Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2017 жылғы 4 қазандағы № 137 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 27 қазанда № 15936 болып тіркелді

Қолданыстағы

      "Ақпараттандыру туралы" 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Әкімшілік департаменті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін қағаз және электронды түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізуді;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін ресми жариялау үшін мерзімді баспа басылымдарына жолдауды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің жауапты хатшысы М. А. Әзілхановқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Дін істері және азаматтық
қоғам министрі
Н. Ермекбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ақпарат және коммуникациялар министрі

      ________________ Д. Абаев

      2017 жылғы 9 қазан

  Қазақстан Республикасы
Дін істері және азаматтық
қоғам министрінің
2017 жылғы 4 қазандағы
№ 137 бұйрығымен
бекітілген

Ашық деректердің интернет-порталында орналыстырылған ашық деректер тізбесі

Р/с

Ашық деректер жинағының атауы

Жаңарту кезеңі

Ұсыну мерзімі

Дереккөз (ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы немесе мемлекеттік органдардыңAPI жүйесі арқылы)

Жауапты құрылымдылық бөлімше

1.

Ведомствалық ұйымдардың тізбесі

Қажеттілігіне қарай

есепті кезеңнен кейінгі келесі айдың 5 күніне дейін

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Персоналды басқару қызметі
Азаматтық қоғам істері комитеті
Дін істері комитеті

2.

Министрліктің құрылымы

Қажеттілігіне қарай

есепті кезеңнен кейінгі келесі айдың 5 күніне дейін

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Персоналды басқару қызметі

3.

Тіркелген діни бірлестіктердің тізбесі

Тоқсан сайын және қажеттілігіне қарай

есепті кезеңнен кейінгі келесі айдың 5 күніне дейін

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Дін істері комитеті

4.

Діни білім беру ұйымдардың тізбесі

Тоқсан сайын және қажеттілігіне қарай

есепті кезеңнен кейінгі келесі айдың 5 күніне дейін

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Дін істері комитеті

5.

Жастар ұйымдарының тізібесі

Жылсайын

есепті кезеңнен кейінгі келесі айдың 5 күніне дейін

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Жастар саясаты департаменті

6.

Үкіметтік емес ұйымдар туралы жалпы ақпарат

Тоқсан сайын және қажеттілігіне қарай

есепті кезеңнен кейінгі келесі айдың 5 күніне дейін

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Азаматтық қоғам істері комитеті

7.

Қоғамдық кеңестердің құрамы

Тоқсан сайын және қажеттілігіне қарай

есепті кезеңнен кейінгі келесі айдың 5 күніне дейін

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Әкімшілік департаменті

8.

ҚР ДІАҚМ басшылық атына Қазақстан Республикасы азаматтарынан келіп түскен өтініштер бойынша статистикалық деректер

Тоқсан сайын және қажеттілігіне қарай

есепті кезеңнен кейінгі келесі айдың 5 күніне дейін

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Әкімшілік департаменті

9.

ҚР ДІАҚМ басшыларының азаматтарды қабылдау кестесі

Қажеттілігіне қарай

есепті кезеңнен кейінгі келесі айдың 5 күніне дейін

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Әкімшілік департаменті

10.

ҚР ДІАҚМ-нің рұқсаттар мен хабарландырулардың тізілімі

Қажеттілігіне қарай

есепті кезеңнен кейінгі келесі айдың 5 күніне дейін

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Дін істері комитеті

11.

ҚР ДІАҚМ-нің мемлекеттік қызметтерінің тізбесі

Қажеттілігіне қарай

есепті кезеңнен кейінгі келесі айдың 5 күніне дейін

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Дін істері комитеті

12.

Халықтың өзекті мәселелерін талқылау мәселелері бойынша азаматтық сектордың өкілдерімен орталық және жергілікті мемлекеттік органдар басшыларының жиі кездесу кестесі

Қажеттілігіне қарай

1 рет жарты жылдықта, есепті кезеңнен кейінгі келесі 25 күніне дейін

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Азаматтық қоғам істері комитеті

13.

Діни субъектілердің саны

Қажеттілігіне қарай

есепті кезеңнен кейінгі келесі айдың 5 күніне дейін

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Дін істері комитеті

14.

Миссионерлер бойынша статистика

Қажеттілігіне қарай

есепті кезеңнен кейінгі келесі айдың 5 күніне дейін

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Дін істері комитеті

15.

Діни бірлестіктер бойынша статистика

Қажеттілігіне қарай

есепті кезеңнен кейінгі келесі айдың 5 күніне дейін

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Дін істері комитеті

16.

Елімізде діни жағдай бойынша статистика

Қажеттілігіне қарай

есепті кезеңнен кейінгі келесі айдың 5 күніне дейін

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Дін істері комитеті

17.

Рұқсат етілген діни әдебиеттердің, діни мақсаттағы заттардың тізімі

Қажеттілігіне қарай

есепті кезеңнен кейінгі келесі айдың 5 күніне дейін

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Дін істері комитеті

18.

Дінтану сараптамасын өткізу нәтижелері

Қажеттілігіне қарай

есепті кезеңнен кейінгі келесі айдың 5 күніне дейін

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Дін істері комитеті

19.

Қазақстан Республикасы аумағында шетелдік діни бірлестіктердің тізбесі

Қажеттілігіне қарай

есепті кезеңнен кейінгі келесі айдың 5 күніне дейін

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Дін істері комитеті

20.

Мемлекеттік жастар саясаты облысындағы жастар ұйымдарымен өзара іс-қимылды және ынтымастықты жүзеге асыру бойынша іс-шаралар

Қажеттілігіне қарай

есепті кезеңнен кейінгі келесі айдың 5 күніне дейін

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Департамент молодежной политики

21.

Ішкі саясаттың тұрақтылығын нығайтуға бағытталған халықаралық, республикалық іс-шаралардың, акциялар мен байқаулардың тізбесі

Қажеттілігіне қарай

жылына 1 рет, 25-ақпанға таман

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Азаматтық қоғам істері комитеті

22.

Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорына өзінің қызметі туралы мәліметтерін ұсынған үкіметтік емес ұйымдардың тізбесі

Қажеттілігіне қарай

жыл сайын 2-тоқсан, есепті кезеңнен кейінгі 1 күніне дейін

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Азаматтық қоғам істері комитеті

23.

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру мониторингі

Қажеттілігіне қарай

жылына 1 рет, 25-ақпанға дейін

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Азаматтық қоғам істері комитеті

24.

Үкіметтік емес ұйымдардың гранттық қаржыландыру жоспары

Қажеттілігіне қарай

жылына 1 рет, 25-қаңтарға таман

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Азаматтық қоғам істері комитеті

25.

Үкіметтік емес ұйымдарына арналған сыйлықақы лауреаттарының тізімі

Қажеттілігіне қарай

жылына 1 рет, 20-желтоқсанға таман

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Азаматтық қоғам істері комитеті

26.

ҚР ДІАҚМ-де бос лауазымдар туралы мәліметтер

Тоқсан сайын және қажеттілігіне қарай

есепті кезеңнен кейінгі келесі айдың 5 күніне дейін

ашық деректер интернет-порталы АЖО арқылы

Персоналды бақару қызметі

27.

ҚР ДІАҚМ қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілер тізімі

Келіп түсуіне қарай

Жарты жылда бір рет

Ашық деректер интернет-порталының АЖО

Әкімшілік департаменті

      Ескертпе: аббревиатурлардың толық жазылуы:
      ДІАҚМ – Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі
      АЖО – Ашық деректер интернет-порталы;
      API - Application Programming Interface.