Теңіз көлігі, теңіз оқу-тренажер орталықтары мамандарын даярлауды (қайта даярлауды) және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын куәландыру жөніндегі уәкілетті ұйымды айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 861 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 11 қаңтарда № 16209 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 3-тармағы 55-8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ресей теңіз кеме қатынасы тіркелімі" федералды автономиялық мекемесі теңiз көлiгi, теңіз оқу-тренажер орталықтары мамандарын даярлауды (қайта даярлауды) және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын бiлiм беру ұйымдарын куәландыру жөнiндегi уәкiлеттi ұйым болып айқындалсын.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түріндегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы
А. Айдарбаев

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Білім және ғылым министрі

      ______________ Е. Сағадиев

      2017 жылғы 26 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ___________ Т. Сүлейменов

      2017 жылғы 22 желтоқсан