"Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының 163-5-тармағының 3) тармақшасына және 163-9-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу әдістемесі;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Индустриялық-инновациялық жобаның мониторингі туралы келісімнің үлгілік нысаны бекітілсін.
2. "Өнімділік 2020" бағдарламасын іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 шілдедегі № 789 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11872 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2017 жылғы 21 тамызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы көшірмелерін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларына сәйкес іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі |
Ж. Қасымбек |
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
___________Б. Сұлтанов
2017 жылғы 31 тамыз
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
___________Т. Сүлейменов
2017 жылғы 6 қараша
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 29 тамыздағы № 579 бұйрығына 1-қосымша |
Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу әдістемесі
1. Осы Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасының (бұдан әрі - Бағдарлама) 163-5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу тетігін айқындайды.
2. Осы Әдістемеде мынадай ұғымдар қолданылады:
1) еңбек өнімділігі - өндіру көлемін (жалпы қосылған құн) және еңбек шығындарын (жұмыспен қамтылғандар саны) сипаттайтын көрсеткіштер негізінде есептелінетін экономикалық көрсеткіш;
2) индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспары – қажетті экономикалық, техникалық, басқарушылық және өзгеде құжаттамалар топтамасы;
3) кәсіпкер – өз қызметін Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектісі;
4) кәсіпорынды жаңғырту – пайдаланылатын техника мен технологиялардың өнімділігін арттырудың, сондай-ақ объектінің қаржылық-экономикалық көрсеткіштерінің және өндіру нәтижелерінің сапалы жаңаруына әкелетін кәсіпорынды басқару жүйесін жетілдірудің үздіксіз және серпінді процесі.
3. Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспары мынадай көрсеткіштерге қол жеткізуді көздейді:
1) индустриялық-инновациялық жобаның қаржылық өтелу;
2) еңбек өнімділігін екі есе, бірақ жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту жобалары бойынша орташа салалық деңгейден кемінде жарты есеге немесе жаңа индустриялық-инновациялық жобалар бойынша орташа салалық деңгейден үш есеге артуы;
3) өнімнің бәсекеге қабілеттілігі (ішкі және сыртқы нарықтардасұранысқа ие өнімдер).
4. Кәсіпкер ұсынылатын құжаттардың толықтығы мен анықтылығын қамтамасыз етеді. Кәсіпкер ұсынған ақпаратта есептерде қолданылған деректер көздері және есептерді жүргізу күні, бағалардың салыстырмалы талдауын көрсетеді. Кәсіпкер ұсынылатын деректерді қасақана бұрмаланғаны тексерісті тоқтату және жобадан бас тарту үшін негіз болып табылады.
5. Кәсіпкер Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын қағаз тасығыштағы және электрондық нысандағы, Word-форматындағы файлдарда, есептері бар кестелер Excel-форматындағы файлдарда мәтінді құжаттарды ұсынады.
6. Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспары нөмірленеді, мұқабасы түптеледі, тігіледі, қағаз пломбамен бекітіледі, онда тігілген және нөмірленген парақтар саны туралы жазба жазылады, сондай-ақ бірінші басшы, бас есепші (бар болған жағдайда) қол қояды және кәсіпкердің мөрімен (бар болған жағдайда) куәландырылады. Қол мен мөр ішінара қағаз пломбаға, ішінара құжат парағына басылып жазылады. Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарына бірінші басшы кешенді жоспардың титулдық параққа мөр бедерлерімен қолын қояды. Кәсіпкер индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарының түпнұсқасымен бірге оның бірінші басшысының қолымен және кәсіпкерінің мөрімен куәландырылған оның көшірмесін ұсынады.
7. Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспары осы Әдістемеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.
Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу әдістемесіне қосымша Нысан |
Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспары
1-тарау. Жалпы мәліметтер
1. Кәсіпкер туралы мәлімет:
1) заңды тұлғаның атауы, ұйымдастырушылық–құқықтық нысаны, салалық тиесілігі, басшының лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда);
2) заңды және нақты мекенжайы, телефоны, факс, e-mail;
3) мемлекеттік тіркеу нөмірі және күні.
2. Кәсіпкердің ағымдағы жағдайынталдау:
1) кәсіпорын қызметі,оның өндірістік құрылымы,кәсіпорын өндіретін өнім (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер);
2) соңғы 3 жылда өнімдердің негізгі түрлерін өндіруді дамыту серпіні: өнім өндіру бойынша қолданыстағы қуаттылық, өнімдерді заттай және құндық мәнде өндіру;
3) өндірілген өнімдерді негізгі тұтынушылар;
4) ішкі және сыртқы нарықта сатылатын өнімдердің үлесі;
5) институционалды тәуекелдер (кәсіпкердің іскерлік тәжірибесі, беделі).
3. Кәсіпорынның ұйымдастырушы құрылымы және кадрлық құрамын талдау:
1) ұйымдастыру құрылымның сипаттамасы;
2) кәсіпорын бөлімшелері жұмыскерлерінің саны және сапалық құрамы туралы ақпарат және басқарушылық персоналы туралы мәліметтер, оның ішінде: атқаратын лауазымы, білімі, біліктілігі, жасы, жұмыс өтілі бойынша деректер;
3) персоналдың біліктілігін арттыру бойынша жүргізілген жұмыс туралы ақпарат;
4) жобаны басқарудың ұйымдастырушылық схемасы (негізгі қатысушылар, олардың өзара іс-қимыл схемасы);
5) жобаға сәйкес келетін штат кестесі;
6) ұқсас жобаларды іске асыру тәжірибесінің болуы.
4. Жобаның өзектілігі:
1) жобаны орындау қажеттілігі және орындылығы;
2) жобаның тиімділігі мен экономикалық орындылығының негіздемесі;
3) жобаның әлеуметтік-экономикалық тиімділігі туралы ақпарат (жұмыс орындарын құру, экспорт, салық аударымдары, жабдықты жаңғырту және т.б.).
5. Жобаның мақсаты.
2-тарау. Индустриялық-инновациялық жобаның Бағдарлама шеңберіндегі ұзақ
мерзімді лизингтік қаржыландыруды ұсыну критерийлеріне сәйкестігі
6. Индустриялық-инновациялық жоба Бағдарлама шеңберіндегі ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландырудыұсыну критерийлеріне сәйкес келеді:
1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 1194 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12640 болып тіркелген) Еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне мемлекеттік қолдауды ұсыну қағидаларына Өтініш берушілер үшін экономиканың басым секторларының тізбесіне 1-қосымшаға сәйкес (түсіндіру жүргізіледі);
2) жыл бойынша күтілетін еңбек өнімділігін бағалау (ұлттық статистиканың деректері бойынша экономиканың тиісті салаларындағы ағымдағы орта салалық деңгейі және/немесе еңбек өнімділігінің көрсеткіштерінің есептері мен мәні бар жоспарланатын салыстыру мен есебі жүргізіледі) (кесте нысанында).
3-тарау. Кәсіпорынның қаржылық жай-күйі
7. Кәсіпорынның қаржылық жай-күй:
1) кәсіпорынның қаржылық жай-күйі, ағымдағы өтемділігі, меншікті қаражатпен қамтамасыз етілуі, (соңғы 3 (үш) жылдағыжәне соңғы есептік күніндегі несиелік тарихы) кредиторлық және дебиторлық берешектері туралы ақпарат, есептік кезеңнің басындағы және соңындағы салыстырмалы ақпаратпен қоса актив және пассив баптарының қаржы есебіне түсіндірме жазба, кәсіпорынның соңғы 3 (үш) жылдағы және ағымдағы жылдың соңғы есептік күніндегі несиелік тарихы көрсетіледі;
2) акционерлік қоғамдар үшін, аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар аудитор қорытындысының көшірмесі қоса беріледі (лицензияның көшірмесі қоса беріледі, егер кәсіпкер индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарын ағымдағы жылғы 30 сәуірде ұсынған жағдайда, онда қаржылық жылға соңғы қаржылық жылдың алдыңғы жылына аудиторлық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар аудитор қорытындысының көшірмесі қоса беріледі).
Егер кәсіпкердің еншілес ұйымдары болса немесе ірі компаниялар тобының бөлігі болған жағдайда, барлық топтың қаржылық қызмет нәтижелері мен қаржылық жағдайын бағалау үшін шоғырландырылған қаржы есебі қосымша көрсетілуіқажет.
4-тарау. Кәсіпорынды жаңғырту бағыттарының негіздемесі
8. Өндірістік технологияларды жаңғырту қажеттілігінің негіздемесі:
1) пайдаланылатын технологияларды талдау (өндірістің пайдаланылатын технологияларының ағымдағы жай-күйі туралы ақпарат);
2) өнімдерді өндірудің қолданыстағы тәсілдерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін салыстырмалы талдау;
3) енгізілетін технологиялардың сипаттамасы, оны таңдау негіздемесі және баламалы нұсқалармен салыстыру, құны туралы ақпарат, инновациялылығы;
4) күтілетін нәтижелер (қаржылық, әлеуметтік, экологиялық).
9. Технологиялық жабдықтарды жаңғырту қажеттілігінің негіздемесі:
1) қолданыстағы технологиялық жабдықтардың сипаттамасы (жабдықтың ағымдағы жағдайы туралы ақпарат, тозу деңгейі, жобалық және нақты жүктелу деңгейі), өндірістік кешендер/технологиялық учаскелер үшін қосымша жабдықтарды сатып алу мүмкіндігі туралы ақпарат;
2) технологиялық жабдықтарды таңдау негіздемесі және баламалы нұсқалардан бас тарту (таңдап алынған жабдықтардың артықшылықтары мен кемшіліктерінің салыстырма талдауы, тізбесі, құны және негізгі техникалық сипаттамасы, жобада қолданылған жабдықты таңдау үшін негіз болған критерийлерін көрсете отырып баламалы нұсқалардан бас тарту, жабдықты сатып алуға арналған сметалық шығындар, жоспарланған шығындарды көрсете отырып, персоналды қосымша оқыту және оны сертификаттау қажеттілігі мәселесін жариялау, уәкілетті органдарда тіркеу үшін сатып алынатын және жабдықтарды қосымша сынау қажеттілігін көрсету);
3) болжанатын өнім берушілер туралы мәліметтер (өнім берушілермен жасалған/дайындалған келісімдерді қоса бере отырып, өнім берушілердің байланыс деректері);
4) ресурстарды қажетті тұтыну көлемі (электр және жылу энергиясы, су), сондай-ақ технологиялық жабдықтарды енгізу нәтижесінде көрсетілген ресурстарды тұтынудағы өзгерістер туралы ақпарат;
10. Кәсіпорындағы өнімдердің сапасын басқару жүйесі:
1) шығарылатын өнімдердің сапалық сипаттамалары және оны үздіксіз жақсарту шаралары, сондай-ақ өнімдердің сапасына әсер ететін факторлар (шикізат, өндірістің қолданылатын технологиялары);
2) шығару болжанатын өнімдердің халықаралық сапа стандартына сәйкестігі туралы ақпарат.
11. Өндірістік алаң және инфрақұрылым:
1) жобаны орналастыру орны, сипаттамасы және орналасуы;
2) өндірістік алаңның инфрақұрылымы (электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау, жылумен жабдықтау, газбен жабдықтау, канализация, көліктік қамтамасыз ету);
3) жаңа өндіріс алаңдарындағы және өзге де инфрақұрылымның қажеттіліктері бойынша деректер.
12. Жобаны ғылыми-инновациялық қолдау:
1) кәсіпорынның қолда бар ғылыми-инновациялық әлеуеті (кадрлар, ғылыми қызметі, инновациялар әзірлеуді және енгізуді ынталандырудың тетіктері мен құралдары);
2) кадрлар тартуда, ғылыми қолдау негіздемелерінде, инновацияларды ынталандыру тетіктерінде жасалатын жобаны тиімді ғылыми-инновациялық қамтамасыз ету қажеттілігі.
5-тарау. Маркетингтік жоспар немесе стратегия
13. Кәсіпорынның қолданыстағы маркетингтік жүйесін талдау:
1) кәсіпорынның маркетингтік-өткізу бөлімшесінің құрылымы, штаты, мақсаттары мен міндеттері;
2) кәсіпорындағы өнімдерді өткізуді басқару туралы ақпарат (өткізу – көтерме сауда желілерінің жүйесі, бөлшек сауда желілері, тікелей сатылымдар, өткізу тығыздығы, сауда қорларын айқындау, көлікті жоспарлау);
3) кәсіпорындағы өнімдерді жылжытуды басқару туралы ақпарат (жарнамалық және PR іс-шараларын әзірлеу, сатуды ынталандыру бойынша іс-шаралар, сауда маркасына қатысты саясат).
14. Өнім нарығын зерттеу:
1) нарықтағы бар сұранысты және ұсынысты бағалау (негізгі өндірушілер мен тұтынушылар, өндіріс және тұтыну көлемі, нарық үлесі, баға/сапа арақатынасы);
2) бәсекелі ортаны бағалау;
3) ұқсас өнімдердің (кемінде 3 және одан көп) бағаларын салыстырмалы талдау;
4) соңғы 5 жылдағы өндіріс серпінін, өнімдер импортын, экспортын бағалау;
5) қолданыстағы әлеуетті жергілікті өндірушілер тарапынан күтілетін сұраныстың, ұсыныс пен бәсекелестік деңгейін өзгерту;
6) жаңғырту нәтижесінде шығарылатын өнімге баға деңгейінің күтілетінөзгерісі;
7) өнімдерді өткізудің перспективалық нарықтарының орналасқан жері;
8) өткізу нарығына өнімдерді шығару бойынша колданыстағы және күтілетін кедендік, салықтық және басқа да тосқауылдар.
15. Өндірістің шикізат, материалдар нарығын және өзге дефакторларын зерттеу:
1) өндірістің шикізаттық және өзге де факторларының сипаттамасы (өнім берушілер бойынша деректер, өндірістік алаңнан алшақтығы);
2) өндірістің шикізат, материалдар және өзге дефакторларының қолжетімділігі;
3) заттай және ақшалай мәндегі жабдықтау бағдарламасы (жобаны іске асырудың әрбір жылына арналған);
4) жоба бойынша шикізатты талдау (бағалар, саны, келісімшарттар және т.с.с.);
5) ұқсас өндірушілердегі шикізаттың бағаларын салыстырмалы талдау.
16. Маркетингтік стратегия:
1) өткізудің болжамды көлемінің негізділігі;
2) жылдар бойынша өндірістік қуаттарды пайдаланудың болжамды деңгейіне сүйене отырып, өнім өндіру жоспары;
3) өндірілетін өнімдердің номенклатурасы;
4) өнімге баға белгілеу;
5) өнімдердің экспорты, жалпы экспорткөлемінен өнім экспортының үлесі;
6) өнімді ішкі пайдалану.
17. Жобаның келісімшарттық пысықталуы:
1) жобаның шикізатты, материалдарды және жинақтаушыларды сатып алуға арналған келісімшарттармен қамтамасыз етілуі (сипаттама, өнім берушілердің тізбесі, сомалары, бағалары, көлемдері, жеткізу шарттары мен мерзімдері, төлемдері);
2) жобаның өнімдерді өткізуге арналған келісімшарттармен қамтамасыз етілуі (сатып алушылар тізбесі, сомасы, бағасы, көлемі, шарттары, жеткізу мерзімдері және төлемі).
6-тарау. Қаржылық жоспар
18. Жобаның көлемі, құрылымы және қаржыландыру көздері:
1) жобаны іске асырудың әрбір жылы бойынша жобаны іске асыру үшін қажетті қаражат көлемі;
2) қаржыландырудың сұратылатын шарттары;
3) жобаны іске асырудың әрбір жылы бойынша жергілікті валютада жоба бойынша шығындардың сметасы (жабдық, технология, тасымалдау, кедендік ресімдеумен, сертификатталаумен және сақтаумен байланысты шығыстар, айналым қаражаттары);
4) жобаның құрылымы және қаржыландыру көздері (қарыз және меншікті қаражаттары, құралдар операторларының қаражаты).
19. Шығыс жоспары:
1) жылдар бойынша заттай және құндық мәнде жоба бойынша шығыстарды бөле отырып, жаңғырту нәтижесіндегі кәсіпкердің қызметін егжей-тегжейлі болжау;
2) құндық мәндегі жаңғырту нәтижесіндегі өнім бірліктерінің өзіндік құнының калькуляциясы, оның ішінде заттай мәндегі шикізат, материалдар мен жинақтаушылар шығыстарының нормаларын көрсету.
20. Кірістер жоспары (жылдар бойынша, жобадан заттай және құндық мәндегі сатуды бөле отырып, барлық қызметтен сату жоспары).
21. Қаржылық міндеттемелері: кәсіпкерде бар қаржылық міндеттемелердің тізбесі, оның ішінде қайтарымды қаржылық көмек, кредиттер, облигациялар, екінші деңгейлі банктердің кепілдемелері (кредиторды, шарт нөмірін, игеру басталған күнді, қарыз сомасы мен мерзімін, қарызберешегінің қалдығы, мерзімінің өтуін көрсету).
22. Ақшалай қаражат ағындары (кәсіпорынның операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметінен ақшалай қаражаттар түсуін және кетуін болжау (жылдар бойынша тұтынушылар тарапынан да, өнім берушілердің пайдасына да төлем бойынша күтілетін кешіктірулерді есепке ала отырып).
23. Жобаның тиімділігін талдау (қаржылық циклдің таза келтірілген құнының (NPV) есебі, табыстылықтың ішкі нормалары (IRR), жобаның өтінімділік мерзімі, қарызды өтеу коэффициенті (DSCR), EBIDTA, табыстарды төмендетуге, шығындарды ұлғайтуға жобаның сезімталдығын талдау, экономикалық шығындар мен пайданы салыстыру).
24. Жобаның жалпы құны:
Атауы | Сомасы | Қаржыландыру көздері | ||
АҚШ долл./евро/тг. | Кәсіпкер | "ҚДБ-Лизинг" акционерлік қоғамы | Өзге де көздер (атауы) | |
Жабдық | ||||
Құрылыс монтаж жұмыстары | ||||
Айналым капиталы | ||||
Басқа да шығындар | ||||
ЖИЫНТЫҒЫ: |
25. Лизинг мәнінің жеткізушілері:
Лизинг мәнінің атауы | Жеткізуші | Саны | 1 бірліктің бағасы | Жалпы құны | |
1 | |||||
2 | |||||
3 | |||||
4 | |||||
… | … | … | |||
ЖИЫНТЫҒЫ |
7-тарау. Тәуекелдерді бағалау
26. Жобаның SWOT-талдауы (күшті және әлсіз жақтары, қатерлер мен мүмкіндіктері).
27. Бәсеке деңгейін бағалау.
28. Жоба бойынша мүмкін болатын тәуекелдерді бағалау (тәуекелдерді анықтау және бастапқыталдау, олардың туындауынан барлық мүмкін болатын нысандары бойынша тәуекелдердің туындау ықтималдығы):
1) экономикалық тәуекелдер (жобаның өтімсізділігініңкоммерциялық және қаржылық тәуекелдері, қарызды өтеу бойынша міндеттемелердің орындалмауы, өнімдерді асыра өндіру немесе өткізудің мүмкін еместігі тәуекелдері, бәсекелестіктің өсу тәуекелі);
2) техникалық және технологиялық тәуекелдер (өндірістің таңдап алынған технологияларының, жабдық жиынтығының сәйкес келмеуі, жобаның қажеттіліктеріне сәйкес материалдармен қамтамасыз етілмеу тәуекелдері, пайдалануға уақытында бермеу тәуекелі, қысқаша ақпарат беріледі);
3) тәуекелдерді төмендету жөніндегі іс-шаралар.
8-тарау. Экологиялық бөлім
29. Жобаның айналадағы ортаға әсері және зиянды әсерлерді азайту жөніндегі іс-шаралар жоспары:
1) қоршаған ортаға болжанатын қолайсыз әсерлердің деңгейін айқындауға бағытталған техникалық және ұйымдастырушылық іс-шаралардың сипаттамасы;
2) қоршаған ортаға әсер етудегі алдын ала бағалауға арналған мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы (қоршаған ортаға әсер етуді алдын ала бағалау);
3) қоршаған ортаға жағымсыз әсер етуді шектеумен байланысты табиғатты қорғау іс-шараларын іске асыру кестесі.
30. Жоба технологиясының қоршаған ортаға әсері бойынша халықаралық стандарттар мен нормативтерге сәйкестігі.
9-тарау. Жобаны іске асырудың жоспар-кестесі (айлар бойынша)
31. Жобаны іске асырудың жоспар-кестесі (айлар бойынша) кесте нысанында Гант диаграммасы түрінде жобаны іске асыру кезеңін, мерзімін көрсете отырып жасалады.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 29 тамыздағы № 579 бұйрығына 2-қосымша |
Индустриялық-инновациялық жобаның мониторингі туралы келісімінің үлгілік нысаны
____________ 20___жылғы "___"___________
(қала)
Бұдан әрі "құрал операторы" деп аталатын _____________________________________
(лауазымы, аты, тегі, әкесінің аты (бар болған жағдайда)) тұлғасында, ______________
негізінде әрекет ететін, "БРК-Лизинг" акционерлік қоғамы бір тараптан, бұдан әрі "Ұлттық
институт" деп аталатын ___________________________________________________________
(лауазымы, аты, тегі, әкесінің аты (бар болған жағдайда)) тұлғасында
________________________________________________________ негізінде әрекет ететін,
"Қазақстандық индустрияны дамыту институты" акционерлік қоғамы екінші
тараптан, және _____________, (кәсіпкердің толық атауы)бұдан әрі "кәсіпкер" деп аталатын
_________________________ тұлғасында, (басшының лауазымы,тегі, аты, әкесінің аты (бар
болған жағдайда)) ___________________________________________ негізінде әрекет ететін,
үшінші тараптан, бірлесіп "Тараптар" деп аталатын, ал әрқайсысы жеке "Тарап" деп
аталатындар мына төмендегілер туралы
Индустриялық-инновациялық жобаның мониторингі туралы осы келісімді (бұдан әрі - Келісім) жасасты:
1. Келісім мәні
1. Кәсіпкер "____________________________________________"
(индустриялық-инновациялық жобаның атауы)
индустриялық-инновациялық жобасын (бұдан әрі – жоба) жобаның кешенді жоспарымен айқындалған көрсеткіштерге қол жеткізуге, құрал операторы – кәсіпкерге "ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру" құралы түрінде мемлекеттік қолдау шарасын ұсынуға, ал "ұлттық институт" – жобаның іске асырылуына мониторинг жүргізуге міндеттенеді.
2. Тараптардың құқықтары мен міндеттемелері
2. Ұлттық институт:
1) құрал операторын Келісімді орындауға айтарлықтай әсер етуге жарамды, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 1194 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12640 болып тіркелген) Еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға бағытталған индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін мемлекеттік қолдауды ұсыну қағидаларын іске асырумен байланысты барлық өзгерістер туралы хабардар етеді;
2) жобаны аяқтағаннан кейін 2 жыл ішінде мониторинг жүргізеді.
3. Құрал операторы:
1) кәсіпкерді Келісімді орындауға айтарлықтай әсер етуге қабілетті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асырумен байланысты барлық өзгерістер туралы хабардар етеді;
2) жобаны жүзеге асырудың барлық мерзімі ішінде оның іске асырылуына және жобаны аяқтағаннан кейін 2 жыл ішінде мониторинг жүргізеді;
3) ұлттық институтқа тоқсан сайынғы негізде одан әрі индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті органға жолдау үшін есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей осы Келісімге 1-қосымшаға сәйкес Бағдарлама шеңберінде "ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды" құрал операторының есебін жібереді;
4) жобаны іске асыруды аяқтау күні туралы ұлттық институтқа хабардар етеді.
4. Кәсіпкер:
1) тоқсан сайынғы негізде есептік кезеңнен кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей, құрал операторына осы Келісімге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаның іске асырылу барысы туралы кәсіпкердің есебін ұсынады;
2) ұлттық институтқа және/немесе құрал операторына одан тиісті сұрау салуды алған күннен бастап 5 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жобаның іске асырылу барысы туралы қосымша ақпаратты ұсынады;
3) жобаны іске асыру нәтижесінде осы Келісімге 3-қосымшаға сәйкес жобаның кешенді жоспарының көрсеткіштері қол жеткізеді.
3. Тараптардың жауапкершілігі
5. Кәсіпкер мыналарға жауапты:
1) ұсынылған ақпараттың толықтығына, уақытылы тапсырылуына және анықтылығына;
2) осы Келісімге 3-қосымшаға сәйкес жобаның кешенді жоспарының көрсеткіштеріне қол жеткізілмеуіне.
6. Құрал операторы мыналарға:
1) ұсынылған ақпараттың толықтығына, уақытылы тапсырылуына және анықтылығына;
2) мемлекеттік қолдау шараларын уақытылы ұсынуға жауапты болады.
7. Ұлттық институт Қағидаларға сәйкес мониторинг нәтижесі бойынша ұсынылған ақпараттың толықтығына, уақытылығына және анықтылығына жауапты болады.
4. Құпиялылық
10. Келісімнің шарттарына қатысты ақпарат, банк құпиясы, сондай-ақ келісімді жасасу және орындау барысында Тараптар алған қаржылық, коммерциялық және өзге де ақпарат құпия болып табылады және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен көзделген жағдайларды қоспағанда үшінші тұлғаларға жариялауға жатпайды.
11. Тараптар Келісімнің құпиялығын сақтау үшін барлық қажетті, оның ішінде құқықтық сипаттағы шараларды қабылдайды. Тараптардың лауазымды тұлғалары мен қызметкерлеріне Келісімді іске асыру барысында алынған мәліметтерді жариялауға не үшінші тұлғаларға беруге тыйым салынады.
12. Тараптардың кез келгені Келісім талаптарын бұзуда, құпия ақпаратты жариялау не тарату жағдайында, кінәлі Тарап осындай ақпаратты жариялау салдарынан басқа Тарап шеккен шығындарды өтей отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілікке тартылады.
5. Форс-мажор
13. Тараптар Келісім бойынша міндеттемелерін ішінара немесе толық орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады, егер осы орындамау осы Келісімді жасағаннан кейін еңсерілмейтін күштің күтпеген жағдайларының салдары болса, Тараптар болжай алмаған және тиісті шаралармен алдын алмаған осындай төтенше сипаттағы оқиғалар нәтижелерінде орындалмаса, жауапкершіліктен босатылады. Еңсерілмейтін күш жағдайларына Тараптар әсер ете алмайтын, оның туындауына олар жауапкершілік арта алмайтын оқиғалар және Келісім бойынша міндеттемелерді орындауға тікелей әсер еткен жағдайлар жатады.
6. Қорытынды ережелер
14. Келісім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және құрал операторы мен кәсіпкер арасында жасалған қаржылық лизинг шартының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін қолданыста болады.
15. Келісімге енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар, оларды жазбаша түрде ресімдеген және одан әрі осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын барлық Тараптардың уәкілетті тұлғалары қол қойған кезде жарамды болады.
16. Тараптар деректемелері (заңды мекенжайлары, есеп шот нөмірлері) өзгерген жағдайда, бір-бірін дереу хабардар етеді.
17. Келісім Тараптардың әрқайсысына бір данадан берілетін бірдей заңды күші бар үш данада мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған.
7. Тараптардың заңды мекенжайлары мен деректемелері
Тараптардың қолдары:
Ұлттық институт: |
Құрал операторы: |
Кәсіпкер: |
Индустриялық-инновациялық жобаның мониторингі туралы келісімге 1-қосымша |
әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
"Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру" құралын іске асыру туралы есеп 20___ жылғы________ тоқсан бойынша есеп
Индекс:1- ҚДБ-Лизинг
Мерзімділігі: тоқсан сайын
Ұсынатын тұлғалар: "ҚДБ-Лизинг" акционерлік қоғамы
Қайда ұсынылады: индустрияны дамыту саласындаұлттық институт
Ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей, тоқсан сайын
мың теңге |
№ р/с | Кәсіпорын атауы | Құралдың атауы | Өтінімнің түскен күні | Мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну туралы шешімнің қабылданған күні | Сомасы | Есептік күнге қаржыландырылған сома | Еңбек өнімділігі, мың тг./ адам | Еңбек өнімділігінің өсімі, % өткен жылғы ұқсас мерзімге | Өнделген экспорт көлемі, мың АҚШ доллары | Өнделген экспорт өсімі, % өткен жылғы ұқсас мерзімге | Ағымдағы жағдай | |
Өтініш берушінің өзінің қатысуы | Мемлекеттік қолдау | |||||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 |
Басшысы: ______________ / Тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда)/ (қолы)
Мөр орны (бар болғанда)
Ескертпе: Толтыру бойынша түсіндірме әкімшілік деректерді жинауға арналған нысаны "Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру" құралын іске асыру туралы есептің" осы нысанда қосымшада келтірілген.
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанға қосымша |
"Ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру" құралын іске асыру туралы есеп" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толықтыру бойынша түсіндірме
1. Жалпы ережелер
1. Осы нысан Бағдарламамен көзделген мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру мониторингі әкімшілік деректерді жинауға арналған (бұдан әрі - Нысан).
2. Толтырылған Нысанды "ҚДБ-Лизинг" акционерлік қоғамы "Қазақстандық индустрияны дамыту институты" акционерлік қоғамына есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей тоқсан сайын ұсынады.
3. Көрсеткіштер нақты деректер бойынша ағымдағы есепті кезеңнің бірінші күніне қалыптастырылады.
4. Нысанға бірінші басшы, ол жоқ болған жағдайда оның міндеттерін атқарушы адам қол қояды.
2. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
5. Нысанның 1-бағанында реттік нөмір көрсетіледі.
6. Нысанның 2-бағанында Бағдарлама шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларын алған кәсіпорынның атауы көрсетіледі.
7. Нысанның 3-бағанында Бағдарлама шеңберінде ұсынылған мемлекеттік қолдау шараларының атауы көрсетіледі.
8. Нысанның 4-бағанында өтінімнің түскен күні көрсетіледі.
9. Нысанның 5-бағанында мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну туралы шешімнің қабылданған күні көрсетіледі.
10. Нысанның 6-бағанында өтініш берушінің өзінің қатысуының сомасы көрсетіледі.
11. Нысанның 7-бағанында мемлекеттік қолдау сомасы көрсетіледі.
12. Нысанның 8-бағанында есептік күнге қаржыландырылған сомасы көрсетіледі.
13. Нысанның 9, 10, 11 және 12-бағандарында егер кәсіпкер экспорты жүзеге асырған жағдайда өнімділік өсімнің және өнделген экспорт көлемінің көрсеткіші көрсетіледі.
14. Нысанның 13-бағанында "ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыру" құралы бойынша ағымдағы жағдай көрсетіледі.
Индустриялық-инновациялық жобаның мониторингі туралы келісімге 2-қосымша Нысан |
_______________________________________________
(кәсіпорынның атауы)
жай-күй бойынша
"____________________________________________"
жобасын іске асыру барысы туралы кәсіпкердің есебі
1. Нысаналы индикаторларға қол жеткізу жөніндегі ақпарат
№ р/с | Нысаналы индикатордың/мемлекеттік қолдау шарасының атауы | Өлшем бірлігі | Жоспар (кешенді жоспарда көрсетілген деректер) | Нақты | % | Ескертпе |
1 | Қуаттардың жүктемесі | % | ||||
2 | Еңбек өнімділігі | мың АҚШ доллары/бір адамға | Қандай іс-шаралардың есебінен еңбек өнімділігінің ұлғайғанын көрсету | |||
мың теңге/бір адамға | ||||||
3 | Өндірілген өнім көлемі | Заттай көріністе | ||||
Ақшалай көріністе | ||||||
4 | Жұмыс орындарының саны, оның ішінде: | адам | ||||
жаңадан құрылған жұмыс орындары | ||||||
5 | Объектіні пайдалануға беру күні | күні/айы /жылы | Жобаны іске асыру кестесінен ауытқыған жағдайда, себебін көрсету | |||
6 |
Өнделген экспорт көлемі | Заттай көріністе | ||||
Ақшалай көріністе |
2. Жобаның күнтізбелік кестесінің іс-шараларын іске асыру:
Жобаның кешенді жоспарында келтірілген күнтізбелік кестеге сәйкес мерзімдері бойынша (кестеден ауытқыған жағдайда, себебін көрсету) іске асырылған іс-шараларды сипаттау.
3. Құралды жетілдіру жөніндегі ұсыныстар жобаны іске асыру шеңберінде баламалы қаржыландыру көздерін көрсету;
"ұзақ мерзімді лизингтік қаржыландыруды" алған кездегі проблемаларды сипаттау;
жобаны іске асыру кезінде туындаған проблемаларды сипаттау;
кәсіпорынды тиімді жаңғырту үшін қандай мемлекеттік қолдау шаралары қажет;
құралды жетілдіру жөніндегі ұсыныстар.
Кәсіпорын басшысы:
_____________________ /Тегі, аты, әкесінің аты (бар болғанда)/
(қолы)
Мөр орны (бар болғанда)
Индустриялық-инновациялық жобаның мониторингі туралы келісімге 3-қосымша |
Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарының жоспарлы көрсеткіштері
р/с № | Индикаторлар | Өлшем бірлігі | Ағымдағы көрсеткіштер | Жоспарлы көрсеткіштер |
1 | Еңбек өнімділігін арттыру | мың теңге/бір адамға | (жылдары бойынша көрсету) | |
мың АҚШ доллары/бір адамға | ||||
2 | Қуаттылықтардың орташа жүктелімі | % | ||
3 | Өнім шығару көлемі | Ақшалай көріністе | ||
Заттай көріністе | ||||
4 |
Өнделген экспорт көлемі | Ақшалай көріністе | ||
… | және басқалары болған жағдайда (әрбір жоба бойынша жеке айқындалады) |