Жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламаларын қарауға жіберу, оларды қарау және іріктеу, жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдерді жасасу, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттарды тиісінше жасасуды және осы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу көлемдері мен мерзімдерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 қарашадағы № 416 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 14 желтоқсанда № 16098 болып тіркелді.

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2018 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 70-21) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1.  Қоса беріліп отырған Жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламаларын қарауға жіберу, оларды қарау және іріктеу, жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдерді жасасу, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттарды тиісінше жасасуды және осы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу көлемдері мен мерзімдерін белгілеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі оның көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу және ресми жариялау үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
Қ. Бозымбаев

  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2017 жылғы 28 қарашадағы
№ 416 бұйрығымен
бекітілген

Жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың
инвестициялық бағдарламаларын қарауға жіберу, оларды қарау және іріктеу,
жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған
инвестициялық келісімдерді жасасу, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша
көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттарды тиісінше жасасуды және осы
шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке
жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті
сатып алу көлемдері мен мерзімдерін белгілеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламаларын қарауға жіберу, оларды қарау және іріктеу, жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдерді жасасу, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттарды тиісінше жасасуды және осы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу көлемдері мен мерзімдерін белгілеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 70-21) тармақшасына сәйкес әзірленген және жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламаларын қарауға жіберу, оларды қарау және іріктеу, жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдерді жасасу, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттарды тиісінше жасасуды және осы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу көлемдері мен мерзімдерін белгілеу тәртібін айқындайды.

      Заңның 15-4-бабының 1-тармағына сәйкес жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдер жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдардың жұмыс істеп тұрған (бұрыннан бар) электр станцияларының негізгі генерациялайтын жабдығына қатысты ғана жасалады.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылды:

      1) жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламасы – жаңғырту, кеңейту, реконструкциялау және (немесе) жаңарту бағдарламасы, оның іс-шаралары жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымның жұмыс істеп тұрған (бұрыннан бар) бір электр станциясының негізгі генерациялайтын қондырғысын қамтиды;

      2) жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісім - уәкілетті орган жұмыс істеп тұрған (бұрыннан бар) электр станцияларын жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйыммен жасасатын және жұмыс істеп тұрған электр станцияларын жаңғыртуға, реконструкциялауға, кеңейтуге және (немесе) жаңартуға арналған бір немесе бірнеше инвестициялық бағдарламаларды қамтитын келісім;

      3) жыл сайынғы қажетті қайтарылым деңгейі - электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тариф мәнінің және осы инвестициялық бағдарламаның электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемі мәнінің, сондай-ақ айлармен көрсетілген жыл ұзақтығы мәнінің көбейтіндісімен айқындалатын жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық бағдарламаның іс-шараларын іске асыруға инвестициялық салымдарды қайтару үшін қажетті энергия өндіруші ұйымның жыл сайынғы жылдық табысы;

      4) негізгі генерациялайтын қондырғы - қазандық қондырғы, турбиналық қондырғы және электр генераторы;

      5) рұқсат етілген көлем - алдыңғы кезеңдерде (жылдарда) жасасқан жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға қолданыстағы инвестициялық келісімдерді жаңғырту, кеңейту, реконструкциялау және (немесе) жаңарту инвестициялық бағдарламалар бойынша қажетті жыл сайынғы қайтару деңгейі сомасының және 2015 жылғы инвестиция көлемінің 10 (он) пайызының инвестициялар көлемінен айырмасы;

      6) уәкілетті орган - электр энергетикасы саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      7) балдардың сәйкес келуі - осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес уәкілетті орган жүзеге асыратын балдарды ұсыну нəтижелері бойынша бір мезгілде екі немесе одан да көп инвестициялық бағдарламалардың жинайтын балдары санының мәні;

      8) 2015 жылғы инвестициялардың көлемі - 2015 жылы энергия өндіруші ұйымдардың уәкілетті органмен келісімдер шеңберінде салған (амортизациялық аударымдар есебінен жасалған инвестицияларды қоспағанда) инвестицияларының сомалық көлемі.

      Осы Қағидаларда пайдаланылған өзге де ұғымдар мен анықтамалар Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес қолданылады.

2- тарау. Жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың
инвестициялық бағдарламаларын қарауға жіберу тәртібі

      3. Уәкілетті органмен жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісім жасасуға (бұдан әрі– Келісім) ниеттенген, жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар бірінші ақпанға дейін жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық бағдарламаларды (бұдан әрі – инвестициялық бағдарламалар) инвестициялық бағдарламалардың негізгі параметрлері туралы ақпаратпен бірге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз және электрондық жеткізгіштерде Нарық кеңесінің қарауына жібереді. Сондай-ақ инвестициялық бағдарламалармен бірге Нарық кеңесінің қарауына осы инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу барысында жүргізілген тәуелсіз техникалық және қаржылық аудиттердің қорытындылары енгізіледі.

      4. Нарық кеңесі осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес енгізілген және осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген тиісті қарауға жіберу өлшемшарттарына сәйкес келетін әр инвестициялық бағдарлама бойынша жеке оның іске асырылуының орындылығы немесе орынсыздығы туралы ұсыным дайындайды.

      5. Нарық кеңесінің іске асырылуы орындылығы туралы ұстанымын (бұдан әрі – Ұстаным) алған инвестициялық бағдарламалар уәкілетті органға қарауға жіберіледі.

      Уәкілетті органның қарауына жіберілген инвестициялық бағдарламаларды, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша олардың негізгі параметрлері туралы ақпаратты және оларға сәйкес келетін Ұстанымдарды Нарық кеңесі аталған инвестициялық бағдарламалар Нарық кеңесіне енгізілген жылдың 1 сәуіріне дейінгі мерзімде Уәкілетті органға енгізеді.

      6. Уәкілетті органға қарауға жіберілген және жіберілмеген инвестициялық бағдарламалардың тізімін Нарық кеңесі олар Нарық кеңесіне енгізілген жылдың 3 сәуіріне дейінгі мерзімде өзінің интернет-ресурсында жариялайды.

3- тарау. Инвестициялық бағдарламаларды қарау және іріктеу тәртібі

      7. Уәкілетті орган қарауға жіберілген инвестициялық бағдарламаларды қарау барысында бір мезгілде мына іріктеу өлшемшарттарды басшылыққа алады:

      1) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тариф (бұдан әрі – жеке тариф);

      2) электр станциясының типі.

      8. Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес уәкілетті орган қарастырылатын әрбір инвестициялық бағдарламаға іріктеу өлшемшарттары бойынша балл қояды.

      9. Балл қойғаннан кейін уәкілетті орган жиналған балдардың азаюы тәртібінде инвестициялық бағдарламалардың сараланған тізімін құрастырады:

      максималды балл жинаған инвестициялық бағдарламадан минималды балл жинаған инвестициялық бағдарламаға дейін.

      Бұл ретте, егер осы Қағидалардың 8-тармағына сәйкес уәкілетті орган жүзеге асырған балдардың нәтижесі бойынша балдардың сәйкестігі бар болса, онда әрбір сәйкестік балл шеңберінде сараланған тізімді құру барысында тиісті инвестициялық бағдарламаларға қосымша саралау жүргізіледі.

      Осы қосымша саралау осы инвестициялық бағдарламалардың жеке тариф мәндері бойынша олардың мәндерінің артуы тәртібінде жүзеге асырылады: максималды инвестициялық бағдарламаның жеке тариф мәнінен минималды инвестициялық бағдарламаның жеке тариф мәніне дейін.

      10. Сараланған тізім құрылғаннан кейін уәкілетті орган сараланған тізім бойынша осы инвестициялық бағдарламалардың олардың тиісті жыл сайынғы қайтару деңгейімен кезекпен арту тәртібінде кезекпен қоса отырып, қаралатын инвестициялық бағдарламалардың қажетті жыл сайынғы қайтарылым деңгейінің сомасын есептейді. Жыл сайынғы қажетті қайтару деңгейінің сомасы рұқсат етілген көлемнен аспайтын инвестициялық бағдарламар іріктелген деп танылады.

      11. Инвестициялық бағдарламалары іріктелген болып танылатын жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдарға қатысты уәкілетті орган олармен келісімдер жасасу туралы шешім қабылдайды, келісімдерге іріктелген тиісті инвестициялық бағдарламалар енгізіледі.

      12. Келісім жасасатын жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдардың тізімін және алдынғы кезеңдерде жасасқан барлық қолданыстағы Келісімдер мен осы Келісімдердің жыл сайынғы қажетті қайтару деңгейінің сомасын уәкілетті орган өзінің интернет-ресурсында Нарық кеңесі уәкілетті органға қарауға жіберілген және жіберілмеген инвестициялық бағдарламалар тізімін жариялаған күннен бастап күнтізбелік қырық күннен кешіктірмей жариялайды.

4- тарау. Инвестициялық Келісімдерді жасасу тәртібі
1-параграф. Келісімдерді жасасу

      13. Осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланған тізімдерге қосылған жұмыс ітеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті Келісімдерге жарияланған күнінен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде уәкілетті органмен қол қояды.

      14. Келісімдерге енгізілген инвестициялық бағдарламалар Келісімдерге қосымшалармен ресімделеді.

      15. Келісімдерде бекітілген жеке тарифтер, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке қызмет көлемі (бұдан әрі – қызмет көлемі) және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімі (бұдан әрі – қызметті сатып алу мерзімі) ұлғайту жағына қарай түзетуге жатпайды.

2-параграф. Оңайлатылған тәртіпте Келісімдер жасасу

      16. Уәкілетті органмен келісімдер жасасқан және шекті тарифтің инвестициялық құрамдасынан басқа шығын көзі айтарлықтай қосымша сыртқы қаржыландыру (кредиттер, қарыздар) болып табылған электр энергиясына шекті тарифтер бағдарламасының қолданылу кезеңіндегі 2009 – 2015 жылдар аралығында ауқымды инвестициялық бағдарламаларды іске асырған энергия өндіруші ұйымдар уәкілетті органмен оңайлатылған тәртіппен жеке инвестициялық Келісімдер жасасады.

      17. Жеке Келісімдерді жасаудың оңайлатылған тәртібі 2018 жылдың 1 сәуіріне дейін тиісті энергия өндіруші ұйымдар уәкілетті органға мына материалдар мен ақпаратты ұсыну шартында, инвестициялық бағдарламаларды уәкілетті органға қарауға жіберместен және қабылдау мен іріктеу рәсімдерін өтпестен осы Келісімдердің жасалуын білдіреді:

      1) 2009-2015 жылдар аралығындағы кезеңде оны (оларды) сатып алуға (жүзеге асыруға) осы Қағидалардың 16-тармағында көрсетілген сыртқы қаржыландыру (кредиттер, қарыздар) (бұдан әрі – қарыздар) тартылған объектінің (объектілердің) пайдалануға енгізу актісі (актілері);

      2) 2018 жылдың 1 қаңтары жағдайы бойынша өтелмеген несиелердің болуын растайтын құжаттар;

      3) тиісті жеке Келісім жасасу үшін осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген қарыздар және объектілер туралы қажетті ақпарат.

      18. Оңайлатылған тәртіпте жеке Келісімдер жасасатын энергия өндіруші ұйымдардың тізімін уәкілетті орган өзінің интернет-ресурсында осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес жарияланатын тізіммен бірге жариялайды.

      19. Осы Қағидалардың 18-тармағына сәйкес уәкілетті органның интернет-ресурсында жарияланған тізімге енгізілген энергия өндіруші ұйымдар осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша уәкілетті органмен жеке Келісімдерге жарияланған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде қол қояды.

      20. Жеке Келісімдерде бекітілген жеке тарифтер, қызмет көлемі және қызметті сатып алу мерзімі ұлғайту жағына қарай түзетуге жатпайды.

5- тарау. Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді
сатып алу туралы шарттар жасасу тәртібі және осы шарттар үшін жеке тарифтерді,
көрсетілетін қызметті сатып алу көлемдері мен мерзімдерін белгілеу

      21. Заңның 15-4-бабының 7-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес уәкілетті орган жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйыммен Келісім жасағаннан кейін бірыңғай сатып алушы осы энергия өндіруші ұйыммен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тариф бойынша уәкілетті орган белгілеген көлемде және мерзімдерге электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт жасасады.

      Уәкілетті орган жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйыммен оңайлатылған тәртіпте жеке Келісім жасағаннан кейін бірыңғай сатып алушы осы энергия өндіруші ұйыммен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тариф бойынша уәкілетті орган белгілеген көлемде және мерзімдерге электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарт жасасады.

      22. Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шартты жасасу тиісті Келісімге қол қойылған күннен бастап тоқсан күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.

      23. Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы шарт үшін жеке тарифтерді, көрсетілетін қызметті сатып алу көлемдері мен мерзімдерін тиісті Келісімге сәйкес уәкілетті орган белгілейді.

  Жаңғыртудың, кеңейтудің,
реконструкциялаудың және
(немесе) жаңартудың
инвестициялық
бағдарламаларын қарауға
жіберу, оларды қарау және
іріктеу, жаңғыртуға, кеңейтуге,
реконструкциялауға және
(немесе) жаңартуға арналған
инвестициялық келісімдерді
жасасу, электр қуатының
әзірлігін ұстап тұру бойынша
көрсетілетін қызметті сатып алу
туралы шарттарды тиісінше
жасасуды және осы шарттар
үшін электр қуатының әзірлігін
ұстап тұру бойынша
көрсетілетін қызметке жеке
тарифтерді, электр қуатының
әзірлігін ұстап тұру бойынша
көрсетілетін қызметті сатып алу
көлемдері мен мерзімдерін
белгілеу қағидаларына
1 - қосымша
Нысан

Жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың
инвестициялық бағдарламасының негізгі параметрлері туралы ақпарат

      1. Инвестициялық бағдарламаның шеңберінде жүзеге асырылатын іс-шаралармен қамтылатын электр станциясының атауы (атауы көрсетіледі).

      2. Инвестициялық бағдарлама шеңберінде жүзеге асырылатын іс-шаралар туралы жалпы ақпарат*.

Іс-шара атауы

Іс-шараның басталу мерзімі (айы, жылы)

Іс-шараның аяқталу мерзімі (айы, жылы)

Құны,
(млн. теңге)

Енгізілетін негізгі генерациялайтын жабдықтың техникалық параметрлері

Белгіленген электр қуаты, (МВт)

Белгіленген жылу қуаты, (Гкал/сағ)

1

2

3

4

5

6

7

Жұмыс істеп тұрған (бар) электр станцияның негізгі генерациялайтын жабдығын жаңасына айырбастау

1.







2.













Жұмыс істеп тұрған (бар) электр станцияның алдында пайдаланудан шығарылған негізгі генерациялайтын жабдығын қалпына келтіру

1.







2.













Жұмыс істеп тұрған (бар) электр станциядағы қосымша негізгі генерациялайтын жабдығын енгізу (кеңейту)

1.







2.













      Ескертпе:

      * - кесте параметрлерінің сандық мәндері оныншы шегінде көрсетіледі.

      3. Инвестициялық бағдарламаны іске асыру алдында және кейінгі кезеңде электр станциясының параметрлері туралы ақпарат (атауы көрсетіледі) *

Белгіленген қуаты

Орташа жылдық қолда бар қуат

Шартты отынның босатуға бөлінген үлестік шығыны**

Электр (МВт)

Жылу
(Гкал/сағ)

Электр (МВт)

Жылу
(Гкал/сағ)

Электр энергиясының (гут/кВтсағ)

Жылу энергиясының (кгут/Гкал)

1

2

3

4

5

6

7

Инвестициялық бағдарламаны іске асырғанға дейін

1.







Инвестициялық бағдарламаны іске асырғаннан кейін

2.







      Ескертпе:

      * - кесте параметрлерінің сандық мәндері оныншы шегінде көрсетіледі;

      ** - электр станциясының номиналды жұмыс режимінде

      4. Инвестициялық бағдарламаның бөлігі ретінде электр станциясына инвестицияларды қайтару туралы ақпарат (атауы көрсетіледі) *

Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің жеке тарифі, млн.теңге/(МВт*ай)

Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемі, МВт

Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімі, жыл

Жыл сайынғы қажетті қайтарылым деңгейі, млн.теңге/жыл

1

2

3

4

5

1.





      Ескертпе:

      * - кесте параметрлерінің сандық мәндері оныншы шегінде көрсетіледі.

  Жаңғыртудың, кеңейтудің,
реконструкциялаудың және
(немесе) жаңартудың
инвестициялық
бағдарламаларын қарауға
жіберу, оларды қарау және
іріктеу, жаңғыртуға, кеңейтуге,
реконструкциялауға және
(немесе) жаңартуға арналған
инвестициялық келісімдерді
жасасу, электр қуатының
әзірлігін ұстап тұру бойынша
көрсетілетін қызметті сатып алу
туралы шарттарды тиісінше
жасасуды және осы шарттар
үшін электр қуатының әзірлігін
ұстап тұру бойынша
көрсетілетін қызметке жеке
тарифтерді, электр қуатының
әзірлігін ұстап тұру бойынша
көрсетілетін қызметті
сатып алу көлемдері мен
мерзімдерін белгілеу
қағидаларына
2 - қосымша

Қарауға жіберу өлшемшарттары

      1. Жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламалары іс-шаралардың мынадай бір немесе бірнеше түрлерін қамтуы тиіс:

      1) ауыстыруды жоспарлаған электр станциясының негізгі генерациялайтын жабдығы тағайындалған жеке ресурстың кемінде 100 (жүз) пайызын құраған жағдайда, ал енгізілетін жабдық жаңа және ауыстырылатын жабдыққа қарағанда техникалық-технологиялық көрсеткіштері жоғары болып табылғанда жұмыс істеп тұрған (бар) электр станциясының негізгі генерациялайтын жабдығын жаңасына айырбастау;

      2) енгізілетін жабдық жаңа және ауыстырылатын жабдыққа қарағанда техникалық-технологиялық көрсеткіштері жоғары болып табылғанда жұмыс істеп тұрған (бар) электр станциясының алдында пайдаланудан шығарылған негізгі генерациялайтын жабдығын қалпына келтіру;

      3) енгізілетін жабдық жаңа және ауыстырылатын жабдыққа қарағанда техникалық-технологиялық көрсеткіштері жоғары болып табылғанда жұмыс істеп тұрған (бар) электр станциядағы қосымша негізгі генерациялайтын жабдығын енгізу (кеңейту).

      2. инвестициялық бағдарламаның 2-қосымшасына сәйкес жасалған және инвестициялық бағдарламамен бірге Нарық кеңесенің қарауына енгізілген инвестициялық бағдарламаның негізгі параметрлері туралы ақпарат инвестициялық бағдарламада көрсетілген ақпаратқа сәйкес келуі және ондағы кестелердің параметрлерінің сандық мәндері оннан ондыққа дейінгі дәлдікпен көрсетілуі тиіс.

      3. Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделетін және Нарық кеңесінің қарауына енгізілетін жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламаларының негізгі параметрлері туралы ақпарат осы инвестициялық бағдарламада көрсетілген ақпаратқа сәйкес келуі тиіс және ондағы бар сандық мәндер дәлдікпен оныншы сандық мәндерімен көрсетілуі тиіс.

  Жаңғыртудың, кеңейтудің,
реконструкциялаудың және
(немесе) жаңартудың
инвестициялық
бағдарламаларын қарауға
жіберу, оларды қарау және
іріктеу, жаңғыртуға, кеңейтуге,
реконструкциялауға және
(немесе) жаңартуға арналған
инвестициялық келісімдерді
жасасу, электр қуатының
әзірлігін ұстап тұру бойынша
көрсетілетін қызметті сатып алу
туралы шарттарды тиісінше
жасасуды және осы шарттар
үшін электр қуатының әзірлігін
ұстап тұру бойынша
көрсетілетін қызметке жеке
тарифтерді, электр қуатының
әзірлігін ұстап тұру бойынша
көрсетілетін қызметті сатып алу
көлемдері мен мерзімдерін
белгілеу қағидаларына
3 - қосымша

Іріктеу өлшемшарттары бойынша баллдар

Өлшемшарт атауы

Өлшемшарт өлшемі

Мәні

Балл

Өлшемшарт салмағы

1

2

3

4

5

6

1.

Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тариф

%*

0,0 ÷ 100,0

4,0

0,4

100,1 ÷ 130,0

3,0

130,1 ÷ 160,0

2,0

160,1 және жоғары

1,0

Өлшемшарт бойынша қорытынды балл= өлшемшарт бойынша балл * өлшемшарт салмағы

2.

Электр станция түрі**

-

ЖЭО

4,0

0,6

ГЭС

3,0

КЭС, БГЭС

2,0

ГТЭС

1,0

Өлшемшарт бойынша қорытынды балл = өлшемшарт бойынша балл * өлшемшарт салмағы

      Ескертпе:

      *: уәкілетті органмен бекітілген электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тариф мәнінің пайызы;

      **: ЖЭО – жылу электр орталығы, ГЭС – гидроэлектр станциясы, КЭС – конденсациялық электр станциясы, БГЭС – бу-газды электр станциясы, ГТЭС – газ турбиналық электр станциясы

  Жаңғыртудың, кеңейтудің,
реконструкциялаудың және
(немесе) жаңартудың
инвестициялық
бағдарламаларын қарауға
жіберу, оларды қарау және
іріктеу, жаңғыртуға, кеңейтуге,
реконструкциялауға және
(немесе) жаңартуға арналған
инвестициялық келісімдерді жасасу, электр қуатының
әзірлігін ұстап тұру бойынша
көрсетілетін қызметті сатып алу
туралы шарттарды тиісінше
жасасуды және осы шарттар
үшін электр қуатының әзірлігін
ұстап тұру бойынша
көрсетілетін қызметке жеке
тарифтерді, электр қуатының
әзірлігін ұстап тұру бойынша
көрсетілетін қызметті сатып алу
көлемдері мен мерзімдерін
белгілеу қағидаларына
4-қосымша
Нысан

Жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісім/ Жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық жеке келісім

      ______________________ "____" ___________ 20___ ж.

      (қол қою қаласы) (жасасу күні)

      Бұдан әрі "Тараптар" деп аталатын

      _____________________________________________________________________, тұлғасында

      (мемлекеттік органның атауы)

      _______________________________________________________________________________,

      (уәкілетті адамның Т.А.Ә., лауазымы)

      _________________________________________________________________ негізінде әрекет

      (энергия өндіруші ұйымның атауы)

      ететін, (ереже немесе бұйрық) бұдан әрі "Уәкілетті орган" деп аталатын және тұлғасында,

      ________________________________________________________________________________

      (уәкілетті адамның Т.А.Ә., лауазымы)

      ____________________________________________________________ негізінде әрекет ететін,

      (жарғы немесе сенімхат)

      екінші Тараптан, бұдан әрі "Энергия өндіруші ұйым" деп аталатын "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісім/ жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық жеке келісім (бұдан әрі – Келісім) жасасты.

      1. Келісімде мына түсініктемелер пайдаланылады:

      1) Қарыздар - 2009 – 2015 жылдар аралығында электр энергиясына раналған тарифтер бағдарламасының қолданылуы кезеңінде ауқымды инвестициялық бағдарламаларды іске асыру үшін уәкілетті органмен Келісім шеңберінде энергия өндіруші ұйымының шекті тарифтердің инвестициялық құрамдас бөлігінен басқа тартылған айтарлықтай қосымша сыртқы қаржыландыру (кредиттер, қарыздар);

      2) Объектілер – Қарыздар олардың сатып алынуына (іске асыруына) тартылған объектілер

      2. Келісім жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламаласын (бағдарламаларын) жүзеге асыру бойынша Келісім Тараптарының міндеттемелері мен құқықтарын қарастырады.

      3. Энергия өндіруші ұйым:

      1) осы Келісімге 1-қосымшаға сәйкес жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламасының (бағдарламаларының) іс-шараларын іске асыруға;

      2) есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей тәуелсіз энергетикалық сараптамамен расталған осы Келісімнің 2-қосымшасында көрсетілген индикаторларға (көрсеткіштерге) қол жеткізу туралы есепті ұсынуға міндеттенеді.

      Осы Келісімнің 3-тармағының талаптары Заңның 15-4-бабының 9-тармағына сәйкес энергия өндіруші ұйымдарға қолданылмайды. Бұл ретте, осы Келісімнің 1-ші және 2-қосымшасы толтырылмайды.

      4.Энергия өндіруші ұйым:

      1) Заңға және осы Келісімге сәйкес электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызмет үшін ақы алуға;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына және Келісімге сәйкес басқа да құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

      4. Уәкілетті орган:

      1) осы Келісімге 3-қосымшаға сәйкес осы Келісім үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметке жеке тарифін, көлемін және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметке сатып алу мерзімін орнатуға;

      2) осы Келісім үшін мына көрсеткіштер: электр және (немесе) жылу энергиясын босатуға шартты отынның үлестік шығыстары; қолда бар электр қуаты; негізгі генерациялайтын жабдықтың жұмыс істеу мерзімі; негізгі генерациялайтын жабдықтың тозу дәрежесі; экологиялық көрсеткіштер бойынша әр жылға мақсатты индикаторлар орнатуға міндетті.

      5. Уәкілетті орган:

      1) жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық Келісім жасасқан жағдайда осы Келісімнің 3-қосымшасына сәйкес;

      келісімге енгізілген инвестициялық бағдарламалардың сол жылдарға сәйкес орташа өлшенген мәндерімен жеке тарифі ұсынылған электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифті;

      келісімге енгізілген барлық инвестициялық бағдарламалардың сол жылдарға сәйкес қызмет көлемі сомасы ұсынылған электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызмет көлемін;

      келісімге енгізілген инвестициялық бағдарламалардың барлық қызметті сатып алу мерзімі барынша көп ұсынылған электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша қызметті сатып алу мерзімін орнатуға міндетті;

      2) жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық жеке Келісім жасасқан жағдайда осы Келісімнің 3-қосымшасына сәйкес;

      2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап өтелмеген қарыздар бойынша негізгі берешекті өтеудің қалған қажеттілігімен есептеліп ұсынылған электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифті;

      Объектілірдің бар электр қуатына тең жылдар бойынша электр қуатының әзірлігін ұстап тұру қызмет көлемін орнатуға міндетті. Бұл ретте, егер осы Объектілер тек негізгі генерациялайтын жабдықты немесе негізгі генерациялайтын қондырғылардан басқа, электр энергиясының және (немесе) жылу өндірісінің технологиялық процесінің басқа да объектілерін қамтыса, жеке Келісім бойынша қызмет көлемі осы негізгі генераторлық жабдыққа сәйкес келетін электрлік қуаты болып табылады. Егер осы Объектілер негізгі генерациялайтын қондырғыны қамтымаса, жеке Келісім үшін қызмет көлемі осы объектілер пайдаланылған жұмыс істеп тұрған (бұрыннан бар) электр станцияларының жалпы электрлік қуатын білдіреді.

      3) келісімдерде әр жылға мына көрсеткіштер бойынша нысаналы индикаторлар орнатылады: электр және (немесе) жылу энергиясын босатуға шартты отынның үлестік шығыстары; қолда бар электр қуаты; негізгі генерациялайтын жабдықтың жұмыс істеу мерзімі; негізгі генерациялайтын жабдықтың тозу дәрежесі; экологиялық көрсеткіштер.

      Осы тармақтың 3) тармақшасының талаптары Заңның 15-4-бабының 9-тармағына сәйкес энергия өндіруші ұйымдарға қолданылмайды.

      6. Уәкілетті орган:

      1) осы Келісім бойынша қабылданған міндеттемелерді орындауды растайтын энергия өндіруші ұйымнан ақпарат пен құжаттарды сұратуға және алуға;

      2) осы Келісіммен белгіленген нысаналы индикаторларға қол жеткізілмеген жағдайда, сондай-ақ осы Келiсiмнiң 1-қосымшада көрсетiлген жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңарудың инвестициялық (инвестициялық) бағдарлама (бағдарламалардың) іс-шараларының іске асыру мерзімдері бұзғанда уәкілетті орган осы келісімді бұзуға не электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифті, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алудың көлемі мен мерзімдерін жүйелік операторды хабардар ете отырып өзгертуге;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына және Келісімге сәйкес басқа да құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

      7. Келісімде реттелмеген барлық мәселелер бойынша Тараптар Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнаманы және азаматтық заңнаманы басшылыққа алады.

      8. Келісім бойынша даулар мен келіспеушіліктер келіссөздер арқылы шешіледі. Дауларды келіссөздер арқылы реттеу мүмкін болмаған жағдайда мұндай даулар сот тәртібімен шешіледі.

      9. Келісімнің ережелерін, Келісімді іске асыру процесінде кез келген Тарап алған немесе алған ақпарат Тараптардың шешімі бойынша құпиялылықты қамтамасыз етеді.

      10. Тараптардың:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен сот немесе құқық қорғау органдарының сұрау салуларына ақпарат берген;

      2) ақпарат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдарға берілетін жағдайларды қоспағанда, құпия ақпаратты басқа Тараптың келісімінсіз үшінші тұлғаларға берілмейді.

      11. Келісімге қол қойылған күн оның күшіне енген күні болып табылады.

      12. Келісім ____ () жылға жасалды.

      13. Тараптардың екі жақты келісім бойынша жазбаша нысанда қосымша келісімдер жасасу арқылы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізеді.

      14. Барлық қосымша келісімдерге Тараптардың өкілетті өкілдерімен қол қойылады.

      15. Келісім бойынша кез келген хат алмасу төмендегі мекенжай бойынша жіберіледі:

      Уәкілетті орган

      _______________________________

      Энергия өндіруші ұйым

      _______________________________

      16. Келісім:

      1) қолданылу мерзімі аяқталған;

      2) бұзылған жағдайда;

      3) сот шешкен жағдайда;

      4) Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасында, азаматтық заңнамасында және Келісімде көзделген өзге де жағдайларда қолданылуын тоқтатады.

      17. Тараптардың заңды мәртебесінің немесе ұйымдық-құқықтық нысанының өзгеруі Келісімнің қолданылуын тоқтатпайды және Тараптар Келісімді бұзуға, оны өзгертуге ниет білдірген не құқық нормалары оны қайта ресімдеуді талап еткен жағдайларды қоспағанда, барлық құқықтар мен міндеттер тиісті заңды мұрагерлерге өтеді. Бұл ретте Тараптар құқықтық мәртебесінің, орналасқан жерінің және өзге де деректемелерінің өзгергені туралы 3 күн мерзімде бірін-бірі жазбаша нысанда хабардар етеді.

      17. Келісім қажет болған жағдайда басқа тілдерге аудармасын қоса бере отырып, Тараптардың әрқайсысы үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде және бірдей заңды күші бар ____ түпнұсқа данада жасалды.

      18. Энергия өндіруші ұйымның жауапкершілігі:

      Энергия өндіруші ұйым Келісім бойынша міндіттемелерді орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамасына сәйкес жауапты болады.

      Уәкілетті орган:                               Энергия өндіруші ұйым:

      _____________________                         ___________________

      _________________                               ___________________

  Жаңғыртуға, кеңейтуге,
реконструкциялауға және
(немесе) жаңартуға арналған
инвестициялық келісім/
Жаңғыртуға, кеңейтуге,
реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған
инвестициялық жеке келісім
нысанына 1-қосымша
Нысан

Жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламалары
(төменде келтірілген форматқа сәйкес әрбір инвестициялық бағдарлама бөлек ресімделеді)
№___ Инвестициялық бағдарлама (бірден бастап реттік нөмерді көрсету қажет)

      1. Инвестициялық бағдарламаның шеңберінде жүзеге асырылатын іс-шаралармен қамтылатын электр станциясының атауы (атауы көрсетіледі).

      2. Инвестициялық бағдарлама шеңберінде жүзеге асырылатын іс-шаралар туралы жалпы ақпарат*.

Іс-шара атауы

Іс-шараның басталу мерзімі (айы, жылы)

Іс-шараның аяқталу мерзімі (айы, жылы)

Құны,
(млн. теңге)

Енгізілетін негізгі генерациялайтын жабдықтың техникалық параметрлері

Белгіленген электр қуаты, (МВт)

Белгіленген жылу қуаты, (Гкал/сағ)

1

2

3

4

5

6

7

Жұмыс істеп тұрған электр станцияның негізгі генерациялайтын жабдығын жаңасына айырбастау

1.







2.













Жұмыс істеп тұрған электр станцияның алдында пайдаланудан шығарылған негізгі генерациялайтын жабдығын қалпына келтіру

1.







2.













Жұмыс істеп тұрған электр станциядағы қосымша негізгі генерациялайтын жабдығын енгізу (кеңейту)

1.







2.













      Ескертпе:

      * - кесте параметрінің сандық мәндері оныншы шегінде көрсетіледі

      3. Инвестициялық бағдарламаны іске асырғанға дейін және кейін электр станцияның жұмыс параметрлері туралы ақпарат*

Белгіленген қуаты

Орташа жылдық қолда бар қуат

Шартты отынның босатуға бөлінген үлестік шығыны**

Электр (МВт)

Жылу
(Гкал/сағ)

Электр (МВт)

Жылу
(Гкал/сағ)

Электр энергиясының (гут/кВтсағ)

Жылу энергиясының (кгут/Гкал)

1

2

3

4

5

6

7

Инвестициялық бағдарламаны іске асырғанға дейін

1.







Инвестициялық бағдарламаны іске асырғаннан кейін

2.







      Ескертпе:

      * - кесте параметрінің сандық мәндері оныншы шегінде көрсетіледі

      ** - электр станциясының номиналды жұмыс режимінде

      4. Инвестициялық салымдардың қайтарылуы туралы ақпарат*.

Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің жеке тарифі, млн.теңге/(МВт*ай)

Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемі**, МВт

Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу мерзімі, жыл

Жыл сайынғы қажетті қайтарылым деңгейі, млн.теңге/жыл

1

2

3

4

5

2.





      Ескертпе:

      * - кесте параметрінің сандық мәндері оныншы шегінде көрсетіледі.

      5. Инвестициялық бағдарлама бойынша құжаттар мен материалдар:

      1) Растаушы материалдары бар инвестициялық бағдарлама;

      2) Растаушы материалдары бар тәуелсіз техникалық және қаржы аудиттерінің нәтижелері.

  Жаңғыртуға, кеңейтуге,
реконструкциялауға және
(немесе) жаңартуға арналған
инвестициялық келісім/
Жаңғыртуға, кеңейтуге,
реконструкциялауға және
(немесе) жаңартуға арналған
инвестициялық жеке келісім
нысанына 2-қосымша

Жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған
инвестициялық келісімнің индикаторлары мен тиісті мақсатты көрсеткіштері
(әрбір электр станциясына бөлек толтырылады)
Электр станциясының атауы (атауы көрсетіледі)*

Кезең (жыл)

Көрсеткіштер

Электр станциясын электрмен жабдықтау үшін шартты отынның нақты тұтыну кезеңінің орташа мәні
(г.ш.о./кВтсағ)

Электр станциясын жылумен қамтамасыз ету үшін шартты отынның нақты тұтынылуының орташа мәні (кг.ш.о./Гкал)

Орта базалық генерациялайтын қондырғылардың қол жетімді электр қуатын кезеңнің желтоқсан айындағы орташа мәні (МВт)

Негізгі генерациялайтын қондырғының пайдалану мерзімі (кезеңнің соңында қалған) (жыл)

Энергия станциясының азот оксидтерінің шығарылуының белгілі бір кезеңдегі орташа мәні (мг/м3)**

Электр станциясының күкірт оксидтерінің шығарындыларының белгілі бір кезеңдеріне орташа (мг/м3)**

Электр станциясының қатты бөлшектері шығарындыларының белгілі бір кезеңіне орташа (мг/м3)**

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1.









...









...









      Ескертпе:

      * - кесте параметрлерінің сандық мәндері оныншы шегінде көрсетіледі.

      ** - осы көрсеткіштер бойынша мақсатты индикаторлар Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес болуы тиіс.

  Жаңғыртуға, кеңейтуге,
реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған
инвестициялық келісім/
Жаңғыртуға, кеңейтуге,
реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған
инвестициялық жеке келісім
нысанына 3-қосымша

Жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған
инвестициялық келісім бойынша электр энергиясының қолжетімділігін қамтамасыз
ету бойынша электр қуатын дайындауға қызмет көрсетудің жеке тарифі, қызмет
көлемін сатып алу ұзақтығы және ұзақтығы*

Кезең, жыл

Электр қуатының қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін қызмет көрсетудің жеке тарифі, млн.теңге/(МВт*айына)

Электр қуатының қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көлемі, МВт

Электр қуатының дайындығын қамтамасыз ету үшін қызметті сатып алу мерзімі, жыл

1

2

3

4

5

1.





...





...





      Ескертпе:

      * - кесте параметрлерінің сандық мәндері оныншы шегінде көрсетіледі.