"Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2017 жылғы 24 қарашадағы № 593 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 12 желтоқсанда № 16077 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған "Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Техникалық және кәсіптік білім департаменті (Н.Ж. Оспанова) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

            2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың көшірмесін ресми жариялау үшін мерзімді баспа басылымдарына жолдауды;

      4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      5) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң қызметі және халықаралық ынтымақтастық департаментіне осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі А.К. Аймағамбетовке жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым
министрінің міндетін атқарушы
А. Аймағамбетов

  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушының
2017 жылғы 24 қарашадағы
№ 593 бұйрығына қосымша

"Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау" мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы № 397 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15740 болып тіркелген) бекітілген "Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына көрсетіледі.

      2. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз жүзінде.

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттардың қабылданғаны туралы хабарлама не Стандарттың 10-тармағында қарастырылған жағдайлар мен негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

2-тарау. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы

      5. Көрсетілетін қызметті алушының Стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкес толық құжаттар топтамасын ұсынуы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) басталуына негіз болып табылады.

      6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін рәсімдер (іс-қимылдар), оларды орындау ұзақтығы:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар қабылдауды және өтінішті тіркеуді жүзеге асырады – 1 (бір) жұмыс күні;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесі құжаттарды қарастырады, жауапты орындаушыны белгілейді – 1 (бір) жұмыс күні;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы құжаттарды қарастырады және мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттардың қабылданғаны туралы хабарламаны не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды – 6 (алты) жұмыс күні;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы хабарламаға не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды – 1 (бір) жұмыс күні;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі көрсетілетін қызметті алушыға конкурсқа құжаттардың қабылданғаны туралы хабарламаны не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты береді – 1 (бір) жұмыс күні.

      7. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдердің (іс-қимылдардың) нәтижелері келесі рәсімдерді (іс-қимылдар) орындауды бастау үшін негіздеме болып табылады:

      1) құжаттарды қабылдау және тіркеу;

      2) жауапты орындаушыны белгілеу;

      3) хабарламаны немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындау;

      4) хабарламаға немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қою;

      5) хабарламаны немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты беру.

3-тарау. Мемлекеттік қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-қимыл жүргізу тәртібінің сипаттамасы

      8. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы.

      9. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілік сипаттамасы:

      1) көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері 1 (бір) жұмыс күні ішінде Стандарттың 9-тармағында қарастырылған тізбеге сәйкестігіне құжаттарға талдау жасайды, тізбеге сәйкес болған жағдайда құжаттарды қабылдайды, тіркейді және оны көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қарастыруға жолдайды;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде құжаттарды қарастырады және көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысына мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін дайындау үшін деген қарарымен жолдайды;

      3) көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы 6 (алты) жұмыс күні ішінде техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттардың қабылданғаны туралы хабарламаны не Стандарттың 10-тармағында қарастырылған негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына ұсынады;

      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесіне қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жолдайды;

      5) кеңсе қызметкері 1 (бір) жұмыс күні ішінде тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін береді.

      Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағына сәйкес толық емес құжаттар пакетін және (немесе) қолдану мерзімі өткен құжаттар ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің жан-жақты сипаттамасы осы Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

      Мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылады.

  "Техникалық, кәсіптік және орта
білімнен кейінгі білімі бар
кадрларды даярлауға арналған
мемлекеттік білім беру
тапсырысын орналастыру
бойынша конкурсқа
құжаттарды қабылдау"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне қосымша

"Техникалық, кәсіптік және орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа құжаттарды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы