"Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 332 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 879 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылғы 4 қаңтарда № 16172 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 267 бұйрығымен.

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ішкі істер министрінің 30.03.2020 № 267 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі № 332 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11174 болып тіркелген, "Әділет" Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 11 маусымда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартында:

      13-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) мемлекеттік корпорацияның – www.gov4с.kz интернет-ресурсында;";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасының азаматтарына уақытша жеке куәлік беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартында:

      12-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Мемлекеттік корпорацияның – www.gov4с.kz интернет-ресурсында орналастырылған.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – көрсетілетін қызметті берушінің "Халықты құжаттандыру және тіркеу" Тіркеу пункті" ақпараттық жүйесіне тұрғылықты тұратын жерiнің мекенжайы туралы, ал уақытша тіркелген кезде – уақытша болатын (тұратын) мекенжайы туралы мәліметтерді енгізуі, электрондық тасымалдағышы бар жеке куәлікке көрсетілетін қызметті алушының Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны электрондық түрде заңды мекенжайын қайта жазу.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электронды түрде.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Жұмыс кестесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің – дүйсенбіден бастап жұмаға дейін түскі асқа үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, сенбіде – сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін, демалыс – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерi.

      Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру - дүйсенбіден бастап жұмаға дейін түскі асқа үзіліссіз сағат 9.00-ден 18-00-ге дейін, сенбі – сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін, демалыс – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерi.

      2) Мемлекеттік корпорацияның – дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі асқа үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін, демалыс – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерi.

      Құжаттарды қабылдау жеделдетіп қызмет көрсетусіз "электрондық кезек" тәртібімен көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты тіркелген немесе уақытша келген (тұрған) орны бойынша жүзеге асырылады, "электрондық кезекті" портал арқылы брондауға болады;

      3) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушылар жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерi жүгінген кезде, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетілетін қызметті алушы жеке өзi (сот әрекетке қабілетсіз деп таныған балалар мен азаматтар, өкілдік етуге құзыреттілігін растайтын құжаттар ұсына отырып, олардың заңды өкілдері үшін (ата-аналары, қорғаншылары, қамқоршылары) не өкілеттікте көзделген іс-әрекеттерді жүзеге асыруға арналған нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша сенім білдірген адам жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті берушіге:

      1) жеке тұлғаны сәйкестендіру үшін тұрғын үй иесiнiң (үй иесінің өзінің қатысуы міндетті) жеке басын куәландыратын құжаты және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұрақты не уақытша тiркеуге оның келiсiмi;

      жұмыс орны бойынша тіркеу үшін ұйымның (мекеменің) әкімшілігі ұсынған өтінішхат (қызметтік ғимараттар мен үй-жайларда тіркеу кезінде);

      2) жеке басты сәйкестендіру үшін – жеке басты куәландыратын құжат (16 жасқа дейiнгi балалар – туу туралы куәлiк және Қазақстан Республикасы азаматының паспорты (болған кезде).

      Республикадан тыс жерлерден Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген Қазақстан Республикасының азаматтары – бұрынғы тұрған елден консулдық есептен шыққаны туралы белгісі бар паспорт, консулдық есептен шығу туралы белгі болмаған жағдайда:

      азаматтылыққа тиесілігін міндетті түрде көрсете отырып, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесі (немесе Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті) берген бұрын тұрған елден есептен шыққаны туралы анықтама;

      шет мемлекеттің құзыретті органдары тиісті түрде берген және куәландырған бұрынғы тұрғылықты жерінен тіркеу есебінен шыққаны туралы құжат;

      бұрынғы тұрған елдің құзырлы органы берген азаматтығын алмағаны және тіркелмегені туралы анықтама.

      3) тұрақты не уақытша тіркелгені үшін мемлекеттiк баждың төленгенi туралы түбiртек (мемлекеттiк баж төлеуден босатылған адамдар "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің 546-бабына сәйкес растайтын құжаттарын ұсынады);

      4) белгiленген тәртiппен меншiгiне тұрғын үйдi сатып алғанын растайтын не оны пайдалануға, оның ішінде жалға алу (жалдау), қосымша жалдау шарты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негiздер бойынша тұрғын үйге тұруға құқық беретiн, банк мекемесінің мөрімен куәландырылған жылжымайтын мүліктің кепіл шарты, сыйға тарту шарты, жекешелендіру шарты, сатып алу-сату шарты бойынша алғаны туралы куәландыратын құжат.

      Белгiленген тәртiппен меншiгiне тұрғын үйдi оның сатып алғанын растайтын не оны пайдалануға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негiздер бойынша тұрғын үйге тұруға құқық беретiн, тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған құжаттар туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші уәкілетті лауазымды адамдардың электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында алады.

      порталға:

      көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен және тіркеуге келісім берген тұрғын үй иесінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық сұрау салу.

      Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша тіркелуі туралы хабарлама түрінде көрсетілетін қызметті алушыға электрондық тасымалдағыштағы жеке куәлігіне заңды мекенжайын қайта жазу үшін Мемлекеттік корпорацияға келу қажеттігі көрсетіле отырып, "жеке кабинетіне" жолданады.

      Жаңа тұрғылықты жеріне тіркелген кезде, Қазақстан Республикасының азаматтарын бұрынғы тұрғылықты жерінен тіркеуден шығару автоматты түрде жүзеге асырылады.

      Тұрғылықты жері бойынша анықталмаған адамдарға "Халықты құжаттандыру және тіркеу" Тіркеу пункті" ақпараттық жүйесінде және "Жеке тұлғалар" мемлекеттік деректер базасында мәртебе беріледі.";

      10-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша "Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не 010000, Астана қаласы Тәуелсіздік даңғылы, 1 мекенжайы бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.";

      13-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Мемлекеттік корпорацияның – www.gov4с.kz интернет-ресурсында;";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жері бойынша тіркеуден шығару" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. көрсетілетін қызметті алушыға мекенжайдан кету парағын беру мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі болып табылады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.";

      9-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын;

      9-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік қызмет республиканың шегінен тыс жерге тұрақты тұруға келген, сот тұрғын үйді пайдалану құқығынан айырылған деп танығандар, тұрғын үй иесінің өтініші бойынша көрсетілетін қызметті алушылар үшін көрсетіледі.";

      10-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не 010000, Астана қаласы Тәуелсіздік даңғылы, 1 мекенжайы бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.";

      13-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Мемлекеттік корпорацияның – www.gov4с.kz интернет-ресурсында;";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Тұрғылықты жерiнен мекенжай анықтамаларын беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартында:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көрсетілген қызметті алушылар жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

      1) мемлекеттік корпорацияға:

      көрсетілетін қызметті алушылар (жеке тұлғалар):

      көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш (жақын туысқандарына мекенжай анықтамасын алу үшін);

      неке туралы куәлік не туу туралы куәлік (мекенжай анықтамасын жақын туысқандарына алу кезінде туысқандық байланыстарды растау үшін);

      жақын туысқандарын қоспағанда, жеке тұлғаның осы адамға қатысты мекенжай анықтамасын көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін нотариалды куәландырылған келісімі;

      көрсетілетін қызметті алушылар (заңды тұлғалар):

      осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігін куәландыратын сенімхат;

      жеке сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға олардың нотариалды куәландырған жазбаша келісімін қоса отырып, мекенжай анықтамасы сұратылатын жеке тұлғалардың тізімі;

      2) порталға:

      көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған немесе көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы берген абоненттік нөмірі порталдың есептік жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда бір реттік парольмен куәландырылған электрондық сұрау салу;

      "электрондық үкімет" веб-порталындағы пайдаланушы кабинетінен ұсынылған субъектінің келісімі болған жағдайда, сондай-ақ субъектінің "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік парольді беру немесе "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жолдау арқылы үшінші тұлғалардың электрондық сұрау салуы.

      Көрсетілетін қызметті алушының "жеке қабинетіне" мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетіле отырып, сұрау салуды қабылдау туралы хабарлама-есеп жолданады.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс емес екені анықталған, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның қызметкері өтініш қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.";

      11-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша Министрліктің, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не 010000, Астана қаласы Тәуелсіздік даңғылы, 1 мекенжайы бойынша Министрлік басшысының атына беріледі.";

      14-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) мемлекеттік корпорацияның – www.gov4с.kz интернет-ресурсында";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Көрсетілетін қызметті алушының және үшінші тұлғалардың ЭЦҚ және субъектінің "электрондық үкімет" веб-порталындағы пайдаланушы кабинетінен берілген келісімі болған кезде портал арқылы бір реттік парольді беру немесе "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жолдау арқылы субъектінің "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы электрондық түрде мемлекеттік қызмет алуға мүмкіндігі бар.".

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетіне (М.Т. Қабденов) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
полиция генерал-полковнигі
Қ. Қасымов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар

      министрі

      ______________ Д. Абаев

      2017 жылғы 28 желтоқсан

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ____________ Т. Сүлейменов

      2017 жылғы "__" ________