"Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегі органдарымен жеке тұлғаларға ақпараттық-анықтамалық бойынша қызметін көрсету нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2017 жылғы 24 наурыздағы № 31 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2017 жылғы 7 желтоқсандағы № 154 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 28 желтоқсанда № 16148 болып тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегі органдарымен жеке тұлғаларға ақпараттық-анықтамалық бойынша қызметін көрсету нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2017 жылғы 24 наурыздағы № 31 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2017 жылғы 4 сәуірде № 14978 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 7 сәуірде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      аталған бұйрықтың кіріспе сөзбасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 22 желтоқсанындағы "Мемлекеттік құқықтық статитистика және арнайы есепке алу туралы" Заңының 7-бабы 2-тармағының 5-тармақшасын, 12-бабы 1-тармағы 3-тармақшасын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 30 маусымдағы "Прокуратура туралы" Заңы 37-бабының 6)-тармақшасын басшылыққа ала отырып БҰЙЫРАМЫН:";

      Аталған бұйрықпен бекітілген Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегі органдарымен жеке тұлғаларға ақпараттық-анықтамалық бойынша қызметін көрсету нұсқаулығында (бұдан әрі – Нұсқаулық):

      11-тармағы мынадай редақцияда жазылсын:

      "11. Анықтама Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Заңына сәйкес рәсімделген электрондық құжат нысанында беріледі, осы Қағиданың 1 және 2 қосымшаларына сәйкес, сондай-ақ қағаз жүзінде осы Қағиданың 3 қосымшасына сәйкес.

      Бұрынғы сауалнамалық деректері бойынша қағаз жүзінде өтінішпен жүгінген жеке тұлғалар, олардың өзгергендігі туралы растайтын құжаттарды ұсынады.";

      12-тармақты алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетi (бұдан әрі – Комитет):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін баспа және электронды түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналасуын;

      4) осы бұйрықтың мүдделі құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне, сондай-ақ Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жолдануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
Ж. Асанов