыс арналарын пайдаланған кезде олардың әрқайсысы бойынша бірнеше мәрте сұрау салуларына ӘК экипажы немесе ӘҚБ органы жауап бермесе, радиобайланыс жоғалған деп саналады.

      506. Егер радиобайланысты қалпына келтіру мүмкін болмаса, ӘК экипажы "Апат" сигналын қосуы, екінші оқшаулау жауаптысы бар болғанда 7600 кодын орнатуы, кезең-кезеңімен "Белгі" ("Тану") түймесін басып өзін белгілеуі және жағдайға байланысты тапсырмаларды орындауды жалғастыруы немесе тоқтатуы қажет. Командаларды қабылдау үшін автоматтандырылған радиоқұбылнаманы немесе аспаптық бағыттау аппаратурасын пайдалануы және өзінің орналасқан жері, іс-қимлдары және ұшу режимі туралы белгіленген баяндаулар беруді жалғастыруы қажет.

      Осы жағдайларда экипажға:

      1) қону әуеайлағына шығу кезінде ұшуалды нұсқауларда жарияланған істен шыққан радиобайланыспен ӘК үшін эшелонға түсуі;

      2) егер биіктік мүмкіндік берсе, бұлт астынан ұшқан кезде бұлтқа кірмеу;

      3) аспаптар бойынша ұшу кезінде белгіленген эшелонды, ұшу режимі мен бейінін ұстану;

      4) ұшуды қону әуеайлағына ұшу жоспарында көзделген уақытта немесе әуе кемесінің экипажы ӘҚБ органына баяндаған есептік уақытта, бірақ мүмкіндігінше есептік уақыттан кейін 30 минуттан кешікпей келуді есептеп орындау;

      5) маршруттан (әуе трассасынан) қону әуеайлағына шығуды осы әуеайлақ үшін белгіленген схема бойынша жүргізу. Белгіленген әуеайлақта қону мүмкін болмаған жағдайда ӘКК ұшу бағытына байланысты радиобайланыссыз ұшу үшін арнайы белгіленген 4250м (FL140), 4550м (FL150) немесе 7300м (FL240), 7600м (FL250) эшелондарында немесе төменгі (қауіпсіз) эшелонда қосалқы әуеайлаққа ұшу туралы шешім қабылдауға рұқсат беріледі;

      6) әуеайлақ ауданында ұшуды және қонуға кіруді сақтықты күшейтіп ұшу (ұшып өту) жоспарын және әуеайлақтың аэронавигациялық паспортын (ұшып өтетін экипаждар үшін – аэронавигациялық ақпарат құжаттарының талаптарын) қатаң сақтап орындау;

      7) түнде қонуға кіру кезінде төртінші бұрылыста немесе алыс жетекті радиомаяк ұшып өткеннен кейін өзін белгімен көрсету керек және аэронавигациялық оттарды, фарларды жағып-өшіріп немесе ақ түсті отпен зымыран жіберіп қонуға рұқсат сұрауы қажет.

      Прожекторлармен жарықтандырылмаған ұшу-қону жолағына қонуды, ұшу жетекшісінен қонуға рұқсат беру оттарын қосу түрінде рұқсат алған жағдайда орындау керек.

      507. Ұшу жетекшісімен ӘК радиобайланысты жоғалтқаны туралы авиациялық бөлім командиріне (ұшу ауысымының жетекшісіне) және әуе қозғалысын басқару орталығына, бұл ретте ӘК түрін, ӘК экипажының шақыру белгілерін, ұшу эшелонын, отын қалдығын және болжамды орналасқан жердің ауданын, ұшып көтерілу және радиобайланыстың жоғалған уақытын көрсете отырып баяндайды.

      508. ӘК экипажымен радиобайланысты қалпына келтіру үшін және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әуеайлақтағы ұшу жетекшісі:

      1) ӘК анықтау және оның ұшуын бақылау үшін ұшуды байланыс және радиотехникалық қамтамасыз етудің барлық құралдарын қосуы, радиобайланыссыз ұшып келе жатқан әуе кемесінің ұшу тұсы туралы қолда бар деректерді мемлекеттік авиация басқару органының командалық пунктіне баяндауы және алынған ақпараттың негізінде басқа әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуі;

      2) байланыстың барлық арналарын (оның ішінде, аспаптық бағыттау аппаратурасын, жетекті радиостанция арналары – автоматтық радиоқұбылнаманы), басқа басқару пункттерінің байланыс арналарын, сондай-ақ әуедегі әуе кемелері арқылы радиобайланысты пайдалануы);

      3) ӘК экипажына радио арқылы команда беруді жалғастыруы, оның орындалуына көз жеткізісімен – ӘК ұшуына басшылық жасауы;

      4) радиобайланыссыз ұшып келе жатқан ӘК экипажына қайта ұшу үшін берілген және жақын маңдағы (жоғарғы және төменгі) эшелондарды ӘК келуінің есептік уақытынан 15 минут бұрын босатуы, ұшу шеңберін босатуы;

      5) әуе жағдайларын мұқият тексеруі (әсіресе түнде және күрделі метеорологиялық жағдайларда), ӘК басқа экипаждарына ақпарат беруі немесе оларға радиобайланыссыз келе жатқан әуе кемесінің ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін команда беруі;

      6) қажет болған жағдайда радиобайланыссыз келе жатқан әуе кемесін өзінің немесе қосалқы әуеайлаққа шығару үшін әуе кемесі – жетектеушіні жіберуі;

      7) түнде радиобайланыссыз келе жатқан ӘК төртінші бұрылысқа немесе алыс жетекті радиомаякқа жақындаған кезде қону прожекторларын қосуы қажет.

      509. Мемлекеттік авиация басқару органының командалық пункті, әуе қозғалысын басқару органы ӘК-мен радиобайланысты жоғалтқаны туралы баяндау алысымен қосалқы әуеайлақтардың (ұшып өту кезінде қону әуеайлақтарының) ұшу басшысына (басқару пунктіне) радиобайланыссыз келе жатқан ӘК үздіксіз радиолокациялық байқау үшін ұшуды байланыспен және радиотехникалық қамтамасыз етудің барлық құралдарын қосуға, сондай-ақ ӘК экипажына берілген эшелонды және әуеайлаққа қайта ұшу үшін жақын маңдағы төменгі (бірақ төменгі эшелоннан төмен емес) эшелонды босатуға команда береді.

8-параграф. Экипаж мүшелерінің немесе жолаушылардың жаралануы
немесе кенеттен денсаулығының нашарлауы

      510. Экипаж мүшесінің немесе жолаушының (жолаушылардың) жаралануы немесе денсаулығының кенеттен нашарлауы кезінде ӘКК оған (оларға) мүмкіндігінше медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді және жағдайға байланысты, ұшуды жалғастыру немесе тоқтату туралы шешім қабылдайды.

      511. Әуе кемесі командирінің, ол ұшуды жалғастыра алмайтындай денсаулығының кенеттен нашарлауы (жаралануы) жағдайында тапсырманы орындау тоқтатылады және қону әуеайлағына дейін оның міндеттерін уақытша пилот (ұшқыш) мамандығы бар тексеруші немесе екінші пилот (тексеруші болмағанда) орындайды. Егер әуе кемесінің ҰПН-мен екінші пилот көзделмеген болса, онда ұшу тапсырмасын орындау тоқтатылады.

      512. ӘҚБ органы экипаж мүшесі немесе жолаушы денсаулығының кенеттен нашарлауына (жаралануына) байланысты ұшуды тоқтату туралы баянат алғанда ӘК жақын маңдағы әуеайлаққа шығуын және оның кезектен тыс қонуын қамтамасыз етеді.

9-параграф. Апатқа ұшырау жағдайындағы немесе апатқа ұшыраған
әуе кемесі экипажының іс-қимылдары

      513. Ұшып келе жатқан ӘК қауіп төнген немесе ол апатқа ұшырау жағдайында болған (апатқа ұшырағанда) кезде ӘКК адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау бойынша шаралар қабылдауды қамтамасыз етеді.

      514. Ұшулар қауіпсіздігіне қауіп төндіретін барлық авариялық жағдайларда ӘК экипажы апат сигналын береді. Апат сигналдарын беру тәртібі Заңның 15-бабы 24) тармақшасына сәйкес мемлекеттік авиация саласындағы өкілетті орган бекіткен Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының авиациялық іздестіру-құтқару қызметі бойынша Нұсқаулықта жазылған.

      515. Әуеайлақтан тыс мәжбүрлі қонуды жасау туралы шешім қабылдаған кезде ӘКК бұл туралы экипаждың барлық мүшелерін және жолаушыларды ескертеді, олардың одан әрі іс-қимылдар реттілігі туралы нұсқаулар береді. Мәжбүрлі қону кезінде экипаж қонуға (су бетіне қонуға) дейін жердегі (кемелердегі) радиостанциялармен радиоалмасуды жүргізеді, ал үзілістерде таратушыларды қосулы жай-күйде (түймесін басқан күйде) ұстайды. Пеленгілеу сигналдарын автоматты түрде тарату құралдары, егер олар бар болса, сондай-ақ тұрақты жұмыс режиміне қосылады.

      516. Әуеайлақтан тыс мәжбүрлі қонуды жасаған ӘК экипажы мынадай реттілікте іс-қимылдар жасайды:

      1) ӘК жолаушыларды қауіпсіз арақашықтыққа дереу эвакуациялайды;

      2) зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетуді ұйымдастырады;

      3) өзінің орналасқан жерін айқындайды немесе нақтылайды;

      4) ең жақын әуеайлақпен, жерүсті және борттық радиостанциямен байланыс орнату жөнінде шаралар қабылдайды;

      5) ең жақын басқару пунктіне немесе жергілікті атқарушы органдарға мәжбүрлі қону уақытын, орынын, жолаушылар мен экипаждың, ӘК жай-күйін және қажетті көмек көрсетуді хабарлайды;

      6) өрт туындаған жағдайда борттық және қол астындағы өрт сөндіру құралдарының көмегімен мүмкіндігінше оны жояды.

      517. Егер ҰПН-мен өзге процедура айқындалмаса, ӘКК ӘК сонында тастап кетеді.

      518. Әуе кемесінің мәжбүрлі қону орнында барлық жұмыстарды ӘКК басқарады.

      519. Мәжбүрлі қону орнында немесе ауданынан кетуге шешімді ӘКК қабылдайды.

      520. Суға мәжбүрлі қонған жағдайда ӘК ол тоқтаған кезде және ӘКК командасы бойынша тастап кету қажет. Бұл ретте:

      1) экипаж мүшелері мен жолаушылар құтқару кеудешелерін кию және ӘК шығу кезінде газбен толтыру жүйесін іске қосу;

      2) суға топтық құтқару жүзу құралдарын түсіру;

      3) ӘК-нен барлық адамдарды салдарға отырғызу, жарақаттанғандар мен балаларды бірінші кезекте көшіру;

      4) азық-түліктің, су мен құрал-жабдықтардың қолда бар қорын жүзу құралдарына тиеу;

      5) ӘК суға батып кетпей тұрып одан қауіпсіз қашықтыққа жүзіп кету қажет.

4-бөлім. Ұшуды қамтамасыз ету
8-тарау. Мемлекеттік авиация әуе кемелерінің ұшуын қамтамасыз ету
1-параграф. Ұшуды қамтамасыз етудің түрлері

      521. Ұшуды қамтамасыз етуге қажетті күштер мен құралдарды тарта отырып, ұшу ауысымының міндеттерін орындау үшін қажетті жағдайлар жасауға бағытталған ұшуды дайындауға және жүргізуге қатысатын авиациялық бөлімнің басшылық және жеке құрамның қызметі жатады.

      Бір әуеайлақта орналасқан бірнеше авиациялық бөлімдердің ұшуын қамтамасыз ету өз орынбасарлары мен қызмет бастықтары арқылы осы әуеайлақтың үлкен авиация бастығы ұйымдастырады.

      Азаматтық және мемлекеттік авиацияның бірлесіп орналасқан әуеайлақтарында ұшуларды қамтамасыз ету Қазақстан Республикасындағы азаматтық және мемлекеттік авиацияның бірлесіп орналасқан әуеайлақтарын пайдалану қағидаларына сәйкес ұйымдастырылады және жүргізіледі.

      522. Ұшуды қамтамасыз ету:

      1) ұшуды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз етуді;

      2) штурмандық қамтамасыз етуді;

      3) инженерлік-авиациялық қамтамасыз етуді;

      4) әуеайлақтық-техникалық қамтамасыз етуді;

      5) байланыс және радиотехникалық қамтамасыз етуді;

      6) метеорологиялық қамтамасыз етуді;

      7) орнитологиялық қамтамасыз етуді;

      8) медициналық қамтамасыз етуді;

      9) іздестіру-құтқаруды қамтамасыз етуді;

      10) ұшуды объективті бақылауды.

2-параграф. Ұшуды аэронавигациялық ақпаратпен
қамтамасыз ету

      523. Авиациялық бөлімде ұшуды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз етуді штаб бастығы ұйымдастырады және экипаждарға әуеайлақтардың жай-күйі, сипаттамалары және радиотехникалық жабдықтары туралы, әуеайлақтар аудандарында ұшуды орындау процедуралары туралы, байланыс құралдарының жұмысы және ӘҚҚК маршруттарындағы және олардан тыс әуе навигациясы туралы деректерді уақтылы жеткізу мақсатында аэронавигациялық ақпаратты ұйымдастыру бойынша Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясы басқару органы басшысының (Әскери-әуе күштері қолбасшысының) бұйрығына сәйкес аға штурман және авиациялық бөлімнің байланыс бастығы жүзеге асырады.

      524. Ұшуды электрондық деректер базасын пайдаланып орындау кезінде ӘК экипажының бортында типографиялық тәсілмен жарияланған аэронавигациялық ақпарат (Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясы әуеайлақтарының аэронавигациялық ақпараттар жинағы) құжаттары (олардан үзінді көшірмелер), электрондық ұшу планшеті және авиациялық хабарламалар NOTAM болуы қажет.

      525. Ұшуды дайындау және жүргізу кезінде аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының аумағында әрекет ететін құралдар мен қызметтерге қатысты аэронавигациялық ақпаратты ұсынуды көздейді:

      1) әуе кеңістігіне кіру (шығу) және транзит процедуралары;

      2) әуеайлақтар (тікұшақ айлақтар) деректері;

      3) навигациялық құралдар деректері;

      4) байланыс және әуе қозғалысына қызмет көрсету түрлері бойынша деректер, сондай-ақ олармен байланысты процедураларды.

      Аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету тәртібі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2017 жылғы 30 маусымдағы № 420 бұйрығымен бекітілген (нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу тізілімінде № 15427 болып тіркелген) Әуе кемелерінің эксплуатанттарын аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз ету қағидаларында айқындалады.

      Ұсынылатын материалдар біріктірілген аэронавигациялық ақпараттар пакеті түрінде жарияланады:

      1) Қазақстан Республикасы аэронавигациялық ақпараттар жинағы;

      2) NOTAM, SNOWTAM авиациялық хабарламалары;

      3) ұшуалды ақпараттар бюллетеньдері;

      4) аэронавигациялық ақпараттар циркулярлары.

3-параграф. Ұшуды штурмандық қамтамасыз ету

      526. Ұшуды штурмандық қамтамасыз етуді ұшуды жүргізуге авиациялық бөлім командирінің шешіміне, Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясын штурмандық қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес авиациялық бөлімнің аға штурманы ұйымдастырады және әуе навигациясының анағұрлым дәлдігіне, ӘК жауынгерлік қолданудың жоғары тиімділігіне және штурмандыққа қатысты ұшу қауіпсіздігіне қол жеткізу мақсатында жүргізіледі.

      527. Штурмандық қамтамасыз етудің көлемі мен мазмұны орындалатын міндеттердің сипатымен, навигациялық жағдаймен, ӘК тактикалық-техникалық деректерімен, басшылық және ұшқыштар құрамының штурмандық даярлық деңгейімен, басқару пункттері есептоптарымен, сондай-ақ лимитпен белгіленген уақытта айқындалады.

      528. Негізгі штурмандық қамтамасыз ету іс-шаралары:

      1) ұшу ауданын навигациялық жабдықтау;

      2) жалпы ұшуды ұйымдастыру бойынша және нақты ұшуға құжаттарды әзірлеу;

      3) ұшуға шешім қабылдау үшін қажетті штурмандық есептерге негізделген командир ұсыныстарын әзірлеу;

      4) ұшуды штурмандық қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулар мен өкімдерді орындауды ұйымдастыру болып табылады.

      529. Ұшуды штурмандық қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу навигациялық жағдайды зерделеу мен бағалау, бөлімнің жауынгерлік даярлық міндеттерін және жоғары тұрған штабтар мен штурмандық қызмет лауазымды адамдарының нұсқауларын (өкімдерін) түсіндіру болуға тиіс.

4-параграф. Ұшуды инженерлік-авиациялық қамтамасыз ету

      530. Ұшуды инженерлік-авиациялық қамтамасыз етуді авиациялық бөлім командирінің инженерлік-авиациялық қызмет жөніндегі орынбасары ұйымдастырады және авиациялық бөлім командирінің авиациялық техниканың, оларды пайдалану және жөндеу құралдарының жай-күйін ұшуға ұдайы әзірлікте ұстау, ӘК ұшуда үздіксіз жұмыс істеуіне және оларды қолданудың жоғары тиімділігіне қол жеткізу мақсатында ұшуды жүргізу шешіміне сәйкес жүргізіледі.

      531. Ұшуды инженерлік-авиациялық қамтамасыз етуді өзінің авиациялық техниканы пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету құралдарын, сондай-ақ тылдық және техникалық қызмет көрсету бөлімшелері бөлетін ұшуды жерүсті қамтамасыз ету құралдарын пайдалана отырып, инженерлік-авиациялық қамтамасыз ету бөлімі жүзеге асырады.

      532. Ұшуды инженерлік-авиациялық қамтамасыз ету міндеттері:

      1) ӘК, оларды пайдалану және жөндеу құралдарын ақаусыз және ұшуға ұдайы әзірлікте ұстау жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және жүргізу;

      2) ӘК техникалық қолдану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу;

      3) ӘК сапалы қолдануды ұйымдастыру;

      4) ӘК берілген сенімділікті ұстау және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүргізу;

      5) берілген мерзімде қолдануға ӘК даярлығының барлық түрлерін ұйымдастыру және жүргізу;

      6) пайдалануда зақымдалған ӘК жөндеуді ұйымдастыру және жүргізу;

      7) ӘК пайдалану және жөндеу инженерлік-техникалық және ұшқыштар құрамын оқытып-үйрету;

      8) ӘК қолдану бойынша инженерлік есептерді жоспарлау және орындау, оларды пайдалану және жөндеу үшін қажетті күштер мен құралдарды негіздеу;

      9) ӘК болуын және жай-күйін есепке алу;

      10) ӘК қолдану нәтижелеріне талдау жүргізу және оларды қолдану тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;

      11) инженерлік-техникалық құрамның арасында мықты технологиялық тәртіпті ұстау жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және жүргізу болып табылады.

      533. Әуе кемесіндегі жұмыстың түрлері, олардың көлемі мен орындау кезеңділігі ӘК жасаушы зауыттар әзірлейтін Техникалық пайдалану жөніндегі нұсқауда, Техникалық қызмет көрсету регламентінде және авиация бас инженерінің нұсқауларында айқындалады.

      534. Ұшуды жүргізуге авиациялық бөлім командирінің шешіміне сәйкес авиациялық бөлім командирінің инженерлік-авиациялық қызмет жөніндегі орынбасары ӘК ұшуға даярлау үшін қажетті күштер мен құралдардың есебін орындайды және ұшуға даярлануға және қамтамасыз етуге қатысатын басшылық инженерлік-техникалық құрамға нұсқама беруді жүргізеді, онда оларға міндеттерді жеткізеді және мынадай ережелерді:

      1) ӘК ұшуға даярлау ерекшеліктерін;

      2) ұшуға арналған инженерлік-техникалық құрам басшыларын, орындаушылар мен нарядты;

      3) техникалық бекетке, техникалық көмек көрсету командасында мамандар нарядын;

      4) ұшудың жерүсті қамтамасыз ету құралдарын мақсаты бойынша пайдалануды ұйымдастыру және тәсілін айқындайды.

      Нұсқамаға әуеайлақтық-техникалық қамтамасыз ету бойынша кезекші тартылады, оның міндетіне ұшуларды қамтамасыз ету үшін бөлінетін күштер мен құралдарға тікелей басшылық жасау (ұшу жетекшісінің және ұшу аға инженерінің нұсқауларына сәйкес) кіреді.

      535. Ұшу ауысымында инженерлік-техникалық құрамның жұмысын басқару үшін ұшу аға инженері тағайындалады.

5-параграф. Ұшуды әуеайлақтық-техникалық қамтамасыз ету

      536. Ұшуды әуеайлақтық-техникалық қамтамасыз етуді авиациялық бөлім командирінің ұшуды жүргізуге арналған шешіміне сәйкес авиациялық бөлім командирінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету (бұдан әрі – МТҚ) жөніндегі орынбасары ұйымдастырады және:

      1) әуеайлақтардың ұшу алаңын (қону алаңдарын), жабдықтарын, әуеайлақтық құрылыстар мен ұшуды жерүсті қамтамасыз ету техникасын ұдайы пайдалануға әзірлікте ұстауды және ұшуларға уақтылы дайындауды;

      2) ұшу аға инженерінің өкіміне әуеайлақтық-техникалық қамтамасыз ету құралдарын, оқ-дәрілерді, кондициялық жанар-жағармай материалдарын, арнайы сұйықтықтарды, газдарды және басқа да материалдық құралдарды уақтылы жеткізуді;

      3) ұшуға тартылатын жеке құрамды әуеайлақта тамақтандыруды мен тұрмыстық қызмет көрсетуді ұйымдастыру, тамақты ішу орындарын жабдықтауды және ұстауды;

      4) биіктік керек-жарақтарды сақтау және экипаждардың киім ауыстыруына арналған үй-жайларды, душ қондырғыларын, жеке құрамның жұмысына, демалуына және жылынуына арналған үй-жайларды жабдықтауды және ұстауды;

      5) әуеайлақты қоршап алуды;

      6) өртке қарсы күрес күзетті ұйымдастыруды;

      7) әуеайлақтан тыс аварияға ұшыраған немесе қонуға мәжбүр болған ӘК техникалық көмек көрсетуді;

      8) авиациялық бөлім командирі белгілеген қозғалу схемасына сәйкес әуеайлақта жеке құрамның және әуеайлақтық-техникалық қамтамасыз ету құралдарының қозғалысын және оның сақталуын бақылауды ұйымдастыруды қамтиды.

      ӘК қызмет көрсету үшін қажетті ұшуларды әуеайлақтық-техникалық қамтамасыз ету құралдары қажетті мөлшерде және олардың қарапайым және бос шығып келуін болдырмайтын мерзімдерде бөлінеді.

      537. Авиациялық бөлім командирінің ұшуды ұйымдастыруға және оны жүргізу шешіміне сәйкес авиациялық бөлім командирінің МТҚ жөніндегі орынбасары ұшу ауысымы қарсаңында тылдық және техникалық қамтамасыз ету қызметтерінің бастықтары мен бөлімшелерінің командирлеріне нұсқаулар береді.

      538. Әуеайлақтық-техникалық қамтамасыз ету бөлімшелердің күштері мен құралдардарына басшылық жасау үшін ұшуды әуеайлақтық-техникалық қамтамасыз ету бойынша кезекші тағайындалады.

      539. Әуеайлақ бойынша жеке құрам мен техниканың қозғалысына авиациялық бөлім командирінің МТҚ жөніндегі орынбасары әзірлейтін және авиациялық бөлім командирі (әуеайлақтың аға бастығы) бекітетін әуеайлақ бойынша жеке құрам мен техниканың қозғалу схемасымен айқындалатын белгіленген маршрут бойынша жол беріледі.

      Ұшу кезінде әуеайлаққа келетін және бағыттар мен осы әуеайлақта қозғалу маршруты мен процедураларын білмейтін барлық адамдарды бөлімнің тәуліктік нарядтағы күштері немесе бөлімнің штаб бастығы тағайындаған адамдар еріп жүреді. Оларды әуеайлақтың ұшу алаңына жіберуі әуеайлақтағы ұшу жетекшісінің рұқсатымен жүзеге асырылады.

6-параграф. Байланыс және ұшуды радиотехникалық
қамтамасыз ету

      540. Байланыс және ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету ұшуға басшылық жасауды, әуе навигациясын, жауынгерлік қолдануды, ӘК ұшып көтерілуі мен қонуын, әуе жағдайына радиолокациялық бақылауды қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылады.

      541. Байланыс пен ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету авиациялық бөлім командирінің ұшуды өткізуге шешімі негізінде авиациялық бөлімнің байланыс және ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету бастығы ұйымдастырады, ол авиациялық бөлімнің байланыс және радиотехникалық қамтамасыз ету бөлімшесінің командиріне (бастығына) өкімдер әзірлейді.

      542. Бір әуеайлақта екі және одан да көп авиациялық бөлімдер (бөлімшелер) тұрақты орналасқан кезде авиациялық бөлім командирі – әуеайлақтың үлкен авиациялық бастығының бұрығымен, оның командирі ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету және әуеайлақтың үлкен авиациялық бастығы болып табылатын сол бөлімнен (бөлімшеден) ұшуларды және байланысты радиотехникалық қамтамасыз ету жөніндегі үлкені тағайындалады.

      543. Алынған өкімдерге сәйкес байланыс және ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету бөлімшесінің командирі (бастығы) ұшуды қамтамасыз етуді ұйымдастырады, бұл ретте ұшудың негізгі мен резервтегі байланыс және радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарын, кезекші ауысым жеке құрамының құрамы мен орналасуын, ұшуды қамтамасыз етуге құралдарды даярлауды өткізу уақытын айқындайды, ұшу ауысымына ұшудың байланыс пен радиотехникалық қамтамасыз ету жөніндегі үлкен кезекшіні айқындайды.

      544. Ұшуды қамтамасыз ету үшін бөлінген байланыс және радиотехникалық қамтамасыз ету бөлімшесінің күштері мен құралдарына тікелей басшылық жасауды ұшудың байланыс және радиотехникалық қамтамасыз ету жөніндегі үлкен кезекші жүзеге асырады.

      545. Ұшуды байланыс және радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарын даярлау 30 минут бұрын, ал ауа райына радиолокациялық барлау жүргізуді қамтамасыз ететін құралдар әуеден ауа райына барлау басталғанға дейін кемінде 1 сағат 30 минут бұрын аяқталуға тиіс.

      546. Жұмысқа әзірлігін тексеру және байланыс және ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарының параметрлерін бағалау мақсатында олардың ұшуын тексеру (байланыс және ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарын айналы ұшу) жүргізіледі.

      Байланыс және ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарын уақтылы айналып ұшу авиациялық бөлім командиріне (әуеайлақтың үлкен авиациялық бастықтарына), айналып ұшуға байланыс және радиотехникалық

      қамтамасыз ету құралдарының дайындау сапасы – байланыс және радиотехникалық қамтамасыз ету бөлімшелерінің командирлеріне (бастықтарына) жүктеледі.

      Айналып ұшумен тексерілмеген байланыс және ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарын ұшуды қамтамасыз ету үшін пайдалануға жол берілмейді.

7-параграф. Ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету

      547. Ұшуды метеорологиялық қамтамасыз етуді авиацияны тиімді қолдану және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін метеорологиялық жағдайларды анағұрлым толық пайдалану мақсатында тиісті штабтар бастықтары ұйымдастырады және метеорологиялық бөлімшелердің ұшуға барлық дайындалу және оны өткізу кезеңдерінде жүзеге асырылады.

      548. Бір әуеайлақта екі және одан көп авиациялық бөлімдер орналасқан кезде осы бөлімдердің метеорологиялық бөлімшелері біріктіріледі, ол туралы әуеайлақтың аға авиациялық бастығының бұйрығы шығарылады. Біріккен метеорологиялық бөлімшенің бастығы болып сол бөлімнің метеорологиялық қызмет бастығы тағайындалады, оның командирі аға авиациялық бастық болып табылады. Біріккен метеорологиялық бөлімше осы әуеайлақта барлық орналасқан авиациялық бөлімдерді қамтамасыз ету үшін қажетті жұмыстардың барлық түрін орындайды.

      Ұшу кезеңінде, сондай-ақ әуеайлақ қосалқы ретінде бөлінген жағдайларда қарапайым метеорологиялық жағдайларда метеорологиялық байқаулар сағат сайын, ал күрделі метеорологиялық жағдайларда метеорологиялық жағдайдың шұғыл өзгерген кезде және 30 минуттан соң ауа райының белгіленген минимумы кезінде жүргізіледі.

      Ауа райының минимумы жағдайларында ұшу кезінде ұшу жетекшісі сонымен әуеайлақтың барлық өлшем нүктелерінде төменгі бұлттар шегінің биіктігін және көлденең көріну нәтижелерін 30 минуттан кейін, сондай-ақ төменгі бұлттар шегі биіктігінің және жақын сағатта көрінуінің нақтыланған болжамы баяндалады.

8-параграф. Ұшуды орнитологиялық қамтамасыз ету

      549. Ұшуды орнитологиялық қамтамасыз ету құстармен ӘК соқтығысуын тоқтатуға бағытталған және әуеайлақтарда (әуеайлақ аудандарында), маршруттарда және ұшу аудандарында орнитологиялық қауіптің туындауы туралы экипажды уақтылы ескертуді көздейді, сондай-ақ құстарды белсенді қорқыту және ұшып көтерілу және қонуға кіру секторларында олардың жиналуына жол бермеу жөнінде кешенді іс-шаралар жүргізеді.

      550. Орнитологиялық қамтамасыз ету әуеайлақ-техникалық қамтамасыз ету, метерологиялық қызмет, байланыс және радиотехникалық қамтамасыз ету бөлімшелерінің жеке құрамы жүзеге асырады.

      Әуеайлақта ұшуды орнитологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастыру әдісі және оны жүзеге асыру бойынша лауазымды адамдардың міндеттері әуеайлақтың аға авиациялық бастығының бұйрығымен айқындалады.

      551. Авиациялық бөлімде құстармен ӘК соқтығысуын алдын алу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру үшін авиациялық бөлім командирінің ұшу қауіпсіздігі жөніндегі орынбасарының төрағалық етуімен штаттан тыс орнитологиялық комиссия құрылады. Штатта авиациялық бөлім командирінің ұшу қауіпсіздігі жөніндегі орынбасары болмаған кезде орнитологиялық комиссияның төрағасы бөлім командирінің шешімімен тағайындалады.

9-параграф. Медициналық қамтамасыз ету

      552. Ұшуды медициналық қамтамасыз ету ұшу экипаждарының, ұшуға басшылық жасау тобының, сондай-ақ ұшуды орындау және қамтамасыз етумен байланысты адамдардың денсаулығын сақтауға, жұмысқа жарамдылығын арттыруға бағытталған шаралардың кешенін көрсетеді.

      553. Ұшуды медициналық қамтамасыз етуді ұшуды өткізуге авиациялық бөлім командирінің шешіміне сәйкес авиациялық бөлім медицина қызметінің бастығы ұйымдастырады. Медициналық қамтамасыз ету ӘК экипаждары мүшелерінің денсаулығын сақтау және жоғары жұмыс қабілетін ұстау мақсатында барлық ұшуды ұйымдастыру және өткізу кезеңдерінде жүзеге асырылады.

      554. Ұшуды медициналық қамтамасыз ету үшін авиациялық бөлім медицина қызметінің күштері мен құралдары тартылады.

10-параграф. Ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз ету

      555. Ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз ету – апаттық жағдайлар туындаған кезде ӘК ұшқыш құраммен қауіпсіз тастап кетуге, дербес күн көруде тіршілікке қабілеттілік көрсетуге дайындау, апатқа ұшыраған немесе апатқа ұшыраудағы ӘК экипаждары мен жолаушыларын іздеу және құтқару бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және орындау, зардап шекендерге көмек көрсету және оларды оқиға орнынан көшіру бойынша мемлекеттік авиация басқару органдарының (Әскери-әуе күштері қолбасшысы басқармасының), авиациялық бөлімдердің (бөлімшелердің) жүргізетін кешенді іс-шаралары.

      556. Ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді авиациялық бөлім командирінің ұшуды өткізу шешіміне сәйкес авиациялық бөлімнің іздестіру-құтқару және парашюттік-десанттық қызметінің бастығы ұйымдастырады.

      557. Ұшуды іздеу-құтқарумен қамтамасыз ету болмаған кезде ӘК ұшуына рұқсат етілмейді.

      558. Іздестіру-құтқару жұмыстары кезінде қолданылатын сигналдар осы Қағидаларға 18-қосымшада мазмұндалған.

11-параграф. Ұшуды объективті бақылау

      559. Объективті бақылау мыналарға бөлінеді:

      1) жедел бақылау ӘК жұмыс істеуін және жұмыс қабілетін тексеруге, сондай-ақ ӘК мен экипажын келесі ұшуға жіберу туралы шешім қабылдау үшін экипаждың ұшу қауіпсіздігі жағдайларын сақтауға, ол ұшуалды, ұшуда және әрбір ұшудан (қозғалтқышты сөндіруден) кейін объективті бақылаудың борттық құралдарының деректері бойынша жүргізіледі;

      2) арнайы бақылау ӘК техникалық жай-күйін және экипаждардың ұшу тапсырмаларын объективті бақылаудың борттық құралдарының деректері бойынша орындауын тереңдетілген бақылау, борттық және жерүсті магнитофон жазбалары бойынша экипаж мүшелерінің, ұшуға басшылық жасау тобы адамдарының, әуе қозғалысын басқару органдарының радиомен сөйлесулерін жүргізу дұрыстығын тексеру.

      Арнайы бақылау авиациялық бөлім командирі айқындаған мерзімдер мен көлемде ұшу арасында да, сонымен ұшу ауысымы аяқталғаннан кейін де объективті бақылау құралдарының деректері бойынша жүргізіледі.

      3) толық бақылау авиациялық оқиғалар мен авиациялық инциденттердің себептерін айқындау мақсатында жүргізіледі.

      Оны жүргізу әдісі мен көлемін авиациялық оқиғаны (елеулі авиациялық оқиғаны) тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның төрағасы, ал авиациялық инциденттерді тергеп-тексеру кезінде – авиациялық бөлім командирі айқындайды.

      560. Ұшуды объективті бақылау ұшуға авиациялық бөлім командирінің шешіміне сәйкес ұйымдастырылады және жүзеге асырылады.

      561. Объективті бақылауды авиациялық бөлімдердің, басқару пункттерінің, байланыс және радиотехникалық қамтамасыз ету бөлімшелерінің (бөлімдерінің) және полигондардың жеке құрамы борттық және жерүсті штаттық және штаттан тыс объективті бақылау құралдарын пайдалана отырып, функционалдық міндеттерге сәйкес жүзеге асырылады.

      562. Жалпы мақсаттағы объективті бақылаудың борттық құралдарын іске қосу міндетті болып табылады және қозғалтқыштарды іске қосу алдында пайдалану құжаттамасына сәйкес егер қосу мен сөндірудің басқа тәсілі орнатылмаса, ӘК инженерлік-техникалық құрамының есептоы және экипажы жүзеге асырады, ал сөндіру – оларды сөндіргеннен және тоқтатқаннан (жерүсті тексеруді аяқтағаннан) кейін жүзеге асырылады.

      563. Арнайы мақсаттағы объективті бақылаудың борттық құралдарын іске қосуды ұшу тапсырмасына сәйкес ӘК экипажы немесе ұшу жетекшісінің нұсқауы бойынша жүргізіледі.

      564. ӘК бортында орнатылған объективті бақылау аппаратурасын уақтылы іске қосу ӘКК, ал басқару пунктінде, радиолокациялық қону жүйесіне, радиолокациялық станцияға орнатылғандар – ұшу жетекшісіне, ұшу (қону аймағының) және басқару пункттері аға есептобының жетекшілеріне жүктеледі.

      Басқару пункттерінде және жекелеген байланыс және радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарында орнатылған объективті бақылау құралдарын уақтылы іске қосу (сөндіру) және жұмысын бақылау байланыс және

      радиотехникалық қамтамасыз ету жөніндегі аға кезекшіге, кезекші ауысым үлкендеріне (радиолокациялық станция аға есептобына) жүктеледі.

      Командалық пункт есептоптарының үлкені және байланыс және радиотехникалық қамтамасыз ету жөніндегі аға кезекші ауа райын барлаушы экипажының ұшып көтерілуге дейін 30 минут қалғанда ұшу жетекшісіне (әуе кемелерін шығаруды қабылдау жөніндегі кезекшіге) объективті бақылау құралдарының әзірлігі мен іске қосылғаны туралы баяндайды.

      565. Аралық әуеайлақтарда жедел объективті бақылау жүргізу тәсілі ұшып өтуді ұйымдастыратын лауазымды адам айқындайды. Аралық әуеайлақта арнайы объективті бақылау, егер олардың себептерін анықтау үшін объективті бақылау материалдары талап етілсе, сондай-ақ ӘК экипажы жедел бақылау нәтижелері бойынша анықталған ұшу режимін бұзса және пайдалану шектеуінен тыс шықса ӘК істен шыққан жағдайларда жүргізіледі. Толық объективті бақылау авиациялық оқиға немесе авиациялық инцидент болған жағдайда жүргізіледі.

      566. Басқару құралдарының ақаусыз объективті бақылау құралдарымен қамтамасыз етілмеген ӘК ұшуына, сондай-ақ объективті бақылаудың ақаулы борттық құралдарымен ӘК ұшып шығуына жол берілмейді.

12-параграф. Ұшуды қамтамасыз ету тобы

      567. Әрбір ұшу ауысымына ұшуды қамтамасыз ету тобы мынадай құрамда тағайындалады:

      1) ұшу аға инженері;

      2) кезекші инженер-синоптик;

      3) ұшуды әуеайлақтық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі кезекші;

      4) байланыс және ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету жөніндегі аға кезекші;

      5) кезекші дәрігер (медициналық жұмыскер);

      6) хронометражшы;

      7) кезекші планшетші;

      8) қонуға кірген әуе кемесін бақылаушы;

      9) авиациялық диспетчер.

      Көрсетілген адамдарды дайындауды олардың тікелей бастықтары (командирлері) жүргізеді.

      568. Ұшып өтетін ӘК қабылдауды және шығаруды қамтамасыз ету үшін аралық қону әуеайлақтарында оларда ұшу болмаған кезде әуеайлақтың аға авиациялық бастығы ұшып өтуді қамтамасыз ету тобын тағайындайды, оған:

      1) кезекші инженер;

      2) ӘК қабылдау, дайындау және шығару командасы;

      3) кезекші инженер-синоптик;

      4) әуеайлақтық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі кезекші;

      5) байланыс және радиотехникалық қамтамасыз ету жөніндегі кезекші;

      6) қонуға кіретін әуе кемелерін қадағалаушы;

      7) техникалық көмек көрсету командасы;

      8) техникалық бекет;

      9) өрт сөндіру бекеті;

      10) әуеайлақтың медициналық бекеті кіреді.

      569. Ұшуды қамтамасыз ету тобынан басқа, ұшу ауысымына:

      1) жерүсті іздестіру-құтқару командасы;

      2) парашюттік-десанттық құтқару тобы;

      3) техникалық көмек көрсету командасы;

      4) ӘК және олардың қару-жарағын техникалық қара тексеру бекеттері;

      5) тежеу парашюттерін іріктеу командасы;

      6) қоршау командасы;

      7) өрт сөндіру бекеттері (өрт сөндіру бекеттерінің саны әуеайлақтың аға авиациялық бастығының шешімімен белгіленеді) тағайындалады.

5-бөлім. Ұшқышсыз ұшу аппараттарының ұшуын ұйымдастыру ерекшеліктері
9-тарау. Ұшқышсыз ұшу аппараттарының ұшуын даярлау
1-параграф. Ұшқышсыз ұшу аппараттарының жіктелуі

      570. Орындалатын міндеттердің мақсаты мен типі бойынша ҰҰА:

      1) жауынгерлік (соққы беру) – авиациялық зақымдау құралдарымен соққы беру үшін;

      2) барлау – барлау құралдарымен әуе барлау жүргізу, инфрақызыл және теледидар диапазондарында бақылау және лазерлік қашықтық өлшеу үшін;

      3) көпмақсатты – бір уақытта немесе ұшуға тапсырмаға байланысты бірнеше міндеттерді шешу үшін жіктеледі.

      571. Басқару қағидаты бойынша ҰҰА:

      1) автономдық – оператордың араласуынсыз, навигациялық кешенге бағдарламаға сәйкес енгізілген ұшу тапсырмасын орындайтындар;

      2) қашықтан басқарылатын – жерүсті басқару станциясынан (басқару пунктінен) оператор басқаратындар;

      3) аралас – ұшуда автоматты, жерүсті басқару станциясынан (басқару пунктінен) оператор немесе көрсетілген тәсілдермен аралас басқарылатындар болып жіктеледі.

      572. Массагабариттік сипаттамалар бойынша ҰҰА:

      1) микро – барынша ұшып көтерілу салмағы 10 килограмнан аз болатын әуе кемесі;

      2) мини – барында ұшып көтерілу салмағы 100 килограммнан артық емес болатын әуе кемесі;

      3) орташа – барынша ұшып көтерілу салмағы 1000 килограммнан артық емес болатын әуе кемесі;

      4) ауыр – барынша ұшып көтерілу салмағы 1000 килограммнан артық болатын әуе кемесі болып жіктеледі.

2-параграф. Ұшқышсыз ұшу аппаратының экипажы (есептобы)

      573. Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ҰҰА ұшуларын орындау үшін ҰПН-ға сәйкес экипаждар (есептоптар) құрылады. ҰҰА ӘКК (бұдан әрі – ҰҰА командирі) болып әуеде ҰҰА басқару жөніндегі функцияларын орындайтын ҰҰА операторы тағайындалады.

      574. ҰҰА операторларының кәсіби қызметіне жіберу үшін негіздеме:

      1) арнайы оқу орындарын (авиациялық оқу орталықтарын, арнайы курстарды) біртіру туралы құжат (диплом, куәлік, сертификат);

      2) кәсіби қызметке жарамдылығы туралы медициналық сараптаманың қорытындысы;

      3) кәсіби қызметті жүзеге асыруға авиациялық бөлім командирінің тиісті бұйрығымен расталған, қажетті білімдері мен дағдыларының болуы туралы мәліметтер көрсетілген осы Қағидаларға 19-қосымшаға сәйкес авиациялық маманның куәлігі болып табылады.

      575. Ұшуды орындау кезінде ҰҰА экипажы (есептобы):

      1) ұшу тапсырмасын және ҰПН талаптарын сақтайды;

      2) оның аймағында ҰҰА ұшуы жүзеге асырылатын мемлекеттік авиация басқару пунктінің және әуе қозғалысын басқару орталығының нұсқауларын нақты орындайды;

      3) әуе, орнитологиялық жағдайды, шолып метеорологиялық жағдайды және борттық және жерүсті құралдарын (олар бар болған кезде) пайдаланумен қадағалау жүргізеді. Ауа райының қауіпті құбылыстары немесе басқа әуе кемелеріне қауіпті жақындаған кезде ұшуды қауіпсіз жалғастыруды қамтамасыз ету үшін барлық мүмкін шараларды қабылдайды;

      4) ұшу қауіпсіздігіне айқын қатер төнген жағдайда ұшу жоспарынан, ӘҚБ органының нұсқауларынан және ұшу тапсырмаларынан басқаша тапсырманы орындауды жалғастыру туралы шешім қабылдайды.

      576. Егер ҰҰА апатқа ұшыраса немесе ұшыраған болса, ҰҰА экипажы (есептобы) жердегі адамдардың өмірі мен денсаулығының, мүліктердің сақталуына, сондай-ақ, мүмкіндігінше ҰҰА сақтауға барлық мүмкін шаралар қабылдайды.

      577. ҰҰА командирі өз экипажының (есептобының) ұшуға уақтылы және толық дайындалуын бақылайды, экипаж (есептоп) қызметіне басшылық жасайды, ҰҰА пайдалану және осы Қағидалардың қағидаларының талаптарын сақтайды, сондай-ақ ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдайды.

      578. ҰҰА командирі:

      1) ұшуға дайындалады;

      2) ұшуға әзірлігі бақылаудан өтеді;

      3) экипаж (есептоп) мүшелерінің даярлығына басшылық жасайды және ұшу тапсырмаларын орындауға олардың әзірлігін бағалайды;

      4) ұшуға нақты қауіпсіздік шараларын әзірлейді;

      5) қауіпсіздік шараларын жеткізеді және экипаждан (есептоптан) ҰҰА ұшу кезінде олардың сақталуын талап етеді;

      6) ҰҰА экипажын (есептобын) ұшудың ерекше жағдайларында іс-қимылдарға дайындайды;

      7) ұшуалды режимін сақтайды және ҰҰА экипажы (есептобы) мүшелерінің оны орындауына қол жеткізеді;

      8) ҰПН-мен белгіленген көлемде қарап тексереді, тексереді және ұшуға ҚБАЖ дайындығына басшылық жасайды;

      9) ҰҰА ұшуына шешім қабылдайды;

      10) ҰҰА экипажының (есептобының) жұмысына басшылық жасайды;

      11) оның жауапты аймағындағы мемлекеттік авиация басқару пунктінің және әуе қозғалысын басқару орталығының командаларын орындайды;

      12) ұшу тапсырмасына сәйкес ұшуды орындайды;

      13) ұшуда ҰҰА орналасқан орынын бақылайды;

      14 отынның нақты қалдығын (аккумуляторлық батареяның зарядын) және ұшу уақытын бақылайды;

      15) ұшуалды және ұшуда метеорологиялық, орнитологиялық және әуе жағдайларын талдайды;

      16) әуеде жағдай нашарлаған кезде ұшуды жалғастыруға (тоқтатуға) шешім қабылдайды;

      17) байқағыштық көрсетеді және басқа әуе кемелері мен жерүсті кедергілермен қауіпті жақындауға жол бермейді;

      18) жауапты аймақта орналасқан басқару пунктіне және әуе қозғалысын басқару орталығына әуеде болған ұшу қауіпсіздігіне ықпал ететін авиациялық техниканың істен шығуы туралы, ұшу тапсырмасын орындауды өзгерту немесе тоқтату туралы, сондай-ақ мәжбүрлі қонуға шешім қабылдау туралы баяндайды;

      19) ұшуды аяқтау бойынша ҰҰА дайындау журналына ҰҰА анықталған ақаулар туралы, ҰҰА басқаруда немесе оның жүйесінің жұмысындағы ауытқулар, отын қалдығы (аккумуляторлық батарея заряды) туралы жазбалар уақтылы енгізеді;

      20) ҰҰА экипажымен (есептобымен) ұшуға талдау жүргізеді.

      579. ҰҰА экипажының (есептобының) басқа мүшелері ҰПН талаптарына және ҰҰА командирінің нұсқауларына сәйкес міндеттерін атқарады.

3-параграф. Ұшқышсыз ұшу апппаратының
экипажын (есептобын) ұшуға жіберу

      580. ҰҰА операторлары ұшуға:

      1) ҰҰА алғашқы меңгерілетін түріне (модификациясына);

      2) даярлау түрлері бойынша күндіз және түнде жаттықтыру (дербес) ұшуларға;

      3) ұшу даярлығының түрлері бойынша нұсқаушы ретінде жіберіледі.

      ҰҰА операторларын даярлау түрлері бойынша ұшуларға рұқсатнама тізбесі Курстарда айқындалады.

      581. Рұқсатнама туралы мәліметтер ҰҰА маманының ұшу кітапшасына жазылады, бөлімнің елтаңбалы мөрімен бекітіледі.

      582. ҰҰА алғашқы меңгерілетін типіне (модификациясында) ҰҰА операторларының ұшуға рұқсатнамасы теориялық қайта оқудан (арнайы бағдарламаларды өтуден) кейін, теориялық пәндерді білу және тренажерларда (макеттерде, жерүсті басқару станцияларында) практикалық сабақтар өткізу қорытындылары бойынша жүзеге асырылады.

      583. Даярлық түрлері бойынша күндіз және түнде жаттықтыру ұшуларға ҰҰА операторларын жіберу Курс жаттығулары бойынша тексеруден кейін жүргізіледі.

      584. Жаттықтыру ұшуларға ұшуда жеке тексеруден кейін:

      1) ҚБАЖ бөлімшелерінің (буын, бөлім, бөлімше, топ командиріне дейін қоса алғанда) ҰҰА операторларын – бөлімше командирінің орынбасары және одан жоғары, ал ҚБАЖ бөлімшесінің қалған жеке құрамын, бөлім басқармасының жеке құрамын тиісті мамандығы бар бөлім қызметінің тиісті бастықтары және олардың тікелей бастықтары;

      2) бөлім командирлерін, жедел-стратегиялық және жедел-аумақтық әскери басқару органдарының, мемлекеттік авиция басқару органдарының және мемлекеттік авицияның ұшу қауіпсіздігін қадағалау бойынша органның жеке құрамы – атқаратын лауазымына байланысты емес, жол берілетіннен

      (тексеретіннен) төмен емес тиісті даялық деңгейі бар ҰҰА операторлары жіберіледі.

      585. ҰҰА операторларын ҰҰА осы түріне (модификациясына) даярлау түрлері бойынша нұсқаушы ретінде жіберу Курстың тиісті жаттығулары бойынша тексеру нәтижелері бойынша жүргізіледі.

4-параграф. Ұшқышсыз ұшу аппараттары операторларының
ұшу даярлығын және теориялық білімдерін тексеру

      586. ҰҰА операторлары атқаратын лауазымына және сыныптық біліктілігіне байланысты емес жыл сайын даярлық түрлері бойынша, сондай-ақ осы Қағидалардың 593-тармағында көрсетілген теориялық пәндер мен құжаттарды білуі бойынша тексеріледі.

      587. Тексеру нәтижелері ҰҰА маманының кітапшасына жазылады.

      588. Тексеру жүргізілетін даярлық түрлері бойынша, оның ішінде нұсқау беру ұшуларына жіберілген ҰҰА операторларын тексеру бойынша жаттығулар және олардың сыныптық біліктілігіне байланысты оларды тексеру мерзімдері Курста айқындалады.

      589. ҰҰА бірнеше типтерінде ұшуларға жіберілген ҰҰА операторларына ҰҰА әрбір типінде тексеру саны мен түрін басшылық жасайтын лауазымды адамдарға бөлім командирі бөлім командирінен және жоғары - олардың тікелей бастықтары айқындайды.

      590. ҰҰА операторларын даярлық түрлері бойынша тексеру тиісті мамандығы мен рұқсатнамасы бар олардың бастықтары жүргізеді. Командирлердің (бастықтардың) нақты даярлық деңгейі осы Қағидалардың 592-тармағының талаптарына сәйкес болмаған жағдайларда ҰҰА операторларын тексеру олар тағайындаған лауазымды адамдар жүзеге асырады.

      591. Даярланған нұсқаушылар болмаған кезде авиациялық персоналды тексеру және оқытып-үйрету үшін Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының басқа басқару органдарының нұсқаушылары тартылады.

      592. Ұшу даярлығын тексеруді:

      1) тексерілетін сияқты сол типтегі ҰҰА-да ұшуға рұқсатнамасы бар;

      2) тиісті ұшу даярлығының түрі бойынша нұсқау беру ұшуларға рұқсатнамасы бар;

      3) Курстарда (Бағдарламаларда) белгіленген ұшуларда қол үзуі жоқ адамдар жүзеге асырады.

      593. ҰҰА экипаждарының (есептоптарының):

      функционалдық міндеттерін;

      ҰПН;

      ҚБАЖ тактикалық-техникалық деректерін;

      ұшуда ерекше жағдайлар туындаған кездегі іс-қимылдар;

      ҰҰА ұшуларын жүргізу кезіндегі қауіпсіздік шараларын білуі тексеріледі.

      ҰҰА операторларының сонымен мыналарды білуі тексеріледі:

      әуе кеңістігін пайдалануды және мемлекеттік авиация қызметін регламенттейтін құжаттарды;

      әуеайлақтың аэронавигациялық паспортын (әуеайлақта ҚБАЖ орналасқан кезде) және авиациялық полигонның (ол бар болғанда) аэронавигациялық паспортын;

      осы Қағидаларға 237, 239 – 243-тармақтарына сәйкес шекарамаңы жолағында ұшуларды өткізу шарттарын.

      594. ҰҰА экипаждарының (есептоптарының) білімдерін тесеру бөлім командирі (Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының басқару органының жетекшісі, мемлекеттік авиацияның ұшу қауіпсіздігін қадағалау жөніндегі органы, жедел-стратегиялық және жедел-аумақтық әскери басқару органдары) тағайындаған комиссия тексереді. Одан басқа ҰҰА операторларының білімдерін тексеру олардың тікелей және тура бастықтарына жүргізуге жол беріледі.

      595. Басқа бөлімге ҰҰА экипажын (есептобын) ауыстырған кезде ҰПН, ҚБАЖ тактикалық-техникалық деректерін, ұшуды басқару техникасын, әуе навигациясын (навигациялық жүйелер бар болған кезде), әуеайлақтың аэронавигациялық паспортын (әуеайлақта ҚБАЖ орналасқан кезде), авиациялық полигонның аэронавигациялық паспортын (ол бар болған кезде) білуі тексеріледі.

5-параграф. Ұшқышсыз ұшу аппараттары операторларының
рұқсат етілген үзілісі және олардың дағдыларын
қалпына келтіру

      596. ҰҰА операторларына, олардың жеке қабілеттерін, жаттыққандығын және сыныптық біліктілігін ескере отырып, күндіз және түнде ұшу даярлығының түрлері (түрлерінің элементтері) бойынша жаттықтыру ұшуында рұқсат етілген үзілістерді ҚБАЖ бөлімшесінің командирі, ҚБАЖ бөлімшесінің командирінен бастап және одан жоғары лауазымды адамдарға осы үзілістерді олардың тікелей бастықтары, бірақ Курстарда айқындалған мерзімдерден асырмай белгілейді.

      597. Курстарда (Бағдарламаларда) айқындалған мерзімдерден асатын ұшуда үзіліс болған кезде ҰҰА командирлеріне жаттықтыру ұшуын транажерда (жерүсті басқару станциясында, ҰҰА макетінде) ұшқаннан және бақылау ұшуын орындағаннан кейін орындауға жол беріледі.

      598. ҰҰА операторлары үшін белгіленген мерзімдерден 2 есе және одан көп асатын ұшуда үзілістер болған кезде, сондай-ақ олардың кінәсі бойынша болған авиациялық оқиғалардан немесе елеулі авиациялық инциденттерден кейін олардың дағдыларын қалпына келтіру бөлім командирі бекітетін жеке жоспар бойынша жүзеге асырылады.

      599. Даярлықтың жеке түрлері бойынша ұшуда үзілістер болған кезде ҰҰА операторларының дағдыларын қалпына келтіру әдісі Курстардың талаптарына сәйкес тікелей командир (бастық) белгілейді.

6-параграф. Ұшқышсыз ұшу аппараттары экипаждарының
(есептоптарының) ұшуы және демалуы

      600. Жауынгерлік (ұшу) даярлық жоспары бойынша ұшуды орындаған кезде ҰҰА экипажына (есептобына) ұшу ауысымындағы ұшу саны мен жалпы ұшуы Курстармен айқындалады.

      Жеке жетілуге ұшуды орындаған кезде ҰҰА экипажы (есептобы) үшін старттық уақыттың ең көп ұзақтығы 6 сағаттан, нұсқаушы үшін 7 сағаттан аспайды.

      Оқу-жаттығуларда, арнайы тапсырмаларды (арнайы ұшуды) орындау кезінде экипажға (есептопқа) ұшу санын, жалпы ұшуды және старттық уақытты бөлім командирі, ал ұшу ауысымының ұзақтығын – оқу-жаттығулардағы үлкен бастықпен келісу бойынша оқу-жаттығуды ұйымдастыратын командир белгілейді.

      601. Ұзақтығы 12 сағаттан асатын үздіксіз ұзақ ұшуды орындайтын ҰҰА экипажына кемінде 10 сағат ұшуалды демалыс беріледі. Ұшу аяқталғаннан кейін оларға сондай-ақ:

      1) ұшу ұзақтығы 16 сағатқа дейін болған кезде – кемінде бір тәулік;

      2) 16 сағаттан асқан кезде – кемінде екі тәулік ұшудан кейінгі демалыс беріледі.

      602. ҰҰА экипажына ұшуды орындау алдында ұйықтау үшін кемінде 8 сағат демалыс беріледі, бұл ретте, егер экипаж (есептоп) алдыңғы ауысымның ұшуына қатысса немесе жауынгерлік кезекшілік атқарса, ұшу немесе кезекшіліктің аяқталуы мен ұшудың басталуы арасындағы үзіліс кемінде 12 сағат болуға тиіс.

      603. Түнгі және аралас ұшу алдында экипажға (есептопқа) кемінде 4 сағат, ал күннің екінші жартысында ұшу алдында – кемінде 2 сағат қосымша демалыс беріледі.

      604. Жыл сайынғы демалысты 12 айдан астам пайдаланбаған ҰҰА экипажына демалыс беріледі немесе олар ұшудан шеттетіледі және кейіннен 2 айдан аспайтын мерзімге ұшуға рұқсат етумен 7-10 тәулік мерзімге демалу үшін профилакторийға жіберіледі. Көрсетілген мерзім өткеннен кейін бұл адамдарға жыл сайынғы демалыс беріледі.

      Одан басқа, ҰҰА операторларына демалыс арасындағы кезеңде бөлім командирінің шешімімен бөлімнің медицина қызметі бастығының ұсынымы бойынша жыл сайынғы демалыстан шығу уақытына қарамастан, 7-10 тәулік мерзімге профилактикалық демалыс беріледі.

7-параграф. Ұшуға шешім қабылдау және ұшқышсыз ұшу
аппараттарының экипаждарына (есептоптарына)
ұшуға міндеттер қою

      605. Бөлім командирінің ұшуды ұйымдастыруға және жүргізуге шешімді пысықтауы оның қызметінің мынадай элементтерін:

      1) жағдайды бағалауды;

      2) ұшуға міндеттерді айқындауды;

      3) түпкілікті шешім қалыптастыруды қамтиды.

      606. Жағдайды бағалау барысында алда болатын ұшудың мақсаттарын таңдауға негізгі ықпал ететін факторлар ескеріледі және талданады.

      607. Командир жағдайды бағалай отырып, мынадай факторларды:

      1) ҰҰА бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігінің жай-күйін;

      2) алдағы ауысымда ұшуды орындау ауданындағы және қосалқы әуеайлақтардағы күтілетін метеорологиялық және орнитологиялық жағдайларды;

      3) аудандағы ұшу жағдайлары мен режимін;

      4) ҰҰА операторларын ұшуға даярлау үшін уақытты талдайды.

      Жағдайды бағалау барысында қажетті мәліметтерді алу немесе нақтылау үшін бөлім командиріне өз орынбасарларының, бөлімше командирлерінің және қызмет бастықтарының ұсыныстарын тыңдауға жол беріледі.

      Ұшуды жүргізуге шешім қабылдау үшін баяндаудың мазмұны мен реттілігі бөлім командирі айқындайды.

      608. Жағдайды бағалаудан қорытындыларға сәйкес міндеттерді айқындап және ұшудың орынды нұсқасын таңдап, бөлім командирі ұшуға дайындалуға және оны жүргізуге шешім қабылдайды, онда:

      1) ұшуды жүргізу күнін (кезеңін), оның басталуы мен аяқталу уақытын, ҰҰА санын және ҰҰА операторларын;

      2) ұшудың негізгі мақсаттары мен міндеттерін;

      3) әуе кеңістігін пайдалану процедурасын;

      4) ұшуға дайындық жүргізу тәсілін;

      5) ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды айқындайды.

      609. Шешім қабылдағаннан кейін бөлім командирі оны бөлімнің басшылық құрамына, ҰҰА бөлімшелерінің және қамтамасыз ету бөлімшелерінің (олар бар болған кезде) командирлеріне міндет қою нысанында жеткізеді және олардың ұшуды жоспарлау, дайындау, жүргізу және қамтамасыз ету бойынша жұмысын ұйымдастырады.

      610. Бірнеше ұшу ауысымында ұшуды жүргізу кезінде ұшуға міндеттерді барлық ауысымдарға қоюға жол беріледі. Мұндай жағдайларда командирдің ұшуға шешімі әрбір ұшу ауысымы алдында нақтыланады немесе толықтырылады. Бөлім командирі міндет қойған кезде:

      1) әрбір бөлімше үшін ұшуды жүргізу күні мен уақытын жеткізеді;

      2) ұшу ауданындағы метеорологиялық және орнитологиялық жағдай туралы баяндауды тыңдайды;

      3) негізгі мақсаттарын айқындайды және күтілетін метеорологиялық және орнитологиялық жағдайдың шарттарына сәйкес ұшу ауысымдары мен күндер бойынша алдағы ұшудың міндеттерін жеткізеді;

      4) ұшу жетекшісін тағайындайды;

      5) ӘК санын тағайындайды, күтілетін әуедегі және жерүсті (суүсті) жағдайын жеткізеді;

      6) авиацияның басқа тектерінің, Құрлық әскерлерінің, Әскери-теңіз күштерінің бөлімдерімен (бөлімшелерімен) және басқа да басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасау тәсілін жеткізеді;

      7) экипаждарды (есептоптарды), ұшу жетекшісін және ҰҰА ұшуына дайындау тәсілін жеткізеді;

      8) ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шараларды жеткізеді.

      611. Тұрақты орналасу орындарынан тыс ҰҰА ұшуын жүргізу кезінде бөлім командирімен бұйрығымен тағайындалған лауазымды адам ұшуды жүргізуге шешім қабылдайды және міндеттер қоюды жүргізеді.

      612. Ұшуды жүргізуге міндеттер қою құжатталады және техникалық дыбыс- және (немесе) бейнежазба құралдарын пайдалана отырып тіркеледі.

      613. ҰҰА бөлімшелерінің командирлері бағынысты ҰҰА операторларына міндеттерді нақтылайды және:

      1) ұшуды орындау мақсатын;

      2) ҰҰА экипаждарының (есептоптарының) құрамын;

      3) жоспарланған ұшу тапсырмаларын;

      4) жауынгерлік жүктемені және әрекет ету объектілерін;

      5) жаттығуларды орындау ерекшеліктерін, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жеткізеді және ұшу тапсырмаларының жекелеген элементтерін орындау тәсілін түсіндіреді.

      614. Егер ҰҰА экипажының (есептобының) мүшесі ұшуға берілген тапсырманы өзі үшін орындауға қиын деп санаса немесе оны орындау қауіпсіздігіне сенімді болмаған жағдайда, ол бұл туралы өзінің тікелей бастығына, ал ҰҰА командирі – өзінің тікелей бастығына және одан жоғары бастыққа ауызша түрде баяндайды. Мұндай баяндауды алған бастық ҰҰА экипажына (есептобына) оның даярлық деңгейіне сәйкес келетін және ҰҰА экипажының (есептобының) мүшесінде оны табысты орындауына күмән тудырмайтын басқа ұшу тапсырмасын айқындайды немесе ҰҰА экипажының (есептобының) мүшесін ұшуды орындаудан шеттетеді.

      615. Арнайы тапсырмаларға ұшуға (арнайы ұшуға) ҰҰА экипаждарына міндеттерді, дайындықтың мазмұны мен көлемін бөлім командирі немесе бөлімнің басшылық құрамы қатарынан ол тағайындаған адам қояды. ҰҰА экипаждарына міндет қажетті лауазымды адамдарды тартумен қойылады, техникалық дыбыс жазу құралдарын пайдалана отырып құжатталады және тіркеледі.

      ҰҰА командирі (топтың үлкені) әзірлікке бақылауды жүргізгеннен кейін бөлім командиріне экипаждың (есептоптың) арнайы тапсырманы (арнайы ұшуды) орындауға әзірлігі туралы баяндайды.

      616. Ұшуға шешім қабылдау және ҰҰА экипаждарына ұшуға міндеттер қою осы Қағидалардың 162 – 168-тармақтарының талаптарына сәйкес жауынгерлік даярлау және ҰҰА жауынгерлік қолдану оқу-жаттығу орталығында жүзеге асырылады.

8-параграф. Ұшқышсыз ұшу аппараттарының ұшуын жоспарлау

      617. Бөлімнің басшылық құрамы командирдің (бастықтың) шешімі негізінде ұшуға дайындалу және оны қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүргізеді және бөлім командирі берген өкімдердің орындалуын бақылауды жүзеге асырады.

      Бөлім командирінің орынбасары бөлімшелер командирлерін және қызметтер бастықтарын тарта отырып, әуе кеңістігін, полигондарды, нысаналы мақсаттағы алаңдарды, қосалқы әуеайлақтарды (оларды пайдалану кезінде) пайдалануға өтінімдер және ұшуды қамтамасыз етуге өкімдер беруді ұйымдастырады.

      618. ҰҰА бөлімшелерінің командирлері өз орынбасарларына және буындар (бөлімдер, бөлімшелер, топтар) командирлеріне бөлім командирінің ұшуға шешімін жеткізеді, ал буындар (бөлімдер, бөлімшелер, топтар) командирлері, өз кезегінде, ұшуға тартылатын ҰҰА экипаждары, ҰҰА операторлары пысықтауы қажет жаттығулар нөмірлері және даярлық деңгейін, жеке қасиеттерін ескере отырып, оларды кешендету бойынша ұсыныстарын баяндайды.

      619. Ұшқышсыз ұшу аппараттарының ұшуын жауынгерлік даярлық және ҰҰА жауынгерлік қолдану оқу-жаттығу орталығында жоспарлау осы Қағидалардың 169 – 174-тармақтарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

9-параграф. Ұшқышсыз ұшу аппараттарының
операторларын ұшуға даярлау

      620. ҚР МКҚ, ҚР ІІМ, ҰҚК ШҚ, ҚР ҚМ жедел-стратегиялық және жедел-аумақтық әскери басқару органдарының ҰҰА операторлары және ҰҰА ұшу жетекшілері ҰҰА-ны басқару мен оған қызмет көрсетуге оқыту рәсімдерінен өтуден басқа, таяудағы ӘҚБ орталығында немесе авиациялық базада маман кітапшасына жазумен Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидасының ережелерін, әуе навигациясының негіздерін қолдану бойынша консультация алады.

      621. ҰҰА экипажының (есептобының) мүшелері дайындықсыз және олардың ұшу тапсырмасын орындауға әзірлігін тексерусіз ұшуды орындауға жіберілмейді.

      622. Ұшуға дайындық күтілетін жағдай шарттарында ҰҰА операторларын нақты ұшу тапсырмаларын орындауға әзірлікке келтіру процесін білдіреді. Дайындық бір немесе бірнеше ұшу ауысымына жүргізіледі және мыналарды:

      1) ҰҰА экипаждарының (есептоптарының) ұшуға дербес дайындығын;

      2) тренажерларда, макеттерде немесе жерүсті ҚБАЖ басқару станцияларында жаттықтыруды;

      3) ұшуға әзірлікті бақылауды қамтиды.

      Дайындықтың мазмұны мен ұзақтығын орындалатын міндеттердің жаңалығына және күрделілігіне, ҰҰА ұшу экипаждарының (есептоптарының) даярлық деңгейіне, оқу-жаттығу материалдық базаның мүмкіндіктеріне байланысты ұшуды ұйымдастыратын бөлім командирі айқындайды. Дайындыққа арналған уақыттың көп бөлігі дербес даярлыққа және тренажерлардағы (макеттердегі, ҰҰА жерүсті басқару станцияларындағы) жаттықтыруға бөлінеді. Дайындық ҰҰА экипаждарын (есептоптарын) толық көлемде ұшуға даярлауды қамтамасыз етуге тиіс.

      623. ҰҰА операторларының ұшуға дербес дайындығы оның көлемі мен мазмұнын айқындайтын тікелей бастықтардың басшылық етуімен және қатысуымен ұйымдастырылады және жүргізіледі.

      624. ҰҰА операторларының тренажерлардағы, макеттердегі немесе жерүсті басқару станцияларындағы жаттықтырулары дербес дайындықтан кейін өткізіледі. Экипаждарға жаттықтыру тақырыптарын оларды өткізуді ұйымдастыратын бөлімше командирлері айқындайды. Жаттықтыруларды тікелей командирлер өткізеді. Жаттықтырулар аяқталғаннан кейін даярланбаған ҰҰА операторларын ұшуға жібермеу және ұшу тапсырмаларын жоғары сапада орындауды және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тікелей бастықтар дербес дайындық процесінде ҰҰА экипаждарының (есептоптарының) ұшу тапсырмаларын орындауға әзірлігіне көз жеткізуге мүмкіндік беретін нысанда ҰҰА экипаждарының (есептоптарының) алдағы ұшуларға әзірлігін бақылауды жүргізеді.

      625. Командир (бастық) әзірлікке бақылауды жүргізгеннен кейін жоғары тұрған бастыққа ҰҰА экипаждарының (есептоптарының) ұшуға әзірлігі туралы баяндайды.

      626. Бөлімдер басшылық құрамының ұшуға әзірлігін бақылауды олардың тікелей бастықтары жеке өздері немесе олардың нұсқаулары бойынша басқа лауазымды адамдар жүзеге асырады. Бұл ретте техникалық байланыс құралдарын пайдалануға жол беріледі.

      627. Бақылаушы қосымша дайындықты ұйымдастырады немесе ҰҰА экипажының (есептобының) ұшуға жеткіліксіз даярлығы анықталған кезде ҰҰА экипажын (есептобын) ұшудан шеттетеді.

      Ұшу тапсырмаларын орындауға даярлықтың толықтығы мен сапасы ҰҰА экипажының (есептобының) әрбір мүшесіне дербес жүктеледі.

      ҰҰА операторларын ұшуға даярлау және әзірлікті бақылау нәтижелері ұшуға дайындық дәптерінде көрсетілуге тиіс.

      628. ҰҰА операторларын ұшуға даярлау жауынгерлік даярлық және ҰҰА жауынгерлік қолдану оқу-жаттығу орталығында осы Қағидалардың 175 – 193-тармақтарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

10-параграф. Ұшқышсыз ұшу аппараттары экипаждарының
(есептоптарының) ұшуалды даярлығы

      629. ҰҰА экипаждарының (есептоптарының) ұшуға ұшуалды даярлығы тікелей ұшу алдында тікелей командирлердің (бастықтардың) басшылық етуімен осы уақытта нақты қалыптасқан метеорологиялық, орнитологиялық, әуедегі және жерүсті (суүсті) жағдайын ескере отырып жүргізіледі.

      ҰҰА экипаждарының (есептоптарының) ұшуалды даярлығы:

      1) медициналық бақылауды (медициналық бекет болған кезде);

      2) тренажерда , макетте, ҰҰА басқару станцияларында жаттықтыруды;

      3) ұшудың нақты жағдайлары үшін қажетті есептерді орындауды;

      4) ҰҰА-ны қабылдау мен дайындауды;

      5) алдағы ұшу тапсырмасына ҰҰА жерүсті басқару станцияларының жұмыс орындарын дайындауды және тексеруді қамтиды.

      Ұшуалды даярлыққа қажетті уақытты ұшуды ұйымдастыратын командир белгілейді.

      630. Ұшуды жүргізуге шешімді бөлім командирі ұшу ауданындағы нақты метеорологиялық жағдайларды және ауа райын болжамын бағалағаннан, әуе кеңістігін пайдалануға өтінімдерді растау туралы, ҰҰА операторларының және авиациялық техниканың ұшуға әзірлігі туралы, ҰҰА операторларының және ұшу жетекшісінің денсаулық жағдайы туралы ақпаратты алғаннан кейін қабылдайды.

      Бөлім командирі ұшуды жүргізуге шешімде ұшуды бастау уақытын және қалыптасқан жағдайларда оны жүргізу тәсілін, ұшу тапсырмаларын орындау мен ҰҰА-ны пайдалану ерекшеліктерін, қауіпсіздік шараларын айқындайды. Өз шешімін бөлім командирі бөлімнің басшылық құрамына, ҰҰА бөлімшелерінің және қамтамасыз ету бөлімшелерінің командирлеріне жеткізеді.

      Бөлім командирінің шешімі дыбыс- және (немесе) бейнежазу техникалық құралдарын пайдаланумен құжаттандырылады.

      631. ҰҰА-ны ұшуға дайындауды, қабылдауды және әзірлігін тексеруді, алдағы ұшу тапсырмасына жұмыс орындарын дайындауды және тексеруді ҰҰА экипаждары (есептоптары) ҰПН-ға сәйкес жүргізеді.

      632. Жауынгерлік даярлық және ҰҰА жауынгерлік қолдану оқу-жаттығу орталығында ұшқышсыз ұшу аппараттарының экипаждарын (есептоптарын) ұшуалды даярлау осы Қағидалардың 197 – 205-тармақтарының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

10-тарау. Ұшқышсыз ұшу аппараттарының
ұшуын жүргізу және талдау

      633. ҰҰА ұшуына басшылық жасауды ҰҰА пайдаланатын бөлімшенің басшылық құрамынан, сондай-ақ одан жоғары тұрған бастықтардан тиісті командирдің (бастықтың) бұйрығымен тағайындалатын ұшу жетекшісі жүзеге асырады.

      634. ҰҰА ұшуының ұзақтығы 7 сағаттан асқан кезде ұшу ауысымына бірнеше ұшу жетекшісін тартуға жол беріледі.

      635. Ұшуды орындау кезінде ҚБАЖ жерүсті басқару станциясында (ұшу жетекшісінде) мыналар:

      1) ұшу маршруттарынан (ауданынан) басқа әуе кеңістігі құрылымының элементтері түсірілуге тиіс дайындалған карта (планшет):

      мемлекеттік шекара, шекара маңындағы жолақ (шекара аймағында ұшуды орындау кезінде);

      олардың нөмірлерін көрсетумен әуе трассалары мен маршруттар учаскелері;

      ӘҚБ аудандарының шекаралары;

      тыйым салынған, қауіпті аймақтар, ұшуға шек қойылған аймақтар;

      полигон аудандары.

      ҰҰА ұшуын әуеайлақтардан 100 км радиуста орындаған кезде қосымша әуеайлақта ұшып көтерілудің (қонуға кірудің) стандартты схемаларын, ұшу-қону жолағының ортасынан азимуттық-қашықтық өлшегіш торды салу қажет;

      2) ӘҚБ орталығымен және таяудағы әуеайлақтың ұшуға басшылық жасау тобымен байланыс схемасы;

      3) ӘҚБ орталығымен өзара іс-қимыл алгоритмі болуы қажет.

      Шекара заставаларында ҰҰА ұшуын орындау кезінде ҚБАЖ жерүсті басқару станциясында (ұшу жетекшісінде) ӘҚБ орталығымен және таяудағы әуеайлақтың ҰБТ-мен байланыс схемасы, ӘҚБ орталығымен өзара іс-қимыл алгоритмі болуы қажет.

      636. ӘҚБ органының басқаруымен ұшуды орындау кезінде ҰҰА операторына (ұшу жетекшісіне) ӘҚБ органымен радиобайланыс жүргізу кезінде пайдаланылатын жеке шақыру белгісі беріледі.

      637. Ұшу жетекшісі жоспарланған ұшудың басталу уақытына дейін 10 минуттан кешіктірмей әуе қозғалысын басқару орталығына әуе кеңістігін пайдалануға байланысты қызметтің басталуына әзірлігі туралы баяндайды.

      638. ҰҰА экипажының (есептобының) оқу-жаттығу ұшуын орындауы үшін негіз бөлім командирінің бұйрығы болып табылады.

      639. Бөлім командирінің жазбаша бұйрығынсыз ұшып шығуға жауынгерлік әзірлікті тексеру, іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде, табиғи апаттар болған кезде және басқа да төтенше жағдайларда жауынгерлік, арнайы (жедел-қызметтік, қызметтік-жауынгерлік) тапсырманы немесе арнайы ұшуды (арнайы тапсырманы) орындаған жағдайларда рұқсат етіледі. Бұл жағдайда бөлім командирінің бұйрығы ұшуды орындағаннан кейін, бірақ ҰҰА қонғаннан кейін 24 сағаттан кешіктірілмей шығарылады.

      640. Ұшудың басталуын кейінгі мерзімге ауыстыруға жол беріледі. Бұл ретте ұшудың аяқталуы мемлекеттік авиацияны басқару органы командалық пунктінің, жедел-стратегиялық, жедел-аумақтық басқару органының рұқсатымен және аудандық әуе қозғалысын басқару орталығымен келісу бойынша, бірақ 2 сағаттан аспайтын уақытқа ауыстырылады.

      641. ҰҰА экипажының (есептобының) ұшу жетекшісімен тұрақты екіжақты радиобайланысы (байланыстың басқа түрі) болмаған кезде ҰҰА ұшып шығуға жол берілмейді.

      642. Жерүсті басқару станциясында осы Қағидалардың 590592-тармақтарының талаптарына сәйкес ҰҰА экипажын (есептобын) тексеру үшін айқындалған адамдарды қоспағанда, ҰҰА басқаруға рұқсатнамасы жоқ адамдардың болуына жол берілмейді.

      643. Ұшу жетекшісінің рұқсатынсыз ҰҰА-ның ұшып көтерілуіне жол берілмейді.

      644. ҰҰА-ны пайдаланушы адамдарға немесе жерүсті объектілеріне төнетін қатерді болдырмау үшін ҰҰА-дан кез келген жүктерді тастауға жол бермейді.

      645. Тапсырманы орындау үшін бұлттардың төменгі шегінің ең төмен рұқсат берілген биіктігін және ұшу көрінімін ҰПН-ның талаптарына сәйкес экипаждың (есептоптың) даярлық деңгейіне және ұшу тапсырмасының сипатына байланысты ҚБАЖ бөлімшесінің командирі айқындайды.

      646. Әуеайлақта ұшуды ұйымдастыру кезінде:

      1) бір әуеайлақтан әртүрлі типтегі ҰҰА-ның бір уақытта ұшуын жүргізу процедурасы әуеайлақтың аэронавигациялық паспортында айқындалады. Бұл ретте тиісті қауіпсіздік шаралары (ұшу режимдері, қауіпсіз уақыт аралықтары, эшелондау, радиолокациялық бақылау және сол сияқты) әзірленеді;

      2) ҰҰА-ның, автомобильдердің және басқа да көлік құралдарының қозғалтқышы жұмыс істеп тұрған ҰҰА алдындағы және артындағы қозғалысы қозғалыс қауіпсіздігін қамтамсыз ететін және жұмыс істеп тұрған қозғалтқышқа бөгде заттардың, шаңның (қардың) түсуін болдырмайтын арақашықтықта жүргізілуге тиіс;

      3) ұшу жетекшісінің рұқсатынсыз ұшуды жүргізу кезеңінде әуеайлақ бойынша ҰҰА-ны басқаруға және тіркеп сүйреуге жол берілмейді;

      4) басқару жолдарының және тұрақ орындарының жай-күйі қанағаттанарлықсыз болған кезде ҰҰА ұшып көтерілу орнына немесе тұрақ орнына тіркеліп сүйретіледі. Тіркеп сүйреу жылдамдығы ҰПН-да айқындалады;

      5) ұшу уақытында басқаратын (тіркейтін) ҰҰА ұшу-қону жолағын кесіп өтуі тек ұшу жетекшісінің рұқсатымен және командасы бойынша жүргізіледі;

      6) ұшып көтерілу үшін ұшу-қону жолағына жерде басқару ұшу жетекшісінің рұқсатымен жүргізіледі;

      7) әуеайлақ ауданында ұшу әуеайлақтың аэронавигациялық паспортында белгіленген режимде орындалады. Әуеайлақ ауданында әуеайлақтың аэронавигациялық паспортымен белгіленген процедураны тек кезектен тыс (мәжбүрлі) қонуға келе жатқан ҰҰА командиріне өзгертуге болады;

      8) әуеайлақ ауданында ҰҰА ұшуы радиолокациялық бақылау немесе радиолокациялық бақылаусыз орындалады. Радиолокациялық бақылаусыз күндіз және түнде ШҰР бойынша қонуға кіруді орындауға мүмкіндік беретін метеорологиялық жағдайлар кезінде барынша көп ұшу жылдамдығы 300 км/сағ және аз ҰҰА үшін әуеайлақтық ұшуды орындауға жол беріледі.

      Барынша көп ұшу жылдамдығы 300 км/сағ астам ҰҰА үшін әуеайлақта радиолокациялық бақылау болмаған кезде шеңбер бойынша ұшуды және шолып бақылау және әуе қозғалысын басқару органымен (ұшуды басқару) тұрақты екі жақты радиобайланыс (байланыстың басқа түрі) кезінде пилотаж аймақтарында ұшуды орындауға жол беріледі.

      647. Ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалануға болмайды:

      1) ұшып көтерілу және қону кезінде – кез келген адамнан (ұшқышсыз ұшу аппаратын басқаратын жеке құрамнан басқа), көлік құралдарынан, ғимараттардан немесе құрылыстардан көлдең бойынша 50 м жақын;

      2) ұшу кезінде – кез келген адамнан (ұшқышсыз ұшу аппаратын басқаратын жеке құрамнан басқа), көлік құралдарынан, ғимараттардан немесе құрылыстардан көлдең бойынша 100 м жақын;

      3) барлық жағдайларда адамдар және (немесе) көлік құралдары көп жиналған жерде көлдең бойынша 150 м жақын;

      4) ұшу үшін тыйым салынған және қауіпті аймақтарда, ұшуды шектеу аймақтарында (мынадай аймақтарды белгілейтін басқару органдарының мүдделерінде ұшуды қоспағанда).

      Осы шектеулер арнайы тапсырмалар жоспары бойынша ҰҰА ұшуын орындауға қолданылмайды.

      648. Ұшуды талдау ұшуаралық және жалпы болып бөлінеді:

      649. Ұшуды ұшуаралық талдау ұшу тапсырмаларын орындау кезінде ҰҰА экипаждарының (есептоптарының) мүшелері басқару техникасында, әуе навигациясында, ҰҰА жүйелері мен жабдығын жауынгерлік қолдануда және пайдалануда жіберген қателердің қайталануын болдырмау, сондай-ақ ҰҰА дайындалмаған экипаждарын (есептоптарын) кейінгі ұшуға жіберілуін болдырмау мақсатында жүргізіледі.

      Ұшуаралық талдау үшін:

      1) борттық және жерүсті объективті бақылау құралдарының деректері;

      2) ұшу тапсырмасын орындаған, ҰҰА экипаж (есептоп) мүшелерінің баяндамалары;

      3) командирдің (бастықтың), тексерушінің (нұсқаушының) жеке бақылау қорытындылары;

      4) ұшу жетекшісінің баяндамалары пайдаланылады.

      ҰҰА бөлімшесінің командирі (бөлім командирі), егер қателердің сипаты оларды ҰҰА барлық операторларына жеткізуді талап етсе, сондай-ақ ҰҰА экипаждарының (есептоптарының) бірінші ұшуында сипатты қателер белгіленген немесе авиациялық инциденттер жасалған жағдайда ұшуаралық талдауды барлық есептоптармен жүргізеді. Осы ауысымның кейінгі ұшуында олардың қайталануын болдырмау үшін командир кемшіліктерді егжей-тегжейлі талдайды, қателер мен бұзушылықтарды талдайды және ұшу тапсырмаларын орындау кезінде дұрыс іс-қимыл әдісін көрсетеді.

      650. Ұшуды жалпы талдау ұшудың қорытындысын жасау, ұшуды ұйымдастыруда және жүргізуде кемшіліктерді жою бойынша басшылық құрамға нұсқау беру, қамтамасыз ету бөлімшелерінің жұмысын бағалау мақсатында ұшу ауысымы аяқталғаннан кейін ұшудан кейінгі кеңес нысанында жүргізіледі.

      Жалпы талдау үшін:

      1) объективті бақылау құралдарының деректері;

      2) командирлердің, ұшу жетекшісінің және басқа да лауазымды адамдардың жеке бақылау нәтижесінде алған кемшіліктері мен бұзушылықтары туралы мәліметтер пайдаланылады.

      651. Жалпы талдауға ҰҰА ұшуын ұйымдастыруға қатысатын лауазымды адамдар қатысады.

      652. Тұрақты орналасу орнынан қол үзуде ұшуды орындау кезінде ұшуды ұшуаралық және жалпы талдауды ҰҰА ұшу жетекшісі жүргізеді.

      653. ҰҰА жауынгерлік даярлық және жауынгерлік қолдану оқу-жаттығу орталығында ұшуды талдау осы Қағидалардың 301-312-тармақтарының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

11-тарау. Ұшуда ерекше жағдайлар туындаған кезде әуе қозғалысын
басқару органдарының және ұшқышсыз ұшу аппараты
экипажының (есептобының) іс-қимылдары

      654. ҰҰА ұшу кезінде туындаған ерекше жағдайлар (ұшу аппаратының бағдарламасындағы немесе радиобасқарудағы олқылықтар, ҰҰА байланысты жоғалту, әуе массаларының құйын тәрізді көлденең және тік ағынына түсу) басқа ӘК және жерүсті объектілерінің қауіпсіз ұшу қатеріне әкелуі мүмкін.

      655. Ерекше жағдай туындаған кезде ҰҰА экипажы (есептобы) және ӘҚБ органдары іс-қимылдарының мақсаты ерекше жағдай туралы оның ұшуына ерекше жағдай әсер етуі мүмкін ӘК экипаждарға (есептоптарға) дереу хабарлау, және қажет болған кезде ӘҚБ орталығымен әуе кеңістігін пайдалануға қосымша қысқа мерзімді шектеулер енгізу, сондай-ақ әуеайлақтың ӘҚҚК органының тиісті кезекші қызметтерін хабарландыру болып табылады.

      656. Ұшуды орындау процесінде ерекше жағдайлар туындаған кезде ҰҰА командирі:

      1) ұшудағы ерекше жағдайдың туындау жерін картада (планшетте) белгі қояды, оның географиялық координаталарын және нақты уақытын айқындайды;

      2) әуе кеңістігін пайдалануға рұқсат берген басқару пунктіне және ӘҚБ орталығына осы ақпаратты дереу береді;

      3) ұшу параметрлерін (ұшу биіктігін, жылдамдығын, бағытын), ұшу уақытының есептелген қалдығын қосымша көрсетеді (әуе кеңістігін пайдалануға қысқа мерзімді қосымша шектеулер енгізу үшін);

      4) егер олармен ұшу келісімі жүргізілген болса, әуеайлақтың ӘҚҚК қызметтеріне ақпарат жеткізеді;

      5) ҰҰА іздеуін ұйымдастыру үшін Іздестірудің және құтқарудың қосымша үйлестіру орталығына (Әуе қорғанысы күштері бас командалық пунктіне) хабарлайды;

      6) басқаруды қалпына келтіру кезінде (уақытша істен шыққан кезде) ерекше жағдай туралы хабардар етілген барлық басқару және қызмет көрсету органдарына хабарлайды;

      7) басқару толық жоғалған кезде ұшуды объективті бақылау және ҰҰА басқару материалдарын сақтау үшін шаралар қабылдайды.

      657. ҰҰА ұшуын орындау процесінде ерекше жағдайлар туындаған кезде ӘҚБ орталығының кезекші ауысымы:

      1) ӘҚҚК органын ерекше жағдай туралы (ұшу уақыты, орыны, биіктігі, бағыты) хабарлайды;

      2) ҰҰА ұшуының барынша көп ұзақтығын ескере отырып, әуе кеңістігін пайдалануға қысқа мерзімді шектеулер енгізеді;

      3) жоғары тұрған ӘҚБ орталығына қабылданған шаралар туралы баяндайды.

      658. Әуеайлақтан (қону алаңынан) тыс мәжбүрлі қону жақын әуеайлаққа (қону алаңына) дейін ұшуды жалғастыру мүмкін болмаған жағдайда жүргізіледі.

      659. Әуейлақтан (қону алаңынан) тыс мәжбүрлі қонған кезде ҰҰА экипажына (есептобына) ҰПН сәйкес іс-қимыл жасауы қажет.

      660. Ауа райының қауіпті құбылыстарына тап болған немесе бағдарды жоғалтқан кезде, оны барлық тәсілдермен қалпына келтіру қолдан келмегенде, ал отын қалдығы (батарея заряды) шектелген болғанда таңдаған алаңға мәжбүрлі қонуға жол беріледі.

      Егер онымен ұшуға келісім жүргізілген болса, ҰҰА командиріне қону орны мен уақыты туралы жақын ҰПН орталығына хабарлау қажет.

12-тарау. "Микро" сыныпты ұшқышсыз ұшу аппаратының
ұшуын даярлау мен орындау ерекшеліктері

      661. ҰҰА операторларының кәсіби қызметіне рұқсатнама беру үшін негіздеме:

      1) арнайы курстарды бітіргені туралы сертификат немесе тиісті командирдің (бастықтың) бұйрығы;

      2) кәсіби қызметке жарамдылығы туралы медициналық сараптаманың қорытындысы болып табылады.

      662. ҰҰА операторларын дайындау мемлекеттік авиацияның басқару органы бекіткен ҰҰА операторларын дайындау бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады, ол:

      1) ұйымдық-әдістемелік нұсқауларды (жалпы ережелер, ҰҰА операторларының даярлық түрлері бойынша рұқсатнама тізбесі, даярлық түрлері бойынша ұшудағы барынша көп үзілістер мен үзілістен кейінгі қалпына келтіру әдісі, тексеру жүргізілетін даярлық түрлері бойынша жаттығулар);

      2) теориялық даярлықты (ҰҰА тактикалық-техникалық сипаттамаларын және пайдалану шектеулерін зерделеу, ұшудағы ерекше жағдайлардағы

      іс-қимыл алгоритмі, навигацияның, бақылаудың, нысана көрсетудің борттық жүйелерін қолдану, ҰҰА ұйымдастыру және қолдану мәселелерімен айналысатын лауазымды адамдардың функционалдық міндеттері, ҰҰА ұшуын ұйымдастыру және жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету негіздері);

      3) практикалық даярлық (ұшулар саны мен ұшуға жаттығулар атауы, нөмірлері мен мазмұны).

      663. ҰҰА операторлары атқаратын лауазымына байланысты емес жыл сайын даярлық түрлері бойынша, сондай-ақ оның нәтижелері тиісті командирдің (бастықтың) бұйрығында көрсетілетін ҰҰА операторларының даярлық бағдарламасына сәйкес теориялық пәндер мен құжаттарды білуі тексеріледі.

      664. ҰҰА операторларының ұшу санын, жалпы ұшу сағатын және демалу режимін бөлім командирі белгілейді.

      665. Операторлар жүргізген ұшып шығу, ҰҰА жұмысы, болған істен шығулар туралы мәліметтер оның нысаны мемлекеттік авиация басқару органдары белгілейтін ҰҰА борттық журналында жазылады.

13-тарау. Ұшқышсыз ұшу аппаратының
әуе кеңістігін пайдалануды ұйымдастыру

      666. ҰҰА әуе кеңістігін пайдалануды ұйымдастыру мақсаты барлық ведомостволардың қойылған міндеттерді уақтылы орындауға және ҰҰА ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ҰҰА үздіксіз, сенімді және жедел басқару болып табылады.

      667. Әуе кеңістігін пайдалануды ұйымдастыру:

      1) ҰҰА ұшу жоспары туралы хабарламаны;

      2) әуе кеңістігін пайдалануға рұқсат алуды;

      3) ҰҰА ұшу туралы хабарламалар беруді.

1-параграф. ҰҰА ұшу жоспары туралы хабарлама

      668. ҰҰА ұшу жоспары туралы хабарлама ҰҰА пайдаланушы (ұшуды ұйымдастыратын басқару органы немесе лауазымды адам):

      1) авиациялық немесе жерүсті деректер мен телеграфтық хабарламалар беру желісі бойынша;

      2) қағазда тасығышта, факсимильдік хабарламаны қоса алғанда;

      3) Интернет желісін пайдаланумен оның сыныбына байланысты емес әуе кеңістігін пайдалануға рұқсат алу үшін ӘҚБ БО немесе ең жақын ӘҚБ орталығына беріледі.

      669. Нұсқасы осы Қағидаларға 20-қосымшада келтірілген ҰҰА ұшу жоспары (бұдан әрі - ҰҰА ұшу жоспары) мынадай ақпаратты:

      1) ҰҰА тану индексін (ҰҰА мемлекеттік және тіркеу тану белгілері);

      2) пайдаланылатын ҰҰА саны мен түрін;

      3) ұшып шығу әуеайлағын (пунктін);

      4) ҰҰА ұшу маршрутын;

      5) егер оның үлгіліктен айырмашылығы болса немесе ұшу статусы ӘҚБ БО жағынан ерекше қатынасты талап етсе, ұшу маршрутының ерекшеліктерін, ҰҰА тіркеу белгілерін, пайдаланушы атауын, ҰҰА ұшу-техникалық деректерін, пайдаланатын борттық жабдығын (пайдалы жүктеме) сипаттау үшін қажетті деректерді және өзге де ақпаратты қамтиды.

      670. ҰҰА ұшу ауданында барлық ведомостволардың ӘК үшін әуе кеңістігін пайдалануға қысқа мерзімді шектеулерді уақтылы енгізу мақсатында ұшу жоспары (ұшуға өтінім) ұшу күні қарсаңында 20.00 дейін (Астана уақытымен) беріледі.

      Ұшу жетекшісі ресімдеу дұрыстығын және жолданған мекенжайлар бойынша оның өтуін бақылайды.

      671. Елді мекеннің үстінде ұшуды орындау кезінде ұшу жоспарымен бірге келісілген және бекітілген маршруты (елді мекеннің үстінен ұшу схемасы) және жергілікті атқару органдарын мәлімдеу туралы хабарлама беріледі.

      Бекітілген (белгіленген мерзімге) маршрут (схема) бойынша ұшуды жоспарлау кезінде ұшу жоспарының қосымша ақпарат бөлімінде лауазымды адам және оны бекіткен күні көрсетіледі.

      672. ҰҰА оқу-жаттығу жаттықтыру ұшуын, жедел (кенеттен туындайтын) міндеттерді орындау үшін ұшуды жүргізу кезінде әуе кеңістігін пайдалануға қысқа мерзімді шектеулер енгізу жолымен қамтамасыз етіледі.

      673. Күзетілетін объекті үстінен ҰҰА ұшуы мұндай ұшу басталғанға дейін кемінде 5 жұмыс күн ішінде пайдаланушылар Қазақстан Республикасының мемлекеттік күзет қызметімен келіседі.

      674. Бақыланатын әуе кеңістігінде қысқа мерзімді шектеулерді енгізу кезінде ҰҰА ұшуын қамтамасыз ету үшін оны пайдалану шарттары ескеріледі.

      675. Шекара маңындағы әуе кеңістігінің шегінде ұшуды жоспарлау кезінде жоспарды беру алдында, ҰҰА пайдаланушы қызмет басталғанға дейін кемінде 5 тәулік ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің органдарымен, әуе қозғалысын басқарудың бас орталығымен ұшу күнін, уақытын, маршрутын (ауданын), биіктік диапазонын, ұшу мақсатын келіседі.

      676. Міндеттерді шешу кезінде жеделділікті арттыру үшін ҰҰА пайдаланушыға Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы барлық аумағының шекара маңы жолағындағы әуе кеңістігінде ұшуларды өткізу үшін ағымдағы жылға келісу жүргізуге және рұқсат алуға жол беріледі.

2-параграф. Әуе кеңістігін пайдалануға рұқсат алу

      677. ҰҰА әуе кеңістігін пайдалануға рұқсатты ұсынылған ҰҰА ұшу жоспарының негізінде ӘҚБ БО немесе ӘҚБ орталығы береді.

      Елді мекендердің, күзетілетін объектілердің үстінде және шекара маңы жолағындағы әуе кеңістігінің шегінде ҰҰА ұшуы үшін рұқсат келісілген (бекітілген) ұшу маршруттарын (схемаларын) қосып берілген ұшу жоспары негізінде беріледі.

      678. Егер жоспарланған ұшудың нақты биіктігі жер бетінен 50 м аспаса және әуеайлақ қоршауынан 5,5 км жақын болмаса (қоршау болмаған жағдайда – әуеайлақ шекарасын белгілейтін таңбаланған белгілерге дейін
5,5 км жақын емес), ҰҰА ұшу жоспары әуе қозғалысына қызмет көрсету және (немесе) әуе қозғалысын басқару органдарына жолданбайды, ұшқышсыз ұшу аппаратының ұшуы туралы хабарлама берілмейді.

      679. Ұшу күні:

      1) ҰҰА ұшуына дейін 2 сағат ішінде пайдаланушы оның жауапты ауданында ұшу жоспарланған ӘҚБ орталығында әуе кеңістігін пайдалануға сұрау салуды жүзеге асырады;

      2) ұшу жоспарланған уақытқа дейін 1 сағат ішінде ӘҚБ орталығы әуе кеңістігін пайдалануға рұқсат береді, шектеулерді жеткізеді, ӘҚБ орталығына ұшу маршрутындағы өзгерістер туралы баяндамалардың тәсілдерін, мазмұнын және реттілігін келіседі;

      3) әуеайлақ маңы аумағында әуе кеңістігінің шектерінде ұшуды орындау кезінде ұшу жетекшісі әуеайлақтың әуе қозғалысына (ұшуға басшылық жасау тобымен) қызмет көрсету органдарымен өзара іс-қимыл уақытын, маршрутын, биіктігі мен тәсілін келіседі.

3-параграф. Жедел міндеттерді орындау кезінде
әуе кеңістігін пайдалануға рұқсат алу

      680. Жедел міндеттерді орындау кезінде ҰҰА ұшуын орындау үшін байланыс (телефон немесе жерүсті байланыс радиосы) құралдары бойынша ҰҰА бөлімшесінің үлкені ұшып шығуға үш сағат қалғанға мыналарға рұқсат сұрайды:

      әуе кеңістігін пайдалануға – оның ауданында ҰҰА ұшып көтерілу алаңы орналасқан ӘҚБ орталығының кезекші ауысымынан;

      елді мекеннің үстінен ұшу кезінде қосымша – ҚР ҰҚК аумақтық органының кезекші қызметінен (одан басқа, елді мекенде күзет іс-шараларын жүргізу кезінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі кезекші қызметтерімен келісу жүргізіледі).

      681. ӘҚБ кезекші ауысымынан әуе кеңістігін пайдалануға сұрауда:

      1) ҰҰА түрі мен тіркеу нөмірі;

      2) ұшып көтерілу мен қону алаңының орналасу орны (географиялық координаталар);

      3) ұшуып көтерілуге жоспарланған уақыт;

      4) азимутпен және қашықтықпен шектелген ұшу маршруты немесе ауданы (секторы);

      5) ұшудың барынша көп биіктігі мен крейсерлік жылдамдығы;

      6) ұшудың барынша көп ұзақтығы (отын толтыруға немесе аккумулятор сыйымдылығына байланысты);

      7) жоспарланған биіктік үшін басқару пунктінің ҰҰА-мен барынша көп байланыс қашықтығы көрсетіледі.

      682. Елді мекеннің үстінен ұшуға ҚР ҰҚК және МКҚ (елді мекенде күзет шараларын жүргізу кезінде) кезекші қызметтерімен өтінімді келісу кезінде:

      1) ҰҰА түрі мен тіркеу нөмірі;

      2) ұшып шығу және қону алаңының орналасу орны (географиялық координаталары);

      3) ұшып көтерілуге жоспарланған уақыт;

      4) азимутпен және қашықтықпен шектелген ұшу маршруты немесе ауданы (секторы);

      5) ұшудың барынша көп ұзақтығы көрсетіледі.

      Елді мекен үстінен ұшуды келісу нәтижелері ӘҚБ орталығына жеткізіледі.

      683. ӘҚБ орталығы ұшып шығуға жоспарланған уақытқа дейін 1 сағат қалғанда әуе кеңістігін пайдалануға рұқсат береді.

4-параграф. Ұшқышсыз ұшу аппаратының
ұшуы туралы хабарлама беру

      684. Ұшу жетекшісі ӘҚБ орталығына:

      1) ұшып шығу туралы – нақты ұшып көтерілу уақытынан кейін 5 минуттан кеш емес;

      2) қону туралы – ҰҰА қонуынан кейін 5 минуттан кеш емес;

      3) ұшып шығуды (ұшуды бастау) ауыстыру туралы – 30 мин және одан артық күтілетін кідіріс кезінде жоспарланған ҰҰА ұшып шығу уақытынан кеш емес;

      4) ұшуда ерекше жағдайлардың туындауы туралы (ӘҚБ орталығында) – дереу хабарлайды.

      685. Әуеайлақ маңы аумағында әуе кеңістігінде ҰҰА ұшуды орындау кезінде әрбір ұшып көтерілу әуеайлақтың ұшу жетекшісімен (әуе қозғалысына қызмет көрсету қызметі) келісіледі.

14-тарау. Ұшқышсыз ұшу аппараттарының
ұшуын қамтамасыз ету

      686. Ұшуды қамтамасыз ету:

      1) ұшуды аэронавигациялық ақпаратпен қамтамасыз етуді;

      2) штурмандық қамтамасыз етуді;

      3) инженерлік-авиациялық қамтамасыз етуді;

      4) әуеайлақтық-техникалық қамтамасыз етуді;

      5) байланыс пен радиотехникалық қамтамасыз етуді;

      6) метеорологиялық қамтамасыз етуді;

      7) орнитологиялық қамтамасыз етуді;

      8) медициналық қамтамасыз етуді;

      9) іздестіру-құтқаруды қамтамасыз етуді;

      10) ұшуды объективті бақылауды қамтиды.

      687. Ұшуды инженерлік-авиациялық қамтамасыз ету бөлім командирінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары (ұшуды авиациялық бөлімдерде ұйымдастыру кезінде – бөлім командирінің инженерлік-авиациялық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары) ҰҰА, оларды пайдалану және жөндеу құралдарын ұшуға ұдайы әзірлікте ұстау, ұшуда ӘК үздіксіз жұмыс істеуіне және оларды қолданудың жоғары тиімділігіне қол жеткізу үшін ұйымдастырады.

      Әуе кемесіндегі жұмыстың түрлері, олардың көлемі мен орындау кезеңділігі ҰҰА техникалық пайдалану бойынша нұсқаумен (нұсқаулықтармен, регламенттермен) айқындалады.

      688. Ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ету ұшқышсыз ұшу аппараттарын тиімді қолдану және қауіпсіз ұшуды қамтамасыз ету үшін метеорологиялық жағдайларды анағұрлым толық пайдалану мақсатында ұйымдастырылады. Ұшуды метеорологиялық қамтамасыз етуді ұшуды ұйымдастыратын бөлімдердің штабтар бастықтары немесе лауазымды адамы, осы мақсаттар үшін тағайындаған бөлім командирі ұйымдастырады және метеорологиялық мамандар немесе ҰҰА экипаждарының (есептоптарының) құрамынан мамандар ұшуды дайындаудың және жүргізудің барлық кезеңдерінде жүзеге асырылады.

      689. Ұшуды медициналық қамтамасыз етуді ҰҰА ұшуын ұйымдастыратын бөлімнің медицина бөлімшесінің бастығы ұйымдастырады. Медициналық қамтамасыз ету ҰҰА экипаждары (есептоптары) мүшелерінің денсаулығын сақтау және жоғары жұмыс қабілетін ұстау мақсатында ұшуды ұйымдастырудың және жүргізудің барлық кезеңдерінде жүзеге асырылады.

      ҰҰА әуеайлақта орналасқан кезде ұшуалды даярлық кезеңінде ҰҰА экипажы (есептобы) медициналық бақылаудан өтуге тиіс.

      Ұшуды өткізу кезінде ҰҰА экипажында өзімен бірге алғашқы медициналық көмек көрсету қобдишасы болуға, сондай-ақ медициналық өз және өзара көмек көрсету дағдылары болуға тиіс.

      690. Ұшуды аэронавигациялық ақпаратпен, штурмандық, әуеайлақтық-техникалық, байланыс және радиотехникалық, орнитологиялық қамтамасыз ету, ұшуды қамтамасыз етудің іздестіру-құтқару түрлері және ұшуды объективті бақылау осы Қағидалардың 4-бөлімінің талаптарына сәйкес әскери бөлімдердің штаттарында көзделген лауазымды адамдар ұйымдастырады.


Қазақстан Республикасы
мемлекеттік авиациясының
ұшуды жүргізу қағидаларына
1-қосымша

Әуе кемелерін ең жоғары ұшу массасына қарай жіктеу

Р/с

Әуе кемелерін жіктеу

Ең жоғарғы ұшу массасы (кг)

Ұшақтар

Тікұшақтар

1.

Ауыр

136 000 астам

10000 астам

2.

Орташа

5700 – 136 000

3180 – 10000

3.

Жеңіл

2250 – 5700

2250 – 3180

4.

750 – 2250

750 – 2250

5.

Аса жеңіл

750-ден аз

750-ден аз


Қазақстан Республикасы
мемлекеттік авиациясының
ұшуды жүргізу қағидаларына
2-қосымша

КМЖ-да және ауа райы минимумында орындалды деп саналатын
ұшу кезіндегі метеоэлементтер параметрлерінің ең көп және шекті мәндері 1-кесте КМЖ-да бұлт астында немесе нашарланаған көріністе орындалды деп саналатын
ұшу кезіндегі метеоэлементтер параметрлерінің ең көп мәндері

Р/с

Ұшақтар (тікұшақтар) түрлері

Бір метеоэлементте немесе олардың үйлесімінде

бұлттардың төменгі шекарасы биіктігі, м

ұшу көрінімі, (км)

күндіз

түнде

күндіз

түнде

1.

Жойғыш, жойғыш-бомбалаушы, шабуылдаушы, майдандық барлау және барлаушы, сүйремелі және нысана ұшақтар

500

600

4

5

2.

Қашықты барлау, нысана көрсету ұшақтары және осы мақсаттағы басқа да ұшақтар түрлері

350

400

4

5

3.

Әскери-көлік, барлық мақсаттағы көлік ұшақтары

300

350

3

3,5

4.

Барлық мақсаттағы тікұшақтар және поршеньді ұшақтар

250

300

2,5

3

5.

Турбореактивті оқу-жаттығу ұшақтары

300

400

4,5

5



2-кесте

Ұшу ауа райы минимумында орындалды деп саналатын аз болатын
метеоэлементтер параметрлерінің шекті мәндері

Р/с

Ұшақтар (тікұшақтар) түрлері

Бір метеоэлементте немесе олардың үйлесімінде

бұлттардың төменгі шекарасы биіктігі, м

Ұшу көрінімі, (км)

күндіз

түнде

күндіз

түнде

1.

Жойғыш, жойғыш-бомбалаушы, шабуылдаушы, майдандық барлау және барлаушы, сүйремелі және нысана ұшақтар

400

500

3

4

2.

Қашықты барлау, нысана көрсету ұшақтары және осы мақсаттағы басқа да ұшақтар түрлері

300

350

3

4

3.

Әскери-көлік, барлық мақсаттағы көлік ұшақтары

250

300

2,5

3

4.

Барлық мақсаттағы тікұшақтар және поршеньді ұшақтар

200

250

2

2,5

5.

Турбореактивті оқу-жаттығу ұшақтары

250

300

4

4,5

      Ескертпе:

      Бұлт астында жұп құрамындағы ұшу кестеде көрсетілгеннен бұлттың төменгі шекарасы биіктігі 100 м және ұшудың көрінімі 1 км астам болған кезде күрделі метеорологиялық жағдайлардағы ұшу болып саналаты. Бұлт астында буын (отряд) құрамындағы ұшу кестеде көрсетілгеннен бұлттың төменгі шекарасы биіктігі 200 м және ұшу көрінімі 1 км астам болған кезде күрделі метеорологиялық жағдайлардағы ұшу болып саналады.


Қазақстан Республикасы
мемлекеттік авиациясының
ұшуды жүргізу қағидаларына
3-қосымша

Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) үлгілік аэронавигациалық паспорты
1. Жалпы ережелер

      1. Аэронавигациялық паспортты келісу парағы.

      2. Аэронавигациялық паспортқа толықтырулар мен өзгерістерді тіркеу парақтары.

      3. Әуеайлақ орналасқан орнының индексі мен атауы.

      4. Әуеайлақ (тікұшақ айлағы) сыныбы. Әуеайлақ меншігінде, шаруашылық жүргізуінде, жедел басқаруында болатын әуеайлақты (тікұшақ айлағын) пайдаланушысының аты (атауы). Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) жұмыс уақыты.

      5. Әуеайлақта (тікұшақ айлағында) орналасқан ұйым және олардың ведомстволық тиесілілігі (әуеайлақ меншігінің нысаны).

      6. Қызмет көрсетілетін (пайдаланылатын) әуе кемелерінің түрлері.

      7. Пайдаланылатын үйлестіру жүйесі.

2. Әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) сипаттамасы

      8. Жақын маңдағы ірі елді мекенге қатысты әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) орналасуы.

      9. Әуеайлақ (тікұшақ айлағы) бақылау нүктесінің географиялық координаталары (градустағы, минуттардағы, секундтардағы ені, бойлығы).

      10. Әуеайлақ (тікұшақ айлағы) бақылау нүктесінің шектен шығуы.

      11. Жақын градусқа дейінгі нақтылықпен магниттік иілу.

      12. Сағаттық белдеу нөмірі.

      13. Әуеайлақ ауданындағы ауаның есептік температурасы.

      14. Ұшу өрісінің сипаттамасы:

      1) ұшу өрісінің нысаны, көлемі, бетінің сипаты, топырағымен оның тығыздығы, қабаты;

      2) әуе кемелерінің түрлері бойынша жыл мезгіліне байланысты жауын-шашын кезінде пайдалануға жарамдылығы.

      15. Маневр жасау алаңының сипаттамасы:

      1) ұшу-қону жолағының (бұдан әрі – ҰҚЖ) саны;

      2) ҰҚЖ осьтері арасындағы арақашықтық, бір-біріне қатысты жылжу;

      3) әрбір ҰҚЖ үшін: сыныбы, көлемі (бойлығы, ені), жабын түрі және оның құрылымы, шектердің абсолюттік биіктігі, сондай-ақ қонуға нақты кіруге арналған ҰҚЖ қону аймағының анағұрлым шегі, радиомаяк жүйелері тірек нүктесінің биіктігі, бір минутқа дейінгі нақтылықпен жол бұрышы, ұшып көтерілу мен қонудың магниттік жол бұрышы (ҰҚЖ нөмірі), "әуеайлақтық жабындарын сыныптау саны (ACN-PCN)" мәні, еңісі, тежегіштің артқы жолақтары, бүйірлі қауіпсіздік жолақтары, шекті қауіпсіздік аймағы, жолақтың жоспарланған бөлігінің көлемі, жолақ көлемі, кедергілерден бос, әрбір ҰҚЖ шегінің географиялық координаттары (градустардағы, минуттардағы, секундтардағы ені, бойлығы және жүзден секундтық үлесі);

      4) қосалқы ҰҚЖ орналасқан орын мен көлемі (егер болса);

      5) әуе кемелерінің түрлеріне қарай ұшып көтерілу және қону жарамдылығы;

      6) орналасқан аралық (екпін, ұшып көтерілу, тоқтатылған ұшып көтерілу, қону);

      7) ҰҚЖ-ны таңбалау;

      8) магистралдық басқару жолдарының, тұрақ орындарының орналасқан жері, нөмірлері мен көлемі (жетек бөлігінің ені);

      9) бір минутқа дейін нақтылықпен магистралдық басқару жолдарының нақты жол бұрышы, магистралдық басқару жолдарына, басқару жолдарына, тұрақ орындарына арналған "әуеайлақтық жабындары сыныптау санының" (ACN-PCN) мәні;

      10) тікұшақтарды ауада басқаруға арналған басқару жолдарының, маршруттардың ені мен мәні.

      16. Перрон сипаттамасы:

      1) перрондардың орналасу орны мен нөмірлері, олардың "әуеайлақтық жабындары сыныптау санының" мәні;

      2) тұрақ орындарын, перрондарды таңбалау.

      17. Тікұшақ айлақтарының және тұрақтардың сипаттамасы:

      1) ҰҚЖ-ға қатысты магистралдық басқару жолдарының, басқару жолдарының орналасуы;

      2) қону және ажырау аймағы геометрикалық орталығының географиялық координаталары (градустағы, минуттағы, секундтағы ені, бойлығы және жүзден секундтық үлесі), бетінің сипаты, көлемі;

      3) "әуеайлақ жабындары сыныптау санының" мәні;

      4) тікұшақ түрлеріне қарай ұшып көтерілу және қону жарамдылығы;

      5) тікұшақ айлақтарындағы таңбалау және жұмыс регламенті.

      18. Әуеайлақ (тікұшақ айлағы) минимумдары:

      1) аспаптар бойынша ұшу реттілігі бойынша қонуға кіру үшін кедергілерден ең аз қауіпсіз ұшу биіктігі;

      2) әрбір ҰҚЖ бағыты үшін мемлекеттік авиацияның тізілімінде әуе кемелерінің санаттары бойынша ұшып көтерілу және қону үшін әуеайлақ (тікұшақ айлағы) минимумы;

      3) әуе кемелерінің санаттары бойынша жаттықтыру минимумдары – шешім қабылданған биіктік бойынша, ҰҚЖ (RVR) қашықтықта көрінуінің немесе (VIS) көрінім қашықтығы.

3. Әуеайлақ (тікұшақ айлағы) ауданы

      19. Әуеайлақ (тікұшақ айлағы) ауданының сипаттамасы:

      1) әуеайлақ (тікұшақ айлағы) ауданының орналасқан жеріне, бедеріне, навигациялық бағытына сипаттама;

      2) әуеайлақ (тікұшақ айлағы) ауданының қысқаша физикалық-географиялық сипаттамасы және оның климаттық сипаттамасы (мәтін және негізгі метеорологиялық элементтердің жылдық кестесі);

      3) әуеайлақ (тікұшақ айлағы) ауданындағы табиғи және жасанды кедергілер, олардың абсолюттік биіктігі мен әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) бақылау нүктесіне қатысты биіктігі, таңбалануы және және географиялық координаталары (градустардағы, минуттағы, секундтағы ені, бойлығы);

      4) әуе ұшып келу жолағы шекараларындағы кедергілер, олардың орналасуы және ҰҚЖ пайдаланатын жолаққа қатысты шегі;

      5) әуе кемесінің ұшу массасын айқындау кезінде ескерілетін кедергілер.

      20. Әуе кеңістігінің құрылымы:

      1) әуеайлақ (тікұшақ айлағы) ауданындағы әуе кеңістігінің көлденең және тік шекаралары;

      2) әуеайлақ (тікұшақ айлағы) ауданындағы әуе кеңістігі сыныбының көлденең және тік шекаралары;

      3) диспетчерлік аймақтың, диспетчерлік ауданның көлденең және тік шекаралары;

      4) әуе жолдары жолақтарының шекаралары;

      5) шектеушептері, пеленгтері;

      6) ұшып көтерілу, қонуға кіру, екінші айналымға кету, әуеайлақ айналымында және күту аймағында ұшу схемалары, шеңбер бойынша ұшып жүрген (қонуға кірудегі) әуе кемелері арасындағы арақашықтық;

      7) ұшып көтерілу мен ұшып келудің стандартты маршруттары, әуе трассасына кіру (шығу) маршруттары, аймақтық навигация маршруттары, жергілікті әуе желілері мен арнайы аймақтар;

      8) ұшу шектелген аймақакіру (шығу) маршруттары;

      9) әуе кемелерінің тұрақты ұшу маршруттары (ауа райын әуеден барлау, оқу-жаттығу, авиациялық техниканы айнала ұшу, жауынгерлік даярлық жоспары бойынша, төбеге, ұшақ екпіні, барынша төмен және төмен биiктiктерде, авиациялық техниканы сынау және зерттеу) (бұдан әрі – тұрақты маршруттар);

      10) әуеайлақ (тікұшақ айлағы) ауданында орналасқан қону алаңының және аэростаттарды, шарлар-зондтарды, басқа да пилотсыз әуекемелерін ұшыру пункттерінің географиялық координаталары (градустардағы, минуттардағы, секундтардағы ені, бойлығы);

      11) әуеайлақ (тікұшақ айлағы) ауданындағы арнайы аймақтардың тік және көлденең шекаралары;

      12) күту, жүк түсіру, әуе кемелерін мәжбүрлі тастап кету, отын құю (пилотаж, аспаптар бойынша ұшу және сынақ ұшуының арнайы аймақтары, отын құю, әуе атылысы және осыған ұқсас) әуеайлақ аймақтары;

      13) әуеайлақ (тікұшақ айлағы) ауданында орналасқан тыйым салынған аймақтардың көлденең және тік шекаралары;

      14) әуеайлақтарда (тікұшақ айлақтарында) орналасқан мемлекеттік, экспериментальдық авиация және ұйымдар бөлімшелерінің белгіленген мүдделерінде ұшуға шектеу қойылған, тұрақты қауіпті аймақтар нөмірлері, жұмыс регламенті, көлденең және тік шекаралары;

      15) әуеайлақ (тікұшақ айлағы) ауданы арқылы өтетін әуе трассалары, аймақтық навигация маршруттары, жергілікті әуе кемелері, әуе кемелері ұшуының тұрақты маршруттары;

      16) дәліздер, шектелген аймақтар, тыйым салынған аймақтар (сынақ, оқу-жаттығу орталықтары аудандары, гидрометеорологиялық процестерге, жарылыс жұмыстарына белсенді әсер ету аудандары, сондай-ақ әуеайлақ ауданындағы десанттау (қону) алаңы);

      17) магниттік жол қиылыстарының және оларға дейінгі арақашықтықты, көлемін, қонудың магниттік курстарын және әуе кемелерінің түрлерін көрсете отырып, қосалқы әуеайлақтар мен қону алаңдарының орналасуы.

4. Ұшуды орындау

      21. Ұшу алаңында әуе кемелердің жерүсті қозғалысы:

      1) ұшу алаңында әуе кемелердің қозғалысы (сүрету, басқару) тәртібі;

      2) көрінім жағдайлары мен перрон жабынының жай-күйін, тұрақтар орнын, басқару жолдарынын ескере отырып, ӘК-ны басқару, сүйрету кезіндегі сақтық шаралары;

      3) күндіз және түнде, сондай-ақ шектелген көрінім жағдайларында ҰҚЖ-ны қарап тексеру тәртібі.

      22. Әуеайлақ (тікұшақ айлағы) ауданында ұшуды орындау тәртібі:

      1) әуе кемесінің ұшып көтерілу тәртібі;

      2) ұшып көтерілудің және қонудың стандартты маршруттары бойынша ұшуды, аспаптар бойынша ұшу принциптері бойынша төмендеу және қонуға кіру схемасы бойынша ұшуды орындау;

      3) шектелген көрінім жағдайларында ұшуды орындау ерекшеліктері;

      4) әуе трассаларына, аймақтық навигациялардың маршруттарына, жергілікті әуе желілеріне, арнайы аймақтарға кіру (шығу) тәртібі;

      5) орналасқан әуеайлақтарда (тікұшақ айлақтарында) мемлекеттік, экспериментальдық авиация және ұйымдар бөлімшелерінің белгіленген мүдделерінде шектеулі ұшу аймақтарына, ұдайы қауіпті аймақтарға кіру (шығу) тәртібі;

      6) тұрақты маршруттар бойынша ұшуды орындау;

      7) әуе кемелерінің топтарын жинау және тарату тәртібі;

      8) қосалқы әуеайлаққа (тікұшақ айлағына) қонуға немесе кетуге кезектен тыс кіру үшін маневрлерді орындау;

      9) күту аймағындағы ұшу;

      10) дыбыстан жылдам жылдамдықтағы ұшу;

      11) ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету жерүсті құралдарын және әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) авиациялық электр байланыс және жарық сигнал жабдығы жүйелерін айналып ұшу;

      12) екі немесе одан да көп ҰҚЖ-дан ұшуды орындау;

      13) бiрлесiп орналасқан әуеайлақтарында, бірлесіп пайдалану әуеайлақтарында ұшуды орындау ерекшеліктері;

      14) бір әуеайлақта әр түрлі типтегі ӘК бір уақыттағы ұшуын жүргізу тәртібі.

      23. Шектелген көрінім жағдайларында әуеайлақты пайдалану:

      1) көрінімі шектелген жағдайларда әуеайлақтарды пайдалану жағдайында енгізілетін рәсімдер туралы мәліметтер;

      2) көрінімі шектелген жағдайларда әуеайлақты пайдалану рәсімдерін енгізетін шарттар;

      3) көрінімі шектелген жағдайларда әуеайлақты пайдалану кезіндегі ӘҚҚ (ӘҚБ) органдарының іс-қимылы;

      4) ұшып келетін және ұшып кететін әуе кемелері экипаждарының іс-қимылы;

      5) көрінімі шектелген жағдайларда әуеайлақты пайдалану кезіндегі жерде көлік құралдарының қозғалысын басқару рәсімдері;

      6) қажеттілігіне қарай ҰҚЖ-да көрінім қашықтығын өлшеу рәсімдерін және ол туралы, сондай-ақ ҰҚЖ-да көрінім қашықтығын өлшеуге жауапты адамдардың деректерін беруді орындау;

      7) ҰҚЖ-да көрінім қашықтығын бағалау үшін пайдаланылатын автоматтандырылған жабдықтың пайдалану сенімділігі өзгерген кездегі рәсімдер.

      24. Қосымша мыналар ашылады:

      1) айналым бойынша ұшу жылдамдығы 300 км/с астам, сондай-ақ 300 км/с төмен әуе кемелері үшін қонуға төмендеу және қонуға кіру схемасы бойынша ұшуды орындау тәртібі (180о екі бұрылыс жасаумен айналым бойынша, есепті бұрышқа бұрылумен шептен және т.б.);

      2) әуеайлақ ауданында ең төмен қауіпсіз биіктік, ұшып өту эшелоны, айналым бойынша ұшу биіктігі, ұшып өту биіктігі;

      3) ҰҚЖ-ның әрбір бағыты үшін әртүрлі метеорологиялық жағдайларда әуеайлақ, полигон, алаңдар ауданына кіру (шығу) үшін ең төмен қауіпсіз эшелонының шектелген плеленгтерін және басқа да қажетті деректерді көрсете отырып, әуеайлақ ауданына, әуеайлақ аймақтарына, полигонға, десанттауға (жерге түсіру) алаңына, тұрақты маршруттарға және т.б. кіру (шығу) тәртібі;

      4) әуе кемелерінің топтарын жинау және тарату тәртібі. Қосалқы әуеайлаққа кезектен тыс қонуға кіру немесе кету үшін маневлерді орындау тәртібі;

      5) төмен және шекті төмен биіктікте ұшу тәртібі;

      6) дыбыстан жылдам жылдамдықта ұшақтың жоғары және екпінмен ұшу тәртібі.

5. Әуе кемелерінің ұшу қауiпсiздiгін қамтамасыз ету
және әуе қозғалысына қызмет көрсету

      25. Әуеайлақ (тікұшақ айлағы) ауданында әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігін және әуе қозғалысына қызмет көрсетуді қамтамасыз ету жөніндегі негізгі ұсынымдар.

      26. Ең төменгi қауiпсiз биiктiктер (ЕТҚБ), ұшып өту эшелоны, ұшып өту биiктiгi, айналым бойынша ұшу биiктiгі.

      27. Әуе қозғалысына қызмет көрсететін (ұшуды басқаратын) орган пайдаланатын әуе кемелерінің санаттары бойынша ұшып көтерілетін және қонуға кәруді орындайтын, кезекпен ұшып көтерілетін, қонуға кіруді орындайтын әуе кемелері арасындағы ең аз аралықтар.

      28. Қонуға кезектен тыс кіру.

      29. Екінші айналымға кету.

      30. Отынды авариялық төгу.

      31. Әуеайлақтық авариялық тезегіш қондырғысын (бар болған кезде) пайдалану тәртібі.

      32. Тежеудің шеткі жолақтары, егер олар ҰҚЖ шегінен тыс шығатын жағдайда әуе кемесін зақымдау қаупін азайтуға арналған.

      33. "Режим", "Кілем" сигналдарын алған кездегі әуе кемесі экипажының және әуе қозғалысына қызмет көрсететін (ұшуды басқаратын) органдардың іс-қимылы.

6. Ұшуды басқару

      34. Басқару пунктері, оны шақыру белгісі және жиiлiктері, жұмыс мерзiмдерi.

      35. Ұшуды басқарудың ерекшеліктері:

      1) ұшып көтерілудің және ұшып келудiң стандартты маршруттары бойынша ұшуды, төмендеу және қонуға кіру схемасы бойынша ұшуды, әуе трассаларында, айлақтық навигацияның маршруттарына, жергiлiктi әуе желілеріне, арнайы аймақтарға кіру (шығу) үшін ұшуды орындаған кезде;

      2) тұрақты маршруттар бойынша ұшуды орындаған кезде;

      3) әуеайлақта (тiкұшақ айлақтары) орналасқан мемлекеттiк, экспериментальдық авиация және ұйымдар бөлiмшелерінiң белгіленген мүдделерінде шектеулi ұшу аймақтарында, ұдайы қауiптi аймақтарда ұшуды орындаған кезде;

      4) әуеайлық ауданы (тікұшақ айлағы) арқылы транзитпен ұшатын әуе кемелері ұшуды орындаған кезде:

      5) әуе кемелері іздестіру-құтқару және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу мақсатында ұшуды орындаған кезде;

      6) әуе кемесіне авариялық жағдайда қонуды қамтамасыз еткен кезде;

      7) әуе кемелері бірлесіп орналасқан әуеайлақтарда, бірлесіп пайдаланатын әуеайлақтарда ұшуды орындаған кезде;

      8) екі және одан да көп ҰҚЖ-да ұшуды орындаған кезде;

      9) әуеайлақтық аймақта (әуеайлақ үстінде) ұшуды басқаруды ұйымдастыру.

      36. ӘК ұшуын басқаруды қабылдау/тапсыру шептері, басқару пунктерінің басқару аймақтары арасындағы өзара іс-қимыл.

      37. Басқарудың қосалқы пункттеріне өту (олар болған кезде) және олардан ұшуды басқару тәртібі.

      38. Басқару аймақтары ұшу басшыларының функцияларын уақытша біріктіру тәртібі.

      39. Әуе қозғалысына қызмет көрсететін органның басқару диспетчерлік пункті орналасқан жердегі перронның кең аумағымен ірі әуеайлақтардағы әуеайлақ кешенінің арнайы құрылымы болған кезде перронда жерүсті қозғалысын басқару, оның құрылымының күрделілігіне байланысты барлық перрондарды бақылай алмайды. Перронда әуе айлақтағы ұшу басшысы мен әуе кемелерінің қозғалысын басқару бойынша әуеайлақ кешеннiң мамандандырылған бөлiмшесi аралығындағы жауапкершiлiк аймағы, сондай-ақ жерүсті қозғалысына қызмет көрсету кезінде сақтауға қажетті рәсімдер және перрон мен маневр жасау алаңы арасындағы ұшып өту аймақтарының өзара іс-қимылдары әдiстерi.

7. Ұшуды қамтамасыз ету

      40. Аэронавигациялық ақпаратты ұсыну.

      41. Ұшуды қамтамасыз етуге және орындауға байланысты авиация персоналына аэронавигациялық ақпаратты дайындау және ұсыну тәртібі.

      42. Метеорологиялық ақпаратты ұсыну.

      Ұшуды метеорологиялық қамтамасыз ететін ұйым (атауы, авиациялық метеорологиялық бөлiмшенiң сәйкестендіру деректері, жұмыс уақыты, пошталық мекенжайы, электрондық мекенжайы, деректер мен телеграф хабарламаларын беретін жерүсті авиация желiсi, байланыс телефондары), болжауды жүзеге асырылатын әуеайлақтар (тiкұшақ айлақтары). Авиациялық метеорологиялық бөлімшелер әуеайлақта (тікұшақ айлағында) болмаған кезде әуе кеңiстiгiн пайдаланушыларға ұсынылатын ауа райы болжамдарын, метеорологиялық ақпарат көлемiн жасау үшiн қандай авиациялық метеорологиялық бөлiмшеге әуеайлақ (тiкұшақ аймағы) бекiтілгені көрсетiледi.

      Метеорологиялық қадағалау және жинақтау (қадағалау пункттері, қадағалау түрлері, ерекшеліктері; тұрақты қадағалау мерзімдері, арнайы жинақтауды шығару өлшемшарттары және оларды бөлу тәртібі, биіктіктерде желді қадағалау және деректер беру тәртібі, радиолокациондық қадағалауды жүргізу және деректер беру тәртібі).

      Әуеайлақ (тікұшақ айлағы) бойынша авиациялық ауа райына авиациялық болжамдар түрлері, ұшу үшін қауіпті метеорологиялық құбылыстар туралы ескерту.

      Әуе қозғалысын қызмет көрсету органдарын (ұшуды басқару) метеорологиялық ақпаратпен қамтамасыз ету. Ұсынылған ақпарат түрлері және оларды жеткізу тәсілдері. "Сигнал" сигналы түскен кезде авиациялық метеорологиялық бөлімше ауысымының іс-қимыл тәртібі.

      Қосымша мыналар сипатталады:

      1) жыл мерзімдері бойынша әуеайлақ ауданының қысқаша климаттық және орнитологиялық сипаттамасы;

      2) ауа райына әуе және радиолокациялық барлауды ұйымдастыру;

      3) нақты ауа райы туралы әуе кемелері экипаждарына ақпарат беру тәртібі;

      4) ұшуды метеорологиялық және орнитологиялық қамтамасыз ету бойынша метеорологиялық бөлiмшелер арасында жедел өзара іс-қимылды ұйымдастру.

      43. Ұшуды орнитологиялық қамтамасыз ету:

      1) құстардың жылдық белсендiлiгiнің негiзгi кезеңдері үшiн әуеайлақ (тiкұшақ айлағы) ауданындағы орнитологиялық жағдайды сипаттайтын ақпарат;

      2) құстардың шоғырлануы және олардың ұшу бағыты туралы деректер;

      3) ұшуды орнитологиялық қамтамасыз ету жөніндегі негiзгi іс-шаралар.

      44. Ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету және авиациялық электр байланысы:

      1) бақылау, радионавигация, қондыру және авиациялық электр байланысы құралдарының құрамы және орналасуы;

      2) құралдардың түрі және санаты, белгiсі, географиялық координаталары, олар орнатылған орынның магниттiк иілуі және жоғарылауы, жұмыс жиiлiктерi (арналар) және жұмыс регламенті;

      3) ұшуды радиотехникалық және авиациялық электр байланыспен қамтамасыз етудің негiзгi және резервтегi құралдарын пайдалану;

      4) әуеайлақты (тiкұшақ айлағын) қосалқы ретінде пайдаланған кезде ұшуды радиотехникалық және авиациялық электр байланыспен қамтамасыз етудің кезектi құралдарының құрамы;

      5) объективті бақылау құралдарын қолдану.

      45. Қосымша мыналар ашылады:

      1) ҰҚБ көрінімі аймағы және навигациялық құралдардың әрекет ету аймағы;

      2) ұшудың ТҚБ және байланыс құралдарын пайдалану тәртібі;

      3) әуе кемелері бар әуеайлақтың ӘҚБ органдарының радиобайланысын ұйымдастыру. Ұшудың ТҚБ және байланыстың резервтік құралдары. Резервтегi және қайталайтын құралдарын қолдану тәртібі ашылады.

      46. Ұшуды электр-жарықтехникалық қамтамасыз ету:

      1) жақындау жарық жүйесiнiң түрi, жақындау жарық жүйесінiң ұзақтығы және жарық күшi;

      2) ҰҚЖ-ның кіру жарықтарының түрі, кіру жарықттарының және қапталдық көкжиек түсі (бар болған кезде);

      3) жерге қону аймағының жарық түрi, жерге қону аймағының жарық бойлығы;

      4) қону жарықтары, бойлығы, қондырғылар аралығы, қону жарықтарының түсі және күшi;

      5) осьтік жарықтар, бойылығы, қондырғылар аралығы, осьтік жарықтар (бар болған кезде) түсі және күшi;

      6) ҰҚЖ шектеу жарықтары, олардың түрi, қапталдық көкжиектің (бар болған кезде ) және шектеу жарықтарының түсi;

      7) КТП жарықтарының бойлығы және түсі (бар болған кезде);

      8) ҰҚЖ есептелген ұшу санатының сәйкес келуі;

      9) глиссаданың шолу индикациясы жүйелерi, глиссаданың шолу индикациясы жүйесiн орналастыратын тарап, глиссаданың (PAPI, T-VASIS бар болған кезде) көлбеу бұрышы;

      10) әуеайлақтық және тану маяктарынын таңбалау;

      11) БЖ бағдар мен басқарудың, перронның, орналасудың басқа да шолу құралдары (ҰҚЖ күту орнындағы жарықтар, күтудің аралық орны және "тоқта" желілері), сондай-ақ қолдағы телескопиялық трапы бар шолу түйісу жүйесінің түрі.

      47. Ұшуды әуеайлақтық қамтамасыз ету:

      1) күндіз және түнде, сондай-ақ шектеулі көрінім жағдайларында ҰҚЖ-ны қарап тексеру тәртібі және мерзімдері;

      2) әуеайлақтың (тiкұшақ айлағының) тұрақты пайдалануға әзірлікте ұстау жөніндегі іс-шаралар;

      3) әуеайлақ (тiкұшақ айлағы) бойынша адамдардың, әуеайлақ-техникалық және көлiк құралдарының қозғалу тәртібі;

      4) радиомаяк жүйелерiнiң қауіпті аймақтарын қоса алғанда, ұшу өрiсi элементтерiн тазарту тәртібі және кезектiлiгі;

      5) ҰҚЖ-да шөгу қабатының қалыңдығын және ілініс коэффициентiн айқындау тәртібі және мерзiмдерi;

      6) тікұшақ айлақтарын ұшуға дайындау;

      7) авиациялық персоналдың тұрақ орындарынан әуе кемелерін қарсы алу және жөнелту тәртібі.

      48. Ұшуды медициналық қамтамасыз ету.

      Ұшуды медициналық қамтамасыз етудi жүргiзу мазмұні және тәртібі.

      49. Іздестiру-құтқаруды қамтамасыз ету:

      1) ұшуды iздестiру-құтқару қамтамасыз етуді ұйымдастыруға және жүргiзуге жауапкершілік ауданы;

      2) авариялық-құтқару жұмыстарында және өрт сөндіру кезінде пайдаланылатын техникалық құралдар және жабдықтар туралы мәліметтер (орналасқан орны, әзірлік дәрежесі және олардың мүмкіндігі);

      3) апатқа ұшыраған немесе ұшыраудағы әуе кемесi туралы апаттық сигналды немесе басқа да ақпаратты алған кездегі авиациялық iздестiру күштері мен құралдарының және құтқару іс-қимылдары;

      4) әуеайлақта және әуеайлақ ауданында авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу;

      5) ӘҚБ органдарымен өзара іс-қимылды жасау және байланысты ұйымдастыру, сондай-ақ кезекші күштер мен құралдарды шақырту тәртібі.

      50. Бiрлесіп орналасатын әуеайлақтарда, бiрлесіп пайдаланылатын әуеайлақтарда ұшуды қамтамасыз ету.

      Бiрлесіп орналасатын әуеайлақтарда, бiрлесіп пайдаланылатын әуеайлақтарда ұшуды режимдiк-күзеттік қамтамасыз ету ерекшелiктерi.


Қазақстан Республикасы
мемлекеттік авиациясының
ұшуды жүргізу қағидаларына
4-қосымша
1-кесте

ШҰР бойынша ұшу үшін ең аз метеорологиялық жағдайлар

Р/с

Жергілікті жер

Ұшу жылдамдығы, (нақты) км/сағ

ШҰР бойынша ұшудың ең аз жағдайы

бедердің ең жоғарғы нүктесі үстінен бұлттар шегінің төменгі биіктігі (м)

Көрінім (м)

Бұлттардың төменгі шегіне дейінгі әуе кемесінен тік арақашықтық (м)


ҰШУ ЖӘНЕ ҚОНУ АЙМАҒЫНДА

1.

Жазық және қырат
(су беті)

300 және одан аз

150

2000

50

2.

300-ден астам

300

5000

100

3.

Таулы

600 және одан аз

300

5000

100


КІРУ АЙМАҒЫНДА ЖӘНЕ МАРШРУТТАР БОЙЫНША

1.

Жазық және қырат
(су беті)

300 және одан аз

150

2000

50

2.

300-ден астам

300

5000

100

3.

Таулы (2000 м дейінгі биіктік)

600 және одан аз

400

5000

100

4.

Таулы (2000 м биіктік және одан астам)

600 және одан аз

700

8 000

100

      Ескертпе:

      1. Ұшу және қону аймағындағы ең аз метеожағдаймен айналу бойынша ұшу жылдамдығы бойынша белгіленеді.

      2. Тікұшақ ұшуына, егер олар уақтылы әуе кемелерін немесе басқа да кедергілерді көре алатындай және олармен соқтығысып қалмауды болдырмау үшін жылдамдыққа маневрді орындаса, ұшудың төменгі көрінім 1500 м аз болған кезде рұқсат етіледі. Көрінім пилотқа кедергілерді көруге және олармен соқтығысып қалуды болдырмауға мүмкіндік беретін тікұшақтың 30 секунд ішінде ұшып өткен арақашықтығынан аз болмауға тиіс (2-кестені қара).

      3. Бұлттар астында жұп (буын) құрамында ұшуға бұлттардың төменгі шекарасы биіктігі тиісінше 100 (200) м және ұшу көрінімі 1-кестеде көрсетілгеннен астам 1 км болған кезде рұқсат етіледі.


2-кесте

Тікұшақтардың шолып ұшуына ең төменгі көрінім

Р/с

Көрінім, м

Жылдамдық, км/сағ

1.

800

93

2.

1 500

185

3.

2 000

220


3- кесте

ШҰР бойынша арнайы ұшу үшін ең төменгі метеорологиялық жағдай
және кедергілер үстінен ең төменгі биіктік қорлары

Р/с

Жергілікті жері

Кедергілер үстінен ең төменгі биіктік қорлары, м

Бедердің анағұрлым жоғарғы нүктесі үстінен бұлттар шекарасының төменгі биіктігі, м

Көрінім, м

күндіз

түнде

күндіз

түнде

күндіз

түнде

Денсаулық сақтау ұйымдарына қызмет көрсету бойынша шұғыл ұшу, іздестіру-құтқару және авариялық-құтқару жұмыстары

1.

Жазық және қырат (су беті)

50

250

100

300

1000

4000

2.

Таулы

300

-

400

-

2000

-

Ерекше маңызды ұшу және ӘК-ны ұшырып жеткізу бойынша ұшу

1.

Жазық және қырат (су беті)

-

400

-

450

-

4000


Қазақстан Республикасы
мемлекеттік авиациясының
ұшуды жүргізу қағидаларына
5-қосымша

Әуе кемесінің ұшу биіктігін (эшелонын) есептеу алгоритмі

      1. Әуеайлақ ауданы төменгі эшелонының (өту эшелоны) есебі мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      Н төм.эш.

Н өту + 300 + Н әуеайл.;

      Мұнда Н өту – өту биіктігі,

      Н әуеайл. – теңіз деңгейінен әуеайлақты ұлғайту.

      Есеп теңіз деңгейіне келтірілген әуеайлақтың атмосфералық қысымы стандарттық қысымға теңестіру шартын негізге ала отырып орындалады.

      Әуеайлақ ауданының төменгі эшелоны әуеайлақта белгілі қысым диапазоны үшін белгіленеді. Осы диапазонның ең төменгі қысымы мынадай тәртіпте айқындалады:

      1) өту қабатының артығын айқындау:

      Н өту = Н төм.эш. – (Н өту + 300 + Н әуеайл.);

      2) Н төм.эш. есептеу үшін әуеайлақтағы ең аз қысымды айқындау;

      Р төм.әуеайл. = 760 – (Н әуеайл. +

Н өту) /11;

      Әуеайлақта қысым (Р әуеайл.) Р әуеайл. төмен және мәні бойынша 27 мм сын.бағ. астам емес жағдайда төменгі эшелон ретінде келесі жоғарғы эшелон, ал Р төм.әуеайл. Р әуеайл. төмен және мәні бойынша 27 мм сын.бағ. астам бар болған кезде – кезекті жоғарғы эшелон және т.б. белгіленеді

      Шегінде осы эшелондар белгіленетін әуеайлақтағы қысымның есептелген эшелондары мен диапазондары осы әуеайлақтың паспортында көрсетіледі.

      Әуеайлақтың ӘҚБ органы ұшуды орындау алдында әуеайлақтағы қысымның нақты мәні (Р нақты әуеайл), жердегі ауа температурасы – to және осы диапазон үшін Р төм.әуеайл. ең аз мәнін ескере отырып, осы эшелон үшін төменгі эшелонды айқындайды. Н төм.нақты эш. > Н төм.эш. – (Р нақты әуеайл. – Р төм. әуеайл.) х 11 -

Н темп.

      мұнда Н темп. – навигациялық сызғышты есептеу кезінде ескерілетін немесе осы Қосымшаның 2-тармағында көрсетілген формула бойынша айқындалатын биiктiк өлшегiштiң әдiстемелiк температуралық түзетуi. Бұл ретте Н түзету.=Н төм.эш.

      Мысалы, шегінде осы эшелондар белгіленетін әуеайлақтағы қысымның төменгі эшелондары және диапазондарын есептеу, сондай-ақ Н әуеайл.=162 м., Н өтп.=700 м., Р нақты әуеайл.=718 мм. сын.бағ., to= -15ОC болу шартымен ұшатын күні нақты төменгі эшелонды айқындау қажет.

      Есептеу мынадай жүйелілікпен орындалады:

      Н төм.эш

700+300+162

1162 м.;

      Н төм.эш=1200 м.;

      Н өтп.1200-(700+300+162)=38 м.;

      Р min әуеайл.=760-(162+38)/11=742 мм.сын.бағ.

      Осы әуеайлақ ауданында ұшуды жүргізу жөніндегі нұсқаулықта төменгі эшелондар белгіленуге және көрсетілуге тиіс:

      Р әуеайл.

742 мм.сын.бағ. кезінде 1200 м;

      742 мм.сын.бағ.

Р әуеайл.

715 мм.сын.бағ. кезінде1500 м;

      Р әуеайл.

715 мм.сын.бағ. кезінде 1800 м;

      және т.б.

      Ұшу күні әуеайлақтың ӘҚБ органы жердегі ауаның нақты температурасын ескере отырып, төменгі эшелонды айқындайды:

      Н нақты төм.

1500 – (718–715)х 11-((-15-15)/300)х 1500=1617 м.;

      Н нақты эш. = 1800 м.

      2. Атмосфералық қысым бойынша 760 мм немесе қауiпсiз ұшу биiктiгінің 1013,25 мбар есебі мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      Н қауіпсіз 760 = Н шын қауіпсіз + Н бедер -

Н темп.+ (760 - Р келт.төм.) х 11Н қауіпсіз 1013,25 = Н шын қауіпсіз + Н бедер -

Н темп.+ (1013,25 - Р келт.төм.) х 8,25

      мұнда Н шын қауіпсіз – шынайы қауiпсiз ұшу биiктiгiнiң белгiленген мәнi, м;

      Нбедер – маршрут енiнiң белгiленген шегiнде ондағы жасанды кедергiлердің биіктігі ескерiлген жер бедерiндегi ең жоғары нүктенiң абсолюттiк биiктiгi, м;

      Ркелт.мин. – ұшу маршруты (маршрут кезеңі) бойынша теңiздің орташа деңгейiне келтiрiлген, ең аз атмосфералық қысым, мм. сын.бағ. (мбар/гПа);

      Н темп. – навигациялық сызғыш бойынша (метр) немесе мынадай формуламен айқындалатын биiктiк өлшегiштiң әдiстемелiк температуралық түзетуi, м:

            мұнда H түз. = Н шын қауіпсіз + Н бедер, (м.);

      t 0 – ұшу маршруты (учаскесi) бойынша ең төмен температура.

      3. Жақындап келу ауданындағы қауiпсiз ұшу биiктiгiн есептеу (әуеайлақтың аэронавигациялық паспортына және аэронавигациялық ақпарат құжаттарына енгiзу үшiн) мынадай формулалар бойынша жүргiзiледi:

      Н қауіпсіз жақын. = Н шын қауіпсіз. + Н бедер -

Н темп.+ (760 – Р келт. әуеайл.) х 11

      Н қауіпсіз өтп. = Н шын қауіпсіз + Н бедер -

Н темп.+ (1013,25 – Р келт. әуеайл.) х 8,25

      мұнда Н шын қауіпсіз – шынайы қауiпсiз ұшудың белгiленген мәнi, (м);

      Н темп. – биiктiк өлшегiшiнiң әдiстемелiк температуралық түзетiлуi, ол көп жылдық бақылау бойынша әуеайлақтағы ең төмен температура үшiн айқындалады, (м);

      Р келт. әуеайл. – теңiз деңгейiне немесе теңіздің орта деңгейіне келтiрiлген көп жылдық деректер бойынша әуеайлақтағы ең аз атмосфералық қысым, мынадай формула бойынша есептеледi:

      Р келт. әуеайл. = Н әуеайл / 11(8,25) + Р әуеайл.,

      мұнда Н әуеайл. – әуеайлақтың теңiз деңгейiне қатысты биiктігі;

      Р әуеайл. – көп жылғы бақылау бойынша немесе теңіздің орта деңгейіне келтірілген әуеайлақтың ҰҚЖ деңгейiндегi ең аз атмосфералық қысым.

      4. Әуеайлақ айналымы бойынша ең аз қауіпсіз ұшу биiктiгiн есептеу мынадай формула бойынша жүргiзiледi:

      Н айн. = Н шын қауіпсіз +

Н бедер -

темп.,

      мұнда Н шын қауіпсіз – ұшу және қону аймағындағы шынайы қауiпсiз ұшу биiктiгiнiң белгiленген мәнi, (м);

      Н бедер – жолақ енiнiң белгiленген шегiнде әуеайлақ деңгейiне қатысты жасанды кедергiлер ескерiлген жер бедерiндегi ең жоғары нүктенiң биiктiгi, м;

      H темп. – осы Қосымшаның 2-тармағында көрсетілген формула бойынша анықталады. Бұл ретте Н түзет. = Н шын қауіпсіз. + Н бедер, ал to – көп жылдық бақылаулар бойынша әуеайлақтағы ең аз температура, Цельсий град.

      5. Әуеайлақ ауданындағы ең аз қауіпсіз биіктікті (МҚБ) есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      МҚБ = 300 +

Н бедер -

Н темп.,

      мұнда

Н бедер – шамалы биік ҰҚЖ шегіне қатысты анықталған жасанды кедергілерді ескере отырып, жер бедерінің ең жоғары нүктесінің биіктігі, м.;

      Н темп. – осы Қосымшаның 2-тармағында көрсетілген формула бойынша айқындалады. Бұл ретте Н түзет. = 300 +

Н бедер, ал to – көп жылдық бақылаулар бойынша әуеайлақтағы ең аз температура, Цельсий град.

      6. Әуеайлақ ауданында төменгi эшелоннан төмен ұшқанда қауiпсiз биiктiк мынадай формула бойынша есептеледi:

      Нқауіпсіз әуеайл. = Ншын қауіпсіз + Н кедергі - Н темп.,

      мұнда Н шын қауіпсіз – ұшу және қону аймағындағы шынайы қауiпсiз ұшу биiктiгiнiң айқындалған мәнi, м;

      Н кедергі – әуеайлақ деңгейiне қатысты ондағы табиғи кедергiлер ескерiлген жер бедерiнiң ең жоғары нүктесiнiң биiктiгi. Жасанды кедергiлердің биiктiгi 300 км/сағаттан артық ұшу жылдамдығы кезiнде

кедергiде, ал таулы жерлерде – маршрут енiнiң белгiленген шегiндегi ұшу жылдамдығына қарамастан барлық жағдайларда ескерiледi, м.

      Н темп. – осы Қосымшаның 2-тармағында көрсетілген формула бойынша анықталады. Бұл ретте Н түзету = Н шын қауіпсіз. +

Н кедергі, а to - әуеайлақтағы нақты температура, Цельсий град.

      7. Маршрут бойынша төменгi эшелоннан төмен ең аз қауiпсiз ұшу биiктiгi мынадай формула бойынша есептеледi:

      Н мин.қауіпсіз марш. = Н шын қауіпсіз + Н бедер –

Н темп., мұнда Н шын қауіпсіз – шын қауiпсiз ұшу биiктiгiнiң айқындалған мәнi, м.;

      Н бедер – ұшу маршруты кезеңінде табиғи кедергiлер ескерiлген жер бедерiнiң ең жоғары нүктесiнiң абсолюттік биiктiгi.

      Н темп. – осы Қосымшаның 2-тармағында көрсетілген формула бойынша айқындалады. Бұл ретте Н түзету = Н шын қауіпсіз + Н бедер, ал to – ең аз қысым нүктесіндегі жердегі ауаның нақты температурасы, Цельсий град.

      8. Күту аймағындағы төменгі эшелон биіктігін есептеу мынадай формулалар бойынша жүргізіледі:

      Н төм. эш.760 = Н айн. + 300 -

Н темп. + (760 – Р әуеайл.) х 11;

      H төм.эш.1013,25 = Н айн. + 300 -

Н темп. + (1013,25 – Р әуеайл.) х 8,25,

      мұнда Н айн. – айналым биіктігі, (м);

      Р әуеайл. – әуеайлақтағы қысым, мм.сын.бағ. (мбар/гПа);

      Н темп. – осы Қосымшаның 2-тармағында көрсетілген формула бойынша айқындалады. Бұл ретте Н түзету = Н айн. + 300, (м.), ал to – әуеайлақтағы нақты температура, Цельсий град.

      9. Әуеайлақтағы қысымның барометрлік биіктік өлшегішінің қысымдар шкаласында орнату кезіндегі ұшу биіктігін (эшелон) есептеу мынадай формуламен есептеледі.

      1) ұшу биіктігін берілген эшелонда

      Нкелт.әуеайл. = Н эш. – (760 – Р әуеайл) х 11,

      мұнда Н эш. – берілген ұшу эшелоны,

      Р әуеайл. – әуеайлақтағы қысым.

      2) Маршрут бойынша төменгi эшелонданда төмен ұшу

      Нкелт.әуеайл. = Н марш. – (Рқысымның.мин – Р әуеайл) х 11

      мұнда Нмарш. – белгіленген маршрут бойынша төменгi эшелонданда төмен;

      Рқысымның.мин – минималдық әуеайлақтағы атмосферлық қысымы.

      3) Әуеайлақтағы атмосфералық қысымның барометрлік биіктік өлшегішінде орнату кезінде басқарылатын әуеайлақ аймақтарында және жаттығу маршруттары бойынша ең аз қауіпсіз ұшу биіктігін есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:

      НМҚ = Н шын қауіпсіз + Н бедер - Н әуеайл. -

Н темп.,

      мұнда

Нтемп. – осы Қосымшаның 2-тармағында көрсетілген формула бойынша айқындалады. Бұл ретте Н түзет.=Н шын қауіпсіз + Н бедер - Н әуеайл.,м., а to – көп жылдық бақылаулар бойынша әуеайлақтағы ең төмен температура, Цельсий град.


Қазақстан Республикасы
мемлекеттік авиациясының
ұшуды жүргізу қағидаларына
6-қосымша

Аспаптық ұшу реттілігі бойынша
ұшудың белгіленген шынайы қауіпсіз биіктіктері

Р/с

Ұшу жылдамдығы (шынайы), км/сағ

Ұшудың қауіпсіз биіктігі (шынайы), м


1.

Ұшу және қону аймағында:
300 км/сағ және одан аз (шеңбер бойынша)
300 км/сағаттан астам (шеңбер бойынша)

300
300

2.

Келу ауданында, трассаларда және бағыттарда:
а) жазық немесе қырат жерлерде, су кеңістігі бетінде
300 км/сағ және одан аз
300 км/сағаттан көп

600
600

3.

б) таулы жерлерде
км/сағ және одан аз
500 км/ сағаттан астам

900
900


Қазақстан Республикасы
мемлекеттік авиациясының
ұшуды жүргізу қағидаларына
7-қосымша
Нұсқа

      ҰШУ КІТАПШАСЫ
 

      ________________________________________________________________
      (мамандығы)
      ________________________________________________________________
      (тегі)
      ________________________________________________________________
      (аты, әкесінің аты (бар болғанда))

1-бөлім Жалпы деректер

      1. Атқаратын лауазымы _________________________________________________________________________________________
      2. Әскери атағы ________________________________________________________________________________________________
      3. Туған күні, айы, жылы _________ 4. Білімі: жалпы __________ әскери ________________________________________________
      5. ҚР ҚК БӘ және ӘҚ-да _________ ж., мемлекеттік авиацияда _________ ж. 6. Жеке нөмірі _______________________________

Авиациялық оқу орнындағы ұшуы

Р/с

ӘК түрі

Ұшу саны

Ұшуы

барлығы

жеке өзі

жалпы

жеке өзі







       20 ____ ж. "___" ____________ Штаб бастығы________________________________

Ұшақтар (тікұшақтар) түрлері бойынша ұшуы

      (20___ ж. 1 қаңтарға)

Р/с

ӘК түрі

Тәулік мерзімі

Ұшулар саны

Ұшулары

Ауа-райының ұшып көтерілу мин. ұшып көтерілулері

Қону жүйелерін қолдануы

жалпы

Жабық кабинада

КМЖ-да

Кірулері

Қонулары

Ауа-райының мин. орнатуға қонулары

барлығы

бұлтта

с

м

с

м

с

м

с

м

















Жіктеулер _____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________ 2-бөлім Күндіз ұшуға рұқсаты

Р/с

Күні

Қандай ұшуға рұқсат берілді

ӘК қай түрінде

Қандай метеорологиялық жағдайда рұқсат берілді

Ұшқышқа (штурманға) ұшуға рұқсат берген адамның лауазымы, әскери атағы, қолы және фамилиясы

БТШ биіктігі, м

Ұшудағы көрініс, км

Қону жүйесінің түрі









3-бөлім Түнде ұшуға рұқсаты

Р/с

Күні

Қандай ұшуға рұқсат берілді

ӘК қай түрінде

Қандай метеорологиялық жағдайда рұқсат берілді

Ұшқышқа (штурманға) ұшуға рұқсат берген адамның лауазымы, әскери атағы, қолы және фамилиясы

НГО биіктігі, м

Ұшудағы көрініс, км

Қону жүйесінің түрі









4-бөлім Ұшуды жылдар бойынша есепке алу

Р/с

ӘК түрі

Тәулік мерзімі

Ұшулар саны

Ұшулары

Ауа-райының ұшып көтерілу мин. ұшып көтерілулері

Қону жүйелерін қолдануы

жалпы

Жабық кабинада

КМЖ-да

Кіру-лері

Қону-лары

Ауа-райының мин. орнатуға қонулары

барлығы

бұлтта

с

м

с

м

с

м

с

м

















5-бөлім Ұшуды күн бойынша есепке алу

Р/с №

Айдың күні

ӘК түрі

Тәулік мерзімі

Ұшу қай орындықтан орындалды

Жаттығудың нөмірі және тапсырманың қысқаша мазмұны

Ұшулар саны

Ұшуы
 

жалпы

Жабық кабинада

КМЖ-да

барлығы

бұлтта

с

м

с

м

с

м

с

м
















Кестенің жалғасы

Ұшу биіктігі, км (макс/мин)

Ұшу өткізу мерзіміндегі метеорологиялық жағдайлар

Ауа-райының минимумындағы ұшып көтерілулеріы

Қону жүйелерін қолдануы

Жауынгерлік қолдануды бағалау

Ұшуды бағалау

Ұшақты басқару тәсілі мен жүйенің атауы

саны

кірулер

қонулар

Орнатылған ауа-райының минимумындағы қонулар










6-бөлім Тренажердағы ұшуды есепке алу

Р/с

20__ж.

Ұшулар

20__ж.

Ұшулар

20__ж.

Ұшулар

с

м

с

м


с

м


Қаңтар



Қаңтар



Қаңтар




Ақпан



Ақпан



Ақпан




Наурыз



Наурыз



Наурыз




Сәуір



Сәуір



Сәуір




Мамыр



Мамыр



Мамыр




Маусым



Маусым



Маусым




Шілде



Шілде



Шілде




Тамыз



Тамыз



Тамыз




Қыркүйек



Қыркүйек



Қыркүйек




Қазан



Қазан



Қазан




Қараша



Қараша



Қараша




Желтоқсан



Желтоқсан



Желтоқсан




20__ж. барлығы



20__ж. барлығы



20__ж. барлығы



7-бөлім
Теориялық білімін тексеру нәтижелері
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________ 8-бөлім
Авиациялық техникадағы сынақ тренаждарын есепке алу

Р/с

Күні

Авиациялық техниканың түрі

АТ/ҰПБ бойынша бағалау

Тренажды өткізді
(лауазымы, ә/атағы, фамилиясы)

Қолы







9-бөлім
Апаттық жұйелер құралдары бойынша кешенді сынақ тренажды есепке алу

Р/с

Күні

ҰАТҚ мат. бөлігі

Тастап кетуді орындаудың техникасы

Тастап кетуден кейінгі әрекеті

ТАҚ,
Р-855 қолдануы

Қонғаннан кейінгі әрекеті

Жалпы бағасы

Тренажды өткізді
(лауазымы, ә/атағы, қолы, фамилиясы)










10-бөлім
Ұшу даярлығын тексеру нәтижелері
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
11-бөлім
Парашютпен секіру және катапульттену
(тренажерде катапульттену, жаттығу, танысу, мәжбүрлі секірулер)

Р/с

Күні

ӘК
(тренажердің) түрі

Парашюттің түрі

Биіктік, м

Секірудің (катапульттенудің) түрі

Қателіктер және олардың салдары








12-бөлім
Ұшудағы оқиғалар

Р/с

Күні

ӘК және қозғалтқыштың түрі

Оқиғаға кінәлы, себептері, мәнжайы (қысқаша) және жіктелуі









       Ескертпелер:

      1. Ұшу кітапшасы ұшу кезінде ӘК басқару, навигациялау және жауынгерлік қолдану бойынша міндеттерін орындайтын барлық ұшқыштарға және штурмандарға жүргізіледі.

      2. Ұшу кітапшасы ұшқышқа (штурманға) ол мемлекеттік сынақты тапсырғаннан кейін авиациялық оқу орнында ашылады.

      3. Ұшу кітапшасы ұшқышпен (штурманмен) толтырылады. Лауазымды адамдар қол қояды және елтаңбалы мөрмен бекітіледі.

      I, IV, V, VI, VII және X-бөлімдеріне авиациялық бөлімнің штабы бастығы, II және III-бөлімдеріне – командир (бастық) немесе ұшқышты (штурманды) ұшуға жіберген адам қол қояды, VIII-бөлімге – тексеруді жүргізген адамдар, IX-бөлімге – бөлімнің парашютті-десанттық және іздестіру-құтқару қызметінің бастығы қол қояды.

      4. Ұшу кітапшасының дұрыс толтырылуын ұшқыштың (штурманның) тікелей немесе жоғарғы бастықтары кемінде тоқсанында бір рет тексереді.

      5. Ұшқыштың (штурманның) басқа авиациялық бөлімге кетуі кезінде ұшу кітапшасы конвертке салынып қолына беріледі. Егер кетуі кезінде ҚР Мемлекеттік шекарасын кесіп өтілетін болса, ұшу кітапшасы құпия поштамен жіберіледі.

      6. Ұшу кітапшасы авиациялық бөлімшенің (бөлімнің) штабында сақталады және қатаң есептегі құжат болып есептеледі. Оның тігінделуі және елтаңбалы мөрмен бекітілуі қажет.

      7. Ұшқыштың (штурманның) запасқа (отставкаға) шығуы кезінде ұшу кітапшасы жеке ісімен бірге қорғаныс істері бойынша департаментке жіберіледі.

      8. Ұшу кітапшасына оның бөлімдерімен көзделмеген деректерді жазуға рұқсат берілмейді.

      9. Авиациялық оқу орнындағы ұшулары туралы деректер (I-бөлім) ӘК түрлері бойынша жазылады және сомаланады.

      10. "ӘК түрлері бойынша ұшулары" (I-бөлім) бөлімі кітапша ашылған кезде, ол ашылған жылдың 1 қаңтарына дейінгі жағдай бойынша толтырылады. Жазбалар ұшақтар (тікұшақтар) түрлері бойынша ұшқыштың (штурманның) ұшу қызметінің барлық мерзіміне авиациялық оқу орнындағы ұшуды қоса алғанда, жеке күндізде ұшулары қорытындыландырылып, жеке түнде ұшулары қорытындыландырылып және одан кейін жалпы қорытынды келтіріледі.

      Нұсқаушы және оқушы (тексерілуші) есебінде орындалған оқу-жаттығу-жауынгерлік ӘК ұшулар ұшақтың әрбір түрі бойынша жеке күндізгіге, сондай-ақ түндегіге жазылады.

      Екі жақты басқарылатын жауынгерлік ӘК нұсқаушылық ұшулар жалпы ұшулардан шегеріледі және жекеше жазылады.

      11. 1-бөлімге мерзімін және себебін көрсете отырып ұшқышқа (штурманға) сыныптық біліктілік беру немесе сыныптық біліктілігін төмендету (алып тастау) туралы бұйрықтардың көшірмелері енгізіледі.

      12. 2 және 3-бөлімдерінде ұшу даярлығы бойынша күндіз және түнде жеке ұшуға ұшқыш құрамынының рұқсаты, сондай-ақ нұсқаушылық ұшуға рұқсаты жазылады.

      13. 4-бөлімге ӘК әрбір түрі бойынша жеке қорытындыландырылып күндізгі ұшулары, жеке қорытындыландырылып түнгі ұшулары енгізіледі, одан кейін жылдық қорытынды шығарылады.

      Оқу-жаттығу-жауынгерлік және екі жақты басқарылатын жауынгерлік ӘК нұсқаушылық ұшулар 10-тармақта көрсетілгендей жазылады.

      Жаңа кітапша ресімдеу кезінде авиациялық оқу орынын бітіргеннен бастап барлық жылдардың жалпы жылдық қорытындылары, ал оны ресімдеу алдыңдағы соңғы жылдың ӘК әрбір түрі бойынша қорытындысымен жеке күндізгі және түндегі және жалпы жылдық қорытындысы көшіріледі.

      14. 5-бөлімде ұшу ауысымын (күндіз, түнде) ішінде орындалған барлық жаттығулар (тапсырмалар) тізбектеліп жазылады.

      Күндізгі ұшуларды жазғанда "Тәулік мерзімі" графасында К әріпі, түнгі ұшуларды жазғанда - Т әріпі қойылады.

      Екі жақты басқарылатын ӘК орындалған ұшуды жазғанда "Ұшуды қавй орындықтан орындады" графасына: С – сол жақтағы орындықтан, О – оң жақтағы орындықтан, Ал – алдыңғы орындықтан, Ар – артқы орындықтан жазылады.

      Осымен бірге, егер нұсқашылық ұшу жазылатын болса, нұсқаушының қай орындықта отырғанына қарамастан Н әріпі жазылады.

      Тапсырманың мазмұның жазғанда жалпы қабылданаған қысқартыларға рұқсат беріледі.

      "КМЖ-да ұшулары барлығы" графасында бұлттағы, бұлт артында, ұшдың шектелген көрініміндегі, табиғи көкжиек (жағалау сызығы) көрінбейтін бағдарсыз жердегі және су үстіндегі және 12 000 м және одан астам биіктіктегі ұшулар қосылып жазылады.

      Жабық кабинада аспаптар бойынша және бұлтта ұшу уақыты кабинаны пердемен жабу немесе бұлтқа кіру сәтінен бастап және оны ашу немесе бұлттан шығу сәтіне дейін есептеледі.

      "Ұшу биіктігі, км (макс/мин)" графасында: алымында – ұшудың максималды, бөлімінде – минималды биіктігі көрсетіледі.

      "Ұшу мерзіміндегі метеорологиялық жағдайлар" графасында жазба келесі ретте: бұлттар саны баллмен, одан әрі бөлшекпен: алымында – бұлттардың жоғарғы шекарасының биіктігі, бөлімінде - бұлттардың төменгі шекарасының биіктігі метрде, одан кейін ұшу көрінімі километрде жазылады.

      "ӘК басқару тәсілі және жүйенің атауы" графасында жүйенің атауы қысқаша және қонуға кіруде ӘК басқару тәсіліне қарай: Қ – қолмен, Д – директорлы, А – автоматты басқарғанда әріпі қойылады.

      ЖҚЖ (ЖЖРС) қолдану кезінде ЖҚЖ (ЖЖРС); ЖҚЖ-ты ҚРЖ-мен немесе ЖЖРС-ін ҚРЖ-мен қолдану кезінде – ҚРЖ; ЖҚЖ-ін ҚРЖ-мен және РМЖ-мен қолдану кезінде – РМЖ жазылады.

      Ай аяқталғаннан кейін барлық графалар бойынша қорытындылар, ӘК түрлері бойынша жеке күндізгі ұшулар және қорытындылар, түнгі ұшулар және қорытындылар және одан кейін айдың жалпы қорытындысы шығарылып жазылады.

      Оқу-жаттығу-жауынгерлік және екі жақты басқарылатын жауынгерлік ӘК нұсқаушылық ұшулар 10-тармақта көрсетілгендей жазылады.

      15. 6-бөлім айына бір рет толтырылады және жыл соңында қорытылады.

      16. Ұшу даярлығын тексеру нәтижелерін (8-бөлім) жазғанда келесі реттілік сақталады:

      жоғарғы сол жақ бұрышта үстінде күні, ӘК түрі, қай орындықтан тексеру орындалғаны және тәулік мерзімі көрсетіледі;

      парақтың оң жақ бөлігінде үстінде Жауынгерлік даярлық курсының жаттығудың нөмірі, оның атауы және метеорологиялық жағдайлар көрсетіледі;

      тексерудің нәтижелері Жауынгерлік даярлық курсының нормативтеріне сәйкес оның әрқайсысына баға қоюмен ұшу элементтерін орындауға қарай тізбектеліп жазылады;

      мәтіннің соңында ұшуға жалпы баға қойылады.

      17. 12-бөлім ұшу оқиғасын тергеу аяқталғаннан кейін түпкілікті қорытындылар жасалғаннан кейін толтырылады.

      18. Қысқартулар: ЖҚЖ – жабдықталған қону жүйесі, ЖЖРС – жеке жетектегі радиостанция, ҚРЖ – қонудың радиолокациялық жүйесі, РМЖ – қонудың радиомаяктік жүйесі, ҰАТҚ – ұшақты апаттық тастау құралдары, ТАҚ – тасылатын апаттық қор, БТШ – бұлттылықтың төменгі шекарасы.


Қазақстан Республикасы
мемлекеттік авиациясының
ұшуды жүргізу қағидаларына
8-қосымша

Ұшқыш киім-кешегінің үлгілі жиынтығы тізбесі

Р/с

Ұшқыш киім-кешегінің
элементтері
 

Ұшқыш киім-кешегінің үлгілік жиынтығының атауы және оны қолдану
температураларының ұсынылатын диапазоны (0С)

Жазғы
(20 және жоғары)

Жазғы астары жылы (10?20)

Маусымдық жеңілдетілген (5?15)

Маусымдық (5?0)

Маусымдық астары жылы (0?-5)

Қысқы жеңілдетілген
(-5?-15)

Қысқы
(-10?-20)

Қысқы астары жылы
(-20 және төмен)


Жазғы күртеше

+



+

+

+

+



Жазғы шалбар

+

+

+

+




+


Шевреттікүрткеше


+

+


+



+


Маусымдық күртеше




+

+





Маусымдық шалбар





+

+




Тықыр теріден тігілген күрткеше немесе теріден тігілген жағасы бар қысқы күрткеше






+

+

+


Тықыр теріден тігілген шалбар немесе қысқы шалбар







+

+


Жібек іш киім немесе трусы мен майка

+

+

+







Жүн іш киім




+

+

+

+

+


Жазғы жүнді свитер





+

+

+

+


Жазғы шлемофон

+

+

+

+






Қысқы шлемофон





+

+

+

+


Шевретті қолғап

+

+

+

+






Тері қолғап





+

+

+

+


Жеңіл бәтеңке

+

+

+







Ұшқыш бәтеңкесі




+

+

+




Тері унты







+

+


М/м ұйық

+

+



+

+

+

+


Жүн ұйық



+

+

+


+



Тері ұйық






+


+

      Ескертпе:

      1. Ұшқыш киім-кешегінің тиісті үлгілік жиынтығын қолданудың ұсынылған температура диапазоны адамның ашық ауада 5 м/с және одан көп жел кезінде 2 сағат бойы болу уақытына есептелген.

      2. Ұшуға ұшқыш киім-кешегінің жиынтығын ұшу күні қарсаңында эскадрилья командирі белгілейді. Ұшып өтетін экипаждар үшін ұшқыш киім-кешегінің жиынтығын ұшқыш құрамын бөлген бөлім командирі белгілейді.

      3. Ұшу тапсырмасының сипатына және оны орындау жағдайларына байланысты бөлім командирі ұшқыш киім-кешегінің үлгілік жиынтығындағы элементтер құрамын өзгертуге құқылы.


Қазақстан Республикасы
мемлекеттік авиациясының
ұшуды жүргізу қағидаларына
9-қосымша

Ұшқыштар (штурмандар) үшін жаттықтыру ұшуындағы
ең аз үзілістер (айларда)

Р/с №

Ұшу
метеожағдайлары
 

Тәулік мезгілі

Ұшқыштар

Штурмандар

бір басқарудағы әуе кемелерінде

Қосарлы басқарудағы
әуе кемелерінде

1-сыныпты

2-сыныпты

3-сыныпты және сыныбы жоқ мергендер

1-сыныпты
 

2-сыныпты

3-сыныпты жәнесыныбы жоқмергендер


 

1-сыныпты

2-сыныпты

3-сыныпты және сыныбы жоқ мергендер


Қарапайым метеорологиялық жағдайлар

Күндіз

3

2,5

2

4

3

2,5

4

3

2,5


Түнде

2,5

2

1,5

4

3

2,5


Күрделі метеорологиялық жағдайлар

Күндіз

2,5

2

1,5

4

3

2,5

4

2,5

2


Түнде

2

1,5

1

3

3

2,5


Қону (ұшу) минимумы

Күндіз

2

1,5

1

3

2,5

1,5





Түнде

2

1

1

3

2,5

1,5

      Ескертпе:

      Күрделі метеорологиялық жағдайларда түнде аймаққа және маршрут бойынша орындалған ұшу күндіз қарапайым метеорологиялық жағдайлар мен күрделі метеорологиялық жағдайлардағы ұшудағы үзілістерді жояды. Түнде орындалған қону, түнде жасалған қону кезіндегі ұшу көрінімі мен бұлттың төменгі шекарасы көрсеткіштеріндегі күндізгі қону кезіндегі үзілістерді жояды.


Қазақстан Республикасы
мемлекеттік авиациясының
ұшуды жүргізу қағидаларына
10-қосымша
Нысан

Маршруттар:
________________
________________
________________
_________________

ЖОСПАРЛЫ ҰШУ КЕСТЕСІ
(нұсқа)
  __________________________
_________________________
  (әскери бөлім, бөлімше)
  20____ж "___" __________
Ұшудың басталуы __________
Ұшудың аяқталуы __________

  БЕКІТЕМІН
  Командир_______________________________________
(әскери бөлім, бөлімше)
20____ж "___"__________
Таңсәрі ______________________
Күннің батуы _________________
Күннің шығуы ________________
Қараңғы түсу _________________

Р/с №

ӘК түрі мен нөмірі

ӘК командирінің тегі

Шақыру белгісі

Ұшқыштың қону минимумы

Осы жағдайларда соңғы рет қашан ұшты

1 сағат

2 сағат





күн

түн

күн

түн

10

20

30

40

50

60

10

20

30

40

50

60





















       Кестенің жалғасы

3 сағат

4 сағат

5 сағат

6 сағат

7 сағат

Ұшу саны

Ескертпе

10

20

30

40

50

60

10

20

30

40

50

60

10

20

30

40

50

60

10

20

30

40

50

60

10

20

30

40

50

60



































Ұшуға басшылық жасау тобы:
Әуеайлақтағы ұшу жетекшісі
_______________________
Әуеайлақтағы ұшу жетекшісінің көмекшісі
_______________________
Ұшу жетекшісі (жақын аймақ) ____________________
Ұшу жетекшісі (қону аймағы)
_____________________
Ұшу жетекшісі (алыс аймақ)
_____________________
Полигондағы ұшу жетекшісі
_____________________
Полигондағы ұшу жетекшісінің көмекшісі
____________________
Кезекші штурман
_____________________
Жауынгерлік басқару офицері ____________________

Ұшуды қамтамасыз ету тобы:
Ұшу аға инженері
____________________
Кезекші инженер-синоптик
____________________
ЖІҚК бастығы
____________________
АТҚ бойынша кезекші
____________________
Байланыс пен РТҚ жөніндегі аға кезекші
____________________
Кезекші дәрігер (фельдшер)
____________________
Штаб бастығы __________________
(әскери атағы, қолы)

Жоспарланған ұшу _______ұшу саны_______ отын ______
Орындалған ұшу________ұшу саны________отын_______
Жоспарлы кестені жасау дұрыстығын тексерген
Бөлім командирінің ҰД жөніндегі орынбасары _______________
(әскери атағы, қолы)
Бөлім командирінің ҰҚ жөніндегі орынбасары _______________
(әскери атағы, қолы)
Бөлім командирінің ИАҚ жөніндегі орынбасары ______________
(әскери атағы, қолы)
Бөлімнің аға штурманы
____________________________
(әскери атағы, қолы)
Медицина қызметінің бастығы
____________________________
(әскери атағы, қолы)

      Ескертпе:

      1. Экипаждар құрамы жоспарлы кестенің артқы жағында көрсетіледі.

      2. "Осы жағдайларда соңғы рет қашан ұшты" деген бағанда жауынгерлік әуе кемесінде соңғы ұшқан күні көрсетіледі

      3. Экипаж командирлері-ауа райын барлаушылар жоспарлы кестеге бірінші кезекте, төменгі жағында – қалған экипаж командирлері, ауа райын қосымша барлаушылар, ІҚҚ кезекші экипаждары, сондай-ақ резервтегі ұшақтар нөмірлері енгізіледі.

      4. ҰҚЖ, КРЖ және РЖ қарау уақыты кестеге қажеттілігіне қарай енгізіледі.


Қазақстан Республикасы
мемлекеттік авиациясының
ұшуды жүргізу қағидаларына
11-қосымша

Жоспарлы ұшу кестелерін жасауға арналған шартты белгілер

Р/с

Ұшуға тапсырма

Шартты белгілер

1.

Шеңбер бойынша ұшу

2.

Аймақта ұшу

3.

Маршрут бойынша ұшу

4.

Перде астында ұшу

5.

Бұлттарда ұшу

6.

Бұлт үстінде ұшу

7.

Дыбыстан жылдам ұшу

8.

Практикалық ұшу биіктігінде ұшу

9.

Төмен және шекті төмен биіктікте (ұшақтар үшін), шекті төмен биіктікте (тікұшақтар үшін) ұшу

10.

Топ құрамында ұшу

11.

Әуе кемесінің айналып ұшуы

12.

Топырақ жерден ұшу

13.

Әуеде қозғалтқышты (қозғалтқыштарды) қосумен немесе істен шығуын елестетіп ұшу

14.

Радиолокациялық байланыста ұшу

15.

Ауа райын барлауға ұшу

16.

Шептен

17.

Тура

18.

180? екі рет бұрылып немесе қорапша бойынша қонуға кіруді орындауға ұшу

19.

Топпен қону

20.

Прожектормен жарық түсірілмеген ұшу-қону жолағына қону

21.

Әуе нысанасының ұшуы

22.

Әуе нысаналары бойынша атуға ұшу:
зеңбіректерден

23.

Басқарылмайтын зымырандардан

24.

Басқарылатын зымырандардан

25.

Суретке түсіру

26.

Фотоатыс

27.

Шабуылмен әуе нысанасына тосқауыл қоюға ұшу: алдыңғы жартысфераға (АЖС)

28.

Артқы жартысфераға (АрЖС)

29.

Үлкен ракурспен

30.

Шарға (аэростатқа)

31.

Жер аясында (ракурсты көрсетумен)

32.

Төмен ұшатын әуе нысанасына тосқауыл қоюға ұшу (ракурсты көрсетумен)

33.

Бірге ұшу, литерлі әуе кемесімен бірге ұшу

34.

Әуедегі кезекшілік (дербес іздеу-ізге түсу)

35.

Қарсыласымен жақындасу кезінде әуедегі ұрысқа ұшу: қарсы курстарда

36.

Бағыттас курстарда

37.

Қиылысу курстарында

38.

Қашықтық зымырандар ұрысын өтеуге ұшу

39.

Нысана ретінде әуедегі ұрысқа ұшу

40.

Жауынгерлік маневр жасауға ұшу

41.

Ретрансляция үшін ұшу

42.

Тосқауылдар қоюға ұшу

43.

Радиотосқауылдар жағдайларында жауынгерлік қолдануға ұшу

44.

Жерүсті нысаны бойынша жауынгерлік қолдануға ұшу: көлденең ұшу

45.

Құлдырай төмендеуден

46.

Жауынгерлік бұрылыстан

47.

Төбеден құлдырай төмендеуді орындаудан

48.

45? бұрышқа дейін кабриттаумен

49.

45? бұрыштан астам кабриттаумен

50.

Нестеров ілмегі бойынша

51.

Тактикалық бомба тастау

52.

Фотобомбалау

53.

Нысанға жарық түсіру мақсатына ұшу

54.

Нысананы белгілеуге ұшу

55.

Радиотехникалық (Р), суретке түсіру (Ф), көзбен шолу (В) әуе барлауына ұшу

56.

Әуе нысанасын (планерді) сүйретуге ұшу

57.

Перде астында ұшу

58.

Старттық жарықтар бойынша тікұшақты қондыру

59.

Әуеаййлақтан тыс алаңға қонумен ұшу

60.

Артиллериялық немесе зымырандық атыстарды түзету үшін ұшу

61.

Шнур төсеушіні сүйреуге ұшу

62.

Десантты тасымалдауға және түсіруге ұшу

63.

Десантты тактикалық түсіру

64.

Қону десантын (парашютшілерді) тасымалдауға ұшу

65.

Жүктерді түсіруге ұшу

66.

Ұшақтық қонумен шеңбер бойынша ұшу

67.

Тікұшақтың қалықтап тұруы (жүктерді түсіруге ұшу, қалықтап тұру режимінен адамдарды түсіру)

68.

Тікұшақтың сыртқы қалықтап тұруымен ұшуы

69.

Әуеде отын құюға ұшу

70.

Нысанаға соққы күштерін бағыттау үшін ұшу

71.

Барлаумен миналарды іздестіруге ұшу

72.

"Фрегат" құтқарушы қайығымен ұшу

73.

Корабльденкорабльге сүйрету тросын бағыттағышын беруді пысықтауға ұшу

74.

Қалықтап тұру режимінде тікұшақ бортына "ковшпен" судан адамды көтеруді пысықтауға ұшу

75.

Қалықтап тұру режимінде тікұшақ бортына жүкшығырды суға түсіретін аквалангист көмегімен "ковшпен" судан адамды көтеруді пысықтауға ұшу

76.

Суға құтқарушы катерді түсіруге ұшу

77.

Тік ұшып көтерілу

78.

Тік қону

79.

Қысқа екпінмен ұшу (ҚЕҰ)

80.

Қысқа жүріспен қону (ҚЖҚ)

      Ескертпе:

      1. Ұшу тапсырмасын топпен орындау кезінде топтағы ӘК саны белгінің ішінде санмен көрсетіледі.

      Мысалы,

      2. Жаттығу нөмірі шартты белгінің үстінде, ал ұшу биіктігі сызық астында жазылады. Егер жаттығуда бірнеше ұшу тапсырмалары көзделген жағдайда, онда жаттығу нөмірімен қатар жақша ішінде ұшу тапсырмаларының нөмірі көрсетіледі. Егер ұшуда бірнеше жаттығулар көзделсе (кешенді түрде), онда жаттығулардың барлық нөмірлері бөлшек арқылы көрсетіледі. Тікұшақ үшін ұшу саны шарты белгінің үстінен оң жақта жазылады.

      Шартты белгінің алдында аймақ немесе маршрут нөмірі (тікұшақ үшін, тікұшақты ауыстырғанда шеңбер ішіне борттық нөмірі) жазылады.

      Ұшақтар үшін шартты белгіден кейін ӘК борттық нөмірі, есептік май құю және басқа да мәліметтер жазылады.

      Мысалы: 207

      ұшақтар үшін

      тікұшақ үшін

      3. Бір ұшуда әртүрлі тапсырмаларды орындау кезінде шартты белгілер ұшудағы тапсырмалар мәліметтеріне сәйкес белгілерден құралады.

      Мысалы,

      4. Жерүсті нысанасы бойынша жауынгерлік қолдануда ұшудың шартты белгілері осы ұшуда қолданылатын және өтелетін жою құралдары мен маневрлер белгілерінен құралады.

      Мысалы,

      - құлдырай төмендете зеңбіректен ату;

      - жауынгерлік бұрылыспен бомба лақтыру;

      - төбеден құлдырай төмендеуді орындағаннан кейін зымыранмен басқарылмайтын атыс;

      - құлдырай төмендеуден зымыранды ұшырып жіберу;

      - көлденең ұшумен жылжымалы зеңбірек қондырғысынан түсіріп ату;

      - көлденең ұшумен авиациялық бомба лақтыруды басқару.

      Ұшудың жою құралдарын қолданбай маневрларды жасауға ұшу жою құралдарын көрсетпей маневрге сәйкес белгімен көрсетіледі.

      5. Көздеуіштің әртүрлі режимін пайдаланумен жауынгерлік қолдануды орындауда қажетті кезде қосымша белгілер енгізіледі. Мысалы, шығарылған нүкте бойынша көздеумен және навигациялық бомба лақтыруға ұшу былай белгіленеді:

            6. Жауынгерлік ұшақта орындалатын ұшу тапсырмаларының шартты белгілері (жаттығулық және дербес ұшу) қызыл түсті сызықпен, оқу немесе оқу-жауынгерлік ұшақта (бақылау, нұсқаушылық, әдістемелік, сынақтық) – көк түсті сызықпен сызылады. Барлық әріптер мен сандар қара түспен жазылады.


Қазақстан Республикасы мемлекеттік
авиациясының ұшуды жүргізу қағидаларына
12-қосымша
Нысан

____________ әскери бөлімі






ҰШУ ПАРАҒЫ
(нұсқа)






Экипаж мынадай құрамда:
экипаж командирі ___________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________









___________________________ әуе кемелерінде №___________"____"______________20__ж.

(әуе кемеснің түрі)


Мыналар орындалсын (ұшу саны, ЖДК жаттығуы № мен қысқаша мазмұны, маршруты мен есептелген ұзақтығы көрсетілсін):

____________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________

Толықтырулар мен өзгерістер (кімнің өкімімен) ___________________



Мынадай жағдайлардаа тапсырманы орындауға рұқсат етемін:









Р/с

Тәулік уақыты

Ұшып көтерілу минимумы

Бұлт биіктігі, м (төмен емес)

Қонуға кірерде бағдардың көрінімі, км (кемінде)

Жердегі жел жылдамдығы (астам емес)


Күндіз






Түнде





200_ ж. "___"_______________

Командир ________________________________





(лауазымы, әскери атағы,қолы)









М.О.







       (ұшу парағының артқы жағы)

Р/с №

Күні

Ұшып көтерілу/қонуәуеайлақғының атауы

ӘК түрі мен №

Тәулік уақыты

Жаттығу №

Уақыт

Ұшу саны

Ұшу саны

Ұшып көтерілу

Қону

Жалпы

Жабық кабинада

КМЖ

Сағ.

Мин.

Сағ.

Мин.

Барлығы

Бұлтта





































































       Кестенің жалғасы
 

Ұшу биіктігі, қашықтық (км) (min/max)

Ұшу алды метеожағдай

Ұшып көтерілу кезіндегі ауа райы минимумы

Қондыру жүйесін қолдану

Жауынгерлік қолдануды бағалау

Ұшуды бағалау

Әуе кемелерін басқару тәсілі мен жүйелер атауы

Саны

Кірулер

Қонулар

Қону кезіндегі белгіленген ауа райы минимумы





































ЖҰМСАЛДЫ:




Күдіз














- оқ-дәрілер__________________ дана.


Түнде














(түрі)


Жиыны














- мұз қатуға қарсы сұйықтық ___________ кг










































- отын __________________ кг



















































Тапсырмаларды орындау туралы жеткізілім________________________________________________

_____________________________________________________________________________________

Тапсырманы кешенді орындауды бағалау__________________________________________________

_____________________________________________________________________________________







































Әуе кемесінің командирі ______________

М. О.












(әскери атағы, қолы)














Командир (бастық) __________________














(әскери атағы, қолы)


Қазақстан Республикасы мемлекеттік
авиациясының ұшуды жүргізу қағидаларына
13-қосымша
Нысан

ҰШЫП ӨТУГЕ ӘЗІРЛІКТІ БАҚЫЛАУ ПАРАҒЫ

      Күні____________
      Әуе кемесінің типі _______________________________________________________________
      Борттық нөмірі________________әскери бөлім_______________________________________
      Экипаж командирі _______________________________________________________________
      Экипаж командирінің көмекшісі (екінші ұшқыш) _____________________________________
      Штурман________________________________________________________________________
      Радист _________________________________________________________________________
      Борт техник _____________________________________________________________________
      Ұшу маршруты __________________________________________________________________
      ________________________________________________________________________________
      ______________________ __________________________________________________________

ТЕКСЕРІЛДІ:

Р/с

Лауазымды адамдар

Экипаж бен авиациялық техниканыңәзірлігі

Тексеру күні, атағы, қолы, тегі

Ескертпе

1

Штурман




2

Байланыс бастығы




3

Командирдің ИАҚЕ жөніндегі орынбасары (ұшу аға инженері)




4

Дәрігер (медицина қызметкері)




       Кезекші авиадиспетчер_____________________________________
      Ескертпе:
      Бақылау парағын кезекші авиадиспетчер аралық қону әуеайлағында экипажға береді. Ұшу алдында ӘК экипажы бақылау парағын авиадиспетчерге тапсырады, ол бір ай бойы сақталады.


Қазақстан Республикасы мемлекеттік
авиациясының ұшуды жүргізу
қағидаларына
14-қосымша

Авиациялық бөлімдерде әуе кемелерінің айналып ұшуын
жүргізуге рұқсат етілетін ауа райы минимумы

Р/с

Әуе кемесінің типі

Бұлттардың төменгі шекарасы биіктігі, м

Ұшу көрінімі,
км

1.

Жойғыштар, бомбалаушы жойғыштар, шабуылдаушылар, бомбалаушылар, барлаушылар және оқу-жауынгерлік ұшақтар (дыбыстан жылдам)

500

5

2.

Жойғыштар, бомбалаушы жойғыштар, шабуылдаушылар, бомбалаушылар, зымыран тасығыштар, барлаушылар және оқу-жауынгерлік ұшақтар (дыбысқа дейін)

400

4

3.

Ауыр реактивті бомбалаушылар, зымыран тасығыштар (дыбыстан жылдам)

450

5

4.

Ауыр реактивті турбовинтті бомбалаушылар, зымыран тасығыштар және кемеге қарсы ұшақтар (дыбысқа дейін)

400

5

5.

Турбовинтті әскери-көлік ұшақтар мен гидроұшақтар

400

4

6.

Көлік поршеньді ұшақтар мен поршеньді гидроұшақтар

Қарапайым метеорологиялық жағдайлар

-

7.

Ауыр тікұшақтар

350

3

8.

Орташа тікұшақтар

250

2,5

9.

Жеңіл және өте жеңіл тікұшақтар

200

2

10.

Оқу-жаттығу турбореактивті ұшақтар (дыбысқа дейін)

300

4

11.

Оқу-жаттығу поршеньді ұшақтар мен байланыс ұшақтары

Қарапайым метеорологиялық жағдайлар

-

      Ескертпе:

      Тікұшақтардың айналып ұшуы кезінде бұлтқа кіруге жол берілмейді.


Қазақстан Республикасы мемлекеттік
авиациясының ұшуды жүргізу қағидаларына
15-қосымша

Әуе кемелерінің қозғалысын әуеде басқаруға арналған қайталама сигналдар мен белгілер
Әуе кемелерінің қозғалысын жерде реттеу сигналдары
І. Әуе кемелерінің қозғалысын әуеде басқаруға арналған қайталама сигналдар мен белгілер

Р/с

Сигнал, белгі (команда)
мәні

Сигнал (белгі)

Күндіз

Түнде

1.

Ұшып көтерілуге рұқсат

Қолды жоғары көтеру

Аэронавигациялық жарықтармен жиі белгі беру

2.

Ұшып көтерілуға рұқсат етемін

Жасыл бағдаршамды қосу

Жасыл бағдаршамды қосу

3.

Ақ жалауды жоғары тік көтеру және ұшып көтерілу бағытына қарай көлденең қалпына дейін түсіру

Ақ шамды тік көтеру және ұшу бағытына қарай иық деңгейіне дейін түсіру

4.

Ұшып көтерілуға тыйым саламын

Қызыл бағдаршамды қосу

Қызыл бағдаршамды қосу

5.

Қызыл жалауды тік жоғары көтеру

Қызыл шамды тік жоғары көтеру

6.

Қонуға рұқсат етіңіз

Әуе кемесінің бір қанатынан екінші қанатына шайқалумен шеңбер бойынша ұшуы

Әуе кемесінің шеңбер бойынша ұшуы және аэронавигациялық жарықтармен (фарамен) белгі беру немесе әуе кемесінің бортынан ақ зымыранды жіберу

7.

Шұғыл мәжбүрлі қонуды жүргіземін

Әуе кемесінің бортынан бірнеше зымыран жіберу (сигналдық зымырандар болмаған кезде – 2-4 с аралықпен қашықтағы жетекті радиостанциядан өткенге дейін қону курсына қону фараларды қосу және сөндіру)

Әуе кемесінің бортынан бірнеше зымыран жіберу (сигналдық зымырандар болмаған кезде – 2-4 с аралықпен қашықтағы жетекті радиостанциядан өткенге дейін қону курсына қону фараларды қосу және сөндіру)

8.

Қонуға рұқсат етемін

Әуеайлақтағы "Т" белгісі

Негізгі ұшу-қону жолағында жарықтар желісін қосу

9.

Қонуға тыйым саламын (екінші айналымға кетіңіз)

Бір немесе бірнеше қызыл зымыран жіберу немесе қону белгісінің енінен крест жасау

Бір немесе бірнеше қызыл зымыран жіберу

10.

Қону қосалқы ұшу-қону жолағына жүргізілсін

Негізгі ұшу-қону жолағынан "Т" қондыру белгісін алу

Негізгі ұшу-қону жолағындағы жарықтар желісін сөндіру

11.

Жалпы қонуды талап ету

Түтіндеткіш құтылар сериясы немесе "Т" қону белгісінің көлденең еніне қарама-қарсы одан 5 м қосымша ен салынған

Жасыл зымыранлар сериясын жіберу

12.

Шасси шығарылмаған

"Т" қону белгісінің ені 5 м ажыратылған

?

13.

Қонуды қосалқы әуеайлақта жүргізіңіз

"Т" қону белгісі орнына еннен қосалқы әуеайлақ бағытына қарай нұсқар салынған

"Т" қону белгісі орнына қосалқы әуеайлақ бағытына қарай жарықты нұсқарлар қосылған

14.

ӘК экипажының сигналдарды қабылданғаны туралы растауы

Ұшуда:қанаттарыменшайқалу (бұл сигналды үшінші және төртінші бұрылыстар арасында және қону алдындағы тура ұшуда беруге болмайды).
Жерде: элерондармен немесе басқару рулін қозғалтумен

Қону фараларымен екі рет белгі беру немесе егер олар орнатылмаса, аэронавигациялық жарықтарды екі рет қосу және өшіру

ІІ. Жерде әуе кемелерінің қозғалысын реттеу сигналдары

Бірге жүру автомобилінен берілетін сигналдар

      1) Жасыл түс – маған қарай басқарыңыз (менің соңымнан);

      2) Қызыл түс – басқаруды тоқтатыңыз (тоқта);

      3) Үзіп-үзіп белгі беру – басқару жылдамдығын азайтыңыз (ерекше назар салу).

1. Жер үсті шолу сигналдары

1) Қонуға тыйым салу
Сигнал беру алаңына қойылатын сары диагональды сызықтары бар қызыл түсті көлденең төртбұрышты сигнал беру ені (1-2-сурет), ол қонуға тыйым салынған және бұл тыйым салу ұзартылуы мүмкін екенін білдіреді
 

2) Қонуға кіру немесе қону кезінде ерекше сақтылықты сақтау қажеттілігі
Сигнал беру алаңына қойылатын сары диагональды бір сызығы бар қызыл түсті көлденең төртбұрышты сигнал беру ені (1-3-сурет), ол маневр жасау алаңының қанағаттанғысыз жай-күйіне немесе қандай да бір басқа себептерге байланысты қонуға кіру немесе қону кезінде ерекше сақтылықты сақтау қажеттілігін білдіреді
 

3)Ұшу-қону жолақтарын және басқару жолдарын пайдалану
Сигнал беру алаңына қойылатын ақ түсті гантель түріндегі көлденең белгі (1.4-сурет), ол әуе кемелеріне қонуды, ұшып көтерілу мен басқаруды тек ҰҚЖ-да және БЖ-да жүргізу керектігін білдіреді
 


 

1.4-сурет

3.1) Сигнал беру алаңына қойылатын әрбір дөңгелек бөлігінде тік қара жолағы бар осындай ақ түсті гантель түріндегі көлденең белгі (1.5-сурет), ол әуе кемелеріне қону және ұшып көтерілудытек ҰҚЖ-да орындау керектігін, ал басқа маневрлерді орындау текҰҚЖжәне БЖ шегінде шектелмейтінін білдіреді
 


 

1.5-сурет

4) Жабық ҰҚЖ немесе басқару жолдары
ҰҚЖ-ға және басқару жолдарына немесе олардың бір бөлігіне қойылатын бір үйлесімді түсті, сары немесе ақ крест түріндегі көлденең белгілер (1.6-сурет), ол әуе кемелерінің қозғалысы үшін жарамсыз аймақ екенін білдіреді
 


 

1.6-сурет

5)Қону немесе ұшып көтерілу бағыты
Көлденең ақ немесе қызғылт сары "Т" (1.7-сурет) әуе кемелерінің қону және ұшып көтерілу бағытын көрсетеді, олар "Т" әрпінің ұзын бөлігіне қарама-қарсы және оның көлденең бөлігі жағына орындалады.
"Т" қону белгісін түнгі уақытта пайдалану кезінде жарық түсіреді немесе жиектері ақ жарықтармен көмкеріледі.
 


 

1.7-сурет

Әуеайлақтық командалық-диспечерлік пунктіне немесе оның маңына тік қойылатын екі санның үйлесімі (1.8-сурет), маневр алаңындағыӘК-ға жақын жердегі 10Үмагниттік құбылнаманың дөңгелектелген ондық градуста білдірілген ұшу бағытын көрсетеді


 

1.8-сурет

6)Ұшудың оң айналымы
Сигнал беру алаңына немесе ҰҚЖ-ның аяғында көлденең қойылған немесе ұшу алаңында пайдаланылатын оңға бұрылған нұсқар нысанындағы ашық түсті белгі (1.9-сурет), ол әуе кемесі қонар алдында немесе ұшып көтерілгеннен кейін оңға бұруды орындауға тиіс екенін білдіреді


 

1.9-сурет

7) Әуе кемесіне қызмет көрсетуге қатысты жеткізілімдерді жинау пункті
Сары негізде тік орналасқан қара түсті "С" әрпі (1.10-сурет), ол әуе кемесіне қызмет көрсетуге қатысты жеткізілімдерді жинау пунктінің орналасқан жерін білдіреді
 


 

1.10-сурет

8)Планерлердің ұшуы орындалады
Сигнал беру алаңына тік қойылған ақ түсті қосарланған крест түріндегі белгі (1.11-сурет), ол әуеайлақ планерлердің ұшуы үшін пайдаланатынын және осындай ұшу қазіргі уақытта орындалуда екенін білдіреді


 

1.11-сурет

3. Жерде әуе кемелерінің қозғалысын реттейтін сигналдар

      ӘК-ның сигнал берушісі беретін сигналдар қолдармен белгі беру үшін арналған, егер бұл пилоттың сигналдарды түсінуін жеңілдету үшін қажет болатын болса оларға жарық түсірілуі мүмкін және сигнал беруші ӘК-ға қарама-қарсы қарап тұрса және ол:
      қанаттары бекітілген әуе кемелері үшін – пилоттың (ұшқыштың) көру өрісінде сол жақ қанаттың жиегі алдында;
      тікұшақтар үшін – пилот (ұшқыш) оны жақсы көре алатын жерде тұрады.
      Тиісті сигналдардың мәні сигнал беру жалауларын (дөңгелек "күрек"), жарық беретін таяқшаларды немесе электр қолшамдарды пайдалану кезінде өзгертілмейді.
      Әуе кемелерінің қозғалтқыштарының сигнал берушінің ӘК алдына қарап тұрған жағдайда оңнан солға қарай нөмірленуі болады (борттағы сол жақтан санағанда соңындағы № 1 қозғалтқыш).
      Жұлдызшамен белгіленген сигналдар қалықтап тұрған тікұшақтар үшін арналған.
      Сигнал беруші келесі сигналдарды пайдаланар алдында алаңның ӘК-ның маневр жасау шегінде онымен соқтығысуы мүмкін объектілерден бос екеніне көзін жеткізеді.
      Көптеген әуе кемелерінің құрылымы экипаж кабинасынан әр кезде ӘК-ның жерде маневр жасауы кезінде қанат жиектері, қозғалтқышттары және басқа да бөліктер жиектері қозғалысының траекториясын бақылай алатындай шолып көру мүмкін емес.
      Берілген сигналдарға сәйкес әрекет ету. Егер әуеайлақта қозғалу шарттары талап етілсе, сигнал беруші пилоттың (ұшқыштың) әрекетіне басшылық жасайды.
 

1) Сүйемелдеуші немесе бағыттаушы
Таяқша бар оң қолды басынан жоғары тік көтеру, таяқша бар сол қолды дене бағыты бойынша төмен қозғалту.
Ескерпе: Әуе кемесі қанатының ұшында тұрған адам беретін бұл сигнал пилотқа (ұшқышқа)/перрон диспетчеріне/ӘК сүйрету жетекшісіне ӘК тұрақ орнына/тұрақ орнынан кеменің артқы жағынан кедергісіз қозғалу мүмкіндігін білдіреді.

2) Тұрақ орнын көрсету
Таяқшаларды тік ұстап, алға созылған қолды бастан жоғары көтеру

3) Келесі сигнал берушіге немесе ӘҚҰ органының және (немесе) жерүсті қозғалыс нұсқауына сәйкес жүру
Екі қолмен жоғары бағытты белгілеу; денеге қатыстысозылған қолды қозғалту және таяқшалармен келесі сигнал берушінің немесе басқару аймағына қарай бағыт беруді көрсету

4) Алға жылжу
Екі жаққа созылған қолды шынтақта бүгу және кеуде деңгейінен басқа қарай бағытта таяқшамен жоғары-төмен қозғалту

5) Солға бұру (әуе кемесінен көрініс)
Таяқша бар оң қолды жазу арқылы кеудеге 90о бұрыш жаққа қарай жазылған сол қолмен "Алға жылжу" сигнал беру. Сигнал беретін қолдың қозғалысы қарқындылығы пилотқа ӘК-ны бұру жылдамдығын көрсетеді.

6) Оңға бұру (әуе кемесінен көрініс)
Таяқша бар сол қолды жазу арқылы кеудеге 90о бұрыш жаққа қарай жазылған оң қолмен "Алға жылжу" сигнал беру. Сигнал беретін қолдың қозғалысы қарқындылығы пилотқа ӘК-ны бұру жылдамдығын көрсетеді.

7) Әдеттегі тоқтату
Таяқша бар қолды кеудеге 90о бұрыш жаққа қарай созу және оларды таяқшалар айқысқанға дейін бастан жоғары көтеру

8) Шұғыл тоқтату
Қолды шұғыл бастан жоғары көтеру және таяқшаларды айқастыру

9) Тежегішті қосу
Ашық алақанды иық деңгейінен сәл жоғары көтеру.
Экипажпен көзбен байланысқа көз жеткізгеннен кейін саусақтарын жұдырыққа жұму. ӘК экипажынан қолдың үлкен саусағын көтеру арқылы хабар алғанға дейін қозғалмау.

10) Тежегішті жіберу
Саусақтары жұдырыққа жұмылған қол буынын иық деңгейінен сәл жоғары көтеру. Экипажбен көзбенбайланысқа көз жеткізгеннен кейін жұдырығын ашу. ӘК экипажынан қолдың үлкен саусағын көтеру арқылы растау алғанға дейін қозғалмау.

11) Қалыптар қойылды
Ішке қарай бағытталған таяқшалармен созылған қолды бастан жоғары көтеру, таяқшаларды олардың жанасқанға дейін шұғыл қозғау. ӘК экипажының растауын алғанына көз жеткізу.

12) Қалыптар алынды
Сыртқа бағытталған таяқшалармен бастан жоғары тік көтерілген таяқшаларды екі жаққа қарай шұғыл ажырату. ӘК экипажының рұқсатын алғанға дейін қалыптарды алмау.

13) Қозғалтқыш(тар)ды іске қосу
Таяқша жоғары бағытталған оң қолды бастың деңгейіне дейін көтеру және осы қолмен айнылдыру қозғалысын орындау, бұл ретте бір уақытта бастан жоғары көтерілген оң қолмен іске қосуға жататын қозғалтқышты көрсету.

14) Қозғалтқышты өшіру
Таяқша ұстаған қолды иық деңгейіне дейін алға созу, таяқшамен сол иыққа дейін, содан кейін оң иыққа дейін тамаққа деңгейіндеқозғау.

15) Жылдамдықты азайту
Таяқшалармен белден тізеге дейін жоғары-төмен қимылдап, "қаққылау" қимылымен созылған қолды төмен қарай түсіру

16) Көрсетілген жақтағы қозғалтқыш айналымын азайту
Қол төмен түсірілген қол алақандарын жерге қарату, содан қозғалтқыш айналымын тиісінше оң не сол жаққа қарай азайту керектігін білдіретін оң не сол қолмен жоғары-төмен қимылдарын жасау

17) Артқа жылжу
Қолды кеуде алдында бел деңгейінде ұстау, қолдарын алға қарай айналдыру.
Қозғалысты тоқтату үшін 7 немесе 8 сигналы пайдаланылады

18) Артқа қарай қозғалу кезіндегі бұрылыстар (артымен оңға)
Таяқшасы бар сол қолды төмен қарай бағыттау; Басқа дейін көтерілген оң қол қөлденеңнен алға және тік артқа қарай қайталамалы қимылдар жасау

19) Артқа қарай қозғалыс кезіндегі бұрылыстар (артымен солға)
Таяқшалар оң қолды төмен бағыттау; Бастан жоғары көтерілген оң қол қөлденеңнен алға және тік артқа қарай қайталамалы қимылдар жасау

20) Оң жауап/жол ашық
Жоғары қарай бағытталған таяқшалары бар оң қолды бастан жоғары көтеру, үлкен саусағы жоғары көтерілген қол буынын көрсету, бұл ретте сол қолды төмен түсіру және тізеге жанасу

21) Қалықтап тұру
Кеудеге қарай 90о бұрышта қолдарды жазу

22) Жоғары қарай көтерілу
Кеудеге қарай 90о бұрыштағы жаққа таяқшалары бар қолдарды жазу, алақандармен жоғары және олармен жоғары қарай қимылдар жасау. Қолдардың қимыл қарқындылығы биіктіктің жылдамдық алуын білдіреді.

23) Төмен түсіру
Кеудеге қарай 90о бұрышқа қолдарды жазу, алақандарды төмен түсіру, олармен жоғарыға қарай қимылдар жасау. Қолдардың қимыл қарқыны жоғары қарай жылдамдық алу қарқынын білдіреді.

24) Көлденең солға қарай (пилот, ұшқыш жағынан)
Кеудеге қарай 90о бұрышқа оң қолды көлденең жазу, келесі қолмен осы бағытқа қарай қимыл жасау

25) Оңға қарай көлденең қозғалту (пилот, ұшқыш жағынан)
Кеудеге қарай 90о бұрышқа сол қолды көлденең жазу, келесі қолмен осы бағытқа қарай қимыл жасау

26) Қону
Алға қарай төмен түсірілген қолдарды айқастыру

      Ескертпе: көрсетілген сигналдар таяқшалар жоқ кезде де орындалады.

4. Төтенше жағдайларда қолмен берілетін стандартты сигналдар

      Төменде келтірілген қолмен берілетін сигналдар төтенше жағдайлар кезінде инцидент болған авариялық-құтқару және өртке қарсы қызметтер және ӘК экипажы арасында өзара іс-қимылдар жасау үшін қажет.

      Төтенше жағдайлар кезінде ұшқыш экипажбен өзара өзара іс-қимыл үшін қолмен берілетін сигналдарды ӘК алдыңғы жағының сол жағынан авариялық-құтқару және өртке қарсы қызметі беруге тиіс.

      Ескертпе: Қолмен берілетін сигналдар төтенше жағдайларда ӘК экипажымен өзара тиімді іс-қимылдар үшін авариялық-құтқару және өртке қарсы қызметтің персоналы басқа орыннан берілуі мүмкін.

      1) "эвакуация" командасы

      Авариялық-құтқару және өртке қарсы қызмет және жедел топтың жетекшісі жасаған сыртқы ахуалды бағалау негізінде эвакуациялау ұсынылады.

      Шынтағы бүгілген қол алға қарай жазылған, қол саусақтары көз деңгейінде.

      Бүгілген қолмен артқа қарай қимыл жасалады, ал келесі қол кеуде бойына қарай тартылады.

      Түнгі уақытта: осы қимылдар таяқшалармен жасалады.

      2) "Тоқта" командасы

      Эвакуациялауды, ӘК қозғалысын немесе басқа да кез келген жүзеге асырылатын іс-шараларды тоқтатуды ұсынылады.

      Қол жоғары көтеріліп, бас алдында білекке дейін айқастырылған.

      Түнгі уақытта: осы қимылдар таяқшалармен жасалады.

      3)Төтенше жағдай оқшауландырылды

      Қауіпті жағдай сыртқы белгілерінің болмауы немесе "тоқтат".

      Қол екі жаққа қарай созылады және 45о бұрышқа дейін түсірілген. Қолдар бір уақытта белден төмен деңгейде шынтаққа дейін айқастырылады, ал содан кейін бастапқы қалпындағы жағдайға келтіреді (бейсбол арбитрінің сигналы "база қалпында"). Түнгі уақытта: осы қимылдар таяқшалармен жасалады.

      4) Өрт

      Оң қолмен иықтан тізеге дейін түрлі қимылдар жасайды және бір уақытта сол қолмен өрт орнын көрсетеді.

      Түнгі уақытта: осы қимылдар таяқшалармен жасалады.


Қазақстан Республикасы
мемлекеттік авиациясының
ұшуды жүргізу
қағидаларына
16-қосымша

Топпен басқару кезінде әуе кемесінің эволюцияларымен
берілетін сигналдар (командалар)

Р/с

Сигнал (команда) мәні

Сигнал


Назар аударыңыз

Қанаттан қанатқа жиі шайқалу


Топқа қолбасшылық жасауды орынбасарға беремін

50-100 м төмендей отырып, кейіннен шетке бұрылып саптан үдете шығу және ілесіп ұшушы ретінде саптан орын алу


Клиннен пеленгке ауысу

"Назар аударыңыз" белгісі, содан кейін ниеттенген пеленг жағына кренге түсу


Топ жиналсыннемесесап жинақталсын

Қанаттан қанатқа тереңдете тербету


Алшақтау

"Назар аударыңыздар" белгісі, содан көлденең тегістіктегі түтік


Қарсылас ......бағытта (бағыт қарсылас жаққа бұрылып көрсетіледі)

"Назар аударыңыз" белгісі және қарсыластың бағытына бұрылу (егер жағдай мүмкіндік берсе)


Бір мезгілде шабуылдаймыз

"Назар аударыңыз" белгісі және командир үлгісі


Саптан шығамын

Сап астынан үдете кету


Топты бір-бірден қонуға тарату

"Назар аударыңыз" белгісі содан кейін саптан ұшу шеңбері жағына бір мезгілде бұрылып шағын "шоқу" жасау


Қазақстан Республикасы
мемлекеттік авиациясының


ұшуды жүргізу қағидаларына
17-қосымша
Нысан

Әуеайлақта ұшу жетекшісінің журналы

Ұшу күні ________________________
Тәулік мерзімі ____________________
Ұшуға байланыс және радиотехникалық қамтамасыз ету құралдары, ұшу-қону жолағы, тұрақ орындары
_________________________________
Қосалқы ұшу-қону жолағы
_________________________________
Топырақ тығыздығы
_________________________________
Ауа райы ________________________
Ұшу нұсқасы ____________________
Ұшудың басталуы ________________

Қосалқы әуеайлақтар ____________ _______________ әзірлігін растады.
Іздестіру-құтқару күштері мен құралдарының әзірлігі __________________________________
Байланыс және радиотехникалық қамтамасыз ету құралдары аралап ұшып шықты
__________________________________
__________________________________
________________________ жұмыс істеп тұр
__________________________________________

Р/с№

Ұшу жетекшісінің
ескертулері

Себептері мен
кінәлілар

Командир нұсқаулары

Командир нұсқауларын орындау туралы баяндаулар мен кемшіліктерді жою. Қолы мен күні



1.







2.







3.







4.







5.







Қамтамасыз ету бөлімдерінің (бөлімшелерінің) жұмысын бағалау ________________
Ұшудың аяқталу ________________________
Ұшу жетекшісі __________________________
(әскери атағы, қолы)

______________________________
______________________________
______________________________
______________________________
______________________________
______________________________
Бөлім командирі
______________________________
(әскери атағы, қолы)

      Ескертпелер:

      1. Ұшу басталғанға дейін белгіленген бағанда мыналар жазылады: ұшу күні, тәулік мерзімі, радиотехникалық қамтамасыз ету және байланыс құралдарының әзірлігі, ұшу-қону жолақтарының, басқару жолдарының, тұрақ орындарының жай-күйі, қосалқы әуеайлақтар мен іздестіру-құтқару күштері мен құралдарының әзірлігі, ауа райы, байланыс құралдарын ұшып өту, ұшу нұсқасы мен басталуы.

      2. "Ұшу бастығының ескертулері" деген бағанда ұшу барысы туралы және алдын ала талдауларда ұшу қағидаларын бұзулар, ұшқыш құрамының қателері, авиациалық техниканың істен шығуы, ұшуды қамтамасыз етудегі кемшіліктердің бар болуы енгізіледі.

      3. "Себептері мен кінәлілер" деген баған анықталған бұзушылықтар мен істен шығуларды, шартты тексеруді жүзеге асырған лауазымды адамдар толтырады.

      4. "Командирдің нұсқаулары" деген бағанда бөлім командирі бағыныстағы командирлер мен бастықтарға кім қандай мерзімде нені орындауы қажет екенін көрсетеді.

      5. "Командирдің нұсқауларын орындау туралы баяндаулар" деген бағанда орындаушылар, командир анықтаған әрбір кемшілікті жою бойынша нақты не істелгенін көрсетеді.


Қазақстан Республикасы
мемлекеттік авиациясының
ұшуды жүргізу қағидаларына
18-қосымша

Іздестіру-құтқару жұмыстары кезінде қолданылатын сигналдар
1. Көрінетін сигналдар

      Сигналдар көлемі мүмкiндiгiнше ұзындығы кемінде 2,5 м болып белгіленеді және оларды барынша байқалатын дәрежеде жасау қажет.

      Көрінетін сигналдар ретiнде мата кесінділерінен, парашют материалынан, ағаш бөлшектерінен, тастардан, қаптардан, флюориттен (жүзбелі шпаттан), күлден және басқа да материалдардан (заттардан) жасалған белгiлер көрнектi жерге қойылады. Жоғарыда аталған сигналдарға назарды радио, жарық сигнал зымырандары, шағылысу жарығы, түтiн және тағы басқа көмегiмен аударту қажет.

      Жерден берiлетiн сигналдың түсiнгенін бiлдiретiн ӘК экипажы беретiн сигналдар:

      күндiз – ӘК-ны бiр қанаттан қанатқа шайқау;

      түнде – қону фараларын екi рет қосу немесе, егер ӘК олармен жабдықталмаса, онда аэронавигациялық жарықтарды екi рет сөндiру.

      Егер ӘК мұндай сигналдар бермесе, бұл ӘК экипажының жерден берiлген сигналды түсiнбегенiн бiлдiредi.

2. Суүсті кемелеріне
іздестіру әуе кемелерінің беретін сигналдары

      Іздестiру ӘК экипажы суүстіндегі кеменi апатқа ұшыраған әуе немесе теңiз (өзен) кемесiне бағыттай отырып, мынадай маневрлер жасайды:

      1) суүстi кемесiнiң үстiнде кемінде бір рет айналым жасайды;

      2) төмен биiктiкте бiр қанаттан екiншi қанатқа шайқала отырып, суүстi кемесiнiң курсын қиып өтедi;

      3) суүстi кемесi оның соңынан iлесіп жүзуі тиіс курсқа шығады.

      Егер iздестiру ӘК бұл маневрдi қайталайтын болса, олардың мәнi өзгермейдi.

      Iздестiру әуе кемесiнiң маневрi сигнал арналған суүстi кемесiне ендi көмек қажет емес екенiн бiлдiредi: бiр қанаттан екiншi қанатқа шайқала отырып, төмен биiктiкте суүстi кемесiнiң ұстаған желісін қиып өтiп, оның арт жақ бөлiгiне жақын ұшып өтсе.

3. Суүсті кемелерінің жауап сигналдары

      3-тармақта көрсетiлген сигналдарға жауап ретiнде сигналдар қабылданғанын растау үшiн суүстi кемесiнен мынадай сигналдар берiледі:

      кодтық вымпел (тiк ақ және қызыл жолақтар) аяғына дейiн жоғары көтеру;

      сигнал беру шамымен Морзе коды бойынша T әрпiн бiрнеше рет беру;

      курс және әуе кемесінің соңынан ілесіп жүзуді өзгерту.

      Берілген нұсқауларды мүмкін еместігі туралы:

      "N" халықаралық жалауын көтеру (шахмат тақтасы түріндегі көк және ақ квадраттар);

      сигнал беру шамымен Морзе коды бойынша N әрпiн бiрнеше рет беру.


Қазақстан Республикасы мемлекеттік
авиациясының ұшуды жүргізу қағидаларына
19-қосымша
Нысан

ҰҰА МАМАНЫНЫҢ КІТАПШАСЫ 1 бөлім ЖАЛПЫ ДЕРЕКТЕР

      1. Атқаратын лауазымы ___________________________________________________________
      2. Әскери атағы __________________________________________________________________
      3. Тегі ____________________________________________ Аты _________________________
      Әкесінің аты (ол болған жағдайда) __________________________________________________
      4. Туған күні, айы, жылы _________ Білімі: жалпы _______________ әскери ______________
      ________________________________________________________________________________
      (әскери оқу орнының атауы, бітіру уақыты)
      5. Мамандығы бойынша оқығаны туралы мәліметтер
      ________________________________________________________________________________
      6. ҚР ҚК БӘ және ӘҚ-да _______________
      20 ____ жылғы "___" _________________________ М.Ө.
      ________ әскери бөлімінің штаб бастығы _________________________________________________

СЫНЫПТЫҚ БІЛІКТІЛІГІ

Р/с

Күні

Сыныптық біліктілік берілгені (төмендетілгені) туралы мәліметтер

Қолы, мөр





2-бөлім ҰШУДЫ ЖЫЛДАР БОЙЫНША ЕСЕПКЕ АЛУ

Р/с

Жылы

ҰҰА түрі

Мамандығы

Тәулік уақыты

Ұшу саны

Ұшу

Жалпы

Оның ішінде радиокедергілер жағдайларында

сағат

мин

сағат

мин











3-бөлім ҰШУДЫ КҮН БОЙЫНША ЕСЕПКЕ АЛУ

Р/с

Күні

ҰҰА түрі

Тәулік уақыты

Мамандығы

ЖДК жатығуының нөмірі және тапсырманың қысқаша мазмұны

Ұшу саны

Ұшуы

Жауынгерлік қолдануының бағасы

Ұшуының бағасы

Жалпы

Оның ішінде радиокедергілер жағдайларында

сағ

мин

сағ

мин














4-бөлім ТРЕНАЖЕРДАҒЫ (МАКЕТТЕГІ) ҰШУДЫ ЕСЕПКЕ АЛУ

Р/с

Жылы

Айы

Тренажер түрі

Ұшу

сағат

мин







5-бөлім ТЕОРИЯЛЫҚ БІЛІМІН ТЕКСЕРУ НӘТИЖЕЛЕРІ

Р/с

Теориялық білімін тексеру нәтижелері



6-бөлім ҚОЛ ЖЕТКІЗІЛГЕН ДАЯРЛЫҚ ДЕҢГЕЙІ

Р/с

Күні

Рұқсатнама түрі

ҰҰА түрі

Тәулік уақыты

Лауазымы, әскери атағы, рұқсат берген адамның қолы







7-бөлім ҰШУ ДАЯРЛЫҒЫН ТЕКСЕРУ НӘТИЖЕЛЕРІ

Р/с

Ұшу даярлығын тексеру нәтижелері



       8-бөлім

      ҰҰА МАМАНЫНЫҢ КІНӘСІНАН БОЛҒАН АВИАЦИЯЛЫҚ
ИНЦИДЕНТТЕР МЕН ОҚИҒАЛАРДЫ ЕСЕПКЕ АЛУ

Р/с

Күні

ҰҰА түрі

Жіктелуі, мән-жайы (қысқаша) және себептері





       Ескертпелер:

      1. ҰҰА маманының кітапшасы атқаратын лауазымына қарамастан, ҰҰА-ны ұшуында басқару жөніндегі міндеттерді орындайтын ҰҰА мамандары жүргізеді.

      2. Жазбаларға тиісті лауазымды адамдар қолтаңбаларын қояды және елтаңбалы мөрмен бекітіледі.

      1, 2, 3, 4, 5, 8-бөлімдерге бөлімнің штаб бастығы, 6-бөлімге ҰҰА маманы ұшуға рұқсат берген адамдар, 7-бөлімге тексеруді жүргізген адамдар қолтаңбаларын қояды.

      3. ҰҰА маманының кітапшасын дұрыс толтыруды кемінде тоқсанына бір рет ҰҰА маманының тура немесе жоғары бастықтары бақылайды.

      4. ҰҰА-ның маманы басқа әскери бөлімге ауысқан кезде ұшу кітапшасы конверттеледі және оның қолына беріледі.

      5. ҰҰА маманының кітапшасы бөлімшенің штабында сақталады және қатаң есептегі құжат болып табылады. Ол тігілген және елтаңбалы мөрмен бекітілген болуға тиіс.

      6. ҰҰА маманы запасқа (отставкаға) шығарылған кезде кітапшасы жеке ісімен бірге қорғаныс істері жөніндегі департаментке беріледі.

      7. ҰҰА маманының кітапшасына оның бөлімдерімен көзделмеген деректерді жазуға жол берілмеійді.

      8. 8-бөлімге сыныптық біліктілік беру немесе себептерін көрсетумен сыныптық біліктілігін төмендету туралы бұйрықтан үзінді көшірмелер енгізіледі.

      9. 2-бөлімге деректер ҰҰА-ның әрбір түрі бойынша күндіз ұшқаны үшін жеке енгізіледі және қорытынды шығарылады, түнде ұшқаны үшін жеке енгізіледі және қорытынды шығарылады, одан кейін бір жыл үшін жалпы қорытынды шығарылады.

      "Мамандығы" деген бағанында ҰҰА маманының тек бірінші әріптері, нұсқаушының – Н әрпі ғана жазылады.

      Нұсқаушылық ұшу ҰҰА-ның әрбір түрі бойынша күндіз сонымен қатар түнде де жеке жазылады.

      Жаңа кітапша ресімделген кезде барлық жылдар үшін жалпы жылдық қорытындылар, ал оны ресімдеудің алдындағы жыл үшін ҰҰА-ның әрбір түрі бойынша күндізге жеке, түнде жеке қорытындылар және жалпы бір жыл үшін қорытындылар көшіріледі.

      10. 3-бөлімде ұшу ауысымы (күндіз, түнде) ішінде орындалған барлық жаттығулар (тапсырмалар) жүйелі түрде жазылады.

      Күндіз ұшуды жазған кезде "Тәулік уақыты" деген бағанда К әрпі, түнде ұшуды жазған кезде Т әрпіқойылады.

      Тапсырманың мазмұның жазу кезінде жалпы қабылданған қысқартуларға жол беріледі.

      Ай аяқталғаннан кейін барлық бағандар бойынша, ҰҰА-ның түрлері бойынша күндіз және түнде ұшқаны үшін жеке қорытындылар жазылады және бір айдың жалпы қорытындылары жасалады.

      11. 4-бөлім айына бір рет толтырылады және бір жылдық қорытындысы шығарылады.

      12. 5-бөлімде Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшуын жүргізу жөніндегі қағидалардың талаптарына сәйкес теориялық білімін тексеру нәтижелері жазылады.

      13. 6-бөлімде ҰҰА мамандарының ұшу даярлығының түрлері бойынша күндіз және түнде өзіндік, сондай-ақ басшылық құрамның нұсқаушы ретінде ұшуға рұқсаттары жазылады.

      14. Ұшу даярлығының нәтижелерін жазу кезінде (7-бөлім) келесі реттілікті сақтау қажет:

      ??сол жақтағы жоғарғы бұрышта жоғарыдан төмен қарай – күні, ҰҰА түрі, тексерушінің мамандығы және тәулік уақыты көрсетілсін;

      ??парақтың оң жағында жоғарыда ЖДК жаттығуының нөмірі және оның атауы көрсетілсін;

      ??тексеру нәтижелері ЖДК нормативтеріне сәйкес олардың әрқайсысына баға қоюмен ұшу элементтерінің орындалуына қарай жүйелі түрде жазылсын;

      ??мәтіннің соңында ұшуға жалпы баға қойылсын.

      15. 8-бөлім авиациялық оқиға аяқталғаннан кейін түпкілікті қорытындылар жасалғаннан кейін толтырылады.


Қазақстан Республикасы мемлекеттік
авиациясының ұшуды жүргізу қағидаларына
20-қосымша

ҰҰА-да ұшу жоспары

      (АҰЖ-ҚРҰҰА
      ЗЗЗЗ
      ЗЗЗЗ0500
      К0070С0300 ДЦТ
      ЗЗЗЗ0700
      СТС/04
      МАРСАДЕП/493420С0724740ВДЕСТ/493420С0724740ВДОФ/150624РЕГ/000000ТЫП/БУССЕЛ 10ОПР/ВЧ19033ОРГН/87014577336РМК/ҰҰА ҰШАҚТЫҚ ТҮРДЕГІҰҰА/БКУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАБЫЛДАҒЫШЫ АВТОПИЛОТКІРІКТІРІЛГЕН НАВИГАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕ/ҰШУ АҚПАРАТЫН ЖИНАҚТАУШЫ/ПН БЕЙНЕКАМЕРАСЫ ЖӘНЕ АЭРОФОТОКАМЕРАСЫ/30 КМ ҚАШЫҚТЫҚТА 105-165 ДЕЙІНГІ АЗИМУТТА ҰШУ/0-ДЕН 3000 М ДЕЙІН АУЫСПАЛЫ ҰШУ БЕЙІНІ/ЖҰМЫС УАҚЫТЫ 6 САҒАТ/ҰЖ МАЙОР ПӘРІМБЕКОВ 87014577336)
 
            Хабарлама оқылымы:
      (ФПЛ (3-жол, ұшу жоспары);
      ҚРҰҰА (7-жол, ұшқышсыз ұшу аппаратын белгісі, Қазақстан Республикасына тиесілігі);
      ЗЗЗЗ (егер әуе кемесі түрінің шартты белгісі жоқ болса, әуе кемесінің түрі);
      ЗЗЗЗ (9-жол, ҰҰА түрі, 18-жолда ТЫП дескрипторынан кейін көрсетіледі);
      ЗЗЗЗ0500 (13-жол, ұшу пункті, егер бекітілген төрт әріпті ИКАО индексі болмаса, 18-жолда ДЕП дескрипторынан кейін және Гринвич бойынша 05.00 (Астана уақыты бойынша 11.00) ұшып көтерілу уақыты көрсетіледі);
      К0070С0300 ДЦТ (15-жол, К0070 – ұшудың крейсерлік жылдамдығы 70 км/ч, С0300 – ұшу биіктігі 3000 м, ДЦТ – ұшу белгіленген бағыттан тыс немесе трассадан тыс жүргізіледі, МВ, 18-жолда РМК дескрипторынан кейін көрсетіледі);
      ЗЗЗЗ0700 (16-жол, қону орны, 18-жолда ДЕСТ дескрипторынан кейін көрсетіледі және ұшудың жалпы уақыты 7 сағат);
      СТС/04 МАРСА (18-жол, ұшу мақсаты – жолдағы ҰЖ-ның басшылығымен жүргізілетін жаттықтыру ұшуы), ДЕП/493420С0724740В (ҰҰА ұшып көтерілу орны, географиялық координаталармен көрсетілген), ДЕСТ/493420С0724740В (қону орыны, географиялық координаталармен көрсетілген), ДОФ/150624 (орындалған уақыты 2015 жылғы 24 маусым), РЕГ/000000 (ҰҰА тіркеу нөмірі), ТЫП/БУССЕЛ 10 (ҰҰА түрі), ОПР/ВЧ19033 (19033 ә/б тиесілігі),ОРГН/87014577336 (ұшу жоспарын орындаушының телефон нөмірі), 87014577336РМК/ҰҰА ҰШАҚТЫҚ ТҮРДЕГІҰҰА/БКУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАБЫЛДАҒЫШЫ АВТОПИЛОТКІРІКТІРІЛГЕН НАВИГАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕ/ҰШУ АҚПАРАТЫН ЖИНАҚТАУШЫ/ПН БЕЙНЕКАМЕРАСЫ ЖӘНЕ АЭРОФОТОКАМЕРАСЫ/30 КМ ҚАШЫҚТЫҚТА 105-165 ДЕЙІНГІ АЗИМУТТА ҰШУ/0-ДЕН 3000 М ДЕЙІН АУЫСПАЛЫ ҰШУ БЕЙІНІ/ЖҰМЫС УАҚЫТЫ 6 САҒАТ/ҰЖ МАЙОР ПӘРІМБЕКОВ 87014577336)
      (ӘКП-ға қатысты ақпарат; ұшақтық түрдегі ҰҰА, БКУ борттық басқару кешенің білдіреді және оған мыналар кіреді: кіріктірілген навинациялық жүйе, спутниктік навигациялық жүйе қабылдағышы, автопилот және ұшу ақпаратын жинағыш, ПН пайдалы жүктемені білдіреді; бейнекамера және аэрофотокамера, ұшу орнынан 30 км қашықтықта 105-165 дейін азимутта ұшу орындалғаны, 0-ден 3000 м дейін ауыспалы схемада, жұмыс уақыты 6 сағат, ұшу жетекшісінің тегі майор Пәрімбеков және оның байланыс телефоны).