2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджеттік кодексінің 69-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарын тұрмыстық техникамен, құрал-жабдықтармен және мүккәммал мүліктермен жабдықтаудың нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 23 маусымдағы № 52 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11813 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 тамызда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
осы бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік органдарын тұрмыстық техникамен, құрал-жабдықтармен және мүкәммал мүліктермен жабдықтаудың нормаларында:
"Материалдық-техникалық және шаруашылық қамтамасыз ету бөлімшесі" деген 6-бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 52, 53, жолдармен толықтырылсын:
"
52 | Темір тырма | бөлімшеге | дана | 10 | 5 | |
53 | Темір айыр | бөлімшеге | дана | 10 | 5 |
";
"Ғимараттар және құрылыстар" деген 19-бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 46, 47, жолдармен толықтырылсын:
"
30 | Жылыту су ысыту қазандығы (қатты-отынды, сұйық-отынды, газды-мазутты және электрлі) | орталық жылыту жүйесіне қосылмаған шекара заставасы әскери қалашығының ғимараттары мен құрылыстарының әрбір кешеніне (шекаралық бақылау бекетіне, бөлімшелеріне) | дана | 2 | 10 | |
орталық жылыту жүйесіне қосылмаған шекара комендатурасы әскери қалашығының ғимараттары мен құрылыстарының әрбір кешеніне (шекаралық бақылау бөліміне) | дана | 3 | 10 | |||
орталық жылыту жүйесіне қосылмаған әскери бөлімнің әскери қалашығының ғимараттары мен құрылыстарының әрбір кешеніне | дана | 6 | 10 | |||
31 | Мазутты жылыту үшін буқұрушы қазандық | мазут сақтау орнының әрбір кешеніне | дана | 3 | 10 | |
32 | Су тазалау (қондырғы) кешені | орталық сумен қамтамасыз ету жүйесіне қосылмаған ғимараттары мен құрылыстарының әрбір кешеніне | топтама | 1 | 10 | Су сынамаларын зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша |
33 | Тұшытқыш қондырғы | орталық сумен қамтамасыз ету жүйесіне қосылмаған және белгіленген нормадан жоғары тұздың концентрациялық деңгейі бар ғимараттары мен құрылыстарының әрбір кешеніне | топтама | 1 | 10 | Су сынамаларын зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша |
34 | Ағынды суды тазалау кешені | орталық су бұру жүйесіне қосылмаған ғимараттары мен құрылыстарының әрбір кешеніне | топтама | 1 | 10 | |
35 | Трансформаторлық қосалқы станция | өндірістік электр энергиясымен қамтамасыз ету жүйесіне қосылған ғимараттары мен құрылыстарының әрбір кешеніне | топтама | 1 | 10 | |
36 | Электр қуатын есептеу құралы | орталық электрмен жабдықтау жүйесіне қосылған ғимараттары мен құрылыстарының әрбір кешеніне | топтама | 1 | 7 | |
37 | Ыстық суды есептеу құралы | орталық ыстық сумен жабдықтау жүйесіне қосылған ғимараттары мен құрылыстарының әрбір кешеніне | топтама | 1 | 5 | |
38 | Суық су есептеу құралы | орталық салқын сумен жабдықтау жүйесіне қосылған ғимараттары мен құрылыстарының әрбір кешеніне | топтама | 1 | 8 | |
39 | Газды есептеу құралы | орталық газбен жабдықтау жүйесіне қосылған ғимараттары мен құрылыстарының әрбір кешеніне | топтама | 1 | 15 | |
40 | Жылу есептеу құралы | орталық жылумен жабдықтау жүйесіне қосылған ғимараттары мен құрылыстарының әрбір кешеніне | топтама | 1 | 5 | |
41 | Сұйық отын үшін қайта құю (қондырғы) кешені (мазутты насос станциясы) | сұйық отынды әрбір қазанға | топтама | 1 | 10 | |
42 | Қаспаққа қарсы ультродыбыстық (химиялық) қондырғы | әрбір қазанға | дана | 1 | 8 | |
43 | Түтін тартқыш | әрбір қазанға | дана | 1 | 7 | |
44 | Хлормен ауыз суды зарарсыздандыруға арналған қондырғы | әрбір насостық станцияға | топтама | 1 | 7 | |
45 | Ультрофиолетті сәулемен ауыз суды зарарсыздандыру арналған қондырғы | әрбір насостық станцияға | топтама | 3 | 8 | |
46 | Бетонды араластырғыш | әскери бөлімге | дана | 1 | 10 | |
47 | Поливинилхлорид құбырының әртүрлі саптамасына арналған электрлі дәнекерлеуіш | әскери бөлімге (комендатураға) | дана | 1 | 7 |
";
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі белгіленген заңнамалық тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
2. Осы бұйрықтың 2 тармағының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары - Шекара қызметінің директоры Д. А. Ділмановқа жүктелсін.
3. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің лауазымды тұлғалары оларға қатысты бөлігімен таныстырылсын.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы |
К. Мәсімов |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
______________ Б. Сұлтанов
2017 жылғы 22 желтоқсан