Меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға дербес қабылдау қағидаларын, сондай-ақ қабылдау актісінің нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 867 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 29 желтоқсанда № 16165 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 74-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға дербес қабылдау қағидалары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға дербес қабылдау актісінің нысаны бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
Ж. Қасымбек

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрінің
2017 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 867 бұйрығына
1-қосымша

Меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға дербес қабылдау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға дербес қабылдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленген және меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға дербес қабылдау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидалардың қолданысы Заңның 74-бабының 1-тармағында көрсетілген объектілерге қатысты болады.

2-тарау. Меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға дербес қабылдау тәртібі

      3. Меншік иесі салынған объектіні пайдалануға дербес қабылдаған кезде мыналардың болуы талап етіледі:

      1) сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар берген сәулет-жоспарлау тапсырмасы (тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей және жер учаскесін қосымша бөлуді (кесіп беруді) көздемейтін қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауды (қайта жоспарлауды, қайта жабдықтауды) қоспағанда);

      2) техникалық шарттар (инженерлік және/немесе коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне объектілерді қосу, қосымша қосу және/немесе жүктемені арттыру қажет болған жағдайда);

      3) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттама не нобай (нобайлық жоба);

      4) тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) кезінде сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың тиісті шешімі.

      4. Құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталған кезде меншік иесі мердігерден объектінің дайындығы туралы жазбаша хабарлама алғаннан кейін (егер объект мердігерлік тәсілмен салынса) салынған объектіні пайдалануға қабылдау рәсіміне кіріседі.

      5. Салынған объектіні пайдалануға қабылдаған кезде меншік иесі:

      1) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға дербес қабылдау актісін (бұдан әрі – акт) ресімдей отырып объектіні пайдалануға қабылдайды;

      2) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманың не нобай (нобайлық жобаның), объектілерді жобалау үшін берілген бастапқы материалдардың (құжаттардың) және қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарының сақталуын тексереді;

      3) егер объект мердігерлік тәсілмен салынған жағдайда орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарының, қолданылған құрылыс материалдарының (бұйымдардың, конструкциялардың) және жабдықтардың жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға не нобай (нобайлық жобаға), сондай-ақ мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтерге сәйкестігін тексереді.

      6. Актiге қол қойылған күн меншік иесі қабылдаған объектiнiң пайдалануға енгізілген күнi деп есептеледi.

      7. Акт салынған объектіні меншік құқығын тіркеген кезде айрықша бастапқы құжат болып табылады.

      8. Акт сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдарда міндетті есепке алуға жатады.

  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрінің
2017 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 867 бұйрығына
2-қосымша
нысан

Меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға дербес қабылдау актісі

      ________________________ 20__ жылғы "____" ____________ (елді мекеннің атауы)
      Құрылыстың меншік иесі _________________________________________________________
      _______________________________________________________________________________,
      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тұрақты мекенжайы) және мердігер
      (егер объект мердігерлік тәсілмен салынса)
      ____________ ___________________________________________________________________,
      (құрылысты жүзеге асырған ұйымның атауы, адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты
      (болған жағдайда), ұйымның мекенжайы, телефоны, лицензия №, алған күні)
      АНЫҚТАДЫ:
      1. __________________________________________________________________________
      (объектінің атауы, орналасқан жері немесе мекенжайы)
      ________________________________________________________________________________
      ________________________________________________________________________________
      объектіні салуды/тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен
      жабдықтарды өзгертпей қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін)
      реконструкциялауды (қайта жоспарлауды, қайта жабдықтауды) меншік иесі өзі
      ________________________________________________________________________________
      _______________________________________________________________________________,
      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)) және/немесе ол тартқан мердігерлік ұйым
      ___________________ ____________________________________________________________,
      (объектіні салуды/үй-жайды реконструкциялауды (қайта жоспарлауды, қайта жабдықтауды)
      жүзеге асырған ұйым атауы, адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
      2. ______________________________________________________________________________
      (жұмыстар түрлері)
      _____________________________________________________________________________
      _____________________________________________________________________ орындалған.
      3. Объектіні салу/тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен
      жабдықтарды өзгертпей қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін)
      реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау):
      ________________________________________________________________________________
      (шешім шығарған органның атауы, шешім № және күні)
      _____________________________________________________________ негізінде жүргізілген.
      4. Құрылыс _____________________________________________________________________
      _______________________________________________________________________________
      (жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы/нобай (нобайлық жобаны) әзірлеген ұйымның
      атауы, адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
      ____________________________________________________________________________,
      (жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы/нобай (нобайлық жобаны) қараған және келісім
      берген ұйымның атауы)
      келісілген жобалау (жобалау-сметалық) құжаттама/нобай (нобайлық жоба) бойынша жүзеге асырылды.
      5. Құрылыс-монтаждау жұмыстары мына мерзімде жүзеге асырылды:
      жұмыстың басталуы _____________________________________________________________
      (айы және жылы)
      жұмыстың аяқталуы _____________________________________________________________,
      (айы және жылы)
      6. Пайдалануға қабылданатын объектінің осы актінің қосымшасына сәйкес техникалық
      сипаттамалары бар.
      7. Жарылыс қауіпсіздігін, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоршаған табиғи ортаны қорғау
      жөніндегі іс-шаралар ____________ ________________________________________________
      (орындалғаны туралы мәліметтер)
      8. Құрылысы аяқталған объектінің/реконструкцияланған (қайта жоспарланған, қайта
      жабдықталған) қолданыстағы ғимараттың үй-жайларының мемлекеттік (мемлекетаралық)
      нормативтік талаптарға, сәулет-жоспарлау тапсырмасына, келісілген жобалау (жобалау-
      сметалық) құжаттамасына/нобай (нобайлық жобаға) сәйкестігін растау негізінде жеке
      меншік иесі: _____________________________________________________________________
      (объектінің атауы)
      _____________________________________________________________________________
      пайдалануға ҚАБЫЛДАУДЫ шешті.
      9. Салынған объектінің нормативтік талаптарға, сәулет-жоспарлау тапсырмасына, жобалау
      (жобалау-сметалық) құжаттамасына/ нобай (нобайлық жобаға) сәйкестігін растаймын.
      Объектінің меншік иесі ______________________________________________________
      _____________________________________________________________________________
      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тұрақты мекенжайы, қолы, мерзімі)
      және мердігер (егер объект мердігерлік тәсілмен салынса) ___________________________
      ____________________________________________________________________________
      (ұйымның атауы, адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы,
      мерзімі, мөр (болған жағдайда)

  Меншік иесінің салынған
объектіні пайдалануға дербес
қабылдау актісіне
қосымша
нысан

Техникалық сипаттамалар

Объектінің атауы


Жалпы мәлімет

Құрастырмалы элементтер сипаттамасы

жылыту түрі

қабат саны (қабат)

құрылыс ауданы (м²)

ғимараттың көлемі (м³)

пәтерлер саны

бөлмелер саны

жалпы ауданы (м²)

тұрғын ауданы (м²)

іргетасы

қабырғасы

шатыр жабыны

1

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

























      Кестенің жалғасы

Абаттандыру

электрмен жабдықтау

сумен жабдықтау

ыстық сумен жабдықтау

кәріз

газбен жабдықтау

14

15

16

17

18











      Объектінің меншік иесі ________________________________________________________________________________
      (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тұрақты мекенжайы, қолы, мерзімі)
      және мердігер (егер объект мердігерлік тәсілмен салынса)
      ________________________________________________________________________________
      (ұйымның атауы, адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), қолы,
      мерзімі, мөр (болған жағдайда