"Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу, механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің м.а. 2017 жылғы 26 қыркүйектегі № 646 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылғы 25 қазанда № 15931 болып тіркелді

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу, механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10056 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 12 (28490) санында жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) көрсетілген бұйрықпен бекітілген Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу қағидаларында:

      3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) жоғары сұранысқа ие мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері (бұдан әрі – МТНБ) – жеке және заңды тұлғалардың автомобильдеріне арналған:

      010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 цифрлық белгідегі;

      бірдей әріптік белгілері бар 010, 020, 030, 040, 050, 060, 070, 077, 080, 090, 707 цифрлық белгідегі;

      100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 цифрлық белгідегі;

      бірдей әріптік белгілері бар 100, 111, 200, 222, 300, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 цифрлық белгідегі;

      001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 цифрлық белгідегі;

      бірдей әріптік белгілері бар 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 цифрлық белгідегі;

      бірдей әріптік белгілерімен;";

      3-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) көлік құралын бастапқы тіркеу – Қазақстан Республикасының аумағында алғаш жүзеге асырылатын, көлік құралын мемлекеттік тіркеу.

      Қазақстан Республикасының аумағына уақытша әкелінген, 2016 жылдың 1 қаңтарына дейін жүзеге асырылған көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу көлік құралын бастапқы тіркеу болып табылмайды;";

      3-тармақтың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "14) нөмірлік агрегат – көлік құралының шанағы, шассиі, рамасы, оларға өндіруші сәйкестендіру нөмірін басқан;";

      3-тармақ мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "15-1) тіркеу әрекеттері – көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырумен, есептен шығарумен, көлік құралдарының тіркеуіне және бірыңғай ақпараттық жүйеге өзгерістер енгізумен, кепілдерді тіркеумен (алумен), ауыртпалықтар салумен және алумен байланысты ішкі істер органдарының қызметі;";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Көлiк құралының иесi бiрлескен меншiк құқығы туралы куәлiктi ұсынған жағдайда КҚТК-нің "Ерекше белгiлер" бөліміне: "Тең иесі" деген жазба енгізіледі.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Көлік құралдарын тіркеу, тіркеуге өзгерістер енгізу, есептен шығару кезінде барлық қажетті деректер БАЖ-ға енгізіледі.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Көлік құралы көлік құралын өндірушінің Қазақстан Республикасының аумағындағы ресми дилерінен (өкілінен) сатып алынған жағдайда, сондай-ақ көлік құралы иесінің тегі, аты және әкесінің аты өзгерген жағдайларда, КҚТК телнұсқасы берілген және көлік құралын қайта жабдықтағаннан кейін КҚТК ауыстырған жағдайларда қарап тексеруге ұсынылмайды.

      Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көлік құралының орналасқан жері бойынша жасалған және уәкілетті орган лауазымды адамының қолымен және мөрімен расталған көлiк құралдарын байқау актілерін ұсынуға рұқсат етіледі. Актінің жарамдылық мерзімі күнтізбелік жиырма күн.";

      16-тармақтың 6) тармақшасы алып тасталсын;

      16-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) Қазақстан Республикасына уақытша, оның ішінде кері әкету туралы мiндеттемемен әкелінген көлiк құралдарының МТНБ, КҚТК және (немесе) тiркеу құжаттарын;";

      16-тармақтың 12) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) егер осы адамда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мөр болса, заңды тұлғаның өзінің құрылымдық бөлімшесіне немесе басқа заңды не жеке тұлғаға көлік құралын бөлу және беру туралы осы ұйымның мөрмен расталған бұйрығын (өкімін).";

      16-тармақтың 16) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "16) 018/2011 КО ТР 14 және 15-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша көлік құралының типін мақұлдауды, көлік құралы шассиінің типін мақұлдауды:

      көлік құралын дайындаған сәттен бастап үш жылдан аз уақыт өткен жағдайда, заңды тұлғалар Кеден одағы/Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табылмайтын елдерден әкелінетін, айналымға шығарылатын көлік құралдарын мемлекеттік тіркеген кезде;

      жеке және заңды тұлғалар Кеден одағы/Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерден әкелінетін, айналымға шығарылатын көлік құралдарын мемлекеттік тіркеген кезде;

      Көлік құралының иесі Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген құжаттар ұсынылмайды.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Көлік құралдары иелерінің қолда бар жоғары сұранысқа ие МТНБ тізбесіне (бұдан әрі – тізбе) қолжетімділігі тиісті ақпаратты ТЕБ пен Мемлекеттік корпорация үй-жайларында стендтерде және ақпараттық тақталарда, сондай-ақ ІІО-ның интернет-ресурстарында орналастыру жолымен ұйымдастырылады.

      Көлік құралының иесі жоғары сұранысқа ие МТНБ-ның цифрлық және (немесе) әріптік белгіленуін таңдауға құқылы. Иесі жоғары сұранысқа ие МТНБ-ның цифрлық және (немесе) әріптік белгіленуін таңдаған көлік құралын тіркеу МТНБ дайындағаннан кейін жүргізіледі.";

      49-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) көлік құралы иесiнiң тұрғылықты жері (заңды тұлғаның мекенжайы) өзгерген, көлік құралы иесінің ерік қалауы бойынша;";

      49-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) қайта жабдықтау немесе көлік құралы типі өзгерген;";

      57-тармақтың үшінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Салық салу объектісі болып табылатын көлік құралына қатысты тіркеу әрекеттерін жүзеге асырған жағдайда, меншік құқығын беретін адамның осындай объектіге нақты иелік ету кезеңі үшін төлеуге жататын салық сомасы Салық кодексінде белгіленген тәртіппен, көрсетілген іс-әрекеттерді жасағанға дейін бюджетке енгізіледі.";

      57-тармақтың бесінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Есептен шығару ішкі істер органдарының ақпараттық ресурстары бойынша есептен шығаруға ешқандай шектеулер жоқ екені туралы сұрау салулар орындалғаннан кейін ғана жүргізіледі.";

      62-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "62. Соттар, құқық қорғау органдары мен мемлекеттік кіріс органдары не Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртіппен басқа да органдар меншiк құқығын өзгерту бойынша тыйымдар немесе шектеулер енгізген көлiк құралдарын есептен шығару тиісті органдар берген және көрсетілген тыйымдардың немесе шектеулердiң жоқ екені туралы куәландыратын құжаттар ұсынылғаннан кейін не сот органдарының шешімі бойынша жүргізіледі.

      Тіркеу әрекеттеріне тыйым салулар немесе шектеулер тиісті органдар (ұйымдар) берген құжаттар (сот органдарының қаулылары, шешімдері, ұйғарымдары, кепіл және лизинг шарттары және т.б.) келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей БАЖ-ға қойылады немесе алынады.";

      64-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "64. Заңды тұлғалардың көлік құралдарын жеке тұлғаларға сату кезінде есептен шығару осы Қағидалардың 16-тармағының 1), 7), 9), 11), 12) және 13) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың, заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік (коммуналдық) меншік құқығы субъектісінің (мемлекеттік меншіктегі заңды тұлғалар үшін) функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік (коммуналдық) органдар рұқсатының негізінде жүргізіледі. Бұл ретте тіркеу құжатына жазба енгізіледі: "Автомобиль азамат Т.А.Ә. (ол болған кезде) сатуға байланысты есептен шығарылды, тұрғылықты тұратын мекенжайы, жеке басты куәландыратын құжатының сериясы, нөмірі.".

      Көлік құралының иесі Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде осы Қағидалардың 16-тармағының 1), 6) тармақшаларында көрсетiлген құжаттар ұсынылмайды.";

      мынадай мазмұндағы 68-тармақпен толықтырылсын:

      "68. Көлік құралын өндіруші басып салған нөмірлік агрегаттарды қолдан жасау, жасыру, өзгерту және (немесе) таңбаларын жою фактісі анықталған жағдайда көлік құралын мемлекеттік тіркеу растайтын құжаттарды қоса отырып, қорытындының (ерікті нысанда) негізінде тоқтатылады.".

      2) көрсетілген бұйрықпен бекітілген Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау қағидаларында:

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) алғашқы көмек – зардап шегушілер білікті медициналық көмек алу мүмкіндігіне дейін адамдардың орындауы үшін қолжетімді көмектің іс-шаралар кешені;

      2) контент – оқу материалдарын ақпараттық (мәтіндер, графикалар мультимедиалар және өзге де маңызды толықтыру) толықтыру;

      3) тестілеу кешені – интернет-ресурс арқылы қолжетімділігі бар білім беру процесінің барлық деңгейінде білім алушылардың оқу материалын меңгеру дәрежесін анықтауға арналған технология;

      4) аралас оқыту – дәстүрлі күндізгі оқыту нысанында және қашықтықтан оқыту технологияларын пайдалана отырып жүргізілетін оқыту технологиясы;

      5) тьютор ‒ білім алушыларға зерделенетін пәнді меңгеруге көмектесетін тұлға;

      6) қашықтықтан білім беру технологияларын іске асыратын оқу ұйымдарының интернет-ресурсы – білім беру процесінің қатысушылары үшін әкімшілік-академиялық ақпаратты қамтитын интернет-ресурс;

      7) "on-line" - нақты уақытта ақпаратпен алмасу;

      8) "off-line" - еркін уақыт кеңістігінде ақпаратпен алмасу;

      9) силлабус - оқу пәнінің қысқаша сипаттамасын, зерделенетін пәннің негізгі сипаттамасын қамтитын, пән бойынша білім алушыға арналған оқыту бағдарламасы.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Жүргізушілерді даярлау топтарына қабылданған, оқу ұйымдарындағы білім алушыларды есепке алу жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің автоматтандырылған кешенімен біріктіру мүмкіндігімен, автоматтандырылған ақпараттық жүйені пайдаланып жүргізіледі.";

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Механикалық көлік құралдарын (бұдан әрі – МКҚ) жүргізушілерді даярлау мынадай тақырыптық жоспарларға сәйкес жүзеге асырылады:

      1) "Құрылымы және техникалық қызмет көрсету";

      2) "Жол жүрісі қағидалары";

      3) "Көлік құралын басқару негіздері және қозғалыс қауіпсіздігі";

      4) "Жол-көлік оқиғасы (бұдан әрі ‒ ЖКО) кезіндегі алғашқы көмек";

      5) "Механикалық көлік құралын жүргізу (тиісті санаттағы, кіші санаттағы)";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Оқытудың негізгі нысандары теориялық, практикалық сабақтар болып табылады.

      Электрондық оқытуды және қашықтықтан білім беру технологияларын (бұдан әрі – ҚБТ) қолданып, "А", "В" санаттары және "А1", "В1" кіші санаттары үшін теориялық сабақтар жүргізуге мынадай талаптар сақталған жағдайда жол беріледі:

      1) Ақпараттық білім беру ресурсы (бұдан әрі – АБР) оқу-әдістемелік материалдармен, білім алушылардың оқытушымен және бір-бірімен интерактивті өзара іс-қимыл жасасу нысандарымен қамтамасыз етуді, сондай-ақ Интернет-ресурстың көмегімен оқу процесін әкімшілендіруді, ұйымдастыруды және сүйемелдеуді қамтиды. Интернет-ресурстың бағдарламалық коды, сондай-ақ тестілеуден өту нәтижелері, оқыту тарихы, білім алушылардың үлгерімі туралы ақпарат өзіндік серверлерде не оқу орнының (заңды тұлғаның) немесе жеке кәсіпкерлердің меншігіне жалға алынған серверлерде сақталады;

      2) Оқу контенті оқыту басталған сәтте жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы Қазақстан Республикасының ағымдағы заңнамасына сәйкес келеді;

      3) АБР арқылы іске асырылатын ҚБТ аутентификациялау жүйесі арқылы білім алушылардың жеке басын сәйкестендіруді қамтамасыз етеді;

      4) АБР-де ақпарат алмасу Hyper Text Transfer Protocol Secure (бұдан әрі – https) қорғалған хаттамасы жүйесін пайдаланып жүзеге асырылады;

      5) ҚБТ аралас оқыту технологиясының мүмкіндігін береді. АБР-ді пайдаланып қашықтықтан оқыту үлесі, оқыту контентін, сондай-ақ жалпы оқыту сағаты санынан тестілеуді қоса алғанда, кемінде 80% құрайды. Күндізгі нысанға кем дегенде 20%;

      6) ҚБТ бойынша оқу процесін жүзеге асыру үшін:

      - тьюторлар мен ҚБТ-ны іске асыру жөніндегі қызметтердің болуы;

      - on-line режимінде консультациялар ұйымдастыру және өткізу;

      - off-line режимінде кері байланысты ұйымдастыру қажет. Оff-line режиміндегі оқу сабақтары өзара оқу іс-қимылы процесін көздейді, бұл жағдайда оқытушы мен білім алушының қарым-қатынасы синхронды жүзеге асырылады (бейнедәрістер, АБР жүйесіндегі тапсырмалар, электрондық пошта, оқытушының тапсырмасы бойынша білім алушының оқулықпен жұмыс істеуі, кейіннен аралық және/немесе қорытынды бақылау тапсырмаларын тапсыруы);

      - білім алушылардың оқудағы жетістіктерін on-line және off-line режимінде бақылау қажет.

      7) АБР оқудан өту аяқталғаннан кейінгі екі жыл ішінде білім беру процесінің барлық деңгейлерінде білім алушылардың оқу материалын меңгеру нәтижелерін жинақтау және сақтау әдістері мен құралдарын ұсынады.

      8) Пәннің электрондық оқу-әдістемелік кешені міндетті және қосымша жиынтықтарды қамтиды.

      9) Міндетті жиынтық:

      а) пәннің мазмұнын, күнтізбелік-тақырыптық жоспарды, ұсынылатын әдебиеттер (негізігі және қосымша) тізімін, пәндерді модульдерге бөлуді қамтитын силлабустан;

      б) дәрістердің электрондық конспектісінен және бейнедәрістерден;

      в) практикалық және семинар сабақтарының материалдарынан;

      г) білім алушының өзіндік жұмысына және білім алушының оқытушының басшылығымен орындалатын өзіндік жұмысына арналған тапсырмалардан;

      д) аралық бақылауды ұйымдастыру материалдарынан (бақылау жұмыстары, тестілеу тапсырмалары, жеке тапсырмалар);

      е) қорытынды бақылауды ұйымдастыру материалдарынан (тесттік емтихан тапсырмалары, емтихан сұрақтары, билеттер, емтихандық бақылау жұмыстары);

      ж) қашықтықтан консультациялар жүргізу кестесінен тұрады.

      10) қосымша жиынтықты оқу ұйымы дербес анықтайды;

      11) ҚБТ-ны енгізетін білім беру ұйымында білім алушылардың деректер базасын (білім алушыларды қабылдау, ауыстыру, қайта қабылдау туралы бұйрықтар, білім алушылардың ағымдағы үлгерімі туралы мәліметтер) қамтитын ақпараттық басқару жүйесі құрылады;

      12) ҚБТ-ны іске асыратын оқу ұйымында ҚБТ бойынша оқу процесін ұйымдастырушылық, әдістемелік, ақпараттық және техникалық қолдауды жүзеге асыратын арнайы құрылымдық бөлімше құрылады;

      13) ҚБТ-ны сүйемелдеуді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімше ҚБТ бойынша оқу процесін жоспарлайды және ұйымдастырады, ҚБТ-ға байланысты құжаттаманы жүргізеді, оқытушылар мен тьюторлардың біліктілігін арттыруды жоспарлайды;

      14) ҚБТ-ны сүйемелдеуді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімше электронды оқу басылымдарын, мультимедиалық курстарды, әдістемелік құралдарды әзірлеуде консультативтік көмек көрсетуді жүзеге асырады, білімді бақылаудың тестілеу жүйесіне және басқа да құралдарына әкімшілік етеді, ҚБТ үшін ақпараттық ресурстарды пайдалану әдістемесін әзірлейді. Әрбір пән бойынша теориялық сабақтар, әдетте, күніне төрт сағаттан аспайтыңдай жоспарланады.

      Әрбір пән бойынша теориялық сабақтар, әдетте, күніне екі сағаттан, ал практикалық сабақтар алты сағаттан аспайтындай жоспарланады.

      Бір күн ішінде автомобиль жүргізуді үйренушінің біреуіне:

      1) автотренажерде кемінде бір сағат;

      2) оқу автомобилінде "Лекте жүру" жаттығуын, сондай-ақ төрт сағат ішінде пысықталатын, жүк тасымалдаумен байланысты жаттығуларды қоспағанда, кемінде екі сағат пысықтап үйретуге рұқсат етіледі.";

      9-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      " Практикалық сабақтарды үзіліссіз тоқсан минут ішінде өткізуге жол беріледі. Оқу уақытының ұзақтығы жұмыс күндері төрт сағаттан және демалыс күндері алты сағаттан аспауы тиіс.";

      10-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Автомобиль құрылымы және оған техникалық қызмет көрсету және ЖКО кезінде зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету бойынша практикалық сабақтар бір немесе бірнеше тақырып бойынша тиісті теориялық материалды зерделегеннен кейін жүргізіледі.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Практикалық жүргізу сабақтары әрбір білім алушымен жеке автотренажерларда (олар болған жағдайда), автодромдарда (жүргізіп үйренуге арналған алаңдарда) және үш жылда кемінде бір рет жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық уәкілетті органда келісуден өткен оқу бағыттарында өткізіледі.";

      16-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) жол жүрісі қағидалары, қозғалыс қауіпсіздігі мен ЖКО кезінде зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету негіздері;".

      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "18. Оқу ұйымында қорытынды аттестаттау өткізу кезінде емтихандардың нәтижелері бойынша оң баға алған білім алушы адамдарға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқыту курсын бітіргені туралы куәлік (бұдан әрі ‒ куәлік) беріледі.";

      22-тармақ алып тасталсын.

      Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау қағидаларына 1-қосымшада:

      "А" санаттағы және "А1", "В1" кіші санаттарындағы көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау бағдарламасының оқу жоспарының 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

4

ЖКО кезінде зардап шеккендерге алғашқы көмек

Практикалық.

      Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау қағидаларына 3-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жазылсын.

      3) көрсетілген бұйрықпен бекітілген Емтихандар қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларында:

      6-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) "Көлік құралдарын басқару құқығын алуға үміткер адамды медициналық қарап тексеруден, механикалық көлік құралдары жүргізушісін қайта медициналық қарап тексеруден өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 20 наурыздағы № 166 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8437 болып тіркелген) № 083/е нысанды медициналық анықтама (бұдан әрі – медициналық анықтама);

      2) көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымы берген, автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы расталған, курстарды аяқтағаны туралы куәлік ұсынған адамдар жіберіледі.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Теориялық және практикалық емтиханды қабылдау жөніндегі емтихан комиссиясы кемінде үш адамнан тұрады:

      1) уәкілетті органның қызметкерлері (комиссия төрағасы, комиссия мүшелері);

      2) оқу, кәсіби бірлестіктер мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері (комиссия мүшелері);

      Емтихан тапсыратын топты дайындауды жүзеге асыратын оқытушыны немесе автомобиль жүргізу жөніндегі өндірістік оқыту шеберін емтихан комиссиясының құрамына енгізуге жол берілмейді.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Емтихан тесті 40 сұрақты қамтиды. Әр сұраққа бірнеше жауап берілген, олардың біреуі дұрыс.

      Емтихан тапсырушының ерік қалауы бойынша теориялық емтиханды қазақ, орыс немесе ағылшын тілдерінде тапсыруға жол беріледі.

      Емтихан сұрақтарының блогы жүргізушілікке үміткер АЖО пернетақтасындағы тиісті пернені басқаннан кейін ғана қалыптасады және монитордың экранына шығады.";

      55-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "55. Сынақ жаттығуларын орындар алдында жүргізушілікке үміткерді көлік құралына отырғызу және сынақ жаттығуларын орындағаннан кейін одан шығару емтихан қабылдаушының басшылығымен жүзеге асырылады.

      Практикалық емтиханды автоматтандырылған автодромда тапсырған жағдайда практикалық емтихан өткізу уақытында емтихан қабылдаушының көлік құралында болуына жол берілмейді.".

      74-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "74. Теориялық емтихан тапсыру кезінде үш нашар баға алған жағдайда және практикалық емтихан тапсыру кезінде үш нашар баға алған жағдайда жүргізушіге үміткерлер одан әрі емтихандар тапсыруға соңғы емтихан өткізілген күннен бастап алты ай өткеннен кейін жіберіледі.";

      76-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "76. Жүргізуші куәлігі емтихандарды ТЕБ-те тапсырған адамдарға олардың тұрақты тұратын жерінің тіркелуі бойынша, ал Мемлекеттік корпорация ғимараттарында орналасқан ТЕБ-те тұрақты тұратын жері бойынша тіркелуіне қарамастан беріледі.

      Емтихандар тапсыру талап етілмейтін негіздер бойынша жүргізуші куәліктерін ауыстырған кезде, Мемлекеттік корпорация ғимараттары мен үй-жайларында орналаспаған, ішкі істер органдарының ТЕБ-те жүргізуші куәліктерін дайындау кезінде қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.";

      77-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы курстарды аяқтағаны туралы куәлікті және оның көшірмесін (өзіндік даярлық жағдайларын қоспағанда).";

      96-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "96. Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адамға жүргізуші куәлігін қайтару осы Қағидалардың 77-тармағының 1) 2), 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың және теориялық емтихан тапсыру негізінде жүргізіледі.";

      97-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "97. Басқару құқығынан айырғаннан кейін сақтау мерзімі өтуіне байланысты жойылған жүргізуші куәлігін қалпына келтіру оларды жою туралы ТЕБ ақпаратының, сондай-ақ осы Қағидалардың 77-тармағының 1), 2), 4), 6) тармақшаларына сәйкес құжаттарды ұсыну және теориялық емтихан тапсыру негізінде жүргізіледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (И.В. Лепеха) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электронды түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға жолдауды;

      3) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Е.З.Тургумбаевқа және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетіне (И.В. Лепеха) жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілетін бұйрықтың 1-тармағының 2) тармақшасын қоспағанда, алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
міндетін атқарушы
полиция генерал-майоры
Р. Жақыпов

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің міндетін
атқарушының
2017 жылғы 26 қыркүйектегі
№ 646 бұйрығына
қосымша
  Механикалық көлік құралдарын
жүргізушілерді даярлау
қағидаларына
3-қосымша
  нысан

Беткі жағы

"Оқыту курстарын бітіргені туралы куәлік"

      Сыртқы жағы

_______________________________
(оқыту ұйымының атауы)
Куәлік
Сериясы ___ № 0000000
Азамат (азаматша)
___________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
_____ жылы "___" ______________
_____ жылы "___" ______________
аралығында _________________
____________________________
бағдарламасы бойынша оқығаны
және бітіpy емтихандарында
_____ жылы "___" __________ №
_________ хаттамаға сәйкес
мынадай бағалар
("қанағаттанарлық", "жақсы",
"өте жақсы")
алды.
Құрылғы және техникалық қызмет көрсету ____________
Қозғалыс қауіпсіздігінің
қағидалары мен негіздері
_____________
Практикалық жүргізу
_____________
Автоматты, механикалық трансмиссиясы бар көлік құралында оқыту жүргізілді.
Емтихан комиссиясының төрағасы
________
Оқыту ұйымының басшысы
_______________
Мөр орны

_________________________________
(наименование учебной организации)
Свидетельство
Серия ___ № 0000000
Выдано гражданину (гражданке)
___________________________
(фамилия, имя, отчество (при его наличии))
в том, что он(а) обучался(обучалась)
с "__" __________ _____ года по "___"
__________ _____ года
по Программе ______________
__________________________
и на выпускных экзаменах согласно
протоколу № ____________ от "____"
_________ _____года
получил следующие оценки
("удовлетворительно", "хорошо",
"отлично")
Устройство и техническое обслуживание
___________________
Правила и основы безопасности
движения __________________
Практическое вождение
_________________
Проведено обучение на транспортном
средстве с автоматической,
механической трансмиссией.
_____________________________________
Председатель экзаменационной комиссии
_____________
Руководитель учебной организации
___________
Место печати

      "Оқу курстарын бітіргені туралы куәлік қатаң есептегі құжат болып табылады, курстарды бітіргені туралы куәліктердің бланкілерін есепке алуды және айналымын Қазақстан Республикасындағы көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестік жүргізеді. Куәлік су белгілері бар қағазда және түпнұсқасын сәйкестендіруге мүмкіндік беретін қорғаныс құралдарында басылады, сондай-ақ латын әліпбиі тәртібіндегі әріптерден тұратын сериясы және жеті мәнді реттік нөмірлер болуы тиіс. Куәліктің артқы беті қызғылт түсті қорғаныс торымен жабылған, мәтіннің сол жағы мемлекеттік тілде, мәтіннің оң жағы орыс тілінде. Куәліктің өлшемі: ашылған түрінде 210х148 миллиметр, бүгілген сызығы бойынша105-148 миллиметр".