БҰЙЫРАМЫН:
1. "Электр энергиясына шекті тарифті және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті бекіту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 147 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10627 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 12 мамырда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Электр энергиясына шекті тарифті, теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті бекіту қағидаларын бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Электр энергиясына шекті тарифті, теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті бекіту қағидалары бекітілсін.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Осы бұйрық Қағидалардың 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін 3, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13 және 14-тармақтарын қоспағанда, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.";
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергиясына шекті тарифті және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті бекіту қағидалары осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасы және көмір өнеркәсібі департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрі |
Қ. Бозымбаев |
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 қарашадағы № 415 бұйрығына қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 147 бұйрығымен бекітілген |
Электр энергиясына шекті тарифті, теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті бекіту қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Электр энергиясына шекті тарифті, теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті бекіту қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 5-бабының 70-5) тармақшасына сәйкес әзірленді және электр энергиясына шекті тарифті, теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті бекіту тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тариф – электр энергиясын өндіруге, жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығынан электр энергиясын сатып алуға арналған шығындар және уәкілетті орган белгілеген әдістеме бойынша айқындалатын теңгерімдеуге тіркелген пайда ескерілетін, уәкілетті орган электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдар топтары үшін жеті жылға тең мерзімге бекітетін, электр энергиясының теңгерімдеуші нарығында өткізілетін электр энергиясына босату тарифінің (бағасының) ең жоғары шамасы;
2) уәкілетті орган – электр энергетикасы саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекетті орган;
3) электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тариф – жұмыс істеп тұрған барлық энергия өндіруші ұйымдар үшін уәкілетті орган жеті жылға тең мерзімге бекіткен, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке тарифтің (бағаның) ең жоғары шамасы (электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемдерін қоспағанда, оны көрсету кезінде жұмыс істеп тұрған энергия өндіруші ұйымдар және пайдалануға жаңадан берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға тендер жеңімпаздары электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке уәкілетті орган белгілеген жеке тарифті пайдаланады);
4) электр энергиясына арналған шекті тариф – электр энергиясын өндіруге, жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі қаржы-есеп айырысу орталығынан электр энергиясын сатып алуға арналған шығындар және уәкілетті орган белгілеген әдістеме бойынша айқындалатын тіркелген пайда ескерілетін, электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдар топтары үшін уәкілетті орган жеті жылға тең мерзімге бекіткен босату тарифінің (бағасының) ең жоғары шамасы;
Осы Қағидаларда пайдаланылған өзге де ұғымдар мен анықтамалар Заңға сәйкес қолданылады.
2-тарау. Электр энергиясына шекті тарифті және теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті бекіту тәртібі
3. Электр энергиясына шекті тариф және теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тариф электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың топтары бойынша жеті жылға тең мерзімге, жылдарға бөліне отырып бекітіледі және қажет болған жағдайда түзетіледі.
4. Заңның 5-бабының 70-3) тармағына сәйкес уәкілетті орган электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың топтарын бекітеді.
5. Электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың топтары мына өлшемшарттар бойынша қалыптастырылады: энергия өндіруші ұйымдардың типі, белгіленген қуаты, пайдаланылатын отын түрі, отын орналастырылған жерден қашықтығы, Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің электр энергиясын беруге техникалық сипаттағы шектеулер болмайтын бір бөлігінде орналасуы.
1) энергия өндіруші ұйымдар "энергия өндіруші ұйымдардың типі" өлшемшарттары бойынша мыналарға бөлінеді:
құрамына конденсаттық электр станциялары кіретін энергия өндіруші ұйымдар;
құрамына жылуландыру электр станциялары кіретін энергия өндіруші ұйымдар;
құрамына газ-турбиналық және (немесе) бу-газ электр станциялары кіретін энергия өндіруші ұйымдар;
құрамына гидравликалық электр станциялары кіретін энергия өндіруші ұйымдар.
2) энергия өндіруші ұйымдар "белгіленген қуаты" өлшемшарттары бойынша мыналарға бөлінеді:
қуаты 100 МВт дейінгі энергия өндіруші ұйымдар;
қуаты 100 МВт-тан 300 МВт-қа дейінгі энергия өндіруші ұйымдар;
қуаты 300 МВт және одан жоғары энергия өндіруші ұйымдар.
3) энергия өндіруші ұйымдар "пайдаланылатын отын түрі" өлшемшарттары бойынша мыналарға бөлінеді:
көмірмен жұмыс істейтін энергия өндіруші ұйымдар;
жергілікті газбен жұмыс істейтін энергия өндіруші ұйымдар;
импорттық газбен жұмыс істейтін энергия өндіруші ұйымдар;
мазутпен жұмыс істейтін энергия өндіруші ұйымдар.
4) энергия өндіруші ұйымдар "отын орналастырылған жерден қашықтығы" өлшемшарттары бойынша мыналарға бөлінеді:
500 км дейінгі арақашықтыққа қашықтатылған энергия өндіруші ұйымдар;
500 км-ден 1000 км-ға дейінгі арақашықтыққа қашықтатылған энергия өндіруші ұйымдар;
1000 км-дан және одан артық арақашықтыққа қашықтатылған энергия өндіруші ұйымдар.
5) "Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің (бұдан әрі - БЭЖ) электр энергиясын беруге техникалық сипаттағы шектеулер болмайтын бір бөлігінде орналасуы" өлшемшарттары бойынша энергия өндіруші ұйымдар мыналарға бөлінеді:
БЭЖ-дің Солтүстік бөлігінде орналасқан энергия өндіруші ұйымдар;
БЭЖ-дің Оңтүстік бөлігінде орналасқан энергия өндіруші ұйымдар;
БЭЖ-дің Батыс бөлігінде орналасқан энергия өндіруші ұйымдар критерилері бойынша.
6. Егер энергия өндіруші ұйымның құрамына бір-бірінен қолданатын бастапқы энергия қорларының және (немесе) энергияға түрлендіру процестердің түрлері және (немесе) босатылатын энергияның түрлері бойынша ерекшеленетін бірнеше электр станциясы кіретін болса, онда аталған энергия өндіруші ұйым жеке топ болып қалыптасады.
7. Энергия өндіруші ұйым электр энергиясына босатылатын бағаны дербес, бірақ электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың тиісті тобының электр энергиясына шекті тарифінен аспайтындай етіп белгілейді.
Энергия өндіруші ұйым теңгерімдеуші электр энергиясына босатылатын бағаны дербес, бірақ электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың тиісті тобының теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифінен аспайтындай етіп белгілейді.
8. Электр энергиясына шекті тарифті және теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті оның қолданыстағы бірінші жеті жылына айқындау үшін электр энергиясына шекті тарифті және теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті енгізілген жылдың алдындағы бір жыл ішінде электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың тиісті тобында қалыптасқан іс жүзіндегі электр энергияны өңдіруге кететін ең жоғарғы шығындар қолданылады.
Бұл ретте, егер электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдарының топтарын қалыптастыру нәтижелері бойынша бір немесе бірнеше энергия өндіруші ұйымдары олардың электр энергиясына шекті тарифті және теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті енгізген жылдың алдындағы жыл ішінде болған топтан ерекшеліктері бар топтарына енгізілетін болса, онда электр энергиясына шекті тарифті және теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті олардың қолданыстағы бірінші жеті жылына айқындау үшін электр энергиясына шекті тарифті және теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті енгізген жылдың алдындағы жыл ішінде электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдарының құрылған топтарына сәйкес келетін энергия өндіруші ұйымдары арасында қалыптасқан электр энергиясын өндіруге ең жоғары шығындар қолданылады.
Электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдарының топтары үшін электр энергиясына шекті тарифіне осы тариф қолданысының бірінші жеті жылына, сондай-ақ Заңның 5-бабы 70-9) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган белгілеген Электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін тіркелген пайданы, сондай-ақ теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту кезінде ескерілетін теңгерімдеуге тіркелген пайданы айқындау әдістемесі (бұдан әрі – тіркелген пайда) бойынша айқындалатын тіркелген пайда қосымша енгізіледі.
9. Бірінші жеті жылда электр энергиясына шекті тарифті есептеу формуласы:
мұндағы:
ЭШТ – электр энергиясының шекті тарифі;
ЭӨМШ2018 – электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдарының тобына енгізілген, энергия өндіруші ұйымдары арасындағы электр энергиясын өндіруге арналған 2018 жылдың ең жоғары шығындары, теңгеде;
ТП – тіркелген пайда, теңгеде;
ЭК2018 – электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдары тобындағы электр энергиясын өндірудегі шығындары 2018 жылы ең жоғары болып табылатын энергия өндіруші ұйымдарының электр станциялары шиналарынан 2018 жылы электр энергиясын жіберу көлемі, сағатына*киловатт (кВт*сағ).
Электр энергиясына шекті тарифтің мөлшері: теңге/кВт*сағ.
10. Электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдарының бірнеше топтары үшін теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тариф осы тариф қолданысының бірінші жеті жылына, сондай-ақ тіркелген пайда қосымша енгізіледі.
Бірінші жеті жылда теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті есептеу формуласы:
мұндағы:
ТЭШТ - теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тариф;
ЭӨМШ'2018 - электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдарының тобына енгізілген, энергия өндіруші ұйымдары арасындағы электр энергиясын өндіруге арналған 2018 жылдың ең жоғары шығындары, теңгеде;
ТТП –тіркелген пайда, теңгеде;
ЭК2018 – электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдарының тиісті топтарындағы электр энергиясын өндірудегі шығындары 2018 жылы ең жоғары болып табылатын энергия өндіруші ұйымдарының электр станциялары шиналарынан 2018 жылы электр энергиясын жіберу көлемі, сағатына*киловатт (кВт*сағ).
Теңгерімдеуші электр энергиясының шекті тарифінің мөлшері: теңге/кВт*сағ.
Электр энергиясына шекті тарифті және теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті олардың қолданыстағы бірінші жеті жылына айқындау үшін уәкілетті органмен пайдаланылатын электр энергиясын өткізетін энергия өндіруші ұйымдардың электр энергиясын өндіруге ең жоғары шығындарының мәнін Заңның 12-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес және (немесе) уәкілетті органның сұранысы бойынша энергия өндіруші ұйымдарымен берілген, электр энергиясының нақты және болжам мәліметтері негізінде уәкілетті органмен айқындалады.
11. Осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес кейінгі жылдарға электр энергиясына шекті тарифті және теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті түзету қажет болған жағдайда, энергия өндіруші ұйымдар 1 қыркүйекке дейін уәкілетті органға Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орташа жедел жоспарларымен қарастырылған, болжамдағы инфляция деңгейін есепке ала отырып, алдыңғы жылдарға қаржы есеп берумен бірге, электр энергиясын өндірудің негізгі шығындарын болжамды ұлғайту туралы ақпаратты негіздеу құжаттарының қосымшасымен бірге ұсынады.
Уәкілетті орган түзету енгізген электр энергиясына шекті тарифтер және теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифтер электр энергиясына шекті тарифтерге және теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифтерге түзетулер енгізілген жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.
3-тарау. Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті бекіту тәртібі
12. Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілген қызметке шекті тариф жеті жылға тең мерзімге, жылдарға бөліне отырып уәкілетті органмен бекітіледі және қажет болған жағдайда саланың инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ету мақсатында түзетіледі.
13. Энергия өндіруші ұйым электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілген қызметке арналған тарифті жеке бекітеді, бірақ электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілген қызметке арналған шекті тарифтен жоғары емес.
14. Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілген қызметке оның қолданыстағы бірінші жеті жылына шекті тарифті айқындау үшін
2015 жылғы уәкілетті органмен жасалған келісім шеңберіндегі энергия өндіруші ұйымдармен салынған инвестициялардың (амортизациялық аударымдар бойынша инвестицияларды қоспағанда) сомалық жалпы көлемі қолданылады.
15. Электр қуатының дайындығын ұстап тұру бойынша қызметке шекті тариф мына формула бойынша есептеледі:
мұндағы:
ШТ– электр қуатының дайындығын ұстап тұру бойынша қызметке шекті тариф;
- 2015 жылы уәкілетті органмен жасалған келісім шеңберіндегі энергия өндіруші ұйымдармен салынған инвестициялардың (амортизациялық аударымдар бойынша инвестицияларды қоспағанда) сомалық жалпы көлемі, (мың. теңге);
n – 2015 жылы уәкілетті органмен келісім жасаған энергия өндіруші ұйымдардың жалпы саны;
i – бірден n-ге дейін өзгеретін, реттік нөмір;
– жүйелік оператордың мәліметтеріне сәйкес, 2015 жылғы нақты қолда бар орташа жылдық i - энергия өндіруші ұйымның қуаты, мегаватт (МВт);
– жүйелік оператордың мәліметтеріне сәйкес, 2015 жылғы өзіндік тұтынудың ең жоғары жылдық, i - энергия өндіруші ұйымның қуаты, мегаватт (МВт);
– жүйелік оператордың мәліметтеріне сәйкес, 2015 жылғы экспорттық тұтынудың ең жоғары жылдық, i - энергия өндіруші ұйымның қуаты, мегаватт (МВт);
– жылдағы ай саны;
i бойынша сумма.
Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің шекті тарифінің өлшемі: мың теңге/(МВт*айына) болып табылады.