Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2017 жылғы 8 қыркүйектегі № 76 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 1 қарашада № 15951 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" 2012 жылғы 13 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңы 77-бабының 1, 2 және 5-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті 6-қызметінің Әскери-техникалық қамтамасыз ету департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің қазақ және орыс тілдеріндегі бір данасын қағаз және электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу және ресми жариялау үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
Төрағасы
К. Мәсімов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрі

      ______________ Б. Сұлтанов

      2017 жылғы 9 қазан

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының
2017 жылғы 8 қыркүйектегі
№ 76 бұйрығына
қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының өзгерістер
енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлерін арнаулы киім нысандарымен және басқа да заттай мүлікпен қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 26 мамырдағы № 41 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11500 болып тіркелген):

      аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлерін арнаулы киім нысандарымен және басқа да заттай мүлікпен қамтамасыз ету нормаларында:

      4-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының арнаулы жоғары (әскери) оқу орындарында жоғары және қосымша білім беру бағдарламалары бойынша оқитын курсанттар мен тыңдаушыларды арнаулы киім нысандарымен және басқа да заттай мүлікпен қамтамасыз ету нормалары";

      8-бөлімнің 8.2-кіші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "8.2. Төсек-орын жабдықтары (арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттарына, тыңдаушыларына)";

      252 жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

252

Арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттарын, тыңдаушыларын орналастыру үшін (40 адамға)

1

-

-

-

нақты пайдаланудың 15 айы

      ";

      259 жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

259

Бөлімшенің азық-түлік пункті:





нақты пайдаланудың 15 айы


қызметкерлер тамақтанатын асхана

1

-

-

-



Арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттары тыңдаушылары тамақтанатын асхана

1

-

-

-



қосалқы үй-жайлар

1

-

-

1



азық-түлікті сақтауға арналған

-

-

-

1


      ";

      ескертпенің 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. 1 жылға дейінгі және 2 жылға дейінгі оқу мерзімі бойынша бағдарламамен оқитын курсанттар мен тыңдаушыларға заттай мүлік оқу мерзіміне беріледі.".

      2. "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлерін қызметті өткеру ерекшеліктерін ескере отырып, азық-түлікпен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 26 мамырдағы № 40 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11442 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 3 шілдеде жарияланған):

      аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлерін қызметті өткеру ерекшеліктерін ескере отырып азық-түлікпен қамтамасыз етудің заттай нормаларында:

      2-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:

      "2..Арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттарына, тыңдаушыларына арналған үлес";

      ескертпеде:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2..Арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттарына, тыңдаушыларына арналған үлес нормасы бойынша:

      казармалық жағдайдағы арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттары, тыңдаушылары оқу мерзімінің барлық кезеңі ішінде оқуға қабылданған күнінен бастап арнаулы (әскери) оқу орындарының офицер атағын беру туралы бұйрығын алғанға дейін қамтамасыз етіледі.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Қосымша мерекелік үлес нормасы бойынша арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттары, тыңдаушылары мемлекеттік мереке, ант қабылдау күндерінде, сондай-ақ тәуліктік наряд (жауынгерлік кезекшілігін атқарушылар) құрамына кіретін қызметкерлер қамтамасыз етіледі.".

      3. "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттарына олар демалысқа кеткенде азық-түлік сыбағасының орнына ақшалай өтемақы төлеу нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 26 мамырдағы № 39 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11461 болып тіркелген):

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттарына, тыңдаушыларына олар демалысқа кеткенде азық-түлік сыбағасының орнына ақшалай өтемақы төлеу нормаларын бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттарына, тыңдаушыларына олар демалысқа кеткенде азық-түлік сыбағасының орнына ақшалай өтемақы төлеу нормасы тиісті қаржы жылына арналған мемлекеттік сатып алу туралы шартпен айқындалған арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушыларына арналған үлес бағасы және демалыс күндерінің саны негізінде белгіленсін.".