"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 наурыздағы № 254 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11030 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 8 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса берiлiп отырған "Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекiтiлсiн.";
осы бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасының шегінен тыс тұрақты тұрғылықты жерге кетуге арналған құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. "Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет)";
1, 2 және 3-қосымшалардың жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
4-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
5-қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 5-қосымша". |
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті:
1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электронды түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға жолдауды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары Е.З. Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетіне (М.Т. Қабденов) жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі |
Қ. Қасымов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
министрі
___________________Д. Абаев
2017 жылғы "____"_________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
____________Т. Сүлейменов
2017 жылғы "___"__________
Көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қабылдау туралы қолхат
Осы қолхат ________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілсін)
берілді және "Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған
құжаттарды ресімдеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен бекітілген тізбеге
сәйкес Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұру үшін шығуға арналған
құжаттарды ресімдеу үшін құжаттарды қабылдағанын растайды.
Осы қолхат әр тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.
Орындаған: _______________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Телефоны __________________
Алдым: ___________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)/ көрсетілетін қызметті алушының қолы)
20 ___ жылғы "_____"__________